Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысы. Қаулының таұырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 719 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 150-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1729 қаулысымен
бекітілген

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша "медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника", "медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың", "медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы", "медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы", "медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды", "медициналық мақсаттағы бұйым", "медициналық мақсаттағы бұйымдарды", "медициналық мақсаттағы бұйымдар", "медициналық мақсаттағы бұйымдармен", "медициналық техника", "медициналық техниканы" деген сөздер тиісінше "медициналық бұйым", "медициналық бұйымдарды", "медициналық бұйымды", "медициналық бұйымға", "медициналық бұйыммен", "медициналық бұйымдармен" "медициналық бұйымдар" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Үкіметінің 30.06.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 719 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға;

      2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) тапсырыс берушілер – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері;

      4) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) сатып алу – тапсырыс берушінің, бірыңғай дистрибьютордың, лизинг берушінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен, оның ішінде сатып алу веб-порталын пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      6) сараптамалық бағалау – лизинг беруші, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау;

      7) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;

      8) иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) – белсенді немесе белсенді емес иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық қарсылықтың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (табуға) арналған дәрілік препарат;

      9) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;

      11) біртекті тауарлар – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар;

      12) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);

      13) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шартын жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);

      14) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;

      15) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін тендер (бұдан әрі – екі кезеңдік тендер) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аукционды қолдана отырып, шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;

      16) тендерлік құжаттама – осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы ұсынатын құжаттама;

      17) тендерлік өтінім – тендерлік құжаттамаға немесе осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;

      18) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге немесе қорға және бірыңғай дистрибьюторға сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін адам;

      19) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға:

      Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсат (хабарлама) негізінде жүзеге асырылады;

      тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі;

      Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналыста болуға арналған тауарлар;

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлар;

      20) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) – тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде толық өндірілген немесе қайта өңделген, бұл экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шетелдік заңды тұлға;

      21) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін:

      дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, олардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларын, отандық тауар өндірушілермен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін;

      дәрілік заттар үшін халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамы, медициналық бұйым үшін – атаулары немесе құрамы үшін нұсқаманы;

      сервистік қызмет көрсетуді, техникалық ерекшелікті және жиынтықты талап ететін медициналық бұйымдар үшін – атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдерін қамтитын құжат;

       22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму, елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестициялық қолдау саясаты саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      23) Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

      24) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – осы тармақтың 23) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      25) бекітілген баға – сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған өнім беруші дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьюторға беруге міндеттенетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;

      26) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғандағы халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің қызметі;

      27) өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің шығындарын өтеу – қор қаражаты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушіге өтеу;

      28) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушілерімен немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушімен дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және қолданудың әлеуетті қаупі бар 1 және 2а қауіпсіздік класындағы медициналық бұйымдарды (зарарсыздандырылғандардан басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдарға арналған сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруге арналған не дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес, ал медициналық бұйымдар үшін, қолданудың әлеуетті қаупі бар 1 және 2а қауіпсіздік класындағы медициналық бұйымдарды (зарарсыздандырылғандардан басқа) қоспағанда, сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медииналық бұйымдардың өндірісін немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттардың өндірушісімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектімен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен он жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

      29) кепілдікті сервистік қызмет көрсету – өндіретін зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үш жақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімде тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламаларды және жабдықты, деректерді беру арнасын, сәйкестендірілген бар кодты немесе өзге де әдісті пайдаланумен, онлайн режимде) көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны қамтитын берілген медициналық техниканы жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешені;

      30) қаржы лизингі шарты – үш жақты шарт, оған сәйкес лизинг беруші осы Қағидаларға сәйкес өнім берушіден лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын жеке меншігіне сатып алуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы лизинг нысанасын лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенеді;

      31) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт;

      32) өнім беру шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт;

      33) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт;

      34) фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші немесе бірыңғай дистрибьютор және өнім беруші арасында жасалған шарт;

      35) клиникалық-техникалық негіздеме – сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сұрау салынған медициналық бұйымның қажеттілігі мен денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпарат қамтылған құжат;

      36) лизинг беруші – тартылған және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг алушыға беретiн заңды тұлға (лизинг мәмiлесiне қатысушы);

      37) лизинг алушы – қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);

      38) лизинг төлемдері – қаржы лизингі шартын жасау сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының барлық құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi ішінде жүзеге асырылатын, қаржы лизингі шарты қолданылуының барлық мерзiмi iшiнде қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, ол мыналарды қамтиды:

      қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа да шығындарды өтеуді;

      лизинг бойынша сыйақыны;

      39) біріздендіруге жататын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар – облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, біртекті техникалық сипаттамалары бар медициналық бұйымдар;

      40) лизинг мерзімі – лизинг нысанасы лизинг алушыға қаржы лизингі шартына сәйкес уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм, бұл ретте лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде қаржы лизингі шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқтырмайды;

      41) инвестициялық жоба – тиісті өндірістік практика стандарттарына (GMP) сәйкес дәрілік заттардың және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО сапасын басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

      42) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – сипаттамалары, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, өндіруші елі, бірыңғай дистрибьютордың бір бірлік үшін үстеме бағасын есепке алғанда, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағасы, сондай-ақ дәрілік заттар үшін саудалық және халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, медициналық бұйымдар үшін саудалық атауы немесе құрамы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың тізбесін қамтитын, тапсырыс берушілер мен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер берушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін баға ұсынысы;

      44) орфандық (сирек) дәрілік препарат – жиілігі Қазақстан Республикасында ресми айқындалған деңгейден аспайтын, орфандық (сирек) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;

      45) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге дейінгі және тіркеуден кейінгі кезеңдерде сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым (бұдан әрі – сараптама ұйымы);

      46) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісі – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;

      47) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;

      48) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      49) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      50) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      51) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;

      52) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;

      53) бірлесіп орындаушы – өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;

      54) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;

      55) денсаулық сақтау субъектілері – жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;

      56) DDP ИНКОТЕРМС 2010 – Халықаралық тауар палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині, мұнда тауар тапсырыс берушіге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылған, шартта көрсетілген межелі орнына жеткізілгенде;

      57) сатып алудың үш жақты шарты – сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;

      58) сарапшы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар сипаттамасының немесе техникалық ерекшелігінің бірыңғай дистрибьютордың тізіміне немесе сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері мен осы Қағидаларда белгіленген оларға қойылатын талаптарға сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды беру үшін өтеусіз негізде тартатын арнаулы және (немесе) техникалық білімі, өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

      59) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе;

      60) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға (бұдан әрі – халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағасы одан жоғары болса, сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;

      61) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өнім беру шартында көрсетілген, бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасына үстеме;

      60-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына шекті баға (бұдан әрі – саудалық атауына шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағасы одан жоғары болса сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;

      62) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге байланысты есепке алуды, сақтауды халыққа өткізуді (рецептуралық босатуды) қамтамасыз ететін қызметі;

      63) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар барлық қосымшалармен қол қойған бірыңғай дистрибьютор мен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер беруші арасында жасалған шарт;

      64) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтардың денсаулығын қорғау, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында басшылықты жүзеге асыратын, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      65) бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге байланысты бірыңғай дистрибьютор қорға көрсететін қызметтер жиынтығы;

      66) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;

      67) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;

      68) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қоры – өткен жылы тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютордың тізімінен іс жүзінде сатып алған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы көлемінен он пайызға дейінгі көлемде өз қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылы бірыңғай дистрибьютор белгілеген және сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;

      69) бірыңғай дистрибьютордың қызметтерді көрсету туралы шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшалармен тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызметтерді сатып алуға арналған қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған шарт;

      70) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қор қаражаты есебінен бекітілген халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және барлық қосымшалармен электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор мен денсаулық сақтау субъектілері арасында жасалған шарт;

      71) жылжымалы кешен – емдік және диагностикалық іс-шараларды дербес орындауға мүмкіндік беретін, медициналық бұйымдар (тасымалданбайтын және портативті емес), сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар стационарлық бекітілген, арнайы автокөлік;

      72) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;

      73) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемде және шарттармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оған ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      74) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;

      75) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіру (бұдан әрі – келісімшарттық өндіру) – дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарт негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру;

      76) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндірісі бар және онымен бірегей патенттелген дәрілік препаратты келісімшарттық өндіріске шарт жасасқан (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлға;

      77) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі – халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;

      78) өндірістік алаң – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің бүкіл процесін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған, аумақтық жағынан оқшауланған кешені;

      79) сараптамалық топ – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, сандық құрамы бойынша кемінде үш адамнан тұратын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сұрау салынған медициналық бұйымдардың бейіні жөніндегі мамандар тобы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар, тәсілдер мен шектеулер

      3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:

      1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

      4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

      5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;

      6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;

      7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек;

      8) Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, медициналық техникамен үздіксіз қамтамасыз ету.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық бұйымдар халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан аспайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бағамен сатып алынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші маусымына дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауларына шекті бағаны бекітеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:

      1) тендер;

      2) баға ұсыныстарын сұрату;

      3) бір көзден алу;

      4) оның тізіміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан;

      5) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор арқылы;

      6) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы лизингі шарттарында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген сатып алуды тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды:

      1) екі кезеңдік тендер;

      2) бір көзден алу;

      3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болғызбау және салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

      4) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға және (немесе) жаңартуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

      5) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

      6) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алудың;

      7) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен бірегей патенттелген дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады;

      Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген сатып алуды сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.

      Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес бір қаржы жылы және өтінімдерінде бірдей сипаттамасы және (немесе) техникалық сипаттамасы (лоттары) бар дәрілік заттар және (немесе) медициналық бағыттағы бұйымдар көрсетілген сол бір әлеуетті өнім беруші қатысатын осы тармақтың 4), 5) тармақшаларына сәйкес сатып алу тәсілдерімен сатып алу рәсімдері бір мезгілде өткізілген жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия мұндай лоттары бар өтінімдерді, ашу рәсімін бұрын басталған деп қарайды. Бұл ретте тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды бұрын басталған сатып алу қорытындыларын шығарғанға дейін қарамайды.

      Бірыңғай дистрибьютор бұрын басталған сатып алу нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді шарт жасасқан жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды қараусыз қайтарады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Лизинг беруші қаржы лизингі шарттарында одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін бірыңғай дистрибьютор арқылы сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Жұмыскерлер, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің үлестес тұлғалары осы Қағидаларда реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыса алмайды.

      Әлеуетті өнім беруші және оның үлестес тұлғасы бір лот бойынша тендердің қатысушысы бола алмайды.

      Әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) әлеуетті өнім беруші бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің өкілі болып табылса;

      2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесінде болатын заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысы болса;

      3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;

      4) сатып алуға қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;

      5) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болса;

      6) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, сатып алуға қатыспайды.

      10. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде оны интернет-ресурсқа орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      11. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін:

      1) өнім берушілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету біліктілік талаптары немесе сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынуы;

      2) жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;

      3) екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;

      4) өнім берушілердің тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың бір жақты тәртіппен шартты бұзуына әкеп соқтырған олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы негіз болып табылады.

      11-1. Бірыңғай дистрибьютор сотқа талап қою негізінің басталғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюға міндетті.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуға жол беріледі, бұл ретте әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 10) тармақшаларында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

      13. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуге тиіс;

      2) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру немесе көтерме саудада өткізу жөніндегі фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілетті болуы;

      3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегі болмауға тиіс;

      4) осы Қағидалар бойынша сот жосықсыз деп танымаған болуға тиіс;

      5) тапсырыс берушімен, сатып алуды ұйымдастырушымен, бірыңғай дистрибьютормен үлестес болмауға тиіс;

      6) басқа әлеуетті өнім берушімен бір лот бойынша үлестес болмауға тиіс;

      7) заңды күшіне енген сот актісімен банкрот деп танылмаған болуға тиіс және оған қатысты банкроттық немесе таратылу рәсімдері жүргізілмеуге тиіс;

      8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзбауға тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет ету қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

      2) Қазақстан Республикасының резиденті болуы;

      3) олармен айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігі "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      4) төлем қабілеттілігі – салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;

      5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызмет сатып алуды жүргізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер және (немесе) өнім берушілер тізбесінде болмауы;

      7) Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      8) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы;

      9) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмауы;

      10) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген шектеулердің болмауы;

      11) осы Қағидаларда тыйым салынған бірыңғай дистрибьютормен қарым-қатынастың болмауы.

      15. Біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.

      16. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарын қоймайды.

      Әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште немесе сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларда көзделген құжаттарды және/немесе құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      17. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тендердің, екі кезеңдік тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттың; медициналық мақсаттағы бұйымның; медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып, бір саудалық атауын ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бір атауы бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде, сондай-ақ бір көзден немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу кезінде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның, медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып бір саудалық атауын ұсынады.

      18. Әлеуетті өнім беруші тендердің бір лоты бойынша, егер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін сатып алынатын негізгі медициналық бұйымды пайдалану үшін жиынтықта бірлесіп пайдалану үшін қосымша медициналық бұйымдар талап етілсе, екі және одан да көп өндірушілерді ұсына алады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне кірген, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін;

      2) балаларды қамтамасыз ету мақсатында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқамасы бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда;

      3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілдік органдарының шешімі негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптар

      20. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

      1) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеудің болуы (дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымның құрамына кіретін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықты қоспағанда);

      2) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

      3) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;

      4) тапсырыс берушіге өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айының (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      5) бірыңғай дистрибьюторға өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде елу пайызын;

      сатып алу жүргізілетін алдыңғы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде он екі айын құрайды;

      6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне вакциналардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      8) олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін тағайындауы бойынша пайдалану үшін тараптардың келісімі бойынша есепке алу және өткізу қызметтері бірыңғай дистрибьютор тауарының ауыспалы қалдықтары үшін тапсырыс берушіге және (немесе) өнім берушіге ұсынылатын осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жарамдылықтың аз мерзімін құрайды;

      9) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар өзінің сипаттамасы (жиынтығы) бойынша хабарландыруда немесе сатып алуға шақыруда көрсетілген сипаттамаға (жиынтыққа) сәйкес болуға тиіс;

      10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бойынша дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар дәрілік заттарға бағаларды реттеу қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша шекті бағадан, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағасынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін сатып алынатын медициналық бұйымға мынадай талаптар қойылады:

      1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның Қазақстан Республикасында тіркелуінің немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы. Тіркеу тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынатын үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;

      2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулық пен пайдалану құжаты Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;

      3) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

      4) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым жаңа, бұрын пайдаланылмаған, берудің алдындағы жиырма төрт ай кезеңінде шығарылған болып табылады;

      5) өлшем құралдарына жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілуі техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;

      6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші тауарларға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.

      23. Тауарларға қойылатын талаптар осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.

5-тарау. Отандық тауар өндірушілерді және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілерін қолдау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәлігі бар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес), тендерлік өтінімі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндіруші және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын бір әлеуетті өнім беруші қатысса, комиссия осындай әлеуетті өнім берушіні тендердің жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден алу тәсілін қолданбай өнім беру шарты жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) олардың біреуі Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәлігі бар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес), тендерлік өтінімі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндіруші және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіні тендердің жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден алу тәсілін қолданбай өнім беру шарты жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәліктері бар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес), тендерлік өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілер және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәліктері бар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес) отандық тауар өндірушілер және/немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін қарайды, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (болған кезде) қабылдамайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Егер екі кезеңдік тендерге берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу көзделетін лоттарға отандық өндіруші болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі берілсе, онымен осы Қағидалардың сатып алудың ерекше тәртібін көздейтін 21-тарауына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілі қолданылмай берудің ұзақ мерзімді шарты жасалады.

      28. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:

      1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өндірісі бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат (лицензия);

      2) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген, отандық тауар өндірушінің тауарына арналған тіркеу куәлігі.

      Шарт немесе берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде әлеуетті өнім беруші – отандық өндіруші жеткізілетін тауарларға "СТ KZ" ішкі айналыс үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынады.

      28-1. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәлігі бар (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушісінің мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:

      1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісі бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат (лицензия);

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес келетін тіркеу куәлігі (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 және 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімдеріне сәйкес).

      Ескерту. Қағида 28-1-тармақпен толықтырлыды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау

      29. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде шарттар жасау артықшылығына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес:

      1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);

      2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);

      3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер ие болады.

      30. Тендерлік өтінімге сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасауға артықшылық алу үшін:

      отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объекті мен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;

      әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға сәйкестігі (GDP) сертификатын қоса береді;

      әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес алынған объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) сертификатын қоса береді.

      31. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді, объектінің осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынған бір ғана әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасасады. Бұл ретте шартты жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.

      32. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) олардың бірі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді, осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, комиссия объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.

      33. Егер лот бойынша тендерге (екі кезеңдік тендерге) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді және осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарға сәйкес объектінің тиісті өндірістік практика GMР немесе тиісті дистрибьюторлық практика GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификат ұсынған екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия олардың тендерлік өтінімдерін ғана қарайды, ал басқа қатысушылардың тендерлік өтінімдерін (олар болған кезде) қабылдамайды.

2-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

8-тарау. Сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

      34. Тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор бір адамның атынан әрекет ететін жағдайды қоспағанда, тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдау жолымен сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ алдағы болатын сатып алуда олардың мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің немесе қордың және бірыңғай дистрибьютордың лауазымды адамын айқындайды.

      35. Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.

      36. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.

9-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Тендерді ұйымдастыру

      37. Тендер өткізу тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын, қайталама тендер кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыру жолымен әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      38. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған тендер өткізу тәсілімен тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына немесе бірыңғай дистрибьютордың сатып алу веб-порталына орналастырылады, ол мынадай ақпаратты:

      1) тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауын және мекенжайын;

      2) сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауларын, сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атауларын, саудалық атауларын – пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, сатып алу көлемін, беру орнын, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомаларды;

      3) беру мерзімдері мен талаптарын;

      4) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзін;

      5) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімін;

      6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнін, уақыты мен орнын қамтиды.

      Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар тендерлерді сатып алу веб-порталы арқылы немесе осы Қағидалардың 15-тарауының нормаларына сәйкес өткізеді.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендер өткізу үшін тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге бөлек комиссия құрамы бекітіледі.

      40. Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде үш адам болуға тиіс.

      41. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін сатып алу шарты жасалған не тендер өткізілмеді деп танылған күні не сатып алу шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда қорытындылардың күші жойылғанда тоқтатады.

      42. Тендерлік комиссияның құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ бейінді құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары кіреді.

      43. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшының орынбасары тендерлік комиссияның төрағасы болып айқындалады, ол комиссия қызметіне басшылық етеді, жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерін іске асыру үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.

      44. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы басшысының бұйрығымен тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері қатарынан комиссияның құрамына кірмейтін және дауыс беру құқығы жоқ тендерлік комиссияның хатшысы тағайындалады.

      45. Тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды, комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы беті тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады.

      46. Қажет болған кезде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бейінді мамандықтағы сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.

      47. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сатып алынатын тауарларға және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарға, тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкестігіне тауарлардың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.

      48. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      49. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды.

      50. Тендерлік комиссияның отырысы оның жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде тендерлік комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      51. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге сілтеме көрсетіледі.

      52. Егер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы кворумның болмауы себебінен белгіленген күні мен уақытта өткізілмесе, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды.

      Бұл ретте қайта берілген тендерлік өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды.

      53. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен кейінгі үш жұмыс күні ішінде тендерлік комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді.

      54. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссияның төрағасы, оның орынбасары мен комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.

      55. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы бекітеді, ол оның интернет-ресурсына орналастырылады және мыналарды қамтиды (сатып алу нысанасына қарай):

      1) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына және 4-тарауына сатып алынатын тауарлардың өзінің сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамын, құжаттар тізбесін;

      2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамаларын;

      3) сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген сомаларды;

      4) тауарды беру немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету орны, мерзімдері мен басқа да шарттарын;

      5) төлем шарттары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша тауарларды сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жобасын;

      6) тендерлік өтінімнің, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың тіліне қойылатын талаптарды;

      7) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптарды;

      8) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін;

      9) тендерлік өтінімді кері қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібін көрсетуді;

      10) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімін және олардың қолданылу мерзімін;

      11) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну нысандарын;

      12) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күнін, уақыты мен рәсімін;

      13) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімін;

      14) әлеуетті өнім берушілерге – отандық тауар өндірушілерге Қағидаларда айқындалған қолдау көрсету шарттарын;

      15) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарттарын, нысанын, көлемі мен тәсілін;

      16) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамалары және халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалары және саудалық атауына шекті бағалары көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде).

      Пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, тапсырыс берушінің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде саудалық атауы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамасы мен халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалары және саудалық атауына шекті бағалары көрсетілген, тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);

      17) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесі мен санын;

      18) әрбір лот бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармалары айқындаған фармацевтикалық қызмет көрсетілуге тиіс елді мекендердің тізбесін (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);

      19) осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне, сондай-ақ олардың бірлесіп орындаушыларына қойылатын талаптарды (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);

      20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтерді;

      21) осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген тауарларға қойылатын талаптарды.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының біртекті тауарларды оларды беру орны бойынша лоттарға, ал біртекті тауарлардың бірнеше түрін сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және (немесе) беру орны бойынша лоттарға бөлуіне жол беріледі.

      Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды оларды көрсету орны бойынша лоттарға бөледі.

      57. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей, сұрау салу келіп түскен күнге тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді.

      58. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімге тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілік болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.

      59. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтерді қамтитын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу

      60. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді желімделген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

      61. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

      62. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі неғұрлым қысқа тендерлік өтінім қабылданбауға тиіс.

      63. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған, қызметтерді немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқықтарын растайтын (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін де, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 64-тармағының 19), 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

      64. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мыналарды қамтиды:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);

      4) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);

      8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;

      9) дәрілік заттарды сатып алу және сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (отандық тауар өндірушілер үшін);

      сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;

      сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;

      10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, осы әлеуетті өнім беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі;

      11) әлеуметті өнім беруші қосымша көрсетілетін қызметтердің бағасын қоса алғанда мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің, соңғы бағасы қалыптасатын әлеуетті өнім берушінің нақты шығындарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар кестесі;

      12) қосымша қызметтер;

      13) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      14) қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс) көшірмесі. Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) сертификатын, отандық тауар өндіруші – объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты немесе объектінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты берген жағдайда жоғарыда көрсетілген акт ұсынылмайды;

      15) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      16) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      17) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;

      18) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда сатып алу шартын бұзуға келісу туралы хат;

      19) бірлесіп орындаушылармен фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы ниет шарттары;

      20) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату туралы кепілдік хат;

      21) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге рұқсатта және (немесе) хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес фармацевтикалық қызмет объектісін меншік құқығында немесе иелену және пайдалану құқығында иеленуді растайтын құжаттың көшірмесі.

      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:

      1) мәлімделген тауардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелік (сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды мәлімдеген кезде, *doc форматында электрондық жеткізгіште де);

      2) ұсынылатын тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың талаптарына және тендерлік құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттар.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

      67. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

      68. Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

      69. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) тендерлік өтінімнің мерзімі өткен (тендер жеңімпазының тендерлік өтінімін қоспағанда);

      2) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;

      3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;

      4) басқа әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылған;

      5) сатып алу рәсімдері тендердің жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;

      6) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда қайтарылады.

      70. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер ол:

      1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;

      2) тендердің жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасаудан жалтарса;

      3) жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе қайтарылмайды.

      71. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша нысанда кері қайтарып алады.

      72. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      73. Тендерлік өтінім тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітіледі. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке желімденеді. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, оның соңғы парағы бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітілуге жатады.

      74. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті өнім беруші қол қояды. Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      75. Тендерлік өтінім әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілетін конвертке желімденеді. Конверт тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжайы бойынша тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс және "________ сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)" және "________ дейін ашпаңыз" (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)" деген сөздерді қамтиды.

3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу

      76. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы екі сағаттан аспайды.

      77. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада айқындалған уақытта және орында ашады.

      78. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.

      79. Тендерлік комиссияның хатшысы конверттерді аша отырып, олардан тендерлік өтінімдер келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімделген бағаларды, беру мен ақы төлеу шарттарын, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.

4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру

      80. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсімдеріне қатыстылығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе тарату рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.

      81. Тендерлік комиссия мынадай:

      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;

      3) жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда құрылтай шарты ұсынылмаған;

      4) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмаған (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін);

      5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізуге арналған рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;

      6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер ұсынылмаған;

      7) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;

      8) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;

      9) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешек болған;

      10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;

      11) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;

      12) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған;

      13) біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

      14) банкроттық, тарату рәсімі қолданылған және (немесе) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде болған;

      15) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайын құжаттар ұсынылмаған;

      16) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші – тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP), отандық тауар өндіруші – объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты, тиісті дәріханалық практика сертификатын (GPP) ұсынған жағдайларды қоспағанда, қажет болған кезде осы Қағидалардың 64-тармағының 14) тармақшасына сәйкес "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі ұсынылмаған;

      17) егер мәлімделген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;

      18) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың17-тармағының;

      19) осы Қағидалардың 26, 33-тармақтарында белгіленген талаптарына сәйкес келмеген;

       20) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттаманың талаптарында көрсетілгенге қарағанда неғұрлым қысқа болса;

      21) егер бағалар кестесі ұсынылмаса не қол қойылмай ұсынылса;

      22) әлеуетті өнім беруші тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары тауар бағасын ұсынған;

      23) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолмен куәландырылмай, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;

      24) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      25) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы ақпарат ұсынылмаған;

      26) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда сатып алу шартын бұзуға келісім ұсынылмаған;

      27) сатып алуды өткізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкроттық не тарату рәсіміне бастаманың жасалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатыла тұруы белгіленген;

      28) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде соңғы екі жыл ішінде жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту фактісі анықталған жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша тендерлік өтінімді қабылдамайды.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және тендерді қайтадан өткізеді.

      83. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін бір ғана өтінімнің берілуі негіздемесі бойынша өткізілмеді деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырады.

      84. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:

      1) тендерлік өтінімдер ұсынылмаса;

      2) екеуден аз тендерлік өтінім ұсынылса;

      3) егер бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

      4) егер бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.

      85. Тендердің жеңімпазы ең төмен баға негізінде айқындалады.

5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару

      86. Тендердің қорытындылары тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:

      1) тауарлардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша сипаттамасы;

      2) сатып алу сомасы;

      3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, орналасқан жері және біліктілік деректері;

      4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа да шарттары;

      5) тендерлік өтінімдерді бағалаудың және салыстырудың мазмұны;

      6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемелері;

      7) саудалық атауын көрсетіп, тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атаулары мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз айқындалған талаптар;

      8) тендердің әрбір лотының оның ұсынысы саудалық атауы көрсетіліп, жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын қатысушысының атауы мен орналасқан жері;

      9) егер тендер жеңімпазы айқындалмаса, негіздемелері;

      10) сатып алу шарты жасалуға тиіс мерзім;

      11) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат енгізіледі.

      87. Тендердің қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына қорытындылар хаттамасын орналастыру жолымен тендердің нәтижелері туралы хабарлайды.

      88. Тендердің қорытындылары туралы хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс берушіге сатып алудың қорытындылары хаттамасының куәландырылған көшірмесін және жеңімпаз тауарларының техникалық ерекшелігін жібереді.

6-параграф. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасау

      89. Тапсырыс беруші тендердің қорытындылары шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындыларын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалған фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.

      90. Шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тендердің жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушіліктерді шешу мерзімі екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      91. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзге көзделмесе, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      92. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасайды.

      93. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (тауар бағасын, көлемді азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді.

      94. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапа мен басқа да шарттар өзгермеген жағдайда, жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

      1) тауарларға бағаны және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша;

      2) тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша жол беріледі.

      95. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойылғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

7-параграф. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету

      96. Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс.

      97. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:

      1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке енгізілетін ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

      98. Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түрінде кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.

      99. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.

      100. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер өзі өзгешені көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге мынадай:

      1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;

      2) өнім беру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімдерінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);

      3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемеген жағдайларда қайтармайды.

8-параграф. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне шығындарды өтеу тәртібі

      101. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құнын және фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша қызметтер үшін сыйақы мөлшерін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне ай сайын өтейді.

      Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауынан шекті бағалардан аспайды.

      Ескерту. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      102. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне қамтамасыз етілген тізілімдер (рецепттер тізілімі) туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық қамтамасыз етуді есепке алу жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды өтейді.

10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу

      103. Егер біртектес тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық көлемі баға тұрғысынан заңнамада тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды (бұдан әрі – бағалық сатып алу) қолдануға жол беріледі.

      104. Бағалық сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дистрибьюторда тауарлардың болмауы жағдайларын қоспағанда, біртекті тауарларды сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы бойы бөлуге жол берілмейді.

      105. Уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағалар бойынша алпыс күндік қажеттілікке дейін, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге тоқсан күндік қажеттілікке дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) сатып алуға:

      1) мыналарға:

      бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің арасында жасалған сатып алу шарты бойынша беру мерзімдерін бірыңғай дистрибьютордың бұзуына;

      осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен бірыңғай дистрибьютор өткізетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың өтпеуіне байланысты бірыңғай дистрибьютордан алынған хабарламаның негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушіде немесе денсаулық сақтау субъектілерінде (амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған;

      2) оны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған;

      3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдері негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болған;

      4) тауарларды және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерлер өткізілмеді деп танылған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тауарларды және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болған жағдайларда жол беріледі.

      106. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беру көлемін, орнын және кестесін көрсете отырып, кемінде екі үлестес емес әлеуетті өнім берушіден баға ұсыныстарын сұратуды жүзеге асырады.

      107. Сұрау салу баға ұсыныстарын қабылдаудың соңғы күнінен күнтізбелік жеті күн қалғанда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына хабарландыру орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушіде интернет-ресурс болмаған жағдайда хабарландыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының интернет-ресурсына орналастырылады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыру:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайын;

      2) сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларын (саудалық атауы – жеке өзіне жақпаған жағдайда), медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың атауларын, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, сатып алу көлемін, беру орнын, әрбір тауар бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы;

      3) беру мерзімдері мен шарттарын;

      4) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімін;

      5) баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күнін, уақыты мен орнын қамтиды.

      108. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін желімделген түрде тек бір баға ұсынысын ғана береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

      109. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын ұсынуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартының немесе фармацевтикалық қызмет көрсету шартының талаптары сақталып, тауарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.

      110. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытындылар хаттамасын жасайды, оған:

      1) сатып алынатын тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы;

      2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;

      3) сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасау болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;

      4) баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы енгізіледі.

      111. Хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады.

      112. Жеңімпаз болып ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады, бұл туралы оны тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы хабардар етеді.

      Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайда, баға ұсыныстарын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 113-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.

      Баға ұсыныстары болмаған жағдайда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.

      113. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттың (хабарламаның) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін ұсынады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмелері (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      4) заңды тұлға үшін жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі);

      5) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер;

      6) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);

      7) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе);

      8) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      9) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

      Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.

      114. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар хаттамасын үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге жібереді. Тапсырыс беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеңімпаз анықталған немесе қорытындылар хаттамасын алған күннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалатын қол қойылған сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты әлеуетті өнім берушіге жібереді. Осы Қағидалардың 92, 93, 94 және 95-тармақтарында белгіленген талаптар баға ұсыныстары тәсілімен сатып алуға қолданылмайды.

      115. Алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаз сатып алу шартына, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қояды не тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны оның шарттарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді. Көрсетілген мерзімде қол қойылған сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты ұсынбау оны жасасудан бас тарту болып есептеледі (шарт жасасудан жалтару). Келіспеушіліктерді қарау мерзімі екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.

11-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      116. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу:

      1) тендер өткізілмеді деп танылғанда (сатып алу жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда);

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылғанда;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайлардың жариялануы салдарынан тендерлер өткізуге мүмкіндігін болдырмайтын осы дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға жедел қажеттілік туындағанда;

       4) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор тендердің қорытындысын шығарғанға дейінгі кезеңге тауарларды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда;

      5) сол қаржы жылы тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлеміне қажеттілік болғанда қолданылады. Бұл ретте тауарға немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметке баға сол қаржы жылы сатып алынған тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасынан аспауға тиіс. Сол бір өнім берушіден сол қаржы жылы онымен сатып алу немесе фармацевтикалық қызметті көрсетуге арналған шарт жасалған жағдайда, жасалған шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі және 3 және 4-тараулардың талаптарына сәйкес растау талап етілмейді. Фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген, фармацевтикалық қызмет қосымша көрсетілетін тауарлардың санын ұлғайту деп фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемі деп түсініледі (бағасы, саудалық атауы, дозасы және сапасы өзгермейтін кезде);

      6) халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде алпыс күндік қажеттілікке дейін тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендер бірыңғай дистрибьютордан алынған хабарламаның негізінде өткізілмеді деп танылғанда;

      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде:

      медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;

      дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдері негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайларда қажеттілік болғанда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға;

      8) уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын баға бойынша тауарларды есепке алу және өткізу бойынша қызметті алпыс күндік қажеттілікке дейінгі (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тоқсан күндік қажеттілігіне дейін тауарларды, сондай-ақ тауарларды есепке алу мен өткізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда жол беріледі;

      9) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде өндірілген немесе қайта өңделген тұтынуға (қолдануға) дайын тауарларды өндіретін өнім берушінің немесе оның үлестес тұлғаларының тауарлар беруі көзделген, жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты болғанда қолданылады.

      117. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:

      1) баға ұсынысын;

      2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

      3) мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Қағидалардың 4-тарауының ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады.

      Егер екіден аз тендерлік өтінім ұсынылуы себебінен тендер өткізілмеді деп танылса немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушінің, әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінімі берілсе, осындай әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынбайды.

      118. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасалады, оған:

      1) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі;

      2) сатып алынатын тауарлардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы, олардың саудалық атауы;

      3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасау болжанып отырған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;

      4) осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігі енгізіледі.

      119. Осы тәсілмен сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты осы Қағидалардың 9-тарауының 6-параграф ережелерінің негізінде жасалады.

      120. Сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілімен ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының осы тәсілді қолданудың негіздемесімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдау;

      2) тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауды және бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін өткізу;

       3) әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру жіберу;

      4) әлеуетті өнім берушінің шақыртуда көзделген құжаттарды қоса бере отырып бір көзден сатып алуға қатысу туралы келісім жіберуін;

      5) әлеуетті өнім беруші ұсынған осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау;

      6) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастыру;

      7) әлеуетті өнім берушімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу.

      121. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      122. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және интернет-ресурсқа орналастырады.

      123. Ұсынылған тендерлік өтінімдердің болмауы себебінен тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақырту жібереді.

      124. Екеуден аз тендерлік өтінімнің берілуі себебінен тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Тендерге қатысуға бір де бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі себебінен тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге, егер бірдей баға ұсыныстары берілсе, онда осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген шектеуге байланысты қабылданбаған адамдарды қоспағанда, тендерлік өтінімін бірінші болып тіркеген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

      125. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу шартына, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өзінің қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.

      126. Осы тарауға сәйкес жіберілген тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шақыруына әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып сатып алуға қатысатыны туралы өзінің растауын не себептерін көрсете отырып сатып алуға қатысудан бас тартатыны туралы хат жібереді. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады.

12-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алу

1-параграф. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі туралы

      127. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші маусымынан кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың келесі қаржы жылына арналған тізімін бекітеді, ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қамтиды.

      Бірыңғай дистрибьютордың тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) жібереді.

      127-1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша бірыңғай дистрибьютор сатып алған орфандық препараттарды бірыңғай дистрибьютордың өтініші бойынша сараптама ұйымы тіркейді.

      Ескерту. Қағида 127-1-тармақпен толықтырлды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      128. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қажеттілігіне қарай бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      129. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютордың тізімімен бірге қорға және бірыңғай дистрибьюторға жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмекті көрсету және аурулардың профилактикасы кезінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету және дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржыландырудың бекітілген көлемін жібереді.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық көмек жүйесіндегі медициналық көмекті көрсететін ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) бірінші маусымға дейінгі мерзімде қорға және бірыңғай дистрибьюторға келесі қаржы жылына қаржыландырудың бекітілген көлемін жібереді.

      130. Қор халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордың қызметімен байланысты бірыңғай дистрибьютордың көрсетілетін қызметін сатып алады.

      131. Бірыңғай дистрибьютор мен қордың арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде қаржыландыру көлемі шегінде әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана) және денсаулық сақтау субъектілерінің бөлінісінде бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету шарты жасалады.

      Қаржыландырудың бекітілген көлемін түзету кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және (немесе) қор түзетулерді енгізген сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл жөнінде бірыңғай дистрибьюторға хабарлайды.

      132. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағалары осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың қор сатып алатын көрсетілетін қызмет шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспауға тиіс.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      133. Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітіледі.

      Бірыңғай дистрибьютордың тауарларға прайс-парағының бағалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспайды.

      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      134. Бюджет қаражатын және (немесе) қордың активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар мәлімдеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне мониторингті жүзеге асырады.

      135. Бірыңғай дистрибьютор сатып алудың қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есепті ұсынады.

2-параграф. Жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті көрсету және аурулардың профилактикасы үшін тауарларды сатып алу

      136. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушілер қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінімдерді бірыңғай дистрибьюторға береді.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін, осы тарауда тапсырыс берушіге теңестірілген мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайыздары (үлестері) мемлекетке тиесілі болатын, заңды тұлғаларға жатпайтын денсаулық сақтау субъектілерінің бірыңғай дистрибьюторға өтінім беруіне рұқсат етіледі.

      137. Тапсырыс берушілердің өтінімдері сатып алу шарты жасалатын сәтке дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартында көзделген талаптарды сақтай отырып, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыруға олардың келісім білдіруінің нысаны болып табылады.

      138. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютор сұрау салуды жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға:

      1) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын;

      2) мәлімделетін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен өлшем бірлігін;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өлшем бірлігі үшін белгілеген дәрілік зат пен медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаны;

      4) жөнелтудің қажетті кестесін көрсете отырып, келесі қаржы жылына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір мәлімделген атауы бойынша санын;

      5) дәрілік зат пен медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір мәлімделген атауы бойынша сомасын және өтінім бойынша жалпы сомасын;

      6) ағымдағы қаржы жылы сатып алу шартында көрсетілген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;

      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылы дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынуды;

      8) өтінім берілген күнге жағдай бойынша дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша қалдықты;

      9) тапсырыс берушілердің толық атауын;

      10) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

      11) деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), телефонының, факстарының байланыс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын қамтитын келесі қаржы жылына арналған бастапқы өтінімді ұсынады.

      Ескерту. 138-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      139. Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылы қосымша қажеттілік туындаған кезде тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылының әрбір айының 1-5 күні аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын, олардың көлемін және беру кестелерін көрсетіп, сатып алуға арналған қосымша өтінімді ұсынады.

      140. Тапсырыс берушілер бастапқы өтінімдерді осы Қағидалардың 138-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылының әрбір айының 1-5 күні аралығында бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған өтінімді ұсынады.

      Өтінімге тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі; оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі және атауы, төлем деректемелері, тауарды беру орны (мекенжайы) көрсетілген ақпараттық хат қоса беріледі; сұрау салу бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі ұсынылады.

      141. Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуды қосымша өтінімдердің және тапсырыс берушілердің осы Қағидалардың 145-тармағына сәйкес ұсынған өтінімдерінің негізінде тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырады.

      142. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден алғашқы өтінімді алғаннан кейін осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.

      143. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор прайс-парақты бекітеді және оны бекіткеннен кейін үш күн ішінде тапсырыс берушілерге тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) үшін жібереді.

      144. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана), тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері бөлінісінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде келесі қаржы жылы қаржыландырудың нақтыланған көлемін қорға және бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      Орталық атқарушы органдар және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсететін әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана), денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер бөлінісінде жедел, стационарлық, стационар алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудың нақтыланған көлемін бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      145. Сатып алу шартының жобасын ресімдеу үшін тапсырыс берушілер жыл сайын бірыңғай дистрибьютордан прайс-парақты алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржыландыру көлеміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес түзетілген өтінімді бірыңғай дистрибьюторға жібереді, ол:

      1) дәрілік заттардың атауларын (халықаралық патенттелмеген атаулары және құрамы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын, сондай-ақ олардың саудалық атауларын;

      2) өлшем бірлігін;

      3) бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайызға дейін азайту жағына қарай өзгеруі мүмкін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын қамтиды. Өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың мөлшерін олардың сапасын сақтау мақсатында жалпы жылдық көлемнен ең кіші қаптамаға дейін дөңгелектейді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе қормен келісілген дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған қайта ұйымдастыру, тарату және қаржыландыруды қысқарту жағдайларында тауардың санын бастапқы өтінімде көрсетілген санынан он пайыздан астамға азайтуға жол беріледі;

      4) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағында белгіленген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаны және саудалық атауына шекті бағаны;

      5) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағында белгіленген дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағасын және өлшем бірлігін;

      6) алдыңғы қаржы жылы сатып алу шарттарында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;

      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде өз бетінше сатып алуды қоса алғанда, алдыңғы қаржы жылындағы дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша нақты тұтынуды;

      8) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша түзетілген өтінімді ұсыну күнінің жағдайы бойынша қалдығын;

      9) тапсырыс берушінің толық атауын;

      10) тапсырыс берушінің бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

      11) деректемелерін, мекенжайын (пошта және заңды), телефондардың байланыс нөмірлерін, факстерді, электрондық пошта мекенжайын;

      12) қормен медициналық көрсетілетін қызметтер шартын жасау нөмірі мен күнін, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінген соманы қамтиды.

      Түзетілген өтінімге тапсырыс беруші басшысының (оны алмастыратын адамның) атқаратынын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтамасының немесе куәліктің көшірмесі; оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы көрсетілген ақпараттық хат, төлем деректемелері, тауарды беру орындары (мекенжайы); сұрау салу бойынша жарғының немесе ереженің көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 145-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      146. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес құрылған және жасалған сатып алу шарттарының негізінде бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады. Сатып алу шартын жасауға тапсырыс берушінің түзетілген не қосымша өтінімі негіз болып табылады.

      147. Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түзетілген өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге қабылдау-беру актісі бойынша не тапсырыс берушінің электрондық поштасына бір мезгілде хабарламаларды тарата отырып, электрондық құжат түрінде сатып алу шарттарын қол қоюға жібереді.

      148. Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларға қол қояды, мөрмен бекітеді, бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы береді.

3-параграф. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді көрсетуге арналған тауарларды сатып алу

      149. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші маусымынан кешіктірмей тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді.

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берін көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) жібереді.

      150. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына арналған бір реттен аспайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      151. Денсаулық сақтау субъектілері белгілі бір аурулармен диспансерлік есептегі азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша белгілі бір аурулары бар (жай-күйі) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражаттың шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті есептеуді (алдын ала, түзетілген, қосымша) жүзеге асырады.

      152. Қажеттілік есептерін (алдын ала, түзетілген және қосымша) денсаулық сақтау субъектілері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті/аумақтық филиалдарына ұсынады.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға жалпы қажеттілігін айқындау үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті/аумақтық филиалдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражат шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері қажеттіліктерінің (алдын ала, түзетілген және қосымша) есептерін жинақтауды жүзеге асырады.

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры республика бойынша қажеттілік есептерінің (алдын ала, түзетілген және қосымша) жиынтығын сатып алу үшін (өтінім мәртебесі бар) бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      Ескерту. 152-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      153. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімін бекіткеннен кейін және бірыңғай дистрибьютор сұрау салу жіберген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана, орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджеттерінің бөлінісінде бөлінген қаражаттың шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдардың) бөлінісінде жиынтық деректерден тұратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша келесі қаржы жылына қажеттіліктің алдын ала жиынтық есебін ұсынады. Бұл ретте жиынтық деректер мыналарды қамтиды:

      1) нозологиялар;

      аурулар;

      халықтың санаттары;

      дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) бөлінісінде дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары/құрамы, сипаттамасы), медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын (құрамы, техникалық сипаттамасы):

      2) өлшем бірлігін;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасын;

      4) келесі қаржы жылына мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын;

      5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санын көрсете отырып, қаржы жылы ішінде өнім беру кестесін;

      6) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір мәлімделетін атауы бойынша сомасын және қажеттіліктің алдын ала есебі бойынша жалпы сомасын;

      7) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша белгілі бір ауруы бар, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықтың санын;

      8) сырқаттанушылық динамикасы деректерінің, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың және (немесе) статистикалық деректердің негізінде науқастардың болжамды санын;

      9) есепті ұсыну күніне дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты тұтыну санын;

      10) аяқталған қаржы жылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты тұтыну санын (өтінім берілетін алдағы жылға);

      11) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және (немесе) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдар) және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мекенжайларын;

      12) олар арқылы уәкілетті орган бекіткен тізбесі бойынша диспансерлік есептегі белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС-тың профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарының мекенжайларын;

      13) мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды тегін босататын денсаулық сақтау субъектілерінің мекенжайларын;

      14) тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер өнім берушілерінің немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің қажетті санын көрсете отырып, тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетілуге тиіс елді мекендердің тізбесін.

      Бірыңғай дистрибьютор облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) ұсынған жиынтық алдын ала қажеттілік есептерін келісу үшін қорға және (немесе) орталық атқарушы органдарға және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдарға жібереді. Қор және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор ұсынған қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептерін келісу нәтижелері туралы хабарламаны бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      Бірыңғай дистрибьютор қордың және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың хабарламасының негізінде қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептерін қайта жинауды жүргізеді.

      Ескерту. 153-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      154. Бірыңғай дистрибьютор қордан және (немесе) орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардан жиынтық алдын ала қажеттілік есептерін келісу туралы алынған хабарламалардың негізінде оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді сатып алу рәсіміне кіріседі.

      155. Сатып алуды өткізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор келесі қаржы жылына халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, саудалық атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, тауарлардың өлшем бірлігіне бағалары, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған тізбеден; құрамы (техникалық сипаттамасы), саудалық атауы, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, елдің атауы көрсетілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесінен тұратын прайс-парақты бекітеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, қорға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне жібереді.

      Бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағындағы тауарлардың өлшем бірлігінің бағалары бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспайды және бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы ескеріле отырып көрсетіледі.

      Ескерту. 155-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      156. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу мен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютор қорға және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына сатып алу қорытындыларының хаттамасын жібереді. Бірыңғай дистрибьютор хаттамамен бір мезгілде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бөлінісінде есепке алу мен өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жеңімпаздары мен олардың бірлесіп орындаушылары туралы ақпаратты жібереді.

      157. Мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдары мен бірыңғай дистрибьютордың арасында жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қордың қаражаты есебінен бекітіліген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды берудің өтеусіз шарттары жасалады.

      Мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде халыққа дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды тегін босату мақсатында бірыңғай дистрибьютормен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қордың қаражаты есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарттарын жасай алады.

      Бірыңғай дистрибьютор түзетілген жиынтық қажеттілікті алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсететін мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарына және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайызы (үлесі) мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілеріне қабылдау-беру актісі бойынша не осындай денсаулық сақтау ұйымдарының электрондық поштасына бір мезгілде хабарламаларды тарата отырып, электрондық құжат түріндегі бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өнім берудің өтеусіз шарттарын қол қоюға жібереді.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі медициналық қызметтер көрсететін мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдары және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары немесе амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде таргеттік терапия жүзеге асырылатын онкологиялық бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының елу және одан да көп пайыздары (үлестері) мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды берудің өтеусіз шарттарын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, мөрмен бекітеді және оларды бірыңғай дистрибьюторға қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы береді.

      158. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей қорға, бірыңғай дистрибьюторға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, ведомстволық бөлімшелерге (ұйымдарға) келесі қаржы жылы әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бөлінісінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде нақтыланған қаржыландыру көлемін жібереді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес жыл сайын бірыңғай дистрибьютордан сұрау салу алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға жиынтық түзетілген есептерді ұсынады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың жиынтық түзетілген есептері денсаулық сақтау субъектілерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдардың) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілігінің түзетілген есептерінің негізінде қалыптастырылады.

      Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға түзетілген есептерді ресімдеу кезінде денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) мәлімделетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында жалпы жылдық көлемінің ең төмен қаптамасының еселеген санына дейін дөңгелектейді.

      Түзетілген есептердегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын денсаулық сақтау субъектілері, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар) алдын ала есептерде көрсетілген санынан жиырма бес пайызға дейін азайту жағына қарай өзгертуі мүмкін.

      Денсаулық сақтау субъектісінің, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің, ведомстволық бөлімшелердің (ұйымдар) бірінші басшысының қатысуымен дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының негізінде дәрілік заттар айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдер болған, сондай-ақ пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын жиырма бес пайыздан жоғары, бірақ елу пайыздан асырмай азайтуға жол беріледі.

      Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттіліктің түзетілген есептері мыналарды қамтиды:

      1) нозологиялар;

      аурулар;

      халықтың санаттары;

      дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы) бөлінісінде дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары/құрамы, сипаттамасы), медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауын (құрамы, техникалық сипаттамасы):

      2) өлшем бірлігін;

      3) уәкілетті орган белгілеген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасын;

      4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша бағаны;

      5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша санынан;

      6) есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің және оның бірлесіп орындаушысының, елді мекендердің бөлінісінде қаржы жылының ішіндегі санын көрсете отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруді бөлу парағын. Жыл ішінде бөлу парағы түзетілген жағдайда денсаулық сақтау субъектілері бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органын және бірыңғай дистрибьюторды хабардар етеді;

      7) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша санын көрсете отырып қаржы жылы ішіндегі беру кестесін;

      8) мәлімделетін дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша сомасынан және қажеттіліктің түзетілген есебі бойынша жалпы сомасын;

      9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диспансерлік есептегілердің тізбесі бойынша белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халық санын;

      10) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мекенжайларын;

      11) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандану саласынан;

      12) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диспансерлік есепте тұрған белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының қатарынан бекітілген халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын мамандандырылған туберкулезге қарсы денсаулық сақтау ұйымдарының және АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен емдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мекенжайларын;

      13) қормен жасалған шарттың күнінен, нөмірінен, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінген сомадан;

      14) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді беру қажет болатын елді мекендердің, аудандар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрамдас бөліктерінің тізбесінен тұрады.

      Ескерту. 158-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      159. Денсаулық сақтау субъектілерінде, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ведомстволық бөлімшелерде (ұйымдарда) сол қаржы жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бюджетінің бөлінісінде бөлінген қаражат шеңберінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қосымша қажеттілік туындаған кезде ағымдағы қаржы жылы ішінде қосымша өтінімдер жинау осы Қағидалардың 158-тармағында сипатталған рәсімдерге ұқсас жүзеге асырылады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар сатып алуға қажеттіліктің қосымша жиынтық есептерін бірыңғай дистрибьюторға тоқсанына бір рет ұсынады.

      Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдардың қажеттіліктің қосымша жиынтық есептерінің негізінде тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырады.

      160. Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және қорға және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сатып алу нәтижелері туралы есепті береді.

      161. Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындыcы шығарылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендер жеңімпазына қабылдау-беру актісі бойынша не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендер жеңімпаздарының электрондық поштасына бір мезгілде хабарлама жібере отырып, бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шарттарды қол қоюға жібереді.

      162. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендердің жеңімпаздары бірыңғай дистрибьютордан фармацевтикалық қызметтер көрсету туралы шарттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, мөрімен бекітеді және қабылдау-беру актісі бойынша не электрондық құжат түрінде бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі арқылы оларды бірыңғай дистрибьюторға береді.

      Шарттың сомасы қаржы жылына фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің іс жүзінде көрсетілген көлемі ескеріле отырып түзетіледі.

      163. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын және (немесе) қор активтерін оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдар) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар қажеттіліктердің (алдын ала, түзетілген және қосымша) есебін, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге бөлінген қаржы қаражатының пайдаланылуының (игерілуінің) рецептілердің жазылуын (тағайындалуына), халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігіне мониторингті, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана) қажет болған кезде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бөлуді (қайта бөлуді) жүзеге асырады.

      164. Бірыңғай дистрибьютор орындалған жұмыс актілеріне сәйкес қамтамасыз етілген рецепттер туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстыру негізінде іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерін өтейді.

      165. Бірыңғай дистрибьютор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құнын және бірыңғай дистрибьютордың қызметтер көрсету туралы шартының талаптарына сәйкес қор ақы төлегеннен кейін фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта белгіленген пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерін өтейді.

      Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан және саудалық атауына шекті бағалардан аспайды.

      Ескерту. 165-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

13-тарау. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-параграф. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуды жоспарлау

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      166. Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісімен және (немесе) қормен келісу бойынша клиникалық-техникалық негіздеме және техникалық ерекшелік негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 166-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      167. Тапсырыс беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидалардың 22-тарауына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келіспей және лизинг берушінің сараптамалық бағалаусыз міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      168. Құны 5000000 (бес миллион) теңгеден бастап 50000000 (елу миллион) теңгеге дейінгі сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар денсаулық сақтау ұйымы берген өтінімге сәйкес лизинг берушінің қаражаты есебінен және осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес сатып алынады.

      Егер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сай келмесе, оны лизинг беруші сатып алмайды.

      Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      169. Құны 50000000 (елу миллион) теңгеден жоғары, сондай-ақ бірегейлендіруге жататын сервистік қызметті талап ететін медициналық бұйымдар тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютор арқылы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға беретін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынады.

      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Бірыңғай дистрибьютор арқылы сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      170. Республикалық бюджет қаражатының есебінен облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 173-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өтінімі негізінде жүзеге асырады.

      Осы тармақта көзделген сатып алуды бірыңғай дистрибьютор сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 170-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      170-1. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу осы Қағидалардың 22-тарауына сәйкес бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 170-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      171. Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiнгі мерзімде бірыңғай дистрибьютор республикалық бюджет қаражатының есебінен, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алынған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуға мониторинг жүргізеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есепті ұсынады.

      Ескерту. 171-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      172. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беру үшін сараптамалық бағалауды алу қажет.

      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      173. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды дайындау және ұйымдастыру және сараптамалық бағалауды алу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сараптама тобына тапсырыс берушілерден алынған өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

      1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін;

      2) клиникалық-техникалық негіздемені;

      3) техникалық ерекшелікті;

      4) беру санын, мерзімін, шарттары мен орнын;

      5) әрбір атауы бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуға бөлінген соманы;

      6) тапсырыс берушінің толық атауын, банктік деректемелерін, мекенжайын (пошта және заңды), телефонның/факстің байланыс нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, тапсырыс беруші басшысының лауазымын және тегін, аты, әкесінің атын (бар болса);

      7) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сатып алынатын медициналық бұйымдарда көрсетілуі жоспарланған медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен санын қамтитын ақпаратты;

      8) пайдаланудың техникалық шарттарын;

      9) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сатып алынатын медициналық бұйымдарды пайдаланатын мамандар туралы мәліметтерді;

      10) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды әрбір атауы бойынша сараптамалық бағалауды.

      Ескерту. 173-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      174. Сараптама тобы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілердің өтінімдерін ұсынған кезден бастап қырық жұмыс күні ішінде әрбір атауы бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың клиникалық-техникалық негіздемесі, оңтайлы техникалық сипаттамалары және құны бөлігінде тексеру жүргізеді.

      Сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, біріздендіруге жататын медициналық бұйымдарды біріздендіреді.

      Тексеру нәтижелері бойынша сараптама тобы техникалық ерекшелігі мен құны бар сараптамалық қорытынды шығарады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Бұл ретте біріздендіруге жататын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың құны сараптамалық бағалауда берілген құнының орташа арифметикалық мәнін айқындау арқылы белгіленеді.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      175. Біріздендіруге жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды тексеру нәтижелері бойынша бірыңғай біріздендірілген бір техникалық ерекшелікке әрбір тапсырыс беруші сараптамалық қорытынды шығарады.

      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      176. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      177. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушілерге техникалық ерекшелікті келісу үшін жібереді.

      Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      178. Тапсырыс берушілер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың техникалық ерекшелігін келіседі, ол тігілген және нөмірленген түрде, әр парағына бұрыштама қол қойылып, тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      179. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде техникалық ерекшелікті бекітеді.

      Ескерту. 179-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      180. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган техникалық ерекшелікті бекіткеннен кейін тапсырыс берушілерден алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны әрбір атауы бойынша тігілген түрде қағаз жеткізгіште және электрондық жеткізгіште саны, мерзімі, беру шарттары мен орны, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алуға бөлінген сомасы бойынша өтінімді қоса бере отырып, оны бірыңғай дистрибьюторға сатып алуды ұйымдастыру үшін жібереді.

      Ескерту. 180-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      181. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізімі, саны, мерзімі, беру шарттары мен орны және сатып алуға бөлінген сомасы, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшелігі) көрсетілген өтінімді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен сатып алуды ұйымдастырады.

      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

14-тарау. Екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Екі кезеңдік тендер өткізуді ұйымдастыру

      182. Екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      комиссияны құру, комиссияның хатшысын айқындау;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бейінді мамандықтар бойынша сарапшыны немесе сарапшыларды айқындауы және олардың екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу өткізуге қатысуын қамтамасыз етуі;

      бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

      тендерлік өтінімдерді қабылдау, ашу және алдын ала қарау;

      сарапшыны немесе сарапшыларды (қажет болған кезде) тарту;

      ұсынылатын тауарлардың бағаларын қоспағанда, тендерлік өтінімдерге, бастапқы баға ұсыныстарына толықтыруларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сәйкес келтіру бөлігінде қабылдау және қарау;

      әлеуетті өнім берушілерді аукционға жіберу;

      2) екінші кезеңде:

      әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру арқылы аукцион өткізу;

      екі кезеңдік тендердің қорытындыларын шығару және осы кезең үшін Қағидаларда көзделген жағдайларда екі кезеңдік тендерді немесе оның жекелеген лоттарын өткізілмеді деп айқындау.

      183. Екі кезеңдік тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын әрбір екі кезеңдік тендерге бөлек бекітеді.

      184. Комиссия құру және оның хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын адам) қабылдайды.

      185. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және өнім беру шарты немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған күні өз қызметін тоқтатады. Егер тендер өтпеді деп танылса немесе оның қорытындылары жойылған жағдайда, комиссия осындай шешім қабылданған күннен бастап өз қызметін тоқтатады. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу ұйымдастырылған жағдайда, комиссия өз қызметін екі кезеңдік тендер қорытындылары шығарылған күні тоқтатады.

      Ескерту. 185-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      186. Бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқаратын адам) комиссия төрағасы болып айқындалады. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері кіреді.

      Лизинг беруші үшін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу ұйымдастырылған жағдайда лизинг берушінің бірінші басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын адам) төраға болып айқындалады. Комиссия құрамына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және лизинг берушінің қызметкерлері кіреді.

      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      187. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

      188. Төраға комиссия отырыстарына басшылық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссияның орынбасары атқарады.

      189. Комиссия хатшысы хабарландыру орналастырады, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды, комиссия отырыс өткізгеннен кейін оның хаттамасын ресімдейді, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күнін, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, келіп түскен тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын және тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді тіркеу журналын жүргізеді.

      190. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген болуға тиіс.

      191. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      192. Төраға, төрағаның орынбасары немесе комиссия мүшесі болмаған жағдайда хаттамада оның болмау себебі көрсетіледі және оның болмау себебін растайтын құжат қоса беріледі. Тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау басталғанға дейін комиссия құрамына комиссияның жоқ мүшелерін алмастыру бөлігінде өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      193. Комиссия отырысының хаттамаларына барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.

      194. Бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттар, сипаттамасының бірыңғай дистрибьютор тізіміне және осы Қағидаларда белгіленген сатылып алынатын дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарға, медициналық бұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі бойынша сараптамалық қорытынды алу үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыны немесе сарапшыларды тартуға құқылы.

      Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      195. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде сарапшы ұсынылған медициналық бұйымның техникалық ерекшелігінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор хабарлаған техникалық ерекшелікке сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.

      Ескерту. 195-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      196. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сарапшы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілері ұсынған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сипаттамасы бойынша олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.

      197. Сарапшы комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшының сараптамалық қорытындысын комиссия әлеуетті өнім берушіні аукционға жіберу кезінде қабылдайды.

      198. Екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін күнтізбелік жиырма күн қалғанда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      199. Екі кезеңдік қайталама тендер жүзеге асырылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына хабарландырудың мәтінін орналастырады.

      200. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыруда мыналар қамтылады:

      1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің атауы;

      2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы), медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың атаулары;

      3) дәрілік заттардың сипаттамасынан; медициналық мақсаттағы бұйымдардың сипаттамасы және (немесе) техникалық сипаттамасы; медициналық техниканың техникалық сипаттамасы;

      4) түзетілген және (немесе) түпкілікті өтінімдерді ескере отырып түзетілуі мүмкін әрбір лот бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі;

      5) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;

      6) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның саны (сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу ұйымдастырылған жағдайда);

      7) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы беру орны мен шарттары (оның ішінде беру мерзімдері немесе кестелері);

      8) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қабылдау/қабылдауды аяқтау орны, күні, уақыты;

      9) екі кезеңдік тендерді өткізуді бастау орны, күні, уақыты;

      10) әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген баға және сома;

      11) он жылға дейінгі мерзіммен берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға жол берілетін дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы), медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары;

      12) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;

      13) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;

      14) тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну шарттары;

      15) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізу орны, күні, уақыты;

      16) ұсынылатын тендерлік өтінімнің мазмұны және ресімдеу бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы талап.

      Ескерту. 200-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      201. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің өткізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілетін бағалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы шегеріле отырып, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардан есептеледі.

      Ескерту. 201-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      202. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерді өткізу туралы хабарландыруда (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар дәрілік заттар үшін) мыналар қамтылады:

      1) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің атауы;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге де орталық мемлекеттік органдар ұсынған қажеттіліктің түзетілген есептері ескерілген, түзетілуі мүмкін халықаралық патенттелмеген атауымен дәрілік заттардың тізбесі, бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес олардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасы, көлемі;

      3) сатып алынатын дәрілік заттардың осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;

      4) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға бойынша мәлімделген көлемдері және дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасына белгіленетін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақының шекті мөлшері (жиырма бес пайыз) ескерілген лоттың жалпы құнын қамтитын (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар үшін) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша бөлінген сома;

      5) фармацевтикалық қызметтерді көрсету мерзімдері;

      6) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге тиіс олардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және мекенжайлары;

      7) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер ұсынылуы қажет облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың елді мекендерінің, аудандары мен құрамдас бөліктерінің тізбесі;

      8) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның бірлесіп орындаушыларының осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкестігі туралы талап;

      9) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қабылдау/қабылдауды аяқтау орны, күні, уақыты;

      10) екі кезеңдік тендерді өткізуді бастау орны, күні, уақыты;

      11) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну тәртібі;

      12) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайынан және банктік деректемелері;

      13) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізу орны, күні, уақыты;

      14) ұсынылатын тендерлік өтінімнің мазмұны және ресімделуі бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы талап.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер өнім берушісіне шығындарды өтеуді бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген көрсетілетін қызмет құнын ескере отырып, қордың қаражаты есебінен жүргізеді.

      Ескерту. 202-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу

      203. Екі кезеңдік тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін хабарландыру мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалған тендерлік өтінімді желімделген түрде бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.

      204. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік құжаттаманы әзірлемейді.

      205. Тендерлік өтінімдерді ұсыну үшін соңғы мерзім өткеннен кейін ұсынылған тендерлік өтінім ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Бұл ретте тендерлік өтінім ұсынылған уақыт келіп түскен тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында белгіленеді.

      206. Әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс. Қолданылу мерзiмi екі кезеңдік тендердің талаптарында көрсетiлген қолданылу мерзімінен қысқа тендерлік өтiнiм қабылданбайды.

      207. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі үш бөлімнен: негізгі, техникалық және бастапқы баға ұсынысынан тұрады.

      208. Негізгі және техникалық бөлімдері тігіледі және бөлек нөмірленеді, соңғы беттеріне әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы немесе уәкілетті адамы қол қояды және әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітіледі, бастапқы баға ұсынысы тігілмейді.

      Тендерлік өтінімнің барлық үш бөлігі бір конвертке салынады.

      Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынған кезде әлеуетті өнім берушінің мұндай тендерлік өтінімі қаралмай қайтарылады.

      209. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетіледі. Конверт хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша бірыңғай дистрибьюторға жіберіледі және ол "Екі кезеңдік тендер______________ (тендердің атауы көрсетіледі)" және "________________________ дейін ашпаңыз" (хабарламада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)" деген сөздерді қамтуға тиіс.

      210. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тігілмейді және конвертке желімденбейді, тендерлік өтінімнен бөлек ұсынылады және тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналында тіркеледі.

      211. Тендерлік өтінімде, конвертте әлеуетті өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде, конвертте жолдар арасында ешқандай қосымша жазулар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс

      212. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште:

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі;

      PDF форматында өтінімге қоса берілетін барлық құжаттардың көшірмесі ұсынылады;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді ұсынылады);

      4) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туралы расталатын "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізуге рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы құжат;

      7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің алдында үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған, конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);

      8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілігі туралы мәліметтер;

      9) егер әлеуетті өнім беруші басым құқыққа үміткер болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектісінің тиісті өндірістік практика (GMP) (дәрілік заттарды сатып алу үшін) немесе "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО сапаны басқару жүйесі стандартының (медициналық бұйымдар сатып алу үшін) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практикада (GDP) (дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу үшін) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;

      10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті екендігі және салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы хатының түпнұсқасы немесе көшірмесі;

      11) қосымша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы хат (медициналық техниканы сатып алу кезінде);

      12) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағына (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      13) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;

      14) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісу туралы хат.

      213. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште:

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі;

      PDF форматында өтінімге қоса берілетін барлық құжаттардың көшірмесі ұсынылады;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінен үзінді ұсынылады);

      4) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізуге рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша берешектің бар-жоғы туралы растайтын құжат;

      7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің алдында үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған, конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);

      8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілігі туралы мәліметтер;

      9) осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 10) 11) тармақшаларында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің біліктілік талаптарына әлеуетті бірлесіп орындаушының сәйкестігін растайтын құжаттар;

      10) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;

      11) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісу туралы хат;

      12) шарт жасауға басымдық алу үшін объектінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі бар болса;

      13) әлеуетті өнім беруші сатып алудың жеңімпазы болып танылған жағдайда, оның фармацевтикалық қызметті көрсетуге арналған бірлесіп орындаушылардың тізбесі ұсынылған және бірлесіп орындаушылардың мекенжайы көрсетілген фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге оның бірлесіп орындаушыларымен шарттар жасау туралы кепілдік хаты;

      14) тендердің жеңімпазы болып танылған жағдайда, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, соның ішінде бірлесіп орындаушыларда орнату туралы кепілдік хат;

      15) осы Қағидаларда тыйым салынған бірыңғай дистрибьютормен қарым-қатынасының жоқ екендігін растау туралы хат;

      16) әлеуетті өнім берушінің оңалту, банкроттық не тарату рәсімдеріне қатысы жоқ екенін, әлеуетті өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесінде болмауын растайтын құжат.

      Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі де тендерлік өтінімге қызметтерді немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқықтарын растайтын мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін ұсынады.

      214. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі ұсынылып отырған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтуға тиіс:

      1) ұсынылатын медициналық техниканың сипаттамалары көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіркеуге сәйкес*doc форматында электрондық жеткізгіште техникалық ерекшелігі;

      2) қолданыстағы құжаттың көшірмесі немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, конверттерді ашу сәтіне мемлекеттік тіркелуін растайтын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді көшірме не тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті орган рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсаты;

      Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға: әкелінуін және мәлімделген көлемнің болуын растайтын құжаттар ұсынылады: тауарды Қазақстан Республикасына әкелуін (кедендік жүк декларациясының нотариат куәландырған көшірмесі, хабарландыру шыққан күннен ерте емес қойма анықтамасы): отандық тауар өндірушілердің өндіруі (хабарландыру шыққан күнінен ерте емес қойма анықтамасын); заңнамада белгіленген тәртіппен берілген тауарлардың қауіпсіздігі туралы қорытындының көшірмесі;

      3) қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" бар екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі (актілердің берілгеніне өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнге дейін бір жылдан аспауға тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GМP) сертификатын ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды.

      4) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат;

      5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өнім берушілердің беру күніне сәйкестігі туралы кепілдік хат.

      Ескерту. 214-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      215. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:

      1) қолданыстағы құжаттың көшірмесі немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, конверттерді ашу сәтіне мемлекеттік тіркелуін растайтын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді көшірме не уәкілетті органның тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсаты;

      2) қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" бар екендігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі (актілердің берілгеніне өтінімдер салынған конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан аспауға тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GМP) сертификатын ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды. Объектінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі болған кезде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген акт ұсынылмайды;

      3) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат.

      Ескерту. 215-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      216. Әлеуетті өнім беруші бір лот шеңберінде бір рет дәрілік заттардың әрбір атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша басшы немесе әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамы қол қойған бір бастапқы, түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын және хабарланған көлемін ескере отырып, бірақ жиырма бес пайыздан жоғары емес болатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге сыйақы мөлшерін ұсынады.

      Бастапқы баға ұсынысы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға арналған тендерлік өтініммен бірге ұсынылады. Түпкілікті (қажет болған кезде қосымша) баға ұсынысы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша аукцион өткізілетін күні ұсынылады. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына (бастапқы, түпкілікті немесе қосымша) фармацевтикалық қызметтер көрсетумен байланысты барлық шығыстар қосылады.

      217. Әлеуетті өнім берушінің тиісті баға ұсынысын ұсынуы хабарландыруда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісім білдіру нысаны болып табылады.

      218. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге, кері қайтарып алуға құқығы, сондай-ақ тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қайтаруға құқығы бар. Тендерлік өтінімді кері қайтарып алу туралы әлеуетті өнім берушінің хабарламасы бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда, бірақ тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

      Бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге және оларды қамтамасыз етуге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

3-параграф. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету

      219. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға:

      1) хабарландыруда көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың құнын және олардың көлемдерін қамтитын ұсынылған өтінімнің сомасынан бір пайыз мөлшерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды;

      2) әрбір лот бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде медициналық бұйымды;

      3) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасы және дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағасына белгіленетін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер үшін сыйақының шекті мөлшері (жиырма бес пайызын) бойынша мәлімделген көлемдері ескеріле отырып, лоттың жалпы құнын қамтитын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша сомадан бір пайыз мөлшерде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

      Әлеуетті өнім беруші бірнеше лоттар бойынша қатысқан жағдайда әрбір лот бойынша бөлек тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсына алады. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 26 және 33-тармақтарында көрсетілген лоттарды ұсынған, тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету мерзімі тендерлік өтінімдерді ашу рәсімі күнінен бастап кемінде алпыс жұмыс күні болуға тиіс жағдайларды қоспағанда, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс.

      Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі екі кезеңдік тендерді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап кемінде алпыс жұмыс күні болуға тиіс.

      Ескерту. 219-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      220. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін ұсынбаған кезде осындай әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі қаралмай қайтарылады.

      221. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктік кепілдіктің түпнұсқасы.

      222. Әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін тұтастай не енгізілген кепілдікті ақшалай жарна бөлігінде үшінші тұлғаларда талап ету құқығының пайда болуына әкелетін әрекеттер жасауға жол берілмейді.

      223. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) екі кезеңдік тендердің атауы, оның хабарланған күні;

      2) кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді тіркеу күні мен уақыты.

      224. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тиісті лоттар бойынша қайтарылмайды, егер әлеуетті өнім беруші:

      1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе (бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге осы Қағидаларға сәйкес енгізілген өзгерістерді қоспағанда);

      2) жеңімпаз екі кезеңдік тендер жеңімпазы болып танылғаннан кейін өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасаудан бас тартса;

      3) жеңімпаз өнім беру шартын, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе;

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) екінші орын алған өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан бас тартса;

      7) екінші орын алған өнім беру шартын жасап, өнім беру шартын және қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді мерзімінде енгізбесе;

      8) осы Қағидалардың 26 және 33-тармақтарының негізінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудан жалтарса;

      9) Қағидалардың 27-тармағының негізінде онымен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын осындай шартты жасаудан жалтарса.

      225. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:

      1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасын бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылған (жеңімпазды және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда);

      3) өнім беру шарты күшіне енген және жеңімпаз шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      226. Бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасу туралы лизинг берушінің хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.

4-параграф. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау

      227. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуды комиссия екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күні, уақытта және орында жүргізеді.

      Конверттерді ашқаннан кейін келесі жұмыс күні комиссия бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына регламентті орналастыру арқылы осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетілген бірыңғай дистрибьютор бекіткен регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді.

      228. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашудың соңғы мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

      229. Хабарландыруда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттер ашылуға тиіс.

      230. Тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

       Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдаланатын аудиожазба мен бейнежазбаның техникалық құралдары туралы комиссияны хабардар етеді.

      231. Конверттерді ашу кезінде комиссия отырысында:

      1) комиссия хатшысы қатысушыларға комиссияның құрамы; белгіленген мерзімде тендерлік өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілер; әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар-жоғы туралы хабардар етеді; осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;

      2) төраға не комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған адам тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашады, құжаттар тізбесін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын жария етеді.

      232. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін алдын ала қарайды.

      233. Комиссия хатшысы тендерлік өтінімдерді ашу күнінен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сарапшыға қарау үшін ұсынады.

      234. Комиссия тендерлік өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ашу және алдын ала қарау хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

      235. Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын бұзған әлеуетті өнім берушілерге комиссияның ескертулерін жоюға жол берілмейді.

      236. Комиссия енгізілген тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:

      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;

      2) комиссияға:

      тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;

      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін екі кезеңдік тендердің атауын;

      банктік кепілдік түрінде берілген тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін;

      тендерлік өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;

      оның пайдасына тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын көрсететін тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеуі;

      3) енгізілген тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің осы Қағидалардың 222-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.

      237. Тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарау нәтижелері бойынша хаттама жасалады.

      Тендерлік өтінімдерді ашу және алдын алу қарау хаттамасы тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарауды өткізу орны мен уақыты;

      2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;

      3) оларды ұсыну және тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну күні мен уақытын көрсетіп, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      4) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін (бар болса) өздерінің тендерлік өтінімдерін кері қайтарып алған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      5) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімінен кейін тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);

      6) тендерлік өтінімдерді ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім беруші басшысының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      7) әлеуетті өнім берушілер екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынған тендерлік өтінімдердің тізімдемесі;

      8) олар қатысатын лоттардың нөмірлерін және әрбір лот бойынша мәлімделген бастапқы баға ұсыныстарын көрсетіп, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      9) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      10) тендерлік өтінімдеріне себептері көрсетілген ескертулері бар әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      11) олар бойынша тендерлік өтінімдер ұсынылмаған лоттардың нөмірлері;

      12) олар бойынша екі тендерлік өтінімнен аз ұсынылған лоттардың нөмірлері;

      13) олар бойынша отандық тауар өндірушілер тендерлік өтінімдер ұсынған лоттардың нөмірлері;

      14) отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушімен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалуы мүмкін лоттардың нөмірлері;

      15) лоттардың нөмірлерін көрсетіп, беру шарттарын жасауға басым құқыққа үміткер әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      16) тендерлік өтінімдерді ашу және алдын ала қарау хаттамасы жарияланған күннен басталатын, оның ішінде ескертулер жойылуға тиіс мерзімі (үш жұмыс күні).

      238. Ашу және алдын ала қарау хаттамасына шешім қабылданған күні комиссияның барлық мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды.

      239. Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға комиссияның ескертулері бойынша алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімде тендерлік өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген тендерлік өтінімге толықтыруларды ұсынады. Ашу және алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың ұсынған ескертулерінен басқа әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімге толықтыруларын комиссия қарамайды.

      240. Тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия регламентке сәйкес жүзеге асырады. Толықтыруларды ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерлік өтінімге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

      241. Толықтырулар салынған конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі мен оларды ашу мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

      242. Комиссия тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ашқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдерді қайта қарайды.

      243. Тендерлік өтінімдерді қайта қарау кезінде комиссия:

      1) ашу және алдын ала қарау хаттамасы тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін оларды осы Қағидалардың талаптарына толық сәйкес келтіру мен ескертулерді жою тұрғысында қайта қарайды;

      2) толық емес, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тізбесін ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.

      244. Тендерлік өтінімдерде қамтылған ұсынылған мәліметтердің дәйектілігі күмән келтірген жағдайда комиссия жетіспейтін құжаттармен толықтырумен не тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен байланысты әрекеттерін қоспағанда, комиссияның қажетті шаралар қабылдауына жол беріледі.

      Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не таратылу рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде қарайды.

      245. Қайта қарау нәтижелері бойынша аукционға жіберу хаттамасы жасалады, оған барлық комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды және қайта қарау мерзімі өткеннен кейін келесі күні бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады.

      246. Аукционға жіберу хаттамасы мынадай ақпараттан тұрады:

      1) аукционды өткізу орны, күні мен уақыты;

      2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;

      3) тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ашу рәсіміне қатысатын әлеуетті өнім беруші басшының және (немесе) уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      5) комиссияның тендерлік өтінімдерге ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ұсыну туралы ақпарат;

      6) осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімдері тұтастай немесе лот бойынша себептері көрсетіліп, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      7) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;

      8) лоттардың нөмірлерін көрсетілген, беру шарттарын жасауға басым құқық берілген әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      9) осы Қағидалардың 5 және 6-тарауларына сәйкес олар бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған лоттардың нөмірлері;

      10) осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес лоттарын көрсетіп, берудің ұзақ мерзімді шарттары жасалатын отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      11) бәсекелестік ортаның болмауына байланысты аукционға қатыспайтын бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген лоттардың нөмірлері;

      12) комиссияның әлеуетті өнім берушілерді аукционға жіберу туралы шешімі.

5-параграф. Тендерлік өтінімді қабылдамау негіздемелері

      247. Комиссия:

      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;

      2) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынылған;

      3) осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді ұсынған;

      4) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті екендігі және салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы хатының түпнұсқасы немесе көшірмесі ұсынылмаған;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылмаған;

      6) заңды тұлғаға арналған жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен ерте емес құрылтай шартының көшірмесін ұсынылмаған;

      7) тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) ұсынылмаған;

      8) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туралы расталатын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өткізуге арналған рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмаған;

      9) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;

      10) тиісті мемлекеттік кірістер органының құжаттарында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек (берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген төлем мерзімдері өзгерген сомаларды қоспағанда) туралы ақпарат болған;

      11) осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкес қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмаған;

      12) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтама беру күнінің алдындағы үш айдан артық созылған әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болған;

      13) әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін банктің немесе банк филиалының анықтамасын ұсынған;

      14) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмаған;

      15) әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін біліктілік туралы мәліметтерді ұсынған;

      16) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және хабарланған шарттарға сәйкес техникалық ерекшелікті, сипаттаманы ұсынбаған;

      17) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың талаптарына және (немесе) хабарландыруға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті, сипаттаманы ұсынбаған;

      18) біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйекті ақпарат ұсынбау фактісі анықталған;

      19) әлеуетті өнім берушіге қатысты банкроттық не тарату рәсімін жүргізу фактісі анықталған;

      20) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;";

      21) қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің көшірмелері ұсынылмаған не егер көрсетілген актілер тиісті дистрибьюторлық практика сертификаты (GDP), тиісті дәріханалық практика сертификаты (GРP), тиісті өндірістік практика сертификаты (GМP) ұсынылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күнге дейінгі бір жылдан кешіктіріліп ұсынылған;

      22) мәлімделген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) олардың тіркеу дерекнамасында айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақталуына сәйкес келмеген;

      23) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

      24) осы Қағидалардың 26, 33-тармақтарында көзделген;

      25) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі хабарланған екі кезеңдік тендер шарттарында көрсетілгеннен қысқа болса;

      26) бастапқы баға ұсынысы берілмеген не әлеуетті өнім берушінің қол қойылмаған және мөрмен бекітілмеген бастапқы баға ұсынысы берілген;

      27) тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан жоғары бастапқы баға ұсынысы ұсынылған;

      28) сарапшы немесе сарапшылар әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың сипаттамалары және/немесе техникалық ерекшелігі бірыңғай дистрибьютордың тізіміне және осы Қағидаларда белгіленген сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған;

      29) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде тұрған;

      30) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауы 14-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеген;

      31) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы ақпарат ұсынылмаған;

      32) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өнім беру шартын бұзуға келісім ұсынылмаған;

      33) әлеуетті өнім беруші сатып алудың жеңімпазы болып танылған жағдайда, өзінің бірлесіп орындаушыларымен фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасау туралы оның фармацевтикалық қызметті көрсетуге арналған бірлесіп орындаушылардың тізбесі ұсынылған және бірлесіп орындаушылардың мекенжайы көрсетілген кепілдік хат ұсынылмаған;

      34) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату туралы кепілдік хат ұсынылмаған;

      35) сатып алуға мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы бойынша және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың заңнама талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі туралы кепілдік хат ұсынылмаған жағдайларда тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.

      Ескерту. 247-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-параграф. Аукцион

      248. Төмендетуге арналған аукцион аукционға жіберу хаттамасында көрсетілген уақытта басталады. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті адамының қатысуын қамтамасыз етеді.

      249. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша аукцион өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынылатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға бастапқы, түпкілікті баға ұсыныстарын және (немесе) лот бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы сомасында пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін сыйақы мөлшерін төмендету жағына қарай өзгерткен жағдайда әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарына және (немесе) сыйақы мөлшеріне тиісті өзгерістерді ұсынады.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сыйақы мөлшерін өзгерту рәсімі баға ұсыныстарын өзгерту рәсіміне ұқсас.

      250. Хатшы не комиссия мүшесі екі кезеңдік тендердің қатысушыларына барлық бастапқы баға ұсыныстарын, сондай-ақ лот бойынша аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін лоттың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін хабарлайды, одан кейін бастапқы баға ұсынысын, сыйақының мөлшерін азайтуды және түпкілікті баға ұсынысын және сыйақының өзгертілген мөлшерін беруді ұсынады.

      Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу кезіндегі аукционның қадамы аукционға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған лот бойынша ең төмен бағадан кемінде жарты (0,5) пайызды құрайды.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде аукционның қадамы аукционға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған лот бойынша ең төменгі бағадан кемінде бес пайызды құрайды.

      251. Түпкілікті, қосымша баға ұсыныстарын қабылдауға оларды қабылдаудың басталғаны туралы хабарланған сәттен бастап есептелетін бес минутқа дейін уақыт бөлінеді. Егер бастапқы баға ұсынысын енгізген әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын енгізбесе, онда оның бастапқы ұсынысы түпкілікті ретінде қабылданады.

      252. Екі немесе одан да көп бірдей ең төмен түпкілікті баға ұсыныстары берілген жағдайда, ең төмен бағаны айқындау үшін түпкілікті болып есептелетін қосымша баға ұсынысын беруге рұқсат етіледі.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттардың құнынан және оларды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін төленетін сыйақы мөлшерінен тұратын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жиынтық құны ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.

      253. Тауарларды сатып алу кезінде лот бойынша ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      254. Егер әлеуетті өнім берушілер лот бойынша екі және одан да көп бірдей ең төменгі түпкілікті баға ұсынысын берсе, тендерлік өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      255. Ең төмен баға ұсынысынан кейінгі келесі екі және одан да көп бірдей соңғы бағалар ұсынылған жағдайда, ең төменгі баға ұсынысынан кейінгі келесі бірдей соңғы баға берген әлеуетті өнім берушілердің арасынан тендерлік өтінімді бірінші болып берген әлеуетті өнім беруші екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.

      256. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі түпкілікті баға негізінде айқындалады.

      257. Бірдей бағалар ұсынылған жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалмайды.

      258. Аукцион өткізу кезінде лот бойынша баға ұсынысын қабылдамау негіздемелері:

      1) түпкілікті баға ұсынысы (қосымша баға ұсынысы болғанда) осы Қағидалардың 216-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және осы лоттың саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары түпкілікті баға ұсынысы (қосымша баға ұсынысы болғанда) берілген жағдайда. Бұл ретте, егер лот бойынша аукционға қатысатын екі әлеуетті өнім берушіден аз қатысса, комиссия бәсекелестік ортаның болмауына байланысты мұндай лотты өткізілмеді деп таниды және бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады.

      259. Аукцион өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде комиссия екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасына барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары әр парағына бұрыштама қол қояды және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жариялануға тиіс және онда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) аукционның күні, басталу мен аяқталу күні, уақыты;

      2) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;

      3) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы мен орналасқан жері (мекенжайы);

      4) лоттардың атауы мен қысқаша сипаты;

      5) екі кезеңдік тендер қорытындысы бойынша айқындалған ең төмен баға (бар болса);

      6) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың саны, бағасы және сомасы көрсетілген жеңімпаздардың атаулары (бар болса);

      7) лоттың бағасы және екінші орын алған (ол айқындалған жағдайда) әлеуетті өнім берушінің атауы;

      8) екі кезеңдік тендерді не оның жеке лотын өткізілмеді деп тану негіздемесі (мұндай жағдай туындаған кезде);

      9) аукционға қатысқан кезде негіздемесі көрсетіле отырып, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары (бар болса);

      10) өнім беру шартына қол қойылуға тиіс мерзім;

      11) лоттарды көрсетіп, осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес олармен берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын, отандық өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      12) осы Қағидалардың 18-тарауына сәйкес лоттар көрсетілген бір көзден сатып алу тәсілі қолданылмай олармен өнім беру шарты жасалған осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің атаулары.

      260. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу бойынша екі кезеңдік тендердің қорытындылары хаттамасының тігілген түрде, парақтары нөмірленіп, бірыңғай дистрибьютордың мөрімен куәландырылған, doc* форматында қағаз және электрондық түрде, екі кезеңдік тендер жеңімпазының техникалық ерекшеліктерінің көшірмелері қоса берілетін көшірмелерін бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік тендердің жеңімпаздарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алу шарттарын немесе қаржы лизингі шартын жасасу үшін тапсырыс берушілерге немесе лизинг берушіге қабылдау-беру актісі бойынша беруі тиіс.

      Ескерту. 260-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      261. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды сатып алу бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен тендердің қорытындылары туралы хаттаманың нотариат куәландырған көшірмелерін алған күннен бастап тапсырыс берушілер он жұмыс күнінен, лизинг беруші он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпаздармен, олар жалтарған жағдайда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілермен жалтару сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алу шарттарын немесе қаржы лизингі шартын жасасады.

      Ескерту. 261-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      262. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:

      1) ұсынылған тендерлік өтінімдер болмаса;

      2) бірде бір әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға жіберілмесе;

      3) аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;

      4) аукционға қатысушы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарының қабылданбауы нәтижесінде аукционды өткізу кезінде екеуден аз әлеуетті өнім берушілер қалса;

      5) осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайлар туындаған кезде өткізілмеді деп танылады.

      263. Осы Қағидалардың 18-тарауының талаптарын ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылып өткізілген тендердің нәтижелері бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру шартын бірыңғай дистрибьютор жасайды.

      Ескерту. 263-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      264. Егер берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін лотқа осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім беруші отандық тауар өндіруші болып табылса, онымен осы Қағидалардың 21-тарауының талаптарына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбастан ұзақ мерзімді шарт жасалады.

      265. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор мынадай:

      1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;

      2) екі кезеңдік тендердің шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;

      3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы;

      4) тапсырыс берушілердің қажеттілігі болмаған жағдайда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы;

      5) сатып алуды ерекше тәртіппен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру кезінде осындай шешімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

      Ескерту. 265-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

15-тарау. Сатып алу веб-порталы арқылы сатып алу

1-параграф. Сатып алу веб-порталы арқылы екі кезеңдік тендерді жүзеге асыру тәртібі

      266. Сатып алу веб-порталында екі кезеңдік тендер өткізу тәсілімен сатып алу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      тендерлік комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құру, комиссияның хатшысын айқындау;

      сатып алу веб-порталында екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

      сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушілердің екі кезеңдік тендерге қатысуға электрондық құжат нысанындағы тендерлік өтінімдер беру және олардың сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркеу;

      тендерлік өтінімдерді автоматты түрде ашу және сатып алу веб-порталына тиісті ашу хаттамасын орналастыру;

      олардың біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін, бастапқы баға ұсыныстарын, сондай-ақ сатып алу веб-порталының көмегімен осы Қағидаларда көзделген шектеулердің болмауын комиссияның алдын ала қарауы, қажет болған кезде сарапшыны немесе сарапшыларды тарту;

      комиссия хатшысының әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін алдын ала қарау хаттамасын қалыптастыруы және оны сатып алу веб-порталына жариялауы;

      әлеуетті өнім берушілердің ұсынылатын тауарлардың бағаларын қоспағанда, тендерлік өтінімдерді және бастапқы баға ұсыныстарын осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келтіруі;

      әлеуетті өнім берушілердің екі кезеңдік тендерге қатысуға берілген біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірілген тендерлік өтінімдерін қайта қарау;

      біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау;

      осы кезең үшін осы Қағидаларда көзделген жағдайларда екі кезеңдік тендерді немесе оның жекелеген лоттарын өткізілмеді деп айқындау;

      сатып алу веб-порталымен әлеуетті өнім берушілердің бастапқы баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау;

      комиссия хатшысының аукционға жіберу хаттамасын қалыптастыруы және оны сатып алу веб-порталына жариялауы;

      2) екінші кезеңде:

      әлеуетті өнім берушілердің бастапқы бағаларын салыстыру арқылы сатып алу веб-порталы арқылы аукцион өткізу;

      екі кезеңдік тендердің қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастыру және оны сатып алу веб-порталына орналастыру.

      267. Екі кезеңдік тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және әрбір екі кезеңдік тендерге бөлек оның құрамын бекітеді және сатып алу ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидалардың 14-тарауының 1-параграфына сәйкес сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.

      268. Бірыңғай дистрибьютор ол екі кезеңдік тендер өткізу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу веб-порталына мемлекеттік және орыс тілдерінде екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.

      Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды орналастыру тәртібі, оның мазмұны осы Қағидалардың 14-тарауының 1-параграфында белгіленген.

      269. Әлеуетті өнім беруші веб-порталдың өтінімдерді ашу мерзімі өткенге дейін веб-порталда көзделген нысан бойынша баға ұсынысын және электрондық түрде мынадай құжаттарды:

      1) веб-порталда көзделген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің ағымдағы құрамы туралы үзінді көшірмені;

      2) дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіру немесе көтерме саудада өткізу бойынша фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензияны (қосымшасымен) және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу бойынша қызметтің басталғаны туралы хабарламаны;

      3) жалпы артық төлемді ескере отырып, өтінім берілген күнге дейін "электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасынан берілгеніне күнтізбелік бір ай толмаған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің жоқ екені немесе онда мұндай берешектің бар екендігі туралы берілген құжатты;

      4) егер ол тіркелмеген болса, дәрілік затты немесе медициналық бұйымды хабарландыруға сәйкес келетін көлемде Қазақстан Республикасына әкелуге уәкілетті органның рұқсатын (қорытындысын);

      5) егер дәрілік зат немесе медициналық бұйым тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе өндірілген болса, дәрілік зат немесе медициналық бұйым санының хабарландыруға сәйкес көлемде әкелінгенін немесе өндірілгенін растайтын құжатты ұсынады.

      Ескерту. 269-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      270. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім екі кезеңдік тендерге қатысуға тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім берушіге сатып алу веб-порталы арқылы тиісті хабарлама автоматты түрде жөнелтілген кезден бастап қабылданған болып есептеледі. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға тек бір ғана тендерлік өтінім береді.

      271. Әлеуетті өнім берушінің екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімі мынадай жағдайларда сатып алу веб-порталында автоматты түрде қабылданбайды:

      1) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші бұрын ұсынса;

      2) екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім сатып алу веб-порталына осы екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;

      3) бастапқы баға ұсынысы сатып алынатын тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асырылса.

      Әлеуетті өнім берушінің екі кезеңдік тендерге қатысу үшін ұсынатын екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде қырық бес жұмыс күнін құрайды.

      Әлеуетті өнім берушілер екі кезеңдік тендерге қатысу үшін берген тендерлік өтінімдер сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркеледі.

      Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде кез келген уақытта екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін екі кезеңдік тендерге қатысуға енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді кері қайтарып алу құқығын жоғалтпай, өзінің екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынылған тендерлік өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алуға жол берілмейді.

      Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.

      Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарламасы сатып алу веб-порталы арқылы, бірақ тендерлік өтінімдер берудің соңғы мерзімінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

2-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету

      272. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету сатып алуға хабарландыруда көрсетілген лот сомасының бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тауарды беру шартына қол қойылғанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 272-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      273. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерін таңдай алады:

      1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық форматтағы банк кепілдігінің түпнұсқасы.

      Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғада енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап қою құқығының туындауына әкелетін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.

      өткенге дейін тұтастай не енгізілген кепілдікті ақшалай жарна бөлігінде үшінші тұлғаларда талап ету құқығының пайда болуына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Ескерту. 273-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      274. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште банктік кепілдік түрінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы бірыңғай дистрибьюторға екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді берудің соңғы мерзіміне дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ұсынылады.

      Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште банктік кепілдік түрінде енгізген кезде, бірыңғай дистрибьютор екі кезеңдік тендерге қатысуға кепілдікті қамтамасыз етуді алу фактісін осы Қағидалардың 223-тармағына сәйкес банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.

      275. Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендерге қатысуға тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна түрінде енгізген жағдайда, онда ол сатып алу веб-порталы арқылы төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде тендерлік өтініммен бірге ұсынылады. Бұл ретте кепілдікті ақшалай жарна екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін хабарландыруда көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.

      276. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге тиісті лоттар бойынша мынадай:

      1) егер әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгерткен (осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай дистрибьютордың ескертулері негізінде тендерлік өтінімге енгізілген өзгерістерді қоспағанда);

      2) жеңімпаз екі кезеңдік тендер жеңімпазы болып танылғаннан кейін өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан жалтарған;

      3) жеңімпаз беру немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбеген не уақтылы енгізбеген;

      4) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған;

      5) екінші орын алған тұлға өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын жасасудан жалтарған;

      6) екінші орын алған шарт жасаса отырып, өнім беру шартын немесе қаржы лизингі шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді уақтылы енгізбеген;

      7) осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтары негізінде шақырылған тұлға шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтармайды.

      277. Әлеуетті өнім берушіге тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету мынадай:

      1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;

      2) екі кезеңдік тендер қорытындыларының хаттамасына қол қойылған (жеңімпазды және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда);

      3) шарт күшіне енген және жеңімпаз шартты орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша қайтарылады.

      278. Бірыңғай дистрибьютор тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасау туралы лизинг берушінің хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

3-параграф. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау

      279. Тендерлік өтінімдерді ашу сатып алу веб-порталында екі кезеңдік тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күні екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен сәттен бастап бес минуттың ішінде автоматты түрде жүргізіледі.

      Бұл ретте сатып алу веб-порталы комиссия мүшелеріне, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілерге әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің ашылуы туралы автоматты түрдегі хабарлама таратады.

      Екі кезеңдік тендерге қатысуға ұсынылған тендерлік өтінімдерді ашу хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) күні мен уақыты;

      2) екі кезеңдік тендердің нөмірі;

      3) екі кезеңдік тендердің атауы;

      4) ұйымдастырушының атауы;

      5) ұйымдастырушының мекенжайы;

      6) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы туралы деректер;

      7) сатылып алынатын тауарлардың атауы, саны мен жалпы сомасы көрсетілген лоттардың нөмірлері;

      8) БСН (ЖСН)/СЖН/СЕН көрсетілген тендерлік өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары, әлеуетті өнім берушінің мекенжайлары, оларды беру күні және уақыты (хронология бойынша);

      9) екі кезеңдік тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерлік өтінімдерде құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат;

      10) олар қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген тендерлік өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атаулары және олардың әрбір лот бойынша мәлімдеген бастапқы баға ұсыныстары.

      280. Тендерлік комиссия сатып алу веб-порталы арқылы біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қарайды.

      281. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді ашу күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның хатшысы олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында сарапшыға не сарапшыларға әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімде ұсынылатын тауарлар жөніндегі техникалық ерекшеліктерді қарау үшін ұсынады.

      282. Сарапшы не сарапшылар комиссияның төрағасы белгілеген мерзімдерде, бірақ екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

      1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растау үшін олар ұсынған құжаттарды толықтығы тұрғысында қарайды және зерделейді;

      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибьютордың тізіміне және осы Қағидаларда белгіленген сатып алынатын дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігіне тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі бойынша сараптамалық қорытындыны ресімдейді, қол қояды және ұсынады.

      283. Комиссия хатшысы сараптамалық қорытынды алғаннан кейін сараптамалық қорытындыны (сарапшының не сарапшылардың сәйкестендіру деректерін көрсетпей) сатып алу веб-порталына орналастырады және барлық комиссия мүшелеріне сатып алу веб-порталы арқылы хабарлама таратады. Комиссия сараптамалық қорытындыны ескере отырып, екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған өтінімдерді қарайды.

      284. Комиссия біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, осындай әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы сатып алу веб-порталына орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру үшін мүмкіндік береді.

      Осы Қағидалардың 9-тармағын бұзған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіруге рұқсат етілмейді.

      285. Комиссия енгізілген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіз болған;

      2) комиссияға:

      тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді ұсынған адамды;

      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізетін екі кезеңдік тендердің атауын;

      тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін банктік кепілдік түрінде ұсынған;

      тендерлік өтінімді қамтамасыз ету ұсынған адамды;

      пайдасына тендерлік өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеген жағдайларда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

      286. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысында қарау нәтижелері бойынша комиссия мүшелерін және екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, шешім қабылдау күні комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қоятын екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы ресімделеді.

      287. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы мынадай ақпараттан тұрады:

      1) күні мен уақыты;

      2) екі кезеңдік тендердің нөмірі;

      3) екі кезеңді тендердің атауы;

      4) ұйымдастырушының атауы;

      5) ұйымдастырушының мекенжайы;

      6) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;

      7) саны мен жалпы сомасы көрсетілген, сатылып алынатын тауарлардың атаулары, лоттардың нөмірлері;

      8) қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген, тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары және әрбір лот бойынша олар мәлімдеген бастапқы баға ұсыныстары;

      9) тендерлік комиссия мүшелерінің мынадай мәліметтерді қамтитын алдын ала дауыс беру нәтижелері:

      себептері көрсетілген, тендерлік өтінімдерге ескертулері бар әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      тендерлік өтінімдерге ескертулер жоқ әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      отандық тауар өндірушілер тендерлік өтінімдер ұсынған лоттардың нөмірлері;

      дәрілік заттарды өндіру тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық бұйымдарды өндіру "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес келген жағдайда отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің бір тендерлік өтінімі ұсынылғанда берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкін болатын лоттардың нөмірлері;

      лоттардың нөмірлері көрсетілген, өнім беру шарттарын жасасу басымдығына үміткер әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      тендерлік өтінімдер ұсынылмаған лоттардың нөмірлері;

      10) олар бойынша екеуден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірлері;

      11) сатып алу веб-порталында осы хаттама орналастырылған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерге толықтыруларды ұсынудың соңғы күні және уақыты.

      288. Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы ресімделмейді.

      289. Комиссияның әлеуетті өнім берушілерді екі кезеңдік тендерге қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және комиссия хатшысы екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, сатып алу веб-порталына орналастырады.

      290. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдердің алдын ала қарау хаттамасына комиссия мүшелері сатып алу веб-порталында қол қояды.

      291. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол алдын ала қарау хаттамасына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында сатып алу веб-порталына орналастырылады.

      Алдын ала қараудың тиісті хаттамасында комиссия мүшесінің қолы болмаған жағдайда комиссия хатшысы сатып алу веб-порталына қолының болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты орналастырады.

      292. Осы Қағидалардың 287-тармағының 11) тармақшасында белгіленген мерзім өткеннен кейін комиссия хатшысы сатып алу веб-порталы арқылы біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірілген екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасайды.

      293. Әлеуетті өнім беруші сатып алу веб-порталы арқылы тендерлік өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген мерзімде тендерлік өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген комиссияның ескертулері бойынша бірыңғай дистрибьюторға тендерлік өтінімге толықтыруларды ұсынады.

      Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтініміне толықтырулар ұсынудың соңғы мерзімі арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

      294. Комиссия тендерлік өтінімдерді бес жұмыс күні ішінде қайта қарайды.

      295. Тендерлік өтінімдерді қайта қарау кезінде комиссия:

      1) алдын ала қарау хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына толық сәйкес келтіру және ескертулерді жою тұрғысында қайта қарайды;

      2) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар тізбесін ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.

      296. Тендерлік өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрата алады.

      Комиссияға екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырумен, тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен, тендерлік өтінімдерді талаптарға сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтірумен байланысты сұрау салу жолдауына және өзге де әрекеттерге жол берілмейді.

      297. Екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім, егер онда екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімнің мәнін қозғамайтын түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп танылады.

      297-1. Комиссия тендерлік өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелестік болмағанда лот бойынша жеңімпаз деп танылады.

      Ескерту. Қағида 297-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      298. Тендерлік өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша аукционға жіберу хаттамасы жасалады, оған комиссия мүшелері қол қояды және комиссия хатшысы комиссия мүшелерін және екі кезеңдік тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, оны сатып алу веб-порталында жариялайды.

      299. Аукционға жіберу хаттамасы мынадай ақпараттан тұрады:

      1) күні мен уақыты;

      2) екі кезеңдік тендердің нөмірі;

      3) екі кезеңдік тендердің атауы;

      4) ұйымдастырушының атауы;

      5) ұйымдастырушының мекенжайы;

      6) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы;

      7) сатып алынатын тауарлардың атаулары, саны мен жалпы сомасы көрсетілген лоттардың нөмірлері;

      8) лоттардың нөмірлері көрсетілген, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      9) тендерлік өтінімдерге ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;

      10) тендерлік өтінімдерге комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ тендерлік өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;

      11) отандық тауар өндірушілер тендерлік өтінімдер ұсынған лоттардың нөмірлері;

      12) кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілген лоттардың нөмірлері;

      13) ең төмен бастапқы баға ұсынысын айқындаумен лоттар бойынша әлеуетті өнім берушілердің бастапқы баға ұсыныстары;

      14) осы Қағидалардың 296-тармақшасына сәйкес комиссияның сұрау салулары туралы;

      15) комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері және олар бойынша мынадай мәліметтерден тұратын қабылданған шешімдер:

      аукционға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      бәсекелестік ортаның болмауына байланысты аукционға қатыспайтын бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген лоттардың нөмірлері.

4-параграф. Тендерлік өтінімді қабылдамау негіздемелері

      300. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті өнім беруші қатысушыларының немесе акция ұстаушылардың құрамы туралы үзінді көшірмесі ұсынылмаған;

      2) дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіру немесе көтерме саудада өткізу жөніндегі фармацевтикалық қызметке лицензия (оған қосымша), олардың әрекет етуін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлама ұсынылмаған;

      3) жалпы артық төлемді ескере отырып, өтінім берілген күнге дейін "электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасынан берілгеніне күнтізбелік бір ай толмаған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің жоқ екені немесе онда мұндай берешектің бар екендігі туралы берілген құжатты;

      4) әлеуетті өнім берушіні банкрот деп тану, оған қатысты банкроттық немесе тарату рәсімін жүргізу туралы сот шешімі болған;

      5) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларда көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы дәйекті ақпарат ұсынбау фактісі анықталған жағдайларда толықтай қабылданбайды.

      Тендерлік өтінім:

      1) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан жоғары болған;

      2) уәкілетті органның Қазақстан Республикасына бір рет әкелуге рұқсаты ұсынылмаған немесе ондағы дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саны сатып алу хабарландыруында немесе шақыруда көрсетілген санға сәйкес келмеген;

      3) ұсынылып отырған дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның сипаттамасы (жиынтығы) сатып алу хабарландыруында немесе шақыруда көрсетілген сипаттамаға (жиынтыққа), оның ішінде сараптамалық қорытындының негізінде сәйкес келмеген;

      4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен;

      5) дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның Қазақстан Республикасына тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін және сатып алу хабарландыруына немесе шақыруға сәйкес мөлшерде әкелінгенін растайтын құжаттар ұсынылмаған;

      6) осы Қағидаларға сәйкес лот бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған немесе кепілдікті қамтамасыз ету сомасы жеткіліксіз болған;

      7) әлеуетті өнім беруші комиссия ескертуінің негізінде патенттік және өзге де құқықтарды бұзу фактісін немесе үшінші тұлғалардың талаптарын растаған немесе әлеуетті өнім беруші өтінімге толықтырудағы комиссияның мұндай ескертуін дауламаған жағдайларда жеке лот бойынша қабылданбайды.

      Ескерту. 300-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-параграф. Төмендетуге арналған аукцион

      301. Бастапқы баға ұсынысы тендерлік өтінімдерді ашу сәтінде веб-порталда автоматты түрде ашылады.

      Лоттың жалпы сомасына пайыздық арақатынаста көрсетілген дәрілік заттарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші бастапқы, түпкілікті баға ұсыныстарын және (немесе) сыйақы мөлшерін төмендету жағына қарай өзгерткен жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша аукционды өткізу кезінде әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарының тиісті өзгерістері мен сыйақы мөлшерін ұсынады.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сыйақы мөлшерін өзгерту рәсімі баға ұсыныстарын өзгерту рәсіміне ұқсас.

      302. Сатып алу веб-порталы сатып алынатын тауарлар (лоттар) бойынша бастапқы баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және әрбір тауар (лот) бойынша бөлек ең төмен баға ұсынысын (бастапқы бағаны) айқындайды.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде дәрілік заттардың құны мен оларды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы мөлшерінен тұратын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жиынтық құны ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.

      303. Аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      304. Аукцион әлеуетті өнім берушінің ең төмен бастапқы баға ұсынысынан бастап бастапқы баға ұсынысын аукцион қадамына төмендету жолымен өткізіледі.

      305. Аукцион қадамы аукционға қатысушысының ең төменгі бастапқы бағасынан кемінде жарты пайызды (0,5) құрайды.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде аукцион қадамы аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан кемінде бес пайызды құрайды.

      306. Егер әлеуетті өнім берушілер бірдей бастапқы баға ұсыныстарын ұсынса, басқа да бастапқы баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен бастапқы баға ұсынысы ең төменгі бастапқы баға ұсынысы болып танылады.

      307. Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысушылар ағымдағы ең төмен баға ұсынысын аукцион қадамы шегіндегі мөлшерге қарай төмендетуді көздейтін баға ұсыныстарын береді.

      308. Егер осындай баға ұсынысын осы аукцион қатысушысы берген жағдайда, аукционға қатысушы ағымдағы ең төмен баға ұсынысынан төмен болатын баға ұсынысын бере алмайды.

      309. Аукцион веб-порталда аукционға жіберу хаттамасында көрсетілген жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады.

      Веб-портал әлеуетті өнім берушіге бағаны аукцион адымынан кем төмендетіп баға ұсынысын беруге автоматты түрде жол бермейді.

      Аукцион кезінде баға ұсынысын беру уақыты аукцион басталған немесе бәсекелестің кезекті баға ұсынысы берілген сәттен бастап отыз минутты құрайды. Аукционға қатысушы лот бойынша оның бәсекелестері баға ұсыныстарын берместен бұрын немесе аукционның келесі адымы басталған сәтке дейін кезекті баға ұсынысын бере алмайды.

      Егер аукционның барлық қатысушылары бір лот бойынша баға ұсыныстарын берсе, аукцион адымына уақыт есептеу бір лот бойынша аукционға жіберілген барлық қатысушылардың соңғысы баға ұсынысын берген сәттен басталады.

      Сатып алу веб-порталы лоттар бойынша әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және лот бойынша ең төмен баға ұсынысын жеке-жеке айқындайды.

      Ескерту. 309-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      310. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады. Егер бірнеше әлеуетті өнім берушілердің бастапқы баға үшін баға ұсынысы бірдей болса, өтінімі веб-портал арқылы ертерек берілген адам жеңімпаз болып анықталады.

      Сатып алу веб-порталы аукцион қорытындысы бойынша ең төменгі баға ұсынысын ұсынған аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.

      Веб-портал жеңімпаздың аукционға іс жүзінде қатысқан және бастапқы бағаны ең болмағанда бір адымға төмендеткен бәсекелестерінің арасынан екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтайды. Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші жеңімпаздың бағасынан кейінгі бірдей ең төменгі бағаны берсе, олардың ішінен баға ұсынысын басқаларынан бұрын берген өнім беруші екінші орын алған болып анықталады. Қалған жағдайларда лот бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші анықталмайды.

      Ескерту. 310-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      311. Әлеуетті өнім берушінің бағаны төмендетуге арналған әрбір ұсынысына әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе оның уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылуға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің бағаны төмендетуге арналған баға ұсынысы бағаны төмендету сауда-саттықтарының ағымдағы ең төмен бағасынан төмендету қадамының шегінде төмен болуға тиіс және кері қайтарып алмайды немесе ұлғайту жағына қарай өзгертілмейді.

      312. Екі кезеңдік тендердің қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырылады және бір мезгілде комиссия мүшелерінің және екі кезеңдік тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің электрондық поштасына мынадай ақпараттан тұратын хабарландырумен аукционды өткізу аяқталған күні сатып алу веб-порталына орналастырылады:

      1) екі кезеңдік тендердің нөмірі;

      2) екі кезеңдік тендердің атауы;

      3) ұйымдастырушының атауы;

      4) ұйымдастырушының мекенжайы;

      5) комиссияның құрамы, комиссияның хатшысы туралы деректер;

      6) саны мен жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың атаулары, лоттардың нөмірлері;

      7) аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен орналасқан жері (мекенжайы);

      8) әлеуетті өнім берушілердің бастапқы ең төменгі баға ұсынысы;

      9) аукционды бастау күні мен уақыты;

      10) аукционды аяқтау күні мен уақыты;

      11) сатып алынатын тауарлардың атаулары, саны, бағасы мен сомасы көрсетілген әрбір лот бойынша жеңімпаздардың атаулары (бар болса);

      12) екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы (ол айқындалған жағдайда);

      13) екі кезеңдік тендерді не оның жекелеген лотын өткізілмеді деп тану негіздемесі (мұндай жағдай туындаған кезде);

      14) осы Қағидалардың 21-тарауына сәйкес лоттарды көрсете отырып, берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын отандық өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      15) осы Қағидалардың 18-тарауына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай лоттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың 27, 31 және 32-тармақтарына сәйкес өнім беру шарты жасалатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      16) лоттар көрсетілген беру шарттары жасалатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары.

6-параграф. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздемелері

      313. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты осы Қағидалардың 300-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша өткізілмеді деп танылады.

      Ескерту. 313-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

16-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу

1-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      314. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда:

      1) екі кезеңдік тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеді деп танылған кезде;

      2) тапсырыс берушілерден дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім келіп түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру және толықтыру үшін сатып алу кезінде;

      3) екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (бар болса) белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймағанда;

      4) өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде;

      5) халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – аналогтары жоқ тауарлар) әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден сатып алу кезінде;

      6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу кезінде;

      7) екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін сатып алу кезінде жүзеге асырады.

      8) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға берілетін мемлекеттік квота бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді тоқсан күнгі қажеттілікке дейін сатып алуды жүзеге асыру қажет болған кезде жүзеге асырады.

      Ескерту. 314-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2017 № 829 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      315. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу (осы Қағидалардың 314-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес сатып алуды қоспағанда) мынадай жүйелі іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) бірыңғай дистрибьютордың осы тәсілді қолдану негіздемесімен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдау;

      2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін ұйымдастыру мен өткізу үшін комиссия құру;

      3) әлеуетті өнім берушілерге бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру жіберу;

      4) әлеуетті өнім берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу жөніндегі келісімін немесе себептерін көрсете отырып қатысудан бас тарту туралы хатты жіберу. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады. Бұл ретте, осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады;

      5) әлеуетті өнім берушінің бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 212, 214-тармақтарына сәйкес осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттарды және баға ұсынысын бірыңғай дистрибьюторға жіберу. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауына берілген ағадан және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның саудалық атауына белгілеген шекті бағадан асырылмайды;

      6) өнім беру шартының бағасын төмендетуге қарай әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізу. Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, бұл бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды;

      7) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қажетті құжаттарды әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру, онда мыналар көрсетіледі:

      комиссияның құрамы мен хатшысы;

      бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу негіздемесі;

      бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      бірыңғай дистрибьюторға құжаттарды ұсыну уақыты мен күні көрсетілген әлеуметті өнім берушілердің атаулары;

      құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      сатып алынатын тауарлардың (бар болса) атауы, саны, бағасы мен сомасы көрсетілген, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушінің атауы;

      өнім беру шартына қол қойылуға тиіс мерзім;

      бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған тауарлардың атауы.

      Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға барлық қатысып отырған комиссия мүшелері, төраға, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы шешім қабылдаған күні қол қояды және әр парағына бұрыштама қол қояды;

      8) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде өнім беру шартын жасасу немесе осы тараудың 4-параграфында көзделген жағдайларда өнім беру шартына қосымша келісім жасасу. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша беру шарттары осы Қағидалардың 18-тарауының талаптары ескеріле отырып жасалады.

      Осы тармақта көзделген талаптар осы тарауда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.

      Ескерту. 315-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-параграф. Екі кезеңдік тендер тұтастай немесе қандай да бір лоты бойынша өткізілмеді деп танылған кезде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      316. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып аулға қатысуға арналған өтінімдердің ұсынылмауы себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың веб-порталына тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады.

      317. Екі кезеңдік тендер бір де бір әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға жіберілмеуі себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың веб-порталына тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады.

      Бұл ретте бір көзден сатып алуға екі кезеңдік тендерге қатысқан осы Қағидалардың 3-тарауының біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерге рұқсат етіледі.

      318. Екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу аукционға қатысуға тек бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуі себебінен өткізілмеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

      319. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      320. Өтпеген екі кезеңдік тендерлер бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор шақырған екі кезеңдік тендерге қатысушы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін, егер ол аукционға қатысуға жіберілген немесе осы Қағидаларға сәйкес оған қолдау көрсетілген болса, осы екі кезеңдік тендерге қатысушының осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер өтпеген екі кезеңдік тендердің шарттарына сәйкес келуге тиіс. Өткізілмеді деп танылған екі кезеңдік тендердің хабарламасында көзделген тауарларды беру мерзімдерін ағымдағы қаржы жылы шегінде, бірақ бір көзден сатып алу тәсілін өткізуге жұмсалған мерзімнен аспайтын мерзімге асыруға рұқсат етіледі, бұл өнім беру шартында көрсетіледі.

      321. Өтпеген екі кезеңдік тендерлер бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін ұсынатын баға ұсынысы әлеуетті өнім берушінің аукционды өткізу кезінде берген түпкілікті баға ұсынысынан, ал ол болмаған жағдайда бастапқы баға ұсынысынан аспайды. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қайталама өткізілген кезде бірыңғай дистрибьютор тауарларды тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын бағамен сатып алады.

4-параграф. Тапсырыс берушілерден дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінім түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін сатып алу кезінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      322. Тапсырыс берушілерден дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайту жағына қарай қосымша өтінімдер түскен кезде, сондай-ақ сол қаржы жылы төмендемейтін қорды қалыптастыру немесе толықтыру үшін сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор қолда бар шартқа қосымша келісім жасау жолымен өнім беру шартының талаптарына сәйкес тіркелген бағалар бойынша сол бір өнім берушіден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 324-тармағына сәйкес сатып алу кезінде осы Қағидалардың 315-тармағының 2), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген іс-шаралар жүзеге асырылмайды.

      323. Өнім беруші сол қаржы жылы қосымша көлемді беруден толық бас тартқан жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады. Өнім беруші сол қаржы жылы қосымша көлемді беруден ішінара бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор осы өнім берушіден сатып алуды жүзеге асырудан бас тартады не одан берудің бұрын жасалған шартында тіркелген баға бойынша ұсынылған ішінара көлемді сатып алуды жүзеге асырады, ал қосымша көлемнің қалған бөлігіне бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады. Бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен қайта сатып алған кездегі тауардың бағасы берудің бұрын жасалған шартының тіркелген бағасынан асырылмауға тиіс.

5-параграф. Екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өнім беру шартына немесе берудің ұзақ мерзімді шартына белгіленген мерзімде қол қоймағанда немесе қол қоюдан жалтарғанда бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      324. Екі кезеңдік тендердің жеңімпазы және (немесе) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймағанда немесе қол қоюдан жалтарғанда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаздан және екінші орын алған өнім берушіден кейін аукционда ең төмен баға ұсынысын берген екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушіге (бар болса) шақыру жібереді. Бұл ретте шақырылған әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы аукционға ұсынған оның түпкілікті баға ұсынысынан аспауға тиіс. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен қайталама сатып алуды өткізу кезінде бірыңғай дистрибьютор тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын бағалар бойынша тауарларды сатып алады.

      325. Осы Қағидалардың 324-тармағына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға бірыңғай дистрибьютор шақырған әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына екі кезеңдік тендердің осы қатысушысының сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер екі кезеңдік тендердің талаптарына сәйкес келуге тиіс. Тауарды ағымдағы қаржы жылының шегінде екі кезеңдік тендердің хабарландыруында көзделген беру мерзімдерінен, бірақ бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізуге жұмсалған мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етіледі, бұл өнім беру шартында көрсетіледі.

      326. Егер лот бойынша аукционға өнім беру шартына қол қоймаған немесе қол қоюдан жалтарған тек екі әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды сатып алу туралы хабарландыруды бірыңғай дистрибьютордың веб-порталына орналастырады. Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 325-тармағында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады.

6-параграф. Өнім берушінің өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      327. Өнім берушінің өнім беру шарты немесе берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауына, тиісінше орындамауына байланысты өнім беру шарты бұзылған кезде бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырады.

      Бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға осы Қағидалардың 14-тармағының біліктілік талаптарына сәйкес келетін екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

      Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 315-тармағында көзделген тәртіппен рәсімдерді жүзеге асырады.

      328. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берудің бұзылған шартының тіркелген бағасынан, сондай-ақ халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан асырылмайды.

      Бұл ретте бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартының бағасын төмендету тұрғысында шақырылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, бұл бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

7-параграф. Әлеуетті өнім берушіден – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық өндірушіден халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогы жоқ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу тәртібі

      329. Әлеуетті өнім беруші-шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден аналогтары жоқ тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іс-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) бірыңғай дистрибьютор аналогтары жоқ тауарлар тізбесін растау үшін сараптама ұйымына сұрау салуды бірыңғай дистрибьютордың тізімін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жібереді;

      2) сараптама ұйымы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ тауарлардың тізбесін жібереді;

      3) бірыңғай дистрибьютор электрондық пошта арқылы екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасындағы әлеуетті өнім берушілерге – шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) өкілдеріне немесе отандық өндірушілерге беру шарттарын жасау мүмкіндігін растау мақсатында келіссөздер жүргізуге арналған шақыру хаттарын жібереді;

      4) әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) немесе отандық өндіруші он жұмыс күні ішінде беру шарттарын жасау бойынша келіссөздерге қатысатыны туралы растауды не себептері көрсетілген қатысудан бас тарту туралы хатты жібереді. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша растауды ұсыну мерзімін он бес жұмыс күніне дейін ұзартуға құқылы. Бұл ретте осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы беру шарттарын жасау бойынша келіссөздерге қатысудан бас тарту ретінде бағаланады;

      5) әлеуетті өнім берушілерден-шетелдік өндірушілерден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық өндірушілерден түскен хаттардың негізінде бірыңғай дистрибьютор беру шарттарын немесе қолданыстағы өнім беру шарты болған жағдайда жоспарланып отырған қаржы жылына арналған қосымша келісім жасау мүмкіндігі тұрғысында келіссөздер жүргізеді;

      6) шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) беру шарттарын жасау жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды әлеуетті өнім берушіге жібереді. Өнім беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушімен жүргізілген келіссөздер хаттамасы негізінде осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес екі кезеңдік тендер өткізеді;

      7) әлеуетті өнім беруші – шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) немесе отандық өндіруші 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 331, 332-тармақтарына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады;

      8) бірыңғай дистрибьютор бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құрады;

      9) әлеуетті өнім берушіден – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) немесе отандық тауар өндірушіден аналогтары жоқ тауарларды бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу туралы шешім шетелдік валютада шарт жасалған жағдайда бос ақша қаражаты қорының болуы ескеріліп қабылданады;

      10) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде (әлеуетті өнім берушімен – шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) немесе отандық тауар өндірушімен қолданыстағы өнім беру шарты – жоспарланған қаржы жылына арналған қосымша келісім болған жағдайда) бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартын жасайды.

      330. Осы параграфқа сәйкес сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп туындайтын жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 20-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

      331. Әлеуетті өнім берушіден – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) аналогтары жоқ тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор:

      1) баға ұсынысын;

      2) тіркелгенін растайтын қолданыстағы құжаттың көшірмесін немесе сараптама ұйымының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталған Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан үзінді не электрондық үкімет веб-порталы арқылы алынған уәкілетті органның Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелуге және қолдануға нотариат куәландырған рұқсатының көшірмесін;

      3) беру кезінде жарамдылық мерзімі көрсетілген тіркеу куәлігіне сәйкес өндіруші немесе дайындаушы зауыт растаған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кестесін;

      4) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құжатының заңдастырылған немесе апостиль қойылған не, егер шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса, онда өкілдікті (филиал) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы (куәлікті) және өкілдік (филиал) туралы ережені;

      5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіруге және (немесе) көтерме, бөлшек саудада өткізуге шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) құқығын растайтын құжаттардың заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелерін нотариат куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасымен (бар болса);

      6) GMP және GDP талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін (бар болса);

      7) уәкілетті адамның қол қою құқығын растайтын құжаттың көшірмесін сұратады.

      Егер алдағы жылы шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) шарт әрекет еткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды талап етпеуі мүмкін.

      332. Әлеуетті өнім берушіден – шетелдік заңды тұлғаның филиалынан не Қазақстан Республикасында шетелдік өндірушінің заңды тұлғасы ретінде тіркелген еншілес компаниядан немесе фармацевтикалық компанияның тобына кірген және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды экспорттауға уәкілетті адамнан сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор шетелдік заңды тұлғаның филиалынан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шетелдік өндірушісінің мекемесін растайтын құжаттарды қосымша сұратады.

      Әлеуетті өнім берушіден - отандық өндірушіден аналогтары жоқ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор 4) және 5) тармақшаларды қоспағанда, 331-тармақта аталған құжаттарды сұратады.

      333. Отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік өндірушіден аналогтары жоқ тауарларды бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық өндірушімен немесе шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен), шетелдік заңды тұлғаның филиалымен не заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген еншілес компаниямен немесе фармацевтикалық компанияның тобына кірген заңды тұлғамен немесе Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды экспорттауға уәкілетті тұлғамен үш жылға дейінгі мерзімде өнім берудің азаматтық-құқықтық шарты жасалады.

      334. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аналогтары жоқ тауарларды берудің үш жылдық шарты сатып алынатын тауарлардың жыл сайынғы ең төменгі саны және сатып алу бағасы үш жылдық кезеңге бекіте отырып, тауарлардың қажеттілігі мен сұранысының болжамы ескеріле отырып, мөлшері келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалатын, әлеуетті өнім беруші жыл сайынғы қосымша жеңілдікті ұсынған жағдайда жасалуы мүмкін. Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осындай тауарларға үш жылдық кезеңге арналған жыл сайынғы ең төмен қажеттілікті айқындайды және оны бірыңғай дистрибьюторға ұсынады. Бірыңғай дистрибьютор ең төмен қажеттілік туралы уәкілетті органның ақпараты негізінде аналогтары жоқ тауарлардың әлеуетті өнім берушісімен жыл сайынғы қосымша жеңілдіктің мөлшерін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган сатып алынатын тауарлардың жыл сайынғы ең төменгі санын және сатып алу бағасын үш жылдық кезеңге бекіте отырып өнім берудің үш жылдық шартын жасау және үш жылға шекті бағаны тіркеу туралы шешім қабылдайды. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушімен өнім беру шартын жасасады.

      335. Шетелдік өндірушімен (дайындаушы зауытпен) шетелдік валютада аналогтары жоқ тауарларды өнім беру шартын жасаған жағдайда өнім беру шартының бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жоспарланатын қаржы жылы осы валютамен бекітіледі.

      Бұл ретте шарттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша есептелген ұлттық валютадағы бағасы тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайды.

      Тапсырыс берушінің қосымша өтінімдері бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өнім беру шартында көрсетілген валютамен тіркелген баға бойынша әлеуетті өнім берушіден – шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушілер үшін прайс-парақтың бағасы валюта бағамына қарамастан тиісті қаржы жылына арналған сатып алу шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін өзгеріссіз қалады.

      336. Аналогтары жоқ тауарлардың өнім беру шарты:

      1) халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және сипаттамасы бойынша тиісті қаржы жылы міндеттемелерді орындағаннан кейін дәрілік заттардың немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың аналогтары Қазақстан Республикасында тіркелген;

      2) бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен дәрілік заттар және медициналық бұйымдар алынып тасталған;

      3) Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылған жағдайларда бұзылуға жатады.

8-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың (келісімдердің), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттардың негізінде, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдардан немесе олар арқылы сатып алу тәртібі

      337. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төнген жағдайларда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енбейтін дәрілік заттарды сатып алуға жол беріледі.

      Ескерту. 337-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      338. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде ол тауардың бағасы осы халықаралық ұйымның сатып алуды ұйымдастыру және (немесе) тауарларды беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуымен байланысты барлық шығыстарды жабу үшін қажетті қосымша алымдарға шығындарды қамтитын, бірақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын баға ұсынысын береді.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған тауарды беруді жүзеге асыру кезінде тауарларға осы Қағидалардың 4-тарауының 20-тармағында белгіленген талаптар қойылмайды.

      339. Тауарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алу кезінде Тауарды беру туралы келісімде көрсетілетін соманың мөлшерінде алдын ала төлем жасауға жол беріледі.

      340. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйым арқылы сатып алынған тауарды беру кезінде тауарларды берумен байланысты қосымша қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тартуға жол беріледі.

8-1-параграф. Екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәсілінің тәртібі

      Ескерту. 16-тарау 8-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.12.2017 № 829 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      340-1. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес екі кезеңдік тендер қорытындысын шығару 2018 жылға өткен жағдайда бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнге дейінгі қажеттілігін бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алуға құқылы.

      340-2. Хабарландыру берілетін екі кезеңдік тендердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық қызметтердің жалпы жылдық көлемі бір көзден сатып алу тәртібімен сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің тиісті көлеміне азаяды.


8-2-параграф. Есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) дәрілік препараттарды бір көзден алу тәсілімен сатып алу тәртібі.

      Ескерту. 16-тарау 8-2-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      340-3. Есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота бекітілгенге дейін бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметті және (немесе) дәрілік препараттарды бір көзден алу тәсілімен олардың жалпы жылдық көлемінен тоқсан күнгі қажеттілікке дейін сатып алуға құқылы.

      340-4. Жарияланатын екі кезеңдік тендердің Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерінің және (немесе) дәрілік препараттарының жалпы жылдық көлемі бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің және (немесе) дәрілік препараттардың тиісті көлеміне азайтылады.

9-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тану кезіндегі шешімдер

      341. Егер бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;

      2) екі кезеңдік тендер және екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу шарттарын өзгерту туралы;

      3) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің қатарынан бірыңғай дистрибьютор айқындаған әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен қайталама сатып алуды жүзеге асыру туралы (бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен қайталама сатып алуға осы Қағидалардың 14-тармағының біліктілік талаптарына сәйкес келетін, екі кезеңдік тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілер жіберіледі);

      4) тапсырыс берушілердің қажеттілігі болмаған жағдайда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы.

      Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру кезінде осындай шешімді лизинг беруші не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

      Ескерту. 341-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

17-тарау. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу

1-параграф. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздемелері

      342. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды осы Қағидалардың 316, 317, 318-тармақтарында көзделген жағдайларда сатып алу веб-порталы арқылы бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      Ескерту. 342-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      343. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу (осы Қағидалардың 314-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес сатып алуды қоспағанда) мынадай жүйелі іс-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) осы тәсілді қолдану негіздемесімен сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы бірыңғай дистрибьютордың шешім қабылдауы;

      2) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия, комиссия хатшысын құру;

      3) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды жіберу;

      4) шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы келісімін әлеуетті өнім берушінің сатып алу веб-порталы арқылы жіберу;

      5) тендерлік комиссияның әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды сатып алу веб-порталы арқылы қарауы;

      6) бағаны төмендету тұрғысында әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізу;

      7) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы сатып алу веб-порталына орналастыру.

      344. Әлеуетті өнім берушіні сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыру тәртібі, шарттары мен мазмұны осы Қағидалардың 16-тарауының 3-5-параграфтарына сәйкес айқындалады.

      345. Әлеуетті өнім беруші сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға сатып алу веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды:

      1) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы келісімді немесе себептері көрсетілген қатысудан бас тарту туралы хатты;

      2) тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген бағадан және халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайтын баға ұсынысын;

      3) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін жібереді.

      Құжаттар сатып алу веб-порталы арқылы электрондық көшірмелер түрінде, қажет болған кезде әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған нотариат куәландырған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің негізделген өтініші бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады. Осы тармақшада белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан әлеуетті өнім берушінің бас тартуы ретінде бағаланады.

      346. Осы Қағидалардың 345-тармағында көрсетілген құжаттарды әлеуетті өнім берушінің ұсыну мерзімі өткеннен кейін комиссия мүшелерін және сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіні бір мезгілде электрондық пошта арқылы хабардар ете отырып, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері сатып алу веб-порталында автоматты түрде ашылады.

      347. Өтпеген екі кезеңдік тендерлер бойынша сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін бірыңғай дистрибьютор шақырған екі кезеңдік тендердің қатысушысы, егер ол екі кезеңдік тендерге қатысуға жіберілсе, осы екі кезеңдік тендерге қатысушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қайта ұсынбайды. Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер өтпеген екі кезеңдік тендердің талаптарына сәйкес келуге тиіс. Тауарды беру мерзімдерін ағымдағы қаржы жылының шегінде, бірақ сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізуге жұмсалған мерзімнен аспайтын өтпеді деп танылған екі кезеңдік тендердің хабарландыруында көзделген мерзімдерден ұзартуға рұқсат етіледі.

      348. Өнім беру шартының бағасын төмендету тұрғысында келіссөздер жүргізу үшін комиссия хатшысы сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім берушіге келіссөздерді жүргізу орны, күні, уақыты көрсетілген келіссөздерді жүргізуге шақыру жібереді.

      Әлеуетті өнім беруші мұндай ұсыныстан бас тарта алады, ол бірыңғай дистрибьютордың өнім беру шартына қол қоюдан бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.

      349. Тендерлік комиссия әлеуетті өнім беруші құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін осы Қағидалардың біліктілік талаптарына және талаптарына сәйкестік тұрғысында қарайды.

      350. Комиссия хатшысы комиссия шешім қабылдаған күні комиссия мүшелеріне және сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабарлай отырып, бірыңғай дистрибьютордың сатып алу веб-порталында сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және жариялайды, онда мыналар көрсетіледі:

      1) күні мен уақыты;

      2) шақыру нөмірі;

      3) шақырудың атауы;

      4) лоттың нөмірі;

      5) лоттың атауы;

      6) комиссияның құрамы және комиссияның хатшысы туралы деректер;

      7) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізу негізі;

      8) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға шақырылған әлеуетті өнім берушінің атауы;

      9) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат;

      10) комиссияның дауыс беру нәтижесі және мынадай мәліметтер көрсетілген олар бойынша қабылданған шешімдер:

      біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына (сатып алу ерекшеліктерін ескере отырып) сәйкес келетін/сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің атауы;

      сатып алынатын тауарлардың атаулары, саны, бағасы және сомасы (бар болса) көрсетілген сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушінің атауы;

      11) сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған тауарлардың атаулары.

3-параграф. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздемелері

      351. Сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу:

      1) әлеуетті өнім берушінің құжаттары осы Қағидалардың талаптарына және сатып алу шарттарына сәйкес келмеген;

      2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болған;

      3) әлеуетті өнім беруші сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

18-тарау. Өнім беру шарттарын жасасу және орындау


1-параграф. Өнім беру шартын жасасу

      352. Сатып алу қорытындысы шығарылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған өнім беру шартының қол қойылған жобасын жеңімпазға, әлеуетті өнім берушіге жібереді.

      Бірыңғай дистрибьютор шарттың жобасымен бір мезгілде жеңімпазға:

      1) "CT-KZ" ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты (отандық тауар өндірушілер үшін);

      2) екінші қаптамасының өлшеміне және салмағына; тасымалдау қорабындағы екінші қаптамаларының санына; тасымалдау қорабының өлшемі мен салмағына;тасымалдау және сақтау үшін паллеттерде тасымалдау қораптарын орналастыру нормаларына; талап етілетін сақтау және тасымалдау шарттарына қатысты өндіруші растаған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір саудалық атауы бойынша ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы сұрау салуды жібереді.

      Жеңімпаз немесе өнім беруші бірыңғай дистрибьютор сұрау салуды жіберген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға сұрау салынған ақпаратты ұсынады.

      353. Өнім беру шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз, әлеуетті өнім беруші өнім беру шартына қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға ұсынады немесе өнім беру шартының талаптарымен келіспейтіні немесе оған қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабарлайды.

      Егер әлеуетті өнім беруші, жеңімпаз осы тармақта белгіленген мерзімде өнім беру шартына қол қоймаса бірыңғай дистрибьютор жеңімпаз өнім беру шартын жасаудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қол қойылған өнім беру шартын жібереді. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған өнім беру шартын берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өнім беру шартына қол қояды және бірыңғай дистрибьюторға ұсынады.

      354. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, өнім беру шарты оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

      355. Өнім беру шартының жобасын дайындау кезінде бірыңғай дистрибьютор сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында өз қалауы бойынша (санын ұлғайту не азайту жағына қарай) екінші қаптамаға дейін дөңгелектейді.

      356. Осы параграфта көзделген өнім беру шартына қойылатын талаптар аналогтары жоқ дәрілік заттар, медициналық бұйымдар бойынша шетелдік өндірушілермен (өндіруші зауыт) немесе отандық өндірушілермен жасалатын берудің азаматтық-құқықтық шарттарына қолданылмайды.

      357. Өнім беру шартына өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін (осы Қағидалардың 358-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге, оның ішінде өнім беру шартында көрсетілген тауардың саудалық атауын басқа тауардың саудалық атауымен өзгертуге жол берілмейді.

      358. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапасы және басқа да талаптары өзгермеген жағдайда жасалған өнім беру шартына:

      1) тараптардың өзара келісімі бойынша тауарларға бағаларды және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;

      2) тауарлардың көлемін өзгерту бөлігінде;

      3) тауарға арналған тіркеу куәлігіне енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру бөлігінде;

      4) тіркеу куәлігінің иесі және тауарға шекті баға өзгермеген кезде өндірушінің атауын өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      359. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттер бекітілгеннен кейін тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьюторға ұсынған түзетілген өтінімде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері азайтылған жағдайда, өнім беру шартына да беру көлемін тиісінше азайту бойынша және шарт сомасына мөлшерлес өзгерістер енгізіледі.

      360. Бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартына қол қойылғанға дейін жеңімпазбен немесе әлеуетті өнім берушімен өнім беру шартының бағасын төмендету мақсатында келіссөздер жүргізе алады. Жеңімпаз, әлеуетті өнім беруші мұндай төмендетумен келіспеуі мүмкін, бұл ретте бірыңғай дистрибьютор жеңімпазбен немесе әлеуетті өнім берушімен өнім беру шартына қол қоюдан жалтара алмайды.

      361. Осы Қағидалардың 352-тармағында белгіленген мерзімдерде жеткізілетін тауарларға отандық тауар өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес олардың толық өндірілгенін немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағанын растайтын "СТ-KZ" ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынбаған жағдайда бірыңғай дистрибьютор өнім беру шартын бұзады.

2-параграф. Өнім беру шартын орындауды қамтамасыз ету

      362. Бірыңғай дистрибьютор шартқа қол қойылғанға дейін шарттың орындалуын қамтамасыз ету тұрғысында әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьютормен шарт жасаған кезде өнім беру шарты бағасының 3 %-ы (үш) мөлшерінде шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерінің бірін таңдай алады:

      1) бірыңғай дистрибьютордың банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігі;

      3) өнім берушіге болашақта түсетін бірыңғай дистрибьютордың пайдасына ақшалай кепілдік.

      363. Өнім беру шартының орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші онымен жасалған өнім беру шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігі ретінде ұсынады.

      364. Өнім берушінің өнім беру шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкелетін іс-әрекеттерді жасауына жол берiлмейдi.

      365. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету аналогтары жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша шетелдік өндірушілермен (дайындаушы зауытпен) шарттар жасалған жағдайда немесе егер өнім беру шартының сомасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, енгізілмейді.

      366. Өнім беру шарты бойынша өнім берушінің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютордың ұстап қалуына мынадай жағдайлар негіз болып табылады:

      1) өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы бірыңғай дистрибьютордың шартты бір жақты тәртіппен бұзуына әкеп соғуы;

      2) бұзушылықтар немесе өнім берушінің дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың беру немесе өнім беру немесе бірнеше партиясын беруді шартта көзделген мерзімдерін бұзу сапалық мәнде мерзімінде жеткізілмеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне қарамастан жиынтық мәнде күнтізбелік 90 ( тоқсан) күнді құрауы.

19-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға, төтенше жағдайларды болдырмауға және олардың салдарын жоюға арналған дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі (сатып алудың ерекше тәртібі)

      367. Сатып алудың ерекше тәртібі:

      1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу;

      2) төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою қажеттілігі жағдайларында жүзеге асырылады.

      368. Осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары және тауарларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылатын сатып алудың ерекше тәртібі тәсілімен сатып алуға қолданылмайды.

      369. Сатып алудың ерекше тәртібінің мақсаттары үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

      1) сатып алудың ерекше тәртібіне жататын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін (тізімін) және көлемін;

      2) кедендік тазарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болжамды құнын (бағасын);

      3) сатып алуды қаржыландыру көздерін айқындайды.

      370. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға сатып алудың ерекше тәртібіне қатысуға рұқсат етіледі.

      371. Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттар шеңберінде жасалған шарттарда (келісімдерде) шарт сомасының жүз пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.

      372. Сатып алудың ерекше тәртібін жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:

      1) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша ұсынысты;

      2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелуін және осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, актілерді сұратады.

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат құжаттарын сұратады.

      373. Сатып алудың ерекше тәртібінің шарты (келісімі) осы тараудың талаптары ескеріле отырып жасалады.

20-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      374. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға конкурс өткізу мақсатында бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау бойынша әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін ескере отырып, алдын ала номенклатураны қалыптастырады және жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.

      Ескерту. 374-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      375. Алдын ала номенклатура әлеуетті өнім берушілердің өтініштеріндегі конкурс өткізілетін жылы қолданыстағы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің бұрын жасалған ұзақ мерзімді шарттарының бары немесе жоғы көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларын қамтиды.

      Номенклатураға екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер тіркеген дәрілік заттар, медициналық бұйымдар енгізілмейді.

      376. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың алдын ала номенклатурасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, техникалық сипаттамасы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша беру кезеңінің ұзақтығы көрсетілген, формулярлық комиссия мақұлдаған бекітілген номенклатураны ұсынады.

      377. Бірыңғай дистрибьютор берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу үшін бағалау комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      Комиссия берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған немесе берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілмеді деп танылған кезден бастап өз қызметін тоқтатады.

      378. Комиссия құрамына:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері;

      2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның фармацевтикалық өнеркәсіпке жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес қызметкерлері;

      3) мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес қызметкерлері;

      4) сараптама ұйымының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мамандандырылған сараптамасы мәселелеріне жетекшілік ететін, құрылымдық бөлімше басшыларынан төмен емес қызметкерлері;

      5) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімше басшыларынан төмен емес қызметкерлері;

      6) "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және (немесе) өкілдері;

      7) денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.

      Ескерту. 378-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      379. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

      Бірыңғай дистрибьютордың басшысы не оны алмастыратын адам Комиссия төрағасы болып тағайындалады, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкері төрағаның орынбасары болып тағайындалады.

      Ескерту. 379-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      380. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      381. Бірыңғай дистрибьютордың қызметкері комиссия хатшысы болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, комиссия отырысы өткеннен кейін оның хаттамаларын ресімдейді, келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдарын жүргізеді, оларда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысқан адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, беттері нөмірленген болуға, соңғы парағына бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті адамының қолы қойылуға тиіс.

      382. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысуы шартымен өткізіледі.

      Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      383. Қажет болған кезде комиссия конкурстың талаптарына өтінімнің сәйкестігін бағалау үшін тиісті саладан сарапшыны (-ларды) тарта алады. Сарапшының комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.

      384 Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатқа ие және өтінімдерді бағалау кезінде ескеріледі, жазбаша түрде ресімделеді, сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      385. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілер өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн қалғанда өзінің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.

      386. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;

      2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы және олардың техникалық сипаттамалары көрсетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы;

      3) берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні, уақыты және орны;

      4) өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.

      387. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға өтінімді мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынады:

      1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары (лоттар) көрсетілген және өтінімге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі қоса берілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі ұсынылады);

      4) техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады, ол;

      инвестициялық жобаның мақсаты және операторы туралы ақпарат;

      инвестициялық жобаның құны және қаржыландыру көздері туралы ақпарат;

      Қазақстан Республикасында және (немесе) басқа да елдерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу туралы ақпарат, сондай-ақ тіркеу куәлігінің нөмірлері мен күндері көрсетілген өндірілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі;

      өндіруге жоспарланатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі;

      өнімді өткізу бағдарламасын қоса алғанда, коммерциялық бөлімі; технологияның сипаттамасын қоса алғанда, техникалық бөлімі мен сипаттамасы бар технологиялық жабдықтың тізбесі;

      экологиялық бөлім;

      қаржы бөлімі;

      әлеуметтік-экономикалық бөлім;

      жобалық тәуекелдер туралы ақпарат;

      дәрілік заттар, медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері туралы ақпарат;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру және (немесе) жаңғырту бойынша инвестициялық жобаны іске асырудың тоқсан бойынша кестесі;

      әрбір атауы бойынша дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кезеңінің басталу күндері туралы ақпарат;

      инфрақұрылым туралы ақпарат;

      5) конкурсты хабарлау күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер жатады.

      Өтінімдер дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды шығару бойынша әртүрлі өндірістік желілерге ұсынылған жағдайда техникалық-экономикалық негіздемедегі және (немесе) бизнес-жоспардағы ақпарат әрбір өндірістік желі бойынша бөлек көрсетіледі.

      388. Өтінімді әлеуетті өнім беруші екі конвертте – түпнұсқада және көшірмеде, желімделген түрде, тігілген, беттері нөмірленген, соңғы бетін әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамы куәландырған түрде ұсынады, түпнұсқасы және көшірмелері, әлеуетті өнім берушінің заңды мекенжайы және атауы көрсетілген конверттер бірыңғай дистрибьюторға хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жіберілуге, "Берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға арналған конкурс" және "_______ дейін ашпаңыз (хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)" деген сөздерді қамтуға тиіс.

      389. Әлеуетті өнім беруші өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өтінімді кері қайтару туралы әлеуетті өнім берушінің хабарламасы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей жазбаша нысанда бірыңғай дистрибьюторға жіберілуге тиіс.

      390. Оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін берілген, желімделген, сондай-ақ бір конвертте ұсынылған өтінімді конкурстық комиссияның хатшысы қабылдамайды.

      391. Тігілмеген немесе беттері нөмірленбеген немесе соңғы бетін уәкілетті адам куәландырмаған өтінім анықталған (конверттерді ашу) кезде әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамына қайтарылады. Конверттерді ашу рәсімі кезінде әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамы болмаған жағдайда комиссияның хатшысы пошта жөнелтілімі арқылы өтінімді қайтарады.

      392. Өтінімдер салынған конверттерді комиссия хабарландыруда көрсетілген уақытта, күні және орында ашады.

      Әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

      Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері комиссияны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудиожазба мен бейнетүсірілімнің техникалық құралдары туралы хабардар етеді.

      393. Өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия хатшысы қатысушы адамдарға конкурсқа қатысып жатқан әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайын, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінде берілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (лоттардың нөмірлерін) атауын жариялайды. Бұл ақпарат өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі, ол конверттерді ашу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында жарияланады.

      394. Комиссия хатшысы конверттерді ашу рәсімінен кейін үш жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға өтінімдердің көшірмелерін салалық қорытындыны алу үшін жібереді.

      395. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган өтінімдердің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға инвестициялық жоба орынды немесе орынсыз деген салалық қорытындыны комиссияның одан әрі қарауы үшін жібереді.

      396. Салалық қорытынды техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) мынадай өлшемшарттар бойынша бизнес-жоспар негізінде беріледі: жобаның пысықталу дәрежесі, қаржыландыру көздері, тиісінше нысаналы пайдаланылатын жер учаскесімен қамтамасыз етілуі.

      397. Комиссия ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушілерге бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ескертулер хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын береді.

      398. Өтінімдерінде сәйкессіздіктер бар әлеуетті өнім берушілер, сондай-ақ ең жоғары баға жеңілдігін айқындау рәсімін өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтерді қамтитын ескертулер хаттамасы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы алынған күннен кейін келесі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жасалады.

      399. Олар бойынша осы тараудың талаптарына сәйкес кері қайтарылмаған екі және одан да көп өтінім ұсынылған (лотта бәсекелестік орта болған жағдайда) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (лоттардың) атаулары бойынша жеңімпазды комиссия балдық жүйемен айқындайды.

      400. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне мынадай бағалау өлшемшарттары (балдық жүйе) қолданылады:

      1) инвестициялық жобаны іске асыруды толық өтейтін қаржы құралдарының болуын растау:

      инвестициялық жобаның іске асырылуын толық жабатын өзінің қаржы қаражаты (әлеуетті өнім берушінің шотында тиісті қаржы қаражатының бар-жоғы туралы банктің анықтамасы, актілермен және/немесе қаржы құжаттарымен расталған мүлікті сатып алу-сату шарттары) – 2 балл;

      инвестициялық жобаны іске асыруды толықтай өтейтін қаржы қаражаты (қарыз берушіде осындай қаражаттың бар болуы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қаржы қаражаты қарызының шарты, кредиттік лимит беру туралы шарт) – 1 балл;

      2) әлеуетті өнім берушінің немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) Қазақстан Республикасынан тыс жердегі бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі (дәрілік заттарды немесе медициналық мақсаттағы бұйым өндіруге рұқсат беретін лицензия немесе құжат) – 2 балл;

      3) әлеуетті өнім берушінің немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) Қазақстан Республикасының аумағындағы бес жылдан астам фармацевтикалық өндіріс тәжірибесі (дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндіруге рұқсат беретін лицензия немесе құжат) – 3 балл;

      4) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар өндірісін құру және (немесе) жаңғырту үшін пайдаланылатын жер учаскесінің бар-жоғы туралы растау:

      меншігінде (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акт, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және конкурс жарияланған күннен ерте берілген оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама) – 2 балл;

      жалдауда, сенімгерлік басқаруда, уақытша жерді пайдалануда (инвестициялық жобаға сәйкес келетін нысаналы мақсаты көрсетілген жер учаскесіне акті) немесе жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органның оң шешімі – 1 балл;

      5) өндіріс циклы бойынша:

      толықтай Қазақстанда шығарылған дәрілік заттар, медициналық бұйымдар өндірісі (Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдерден ғана Қазақстанда өндірілген дәрілік заттар, медициналық бұйымдар) – 3 балл.

      "СТ-KZ" ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар дәрілік заттар/медициналық бұйымдар осы тармақ бойынша жалпы негізде, өндірістік циклға сәйкес бағаланады.

      401. Балл алу үшін барлық құжаттар түпнұсқада немесе нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.

      402. Қағидалардың осы тарауының талаптарына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 400-тармағында көзделген әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балдарды қосу арқылы өтінімде көрсетілген лоттар бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      Бір лот бойынша бірнеше әлеуетті өнім берушілердің балдары тең болған жағдайда комиссия жеңімпазды ең жоғары бағалық жеңілдік бойынша айқындайды.

      403. Ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ескертулер хаттамасында көрсетілген уақытта, күні және орында өткізіледі. Шартты бағалық жеңілдіктің ең төменгі қадамы үш пайызды құрайды.

      404. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағалық жеңілдігі лот бойынша шартты бағалық жеңілдік көрсетілген бірінші басшының немесе осындай шартты бағалық жеңілдікке қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылып, жазбаша ұсынылады.

      405. Әлеуетті өнім беруші қандай да бір лот бойынша бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.

      406. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсімінен шеттету нәтижесінде бір ғана әлеуетті өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.

      407. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық шартты бағалық жеңілдіктерді, оның ішінде лот бойынша ең жоғары шартты бағалық жеңілдікті хабарлайды және оларға бастапқы шартты бағалық жеңілдікті ұлғайтуды ұсынады.

      408. Түпкілікті шартты бағалық жеңілдіктерді қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай бағалық жеңілдіктерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған сәтінен бастап бес минутты құрайды.

      409. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.

      410. Комиссия:

      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған;

      2) осы Қағидаларда белгіленген инвестициялық жобаны іске асырудың мерзімі асырылған;

      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның инвестициялық жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы салалық қорытындысы алынған жағдайларда тұтастай немесе жекелеген лоттар бөлігінде өтінімді қайтарады.

      411. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс тұтас немесе жекелеген лоттар бөлігінде:

      1) лот бойынша бір де бір өтінім ұсынылмаған;

      2) лот бойынша барлық өтінімдер қайтарылған;

      3) ол осы тараудың талаптарына сәйкес келген жағдайда онымен конкурс өткізбей берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім беруші бір ғана өтінім ұсынған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

      412. Комиссия қорытынды шығарады және мынадай:

      1) лот бойынша бір де бір өтінімнің ұсынылмағаны туралы;

      2) өтінім берілген дәрілік заттар, медициналық бұйымдар (лоттары көрсетілген), әрбір лот бойынша жиналған балдар саны, олармен бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт жасайтын әрбір лот бойынша жеңімпаздар көрсетілген әлеуетті өнім берушілер туралы;

      3) өтінімдері негіздемесі көрсетіле отырып қайтарылған әлеуетті өнім берушілер туралы;

      4) ол осы тараудың талаптарына сәйкес келген жағдайда онымен конкурс өткізбей берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы ақпаратты қамтитын хаттамаға қол қояды.

      413. Бірыңғай дистрибьютор қорытындылар хаттамасының негізінде оған қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады. Бұл ретте өтінім берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

      414. Берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды осы Қағидаларда белгілеген тәсілдермен сатып алады.

      415. Ұзақ мерзімді шарт жасалған кезден бастап және берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген объектіні пайдалануға беру/жаңғырту күні арасындағы кезең екі жылдан аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімі асырылған және өнім беруші объектіні пайдалануға беру туралы актіні/жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есеппен бірге хабарламаны көрсетілген кезең аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор біржақты тәртіппен берудің ұзақ мерзімді шартын бұзады.

      416. Объектіні пайдалануға беру/жаңғырту сәтінен бастап және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру басталған күн арасындағы кезең объектіні пайдалануға беру актісі/жаңғырту туралы егжей-тегжейлі есеппен бірге хабарлама ұсынылған кезден бастап есептелетін берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген үш жылдан аспауға тиіс.

      Осы тармақтың талаптары осы Қағидалар күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.

      417. Өнім беруші дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беруге дайын екендігі туралы бірыңғай дистрибьюторды хабардар етеді.

      Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға өнім берушілердің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беруге дайын екендігі туралы ақпаратты тауарлардың атаулары мен сипаттамасын көрсетіп бірыңғай дистрибьютордың тізіміне қосу үшін жібереді.

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 352-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты бірыңғай дистрибьютордан алғаннан кейін күнтізбелік 20 күн ішінде бірыңғай дистрибьюторға өнім берушілермен тауарды беру бойынша қосымша келісім жасасу үшін бірыңғай дистрибьютордың бекітілген тізімін жібереді.

      418. беруді бастау күні бірыңғай дистрибьюторға мынадай құжаттар:

      1) фармацевтикалық қызметке лицензия;

      2) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға тиісті тіркеу куәліктері;

      3) "СТ-KZ" ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат;

      4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру үшін "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына сәйкес тиісті өндірістік практика (GМP) стандарттарының енгізілуін растайтын құжат ұсынылғаннан кейін басталады.

      419. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тіркеу куәлігіне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы бөлігінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      420. Берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу тиісті қаржы жылына өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға өтініш берген сәтінен бастап жүзеге асырылады. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу тиісті қаржы жылына жүзеге асырылған жағдайда, онда берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алу келесі қаржы жылы жүзеге асырылады.

      421. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша олардың қолданылу мерзімі ішінде сатып алу дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі, бағасы, беру міндеттемелері мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ету көрсетілген тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімді жасау жолымен:

      1) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне қосылған;

      2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдер ұсынған;

      3) өнім беруші осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растаған;

      4) "СТ-KZ" ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат, сондай-ақ тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) сәйкес дәрілік заттарды өндіруге және/немесе халықаралық стандарт талаптарына сәйкес медициналық бұйымдарды өндіруге арналған сертификат ұсынылған;

      5) беру кестесі ұсынылған кезде тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады.

      422. Қосымша келісімге қол қою тиісті қаржы жылына арналған берудің түпкілікті бағасын айқындау бойынша келіссөздер жүргізіледі.

      423. Мыналар:

      1) осы Қағидаларда белгіленген инвестициялық жобаны іске асыру мерзімінің асырылуы;

      2) берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;

      3) беру басталғанға дейін өндіруден және беруден бас тарту не беру басталған күннен бастап қатарынан екі жыл бойы беруден бас тарту;

      4) инвестициялық жобаны іске асыру кестесінің бұзылуы;

      5) оны ұсыну берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы жартыжылдық есептің уақтылы ұсынылмауы;

      6) уәкілетті органның дәрілік заттың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты өнім беру шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

      Берудің ұзақ мерзімді шарты осы тармақта көзделген негіздемелер бойынша бұзылған жағдайда, оны дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеке позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.

      424. Берудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.

21-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      425. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілермен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасау олар бойынша берудің ұзақ мерзімді шартын жасау мүмкін болатын және бұрын жасалған берудің ұзақ мерзімді шарттары жоқ дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бірыңғай дистрибьютор тізімін алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      426. Егер сатып алуды өткізу туралы хабарландыру орналастырылған кезеңге екі және одан да көп отандық тауар өндіруші дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеген жағдайда берудің ұзақ мерзімді шартын жасау мүмкін болмайды.

      427. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға үміткер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік тендердің нәтижелері бойынша:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе сертификатпен белгіленген тәртіппен берілген дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) стандартының талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификатты немесе "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілген медициналық бұйымдар үшін ИСО 13485 сапаны басқару жүйесі стандартының талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификатты;

      2) рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өндіру бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсатты (лицензияны);

      3) Кодекстің ережелеріне және өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес берілген отандық өндірушінің тауарына тіркеу куәлігін ұсына отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша толтырылатын тендерлік өтінімде берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға дайын лоттарды қосымша көрсетеді.

      428. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып, өткізілген тендер жеңімпазы тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу үшін бірыңғай дистрибьюторға беру көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын көрсете отырып, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кестесін ұсынады.

      429. Бірыңғай дистрибьютор тендер жеңімпазынан дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кестесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған берудің ұзақ мерзімді шартын жібереді.

      430. Егер тендер жеңімпазы бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кестесін ұсынбаса, онда бірыңғай дистрибьютор онымен жасалатын берудің ұзақ мерзімді шартына қол қоюдан бас тартуға тиіс.

      431. Бірыңғай дистрибьютор:

      1) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне қосылған;

      2) тапсырыс берушілер дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдер ұсынған;

      3) өнім беруші осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растаған;

      4) жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес толық өндірілгенін немесе жеткілікті қайта өңделгендігін растайтын олардың "СТ-KZ" ішкі айналыс үшін шығу тегін растайтын сертификаты, сондай-ақ тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес дәрілік заттарды өндіруге арналған сертификат және/немесе техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық бұйымдар үшін ИСО 13485 сапаны басқару жүйесінің стандартына сәйкес медициналық бұйымдарды өндіру сертификаты ұсынылған;

      5) беру кестесі ұсынылған кезде әрбір қаржы жылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде, тиісті қаржы жылына көлемін, бағасын, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру шарттарын көрсете отырып, қосымша келісім жасасу жолымен сатып алуды жүзеге асырады.

      432. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:

      1) берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;

      2) өндіруден және беруден бас тарту;

      3) өнім берушінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірісін тоқтатуы;

      4) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар атауларының бірыңғай дистрибьютордың тізімінен алып тасталуы негіз болып табылады.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген негіздер бойынша берудің ұзақ мерзімді шарты бұзылған жағдайда, оны берудің ұзақ мерзімді шартының тізімінен алып тастауға жататын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың позициялары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі.

      433. Отандық өндіруші беруден бас тартқан жағдайда, бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.

21-1-тарау. Бірегей патенттелген дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      Ескерту. Қаулы 21-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      433-1. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде сатып алуды жүргізу мақсатында бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу жөніндегі өтініштерін ескере отырып, сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.

      433-2. Тізбеде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің бұрын жасалған ұзақ мерзімді шарттарының болуы немесе болмауы көрсетіле отырып, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың атаулары қамтылады.

      Қажет болған жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады. Сарапшы ұзақ мерзімді шарттың дәрілік заттарының, медициналық бұйымдарының техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі ұсынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді.

      433-3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, техникалық сипаттамасын, 10 жылға дейінгі мерзімге дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша өнім беру кезеңінің ұзақтығын көрсете отырып, формулярлық комиссия мақұлдаған, бекітілген тізбені ұсынады.

      433-4. Бірыңғай дистрибьютор келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісіне сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.

      433-5. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға арналған сатып алуды өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссия құрады және оның құрамын бекітеді, оған:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жұмыскерлері;

      2) сараптама ұйымының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мамандандырылған сараптау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан төмен емес дәрежедегі жұмыскерлері;

      3) бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан төмен емес дәрежедегі жұмыскерлері кіреді.

      433-6. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторға:

      1) шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құжатының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар, заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмесін;

      2) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) көтерме, бөлшек саудада өткізу құқығын растайтын құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар, заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелерін (бар болса);

      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндіріске арналған шартты;

      4) жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беру кезеңінің басталу күні мен құны туралы ақпарат қамтылатын бизнес-жоспарды;

      5) өндіру жоспарланған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімін;

      6) бірегей дәрілік затқа, медициналық бұйымға патенттің көшірмесін ұсынады.

      433-7. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндіріс бойынша сатып алу қорытындысы туралы хаттаманың негізінде бірыңғай дистрибьютор 5 жұмыс күні ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасады.

      433-8. Ұзақ мерзімді шарт жасалған сәттен бастап және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар беру күні басталған кезең екі жылдан аспауы тиіс. Көрсетілген мерзімнен асқан жағдайда бірыңғай дистрибьютор өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бір жақты тәртіппен бұзады.

      433-9. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі бірыңғай дистрибьюторды дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беруге әзір екендігі туралы хабардар етеді.

      433-10. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізу үшін тауарлардың атауы мен сипаттамасын көрсете отырып, келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды беруге әзір екендігі туралы ақпаратты жібереді.

      433-11. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде сатып алуды:

      1) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген;

      2) дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға тиісті тіркеу куәлігі берілген;

      3) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сапаны басқару жүйесі стандартының (ИСО 13485) талаптарына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру үшін тиісті өндірістік практика (GМР) стандарттарының енгізілгенін растайтын құжат ұсынылған;

      4) өнім беру кестесі берілген жағдайда тиісті қаржы жылына арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көлемін, бағасын, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді және өнім беру шарттарын көрсете отырып, қосымша келісім жасау жолымен тиісті қаржы жылына жүзеге асырылады.

      433-12. Қосымша келісімге қол қою алдында тиісті қаржы жылына өнім берудің түпкілікті бағасын айқындау бойынша келіссөздер жүргізіледі.

      433-13. Келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерімен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:

      1) осы Қағидаларда белгіленген жобаны іске асыру мерзімінің асып кетуі;

      2) өнім берудің ұзақ мерзімді шартында көзделген міндеттемелердің бұзылуы;

      3) өнім беру басталғанға дейін өндіруден және өнім беруден бас тарту не өнім беруді бастау күнінен бастап қатарынан екі жыл бойы өнім беруден бас тартуы;

      4) уәкілетті органның дәрілік заттың дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаты негіз болып табылады.

22-тарау. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      Ескерту. 22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      434. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды өнім берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіге сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша болжамды бағасын қамтитын ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 434-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      435. Отандық тауар өндірушілер сараптамалық бағалауды жүргізу үшін лизинг берушіден тиісті сұрау салуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде лизинг берушіге өндіретін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, техникалық ерекшелігін және өндіруге жеткілікті, бірақ күнтізбелік бір жүз елу күннен аспайтын беру мерзімін, бір бірлікке және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша жиынтықтау бөлінісінде ұсынылатын құнын көрсете отырып жиынтығын, лицензиясын (бар болса) ұсынады.

      Ескерту. 435-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      436. Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 434-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынған, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер осы Қағидалардың 435-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушілер дайындайтын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды айқындау бөлігінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың ұсынылған атауларына, оңтайлы техникалық сипаттамасына, әрбір атауы және жиынтық бөлігіндегі құнына, беру мерзімдеріне, сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды отандық тауар өндірушілер дайындайтын бұйымдармен алмастыру мүмкіндігіне сараптамалық бағалау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекіте отырып, сараптамалық қорытынды шығарады.

      Ескерту. 436-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      437. Лизинг беруші сараптама қорытындысы шыққан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың әрбір атауы бойынша бір бірлігі үшін және жиынтықтау бөлігінде шекті бағасын көрсете отырып, техникалық ерекшелікпен бірге тігілген, бекітілген сараптамалық қорытындыны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 437-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      438. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіден техникалық ерекшелікпен бірге тігілген сараптамалық қорытындыны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға отандық тауар өндірушілердің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамаларын, әрбір атауы бойынша бірлігі үшін және жиынтықтау бөлігінде шекті бағасын, өнім беру кезеңінің ұзақтығын қамтуға берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу жөніндегі өтініштерін ескере отырып, тиіс өнім берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша сатып алынуға жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың бекітілген тізбесін жібереді.

      Ескерту. 438-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      439. Кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді немесе сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

      комиссияны құру, комиссияның хатшысын айқындау;

      конкурс өткізу туралы хабарландыру;

      конкурстық өтінімдерді қабылдау және алдын ала қарау;

      конкурстық өтінімдерге толықтыруларды қабылдау және қарау, қажет болғанда сарапшыны(-ларды) тарту;

      ең жоғары бағалық жеңілдікті ұсыну рәсіміне (бұдан әрі – аукцион) жіберілген әлеуетті өнім берушілерді айқындау;

      әлеуетті өнім берушілердің бағалық жеңілдігін салыстыру жолымен аукцион өткізу;

      сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу.

      Ескерту. 439-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      440. Берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу, конкурстық комиссияның (бұдан әрі – комиссия), сараптамалық комиссияның құрамын бекіту, комиссия хатшысын тағайындау туралы шешім бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысының бұйрығы түрінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алынуға жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың бекітілген тізбесін алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      Ескерту. 440-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      441. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссияны, сараптау комиссиясын құрады және олардың құрамын бекітеді.

      Ескерту. 441-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      442. Комиссия өз қызметін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған не сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өткізілмеді деп танылған сәттен бастап тоқтатады.

      Ескерту. 442-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      443. Комиссия құрамына:

      1) медициналық техниканы қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес басшы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері (келісім бойынша);

      2) бірыңғай дистрибьютордың басшылары, қызметкерлері;

      3) сараптама ұйымының басшысы, қызметкерлері (келісу бойынша);

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық немесе медициналық өнеркәсіп бойынша аккредиттеген бейінді қауымдастықтардың басшының орынбасарынан төмен емес өкілдері (келісім бойынша);

      5) "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасарынан (келісім бойынша) төмен емес өкілдері кіреді.

      Ескерту. 443-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      444. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға және он үш адамнан артық болмауға тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

      445. Бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы комиссия төрағасы болып анықталады, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкері комиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

      Ескерту. 445-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      446. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      447. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, комиссия отырысы өткізілгеннен кейін оның хаттамаларын рәсімдейді, келіп түскен өтінімдерді және өтінім салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілуге, беттері нөмірленуге, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті адамының қолымен куәландырылуға тиіс.

      448. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.

      449. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі

      450. Қажет болған кезде бірыңғай дистрибьютор бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.

      451. Сарапшылар ретінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың сұрау салынған бейіні бойынша мамандар және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының мамандары не сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшылары тартылады.

      Ескерту. 451-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      452. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізіміне сәйкес техникалық сипаттамалардың талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сараптамалық қорытындыны әлеуетті өнім берушінің өтінімін ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.

      Ескерту. 452-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      453. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда өзінің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізетіні туралы хабарландыруды орналастырады.

      Ескерту. 453-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      454. Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы мен банктік деректемелері;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітілген сатып алынатын сервистік қызметті талап ететін медициналық бұйымның атауы, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамасы, әрбір атауы бойынша бір бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде шекті бағаны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдері, беру кезеңінің ұзақтығын қамтуға тиіс сатып алуға жататын кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді немесе сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесі (мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген ақпарат бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ғана орналастырылуы мүмкін);

      3) берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.

      Ескерту. 454-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      455. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға өтінімді желімделген түрде ұсынады.

      456. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін алынған, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамның қолымен куәландырылмаған өтінім қабылданбайды және оны ұсынған әлеуеті өнім берушіге қайтарылады.

      457. Өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу үшін әлеуетті өнім беруші өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда өтінімді өзгерту немесе кері қайтару туралы хабарлама жібереді.

      458. Конкурстық өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағы уәкілетті адамның қолтаңбасымен куәландырылады.

      459. Конкурстық өтінімнің техникалық ерекшелігі (беттері нөмірленіп, тігілген түрде, олардың соңғысы уәкілетті адамның қолымен куәландырылып) конкурстық өтінімге бөлек қосылып беріледі және конкурстық өтініммен бір конвертке салынады.

      460. Әлеуетті өнім беруші өтінімді әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетілген конвертке желімделеді. Конверт бірыңғай дистрибьютордың хабарландыруында көрсетілген мекенжайға жіберіледі және мынадай: "Медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс" және ______ дейін ашуға болмайды (хабарландыруда конверттер ашылатын күні және уақыты көрсетіледі)" деген сөздерді қамтуға тиіс.

      461. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензиясының болуы;

      2) жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

      3) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің болуы;

      4) төлем қабілеттілігінің болуы, таратуға жатпауы, сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрған болмауға тиіс;

      5) отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуы;

      6) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;

      7) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрмауы.

      Ескерту. 461-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      462. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:

      1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың (лоттардың) атауы көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен ерте берілмеген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінің үзінді ұсынылады);

      заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады);

      конкурсты хабарлау күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы құжат;

      әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);

      3) ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз және электрондық түрдегі (doc* форматында) техникалық ерекшеліктер;

      4) белгіленген үлгідегі "CT-KZ" ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

      5) медициналық техниканы өндірудің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен 13485 ISO сапаны бақылау жүйесі стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      6) ұсынылатын медициналық техниканың осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

      Ескерту. 462-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      463. Сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

      1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат құжатының) болуы. Тіркеу тіркелуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынған үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;

      2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды таңбалау, тұтынушылық қаптамасы, қолдану жөніндегі нұсқаулық және пайдалану құжаты Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес келуі;

      3) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

      4) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым жаңа, бұрын пайдаланылмаған, беру сәтінің алдындағы жиырма төрт айда шығарылған болып табылады;

      5) өлшеу құралдарына жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;

      6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде тіркелген.

      Ескерту. 463-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      464. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.

      465. Комиссия конверттерді ашу кезінде рәсімдерді өткізу орнын, уақытын мен күнін көрсетіп, регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді. Регламент бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына да орналастырылады.

      466. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.

      467. Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайларын, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері ұсынылған лоттардың атауларын хабарлайды және аталған ақпаратты өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында тіркейді.

      468. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдердің біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Әлеуеттi өнiм берушiлердiң банкроттық не тарату рәсiмiне қатысы жоқтығы бөлiгiнде олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн нақтылау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды, олардың жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болуы бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.

      469. Комиссия регламентке сай күні мен уақытына сәйкес, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру арқылы) әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;

      3) конкурстық өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді талап етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      4) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      5) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдеріне ескертулер;

      6) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі;

      7) екі конкурстық өтінімнен аз өтінім ұсынылған лоттардың нөмірлері.

      470. Комиссия көрсеткен ескертулерді жою мерзімі ашу хаттамасы жария етілген күнді қоспағанда, үш жұмыс күнін құрайды.

      471. Ескертулер жойылғаннан кейін конкурстық өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген толықтырулар түріндегі өзгертілген конкурстық өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістер енгізу мерзімдерінде комиссияның хатшысына ұсынылады.

      472. Толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия ашу хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері конкурстық өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

      473. Өзгерістер енгізу үшін мерзімінде ұсынылған конкурстық өтінімдерге толықтырулар зерделенгеннен кейін комиссия регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттер ашылатын күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жариялайды.

      474. Әлеуетті өнім берушілерді ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу хаттамасына комиссия ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жария еткен күні қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор жіберу хаттамасына комиссия мүшелері қол қойған күннен кейін келесі жұмыс күні оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады және мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;

      3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) егер сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды техникалық сипаттамалардың (техникалық ерекшеліктердің) талаптарына сәйкес келмейді деп таныса;

      5) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді жіберу туралы комиссияның шешімі.

      475. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін, егер:

      1) ұсынылған өтінім осы Қағидалардың 462-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

      2) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 461-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) егер сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды техникалық сипаттамалардың (техникалық ерекшеліктердің) талаптарына сәйкес келмейді деп таныса;

      5) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның техникалық сипаттамасы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сайтына орналастырылған тіркеу куәлігінде және (немесе) олардың тіркеу дерекнамасында көрсетілген техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақталуына сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді толық не лоттар бойынша қайтарады.

      Ескерту. 475-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      476. Конкурсқа лотта тек бір ғана отандық өндіруші қатысқан жағдайда, ол осы тарауда көзделген біліктілік және өзге де талаптарға сәйкес келген кезде соңғысымен автоматты түрде ұзақ мерзімді шарт жасалады.

      477. Лот бойынша бәсекелестік орта болған жағдайда, комиссия жеңімпазды ең жоғары бағалық жеңілдік рәсімі бойынша айқындайды.

      478. Бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына жіберу хаттамасы орналастырылған күннен бастап екінші жұмыс күні комиссия ең жоғары бағалық жеңілдік рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілерден бағалық жеңілдіктерді қабылдауды бастайды.

      479. Әлеуетті өнім беруші бағалық жеңілдікті беруге уәкілетті адамның қатысуын қамтамасыз етеді.

      480. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағалық жеңілдігі бірінші басшының немесе осындай бағалық жеңілдікке қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылған лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті көрсетіп, жазбаша түрде ұсынылады.

      Бағалық жеңілдіктің ең төменгі қадамы бір пайызды құрайды.

      481. Әлеуетті өнім беруші қандай да бір лот бойынша бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.

      482. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттету нәтижесінде бір ғана өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.

      483. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық бағалық жеңілдіктерді, оның ішінде лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті жариялайды және оларға бастапқы бағалық жеңілдікті ұлғайтуды ұсынады.

      484. Түпкілікті бағалық жеңілдіктерді қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай бағалық жеңілдіктерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған сәтінен бастап бес минутқа дейінгі уақытты құрайды.

      485. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.

      486. Ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ең жоғары бағалық жеңілдік біреу болған жағдайда түпкілікті болып табылады

      487. Лот бойынша бірдей екі түпкілікті бағалық жеңілдік болған жағдайда жеңімпаз "СТ КZ" сәйкес қазақстандық қамтудың ең көп үлесі бойынша айқындалады.

      488. лот бойынша бірдей екі бағалық жеңілдік және "СТ КZ" сәйкес бірдей қазақстандық қамту үлесі болған жағдайда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімді бірінші берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      489. Бағалық жеңілдігі басқа бағалық жеңілдіктерге қарағанда ең жоғары болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      490. Ұсынылған бағалық жеңілдік берудің ұзақ мерзімді шартының әрекет ету мерзімінде қолданылады. Бағалық жеңілдік ұлғаю жағына өзгереді және азаю жағына қарай өзгермеуге тиіс.

      491. Ұсынылған баға жеңілдігін сатып алу жылына сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға баға жеңілдігін азайтқанда, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның бағасына теңеседі.

      Ескерту. 491-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      492. Комиссия отырыста қорытынды шығарады және хаттамаға қол қояды.

      493. Қорытындылар хаттамасында:

      1) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімінің күні, басталу және аяқталу уақыты;

      2) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайлары;

      3) лоттардың атаулары мен қысқаша сипаттамасы;

      4) бір де бір әлеуетті өнім беруші шықпаған лоттардың атаулары;

      5) конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған ең жоғары жеңілдік;

      6) конкурс жеңімпаздарының атаулары мен мекенжайлары;

      7) автоматты түрде берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы ақпарат көрсетіледі.

      494. Ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі аяқталған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор лоттар бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға арналған конкурс қорытындыларының хаттамасын интернет-ресурста жариялайды.

      Ескерту. 494-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      495. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсы мынадай жағдайларда тұтастай не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады:

      1) лот бойынша ұсынылған өтінімдер болмаған;

      2) лот бойынша ұсынылған барлық өтінімдер бас тартылған;

      3) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде барлық әлеуетті өнім берушілердің бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайларда, тұтастай не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады.

      Ескерту. 495-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      496. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің үлгілік ұзақ мерзімді шартына сәйкес оған қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасайды.

      Ескерту. 496-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      497. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға конкурс қорытындыларының хаттамасын және техникалық ерекшеліктердің көшірмелерін, бір бірлікке және жиынтық бөлінісіндегі құнын, тауардың әрбір атауы бойынша қағаз және электрондық түрдегі (doc * форматында) беру мерзімдерін қоса бере отырып, өткізілген конкурстың қорытындылары және конкурс жеңімпаздарының тізімімен ақпараттық хатты жібереді.

      Ескерту. 497-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      498. Ақпараттық хатты алғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құны, бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын әр тауардың атауы бойынша беру мерзімдері көрсетілген техникалық ерекшеліктерді қоса бере отырып, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізімін бекітеді.

      Ескерту. 498-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      499. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізімін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Ескерту. 499-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      500. Облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен алынатын отандық өндірушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарына берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша қажеттілікті айқындау мақсатында тапсырыс берушілер есепті тоқсандық кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей кейіннен бірыңғай дистрибьюторға бере отырып (сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға қажеттілік) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесі, саны, техникалық ерекшелігі, клиникалық-техникалық негіздемесі қамтылған ақпаратты ұсынады.

      Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылында қажеттілік туындаған кезде тапсырыс беруші тиісті қаржы жылындағы әрбір айдың бірінші күнінен бесінші күні аралығында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауларын және модельдерін, олардың саны мен беру кестесін көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға сатып алуға өтінім ұсынады.

      Ескерту. 500-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      501. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден ақпарат алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алған ақпаратты клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізу және сараптамалық қорытынды шығару үшін лизинг берушіге жібереді.

      502. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ақпарат берген кезден, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет есебінен сатып алатын тапсырыс берушілер ақпаратты алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымының сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды қабылдауға және тиісінше пайдалануға дайындық деңгейін, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында клиникалық-техникалық негіздемесі бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.

      Ескерту. 502-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      503. Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      504. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг беруші сараптамалық қорытындыны ұсынған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оны тапсырыс берушіге кейіннен бірыңғай дистрибьюторға өтінім ұсыну үшін жібереді.

      505. Тапсырыс берушілер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізімді бекіткеннен, сондай-ақ бюджет бекітілгеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға өтінім береді, онда мыналар:

      1) сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы;

      2) техникалық ерекшелігі, жиынтықтығы, саны, беру мерзімі, шарттары және орны;

      3) облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар сатып алынған жағдайда, сараптама тобының сараптамалық қорытындысының көшірмесі;

      4) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының/ереженің көшірмелері қоса берілген тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекенжайы (пошта және заңды), байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның атқарып отырған лауазымын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), шеңберінде сатып алу жоспарланған бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы, банктік деректемелер қамтылады.

      Ескерту. 505-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      506. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті қаржы жылына арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша үш жақты сатып алу шартымен ресімделетін тапсырыс берушілердің әрбір келесі күнтізбелік жылға өтінімдерінің негізінде:

      1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген;

      2) тапсырыс берушілер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды беру санын (көлемін) айқындаған;

      3) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі расталған жағдайларда сатып алуды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Ескерту. 506-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      507. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдерді алған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей отандық өндірушіге берудің ұзақ мерзімді шартының шеңберінде сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алудың үш жақты шартын қол қоюға жібереді. Отандық өндіруші оны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алудың үш жақты шартына қол қояды.

      Бірыңғай дистрибьютор қол қойылған сатып алудың үш жақты шартын алған күннен бастап оны тапсырыс берушіге қол қоюға береді.

      Тапсырыс беруші алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алудың үш жақты шартына қол қояды және Бірыңғай дистрибьюторға жібереді.

      Ескерту. 507-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      508. Отандық тауар өндіруші мынадай жағдайларда лизинг беруші сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін жеткізілетін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына жылына бір реттен асырмай шекті бағаны өзгерту үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады:

      1) техникалық сипаттамалардың жақсару жағына қарай өзгеруі;

      2) сараптамалық қорытындының алдыңғы күнімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексінің ресми өзгерісін есепке ала отырып, шекті бағаны ұлғайту немесе азайту.

      Ескерту. 508-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      509. Отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың шекті бағасына болжамды өзгерістер туралы өтінім жібереді, ол мыналарды:

      1) осы Қағидалардың 508-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда тіркелген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, жинақтау бөлігіндегі болжамды бағасын, техникалық ерекшелікті және оларды жақсарту жағына қарай техникалық сипаттамасын;

      2) осы Қағидалардың 508-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда тіркелген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, сараптамалық қорытындының алдыңғы күнінен бастап өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексінің ресми өзгерісін растайтын құжатты, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың жинақтау бөлігіндегі болжамды бағасын, техникалық ерекшелікті қамтиды.

      Ескерту. 509-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      510. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушіге сараптамалық бағалау жүргізу үшін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың келісілген тізбесін жібереді.

      Ескерту. 510-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      511. Сараптамалық бағалау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.

      Сараптамалық бағалау жүргізу үшін отандық тауар өндіруші шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалауды жүзеге асыратын ұйымға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесінде көзделген құжаттарды ұсынады.

      Сараптамалық бағалауды жүзеге асыратын ұйым қызметтерді ақылы көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде отандық тауар өндірушілерге сараптамалық қорытындыны ұсынады.

      Ескерту. 511-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      512. Отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орғанға сараптамалық қорытындының түпнұсқасын жібереді.

      513. Уәкілетті орган отандық тауар өндірушіден техникалық ерекшелікпен бірге тігілген сараптамалық қорытындыны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға жиынтықтар бөлінісіндегі шекті бағасымен бірге берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуға жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың бекітілген тізбесін жібереді.

      Ескерту. 513-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      514. Берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:

      1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы:

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның кері қайтарылуы;

      3) екі жыл қатарынан беруден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);

      4) бірнеше рет сапасы лайықсыз тауарды беру;

      5) өнім берушінің жосықсыз өнім берушілер тізбесіне енгізілу жағдайлары негіз болып табылады.

23-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі

      515. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.

      516. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор алдыңғы жылы тапсырыс беруші нақты сатып алған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы көлемінің он пайызына дейін бірыңғай дистрибьютор төмендемейтін қор тізбесін бекіткен күні сатып алады.

      517. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда:

      1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға беру мерзімін бұзған кезде;

      2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;

      3) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған кезде;

      4) тапсырыс берушілерден сол қаржы жылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінім келіп түскен кезде;

      5) осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен (өз қалауы бойынша) жасалатын шарттар есебінен қалған жарамдылық мерзімін жаңартқан жағдайда тапсырыс берушілерден келесі қаржы жылына өтінімдер келіп түскен кезде пайдаланылады.

      518. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қорын осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтарын есепке алғанда) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады (өз қалауы бойынша).

4-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде лизинг берушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуы

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

24-тарау. Лизинг берушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуы

      Ескерту. 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-параграф. Лизинг берушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібі

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      519. Қаржы лизингі шарттарында одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      520. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды қаржы лизингі жағдайларында сатып алу үшін өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

      1) клиникалық-техникалық негіздеме;

      2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін алынатын медициналық бұйымдардың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік;

      Ескерту. 520-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін айқындайтын тәртіппен құжаттар және тізбеге сәйкес құжаттар.

      521. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау және ұйымдастырушылық сараптама, қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізеді.

      522. Лизинг беруші бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға сатып алуды ұйымдастыру үшін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін қағаз және электрондық жеткізгіштегі медициналық бұйымдардың тізбесін жібереді, ол сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, модельдері, шыққан жерінің атаулары және өндірушінің атауы, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін алынатын медициналық бұйымдардың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелікті қамтиды.

      Ескерту. 522-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      523. Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 522-тармағына сәйкес сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастырады. Хабарландыруда сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, модельдері, шыққан жерінің атаулары және өндірушінің атауы көрсетілген, тізбесін, санын, беру мерзімін, шарттары мен орнын, бағасы мен сатып алу үшін бөлінген соманы, ақы төлеу шарттарын, техникалық сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін) қамтитын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізімі көрсетіледі.

      Ескерту. 523-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      524. Сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор бес жұмыс күні ішінде лизинг берушіге қорытындылар хаттамасының куәландырылған көшірмесін жібереді.

      525. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, лизинг беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;

      2) екі кезеңдік тендер шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен қайталама өткізу туралы;

      3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.

      526. Лизинг беруші сатып алу қорытындысы хаттамасының расталған көшірмесін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және жеңімпазбен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың қаржы лизингі шартын жасасады.

      Ескерту. 526-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      527. Қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау ұйымына лизинг нысанасын береді, іске қосу-реттеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға кепілдікті сервистік қызмет көрсету сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының әрекет ету мерзіміне қолданылады.

      Ескерту. 527-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      528. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды қаржы лизингі шарттарында сатып алу үшін өтінім береді, ол мыналарды:

      1) клиникалық-техникалық негіздемені;

      2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары, әлеуетті өнім берушінің атауы көрсетілген техникалық ерекшелікті;

      3) лизинг берушінің оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама мен қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуге арналған құжаттарды қамтиды.

      Ескерту. 528-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      529. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау және ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізеді.

      530. Оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші отандық өндірушінің сатып алуға жоспарланған медициналық техникасының тізбесін жасайды және лизингтік төлемдерді өтеу көзіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына оны атауы, құны, саны, беру мерзімі мен орны бөлігінде келісуге жібереді.

      531. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы осы Қағидалардың 530-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін келіседі.

      Ескерту. 531-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      532. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін келіскеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және отандық тауар өндіруші болып табылатын өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасады.

      Ескерту. 532-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      533. Қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін өнім беруші-отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау ұйымына шарт мәнін ұсынады, іске қосу-реттеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға кепілдікті сервистік қызмет көрсету сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының әрекет ету мерзімінде қолданылады.

      Ескерту. 533-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету

      534. Қаржы лизингі шарттарын кепілдікті қамтамасыз етудің (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мазмұны, нысаны және енгізу талаптары осы Қағидаларға сәйкес қаржы лизингі шартында белгіленеді.

      535. Қаржы лизингі шартын кепілдікті қамтамасыз ету:

      1) лизинг берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктік кепілдіктің түпнұсқасы түрінде ұсынылады.

      536. Өнім берушінің қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының пайда болуына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      537. Кепілдікті қамтамасыз ету, егер шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші қаржы лизингі шартын жасаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      538. Қаржы лизингі шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету осы шарт бойынша өнім беруші өзінің барлық міндеттемелерін толық және тиісінше орындағаннан кейін оның жазбаша өтініші бойынша өнім берушіге қайтарылады.

      539. Лизинг беруші қаржы лизингі шартын орындауды қамтамасыз етуді өнім берушіге мынадай:

      1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты қаржы лизингі шарты бұзылған;

      2) қаржы лизингі шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімдерін бұзу, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін сапасыз медициналық бұйымды беру, шарттың басқа да талаптарын бұзу) жағдайларда қайтармайды.

      Ескерту. 539-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      540. Шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін лизинг беруші қаржы лизингі шартының жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

5-бөлім. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы сатып алудың арнайы ережелері

      541. Банк кепілдігінің түпнұсқасын қоспағанда, ашылған тендерлік немесе конкурстық өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Бұл ретте тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор аталған құжаттың көшірмесін сақтауға тиіс.

      542. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың басшысы осындай сатып алуды тұтастай не тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп таниды.

      543. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 543-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысы. Қаулының таұырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 719 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 150-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1729 қаулысымен
бекітілген

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша "медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника", "медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың", "медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы", "медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы", "медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды", "медициналық мақсаттағы бұйым", "медициналық мақсаттағы бұйымдарды", "медициналық мақсаттағы бұйымдар", "медициналық мақсаттағы бұйымдармен", "медициналық техника", "медициналық техниканы" деген сөздер тиісінше "медициналық бұйым", "медициналық бұйымдарды", "медициналық бұйымды", "медициналық бұйымға", "медициналық бұйыммен", "медициналық бұйымдармен" "медициналық бұйымдар" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Үкіметінің 30.06.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2017 № 719 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға;

      2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) тапсырыс берушілер – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері;

      4) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) сатып алу – тапсырыс берушінің, бірыңғай дистрибьютордың, лизинг берушінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен, оның ішінде сатып алу веб-порталын пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      6) сараптамалық бағалау – лизинг беруші, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау;

      7) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;

      8) иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) – белсенді немесе белсенді емес иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық қарсылықтың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (табуға) арналған дәрілік препарат;

      9) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;

      11) біртекті тауарлар – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар;

      12) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);

      13) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шартын жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе);

      14) тендер – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;

      15) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін тендер (бұдан әрі – екі кезеңдік тендер) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аукционды қолдана отырып, шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі;

      16) тендерлік құжаттама – осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы ұсынатын құжаттама;

      17) тендерлік өтінім – тендерлік құжаттамаға немесе осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;

      18) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге немесе қорға және бірыңғай дистрибьюторға сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін адам;

      19) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға:

      Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсат (хабарлама) негізінде жүзеге асырылады;

      тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі;

      Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналыста болуға арналған тауарлар;

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлар;

      20) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) – тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде толық өндірілген немесе қайта өңделген, бұл экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шетелдік заңды тұлға;

      21) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімі (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютордың тізімі) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін:

      дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, олардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларын, отандық тауар өндірушілермен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін;

      дәрілік заттар үшін халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамы, медициналық бұйым үшін – атаулары немесе құрамы үшін нұсқаманы;

      сервистік қызмет көрсетуді, техникалық ерекшелікті және жиынтықты талап ететін медициналық бұйымдар үшін – атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдерін қамтитын құжат;

       22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму, елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестициялық қолдау саясаты саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      23) Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

      24) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – осы тармақтың 23) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      25) бекітілген баға – сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған өнім беруші дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьюторға беруге міндеттенетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;

      26) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғандағы халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің қызметі;

      27) өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің шығындарын өтеу – қор қаражаты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушіге өтеу;

      28) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты – Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушілерімен немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушімен дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және қолданудың әлеуетті қаупі бар 1 және 2а қауіпсіздік класындағы медициналық бұйымдарды (зарарсыздандырылғандардан басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдарға арналған сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруге арналған не дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес, ал медициналық бұйымдар үшін, қолданудың әлеуетті қаупі бар 1 және 2а қауіпсіздік класындағы медициналық бұйымдарды (зарарсыздандырылғандардан басқа) қоспағанда, сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медииналық бұйымдардың өндірісін немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттардың өндірушісімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектімен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен он жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

      29) кепілдікті сервистік қызмет көрсету – өндіретін зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үш жақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімде тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламаларды және жабдықты, деректерді беру арнасын, сәйкестендірілген бар кодты немесе өзге де әдісті пайдаланумен, онлайн режимде) көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны қамтитын берілген медициналық техниканы жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешені;

      30) қаржы лизингі шарты – үш жақты шарт, оған сәйкес лизинг беруші осы Қағидаларға сәйкес өнім берушіден лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын жеке меншігіне сатып алуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы лизинг нысанасын лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенеді;

      31) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт;

      32) өнім беру шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт;

      33) сатып алу шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт;

      34) фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші немесе бірыңғай дистрибьютор және өнім беруші арасында жасалған шарт;

      35) клиникалық-техникалық негіздеме – сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сұрау салынған медициналық бұйымның қажеттілігі мен денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпарат қамтылған құжат;

      36) лизинг беруші – тартылған және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг алушыға беретiн заңды тұлға (лизинг мәмiлесiне қатысушы);

      37) лизинг алушы – қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы);

      38) лизинг төлемдері – қаржы лизингі шартын жасау сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының барлық құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi ішінде жүзеге асырылатын, қаржы лизингі шарты қолданылуының барлық мерзiмi iшiнде қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, ол мыналарды қамтиды:

      қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа да шығындарды өтеуді;

      лизинг бойынша сыйақыны;

      39) біріздендіруге жататын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар – облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, біртекті техникалық сипаттамалары бар медициналық бұйымдар;

      40) лизинг мерзімі – лизинг нысанасы лизинг алушыға қаржы лизингі шартына сәйкес уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм, бұл ретте лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде қаржы лизингі шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқтырмайды;

      41) инвестициялық жоба – тиісті өндірістік практика стандарттарына (GMP) сәйкес дәрілік заттардың және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО сапасын басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

      42) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – сипаттамалары, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, өндіруші елі, бірыңғай дистрибьютордың бір бірлік үшін үстеме бағасын есепке алғанда, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағасы, сондай-ақ дәрілік заттар үшін саудалық және халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, медициналық бұйымдар үшін саудалық атауы немесе құрамы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың тізбесін қамтитын, тапсырыс берушілер мен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер берушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін баға ұсынысы;

      44) орфандық (сирек) дәрілік препарат – жиілігі Қазақстан Республикасында ресми айқындалған деңгейден аспайтын, орфандық (сирек) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;

      45) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге дейінгі және тіркеуден кейінгі кезеңдерде сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым (бұдан әрі – сараптама ұйымы);

      46) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісі – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;

      47) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;

      48) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      49) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      50) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      51) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;

      52) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;

      53) бірлесіп орындаушы – өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;

      54) ауыспалы қалдық – өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;

      55) денсаулық сақтау субъектілері – жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;

      56) DDP ИНКОТЕРМС 2010 – Халықаралық тауар палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині, мұнда тауар тапсырыс берушіге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылған, шартта көрсетілген межелі орнына жеткізілгенде;

      57) сатып алудың үш жақты шарты – сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;

      58) сарапшы – тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар сипаттамасының немесе техникалық ерекшелігінің бірыңғай дистрибьютордың тізіміне немесе сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері мен осы Қағидаларда белгіленген оларға қойылатын талаптарға сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды беру үшін өтеусіз негізде тартатын арнаулы және (немесе) техникалық білімі, өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

      59) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе;

      60) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға (бұдан әрі – халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағасы одан жоғары болса, сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;

      61) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өнім беру шартында көрсетілген, бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасына үстеме;

      60-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына шекті баға (бұдан әрі – саудалық атауына шекті баға) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағасы одан жоғары болса сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;

      62) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге байланысты есепке алуды, сақтауды халыққа өткізуді (рецептуралық босатуды) қамтамасыз ететін қызметі;

      63) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі шарт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар барлық қосымшалармен қол қойған бірыңғай дистрибьютор мен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер беруші арасында жасалған шарт;

      64) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары – денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтардың денсаулығын қорғау, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында басшылықты жүзеге асыратын, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      65) бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге байланысты бірыңғай дистрибьютор қорға көрсететін қызметтер жиынтығы;

      66) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;

      67) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;

      68) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың төмендемейтін қоры – өткен жылы тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютордың тізімінен іс жүзінде сатып алған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы көлемінен он пайызға дейінгі көлемде өз қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылы бірыңғай дистрибьютор белгілеген және сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;

      69) бірыңғай дистрибьютордың қызметтерді көрсету туралы шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшалармен тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызметтерді сатып алуға арналған қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған шарт;

      70) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шарты – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қор қаражаты есебінен бекітілген халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және барлық қосымшалармен электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор мен денсаулық сақтау субъектілері арасында жасалған шарт;

      71) жылжымалы кешен – емдік және диагностикалық іс-шараларды дербес орындауға мүмкіндік беретін, медициналық бұйымдар (тасымалданбайтын және портативті емес), сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар стационарлық бекітілген, арнайы автокөлік;

      72) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;

      73) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемде және шарттармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оған ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      74) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;

      75) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіру (бұдан әрі – келісімшарттық өндіру) – дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарт негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру;

      76) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндірісі бар және онымен бірегей патенттелген дәрілік препаратты келісімшарттық өндіріске шарт жасасқан (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлға;

      77) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі – халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;

      78) өндірістік алаң – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің бүкіл процесін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған, аумақтық жағынан оқшауланған кешені;

      79) сараптамалық топ – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, сандық құрамы бойынша кемінде үш адамнан тұратын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сұрау салынған медициналық бұйымдардың бейіні жөніндегі мамандар тобы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар, тәсілдер мен шектеулер

      3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:

      1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

      4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

      5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;

      6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;

      7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек;

      8) Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, медициналық техникамен үздіксіз қамтамасыз ету.

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық бұйымдар халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан аспайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бағамен сатып алынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші маусымына дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауларына шекті бағаны бекітеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:

      1) тендер;

      2) баға ұсыныстарын сұрату;

      3) бір көзден алу;

      4) оның тізіміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан;

      5) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор арқылы;

      6) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы лизингі шарттарында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген сатып алуды тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды:

      1) екі кезеңдік тендер;

      2) бір көзден алу;

      3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болғызбау және салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

      4) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құруға және (немесе) жаңартуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

      5) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;

      6) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алудың;

      7) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен бірегей патенттелген дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады;

      Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген сатып алуды сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.

      Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес бір қаржы жылы және өтінімдерінде бірдей сипаттамасы және (немесе) техникалық сипаттамасы (лоттары) бар дәрілік заттар және (немесе) медициналық бағыттағы бұйымдар көрсетілген сол бір әлеуетті өнім беруші қатысатын осы тармақтың 4), 5) тармақшаларына сәйкес сатып алу тәсілдерімен сатып алу рәсімдері бір мезгілде өткізілген жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия мұндай лоттары бар өтінімдерді, ашу рәсімін бұрын басталған деп қарайды. Бұл ретте тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды бұрын басталған сатып алу қорытындыларын шығарғанға дейін қарамайды.

      Бірыңғай дистрибьютор бұрын басталған сатып алу нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді шарт жасасқан жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды қараусыз қайтарады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Лизинг беруші қаржы лизингі шарттарында одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін бірыңғай дистрибьютор арқылы сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Жұмыскерлер, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің үлестес тұлғалары осы Қағидаларда реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыса алмайды.

      Әлеуетті өнім беруші және оның үлестес тұлғасы бір лот бойынша тендердің қатысушысы бола алмайды.

      Әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) әлеуетті өнім беруші бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің өкілі болып табылса;

      2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесінде болатын заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысы болса;

      3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;

      4) сатып алуға қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;

      5) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болса;

      6) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, сатып алуға қатыспайды.

      10. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде оны интернет-ресурсқа орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      11. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін:

      1) өнім берушілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету біліктілік талаптары немесе сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынуы;

      2) жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;

      3) екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;

      4) өнім берушілердің тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың бір жақты тәртіппен шартты бұзуына әкеп соқтырған олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы негіз болып табылады.

      11-1. Бірыңғай дистрибьютор сотқа талап қою негізінің басталғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюға міндетті.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуға жол беріледі, бұл ретте әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 10) тармақшаларында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

      13. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуге тиіс;

      2) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру немесе көтерме саудада өткізу жөніндегі фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілетті болуы;

      3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегі болмауға тиіс;

      4) осы Қағидалар бойынша сот жосықсыз деп танымаған болуға тиіс;

      5) тапсырыс берушімен, сатып алуды ұйымдастырушымен, бірыңғай дистрибьютормен үлестес болмауға тиіс;

      6) басқа әлеуетті өнім берушімен бір лот бойынша үлестес болмауға тиіс;

      7) заңды күшіне енген сот актісімен банкрот деп танылмаған болуға тиіс және оған қатысты банкроттық немесе таратылу рәсімдері жүргізілмеуге тиіс;

      8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзбауға тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет ету қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

      2) Қазақстан Республикасының резиденті болуы;

      3) олармен айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігі "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      4) төлем қабілеттілігі – салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;

      5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызмет сатып алуды жүргізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер және (немесе) өнім берушілер тізбесінде болмауы;

      7) Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      8) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы;

      9) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмауы;

      10) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген шектеулердің болмауы;

      11) осы Қағидаларда тыйым салынған бірыңғай дистрибьютормен қарым-қатынастың болмауы.

      15. Біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.

      16. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарын қоймайды.

      Әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште немесе сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларда көзделген құжаттарды және/немесе құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      17. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тендердің, екі кезеңдік тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттың; медициналық мақсаттағы бұйымның; медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып, бір саудалық атауын ұсынады.

      Әлеуетті өнім беруші дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның бір атауы бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде, сондай-ақ бір көзден немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу кезінде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның, медициналық техниканың өндірушісін көрсете отырып бір саудалық атауын ұсынады.

      18. Әлеуетті өнім беруші тендердің бір лоты бойынша, егер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін сатып алынатын негізгі медициналық бұйымды пайдалану үшін жиынтықта бірлесіп пайдалану үшін қосымша медициналық бұйымдар талап етілсе, екі және одан да көп өндірушілерді ұсына алады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне кірген, бірақ бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін;

      2) балаларды қамтамасыз ету мақсатында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқамасы бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда;

      3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілдік органдарының шешімі негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптар

      20. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

      1) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеудің болуы (дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымның құрамына кіретін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықты қоспағанда);

      2) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

      3) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;

      4) тапсырыс берушіге өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айының (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      5) бірыңғай дистрибьюторға өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде елу пайызын;

      сатып алу жүргізілетін алдыңғы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде он екі айын құрайды;

      6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне вакциналардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      8) олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін тағайындауы бойынша пайдалану үшін тараптардың келісімі бойынша есепке алу және өткізу қызметтері бірыңғай дистрибьютор тауарының ауыспалы қалдықтары үшін тапсырыс берушіге және (немесе) өнім берушіге ұсынылатын осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жарамдылықтың аз мерзімін құрайды;

      9) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар өзінің сипаттамасы (жиынтығы) бойынша хабарландыруда немесе сатып алуға шақыруда көрсетілген сипаттамаға (жиынтыққа) сәйкес болуға тиіс;

      10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бойынша дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдар дәрілік заттарға бағаларды реттеу қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы бойынша шекті бағадан, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағасынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін сатып алынатын медициналық бұйымға мынадай талаптар қойылады:

      1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның Қазақстан Республикасында тіркелуінің немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы. Тіркеу тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынатын үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;

      2) сервистік қызмет көрсетуд