Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2018 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 814 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2015 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығын қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Әлеуметтік салдары бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп туғызатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы N 468 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 4 желтоқсандағы
N 2018 қаулысымен
бекітілген    

Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп
төндіретін аурулардың тізбесі

1. Әлеуметтік мәні бар аурулар

      1. Туберкулез
      2. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар
      3. В, С вирусты гепатиті
      4. Қатерлі ісіктер
      5. Қант диабеті
      6. Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары
      7. Балалардың церебральді сал ауруы
      8. Жүрек талмасы (алғашқы алты ай)
      9. Ревматизм
      10. Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы
      11. Орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары
      12. Орталық нерв жүйесінің демиелиниленген аурулары

2. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар

      1. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар
      2. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
      3. Дифтерия
      4. Менингококк инфекциясы
      5. Полиомиелит
      6. Негізінен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
      7. Алапес
      8. Безгек
      9. Күйдіргі (өкпелік түрі)
      10. Туберкулез
      11. Тырысқақ
      12. Оба
      13. Іш сүзегі
      14. А вирусты гепатиті
      15. Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары 

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы