""Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 473 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары, тіл бөлімі және оқу нысаны бойынша конкурстық негізде беріледі.

      Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

      Шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.

      Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру бағдарламалары топтарына оқуға түсушілер үшін жалпы кәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдары ескеріледі.

      Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының ұқсас топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.

      Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      7-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.";

      11-тармақтың үшінші мен төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы кәсіптік пәннен – кемінде 5 балл және арнайы пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

      Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Педагогикалық ғылымдар" "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша білім беру бағдарламаларына түсушілер және арнайы емтиханнан өтіп, рұқсат алғандар білім беру грантын беруге арналған конкурста ЖЖОКБҰ және арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының төрт тобын таңдау құқығына ие.";

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын республикалық комиссия бір білім беру саласы ішінде өту балы жоғары адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мәлімделген тобы бойынша осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста – КТ нәтижелерінің балдары, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша КТ нәтижелерінің балдары, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша:

      1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратураға, оның ішінде шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша – кемінде 100 балл;

      2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға – кемінде 60 балл жинау қажет.

      КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары адамға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға әзірлігін айқындау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі – шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) ескеріледі.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтары, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations – Грэдуэйт Рекорд Экзэминейшнс) тестілеуінің халықаралық сертификаты болған жағдайда оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуге арналған КТ-ден босатылады.";

      24-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) конкурс білім беру бағдарламаларының тобы, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ЖОО-дағы ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264051
    Қазақ тілінде 131793
    Орыс тілінде 131342
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы