Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 107 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы
      27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына "Транстелеком" акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 49 % Марлен Сәбитұлы Мұқановтың пайдасына иеліктен шығару бойынша мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не
      олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген немесе олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      1) "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "

54.
 
"Транстелеком" АҚ акциялар пакетінің 51 %

      ";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен толықтырылсын:
      "

32.
 
"Транстелеком" АҚ акциялар пакетінің 49 %

      ".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Премьер-Министрі
К.Мәсімов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы