Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 251-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1956.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.03.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар

      және қоршаған ортаны қорғау министрі

      2002 жылғы "___" _______ N ____

      "Халықаралық теңiз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 наурыздағы N 244 қаулысының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Мұнайдан болатын ластанудан залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлiк беру қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.03.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (М.Т.Бейсембаев) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен келiссiн және мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Қ.Қ.Жақұповқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар министрiнiң
2002 жылғы 17 шілдедегі
№ 251-І бұйрығымен бекiтiлген

Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.03.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) түзетулер енгізілген 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан келтірілген зияны үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Ереже, 2000 тоннадан артық мұнайды құйып тасымалдайтын осы кеме иесiнiң мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн жауапкершiлiгi Конвенцияның VII бабына сәйкес сақтандырылғандығын немесе өзге тәсiлмен қамтамасыз етiлгендiгiн куәландыратын, осы Ереженiң қосымшасына сәйкес Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) беру тәртiбiн реттейдi.

      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

      1) кеме - iс-жүзiнде мұнайды жүк ретiнде құйып тасымалдайтын кез келген теңiз кемесi және кез келген үлгiдегi жүзбелi құрал;

      2) тұлға - әрбiр жеке тұлға немесе мемлекеттi немесе оның кез келген құрамды бөлiктерiн қоса алғанда, жария немесе жеке құқықтың кез келген заңды тұлғасы;

      3) кеменiң иесi - кеменiң иемденушiсi ретiнде тiркелген тұлға немесе тұлғалар, ал тiркеу болмаған жағдайда кеме олардың меншiгi болып табылатын тұлға немесе тұлғалар. Алайда, кеме мемлекетке тиесiлi болған және осы мемлекетте кеме операторы ретiнде тiркелген компания пайдаланған жағдайда кеме иесi осындай компанияны бiлдіредi;

      4) кеме тiркелген мемлекет - тiркелген кемелерге қатысты - кеме тiркелген мемлекет, ал тiркелмеген кемелерге қатысты - кеме туын көтерiп жүзiп жүрген мемлекет;

      5) мұнай - олардың кеменiң бортында жүк ретiнде немесе осындай кеменiң отын танкерлерiнде тасымалданғанына қарамастан кез келген тұрақты мұнай, соның iшiнде шикi мұнай, мазут, ауыр дизель отыны, жағар май және кит майы;

      6) ластанудан болатын залал - мұнайдың ағуы немесе төгiлуi қай жерде болса да, мұндай ағу немесе төгiлу салдарынан болған кеме сыртындағы ластанудан келтiрiлген шығындар немесе залалдар және алдын алу шараларының құнынан және бұдан басқа алдын алу шараларымен келтiрген шығындар мен залалдардан тұрады;

      7) алдын алу шаралары - соқтығыс болғаннан кейiн, ластанудан келетiн залалды болғызбау немесе азайту үшiн кез келген тұлға қолданған кез келген орынды шаралар;

      8) соқтығыс - нәтижесi ластанудан болған залалдар болып табылатын, бiртектi кез келген оқиға немесе бiрқатар оқиғалар.

      4. Конвенция талаптарына сәйкес Куәлiк:

      1) мемлекетке тиесiлілігi мен кеменiң тiркелу орнына қарамастан Қазақстан Республикасының портына кiретiн және одан шығатын не Қазақстан Республикасының аумақтық суларында порттан тыс орналасқан терминалға келетiн немесе мұндай терминалдан кететiн кемелерде;

      2) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелерде, сондай-ақ олар басқа мемлекеттiң портына немесе басқа мемлекеттiң аумақтық суларында тұрған терминалына барған жағдайларда болуы тиiс.

      Қандай да бiр мемлекетке тиесiлi немесе қандай да бiр мемлекет пайдаланатын әскери кемелерге және басқа кемелерге, егер осы кемелер қазiргi кезде тек қана үкiметтiк коммерциялық емес қызмет үшiн пайдаланылатын болса,осы Ереже қолданылмайды.

      5. Тиiстi Куәлiк болып:

      1) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелер үшiн - кеме тiркеген теңiз портының капитаны берген Куәлiк;

      2) Конвенцияға қатысушылар болып табылатын мемлекеттерде тiркелген шетелдiк кемелер үшiн - Конвенцияның VII бабына сәйкес кеме тiркелген мемлекеттiң тиiстi органы берген немесе куәландырған Куәлiк;

      3) Конвенцияға қатысушылар болып табылмайтын басқа мемлекеттерде тiркелген шетелдiк кемелер үшiн - Конвенцияға қатысушы болып табылатын кез келген мемлекеттiң кеме тiркелген тиiстi органы берген немесе куәландырған Куәлiк.

      6. Куәліктің түпнұсқасы кеменiң бортында болуы тиiс. Куәліктің көшiрмесi оны берген теңiз портының капитанында сақталады.

      7. Кемеге, егер оның осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн тиiстi Куәлiгi болмаса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының теңiз портынан кетуге рұқсат етілмейді.

      8. Сақтандыру немесе ұсынылған өзге де қаржымен қамтамасыз ету, мысалы, банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қоры берген куәлік сияқты, егер олардың қолданылуы Куәлікте көрсетiлген сақтандырудың немесе өзге де қаржымен қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi өтуiнен өзге себептермен тоқтатылуы мүмкін болса, теңiз портының капитаны Куәліктiң күшiн жойған немесе осы кезеңде жаңа Куәлiк берiлген жағдайлардан басқа, осындай тоқтату туралы теңiз портының капитанына хабарлама берiлген сәттен бастап үш ай өткенге дейiнгi банк кепілдiгi немесе халықаралық өтем қоры берген куәлiк сияқты, осы Ереженiң талаптарын қанағаттандырмайды.

      9. Куәлік мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалынады.

      10. Куәліктің қолданылуы:

      1) Куәліктің қолданылу мерзiмi өткен;

      2) кеменiң мақсаты мен үлгiсi өзгерген;

      3) кеме опат болған жағдайда тоқтатылады.

      Куәлiктiң қолданылуы тоқтатылған кезде Куәлiктiң түпнұсқасы оны берген теңiз портының капитанына қайтарылады.

      Куәлiк жоғалған, қамтамасыз ету түрi өзгерген жағдайда кеме иесi жазбаша өтiнiш берген кезден бастап бес жұмыс күн iшiнде жаңа куәлiк берiледi. Жаңа Куәлiк берiлген кезде ескi Куәлiк оны берген теңiз портының капитанына қайтаруға жатады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.18 N 153 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасында тiркелген кемелерге
Куәлiк беру

      11. Куәлiк кеменiң иесiнiң өтiнiшi мен көрсетiлген жауапкершiлiктi сақтандыру полисi немесе басқа да қаржымен қамтамасыз ету негiзiнде Қазақстан Республикасында тiркелген кемелерге берiледi, мысалы банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қорымен берiлген куәлiк сияқты.

      12. Куәлiктi беру туралы өтiнiш кеме тiркеу (тiркелу) теңiз порты капитанының атына берiледi, онда мыналар көрсетiлуi тиiс:

      1) кеменің атауы, айырмашылық нөмiрi немесе белгiлерi, кеменің тiркеу порты;

      2) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi немесе Бербоут-чартер тiзiлiмi бойынша кеменiң тiркеу нөмiрi;

      3) кемеде жүк ретiнде тасуға болатын мұнайдың көлемi;

      4) кеменің меншiк иесінің атауы мен мекен-жайы;

      5) кеме иесi (кеме жалдаушы) және оның мекен-жайы.

      Куәлiк беру туралы өтiнiшке кеме иесiнiң мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн жауапкершілігi сақтандырылғанын немесе қаржы жағынан өзгеше түрде қамтамасыз етiлгенiн, мысалы банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қорымен берiлген куәлiк сияқты, куәландыратын нотариалдық құжаттың көшiрмесi қоса берiлуi тиiс.

      13. Куәлiктi теңiз порты капитаны оны беру туралы өтiнiштi алған сәттен бастап бес жұмыс күн iшінде, Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi немесе Бербоут-чартер тiзiлiмi бойынша деректер мен өтiнiште көрсетiлген кеме туралы мәлiметтердің арасында қайшылықтар жоқтығы анықтағаннан кейiн бередi.

      Куәлiкте:

      1) "қамтамасыз ету түрi" бағанында - сақтандыруы немесе басқа да қаржымен қамтамасыз етуi, мысалы банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қорымен берiлген куәлiк сияқты;

      2) "қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi" бағанында - ол ұсынған полис бойынша немесе өзге де түрмен қаржы жағынан қамтамасыз етiлген кеме иесiнің жауапкершілігi сақтандырылғанға дейiнгi күнi көрсетiледi, мысалы банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қорымен берiлген куәлiк сияқты. Куәлiкте Куәлiктiң қай күнге дейiн күшiнде болатындығы көрсетiлуi тиiс. Бұл күн "қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi" бағанында көрсетiлген күнге сәйкес келуi тиiс.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.18 N 153 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Конвенцияға қатысушылар болып табылмайтын
мемлекеттерде тiркелген кемелерге Куәлiк беру

      14. Конвенцияға қосылмаған мемлекеттерде тiркелген шетелдiк кемелер осы Ереженiң 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда Куәлiктi теңiз порты капитанынан алуы тиiс.

      15. Куәлiктi беру туралы өтiнiш теңiз порты капитанының атына берiледi, онда мыналар көрсетiлуi тиiс:

      1) кеменiң атауы, айырмашылық нөмiрi немесе белгiлерi, кеменi тiркеу порты;

      2) кемеге көтерiп жүзу құқығын берген туы;

      4) кеменiң меншiк иесiнің атауы мен мекен-жайы.

      Куәлік беру туралы өтiнiшке кеме иесiнiң мұнайдан ластанудан болатын залал үшiн жауапкершілігi сақтандырылғанын немесе қаржы жағынан өзгеше түрде қамтамасыз етiлгенiн куәландыратын құжат қоса берiлуi тиiс. Мұндай құжаттар сақтандыру компаниясының сақтандыру полисi, банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қорымен берiлген куәлiк болуы мүмкiн.

      16. Куәліктi теңiз портының капитаны оны беру туралы өтiніштi алған сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде бередi.

      2) "қамтамасыз етудің қолданылу мерзiмi" бағанында - ол ұсынған полис бойынша немесе өзге де түрмен қаржы жағынан қамтамасыз етiлген кеме иесiнiң жауапкершiлiгi сақтандырылғанға дейінгi күнi көрсетiледi, мысалы банк кепiлдiгi немесе халықаралық өтем қорымен берiлген куәлiк сияқты.

      Куәлiкте Куәлiктің қай күнге дейiн күшiнде болатындығы көрсетiлуi тиiс. Бұл күн "қамтамасыз етудің қолданылу мерзiмi" бағанында көрсетiлген күнге сәйкес келуi тиiс.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.18 N 153 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

4. Куәлiктi беруден бас тарту тәртiбi

      17. Қазақстан Республикасында тiркелген кемелерге ұсынылған құжаттардың осы Ереженiң 12-тармағының талаптарына сай келмеген жағдайларда Куәлiктер беруден бас тартылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.18 N 153 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      18. Конвенцияға қатысушылар болып табылмайтын басқа мемлекеттерде тiркелген кемелерге ұсынылған құжаттар осы Ереженің 15-тармағының талаптарына сай келмеген жағдайларда Куәлiктер беруден бас тартылады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.03.18 N 153 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар министрiнің
2002 жылғы 17 шілдедегі N 251-І
бұйрығымен бекітiлген
Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн
азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру
немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету
туралы куәлiктi беру туралы ережеге
қосымша

      Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн

      азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де

      қаржымен қамтамасыз ету туралы

      КУӘЛIК

      (РҚАО-ның ескертуі: Куәліктің мәтіні үш тілде -
      мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде,
      қағаз мәтіндегі нұсқаны қараңыз) _____________________________________________________________________

      Кеменің атауы Айырмашылық Тiркеу порты Кеменiң меншiк иесiнің атауы

      нөмiрi немесе мен мекен-жайы

      белгiлерi

      _____________________________________________________________________

      Осымен жоғарыда аталған кеме, 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру туралы халықаралық конвенцияның III бабының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру полисiнің немесе өзге де қаржымен қамтамасыз етудiң бар екенiн куәлендiредi.

      Қамтамасыз ету түрi____________________________________________

      Қамтамасыз етудiң қолданылатын мерзiмi_________________________

      Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) атауы және мекен-жайы:

      Атауы__________________________________________________________

      Мекен-жайы_____________________________________________________

      Осы куәлiк ________________________________________ қолданылады

      Берiлген_______________________________________________________

      (Орын) (Уақыт)

      _______________________________

      (Теңiз портының капитаны)

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262743
    Қазақ тілінде 131171
    Орыс тілінде 130678
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы