Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен "Коммекс-Өмiр" компаниясының ынтымақтастық жөнiндегi өзара жасалған шартын iске қосу туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің 1996 жылғы 26 маусымдағы N 215 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 183. Күші жойылды - ҚР Iшкi Iстер Министрлiгiнің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 713 Бұйрығымен.

----------------Бұйрықтан үзінді----------------------

     Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң мынадай:
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1996 жылғы 22 шілдеде N 183 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен "Коммеск-Өмiр" компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы шартты қолданысқа енгiзу туралы" 1996 жылғы 26 маусымдағы N 215...     

     Министрдiң міндетін атқарушы
     полиция генерал-лейтенанты

__________________________________

     Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру және жол қозғалысына қатысушыларды, жол-көлiк оқиғаларынан зардап шеккендердi, сондай-ақ IIМ жеке құрамын сақтандыруды қамтамасыз ету мақсаттарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. " Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы " 03.10.1995 ж. "Сақтандыру жөнiндегi" Заң күшi бар Жарлықтарына U952475_ сәйкес бұйырамын:

     1. Облыстық iшкi iстер басқармасы және Алматы қаласы Iшкi iстер Бас басқармасының басшыларына:
     1.1. Қазақстан Республикасының IIМ және "Коммекс-Өмiр" акционерлiк сақтандыру компаниясының ынтымақтастық жөнiндегi "25" маусым 1996 жылғы өзара жасалған шартын орындауды қолға алсын (N 1 қосымша).
     1.2. Үстiмiздегi жылдың 10 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде аталған компанияның еншiлес кәсiпорындарымен (филиалдарымен) осы шарттың 1 және 2 пункттерiн жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралардың ортақ жоспарларын әзiрлесiн және бекiтсiн.

     2. Қазақстан Республикасы IIМ қаржы-экономикалық басқармасы шарттың iшкi iстер органдарының жеке құрамын бақытсыз жағдайлардан мемлекеттiк сақтандыру туралы бөлiмiнiң 2.2. пунктiн орындауды қамтамасыз етсiн.

     3. Қазақстан Республикасы IIМ 28.03.1996 ж. N 118-шi бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.

     4. Осы бұйрық облыстық IIБ және Алматы қаласының IIББ барлық жеке құрамдарына жариялансын.

     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау МАИ бас басқармасы мен Қазақстан Республикасы IIМ қаржы-экономикалық басқармасына жүктелсiн.

    Қазақстан Республикасы
     Iшкi Iстер Министрi,
     iшкi әскерлер қолбасшысы
     генерал-лейтенант

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНIНДЕГI
ШАРТ

     Алматы қаласы                              25 маусым 1996 ж.

     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдары туралы Ереженiң негiзiнде iс-әрекет етушi Министр Сүлейменов Қ.Ш. атынан, Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгi, бұдан әрi "Министрлiк" деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-әрекет етушi президент Кан Е.П. атынан, "Коммекс-өмiр" Акционерлiк сақтандыру компаниясы, бұдан әрi "Компания" деп аталады, төмендегiдей шарт жасады:

1. Шарт тақырыбы

     1.1. Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру және жол қозғалысына қатысушыларды, сондай-ақ жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендердi, сондай-ақ IIМ жеке құрамын сақтандыруды қамтамасыз ету үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 02.10.1995 жылғы "Сақтандыру туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Министрлiк пен Компания мына салалар бойынша өзара iс-қимыл жасайды:
     - Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы ғылыми ұсыныстарды әзiрлеу және статистикалық талдау үшiн техникалық құралдарды пайдалану арқылы Республика жолдарында жүргiзушiлердiң тәртiбiн нығайту, бақытсыз жағдайлардың және жол-көлiк оқиғаларынан зардап шегушiлердiң санын азайту мақсатында жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;
     - көлiк құралдарының иелерi - заңды және жеке тұлғалардың азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi және ерiктi түрде сақтандыру;
     - жүргiзушiлердi бақытсыз жағдайлардан ерiктi түрде сақтандыру;
     - автокөлiк құралдарын бақытсыз жағдайлардан ерiктi түрде сақтандыру;
     - IIМ және құрамын бақытсыз жағдайлардан сақтандыру;

2. Екi жақтың өзара қарым-қатынасы

     2.1. Екi жақ ортақ түрде:
     - көлiк құралдары бар жеке және заңды тұлғалар арасында мiндеттi және ерiктi түрде сақтандыру түрлерiнiң мақсаттары мен мiндеттерi туралы үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзедi;
     - сақтандыруға байланысты iстердi шұғыл қарастыруға жәрдемдеседi;
     - жол қозғалысы қауiпсiздiгi және сақтандыру мәселелерi жөнiнде IIМ оқу орындарында және автомотоәуесқойлары курстарында семинар сабақтарын өткiзедi, сақтандырудың озық түрлерi мен нысандары жөнiндегi заңды және нормативтi актiлермен, соның iшiнде олардың шетелдiк түрлерiмен де таныстырады;
     - жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және сақтандыруды арттыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдарға, белгiленген тәртiппен пiкiрлер әзiрлейдi және ұсынады;
     - заңдылықты, құқықтық тәртiптi және сақтандыру қызметiн нығайту мәселелерi жөнiндегi жарнамалық және түсiндiрме материалдарын орналастыруға орын бередi;
     - жол-көлiк оқиғалары, өрттер, көлiк құралдарын айдап кету, сақтандыру төлемдерi туралы мәлiметтердi аналитикалық және статистикалық талдау жасауды жүзеге асырады, қауiптi топтардың белгiлерiн қалыптастырады және олардың пайда болу себептерiн анықтайды.
     2.2. IIМ жеке құрамын бақытсыз жағдайлардан сақтандыру Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес "Коммекс-Өмiр" акционерлiк сақтандыру компаниясымен сақтандыру жөнiнде шарт жасау жолымен жүзеге асырылады.
     2.3. 2.1. пунктiнде көрсетiлген iс-шараларды мақсатты қаржыландыруға осы шартта қарастырылған сақтандырудың мақсатты түрлерi бойынша, түскен сақтандыру төлемдерiнiң 7% есебiнен Компания қаржы аударады, соның iшiнде Қазақстан Республикасының IIМ - 2% және облыстық IIБ мен Алматы қалалық IIББ - 5%.
     2.4. Қазақстан Республикасы IIМ МАИ Бас басқармасы және оның жергiлiктi жерлердегi бөлімшелерi, сондай-ақ Компания және оның еншiлес кәсiпорындары ортақ қызметте осы шартты басшылыққа алады.

3. Шарттың жұмыс iстеу мерзiмi

     3.1. Шарттың жұмыс iстеу мерзiмi шартқа қол қойған сәттен бастап 3 жылға дейiн. Осы шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн 60 күнге дейiн екi жақ жазбаша өтiнiш жазбаса, онда шарттың мерзiмi тағы 3 жылға ұзартылады.
     3.2. Осы шартқа қол қойған сәттен бастап, "Ортақ қызмет туралы" 28.03.1996 ж. шарт өз күшiн жойды деп есептелсiн.

4. Қосымша шарттар

     4.1. Екi жақтың келiсiмiмен осы шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгiзiледi.
     4.2. Осы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу күтпеген жағдайлар туғанда не екi жақтың келiсiмiмен рұқсат етiледi.
     4.3. Министрлiктiң немесе Компанияның қайта ұйымдастырылуы жағдайында, барлық құқықтар мен мiндеттер, осы шарт бойынша олардың заңды мирасқорларына ауысады.
     4.4. Осы шарт негiзiнде туындайтын даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес шешiледi.
     4.5. Осы шарт екi данада жасалған және екеуiнiң де заң күшi бiрдей.

5. Екi жақтың заңды мекен-жайлары және қолдары:

    Министрлiк:                      Компания:
     Қазақстан Республикасы           "Коммекс-Өмiр" АСК
     Iшкi Iстер Министрлiгi           480032, Алматы қаласы

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы