"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамдарына зерттеу университеті мәртебесін беру және олардың даму бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 453 қаулысы

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамдарына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасы;

      2) "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 453 қаулысымен
бекітілген

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасы 1-тарау. Кіріспе

      1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарының бірі медициналық білімді, оның ішінде клиникалық практиканың, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырлығын дамыту жолымен жаңғырту болып табылатыны белгіленген.

      2. "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазҰМУ" КеАҚ) халыққа денсаулық сақтаудың сапалы медициналық көрсетілетін қызметтерін ұсыну мақсатында денсаулықпен байланысты барлық бағыттар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде мамандарды даярлайтын елдегі ірі медицина университеті болып табылады.

      3. Мамандарды сапалы даярлауды, озық медициналық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді, соның ішінде инновациялық қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге қабілетті негізгі тетік денсаулық сақтау мен ғылымның интеграцияланған академиялық жүйесін құру және дамыту болып табылады, ол денсаулық сақтау саласындағы зерттеу университетін дамыту үшін негіз болады.

      "ҚазҰМУ" КеАҚ базасында медицинаның негізгі бағыттары бойынша бірқатар жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды біріктіру арқылы адамдардың денсаулығы мүддесінде медициналық білім, ғылым мен практиканы іс жүзінде интеграциялау үшін жағдайлар жасалуда. "Университеттер серіктестігі" моделі шеңберінде білім мен ғылыми технологиялардың жеделдетілген трансферті "ҚазҰМУ" КеАҚ дамуына ықпал етеді.

      4. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның зерттеу университеті мәртебесі ғылыми қызметтің, білім процесінің және клиникалық қызметтің интеграциясын күшейтеді.

      5. "ҚазҰМУ" КеАҚ 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізгі параметрлері: осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес "ҚазҰМУ" КеАҚ бағдарламасының паспортында көрсетілген Бағдарламаның атауы, Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздер, Бағдарламаны әзірлеушінің атауы, Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, қаржыландыру көздері болып табылады.

2-тарау. Ағымдағы жай-күйі мен ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, перспективаларын сипаттау

      6. "ҚазҰМУ" КеАҚ денсаулық сақтау саласында барлық бағыттар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде мамандарды даярлайтын елдегі ірі медициналық университет болып табылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ қызметінің негізі ғылыми-зерттеу қызметін, клиникалық практиканы және білім процесін интеграциялау және жандандыру болып табылады, бұл халыққа сапалы және заманауи медициналық көмекті ұсыну және кәсіби кадрлар даярлау мақсатында академиялық, ғылыми және клиникалық қызметті үйлестіруді көздейтін денсаулық сақтаудың бірыңғай академиялық ортасының негізгі қағидатына сәйкес келеді. Бұл жүйе оларды өзара күшейту және табысты дамыту мақсатында клиникалық және академиялық ұйымдар арасындағы синергизмді, өзара тәуелділікті және стратегиялық ынтымақтастықты көздейді. Әлемдік тәжірибе мұндай өзара іс-қимылдың мультипликативтік әсері клиникаға, университетке немесе ғылыми ұйымға жеке-жеке бөлінетін инвестициялардың нәтижелерін едәуір асыратынын көрсетеді. Мұндай интеграциялау моделіне халықаралық танылған медициналық академиялық орталықтардың – Джон Хопкинс Университетінің, Дьюк Университетінің, Питтсбург Университетінің (АҚШ) қызметі негізделген. Денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесінің құрамындағы әрбір ұйым – бұл дербес операциялық қызметті жүргізетін өзінің директорлар кеңесі, қамқоршылар және ғылыми кеңестері бар жеке, коммерциялық немесе коммерциялық емес заңды тұлға.

      7. "ҚазҰМУ" КеАҚ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік медициналық қауымдастық және Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы қабылдаған медициналық білімдегі халықаралық стандарттардың талаптарына толық көлемде сәйкес келуге ұмтылады.

      Солардың ішінде:

      1) оқыту дәлелді медицина қағидаттарына негізделеді;

      2) оқыту ғылыми білімді қалыптастыруды және сыни ой-пікірді түсінумен жүзеге асырылады;

      3) оқыту әдістемесі білімді тиімді меңгерудің дәлелді қағидаттарына негізделеді;

      4) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар белсенді пайдаланылады;

      5) практикалық дағдыларға оқыту шынайы жағдайларда пайдаланылады.

      8. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның зерттеу университетінің мәртебесі ғылыми қызметтің, білім процесі мен клиникалық қызметтің интеграциясын күшейтуге мүмкіндік береді, денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесі құрылатын болады, ғылыми-зерттеу қызметі, шетелдік университеттермен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық күшейтіледі.

3-тарау. Бағдарламаның талдамалық және болжамды негіздеме блогы

3.1. "ҚазҰМУ" КеАҚ қызметінің жай-күйін, негізгі проблемалары мен олардың себептерін талдау

      9. "ҚазҰМУ" КеАҚ елдегі медициналық жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО-лар) арасында жетекші орында. "ҚазҰМУ" КеАҚ мектептері мен факультеттері бакалавриаттың 8 бағдарламасы, интернатураның 6 бағыты, магистратураның 7 бағдарламасы, резидентураның 28 бағдарламасы және докторантураның 4 бағдарламасы бойынша білім береді. 2017 жылы Университет медициналық ЖОО-лардың ұлттық рейтингінде 1-орын және Қазақстанның білім беру бағдарламалары рейтингінде 1-ші және 2-орын; ЖОО қажеттілігінің институционалдық (бас) рейтингінде 2-орын алды. 4 білім беру деңгейі бойынша барлық қолданыстағы 40 білім беру бағдарламасын тәуелсіз Аккредиттеу және рейтинг агенттігі аккредиттеді. 2018 жылдан бастап "ҚазҰМУ" КеАҚ институционалдық аккредиттеу рәсімінен өтті. Университетте 2017 – 2018 оқу жылы 8867 студент жоғары медициналық білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді – 562 адам (магистратура – 99, докторантура – 79, резидентура – 384) алды. Университет 2492 маман үшін Қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асырды. Университеттің ұжымы 2993 адамды құрайды. Оның ішінде оқытушы-профессорлық құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) – 1283, соның ішінде академик – 9, ғылым докторлары – 151, ғылым кандидаттары – 401, PhD докторлары – 20.

      10. 2017 – 2018 оқу жылы "ҚазҰМУ" КеАҚ-ға Түркиядан, Ресейден, Литвадан, Польшадан, Грузиядан, Украинадан, Белорусьтен 38 визитинг-профессор келді. Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде Еуропаның: Финляндия, Литва, Испания, Эстонияның ЖОО-лармен шарттарға қол қойылды. 34 елдің университеттерімен ынтымақтастық туралы 124 шарт жасалды. "ҚазҰМУ" КеАҚ 7 халықаралық қауымдастықтың институционалдық мүшесі болып табылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ – академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатын көздейтін "Академиялық талапшылдық" лигасы құрылтайшыларының бірі.

      11. Университеттің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар. 2018 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі (мың теңге): 598 452 мың теңге (Денсаулық сақтау министрлігі); 460 009 мың теңге (Білім және ғылым министрлігі); 104 000 мың теңге (басқа көздер). 80 қызметкерде Хирша нөлдік индексі бар. 1 200 студент ғылыми үйірмелерге қатысады және халықаралық деңгейде 235 баяндама ұсынылды. 2017 – 2018 оқу жылы олимпиада жеңімпаздарының, конференциялардың саны 53 адамды құрады.

      12. Ғылым және білім беру қызметіндегі қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, "ҚазҰМУ" ҚеАҚ қызметінің жай-күйіне жүргізілген талдау мынадай негізгі проблемалардың бар екенін көрсетті:

      1) "ҚазҰМУ" ҚеАҚ ОПҚ пен білім алушыларының жоғары оқытушылық және оқыту жүктемесіне байланысты зерттеу жұмыстарына жеткіліксіз тартылуы. Осы бағыт шеңберінде және заманауи зерттеу университеттеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, "ҚазҰМУ" КеАҚ ОПҚ зерттеу жұмысына тарту білім мен зерттеу қызметінің арасындағы қажетті теңгерімге қол жеткізу жолымен, оқытушының жүктемесін бірте-бірте төмендету арқылы қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде студенттер білімінің (практикасының) клиникалық аспектісін қамтитын болады. ОПҚ-мен, ғылыми қызметкерлермен және клиницистермен бірлескен зерттеу жұмыстарына студенттер белсенді түрде тартылатын болады. "ҚазҰМУ" КеАҚ білім беру бағдарламаларының міндетті шарты барлық білім алушылар және бірінші кезекте магистранттар, докторанттар және резиденттер үшін ғылыми сипаттағы жобаларға қатысу болады;

      2) мемлекет тарапынан жүйелі базалық қаржыландырудың болмауына және бизнестен немесе басқа да сыртқы көздерден түсетін кірістерді тарту жүйесінің дамымауына байланысты университеттің ғылыми қызметін тұрақты қаржыландыруының жеткіліксіздігі. Осы проблеманы шешу үшін бірлескен ғылыми және зерттеу жобаларын ұйымдастыру мен өткізуді қаржыландыруға дайын және ықпал ететін шетелдік ғылыми әріптестер пулы қалыптастырылатын және кеңейтілетін болады. Өз кезегінде "ҚазҰМУ" КеАҚ "үнемдеу" экономикасынан "даму экономикасына" қарай ауысуды қолдайтын және "ҚазҰМУ" КеАҚ персоналы мен инфрақұрылымын, оның ішінде ғылыми-зерттеу базасын дамытуға инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа қағидатқа ауысады;

      3) білім, клиникалық және зерттеу қызметінің әралуандығына байланысты денсаулық сақтау мен ғылымның интеграцияланған академиялық жүйесінің жұмыс істеу деңгейінің жеткіліксіздігі. Оны шешу жолдары ақпараттық қамтамасыз етуді және процестерді цифрландыруды, шетелден мамандарды шақыруды, жабдықтарды жаңартуды және білім мен дағдыларды беруге ықпал ететін басқа да шарттар; "ҚазҰМУ" КеАҚ-да саясатты (кадрлық, ақпараттық, сапа менеджменті және тәуекелдерді басқару саласында және одан басқа) әзірлеу, қолда бар бизнес-процестерді (ғылыми, білім, клиникалық) нақты айқындау; бизнес процестердің әрқайсысында стандартталған операциялық рәсімдерді әзірлеу мен жетілдіру және оларды бір-бірімен байланыстыру бойынша үздіксіз жұмыс.

3.2. "ҚазҰМУ" КеАҚ ұжымының инновациялық әлеуетін бағалау

      13. "ҚазҰМУ" КеАҚ ұжымы айтарлықтай инновациялық әлеуетке ие. Қазіргі уақытта "ҚазҰМУ" КеАҚ ғылыми-зерттеу қызметін ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, білім алушылар медициналық ғылымның басым бағыттарын ескере отырып, "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның ғылыми-медициналық зерттеулерді дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес жүргізеді. "ҚазҰМУ" КеАҚ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық бағдарламаларды және әртүрлі конкурстық жобаларды орындау 52 бағдарлама бойынша өткізілді, оның 42-сі қазіргі уақытта аяқталды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көздері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің мемлекеттік бюджет қаражаты, "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның жоғары оқу орны ішіндегі гранттары, халықаралық ұйымдардың (Бундесвер институты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Education, Audiovisual and Culture Executive Agency) қаражаты, сондай-ақ жекеше сектормен әріптестікті дамыту есебінен ("Қазэкожоба" ЖШС) болып табылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ негізгі әріптес ретінде АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының грантын алған бірінші қазақстандық ұйым болып табылады. 2018 жылы "ҚазҰМУ" КеАҚ қызметкерлері 819, оның ішінде шетелдік журналдарда – 151, соның ішінде импакт-факторы бар журналдарда 90 мақала жариялады. "ҚазҰМУ" КеАҚ Қазақстандағы анағұрлым көп оқылатын мақалалары саны бар университет ретінде Web of Science және Scopus сертификаттарын алды.

      14. Б.Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының құрамында клиникалық-эксперименттік зертхана, ғылыми клиникалық-диагностикалық зертхана; виварий, халық денсаулығы тәуекелдерін бағалау зертханасы, Эксперименттік фармакология орталығы бар. "ҚазҰМУ" КеАҚ құрамына медицинаның негізгі бағыттары бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы) кірді, бұл университеттің ғылыми, клиникалық және білім беру қызметіндегі әлеуетін айтарлықтай арттырды. "ҚазҰМУ" КеАҚ-да ғылыми қызметті қаржыландыру және қолдау жүйесі жұмыс істейді. ОПҚ, ғалымдар, докторанттар үшін университеттік зерттеу гранттарын алуға конкурстар тұрақты негізде өткізіледі. Барлық гранттық өтінімдер ішкі және тәуелсіз сыртқы (халықаралық) сараптамадан өтеді, олардың нәтижелері кейіннен қаржыландыруға арналған өтінімдерді іріктеу үшін пайдаланылады. Ғылыми-зерттеу қызметі халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде де жүзеге асырылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ қызметкерлері мен білім алушылары жүргізетін барлық зерттеулер "ҚазҰМУ" КеАҚ жергілікті биоэтикалық комиссиясының сараптамасынан өтеді. Зерттеу қызметі саласындағы жоғарғы кеңесші орган "ҚазҰМУ" КеАҚ Ғылыми кеңесі болып табылады, ол "ҚазҰМУ" КеАҚ және оның ұйымдарының ғылыми саясаты мен ғылыми қызметінің қағидаттарын айқындайды.

      15. Білім процесінің тиімді саясатын қамтамасыз ету үшін университеттік және академиялық кеңестер, білім беру бағдарламалары комитеттері және оқытушы-профессорлық сенаты сияқты алқалы органдар құрылды. Академиялық кеңестің өкілеттігі жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында академиялық процеске, оның сапасының стандарттарына, зерттеулерге, оқу жоспарларына, сондай-ақ академиялық қолдауға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Оқу процесі әрбір мамандық бойынша әзірленген және бекітілген оқу жоспарларымен, академиялық күнтізбемен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

      16. Жалпы медицина мектебі "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасы бойынша білім процесін іске асырады. Стратегиялық әріптес – Литва денсаулық ғылым университетімен, сондай-ақ медициналық ЖОО-лардың өкілдерімен бірлесіп оқу жоспарларын, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы бастамалардың шеңберінде мектептің басымдықтарын іске асыру үшін білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, академиялық мобильділікті дамыту, оқытудың инновациялық, интерактивті технологияларын әзірлеу және кеңінен пайдалану үшін негіз құрылуда.

      17. 2018 жылдан бастап педиатрия мектебі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның Педиатрия мектебінде 330 жуық бакалавр білім алуда.

      18. Фармация мектебінің негізгі мақсаты – фармацевтикалық практика мен ғылым саласында жұмыс істеу үшін жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау болып табылады. Қазіргі кезде фармация мектебінде мамандарды дуальды даярлау жүргізілуде, Санкт-Петербург мемлекеттік химия- фармацевтикалық университетімен бірлесіп, "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша студенттерді даярлау бойынша білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

      19. Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі студенттерді бакалавриат бағдарламаларының үш мамандығы: қоғамдық денсаулық сақтау, мейіргер ісі және менеджмент бойынша даярлауды жүзеге асырады. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі эпидемиология, мейіргер ісі бойынша PhD магистратура бағдарламаларын әзірлеуді және енгізуді жоспарлап отыр. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық әріптесі Нью-Йорк штаты (SUNY), Олбани (АҚШ) университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, мейіргер ісі саласында – JAMK (Финляндия) Қолданбалы ғылымдар университеті болып табылады.

      20. Стоматология мектебі жақсы оқу-әдістемелік базамен қамтамасыз етілген, республикадағы заманауи жабдықпен, фантомды кабинеттермен жарақтандырылған жетекші стоматологиялық бейіндегі факультет болып табылады, онда 150-ден астам оқытушы өз қызметін жүзеге асырады.

      21. Халықаралық медицина факультеті "Жалпы медицина" және "Педиатрия" мамандықтары бойынша мамандарды ағылшын тілінде даярлауды жүргізеді. Білім алушылардың негізгі контингенті – Үндістан, Иордания, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Ресей, Түркия және Қытайдан келген шетелдік студенттер. "ҚазҰМУ" КеАҚ-дағы табысты интернационалдандыру арқасында шетелдік студенттер контингенті жыл сайын ұлғаюда.

      22. Интернатура және резидентура факультеті "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде 2018 жылы дипломнан кейінгі білім беру факультеті мен жалпы медицина факультеті қайта құрылғаннан кейін қалыптастырылды. Факультеттің жұмысы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті медицина кадрларын даярлауға бағдарланған. 2017 – 2018 жылдары 21 резидентура мамандығы бойынша аккредиттеуден кейінгі аудиттен сәтті өтті.

      23. 2007 жылдан бастап "ҚазҰМУ" КеАҚ-да магистратура мен PhD докторантурада ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жүргізілуде. 2007 – 2017 жылдар аралығында "ҚазҰМУ" КеАҚ магистратурасында барлығы 379 магистр және 79 PhD докторы даярланды. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы.

3.3. Еңбек нарығының кадрларға қажеттілігінің өзгеру үрдісінің болжамы

      24. Соңғы бес жылда медицина кадрларына қажеттілік 32%-ға төмендегеніне қарамастан, денсаулық сақтау саласы бұрынғыдай дәрігерлік кадрлар тапшылығын бастан кешуде. 2018 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша жалпы ел бойынша 2 840 бос штаттық бірлік бар. Еңбек нарығындағы жоғары қажеттілік салдарынан "ҚазҰМУ" КеАҚ барлық түлектері мамандығы бойынша жұмыс табады. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның түлектерін жұмысқа орналастыру 2017 жылы 94 %-ды; 2018 жылы – 96 %-ды құрады. Болжам бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлар тапшылығы жыл сайын кадрлардың табиғи кетуінің, халық санының, әсіресе, орташа өмір сүру ұзақтығы мен егде жастағы адамдар санының ұлғаюы есебінен сақталады.

4-тарау. Бағдарламаның пайымы

      25. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның стратегиясында ұйымның пайымы "Денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесі қағидаттарында үздіксіз дамып келе жатқан, онда бір миссиямен жігерленген, бір құндылықтарды бөлісетін, денсаулық туралы білімді адамның денсаулығы үшін генерациялау, беру және пайдалану үшін кәсіби мамандардың күш-жігерін біріктіретін инновациялық университет" ретінде айқындалды. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның қызметі Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмектің сапасын арттырудың негізі ретінде оқытудың прогрессивті нысандарын, жаңа технологияларды, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып, медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. "ҚазҰМУ" КеАҚ зерттеу университеті ретінде ондағы барлық қолда бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейлеріне ғылыми қызметті, клиникалық практика мен білім процесін интеграциялауға бағытталған.

5-тарау. Бағдарламаның миссиясы

      26. Қоғамға денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау арқылы қызмет ету.

6-тарау. "ҚазҰМУ" КеАҚ бағдарламасының стратегиялық блогы

6.1. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі

      27. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде "ҚазҰМУ" КеАҚ елдің денсаулық сақтау саласындағы барлық бағыттар бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде мамандар даярлайтын ірі медициналық университеті болып табыла отырып, ерекше рөл атқарады. "ҚазҰМУ" КеАҚ базасында "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді, ол Қазақстандағы медициналық білім беруді реттейтін негізгі әдістемелік және нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлейді және оған сараптамалық баға береді. "ҚазҰМУ" КеАҚ білім беру бағдарламалары жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қамтиды, жұмыс берушілермен және халықаралық әріптестермен келісіледі. Студенттерді оқыту процесі дәрістер, зертханалық және жеке сабақтар комбинацияларын, кейстермен топтық жұмыстарды орындау, проблемалық мәселелерді шешу, эксперименттер мен клиникалық практиканы жүргізу пайдаланыла отырып, әріптес ЖОО-лардың және басқа да шетелдік университеттердің заманауи технологияларына негізделген.

      4 білім беру деңгейі бойынша барлық қолданыстағы 40 білім беру бағдарламасын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі аккредиттеді. 2018 жылдан бастап "ҚазҰМУ" КеАҚ институционалдық аккредиттеу рәсімінен өтті.

      "ҚазҰМУ" КеАҚ ISO 9001 халықаралық стандартының жаңа нұсқасы бойынша Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алған елдің алғашқы ЖОО-ларының бірі болды. Аудитті тәуелсіз сараптама саласындағы әлемдік көшбасшы, менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша ірі халықаралық орган SGS компаниясы (Швейцария) өткізді.

6.2. "ҚазҰМУ" КеАҚ академиялық саясаты

      28. "ҚазҰМУ" КеАҚ-да академиялық қызметті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи жүйесі (академиялық саясат) қалыптастырылды және дамуда. Университет "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген академиялық еркіндіктің негізгі қағидаттарын басшылыққа алады. Университет әлемдік тәжірибе ескерілетін үштілдік саясатын ескере отырып, қолданыстағы бағдарламаларды түрлендіреді және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлейді, бұл әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің осындай бағдарламаларымен олардың үйлесімділігін арттыруға қолайлы әсер етеді және өз кезегінде білім алушылардың академиялық мобильділігінің мүмкіндіктерін арттыру, қос диплом туралы шарттар жасау үшін жағдай жасайды, Университетті интернационалдандыру ықпал етеді. Барлық курстардың студенттері, интерндер мен резиденттер үшін білім процесінің практикалық клиникалық компоненттерін ұлғайтуға ерекше көңіл бөледі.

      29. Білім беру процесінің тиімді саясатын қамтамасыз ету үшін университеттік және академиялық кеңестер, білім беру бағдарламалары комитеттері және оқытушы-профессорлық сенаты сияқты алқалы органдар құрылды. Академиялық кеңестің өкілеттігі жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында академиялық процеске, оның сапасының стандарттарына, зерттеулерге, оқу жоспарларына, сондай-ақ академиялық қолдауға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Оқу процесі әрбір мамандық бойынша әзірленген және бекітілген оқу жоспарларымен, академиялық күнтізбемен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

      Университет академиялық және ғылыми жұмысқа жетекші шетелдік мамандарды, ғалымдар мен оқытушыларды тұрақты негізде тартады, сондай-ақ өз қызметкерлерінің академиялық мобильділігіне қажетті көңіл бөледі.

6.3. "ҚазҰМУ" КеАҚ инновациялық әлеуетін дамыту және оның жетістіктері

      30. Университет ғылыми қызмет саласында озық әлемдік стандарттар мен тұжырымдамалардың трансферті негізінде оның әдіснамалық тәсілдерін жаңғыртуға үлкен көңіл бөледі. Осы мақсатта университеттік зерттеу бағдарламалары мен жобаларды халықаралық деңгейде интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілетін болады, стартегиялық басым бағыттар бойынша ғылыми тағылымдамалар жүйесін дамытуға көңіл бөлінетін болады; ғылыми кадрлармен алмасу дамитын болады. Университет жекеше сектордың тарапынан бірлесіп қаржыландыруды алатын қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің үлесін ұлғайтуға ұмтылатын болады. Университет ақпараттық инфрақұрылымды қоса алғанда, білім менеджменті жүйесін (knowledge management system) басқаруға көңіл бөлетін болады.

6.4. "ҚазҰМУ" КеАҚ ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

      31. Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру үшін Университет жекеше сектор тарапынан қоса қаржыландыру алатын қолданбалы ғылыми-зерттеулер әзірлемесінің үлесін ұлғайтуға, трансляциялық медицинаны дамытуға, яғни іргелі зерттеулердің нәтижелерін практикалық денсаулық сақтауға енгізуге, халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаттарын алумен зерттеуге және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруге ұмтылатын болады.

      32. Университет магистратураға, резидентураға, PhD докторантураға қабылдауды ұлғайту, мамандықтар және ғылыми кадрларды даярлау бағыттарының, докторантурадан кейінгі бағдарламалардың санын кеңейту бойынша мүмкіндіктерін қарайды. Университет жас ғалымдарды қолдау бойынша, оның ішінде зерттеулерді жүргізуге университеттік гранттарды ұсыну арқылы жүйелі саясатты әзірлейтін және енгізетін болады.

      33. Денсаулық сақтауды дамытудағы, медицинаны биофизика, биоинформатика, биохимия, робототехника, кибернетика және басқа да осындай ғылым салаларымен тоғысқан зерттеулер бойынша жұмыс істейтін мамандықтарды кеңейтудегі әлемдік үдерісті ескере отырып, Университет еліміздің қажеттілігін және өздерінің осы бағыттағы қызметін, мысалы тиісті факультет құру арқылы дамыту бойынша мүмкіндігін қарайтын болады.

      34. Денсаулық сақтау мен ғылымның интеграцияланған академиялық жүйесін құру және дамыту білім беру сапасын арттыра отырып, озық медициналық көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді. "ҚазҰМУ" КеАҚ-да іске асырылатын денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесінің моделі Университеттің клиникалық бөлімшелерін, сондай-ақ медицинаның негізгі бағыттары бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды қамтиды. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары:

      1) "ҚазҰМУ" КеАҚ мен ғылыми-зерттеу институттарын және ғылыми орталықтарды өзара күшейту және дамыту, практиканы, ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында олардың арасындағы синергизм, үйлестіру стратегиялық ынтымақтастық;

      2) нарықты тұрақты бағалау және инвестициялар мен бюджеттердің жоспарларын бейімдеу;

      3) медициналық көмектің көлемін, спектрін кеңейту және сапасын жақсарту, жоғары технологиялық медициналық көмектің үлесін ұлғайту, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларға қатысуды кеңейту;

      4) оқытудың практикалық компоненттерін ұлғайту жолымен медициналық білім беру сапасын арттыру болып табылады.

      35. "ҚазҰМУ" КеАҚ стратегиялық даму жоспарына сәйкес зерттеу компоненті ретінде де, білім беру компоненті ретінде де ЖОО-ны дамытудың оң болжамы:

      1) "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның әлемнің жетекші ғылыми университеттерінің қатарына кіруі;

      2) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын қолдаудың ұйымдастырушылық-қаржылық тетігін әзірлеу;

      3) басым бағыттар бойынша өтінімдер мен гранттар санын арттыру, халықаралық гранттарды ұлғайту;

      4) экономиканың нақты секторы тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖОО-ның (оның шағын инновациялық кәсіпорындарын қоса алғанда) тапсырыстарының көлемін ұлғайту;

      5) қазақстандық және халықаралық қоғамдастықтардың сұранысына ие геномика, жасушалық технологиялар мен биомедицина саласында, қолданбалы медицина, трансляциялық ғылым мен денсаулық сақтау саласында ғылыми білім базасын құру;

      6) импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдық белсенділікті арттыру, ОПҚ жарияланымдарының дәйексөз келтіру индексін арттыру;

      7) университеттің тапсырыстық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық және (немесе) бастамашылық ғылыми жобаларын орындаудағы ОПҚ үлесін ұлғайту;

      8) ғылыми-зерттеу қызметін орындауға тартылған білім алушылардың санын ұлғайту;

      9) ғылыми әзірлемелерді ұлғайту, коммерцияландыру және практикаға енгізу болып табылады.

7-тарау. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу жолдары

      36. Мақсаты – "ҚазҰМУ" КеАҚ-ны оның білім беру, ғылыми-зерттеу және клиникалық базасын дамытуды интеграциялау арқылы денсаулық сақтау саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру.

      "ҚазҰМУ" КеАҚ әлемдік деңгейдегі медициналық университет ретінде дамыту "Университеттердің әріптестігі" моделі шеңберінде білім және ғылыми технологиялар трансферті арқылы жүзеге асырылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ стратегиялық әріптесі Литва денсаулық ғылым университеті болып табылады. Әріптесті таңдау оның білім беру, ғылыми және клиникалық қызметіндегі жетістіктеріне, медициналық білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкестігіне және нәтижесінде дипломдарының Еуропалық Одақта танылуына, сондай-ақ бірыңғай кеңестік білім беру кеңістігінде ұзақ уақыт бойы қызметін жүзеге асыратын екі университеттің ортақ тарихына негізделген. Әріптестіктің нәтижесі кейіннен халықаралық тани отырып жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету, зерттеу қызметін жоспарлау, менеджменті және бағалау жүйесін жетілдіру, академиялық, ғылыми және клиникалық қызметті біріктіретін тиімді жүйені құру болып табылады.

      37. "ҚазҰМУ" КеАҚ стратегиясы өзара тығыз байланысқан бес негізгі стратегиялық бағытты айқындайды.

      38. Бірінші стратегиялық бағыт "ҚазҰМУ" КеАҚ-да денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесін құру болып табылады. Осы бағыт шеңберінде және қазіргі заманғы зерттеу университеттеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, "ҚазҰМУ" КеАҚ оқу орнының қолдағы бар ОПҚ-ны білім беру қызметімен қатар зерттеу жұмысына тартуға ұмтылатын болады. Бұл ретте, осы екі түрдің арасындағы қажетті теңгерім оқыту жүктемесін біртіндеп төмендету арқылы қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде студенттерге білім берудің клиникалық аспектісін (практиканы) қамтитын болады. Студенттер ОПҚ-мен, ғылыми қызметкерлермен және клиницистермен бірлескен зерттеу жұмысына белсенді тартылатын болады. Магистранттар, докторанттар мен резиденттер үшін "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның білім беру бағдарламаларының міндетті шарты ғылыми сипаттағы жобаларға қатысу болады.

      39. "ҚазҰМУ" КеАҚ екінші стратегиялық бағыты денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесінің сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. ОПҚ мен білім алушылардың ғылыми қызмет саласындағы белсенділігін арттыру "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның жүргізілетін зерттеулер сапасының барынша жоғары деңгейіне шығуы үшін негізгі шарттардың бірі болып табылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ зерттеу университеті ретінде қарқынды құратын және жетілдіретін сапаны арттырудың басқа шарттарына процестерді ақпараттық қамтамасыз ету және цифрландыру, шетелден мамандарды шақыру, жабдықтарды жаңарту және білім мен дағдыларды беруге ықпал ететін басқа да шарттар жатады. Жұмыстың сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі "ҚазҰМУ" КеАҚ саясатын (кадрлық, ақпараттық, сапа менеджементі және тәуекелдерді басқару саласында және басқалар) әзірлеу және қолдағы бар бизнес-процестерді (ғылыми, білім беру, медициналық, тәрбие) нақты айқындау, бизнес-процестердің әрқайсысында және стандартталған операциялық рәсімдерді өзара байланыстыра отырып, стандартталған операциялық рәсімдерді әзірлеу және жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс болады.

      40. "ҚазҰМУ" КеАҚ үшінші стратегиялық бағыты қызметкерлердің өз жұмысына, медициналық және фармацевтикалық мамандарды, білім алушыларды даярлау сапасына, оқыту шарттарына және процесіне қанағаттанушылығын арттыру болып табылады. Зерттеу университетінің ОПҚ мен ғылыми қызметкерлері үшін кәсіби өсуін, оның ішінде академиялық мобильділікті арттыруды, кітапхана ресурстарын дамытуды, халықаралық ғылыми конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуды, "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның ғылыми-зерттеу базасын дамытуды және басқаларды білдіреді. Бұған Директорлар кеңесі бекіткен "ҚазҰМУ" КеАҚ даму стратегиясының шеңберінде ғылыми және академиялық (оның клиникалық бөлігін қоса алғанда) күн тәртібін қалыптастырудағы негізгі буын ретіндегі "ҚазҰМУ" КеАҚ Сенаты – консультациялық-кеңесші органның жаңа рөлі ықпал ететін болады. Осы шаралар "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның олар қарамағына келіп түсетін лауазымды адамдардың жауаптылығын арттыра отырып, оларды орталықсыздандырудың пәрменді процесінен тұратын қолданыстағы ресурстарын бөлудегі жаңа тәсілдерді құруға ықпал ететін болады.

      41. "ҚазҰМУ" КеАҚ төртінші стратегиялық бағыты оның интернационалдығы болып табылады. Басым бағыты ел ішіндегі стратегиялық әріптестермен де халықаралық әріптестермен де, ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жобаларды бірлесіп жүргізу бойынша ғылыми ынтымақтастықты дамыту болады. Осы стратегиялық бағыттағы табыстылықтың маңызды индикаторларының бірі "ҚазҰМУ" КеАҚ басқа шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, алатын гранттардың саны мен көлемі болады. Сондай-ақ зерттеу университеті үшін интернационалдандыру Web of Science базаларында тіркелетін шетелдік әріптестермен бірлескен және тек ел ішінде ғана емес, сондай-ақ жетекші шетелдік университеттердің хаттамаларына сәйкес жиналған материалдарға да негізделген жарияланымдар санын ұлғайтудан тұрады. Бұл үшін "ҚазҰМУ" КеАҚ шетелдік консультанттардың бағдарламаларына қатысуымен шектелмей шетелдік әріптестермен бірлескен докторантура бойынша халықаралық бағдарламаларды, ғалымдармен алмасу жүйесін, олардың ғылыми конференцияларға, қысқа мерзімді тренингтерге және шетелдік университеттерге бір жылдық кезеңге дейінгі тағылымдамаға шығуын дамытатын болады.

      42. "ҚазҰМУ" КеАҚ стратегиясының бесінші бағыты экономикалық даму және қаржылық тұрақтылық болып табылады. "ҚазҰМУ" КеАҚ тек елімізде ғана емес, сондай-ақ әлемдегі беделді зерттеу университеті болады. Сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру мен өткізуді қаржыландыруға дайын және ықпал ететін шетелдік ғылыми әріптестердің пулы қалыптасатын және кеңейтілетін болады. Бұл өз кезегінде, коммерцияландырудың көмегімен қаржылық түсімдердің маңызды көзі болатын ғылыми өнімдердің кеңеюіне әкеледі. Өз кезегінде "ҚазҰМУ" КеАҚ "үнемдеу" экономикасынан даму экономикасына ауысуды қолдайтын жаңа қағидатқа ауысады және жыл сайын зерттеу университетінің персоналы мен инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде ғылыми-зерттеу базасын дамытуға инвестицияларды кеңейтетін болады. Экономикалық даму қағидатына сәтті өту міндеті маркетинг пен фандрайзингті, функционалдық-құндық талдауды және форсайтты, өнімсіз шығындардың деңгейін анықтауды және азайтуды, бюджетті жоспарлы орталықсыздандыру (оны тіпті "ҚазҰМУ" КеАҚ мектептерінің деңгейіне беруге дейін) әдістерін бір мезгілде оны әкімшілендіру үшін жауапкершілігін арттыра отырып белсенді енгізуді қажет етеді.

8-тарау. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      43. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде және "ҚазҰМУ" КеАҚ барлық ұйымдарында ғылыми қызметті, білім беру процесін және клиникалық қызметті интеграциялауды күшейту қамтамасыз етілетін болады:

      1) ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған ОПҚ-ның үлесі артады;

      2) білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттардың үлесі ұлғаяды;

      3) ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы саны ұлғаяды.

      44. Денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесі құрылатын болады:

      1) стратегиялық әріптестермен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламаларының саны ұлғаяды;

      2) ғылыми қызметтің нәтижелерін ескере отырып, аттестаттау өткен ОПҚ-ның үлесі артады;

      3) оқытудың барлық деңгейіндегі білім беру бағдарламаларындағы ғылыми қызметтің үлесі артады.

      45. "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның ғылыми-зерттеу қызметі күшейтілетін болады:

      1) соңғы бес жыл ішінде Web of Science-те индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар саны көбейеді;

      2) Web of Science-те индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда соңғы бес жыл ішінде жарияланған ғылыми мақалалардың орташа дәйексөз келтіру деңгейі артады;

      3) "ҚазҰМУ" КеАҚ бюджетінде ғылыми қызметтен түсетін табыстардың үлесі артады;

      4) "ҚазҰМУ" КеАҚ бюджетінен зерттеулерді қаржыландырудың сыртқы көздерінен түсетін қаражаттың сомасын шегере отырып, ғылыми қызметке жұмсалатын шығыстардың үлесі артады.

      46. Шетелдік университеттермен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық күшейтілетін болады. Шетелдік әріптестермен бірлескен ғылыми жобалардың саны ұлғаяды.

      "ҚазҰМУ" КеАҚ университеттер мен негізгі медициналық білім беру орталықтарының халықаралық рейтингіне ілгерілетілетін болады. QS (by Subject) нұсқасы бойынша "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның үздік университеттер рейтингіндегі позициясы артады.

      Бағдарламаның нысаналы индикаторлары көрсетілген, жылдар бойынша бөле отырып, Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.

  "С.Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ ұлттық медицина
университеті" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
даму бағдарламасына
1-қосымша

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасының паспорты

Бағдарламаның атауы

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚазҰМУ" КеАҚ) 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуші

"ҚазҰМУ" КеАҚ

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты – "ҚазҰМУ" КеАҚ-ны оның білім беру, ғылыми-зерттеу және клиникалық базасын дамытуды интеграциялау арқылы денсаулық сақтау саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру.
Міндеттері:
1) денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесін құру;
2) ғылыми-зерттеу қызметін күшейту;
3) шетелдік университеттермен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты күшейту;
4) "ҚазҰМУ" КеАҚ-ны университеттер мен негізгі медициналық білім беру орталықтарының халықаралық рейтингісіне ілгерілету.

Іске асыру мерзімі

I кезең. 2019 – 2023 жылдар
II кезең. 2021 – 2023 жылдар

Қаржыландыру көздері

"ҚазҰМУ" КеАҚ-да білім алушылардың білім гранттары.
Ақылы негізде білім алатын білім алушылардың қаражаты.
Ғылыми зерттеулер жүргізуге алынған гранттар.
Заңнамада белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісілген "ҚазҰМУ" КеАҚ-ның басқа қызметінен түскен қаражат.

  "С.Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ ұлттық медицина
университеті" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
даму бағдарламасына
2-қосымша

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Р/с

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

I кезең

II кезең

2019

2020

2021

2022

2023

1

2

3

4

5

6

7

8

1-міндет. Денсаулық сақтау мен ғылымның академиялық жүйесін құру

1.

Стратегиялық әріптестермен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламаларының саны

бірлік

4

5

6

7

8

2.

Білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттардың үлесі

%

кемінде5%
 
кемінде 6%
 
кемінде 7%
 
кемінде 8%

кемінде
10%

3.

Ғылыми қызметтің нәтижелерін ескере отырып аттестаттаудан өткен ОПҚ-ның үлесі
 
%

30

60

90

100

100

4.

Білім берудің барлық деңгейіндегі білім беру бағдарламалардағы ғылыми қызметтің үлесі

%

2

4

6

8

10

2- міндет. Ғылыми-зерттеу қызметін күшейту

5.

Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған ОПҚ-ның үлесі

%

кемінде
50%
 
кемінде
55%
 
кемінде
60%
 
кемінде
65%

кемінде
70%

6.

Ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы саны

саны

10

12

15

18

22

7.

Web of Science-те индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда соңғы бес жылда жарияланған ғылыми мақалалар санының ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санына қатынасы

бірлік

1 : 50

1 : 45

1 : 40

1: 30

1:15

8.

Web of Science немесе Scopus-та индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда соңғы бес жылда жарияланған ғылыми мақалалардың орташа дәйексөз келтіру деңгейі

бірлік

кемінде
1,0
 
кемінде
1,1
 
кемінде
1,2
 
кемінде
1,5
 
кемінде
1,8
 
9.

Алынған қазақстандық патенттердің саны

бірлік

10

12

14

16

18

10.

Алынған халықаралық патенттердің саны

бірлік

-

1

1

1

2

11.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі жобалардың саны

бірлік

-

1

1

1

2

12.

Университет және оның ұйымдарының жобалары базасында құрылған стартаптар

бірлік

-

1

1

1

2

13.

Ұжымдық пайдалану зертханаларында іске асырылатын зерттеу жобаларының саны

бірлік

1

2

2

3

4

3-міндет. Шетелдік университеттермен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты күшейту

14.

Шетелдік әріптестермен бірлескен ғылыми жобалардың саны

бірлік

5

5

6

7

7

4-міндет. Университеттер мен негізгі медициналық білім беру орталықтарының халықаралық рейтингінде "ҚазҰМУ" КеАҚ-ны ілгерілету

15.

QS (by Subject) нұсқасы бойынша "ҚазҰМУ" КеАҚ үздік университеттер рейтингіндегі позициясы

рейтингтегі позиция

600+

550+

500+

450+

400+

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 453 қаулысымен
бекітілген

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасы 1-тарау. Кіріспе

      1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарының бірі медициналық білім беруді, оның ішінде клиникалық практиканы, медициналық білім беру мен ғылыми қызметті біртұтас дамыту арқылы жаңғырту болып табылатындығы белгіленген.

      2. Білім беру мен ғылымды интеграциялау процесі білім беру жүйесін жаңғыртудың әлемдік трендіне айналды. Бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру және ғылыми сыйымды технологияларды құру мақсатында бірыңғай білім беру және ғылыми-техникалық саясат жүргізу ғылыми және білім беру мекемелерінің зияткерлік әлеуетін жұмылдыру және шоғырландыру арқылы ғана мүмкін болады.

      "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚМУ" КеАҚ) зерттеу университеті мәртебесі университетке ғылымның, білім беру және практиканың біртұтастығы арқылы әлемдік деңгейге дейін көтерілуге мүмкіндік береді.

      3. "ҚМУ" КеАҚ 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізгі параметрлері осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес "ҚМУ" КеАҚ Бағдарламасының паспортында көрсетілген Бағдарламаның атауы, Бағдарламаны әзірлеу негізі, Бағдарламаны әзірлеушінің атауы, Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, қаржыландыру көздері болып табылады.

2-тарау. "ҚМУ" КеАҚ ағымдағы жай-күйі мен ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, перспективасын сипаттау

      4. "ҚМУ" КеАҚ инновациялық дамытудың негізгі міндеттері "Қазақстан-2050" стратегиясының бес институционалдық реформасының үшеуін іске асыру болып табылады:

      1) ірі халықаралық зерттеу жобаларына белсенді қатысу;

      2) елдегі инновациялық қызметті арттыру, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығыстарды ұлғайту, бұл Қазақстанды экономикадағы білімге негізделген дамыған елдердің деңгейіне жақындатады;

      3) еліміздің негізгі университеттері әлемнің 100 үздік университетінің қатарында болады.

      5. Осыған байланысты университеттің инновациялық және зерттеу инфрақұрылымын жетілдіру, ақпараттық ресурстарды дамыту, отандық және шетелдік мамандар мен инвесторларды тарту, халықаралық байланыстарды жандандыру ерекше өзектілікке ие болуда.

      6. "ҚМУ" КеАҚ алдағы бес жылға алдына "ҚМУ" КеАҚ-ны ғылым, практика және инновациялар арқылы білім беру қызметін іске асыратын зерттеу университеті ретінде қалыптастыру мақсатын қояды.

      Бүгінгі таңда "ҚМУ" КеАҚ-да 2019 – 2021 жылдарға арналған зерттеулердің басым бағыттары анықталды:

      1) қоғамдық денсаулықтың негізі ретінде профилактикалық орта;

      2) бірқатар маңызы бар ауруларды басқарудағы дербестендірілген тәсіл;

      3) отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттарды әзірлеуге және фармацевтикалық өндіріске енгізуге бағытталған кешенді зерттеулер;

      4) егде және кәрілік жастағы медициналық-әлеуметтік проблемалар;

      5) медициналық білім беру саласындағы зерттеулер.

      7. Тиімді жұмыс істейтін университеттер құру жоғары білікті мамандар мен ғалымдарды тарту арқылы ғана мүмкін болады, ол жалақы төлеуге айтарлықтай шығыстарды талап етеді. "ҚМУ" КеАҚ бұл мәселені өзінің мамандарын жоғары технологиялық өндіріс құру бойынша кешенді жобаларға қатысуға тарту және басқа ЖОО-лармен нәтижелі ынтымақтастықты тиімді дамыту арқылы шешуді көздейді.

      8. Зерттеу университеті қызметінің тиімділігін бағалау үшін ЖОО-ның жиынтық бюджетінде ғылымға жұмсалатын шығыстар көлемі, ОПҚ бірлігіне келтірілген ғылыми зерттеуді бюджеттен тыс қаржыландыру көлемі, ОПҚ орта жасы, жетекші шетелдік ЖОО-да тағылымдамадан өткен оқытушылардың саны, шақырылған ғалымдардың саны, жас ғалымдарды қолдаудың арнайы бағдарламаларының болуы, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану дәрежесі, даярлаудың сұранысқа ие бағыттарының саны, магистратураның және докторантураның деңгейі, жариялымдық белсенділігі, ғылыми қызметтердің нәтижелеріне ресімделген құқықтардың, халықаралық аккредиттелген бағдарламалардың болуы, шетелдік студенттердің үлесі және жұмыс берушілердің пікірі сияқты көрсеткіштерді ескеру ұсынылады.

      9. Академиялық және ғылыми қызметті ырықтандыру үшін "ҚМУ" КеАҚ академиялық еркіндіктің негізгі қағидаттарын іске асыру бойынша күш жұмсайтын болады. Бұл бағыттағы бірінші қадам "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген іс-шараларды іске асыру болып табылады.

      10. Білім беруді жаңғырту шеңберінде "ҚМУ" КеАҚ-да жоғары мектепті ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялау қағидаты іске асырылатын болады. Интеграцияның анағұрлым тиімді нысаны ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеу институттарының өзара тығыз іс-қимылы мен бірігуі болып табылады. Қазіргі кезде бірқатар ғылыми және білім беру ұйымдары оларды біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды, 11 ЖОО құрамында 30 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтар құрылды. "ҚМУ" КеАҚ осы процестегі өзінің лайықты орнын алатынына сенеді.

3-тарау. Бағдарламаның талдамалық және болжамды негіздемесі блогы

3.1. "ҚМУ" КеАҚ қызметінің жай-күйін, негізгі проблемалары мен олардың себептерін талдау

      11. Көптеген дамыған елдерде университеттер іргелі ғылымды дамытудың негізгі базасы болып табылады. Бұл ретте университеттерде қолданбалы зерттеулер де жүргізіледі, алайда, әдеттегідей, бұл ірі компаниялардың зерттеу бөлімшелерінің айрықша құзыреті. Ғылыми-зерттеу университеттері – оқыту және ғылыми-зерттеу институттарының симбиозы. Білім беру процесінде екі өзара байланысты процес – іргелі теориялық білімдерді беру және оларды практикада сынау маңызды рөл атқарады, олар білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде басым мәнге ие болады. Бұл ретте әлемнің зерттеу университеттерінің тәжірибесі ғылыми зерттеулерге басты назар аударатынын көрсетеді. Мамандарды оқытудың және іргелі зерттеулерді жүргізудің дәстүрлі функциялары ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, жаңа технологияларды әзірлеу және өнеркәсіптік сектор мен бизнеске трансляциялау функцияларымен толықтырылады.

      12. Зерттеу университеттерінің негізгі сипаттамалары ЖОО бюджетіндегі ғылымның жоғары үлесі, іргелі және қолданбалы зерттеулердің кең спектрін жүргізу, әлемдік деңгейдегі шетелдік профессорлардың болуы, шетелдік білім алушыларды тарту, аспиранттар санының студенттерден басым болуы, жоғары оқу орнынан кейінгі қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесінің, дамыған кампус пен инновациялық инфрақұрылымның болуы болып табылады.

      13. Филип Дж. Альтбах және Джамил Салми америкалық зерттеу университеттері жұмысының табыстылығы факторларына сараланған қаржыландыру көздерін, жоғары білікті оқытушылар мен ғалымдарды, білім алушылардың интернационалдық және жоғары дарынды контингентін, нормативтік құқықтық базаны қолдайтын нақты анықталған басқару құрылымын жатқызады, онда университеттің инвестициялық саясатын әзірлейтін басшылар командасы жүзеге асыратын университетті "ішкі" басқарудың маңызы зор.

      14. Соңғы бес жылда "ҚМУ" КеАҚ ғалымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір ғылыми-техникалық бағдарламаны және гранттық қаржыландырылатын отыздан астам жобаны орындады. 2017 жылдан бері "ҚМУ" КеАҚ-да "Қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында профилактикалық ортаны қалыптастырудың ғылыми негіздерін әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта "Бірқатар мәні бар ауруларды басқарудағы дербестендірілген тәсіл" ғылыми-техникалық бағдарламасы және Білім және ғылым министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландырылатын бес жобасы орындалуда.

      15. "ҚМУ" КеАҚ 2012 жылдан бастап қоршаған ортаның гигиенасы саласындағы білім беру, зерттеулер мен инновациялар жөніндегі Орталық Азия желісін, проблемалық бағдарланған оқытуды және виртуалды пациенттерді енгізуге бағытталған медициналық білім беру, адамдарды дамыту арқылы білім беру ұйымдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ұлттық орталықтардың өңіраралық желісін құру жөніндегі Одақтың Еуропалық Tempus халықаралық бағдарламасының жобаларын орындады. 2015 – 2017 жылдары шетелдік және қазақстандық әріптестермен бірлесіп Erasmus+ халықаралық бағдарламасының тағы алты жобасын орындау басталды, олардың екеуінде "ҚМУ" КеАҚ үйлестіруші болып табылады.

      2015 жылы "ҚМУ" КеАҚ Еуропалық өңірлік В офисінен (EURO) "Халықта антибиотикке төзімділікті тежеу дағдыларын қалыптастыру үшін хабардар болу және іс-шаралар әзірлеу" ғылыми зерттеулерді орындауға грант жеңіп алды.

      "ҚМУ" КеАҚ дәрілік заттарды клиникалық сынауларға, оның ішінде халықаралық зерттеулерге белсенді қатысады, түпнұсқалық препараттарды әзірлеушілердің тапсырысы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді орындайды.

      16. "ҚМУ" КеАҚ SMART, METALL, UTIAP халықаралық көп орталықты зерттеулерді іске асыруға қатысады. Ғылыми ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде Ресей Федерациясы мен Белоруссияның ұйымдарымен және ЖОО-мен Ресейде және шектес елдерде ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының клональды құрылымын көпорталықты зерттеу, шартты-патогенді микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын бағалау бойынша зерттеулер, Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы стрептококк инфекцияларының молекулалық эпидемиологиясы саласындағы зерттеулер сияқты ғылыми жобалар орындалуда.

      17. "ҚМУ" КеАҚ-ның ғылыми қызмет бойынша кірісінің үлесі 2013 – 2017 жылдар аралығында 4,5 есеге өсті.

      18. Зерттеу сапасын қамтамасыз ету үшін "ҚМУ" КеАҚ-да ғылыми-зерттеу бөлімшелері мен зерттеулерді басқаруды, әдістемелік қамтамасыз етуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бөлімшелерді қамтитын дамыған ғылыми инфрақұрылым бар.

      "ҚМУ" КеАҚ ғылыми-зерттеу қызметінің инфрақұрылымы мыналардан тұрады:

      1) "ҚМУ" КеАҚ-ның оқу ғылыми-практикалық базасы ретінде жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу орталығы, оның құрылымына 2012 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылған ұжымдық пайдаланылатын ғылыми-зерттеу зертханасы, ғылыми-зерттеу санитариялық-гигиеналық зертхана кіреді. Зертханалар заманауи зертханалық жабдықтармен жарақталған. Зертханалардың қызметі меншікті зерттеулерін жүргізуге, аспаптар мен жабдықтарды пайдалануға беруге, отандық ғалымдармен, шетелдік ғылыми ұйымдармен, ЖОО-лармен ғылыми зерттеулерді бірлесіп орындауға бағытталған. Орталықтың құрамына түрлі ғылыми жобалар бойынша және оқу процесінде эксперименталды зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылатын жануарларды (ақ егеуқұйрықтарды, ақ тышқандарды, бақаларды) сақтауға арналған виварий кіреді;

      2) ғылым бөлімі;

      3) ғылыми редакциялау бөлімі;

      4) Биоэтика комитеті;

      5) Клиникалық сынақтарды бақылау комитеті.

      "ҚМУ" КеАҚ-да ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырудағы негізгі буын кафедралар болып табылады, олардың жанында оқу-ғылыми зертханалар жұмыс істейді және магистратура мен PhD докторантура шеңберінде ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыратын уақытша ғылыми ұжымдар, факультеттер құрылады.

      19. 1996 жылдан бері "ҚМУ" КеАҚ-да "Медицина және экология" атты тоқсан сайынғы ғылыми-практикалық журнал шығарылады, онда клиникалық, практикалық, теориялық және эксперименттік медицинаның түрлі проблемалары, денсаулық сақтау ұйымы, тарихы мен экономикасы, экология мен гигиена, медициналық және фармацевтикалық білім беру мәселелері бойынша мақалалар жарияланады. Журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне қосылған, Index Copernicus, eLibrary, VseNauki, CyberLeninka, OAJI халықаралық ақпараттық ресурстарда индекстеледі.

      "ҚМУ" КеАҚ ғылыми бөлімшелерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді тұрақты негізде дамытады, ғылыми бөлімшелерді аккредиттеу, зертхана қызметкерлерін зерттеулердің қазіргі заманғы әдістеріне оқыту бойынша жұмыстар жүргізеді.

      20. 2016 жылдан бастап "ҚМУ" КеАҚ фармацевтикалық өнімді әзірлеушілерді, зерттеушілерді және өндірушілерді біріктіретін "Фармацевтикалық кластер" консорциумының құрамына кіреді. Кластердің негізгі міндеттері бірлескен ғылыми зерттеулерің нәтижелерін коммерцияландыру, білім беру, ғылым және өндіріс жүйесінде инновациялық белсенділікті арттыру, нәтижелерді кәсіпорындардың өндірістік процесіне енгізу болып табылады.

      21. "ҚМУ" КеАҚ Маастрихт университетінің тәжірибесінен алынған әдісті бейімдей отырып, Problem based learning зерттеу оқытуымен біріктірді (research-based learning, RBL). Студенттер оқытудың алғашқы жылдарында "Ғылыми ойлау және дәлелді медицина негіздері" және "Пациент және қоғам" модульдері шеңберінде PBL-RBL тәсілін пайдалану дағдыларына оқытылады және оқытудың үшінші және төртінші курстарында өздерінің меншікті тәуелсіз зерттеу жобаларын орындайды. Осы міндетті тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін Инновациялық технологиялар трансферті және кәсіби даму орталығы осы саладағы оқытушыларды оқыту курсын бастады және жобаның осы процесті үйлестіретін арнайы командасын құрды. Осылайша білім беру бағдарламасын жаңғырту білім алушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту үшін білімді, ғылым мен практиканы тығыз интеграциялауға бағытталған.

      22. Академиялық еркіндік пен университеттердің дербестігін дамыту – Қазақстандағы жоғары білімді дамытудың тағы бір үрдісі. Қазіргі уақытта "ҚМУ" КеАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің, Еуропалық университеттер қауымдастығының, медициналық және медициналық емес мектептердің қатысуымен TRUNAK (2017-2020) жобасын үйлестіреді.

      23. Осылайша, ғылым мен білім беру қызметінде қол жеткізген жетістіктеріне және инновациялық дамуына қарамастан, "ҚМУ" КеАҚ қызметінің жай-күйін талдау мынадай түйінді проблемаларды көрсетті:

      1) мемлекет тарапынан жүйелік базалық қаржыландырудың болмауына және бизнестен немесе басқа да сыртқы көздерден түсетін кірісті тарту жүйесінің дамымауына байланысты университеттің ғылыми қызметінің тұрақты қаржыландырылмауы. Зерттеу университетінің мәртебесі ғылыми қызметті қаржыландыру көздерін саралау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді;

      2) өндірістік персоналдың жоғары зерттеу әлеуетіне қарамастан, қазіргі уақытта университеттің негізгі қызметі зерттеулер жүргізу емес, білім беру қызметін көрсету болып табылады;

      3) персоналдың және жалпы университеттің зерттеу әлеуетін іске асыру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі;

      4) университеттің академиялық және басқару дербестігі деңгейінің жеткіліксіздігі қоғамның сын-қатерлері мен әлемдік ғылым мен өндіріс үрдістеріне уақтылы ден қоюға бағытталған басқарудың тұрақты және тиімді моделін құруға мүмкіндік бермейді. Қазақстан Республикасында медициналық білім беру жүйесіндегі ағымдағы реформалардың сипаты осы бағытта даму үшін перспективаны ашады.

3.2. "ҚМУ" КеАҚ ұжымының инновациялық әлеуетін бағалау

      24. "ҚМУ" КеАҚ ұжымы жоғары инновациялық әлеуетімен сипатталады.

      "ҚМУ" КеАҚ қызметкерлерінің ғылыми қызметі жоғары нәтижелілікке ие. 2013 жылдан бері ғылыми ақпараттың беделді деректер қорында индекстелетін басылымдарда (Web of Knowledge, Scopus) 611 жарияланым жарық көрді. ЖОО ОПҚ жарияланымдары: The Lancet Infectious, Diseases, Diabetes, International Journal of Infectious Diseases, Journal of Perinatal Medicine, Free Radical Biology & Medicine, FEBS Journal, Placenta, European Journal of Ophthalmology, European Respiratory Journal және басқалар сияқты жоғары рейтингті журналдарда жарияланған. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,2 есеге артты. 2016 жылы "ҚМУ" КеАҚ қызметкері Thomson Reuters халықаралық компаниясының "Қазақстанның медицина саласындағы жоғары импакт-факторы бар журналдардағы мақалалары" номинациясындағы "Ғылым көшбасшысы" тәуелсіз халықаралық наградасының иегері болды.

      25. "ҚМУ" КеАҚ қызметкерлері соңғы бес жылда ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша қорғау құжаттарын – 35 патент пен авторлық құқық объектілеріне 557 куәлік алды. 2016 жылы "ҚМУ" КеАҚ балалар табандарының артрогрипоздық деформациясын емдеуге арналған тартқыш құрылғыға Еуразиялық патент алды. "ҚМУ" КеАҚ қызметкерлері "Өнертапқыш әйел" атағымен, "NIFSSOK" республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының дипломымен, "ҚР Инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін", "Шапағат-2013 байқауы" дипломымен және инновациялық патент бойынша өнертабысы үшін "Шапағат – 2017" өнертапқыштардың республикалық онлайн-байқауының жеңімпазы (3-ші орын) сыйлығымен марапатталды.

      26. "ҚМУ" КеАҚ жас зерттеушілер мен білім алушыларды ғылыми зерттеулерді орындауға тарту бойынша мақсатты саясат жүргізеді. Докторанттар, магистранттар, резиденттер мен студенттер уақытша ғылыми ұжымдардың құрамына белсенді тартылады. 2017 жылы 35 жасқа дейінгі жас зерттеушілер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаушылардың жалпы санының 58,5%-ын құрады. Білім алушылардың 20%-дан астамы ғылыми үйірмелердің жұмысына, қаржыландырылатын бағдарламалар мен гранттарды орындауға қатысады, мақалалар мен тезистерді жариялайды, республикалық және халықаралық деңгейлерде баяндамалармен сөз сөйлейді.

      "ҚМУ" КеАҚ 2017 жылдан бері "ҚМУ" КеАҚ зерттеушілерін қолдау және ілгерілету мақсатында ҚР ЖОО-да (ERG) кәсіпкерлік білім беруді енгізу жөніндегі Еуразиялық жобаға қатысады.

      27. "ҚМУ" КеАҚ ғылыми әлеуетін арттыру, ОПҚ мен білім алушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру, студенттерді ғылыми процеске тарту, жаңа перспективалық ғылыми бағыттарды қолдау және дамыту мақсатында 2016 жылдан бастап жобаларды ЖОО-ішілік гранттық қаржыландыруға конкурстар өткізу практикасы енгізілді. Жалпы сомасы 34052,99 мың теңгеге он төрт грант мақұлданды және орындалуда. Конкурстың қорытындылары бойынша 2019 жылға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО-ішілік қаржыландыруға бес жоба мақұлданды.

      28. "ҚМУ" КеАҚ-да интернационалдандырудың негізгі мақсаты білім беру және студенттік өмір саласындағы озық тәжірибеге қол жеткізу үшін тиісті дағдылары бар оқытушылардың санын арттыру есебінен ұзақ мерзімді тиімділікке қол жеткізу болып табылады.

      Лунд Университетімен (Швеция) және Пуатье Университетімен (Франция) стратегиялық әріптестік шеңберінде 2017 жылы "ҚМУ" КеАҚ-ның он бес қызметкері ғылыми зерттеу саласында оқуға және біліктілігін арттыруға жіберілді. Медицина және биология саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лунд университетімен бірлесіп әзірленген Split PhD бағдарламасы бойынша "ҚМУ" КеАҚ екі докторанты оқуда. 2018 жылғы шілдеде "ҚМУ" КеАҚ оқытушысына Франция Үкіметінің "Абай – Верн" бағдарламасы бойынша Пуатье Университетінің (Франция) PhD докторантурасында оқуға стипендия берілді.

      29. "ҚМУ" КеАҚ өз қызметінде еңбек нарығындағы өзгерістер үрдістерін ескереді. Ол үшін білім беру, ғылым мен практиканың біртұтастығын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Әлемдік үрдістерге сәйкес жұмыс берушілер студенттерді әрі қарай жұмысқа толық орналастыру мақсатында ЖОО бітіргенге дейін кәсіпорнының қызметімен және еңбек шарттарымен таныстыруға тартуға ниет білдіреді. Бұл ретте бүкіл өмір бойы оқу арқылы нақты еңбек шарттарына бейімделуге қабілетті кең бейінді мамандар анағұрлым сұранысқа ие болады. Ол үшін университет ақпараттық ресурстардың ашық ортасын құрады және өмір бойы оқуға деген қажеттіліктің орнын толтыруға мүмкіндік беретін ашық онлайн курстарын белсенді ілгерілетумен айналысады.

      30. Басқа да жаһандық үрдістер заманауи өндірісті автоматтандыру және роботтау әсерінен қалыптастырылған төмен білікті мамандарға деген қажеттілікті қысқарту және жоғары білікті еңбектің рөлін жоғарылату болып табылады. "ҚМУ" КеАҚ магистратура, резидентура мен докторантурадағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын кеңейте, сондай-ақ қоғамның талаптарына сәйкес келетін жаңа бағдарламалар аша отырып, осы қажеттілікті белсенді түрде қанағаттандыруды жоспарлайды.

      31. "ҚМУ" КеАҚ зерттеу университетін дамыту шеңберінде білім алушыларда мәндік сала туралы тұтас фрагменттелмеген түсінігі бола отырып, ақпараттың үлкен көлемін өңдеуге, оның ішінде маңызды ақпаратты бөліп алуға және заманауи ғылым әлеміне бағдарлану қабілеттіліктерін дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

4-тарау. Бағдарламаның пайымы

      32. "ҚМУ" КеАҚ пайымы ғылым, практика және инновациялар арқылы білім беру іс-шараларын іске асыру болып табылады.

      "ҚМУ" КеАҚ даму бағдарламасын іске асыру қазақстандық ғылым мен білімді халықаралық тануға, жоғары білікті кадрларды даярлауға, оларда инновациялық мәдениетті қалыптастыруға, ғылыми зерттеулердің сапасы мен көлемін, зерттеуге арналған ішкі шығыстардағы бюджеттен тыс қаражаттың үлесін, зерттеу саласын коммерцияландыру деңгейін арттыруға, ЖОО-ның кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

5 -тарау. Бағдарламаның миссиясы

      33. Университеттің зерттеу инфрақұрылымын жетілдіру, отандық және шетелдік мамандар мен инвесторларды тарту, халықаралық байланыстарды жандандыру.

6-тарау. Бағдарламаның стратегиялық блогы

6.1. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі "ҚМУ" КеАҚ-ның орны мен рөлі

      34. 1950 жылы құрылған "ҚМУ" КеАҚ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі жетекші медициналық ЖОО болып табылады, білім беру, ғылыми және емдеу-диагностикалық қызметтерді көрсету саласында жоғары беделге ие, Қазақстанның медициналық ЖОО арасында ұлттық рейтингісі жоғары.

      "ҚМУ" КеАҚ ДДҰ мен Дүниежүзілік Медициналық білім беру Федерациясының "Авиценна" медициналық мектептерінің директориясына енгізілді. ЖОО Еуропа медициналық білім беру қауымдастығының (AMEE), Медициналық білім беруді зерделеу жөніндегі қауымдастықтың (ASME), Еуропалық жүйедегі биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы PhD қорғау жөніндегі ұйымның (ORPHEUS), Еуропалық Университеттер қауымдастығының (EUA), Азия және Тынық мұхит өңіріндегі университеттік мобильділік ұйымының (UMAP), Халықаралық білім беруді дамыту қауымдастығының (IADE), Қазақстан Республикасының ЖОО-лары қауымдастығының, Азия медициналық білім беру қауымдастығының (AMEA), Академиялық адалдық лигасының мүшесі болып табылады.

      35. "ҚМУ" КеАҚ – 2005 жылы білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтің NQA – UK (Ұлыбритания), NQA – Russia сертификаттау органының 9001 сериялы ИСО халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесінің сертификаттауынан сәтті өткен ҚР бірінші медициналық ЖОО. 2015 жылы SGS (Швейцария) сертификаттау органында сертификаттаудан өтті. 2016 жылы денсаулық сақтау саласында бірінші санат бере отырып, стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне аккредиттеуден өтті.

      36. 2010 жылы "ҚМУ" КеАҚ университетті институционалдық аккредиттеуден өтті, 2011 жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке арналған субъект ретінде университетті аккредиттеу туралы куәлік алды. 2017 жылы білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікте білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша постмониторингтен (2014ж, 2016ж.), сондай-ақ ЖОО институционалдық аккредиттеу бойынша постмониторингтен өтті.

      37. 2017 жылы университет ИСО 9001 халықаралық стандартының жаңа нұсқасына, сондай-ақ сертификаттық аудитке ("Русский регистр" сертификаттау қауымдастығы (Ресей)) өтті. 2018 жылы "ҚМУ" КеАҚ білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтті (НААР).

      2017 жылы ЖОО-ның симуляциялық бағдарламасын АМЕЕ аккредиттеу комитеті ASPIRE "Excellence simulation-based healthcare education" наградасымен атап өтті. 2018 жылы "ҚМУ" КеАҚ Практикалық дағдылар орталығы SESAM аккредиттеу органы таныған Еуропаның симуляциялық орталықтарының тізіміне және SSH аккредиттеу органының симуляциялық орталықтарының Халықаралық директориясына кірді. Осы жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің тиісті клиникалық практика стандартына (GCP) сәйкестікке сертификаттаудан өтті. 

      38. 2018 жылы ЖОО білім беру бағдарламалары рейтингінде "ҚМУ" КеАҚ "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін "Жалпы медицина" және "Стоматология" мамандықтары бойынша 1-ші орын, "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Фармация" мамандықтары бойынша 2-ші орын, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша 3-ші орын алды.

      Сол жылы "ҚМУ" КеАҚ Quacquarelli Symonds сарапшылары жүргізген QS Stars рейтингісінде үш жұлдыз мәртебесін алды.

      "ҚМУ" КеАҚ ҚР ЖОО-ларында кәсіпкерлік білім беруді енгізу жөніндегі Еуразиялық жобаға енгізілген алғашқы медициналық ЖОО.

6.2. "ҚМУ" КеАҚ академиялық саясаты

      39. "ҚМУ" КеАҚ академиялық жұмысын тиімді ұйымдастыру және басқару мақсатында инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және олардың сапасын бағалауға мүмкіндік беретін ЖОО әзірлеген академиялық саясатты ұстанады. Бұл ретте "ҚМУ" КеАҚ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген академиялық еркіндіктің негізгі қағидаттарын іске асыруға күш-жігерін салады.

      "ҚМУ" КеАҚ-да академиялық саясатты айқындау үшін алқалы басқару органдары жұмыс істейді. Жоғары алқалы орган "ҚМУ" КеАҚ ректоры басқаратын Ғылыми кеңес болып табылады. Ғылыми кеңестің құрамына проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жетекші профессорлар, облыстың студент жастары мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері кіреді.

      40. "ҚМУ" КеАҚ-да оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын үйлестіру, сапасын қамтамасыз ету және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу үшін "ҚМУ" КеАҚ-да Академиялық кеңес жұмыс істейді. Академиялық кеңестің төрағасы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор болып табылады. Академиялық кеңестің құрамына провост, декандар, декандардың орынбасарлары, білім беру бағдарламалары жөніндегі академиялық комитеттердің төрағалары, жетекші оқытушылар мен студенттер кіреді. ОПҚ мен студенттер академиялық комитеттерге мүшелік арқылы білім беру қызметінің негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысып, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен сапасына ықпал ете алады.

      "ҚМУ" КеАҚ жалпы медицинаны, стоматологияны, қоғамдық денсаулық сақтауды, фармацияны, мейіргер ісін, фармацевтикалық өндіріс технологиясын, білім берудің барлық деңгейлеріндегі биологияны қоса алғанда, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесімен байланысты барлық мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады.

      41. "ҚМУ" КеАҚ бакалавриаттың 7 бағдарламасы, магистратураның 7 бағдарламасы, докторантураның 4 бағдарламасы және резидентураның 26 бағдарламасы бойынша оқытады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерін 52 мамандық бойынша қосымша оқыту жоспарлануда. 2018 – 2019 оқу жылында "ҚМУ" КеАҚ-да техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша 247 студент, бакалавриат бағдарламасы бойынша 6607 студент, 103 магистрант, 73 докторант және 396 резидент оқиды. Халықаралық медицина факультетінде шетелдерден келген 1112 студент білім алуда. 2017 – 2018 оқу жылы қосымша білім беру бағдарламасы бойынша 1500 тыңдаушы оқудан өтті.

      42. ЖОО құндылықтарының бірі оның инновациялық қызметті, жаңа технологияларды енгізу мен әзірлеуді, оқу бағдарламаларын қайта құру, медициналық білім беру әлеуетін кеңейту және интернационалдандыру арқылы ғылымды, білім беру мен медицинаны интеграциялауды ұстануы болып табылады.

      43. Қазақстанның білімді интеграциялауға бағдарланған бағытты таңдағанын ескере отырып, интернационалдандыру "ҚМУ" КеАҚ-ның маңызды бағыты болды. ЖОО-да интернационалдандыру көздері халықаралық құжаттар (Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының нұсқаулығы, Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының стандарттары және басқалар), медициналық білім беру саласындағы халықаралық іс-шаралар, оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильділігі, әлемнің жетекші университеттерімен стратегиялық әріптестік, Еуропалық комиссия қаржыландыратын Erasmus+ жобаларына қатысу болып табылады. Халықаралық сарапшылар студенттер мен ОПҚ оқыту үшін, сондай-ақ оларды басшылық лауазымдарға тағайындау арқылы "ҚМУ" КеАҚ қызметін тікелей басқару үшін шақырылады.

      44. Оқу жоспарын жаңғырту және белсенді оқыту еPBLnet (2012 – 2015) жобасын іске асырудың, "ҚМУ" КеАҚ-да Tempus бірінші жобасына қатысудың басталуымен байланысты. Жоба проблемалық бағдарланған оқыту (PBL) жолымен виртуалды пациенттерді енгізу арқылы медицинаға оқытудың алғашқы жылдарында оқу бағдарламасын интеграциялаудың негізін салды. Бұл қызмет Erasmus+ "Медициналық қателерді болдырмау үшін оқыту" (TAME, 2015 – 2018 жж.) жобасының шеңберінде жалғасты, оның негізгі компоненті жоғары курстар студенттері үшін клиникалық білім беру және медициналық қателердің профилактикасы болып табылады.

      Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқу бағдарламасын әзірлеу CANERIEH (2012 – 2015 жж.) жобасында PhD бағдарламасының элементін құрудан басталды. Қазақстанда қоршаған орта гигиенасы саласындағы зерттеулерге жәрдемдесу үшін екі қоршаған орта гигиенасы орталығы құрылды. Жобаны іске асыру Қазақстан және басқа әріптес елдер үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистрлік бағдарламаны реформалауға бағытталған басқа TUTORIAL (2016 – 2019) жобасында логикалық жалғасын тапты.

      45. Адами ресурстарды дамыту және факультеттердің әлеуетін арттыру PEOPLE (2014 – 2016 жылдар) жобасында көзделген. Жоба портфель жоспарларының шеңберінде медицина мұғалімдерінің құзыреттерін және персоналды дамытуға бағытталған. CASEU (2015 – 2018 жылдар) жобасының шеңберінде студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың халықаралық академиялық мобильділігі басталды. Бұл қазақстандық және еуропалық университеттер арасындағы тығыз байланыстар мен мобильділік лектерін орнатуға мүмкіндік берді. WELCOME жобасы шеңберінде (2016 – 2019 жылдар) саны "ҚМУ" КеАҚ-да 1100-ден астам адамды құрайтын шетелдік студенттер үшін бейімдеу орталығы ашылды. Жоғары білім берудегі мейіргер ісін дамыту бағдарламасы тағы бір ProInCa (2017 – 2020) халықаралық жобасының басты назарында. Жобаның мақсаты тек білім беру аспектілерін және оқу бағдарламаларын түрлендіруді қарау ғана емес, сонымен қатар мейіргерлер белсенді рөл атқаратын денсаулық сақтаудың қолданыстағы жүйесіне әсер ету болып табылады.

      46. Қазіргі уақытта "ҚМУ" КеАҚ Лунд университетімен (Швеция), Пуатье университетімен (Франция), Лондон Әулие Георгий университетімен (Ұлыбритания), Вильнюс университетімен (Литва) әріптестік келісімдерін жасасты. Бұл әріптестіктердің негізгі мақсаты – Университетті корпоративтік басқаруды жаңғырту, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және мейіргер ісі саласында оқыту үшін оқу бағдарламасын әзірлеу, факультеттің зерттеулер мен медициналық білім беру саласындағы әлеуетін арттыру және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

      47. Инновацияларды енгізудің табысты тәжірибесінің арқасында "ҚМУ" КеАҚ-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстанның барлық медицина университеттеріне табысты жобалардан білім, дағды мен техникалық тәжірибені беру үшін Инновациялық технологиялар трансферті және кәсіби даму орталығы ашылды. Орталық қазіргі уақытта оқу бағдарламасын әзірлеу, медициналық білім беруді жаңғырту және ЖОО-ны білім беру қызметі саласында дамыту кілті болып табылады. Осы "білім орталығы" интернационалдандыру нәтижелерін барлық қазақстандық медицина университеттеріне беру үшін пайдаланылатын болады. Трансферт орталығының бағдарламасы жаттықтырушыларды оқыту моделіне негізделген. Әдетте, Erasmus+ жобаларының шеңберінде халықаралық әріптестер жергілікті жаттықтырушыларға оқыту жүргізеді, олар өз кезегінде басқа медициналық ЖОО-лар мен колледждерден жаттықтырушыларды оқытады.

      Проблемалық бағдарланған және интеграцияланған оқыту 2017 жылы реформаланған оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі болды. Осылайша, оқытудың түпкілікті нәтижелері мен құзыреттеріне негізделген интеграцияланған оқу бағдарламасына толық көлемде көшу үшін келесі логикалық қадам жасалды.

      48. "ҚМУ" КеАҚ-да оқу орнын заманауи технологиялармен қамтамасыз етуге үлкен назар аударылуда. Халықаралық тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, "ҚМУ" КеАҚ үшін симуляциялық оқыту енгізу жөніндегі негізгі әріптес ретінде Майами Университеті Медицина мектебінің Медициналық білім беру саласындағы зерттеулер жөніндегі Гордон орталығы (GCRME) болып табылады. GCRME халықаралық нұсқаулары мен тәжірибесі симуляциялық орталықтың қызметін құру, басқару және дамыту үшін базалық білім берді. Қазіргі уақытта Практикалық дағдылар орталығында жалпы ауданы 1300 шаршы метр, 401 тренажері бар 43 оқу бөлмесі бар, олар оқушыларға медицинаның кез келген саласында практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Орталық жыл сайын 7000-нан астам студент пен 400-ден астам денсаулық сақтау қызметкерін тартады және 25000 сағаттан астам оқу сабақтарын өткізеді. Студенттердің нақты пациенттермен байланыста болу мүмкіндігінің болуына қарамастан, "ҚМУ" КеАҚ стандартталған пациенттерді даярлау бағдарламасын енгізе бастады. 2017 жылы "ҚМУ" КеАҚ-да симуляциялық білім беру сапасы "ASPIRE to Excellence" Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының "симуляциялық технологиялар" номинациясында беделді наградасымен атап өтілді.

      49. Жаңа білім беру бағдарламаларының енгізілуімен және заманауи сын-қатерлер мен Литва, Швеция, Испанияның медициналық білім берудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, 2018 жылы "ҚМУ" КеАҚ-да ұйымдастыру құрылымын қайта құрылымдау жүргізілді, ол:

      1) базалық пәндерді оқытуға интеграцияланған тәсілді ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді;

      2) "студентті эстафета бойынша беру" практикасын жоюды және бакалавриат деңгейінен резидентура деңгейіне дейін оқыту траекториясын құруға модульдік тәсілді қамтамасыз етуді;

      3) оқылатын пәндердің көлемі шамалы туыстас кафедраларды біріктіруді қамтиды.

      50. Көрсетілген қағидаттарға сүйене отырып, жаңа ұйымдастырушылық құрылым 4 мектептен (медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық және фармация, мейіргер білімі), халықаралық медицина факультетінен, Физикалық денсаулық орталығынан, кафедралардан тұрады, олар тиісті мамандандыру бойынша департаменттерге біріктірілген. Қолданыстағы білім беру бағдарламаларына білім беру процесін оңтайландыруға және оқыту процесін дербестендіруге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілген.

6.3. "ҚМУ" КеАҚ инновациялық әлеуетін дамыту және оның жетістігі

      51. Университеттің инновациялық әлеуетін дамытудың негізгі көрсеткіші идеяларды қалыптастырып, білімнің жаңа саласын құратын серпінді және табысты ғылыми қоғамдастықты қалыптастыру арқылы зерттеулер саласындағы көшбасшылық болып табылады.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін "ҚМУ" КеАҚ мынадай стратегияларды іске асыруды жоспарлауда:

      52. "ҚМУ" КеАҚ қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай стратегияларды орындауды қамтамасыз ететін болады:

      1-стратегия – "Сапа және академиялық көшбасшылық".

      "ҚМУ" КеАҚ өзін ұлттық және халықаралық көшбасшы ретінде көрсете отырып, зерттеулерде академиялық көшбасшылыққа қол жеткізу үшін жүйелі тәсілді пайдаланады. Бұл ретте негізгі екпін ғылым, білім мен тәжірибенің үштұғырлығына құрылған және олардың қоғамға қосқан үлесі бойынша қызмет нәтижелерін бағалай отырып, зерттеу ортасын құруға жасалады. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі "ҚМУ" КеАҚ барлық қызмет түрлеріне енгізілуде. Сапаны бағалау тұрақты, алқалы және халықаралық және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі. Осы бағдарлама жоғары сапаға және оған қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін процестерді нығайту үшін нұсқаулық болып табылады. Зерттеулердің серпінді жетістіктері мен білім беру сапасы арасындағы тікелей өзара байланысты болудың халықаралық танылған фактісі қазіргі білім беру жүйесінің шеңберінде ғылыми-бағдарланған оқыту әдісін енгізуге негізделген академиялық көшбасшылық моделін құру бойынша жұмыс істеу қажеттілігіне алып келеді. Зерттеу университетінің мәртебесі бұл құқықты практикада іске асыруға мүмкіндік береді.

      Осы стратегияға қол жеткізу үшін "ҚМУ" КеАҚ мыналарды жоспарлайды:

      1) "ҚМУ" КеАҚ ғылым мен білімді интеграциялауға ұмтылады;

      2) білім беру сапасы барлық деңгейлерде енгізілетін болады және алқалы түрде, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен бағаланатын болады;

      3) білім беруді жүйелі бағалау үшін модель жасалады.

      53. 2-стратегия – "Зерттеушілердің әлеуетін арттыру".

      Аса маңызды стратегиялық міндет – ЖОО-лардың зерттеушілерін оқыту. "ҚМУ" КеАҚ-тың "Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген мақсаттарға сәйкес зерттеушілердің кадрлық құрамын қалыптастыруы қажет. Зерттеушілерді оқыту – институционалдық мәдениет құру мақсатында студенттерден бастап аға ғылыми қызметкерге дейінгі зерттеу қызметін үйлестіруді жақсарту үшін білім берудің әртүрлі деңгейлері біріктірілген ұзақ мерзімді перспектива.

      "ҚМУ" КеАҚ-тың стратегиялық әріптес – Лунд университетімен және басқа да беделді ЖОО-лармен (Барселона менеджмент жоғары мектебі, Порто университеті, Вильнюс университеті және Пуатье Университеті) бірлесіп іске асырылатын магистратура және докторантура бағдарламалары арқылы зерттеушілерді оқытудың жақсы тәжірибесі бар.

      54. "ҚМУ" КеАҚ еуропалық университеттермен және бүкіл әлем бойынша университеттермен ынтымақтастықта зерттеулер жүргізуге қабілетті профессорларды тарту үшін белсенді жұмыс істейді. Одан әрі профессорлар өздерінің білімі мен тәжірибесін "ҚМУ" КеАҚ-ға береді, сөйтіп ғылымның одан әрі дамуына кепілдік бере отырып, жаңа зерттеушілерді оқытуға ықпал етеді, сондықтан PhD және докторантурадан кейінгі дәрежені берудің "ҚМУ" КеАҚ үшін іргелі мәні бар.

      55. "ҚМУ" КеАҚ қызметі мынадай міндеттерге қол жеткізуге бағытталатын болады:

      1) барлық деңгейдегі білім беру мен зерттеулерді үйлестіру;

      2) қызметкерлердің арасында зерттеуші студенттердің, халықаралық мобильділікке қатысушылардың санын ұлғайту;

      3) кадрлық әлеуетті дамыту үшін жүйе құру;

      4) докторантурадан кейінгі бағдарламаны ашу;

      5) білім беру/зерттеу бағдарламаларының санын ұлғайту – биоинженерия мектебін ашу.

      56. 3-стратегия – "Инфрақұрылым".

      Зерттеулерде академиялық көшбасшылық пен сапаға қол жеткізу үшін "ҚМУ" КеАҚ-ның тиісті және қолжетімді зерттеу инфрақұрылымы болуы тиіс. Ол объектілерді, жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді, кітапханаларды, сыртқы дерекқорларға қолжетімділікті және басқаларды қамтиды. Жақсы зерттеу инфрақұрылымы ұлттық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, бұл жалпы Қазақстанның, сондай-ақ "ҚМУ" КеАҚ-ның әлемдік қауымдастықпен интеграциясы мен ғылымын дамыту үшін үлкен маңызға ие. "ҚМУ" КеАҚ қазіргі әлеуетті инвестициялай отырып және жаңа бастамаларды есепке ала отырып, өзінің зерттеу инфрақұрылымын дамыту үшін белсенді жұмыс істейтін болады, Еуропалық Одақтың Horizon 2020 зерттеу бағдарламасына қатысуды қамтамасыз ете отырып, заманауи зерттеу технологияларын енгізеді, ғылым, технологиялар мен өнеркәсіп арасындағы өзара іс-қимылды және басқаларды нығайтады.

      "ҚМУ" КеАҚ сапалы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми инфрақұрылымды дамытатын болады.

      "ҚМУ" КеАҚ өз қаражатын белсенді инвестициялайтын, сондай-ақ өнеркәсіптік сектормен және Үкіметпен әріптестік қатынастарды нығайту арқылы сыртқы қаржыландыруды тартатын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытатын болады.

      57. 4-стратегия – "Зерттеу жобалары".

      "ҚМУ" КеАҚ тарихи перспективасы тұрғысынан ғылымды дамытудың бастапқы сатысында тұр. "ҚМУ" КеАҚ денсаулық сақтау саласындағы ғылымдағы көшбасшылыққа қол жеткізу үшін прогресті жеделдетуді жалғастыруы үшін бағыттар мен зерттеу жобаларын таңдау бойынша стратегиялық шаралар қажет. "ҚМУ" КеАҚ-ның бұл бағыттағы саясаты ғылымды технологиялармен және бизнеспен біріктіретін инновациялық, ашық, пәнаралық және транспәндік зерттеу жобаларын іздейтін зерттеулердің негізгі бағыттарын зерделеу мен дамыту болып табылады. "ҚМУ" КеАҚ ұзақ мерзімді халықаралық жобалардың бір бөлігі болуға ұмтылады, ал ынтымақтастық білім алмасу альянстарын құру арқылы озық биомедицинадағы инновациялық және нарықтық зерттеулерді кеңейтуге ықпал етеді.

      "ҚМУ" КеАҚ:

      1) қызығушылық тудыратын және ұлттық, өңірлік немесе халықаралық деңгейде басым болып табылатын зерттеулер саласын айқындайды;

      2) ғылымды технологиялармен және бизнеспен біріктіретін инновациялық, ашық, пәнаралық және транспәндік зерттеу жобаларын іздестіруді жүргізеді;

      3) бірлескен ұзақ мерзімді жобалар, конференциялар, жазғы мектептер және басқалар арқылы ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытатын болады.

      58. 5-стратегия – "Зерттеудің маңыздылығы".

      "ҚМУ" КеАҚ-ның алған нәтижелері ғылым мен қоғам үшін үлкен маңызға ие болады. Сондықтан "ҚМУ" КеАҚ-ның зерттеулері ұлттық және халықаралық деңгейде тартымдылықтың жоғары деңгейіне ие болуы тиіс. "ҚМУ" КеАҚ зерттеу қызметін ілгерілету және оның нәтижелері қоғамды, бизнесті дамыту, елді ілгерілету үшін құндылығы мен маңыздылығын көрсетеді.

      Атап айтқанда, "ҚМУ" КеАҚ үшін зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялау және ұсыну оның талантты студенттер мен зерттеушілерді тартудың, зерттеу жобалары мен ресурстарын іздеудің, стратегиялық әріптестермен және басқалармен ынтымақтастықтың тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

      "ҚМУ" КеАҚ-ның:

      1) ЖОО зерттеушілерінің, профессорларының, студенттері мен қызметкерлерінің "ҚМУ" КеАҚ-да жүргізілетін зерттеулердің маңыздылығы және оның халықаралық рейтингке әсері туралы хабардар болуын арттыруы;

      2) барынша ауқымды аудиторияға өз жұмысын және зерттеу әдістерін жеткізу қабілетін көрсететін зерттеушілерді көтермелеуі және ынталандыруы, осылайша, жалпы алғанда зерттеулерге және "ҚМУ" КеАҚ-да жүргізілетін зерттеулерге назар аударуы;

      3) ғылыми ақпарат үшін ішкі ақпараттық жүйені және ғылым саласындағы ішкі коммуникациялық іс-шараларды әзірлеуі күтілуде.

      59. 6-стратегия – "Интернационалдандыру және жаһандану".

      Қазақстанның Болон процесіне қатысуы 2010 жылғы наурызда "ҚМУ" КеАҚ-ның білім мен ғылымды жаһандық жүйеге интеграциялау бойынша реформаларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді. "ҚМУ" КеАҚ-да халықаралық тәжірибесі мол және бүкіл әлем бойынша кең байланыс желісі бар жоғары білікті кадрлар жұмыс істейді.

      Ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер "ҚМУ" КеАҚ студенттерін PhD-ға оқыту, оларды өзара іс-қимылға қабілетті зерттеушілер ретінде даярлау үшін тиімді құрал болды. Зерттеушілер мен профессорлардың сапарларын ілгерілету жалпы перспективаны аша отырып және жаһандық жоғары білім беру мен зерттеулер қоғамдастығының бір бөлігі бола отырып, "ҚМУ" КеАҚ студенттері мен қызметкерлерінің арасындағы ашықтықтың динамикалық ахуалын қамтамасыз етеді.

      60. Негізгі академиялық және халықаралық қаржы субъектілерімен ынтымақтастық нығайтылатын болады.

      "ҚМУ" КеАҚ зерттеушілеріне халықаралық зерттеу жобалары мен іс-шараларға қатысу ұсынылады.

      "ҚМУ" КеАҚ Horizon-2020 бағдарламасы мен басқа да халықаралық зерттеу бағдарламаларының шеңберінде еуропалық зерттеу консорциумдарына өзінің қатысуын кеңейтуге ұмтылатын болады.

      "ҚМУ" КеАҚ зерттеушілердің еуропалық және басқа да халықаралық жобаларға қатысуына көмек көрсететін құзыретті мамандарды даярлау үшін жұмыс істейтін болады.

6.4. "ҚМУ" КеАҚ ғылыми-техникалық әзірлемелерін коммерцияландыру

      61. "ҚМУ" КеАҚ қызметінің басым бағыттарының бірі ғылыми-технологиялық әзірлемелерді коммерцияландыру және табыс алу болып табылады. Коммерцияландыруды ілгерілету университет кадрлары мен білім алушыларының кәсіпкерлік құзыреттіліктерін дамытуға, инновациялық жобалармен жұмыс істеуге, дамыған зерттеу инфрақұрылымының және әріптестік қарым-қатынастың болуына, сондай-ақ университеттің жоғары имиджіне ықпал ететін болады.

      62. Бағдарламаның мақсаты – "ҚМУ" КеАҚ-ның білім беру, ғылыми-зерттеу базасын интеграциялау және дамыту арқылы оны әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптастыру.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер іске асырылатын болады:

      63. 1-міндет. Білім мен ғылымды интеграциялау

      Зерттеу университеті басымдықтарының бірі ғылым мен білімді интеграциялауды қамтамасыз ететін зерттеу ортасын құру болып табылады. Бакалавриат деңгейінен бастап ғылыми бағдарланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу оқытушылардың басшылығымен білім алушылардың ғылыми зерттеулер жүргізуге белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл ғылыми-техникалық кеңістікте еркін бағдарланатын бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.

      64. 2-міндет. Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын дамыту

      Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін "ҚМУ" КеАҚ-ның инновациялық және қолжетімді зерттеу инфрақұрылымы болуы қажет. Инфрақұрылымды қазіргі әлеуетті инвестициялау арқылы және жаңа бастамалардың көмегімен заманауи зерттеу технологияларын енгізуге, ғылым, технологиялар мен өнеркәсіп арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.

      65. 3-міндет. ОПҚ кәсіби дамыту

      Зерттеу университетінің ұзақ мерзімді перспективасы жетекші университеттермен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықта ғылымды ілгерілетуге ықпал ететін зерттеушілердің кадрлық құрамын даярлау, оларды кәсіби дамыту болып табылады.

      66. 4-міндет. Халықаралық ынтымақтастық пен әріптестікті кеңейту.

      Маңызды стратегиялық бағыт ретінде халықаралық ынтымақтастық пен әріптестікті кеңейтудің шеңберінде озық әлемдік тәжірибені тарту "ҚМУ" КеАҚ-тың жоғары білім мен зерттеулердің жаһандық қоғамдастығының бір бөлігі болуына мүмкіндік береді.

      67. Көптеген жылдар бойы "ҚМУ" КеАҚ Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаттарына бейілділігін көрсетеді және тиісті міндеттерді орындау үшін өз әлеуетін пайдаланады. Зерттеу университетінің ресми мәртебесін алу "ҚМУ" КеАҚ-ның білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуетін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді, оның отандық және әлемдік зерттеу қоғамдастығындағы орнын нығайтады, қаржыландыру және бүкіл әлем бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер береді, бұл Қазақстанның зерттеу саласындағы беделін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

      68. Негізгі нәтижелер:

      1) университеттердің жалпы бюджетінде ғылыми қызметтің табысын 2018 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайту;

      2) университеттердің өндірістік персоналының Web of Science немесе Scopus-та индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдардағы жарияланымдарын бес есе ұлғайту;

      3) ғылыми мақалалардан дәйексөз келтіру деңгейін екі есе ұлғайту, бұл Қазақстан ғалымдарының танымалдығына алып келеді;

      4) ғылыми-технологиялық парк құру және ғылыми жобалардың санын 20%-ға арттыру;

      5) инновациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған кадрларды даярлаудың жаңа бағдарламаларын ашу.

      Жылдар бойынша бөлінген және нысаналы индикаторлар көрсетілген, Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.

  "Қарағанды медицина
университеті" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
даму бағдарламасына
1-қосымша

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасының паспорты

Бағдарламаның атауы

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 – 2023 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз

"Ғылым туралы" Заңы 3-бабының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуші

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМУ" КеАҚ)

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: білім беру, ғылыми-зерттеу базасын интеграциялау және дамыту арқылы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру.
Міндеттері:
білім мен ғылымды интеграциялау;
университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын дамыту;
ОПҚ кәсіби дамуы;
халықаралық ынтымақтастық пен әріптестікті кеңейту.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

І кезең. 2019 – 2020 жылдар
ІІ кезең. 2021 – 2023 жылдар

Қаржыландыру көздері

"ҚМУ" КеАҚ-да білім алушылардың білім гранттары;
ақылы негізде білім алатын білім алушылардың қаражаты;
ғылыми зерттеулер жүргізуге алынған гранттар;
заңнамада бөлінген тәртіппен монополияға қарсы органмен келісілген "ҚМУ" КеАҚ-ның басқа қызметтерінен түскен қаражат.

  "Қарағанды медицина
университеті" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының
даму бағдарламасына
2-қосымша

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

I кезең

II кезең

2019

2020

2021

2022

2023

Мақсаты: "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі – "ҚМУ" КеАҚ) білім беру, ғылыми-зерттеу базасын интеграциялау және дамыту арқылы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптастыру

1-міндет. Білім мен ғылымның интеграциясы

1.

Соңғы 5 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар санының өндірістік персоналдың санына қатынасы

қатынасы

1:20

1:15

1:10

1:5

1:5

2.

Web of Science немесе Scopus-та индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың дәйексөз келтірудің орташа деңгейі

бірлік

0,6

0,7

0,9

2-міндет. Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын дамыту

4.

Ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы саны

бірлік

25

Университеттің және оның ұйымдарының жобалары базасында құрылған стартаптар саны

бірлік

-

-

1

2

3

3-міндет. ОПҚ кәсіби дамуы

10.

Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған ОПҚ үлесі

%

кемінде 20%

кемінде 25%

кемінде 30%

кемінде 40%

кемінде 50%

11.

Постдокторантурадағы білім алушылар саны

бірлік

-

-

2

3

5

12.

Жетекші шетелдік ғылыми ұйымдардың (ғылыми институттардың) базасында оқудан өткен ОПҚ үлесі

%

кемінде
10

кемінде 10

кемінде 10

кемінде 15

кемінде
15

4-міндет. ЖОО-ның әріптестігін кеңейту және халықаралық танылуын арттыру

13.

Халықаралық жобалардың саны

бірлік

кемінде
5

кемінде
5

кемінде
5
 
кемінде
5

кемінде
5

14.

QS (by Subject) нұсқасы бойынша ЖОО-ның үздік университеттер рейтингіндегі позициясы

рейтингтегі позициясы

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264051
    Қазақ тілінде 131793
    Орыс тілінде 131342
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы