Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 ақпанда № 20049 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото - және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 19 ақпандағы
№ 58 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото - және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото - және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-4)-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото - және бейне тіркеу үшін материалдық құралдарды, техникалық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бейнетіркегіштің жад картасы (бұдан әрі – жад картасы) – ақпаратты сақтау үшін пайдаланылатын ажырамалы электронды есте сақтау құрылғысы;

      2) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнетіркегіш) – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың фото - және бейнетіркеуді жүзеге асыруына арналған техникалық құрылғы;

      3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор – мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы;

      4) фитосанитариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізудің өзге де орындарында және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі.

      3. Бейнетіркегіштер мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде дәлелді базаны жинауды қамтамасыз ету мақсатында қоршаған жағдайды, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеті процесін фото-және бейнетіркеуді жүзеге асыруға арналған.

      4. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Бейнетіркегіштің деректерін және жад картасын беру, есепке алу және сақтау тәртібі

      5. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы фото - және бейнежазбалардың күні мен уақытын өзгертетін, жоятын, көшіретін, қабылдап алатын, жүктейтін және сақтайтын, сондай-ақ жүргізілген фото - және бейнежазбаларды қарайтын және талдайтын жауапты адамды (бұдан әрі - жауапты адам) тағайындайды.

      6. Жұмыста есепке алу үшін әрбір бейнетіркегішке, оның ішінде жад картасына құрылғыны беру, қабылдау және деректерді түсіру кезінде түгендеу нөмірі беріледі.

      7. Бейнетіркегіштер аумақтық бөлімшелерде, фитосанитариялық бақылау бекеттерінде жауапты адамда сақталынады және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік міндеттерін орындауды бастамас бұрын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнетіркегішті және жад картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қойғызып беріледі.

      8. Жауапты адам жад картасын бейнетіркегішке орнатқаннан кейін, жад картасына арналған ажырандыға мөр басады.

      9. Есепке алу журналы аумақтық бөлімшенің кеңсесінде тіркеледі, парақтар нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Есепке алу журналының соңғы бетінде жауапты адам: "Осы журналда ____ парақ нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген" деген жазу жазылады. Есепке алу журналына жазу қаламсаппен жазылады. Жіберілген қателер дұрыс емес жазбаны сызып тастау және жаңа жазбаны енгізу жолымен түзетіледі, бұл туралы ескертулердің бағанында жауапты адамның қолы қойылып, ескертпе жасалады. Түзеткішпен түзетуге жол берілмейді.

      10. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде бейнетіркегіш пен жад картасының сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыс күні аяқталғаннан кейін жауапты адамға тапсырады.

      11. Фото - және бейнежазбаларды деректер сақталынатын цифрлық құрылғыға жүктеуді жауапты адам жүргізеді.

      12. Деректер сақталынатын цифрлық құрылғыдағы фото - және бейнежазбаларды сақтау мерзімі – 1 (бір) жылды құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылық және тексеру шаралары бойынша фото - және бейнежазбалардың сақталу мерзімі – 5 (бес) жыл.

      13. Деректер сақталынатын цифрлық құрылғыдағы ақпаратқа тек жауапты адамға және аумақтық бөлімшенің басшысына ғана рұқсат беріледі. Бұл ретте деректер сақталынатын цифрлық құрылғыдағы деректерді өзгертуге жол берілмейді.

      Деректер сақталынатын цифрлық құрылғыда сақталған фото - және бейнежазбаны қызметтік мақсатта пайдалану үшін жауапты адам өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға аумақтық бөлімше басшысының рұқсатымен ғана бере алады.

3-тарау. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото- және бейне тіркеуді жүзеге асыру тәртібі

      14. Бейнетіркегіш өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың іс-қимылына кедергі жасамайтындай, иық буынына жақын кеуде тұсына бекітіледі.

      15. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың кеудесіне "Назар аударыңыз! Фото- және бейнежазба жүргізілуде" деген жазуы бар бейдж тағылады.

      16. Бейнетіркегіш қызметтік міндеттерін атқару басталған сәттен бастап аяқталғанға дейін үздіксіз қосылуда болады. Бұл ретте бейнетіркегішті қосу процесінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор құрылғының белгіленген уақытының дәлдігіне көз жеткізеді.

      17. Фото- және бейнежазбаларды жүргізу процесінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың да, азаматтардың да барлық іс-әрекеттері тіркеледі, оның ішінде көлік құралдарын қарау, карантиндік тексеру, тексеру актілерін, хаттамаларды, нұсқамаларды және карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау актілерін ресімдеу жазылады.

      18. Бейнетіркегіштегі және жад картасындағы фото- және бейнежазбаларды өз бетінше жоюға, бейнетіркегішті ажыратуға және жад картасын алуға, сондай-ақ фото- және бейнежазба жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді.

      19. Бейнетіркегішті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор бұл туралы бейнетіркегішті пайдаланбау себептерін көрсете отырып, жауапты адамға хабарлайды.

      20. Ақпараты бар бейнетіркегішті қызметтік іс-қимылмен байланысты емес мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      21. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор бейнетіркегішке ұқыпты қарайды, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермейді, оны басқа адамдарға бермейді.

  Мемлекеттік карантиндік
фитосанитариялық бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыру
кезінде материалдық
құралдарды, фото- және
бейнетіркеуге арналған
техникалық құралдарды
пайдалану қағидаларына
қосымша
  Нысан

Бейнетіркегіш пен жад картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналы

      _________________________________________________________________________

      (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің,

      фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)

р/с

Бейнетіркегіштің (бейнетіркегіштің жад картасының) түгендеу нөмірі

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Алған күні мен уақыты, алғаны туралы қолы

Тапсыру күні мен уақыты, қолы

Ақпаратты жүктеу күні мен уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280508
    Қазақ тілінде 139660
    Орыс тілінде 139405
    Ағылшын тілінде 1443
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы