"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 808 қаулысы.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 29 қазандағы
№ 808 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 575 қаулысымен
бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми зерттеулерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен базалық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырма – осы жұмыстардың мазмұнына, көлеміне және орындалу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейтін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған бастапқы техникалық құжат;

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі – ғылым саласындағы уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      жеке әріптес – мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы.

      3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыруды әрбір нысан бойынша жеке шарт жасаса отырып, базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында бір мезгілде жүзеге асыруға болады.

      4. Базалық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарт базалық қаржыландыру субъектісі мен уәкілетті орган немесе базалық қаржыландыру субъектісінің ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге салалық уәкілетті орган арасында жасалады.

      Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (бұдан әрі – шарт), ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектісі мен уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыратын өзге тұлға арасында жасалады.

2-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру тәртібі

      5. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және өздері үшін салалық уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және (немесе) мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары оқу орындарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – субъектілер) бөлінеді.

      6. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін, оның ішінде салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      7. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеуге, сондай-ақ субъектілердің ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

      8. Өздері үшін уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар бойынша соңғы екі жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік тапсырыс алмайтын базалық қаржыландыру субъектілері базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесінен шығарылуға жатады.

      9. Базалық қаржыландыру субъектілері уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға бюджеттік заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген базалық қаржыландырудың бекітілген нормаларына сәйкес базалық қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді жыл сайын жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей береді.

      10. Базалық қаржыландыру нормаларын уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      11. Салалық уәкілетті органдар бюджеттік заңнамаға сәйкес ресімделген базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдерді уәкілетті органға жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей енгізеді.

      12. Уәкілетті орган базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.

      13. Базалық қаржыландыру субъектілерін қаржыландыруды уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырады.

      14. Базалық қаржыландыру субъектілері есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.

      Салалық уәкілетті органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы жиынтық есепті ұсынады.

      Базалық қаржыландыру субъектісі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің базалық қаржыландыру қаражатын пайдалануы туралы есепте келтірілген ақпараттың дәйектілігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

      15. Базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесіне енгізудің негізділігін және базалық қаржыландыру көлемін растайтын құжаттар мен ақпараттық деректердің дұрыстығын уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қамтамасыз етеді.

3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру тәртібі

      16. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді. Гранттық қаржыландыру қаражатынан жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурстары жариялануы мүмкін.

      17. Гранттық қаржыландыру іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеусіз беріледі және қайтарылмайды.

      18. Салалық уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) айқындаған Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес гранттық қаржыландырудың басым, мамандандырылған бағыттары мен көлемдері туралы ұсыныстарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолдайды.

      19. Уәкілетті орган ұсыныстар беру мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сараптама орталығы) жолдайды.

      20. Сараптама орталығы гранттық қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттар мен көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде олар бойынша ұсынымдар алу үшін ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) қарауына жолдайды.

      Сараптама орталығы ҰҒК шешімдерін жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанына дейін уәкілетті органға жолдайды.

      21. Уәкілетті орган сараптама орталығы ұсынған гранттық қаржыландыру туралы ҰҒК шешімін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды ЖҒТК қарауына жолдайды.

      22. ЖҒТК жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде ЖҒТК-ның шешімін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.

      ЖҒТК басым бағыттар бойынша бөле отырып, ғылымды дамытудың басым бағыттары мен гранттық қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін конкурстық құжаттаманы әзірлейді, бекітеді және гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды.

      23. Гранттық қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлға жүзеге асырады.

      24. Гранттық қаржыландыру конкурстық негізде мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Орындаушы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға гранттық қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті (аралық) (жоба іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл) жобаларды қоспағанда), екінші жылы (2 (екі) жыл) жобаларды қоспағанда) ағымдағы есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін және қорытынды есепті ағымдағы есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұсынады.

      Орындаушы гранттық қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепте көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және заңдылығын қамтамасыз етеді.

      25. Гранттық қаржыландыру қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.

      Шығыстарға мынадай шығындар жатады:

      1) еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

      2) қызметтік іссапарлар – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға байланысты іссапарлар;

      3) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің зерттеулерді орындауға қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.

      Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;

      4) материалдар сатып алу – зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;

      5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;

      6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;

      7) үй-жайларды жалға алу – жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;

      8) жабдықтар мен техниканы жалға алу – жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;

      9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары – зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;

      10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      ҰҒК іске асырылатын жобаларды қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар орындаушымен шартты бұзады.

      Бұл ретте уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органдарға қаражатты ҰҒК шешімі негізінде ағымдағы жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру шеңберінде жобалар арасында қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      26. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттарда қатысуға құқылы.

      27. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және екі жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      28. Конкурстық құжаттамада және гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның атауы;

      2) басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы;

      3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар;

      4) гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;

      5) жеке әріптес тарапынан салымның көлемі мен шарттары;

      6) гранттық қаржыландыруға арналған өтінім берілетін тіл;

      7) ҰҒК ұсынған және ЖҒТК бекіткен зерттеу түрлері мен қаржыландыру көлемі;

      8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ өзге де біліктілік талаптары;

      9) биоэтика (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін) мәселелері жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы;

      10) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғалары туралы деректер;

      11) өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 45 күннен кем және 60 күннен артық болмауға тиіс;

      12) сараптама орталығының өтінім беруге арналған ақпараттық жүйесінің атауы және оған сілтеме;

      13) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар;

      14) гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы.

      29. Қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы жеке әріптестің жобаны қажетті ресурстармен, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулердің жобаларын қоспағанда, қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз ете отырып қатысуын қамтамасыз етеді.

      Іске асыру мерзімдері мен салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім тараптардың ниеттерін растау болып табылады.

      Жобаны іске асыру барысында жеке әріптес салым қосу ниетінен бас тартқан не оны тең мәнді ауыстыруға болмайтын жағдайларда ҰҒК шешімі бойынша жобаны қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін.

      ҰҒК жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар орындаушымен гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзады.

      Бұл ретте уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органдарға ҰҒК шешімі негізінде қаражатты ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру шеңберінде жобалар арасында қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      30. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдары арқылы жарияланады және ол конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      31. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      32. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдерді конкурсқа арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      33. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сондай-ақ сұратылған сомалардың негізділігін бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Сараптама орталығы уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ҰҒК шешімдерін ҰҒК хаттамасынан үзінді түрінде жолдайды.

      35. Гранттық қаржыландыруға арналған әрбір өтінім бойынша қабылданған және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен ҰҒК шешімі гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі болып табылады.

      36. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануға және уәкілетті органның немесе конкурс жариялаған салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

      37. ҰҒК қараған, қабылданған шешімдердің негіздемесі ескеріле отырып, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері, конкурс жеңімпаздары, МҒТС балы, МҒТС нәтижелері ескерілген бағалау парағы бойынша ҰҒК балдары туралы мәліметтер, сондай-ақ мақұлданбаған өтінімдер атауларының тізімі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      ҰҒК мүшелерінің дауыс беру хаттамалары, ҰҒК отырыстарының аудио және бейнежазбалары заңнамада белгіленген тәртіппен сараптама орталығында сақталады.

      38. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлғамен гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасады.

      Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлғаға жазбаша нысанда ресми хабарлама жіберу арқылы гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тарта алады.

      Конкурс жеңімпаздарының гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тартуы нәтижесінде түзілген қаражатты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар ҰҒК шешімі негізінде сараланған тізімде шекті сызықтан төмен орналасқан, гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдер арасында бөле алады.

      39. Гранттық қаржыландыру қаражатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми жетекшісі гранттық қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ҰҒК шешімін есепке алып бөледі.

      40. Орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті (жоба іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл жобаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асырылу мерзімі 2 (екі) жыл жобаларды қоспағанда) ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

      41. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет туралы алынған аралық және қорытынды есептерді қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды сараптама орталығына жолдайды.

      Сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерге МҒТС жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Сараптама орталығы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы алынған аралық және қорытынды есептерді тиісті ҰҒК-нің қарауына үш жұмыс күні ішінде жолдайды.

      42. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылу барысын және олардың нәтижелілігін, оның ішінде олар іске асырылып жатқан жерге барып мониторингтеу нәтижелеріне негізделген ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтінім беруші жоба бойынша ақпаратты (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша күтілетін нәтижелер мен алынған нәтижелердің аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) сараптама орталығына жобаны іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұсынуы тиіс.

      Сараптама орталығы ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асырудың бүкіл кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің сайтында мемлекеттік құпиялар туралы және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын жобаларды қоспағанда, жобалар (атауы, өтініш беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша алынған нәтижелердің күтілетін нәтижелері мен аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдар тізбесі) жөніндегі ақпаратты жариялайды.

4-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібі

      43. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.

      44. Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарлары, индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламалары және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бағытталған басқа да бағдарламалар ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың негіздемесі болып табылады.

      45. Салалық уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға қаржыландыру көлемін көрсете отырып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттары туралы ұсыныстар жібереді.

      Уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын салалық уәкілетті органдардың ұсыныстар беруінің мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      Сараптама орталығы бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттары мен көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды ҰҒК-ның қарауына жолдайды.

      Сараптама орталығы ҰҒК шешімдерін уәкілетті органға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанына дейін жолдайды.

      Уәкілетті орган сараптама орталығы ұсынған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары мен көлемі ҰҒК жөніндегі шешімін алғаннан кейін оларды ЖҒТК-ның қарауына шығарады.

      ЖҒТК жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде ЖҒТК шешімін бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      ЖҒТК ғылымды дамытудың басым бағыттары және басым бағыттар бойынша бөлінген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурстық құжаттаманы әзірлейді, бекітеді және конкурс жариялайды.

      Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органмен мерзімді баспа басылымдарында жариялайды және ол конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет ресурсында орналастыруға жатады.

      46. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      47. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сондай-ақ сұралатын соманың негізділігін бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      48. Нысаналы ғылыми (ғылыми-техникалық) бағдарлама (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама) нысаналы бағдарлама шеңберінде нақты міндеттерді шешуге бағытталған бірнеше кіші бағдарламаларды қамтуы мүмкін.

      Нысаналы бағдарламаны кіші бағдарламаларға бөлу шешілетін проблемалардың ауқымы мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты нәтижеге қол жеткізе отырып, оларды шешуді ұтымды ұйымдастыру қажеттігіне қарай жүзеге асырылады.

      49. Конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын және конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды уәкілетті орган МҒТС өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      50. Конкурстық негізде және конкурстан тыс рәсімдерден тыс іске асыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген рәсімдер жүргізілгеннен кейін тиісті ҰҒҚ-ның қарауына жібереді.

      ҰҒК конкурстық негізде іске асырылуы конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды, сондай-ақ олардың экономикалық негізділігін бағалауды қамтитын МҒТС нәтижелерін қарайды және қаржыландыру сомасын көрсете отырып, қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады және оларды ЖҒТК-ге жібереді.

      51. ЖҒТК ҰҒК шешімдерінің негізінде конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, сондай-ақ конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды мақұлдайды (қабылдамайды).

      ЖҒТК ұсынымдары Қазақстан Республикасы Үкіметіне нысаналы бағдарламаларды конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімдер қабылдауына негіз болып табылады.

      52. Уәкілетті орган конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, ЖҒТК мақұлдаған нысаналы бағдарламалар бойынша мәліметтерді, сондай-ақ конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды салалық уәкілетті органдарға жолдайды.

      Ғылыми, ғылыми-техникалық нысаналы бағдарламаларға өтінімдер, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына шығарылады.

      53. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.

      Шығыстарға мынадай шығындар жатады:

      1) еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

      2) қызметтік іссапарлар – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға байланысты іссапарлар;

      3) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.

      7) үй-жайларды жалға алу – бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;

      8) жабдықтар мен техниканы жалға алу – бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;

      ҰҒК іске асырылып жатқан бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар орындаушымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзады.

      Бұл ретте уәкілетті органға және салалық уәкілетті органдарға қаражатты ҰҒК шешімі негізінде ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында бағдарламалар арасында қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      54. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары бірлесіп орындаушы ретінде қатысуға құқылы.

      55. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және ол бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      56. Конкурстық құжаттамада және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      3) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға арналған нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар;

      4) қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;

      6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім берілетін тіл;

      7) ҰҒК ұсынылған және ЖҒТК бекіткен зерттеу түрлері мен қаржыландыру көлемі;

      8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ басқа да біліктілік талаптары;

      12) сараптама орталығының өтінім беруге ақпараттық жүйесінің атауы және оған сілтеме;

      13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес рәсімделген ғылыми-зерттеу жұмысына техникалық тапсырма;

      14) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы.

      57. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арналған өтінімдерді ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымы бірлесіп орындаушыларды (болған жағдайда) көрсете отырып, уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға екі данада ұсынады.

      58. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға түскен өтінімдер негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын қалыптастырады және жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде сараптама орталығына жолдайды.

      59. Қолданбалы зерттеулер бойынша нысаналы бағдарлама алуға үміткер жеке әріптестің жобаны қажетті ресурстармен, оның ішінде, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулердің бағдарламаларын қоспағанда, қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз ете отырып қатысуын қамтамасыз етеді.

      Бағдарламаны іске асыру барысында жеке әріптес салым қосу ниетінен бас тартқан не оны тең мәнді ауыстыруға болмайтын жағдайларда ҰҒК шешімі бойынша жобаны қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін.

      ҰҚК бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар мердігермен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзады.

      Сонымен бірге уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органдарға ҰҒК шешімінің негізінде ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде қаражатты бағдарламалар арасында қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      60. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      61. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді конкурсқа арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      62. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сондай-ақ сұратылған сомалардың негізділігін бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      63. Сараптама орталығы уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ҰҒК шешімдерін ҰҒК хаттамасынан үзінді түрінде жолдайды.

      64. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған әрбір өтінім бойынша қабылданған және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен ҰҒК шешімі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі болып табылады.

      65. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануға және конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

      66. ҰҒК қараған, қабылданған шешімдердің негіздемесі ескеріле отырып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері, конкурс жеңімпаздары, МҒТС балы, МҒТС нәтижелері ескерілген бағалау парағы бойынша ҰҒК балдары туралы мәліметтер, сондай-ақ мақұлданбаған өтінімдер атауларының тізімі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      ҰҒК мүшелерінің дауыс беру хаттамалары, ҰҒК отырыстарының аудио және бейнежазбалары заңнамада белгіленген тәртіпте сараптама орталығында сақталады.

      67. Орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті (бағдарлама іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл бағдарламаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асырылу мерзімі 2 (екі) жыл бағдарламаларды қоспағанда) және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

      68. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы алынған аралық және қорытынды есептерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес МҒТС өткізуді ұйымдастыру және кейін тиісті ҰҒК-ге қарауға беру үшін өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.

      Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық және қорытынды есептерге нысан бойынша есептілік нысаны қоса беріледі.

      69. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың іске асырылу барысын және олардың нәтижелілігін, оның ішінде олар іске асырылып жатқан жерге барып мониторингтеу нәтижелеріне негізделген ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстың жеңімпаздары бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстың нәтижелері жарияланған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлғамен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасады.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлғаға жазбаша нысанда ресми хабарлама жіберу арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тарта алады.

      Конкурс жеңімпаздарын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тартуы нәтижесінде түзілген қаражатты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар ҰҒК шешімі негізінде сараланған тізімде шекті сызықтан төмен орналасқан бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімдер арасында бөле алады.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын бағдарламаның ғылыми жетекшісі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ҰҒК шешімін ескере отырып бөледі.

      Орындаушы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті (аралық (бағдарлама іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл бағдарламаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асырылу мерзімі 2 (екі) жыл бағдарламаларды қоспағанда) ағымдағы есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін және қорытынды есепті ағымдағы есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұсынады.

      Орындаушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепте көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және заңдылығын қамтамасыз етеді.

      Өтінім беруші бағдарлама бойынша ақпаратты (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша күтілетін нәтижелер мен алынған нәтижелердің аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) сараптама орталығына бағдарламаны іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұсынуы тиіс.

      Сараптама орталығы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудың бүкіл кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің сайтында мемлекеттік құпиялар туралы және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын бағдарламаларды қоспағанда, бағдарламалар (атауы, өтініш беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша алынған нәтижелердің күтілетін нәтижелері мен аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдар тізбесі) жөніндегі ақпаратты жариялайды.

  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына
  1-қосымша

БАЗАЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

  Өлш. бірл

Р/ с №

Шығындар бабының атауы

Смета бойынша жоспарланған сома

Нақты жұмсалған сома

Қаражатты үнемдеу (болған жағдайда)

Растаушы құжаттардың атауы (қолда бары)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1

Еңбекақы (барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті аударымдарды қосып есептегенде).

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

2

Үнемдеу қорытындысы бойынша сыйақы (барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті аударымдарды қоса есептегенде).

Нақты жұмсалған сома

4-бағ.

3

Коммуналдық көрсетілетін қызметтер

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

4

Байланыстың көрсетілетін қызметі

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

5

Көлікті жалға алу

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

6

Міндетті сақтандыру жарнасы

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

7

Негізгі құрал болып табылатын тауарды сатып алу, шығын материалдарын, өзге тауарларды алу, өзге ағымдағы шығындар, күзет қызметі, күзеттік дабыл шығындары

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

8

Ғимаратты, құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

9

Ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық сүйемелдеу шығыстары

Бюджеттік өтінімде көрсетілген сома

Нақты жұмсалған сома

3-бағ.-4-бағ.

Жиыны

Барлығы

Барлығы

Барлығы

      Ескертпе:

      1) базалық қаржыландыруды жоспарлау және орындау үшін жауапты қол қоюшыларды қосуға рұқсат етіледі;

      2) растаушы құжаттардың (шарттар, орындалған жұмыстардың актілері, шот-фактуралар, шоттар, есептер, төлем тапсырмалары және т.б.) көшірмесін беру талап етілмейді;

      3) келтірілген мәліметтердің дұрыстығы үшін базалық қаржыландыру субъектісі заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      Базалық қаржыландыру субъектісінің басшысы ______________ ________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)

      Бас бухгалтер ________________ _____________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)

      20__жылғы "___" _________

  2-қосымша

Салалық уәкілетті органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру қаражатын пайдалану туралы жиынтық есебі

Р/с №

Атауы

Есепті жылға жоспар (мың теңге)

Есепті жылдағы факт (мың теңге)

Игеру, %

Барлығы:

оның ішінде, ұйымдар бойынша:

1

2

3

      Басшы ________________ ______________________

      20__жылғы "___"_________

  3-қосымша

Гранттық қаржыландырудың басым бағыттары мен көлемдері туралы ұсыныстар

      Ұсыныстарды дайындаған салалық уәкілетті органдардың атауы: _______________

Р/ с №

Ғылымды дамыту басымдығы1 / мамандандырылған ғылыми бағыт

Негіздеме

Гранттық қаржыландырудың көлемі, мың теңге

20___ жыл

20___ жыл

20___ жыл

Барлығы

1.

Ғылымды дамытудың 1-басымдығы _______________________

1.1.

1-мамандандырылған бағыт

200 сөзден көп емес, Қазақстан Республикасының тиісті стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сілтеме жасай отырып, бағыттардың маңыздылығын және мемлекеттік бюджет есебінен оны зерттеудің өзектілігін негіздеу

1.2.

2-мамандандырылған бағыт

Ғылымды дамытудың 1-басымдығы бойынша барлығы

2.

Ғылымды дамытудың 2-басымдығы __________________________

2.1.

2-мамандандырылған бағыт

      Ұсыныс берген уәкілетті органның немесе салалық орган басшысының лауазымы, Т. А. Ә. (бар болса) және қолы

      1ЖҒТК тиісті кезеңге тиісінше бекітілген басымдықтар бойынша

  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру қағидаларына
  4-қосымша

Гранттық/бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп

  теңге

Р/ с №

Шығындар бабының атауы

Смета бойынша жоспарланған сома

Нақты жұмсалған сома

Қаражатты үнемдеу

Растаушы құжаттардың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1

Еңбекке ақы төлеу

2

Қызметтік іссапарлар

3

Басқа да көрсетілген қызметтер мен жұмыстар

4

Материалдар сатып алу

5

Жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу

6

Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу

7

Үй-жайларды жалға алу

8

Жабдықты мен техниканы жалға алу

9

Жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

Жиыны

Барлығы

Барлығы

Барлығы

      Ескертпе:

      1) әр жоба және бағдарлама бойынша есеп жеке толтырылады;

      2) келтірілген мәліметтердің растығына орындаушы белгіленген заңдылық тәртіпте жауапты болады.

      Ұйым басшысы ____________ ________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)

      Ғылыми жоба жетекшісі ____________ ________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)

      Бухгалтер-экономист ____________ _________________________________

  5-қосымша

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім

      Өтінім мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) аннотация;

      2) түсіндірме жазба;

      3) сұралатын қаржыландырудың есеп-қисабы

      1. Аннотация

      Аннотацияда жоба мақсатының, зерттеу бағытталған проблемалардың, зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаты қамтылады.

      Аннотация көлемі А4 форматындағы 2 (екі) парақтан аспауға тиіс.

      2. Түсіндірме жазба

      Түсіндірме жазба мазмұны мынадай бөлімдерді қамтиды (бұл ретте өтінім нысанында сілтеме жасалған кестелер, схемалар, диаграммалар түсіндірме жазбаға қосымшаға шығарылады және тиісті бөлімдердегі сөздер саны мен өтінімнің жалпы бет санын есептегенде есепке алынбайды):

      1. Жалпы ақпарат

      1.1 Жоба тақырыбының атауы [20 сөзден артық емес].

      1.2. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.

      1.3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеудің түрі.

      1.4. Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы.

      1.5. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаның бүкіл іске асырылу мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).

      1.6. Сарапшыларды іріктеу үшін өтінімнің саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер.

      2. Жобаның жалпы тұжырымдамасы [550 сөзден артық емес]

      2.1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес].

      Жоба идеясының, шешу көзделетін проблеманың қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.

      2.2 Жоба мақсаты [50 сөзден артық емес]

      Жоба мақсаты қысқа әрі нұсқа баяндалады, ол жоба тақырыбына сәйкес келуге, қолжетімді болуға, жобаны іске асыру нәтижесінде алынуы күтілетін шешімнің сипаттамасын көрсетуге тиіс. Мақсаттың мазмұны жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жауап беру болжанатын негізгі мәселені көрсетуге тиіс.

      2.3. Жоба міндеттері [400 сөзден артық емес]

      Бұл бөлімде өзара қисынды байланысқан сабақтас міндеттер арқылы жобаның мақсатына қол жеткізу тәсілі сипатталады. Алға қойылған міндеттер тізбесі беріледі:

      1) міндеттер шешімдерінің өлшенетін көрсеткіштері;

      2) әр міндеттің жоба мақсатына қол жеткізудегі рөлінің және басқа міндеттер мен жобадан күтілетін нәтижелермен өзара байланысының қысқаша негіздемесі;

      3) өтінім берушінің ойынша маңызды деп танылған өзге де параметрлер.

      3. Жобаның ғылыми жаңалығы және маңызы [1500 сөзден артық емес]

      Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) жобаны әзірлеудің алғышарттары, (бар болса, алдын ала нәтижелер және (немесе) жоба тақырыбына қатысты өтінім беруші бұрын алған нәтижелер көрсетіледі);

      2) зерттелетін тақырыпқа жататын, мұның алдында әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген ғылыми зерттеулерге, білімнің қазіргі жеткіліксіздігіне міндетті шолу жасай отырып, жобаның ғылыми жаңалығының негіздемесі және олардың осы жобамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуі тиіс, оның толық жазылуы "Библиография" атты 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), жобаның күтілетін нәтижелерін белгілі аналогтармен салыстыру;

      3) жоба нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық мұқтаждар (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу), жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, оның нәтижелерінің экономиканың, ғылымның және (немесе) қоғамдық қатынастардың тиісті саласын дамыту үшін қолданылуы;

      4) жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-техникалық әлеуеттің деңгейіне, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігіне әсері, жобаның нәтижесінен күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер, күтілетін әсерге қол жеткізу үшін қажетті шарттар.

      Осы бөлімді сипаттау кезінде мынадай позициялардың сипаттамасына назар аудару қажет:

      1) жоба идеясының қазіргі аналогтардан қағидаттық сипаттағы айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда жобаның артықшылығы неде және ол неге қаржыландырылуы тиіс екенін негіздеу қажет;

      2) егер жобаның соңғы нәтижесі өнім болса, онда жоба шеңберінде ұсынылатын өніммен салыстыра отырып, жобаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;

      3) егер жоба өтініш беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылса, онда жобаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан айырмашылығын қысқа да нұсқа баяндау қажет.

      4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]

      Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) жобаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, жобада қолданылатын зерттеу типтері (сипаттама, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеу жүргізудің дәйектілігі;

      2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;

      3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде жобада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың жобаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы;

      4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және жобаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың шынайылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету;

      5) зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету, таңдауды негіздеу қажет).

      5. Зерттеу тобы және жобаны басқару [1500 сөзден артық емес]

      Бөлімде жоспарланатын штаттың (негізгі персоналдың) кемінде 70 % (жетпіс пайыз) деректері көрсетіліп, зерттеу тобының сипаттамасы қамтылады. Негізгі персоналды сипаттау кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы. Зерттеу тобының құрамына жоба іске асырылатын бүкіл кезең бойы жыл сайын кемінде 6 (алты) ай ішінде жобаны іске асыруға толық мөлшерлемемен тартылған қызметкерлер ғана енгізіледі. Жобаға жартылай жүктемемен қатысатын зерттеу тобының мүшелері үшін олардың жоба бойынша жұмысқа жұмсайтын сағаттарының саны көрсетіледі;

      2) жобаның бағытына сәйкес келетін бағыттағы қысқаша түйіндемесін, негізгі ғылыми жарияланымдары мен жетістіктерін және жобаның мақсатына, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлін көрсете отырып, шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы;

      3) жобаны іске асырудағы рөлі, сондай-ақ орындалатын жұмыстың сипаты көрсетілген жас ғалымдардың (постдокторанттар, докторанттар, магистранттар) жобаға қатысуы. Сонымен қатар жобаға өндірістен инженерлер қатыса алады;

      4) шетелдік ғалымдарды қоса алғанда, зерттеу тобының құрамына әрбір мүшенің қатысуын негіздеу. Білімі, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жоба бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі, Хирш индексі және тиісті ғылыми өлшемді базадағы (бар болса) бейінге сілтемелер, жобаға қатысуды негіздейтін негізгі жетістіктері көрсетілген әрбір мүшенің қысқаша түйіндемесі. Әрбір мүшенің жобадағы жұмысының бағыты мен сипаты, олардың жобаның мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі;

      5) зерттеу тобы мүшелерінің дайындама сипаттамасы. Негізгі жарияланымдар туралы (бар болса – тиісті деректер базасындағы жарияланымға және/немесе Digital Object Identifier DOI сілтемені көрсету) және қолда бар патенттер, авторлық куәліктер және жобаның тақырыбына қатысты ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер. Мәлімделген зерттеу, олардың бұрын жүргізген зерттеулерімен қалай байланысты екенін көрсету.

      Жобаның ғылыми жетекшісі үшін оның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын барлық жарияланымдары, оның ішінде дәйексөз алу индексі, басылымның квартилі (процентилі) және тиісті ғылыми метрикалық базалардағы (DOI) жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтеме жасалған болуы тиіс.

      Зерттеу тобының негізгі персоналының жоба бағыты бойынша жарияланымдары туралы (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), дәйексөз алу индексі және тиісті ғылыми-метрикалық базалардағы жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелері бар мәліметтер келтірілуі тиіс. Зерттеу тобы мүшелері тегінің асты сызылып көрсетілуі тиіс.

      Қосымша персонал үшін (грант алған жағдайда тартылатын зерттеу тобы мүшелерінің 30%-ына дейін) олардың жобадағы орны мен рөлі, орындалатын жұмыстың сипаты және оларды іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі.

      6. Зерттеу ортасы [750 сөзден артық емес]

      Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:

      1) жобаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын өтініш берушінің қолында бар материалдық-техникалық базасын (жабдық, аспаптар, құрал-сайман, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.) оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеуге дағдыланған зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;

      2) жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен жекеше әріптестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетіледі. Негіздеу арқылы басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;

      3) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеп, оның жобадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын, мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, жобаны іске асыруға сыртқы ұйымдарды тарту;

      4) ұтқырлықты негіздеу: ғылыми іссапарлар және олардың жобаны іске асыруға әсері, әріптес ұйымдар базасындағы жұмыс кезеңдері және олардың жобаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және оның жобаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқаша көрсетіледі.

      7. Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі (1500 сөзден артық емес).

      Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:

      1. 2-кестеге сәйкес жоба (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Жобаның бюджетін жобаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және оны осы жобаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына жұмсауға болмайды.

      "Еңбекке ақы төлеу" бабында 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторанттарды, магистранттарды қоса алғанда, жобаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар, сонымен қатар қаржылық-экономикалық және заңдылық сүйемелдеу жүргізетін жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасын ескере отырып көрсетіледі (штаттық кесте жобасын немесе зерттеу тобының құрамын қоса беру). Есептегенде өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалыс төлемдері де ескеріледі.

      "Қызметтік іссапарлар" бабында 4 және 5-кестелерге сәйкес басқа ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысуды қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді жүргізумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасындағы және одан тыс елдерге іссапарлардың барлық шығыстары көрсетіледі (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсететін компаниялардың веб-сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарын қоса тіркеу қажет).

      "Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" бабы мердігердің шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алған қызметтерінің, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет шығыстарды, оның ішінде (1) ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа зертханалардың көрсетілетін қызметтерін, (2) бірлесіп жұмыс жасайтын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін, 3) 6-кестеге сәйкес конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналар (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса) қамтиды. Егер жобаны іске асыруға тартылған шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болса, онда олардың қатысу шығыстары "Еңбекке ақы төлеу" бөлімінде көрсетіледі.

      "Материалдар сатып алу" бабында 7-кестеге сәйкес химиялық реактивтер, еріткіштер, стандартты үлгілер, тұтынылатын зертханалық материалдар, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және басқалары сияқты жобаның мақсатына жету үшін қажетті барлық шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).

      "Жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу" бабында 8-кестеге сәйкес жобаның мақсатына жету үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).

      "Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу" бабында (1) жобаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеу, (2) зерттеу нәтижелерін жариялау, (3) 9-кестеге сәйкес талдамалық материалдарды сатып алу шығыстары қамтылуы мүмкін (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).

      "Жалға алу шығыстары" бабында 10 және 11-кестелерге сәйкес өтініш берушіде тиісті үй-жай болмаған кезде жобаның мақсатына жету үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).

      "Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары" бабында 12-кестеге сәйкес зерттеу жүргізуге тікелей қатысатын үй-жайларға, жабдықтар мен техникаларға қызмет көрсету шығыстары, сондай-ақ жобаны іске асыруға байланысты коммуналдық қызметтер шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" бабында 13-кестеге сәйкес әлеуметтік салықты, әлеуметтік сақтандыруды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалған шығыстар көрсетіледі.

      2. 3-13-кестелерге сәйкес шығыстардың әрбір бабына есеп-қисаптар.

      3. Жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу қажеттілігін міндетті түрде негіздеп, сондай-ақ тиісті шығыстар баптарын есептеуге негіз болған бағалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, әрбір шығыстар бабының мазмұны мен көлемінің есебін қысқаша түсіндіру.

      Шығыстардың барлық баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға сұралған соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" бөлімінің 1.5-тармағында көрсетілген сомаға барабар болуы тиіс.

      Өтінімнің құрамында ұсынылған жобаның бюджетіне Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      8. Жобаны іске асыру жоспары [750 сөзден артық емес]

      Бөлім Гант диаграммасы нысанында немесе 14-кестеге сәйкес жоба бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды.

      Жобаны іске асыру жоспары тиісті міндеттерді шешу үшін әрбір іс-шараның маңыздылығын, жоба бюджетіне сәйкес іс-шара құнын негіздей отырып, өтінім берушінің қалауы бойынша сарапшылардың жобаны дұрыс бағалауы үшін қажетті басқа да ақпараттар көрсетілген қысқаша түсіндірмелермен сүйемелденуі тиіс.

      9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден артық емес]

      Бөлімде зерттеулердің негізгі нәтижесі, яғни жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже, оның сандық және сапалық сипаттамалары мен іске асыру түрлері көрсетіледі. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиже негіздемесі келтіріледі.

      Конкурстық құжаттаманың талаптарына байланысты жоба нәтижесін іске асыру түрлері мыналар болып табылуы мүмкін:

      1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау (жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар, басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми-метрикалық базадағы басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып). Зерттеу нәтижелері бойынша мақалалар санына қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Әрбір бап оның шеңберінде қаржыландырылған жобаның сәйкестендіруші тіркеу нөмірі және атауы туралы ақпаратты қамтуы тиіс, онда гранттық қаржыландыру көзі көрсетіледі;

      2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау;

      3) шетелдік (еуропалық, америкалық, жапондық) патенттік бюролардан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;

      4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;

      5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;

      6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:

      1) күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары;

      2) күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен аралас салаларын дамытуға әсері;

      3) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және (немесе) мүмкіндігі;

      4) негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері;

      5) жобаның сапалық және сандық сипаттамаларымен бірге басқа да тікелей және жанама нәтижелері қосымша көрсетіледі.

      10. Библиография

      Бөлімде "Жобаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы" деген 3-тармақта сілтемелер келтірілген жарияланымдар көрсетіледі.

      Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, бет нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты болуы тиіс.

      Қосымша:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі не уәкілетті органның бұйрығынан үзінді көшірме;

      2) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (егер өтініш беруші жеке тұлға болған жағдайда);

      3) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы;

      4) 14-кестеге сәйкес жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      5) 15-кестеге сәйкес әріптес тарапынан жобаны іске асыруға үлес қосу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін).

      3. Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы

      "Сұратылатын қаржыландыру есеп-қисабының" бір бөлігі гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру үшін сұратылатын көлемінің есеп-қисабын негіздейтін 2-13-кестелер түрінде ресімделеді.

      Есеп-қисаптарға түсіндірмелер "Түсіндірме жазба" деген бөліктің "Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі" деген 7-бөлімінде келтіріледі.

      1-кесте – Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі зерттеу тобының құрамы

Р/с №

Аты-жөні, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы1

Негізгі жұмыс орны, лауазымы2

Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі

Жұмыспен қамтылуы (толық, толық емес)

Жоба бойынша жұмыс кезеңі (ай)

1-жыл

2-жыл

3-жыл

      1Жеке деректері өтінімді дайындау уақытында белгісіз, оларды тарту грант алған жағдайда жоспарланатын зерттеу тобының мүшелері үшін "аты-жөні, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы" деген бағанда "бос жұмыс орны" деген сөз көрсетіледі.

      2Негізгі персоналға жатпайтын және өтінімді дайындау күнінде айқындалмаған зерттеу тобының мүшелері үшін "негізгі жұмыс орны, лауазымы" бағанында сызықша көрсетіледі. "Негізгі жұмыс орны, лауазымы" бағанында зерттеу тобының құрамына тиісті қызметкерлерді тартуда мәртебесі (постдокторант, докторант, магистрант, мамандық және жоғары оқу орны) көрсетіледі.

      2-кесте - Сұратылған сома бойынша шығыстардың жиынтық сметалық есеп-қисабы

Р/с

Шығыстар бабының атауы

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Барлығы

20___ жыл (1-жыл)

20___ жыл (2-жыл)

20___ жыл (3-жыл)

1.

Еңбекке ақы төлеу

2.

Қызметтік іссапарлар:

2.1.

Қазақстан Республикасында

2.2.

Қазақстан Республикасынан тыс

3

Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар

4.

Материалдарды сатып алу

5.

Жабдықтар мен (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуді (заңды тұлғалар үшін) сатып алу

6.

Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу

7.

Үй-жайды жалға алу

8.

Жабдықты және техниканы жалға алу

9.

10.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

Жиыны

      3-кесте – Еңбекке ақы төлеу

Р/с №

Позиция

Жұмыспен қамтылуы (толық / толық емес)

Еңбекке ақы төлеу, теңге

Мөлшерлеме айына, теңге

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Барлығы (6-бағ. + 8-бағ. + 10-бағ)

Жұмыс айының саны

Сомасы (3-бағ. × 4-бағ. × 5-бағ)

Жұмыс айының саны

Сомасы (3-бағ. × 4-бағ. × 7-бағ)

Жұмыс айының саны

Сомасы (6-бағ. × 4-бағ. × 9-бағ)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Зерттеу тобының мүшелері

х

х

х

1.1.

1.2.

2.

Қосымша персонал

х

х

х

2.1.

2.2.

Жиыны (1-бағ.+ 2-бағ.)

х

х

х

      4-кесте – ҚР шегіндегі іссапар шығыстары

Р/с №

Іссапарға баратын жер (елді мекен атауы, облыс)

1 адамға шаққандағы шығыстарды өтеу нормалары, теңге3

Адам-күн орташа жылдық саны

Іссапарға шығатын адамдардың орташа жылдық саны

Барып қайтуға бір жол жүрудің орташа құны, теңге*

Барлығы, теңге бағ.7х (3-бағ.х5-бағ.)+(4-бағ.х6-бағ.)+7-бағ.х8-бағ.

тәулікақы (2АЕК)

үй-жайды жалға алу

тәулікақы

үй-жайды жалға алу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

20___жыл (1-жыл)

 1.1.

 1.2.

 ...

2.

20___жыл (2-жыл)

 2.1.

 2.2.

 ...

20___жыл (3-жыл)

 3.

3.1.

3.2.

...

Жиыны (1-бағ.+2-бағ.+3-бағ.)

      3Іссапарға жіберілген қызметкер шығыстарды өтеу сомасын есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені және "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысын басшылыққа алуы қажет.

      5-кесте – Қазақстан Республикасынан тыс іссапарлар

Р/с №

Іссапарға баратын жер (ел, қала)4

Шығыстар баптарының атауы5

Құны, теңге

Барлығы, теңге (4-бағ × 5- бағ. × 6- бағ.)

1.

2

3

4

5

6

7

1.

20___жыл (1-жыл) барлығы

 х

х

 1.1

Барып қайтуға жол жүру ақысы6 , теңге

Тұру шығыны, тәулігіне теңгемен

Тәуліктік шығын, теңгемен

Визалық шығыстар

Медициналық сақтандыру

Барлығы 

... 

2.

20__ жыл (2-жыл) барлығы

х

х

 2.1.

Барып қайтуға жол жүру ақысы, теңге

Тұру шығыны, тәулігіне теңгемен

Тәуліктік шығын, теңгемен

Визалық шығыстар

Медициналық сақтандыру

Барлығы

...

3.

20___жыл (3-жыл) барлығы

х

х

 3.1.

Барып қайтуға жол жүру ақысы, теңге

Тұру шығыны, тәулігіне теңгемен

Тәуліктік шығын, теңгемен

Визалық шығыстар

Медициналық сақтандыру

Барлығы

...

Жиыны (1-бағ.+2-бағ.+3-бағ.)

х

х

      4Жоба іске асырылатын тиісті жылы Қазақстан Республикасынан тыс әрбір ғылыми іссапарға толтырылады.

      5Тәуліктік шығыстар мен қонақүй бөлмелерін жалдау шығыстарын өтеу нормалары "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес есептеледі.

      6Шетелге шыққан кезде шетел валютасындағы көлік шығыстары "экономикалық" сыныбы бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі.

      6-кесте – Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы және қысқаша сипаттамасы

Орындаушы

Көрсетілетін қызмет нәтижесі

Өлшем бірлігі

Саны, бірлік

Барлығы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1.

20__ жыл (1-жыл)

х

х

х

х

 1.1.

 1.2.

 …

Барлығы

2.

20__ жыл (2-жыл)

х

х

х

х

 2.1.

 2.2.

 …

Барлығы

3.

20__ жыл (3-жыл)

х

х

х

х

 3.1.

 3.2.

 …

Барлығы

Жиыны (1-бағ.+2-бағ.+3-бағ.)

х

х

х

      7-кесте – Материалдар сатып алу

Р/с №

Материалдардың атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік құны, теңге

20___ жыл (1-жыл)

20__ жыл (2-жыл)

20___ жыл (3-жыл)

Жалпы құны, теңге (6-бағ.+8-бағ. +10-бағ.)

Саны

Құны, теңге (4-бағ.×5-бағ.)

Саны

Құны, теңге (4-бағ.×5-бағ.)

Саны

Құны, теңге (4-бағ.×5-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жиыны:

х

х 

х

      8-кесте – Жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу

Р/с №

Атауы

Өндіруші, модель, негізгі сипаттамалар

Өлшем бірлігі

Бірлік саны

Бірлік құны, теңге

Жалпы құны, теңге (4-бағ.×5-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

1.

20___жыл (1-жыл), барлығы

х

1.1.

1.2.

2.

20___жыл (2-жыл), барлығы

х

2.1.

2.2.

3.

20___жыл (3-жыл), барлығы

х

3.1.

3.2.

Жиыны

х

      9-кесте – Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу

Р/с №

Көрсетілетін қызмет атауы

Көрсетілетін қызмет нәтижесі, оның негізгі сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Бірлік саны

Барлық құны, теңге

1

2

3

4

5

6

1.

20___жыл (1-жыл), барлығы

х

х

1.1.

1.2.

2.

20___жыл (2-жыл), барлығы

х

х

2.1.

2.2.

3.

20___жыл (3-жыл), барлығы

х

х

3.1.

3.2.

Жиыны (1-бағ.+2-бағ.+3-бағ.)

х

х

      10-кесте – Үй-жайларды жалға алу

Р/с №

Көрсетілетін қызмет атауы

Жалға алу объектісінің негізгі сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Бірлік құны, теңге

Бірлік саны

Барлығы, теңге (5-бағ.×6-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

1.

20___жыл (1-жыл), барлығы

х

х

х

1.1.

1.2.

2.

20___жыл (2-жыл), барлығы

х

х

х

2.1.

2.2.

3.

20___жыл (3-жыл), барлығы

х

х

х

3.1.

3.2.

Жиыны (1-бағ.+2-бағ.+3-бағ.)

х

х

х

      11-кесте – Жабдықтар мен техниканы жалға алу

      12-кесте – Зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары

Р/с №

Шығыстар атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік құны, мың теңге

20___ жыл (1-жыл)

20___ жыл (2-жыл)

20___ жыл (3-жыл)

Барлығы, мың теңге (6-бағ.+8-бағ.+10-бағ.)

Бірлік саны

Құны, мың теңге

Бірлік саны

Құны, мың теңге

Бірлік саны

Құны, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жиыны

      13-кесте – Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

Р/с №

Салық есебі

Еңбек төлемінің салық салынатын қоры немесе салынатын сома, теңге

Мөлшерлеме, %

Салық сомасы, теңге

20___ жыл (1-жыл)

20___ жыл (2-жыл)

20___ жыл (3-жыл)

Барлығы (5-бағ+ 6-бағ+ 7-бағ)

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Әлеуметтік салық төлемінің шығыстарын есептеу

2.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлемдерінің шығыстарын есептеу

3.

Әлеуметтік міндетті сақтандыруға аударымдар

4.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы

5

Бюджетке басқа да міндетті төлемдер:

5.1.

(салықтың немесе төлемнің атауы)

5.2.

(салықтың немесе төлемнің атауы)

5.3.

(салықтың немесе төлемнің атауы)

Жиыны

      14-кесте –Іске асыру жөніндегі жұмыстардың жоспары

Р/с №

Міндеттердің атауы және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындауды бастау (күн/ай/жыл)

Ұзақтығы

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер (тапсырмалар мен іс-шаралар бойынша), аяқталу нысаны

1-жыл

2-жыл

3-жыл

1

2

4

5

6

7

8

      15-кесте – Әріптестің салым салу жоспары

Р/с №

Әріптестің атауы, мекенжайы, байланыс ақпараты

Салым түрі (50 сөзден артық емес)

Салым құны, мың теңге

Салым күні (күн/ай/жыл)

1

2

3

4

5

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға өтінім

      Өтінім мынадай бөліктерден тұрады:

      1) аннотация;

      2) түсіндірме жазба;

      3) сұратылған қаржыландырудың есеп-қисабы

      1. Аннотация

      Аннотацияда бағдарлама мақсатының, зерттеу бағытталған проблемалардың, зерттеу жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаты қамтылады.

      1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама атауы [20 сөзден артық емес].

      1.2. Шешу үшін бағдарлама әзірленген стратегиялық маңызды мемлекеттік міндет, оны.

      1.3. Бағдарлама іске асырылатын жер.

      1.4. Бағдарламаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы.

      1.5. Бағдарламаға өтініш беруші - ұйым.

      1.6. Бағдарламаны орындаушылар (бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық субъектілердің атауын көрсету).

      1.7. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың сұратылатын сомасы (бағдарламаны іске асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгемен).

      1.8. Тәуелсіз сарапшыларды іріктеу үшін бағдарламаның саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер.

      2. Бағдарламаның жалпы тұжырымдамасы [750 сөзден артық емес].

      2.1. Кіріспе бөлім [200 сөзден артық емес].

      Бағдарлама идеясының қысқаша сипаттамасы мен негізгі қатысушылары көрсетіледі.

      2.2. Бағдарламаның мақсаты [50 сөзден артық емес].

      Мақсаты қысқа әрі нұсқа баяндалады, ол бағдарламаның тақырыбы мен бағдарлама әзірленетін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндетке сәйкес болуы керек және нәтиже ретінде қабылданатын шешімнің сипатын көрсетеді.

      2.3. Бағдарламаның міндеттері [500 сөзден артық емес].

      Бұл бөлімде өзара қисынды байланысқан сабақтас міндеттер арқылы бағдарламаның мақсатына қол жеткізу тәсілі сипатталады. Алға қойылған міндеттер тізбесі беріледі:

      2) әр міндеттің бағдарлама мақсатына қол жеткізудегі рөлінің және басқа міндеттер мен бағдарламадан күтілетін нәтижелермен өзара байланысының қысқаша негіздемесі;

      3. Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы [2 000 сөзден артық емес].

      Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) бағдарламаның тақырыбына қатысты әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге міндетті түрде шолу жасай отырып, бағдарламаны әзірлеуге ғылыми негіз, ғылыми жаңалықты негіздеу және олардың осы бағдарламамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда қолданылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуі тиіс, оның толық жазылуы "Библиография" атты 8-бөлімде ұсынылуы тиіс);

      2) бағдарламаның оны шешу үшін әзірленген стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетке сәйкестігі. Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетті шешу үшін нәтижелердің қолданылуы, бағдарламаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың дамуына әсері, күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсері;

      3) бағдарлама нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу);

      4) бағдарламаның күтілетін нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі, оларды Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі белгілі аналогтармен салыстыру, әлемдегі ұқсас міндеттерді шешу тәжірибесі, оны бағдарлама шеңберінде қолдану;

      5) бағдарлама идеясының қолданыстағы аналогтардан немесе бәсекелес идеялардан принципті айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда бағдарламаға салымдардың неге тиімді екенін негіздеу қажет;

      6) егер бағдарламаның түпкі нәтижелерінің бірі өнім болса, онда бағдарламаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;

      7) егер бағдарлама өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылса немесе бұрын қаржыландырылған және аяқталған ғылыми зерттеулердің элементтері болса, онда бағдарламаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан айырмашылықтарын қысқа да нұсқа баяндау қажет.

      1) бағдарламаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, бағдарламада қолданылатын зерттеу типтері (сипаттама, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеу жүргізудің дәйектілігі;

      3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде бағдарламада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың бағдарламаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы;

      4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және бағдарламаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың шынайылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету;

      5. Зерттеу тобы және бағдарламаны басқару [2 000 сөзден артық емес].

      Бағдарламаны басқару схемасы, оның ішінде орындаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі, олардың жұмысын үйлестіру және бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау тәсілдері сипатталады.

      Бөлім сондай-ақ жоспарланып отырған штаттың кемінде 70% (негізгі персонал) туралы деректерді көрсете отырып, зерттеу тобының сипаттамасын қамтиды. Негізгі персоналды сипаттау кезінде:

      1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы (толық емес жұмыспен қамтылуы бағдарламасына тартылған зерттеу тобының мүшелері үшін бағдарлама бойынша жұмысқа жұмсалатын сағаттар саны көрсетіледі);

      2) бағдарламаның бағытына сәйкес келетін бағыттағы қысқаша түйіндемесін, негізгі ғылыми жарияланымдары мен жетістіктерін және бағдарламаның мақсатына, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлін көрсете отырып, шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы;

      3) бағдарламаны іске асырудағы орны мен рөлін, сондай-ақ орындалатын жұмыстың сипатын көрсете отырып жас ғалымдардың (постдокторанттардың, докторанттардың, магистранттардың), бағдарламаға қатысуы, сонымен қатар, бағдарламаға өндірістен инженерлер қатыса алады;

      5) жарияланымдар туралы (бар болса – тиісті деректер базасындағы жарияланымға және/немесе Digital Object Identifier DOI сілтемені көрсету) және қолда бар патенттер, авторлық куәліктер және жобаның тақырыбына қатысты ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер. Мәлімделген зерттеу, олардың бұрын жүргізген зерттеулерімен қалай байланысты екенін көрсету.

      Бағдарламаның ғылыми жетекшісі үшін оның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын барлық жарияланымдары, оның ішінде дәйексөз алу индексі, басылымның квартилі (процентилі) және тиісті ғылыми метрикалық базалардағы (DOI) жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтеме жасалған болуы тиіс. Өтінім берілген күннің алдындағы 5 (бес) жыл ішінде оның қандай бағдарламаларды басқарғанын және олардың шеңберінде қандай нәтижелер алынғанын көрсету қажет.

      Бағдарлама бағыты бойынша зерттеу тобының негізгі персоналының жарияланымдары туралы мәліметтер (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), дәйексөз алу индексі және тиісті ғылыми-метрикалық базалардағы жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелері бар мәліметтер келтірілуі тиіс. Зерттеу тобы мүшелерінің тегі көрсетілуі тиіс.

      Қосымша персонал үшін (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру алған жағдайда тартылатын зерттеу тобы мүшелерінің 30%-ына дейін) олардың бағдарламада орны мен рөлі, орындалатын жұмыстың сипаты және оларды іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі.

      6. Зерттеу ортасы [1 000 сөзден артық емес].

      Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) әрбір орындаушының бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі мен рөлінен шыға отырып, олардың бағдарламаға қатысуын негіздеу. Бүкіл кезең ішінде бағдарламаны іске асыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бағдарламаны орындаушылар болып есептеледі;

      2) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеумен, оның бағдарламадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын және мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, бағдарламаны іске асыруға өзге ұйымдарды тарту;

      3) орындаушыларда бар бағдарламаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын материалдық-техникалық базаны (жабдықтар, аспаптар, құрал-сайман, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.), оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеу дағдысы бар зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;

      4) бағдарламаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен серіктестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетілген. Негіздеумен басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;

      5) ұтқырлықты негіздеу: (1) ғылыми іссапарлар және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері, (2) әріптес ұйымдар базасында жұмыс кезеңдері және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және оның бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқа көрсетіледі.

      7. Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі [2 000 сөзден артық емес].

      Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) 2-кестеге сәйкес бағдарлама (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Бағдарламаның бюджетін бағдарламаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және бағдарламаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына бағытталмайды.

      "Еңбекке ақы төлеу" бабында 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторанттарды, магистранттарды қоса алғанда, бағдарламаның зерттеу тобының мүшелеріне сонымен қатар қаржылық-экономикалық және заңдылық сүйемелдеу жүргізетін жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасын ескере отырып, еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар көрсетіледі (штаттық кесте жобасын немесе зерттеу тобының құрамын қоса беру). Сондай-ақ есептегенде өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалыс төлемдері ескеріледі.

      4 және 5-кестеге сәйкес "Қызметтік іссапарлар" бабында зерттеуді жүзеге асырумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасы ішіндегі, сыртындағы іссапарларға сәйкес барлық шығындар көрсетіледі, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу, басқа да ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін жол шығындары қамтылады (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсетілетін компаниялардың сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарының жобасын қоса беру қажет).

      6-кестеге сәйкес "Басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" деген бапта орындаушының іскерлік субъектісінен алатын қызметтер шығыны көрсетіледі, оның нәтижесі жоба мақсатына қол жеткізу үшін қажетті, сондай-ақ (1) ұжымдық қолданыстағы зертханалар мен басқа да зертханалар қызметтері, (2) бірлесіп орындаушы ұйымдардың қызметтері, (3) конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысқаны үшін ұйымдастыру жарналары көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі). Егер бағдарламаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болса, онда оларға қатысуға арналған шығындар "Еңбекке ақы төлеу" бөлімінде көрсетіледі.

      7-кестеге сәйкес "Материалдарды сатып алу" деген бапта жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті материалдарға, оның ішінде химиялық реактивтер, еріткіштер, стандартты үлгілер, шығын зертханалық материалдар, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және басқалар жұмсалған барлық шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі).

      8-кестеге сәйкес "Жабдықтар мен (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу" атты бапта бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға кететін шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі).

      9-кестеге сәйкес "Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу" атты бапқа (1) бағдарлама нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеуге, (2) зерттеу нәтижелерін жариялауға, (3) талдамалық материалдарды сатып алуға, (4) және жобаны ғылыми-ұйымдастырушылық сипаттағы қызметтермен сүйемелдеуге кететін басқа да шығындар енгізілуі мүмкін (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі).

      10 және 11-кестеге сәйкес "Жалға алуға кететін шығындар" деген бапта өтініш берушіде тиісті үй-жайлар болмаған жағдайда бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға берілетін шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі). Сонымен қатар, үй-жай жоқ екендігі жөнінде тиісті органдардан анықтама тіркейді.

      12-кестеге сәйкес "Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары" деген бапта жобаны іске асырумен байланысты коммуналдық қызметтерге жұмсалатын, сондай-ақ зерттеулер жүргізуге тікелей тартылған үй-жайлар, жабдықтар мен техниканың қызмет көрсетуіне кететін шығыстар көрсетіледі ((сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша үш баға ұсынысы немесе прайс-парақтары қоса беріледі (коммуналдық шығындардан басқасы). Коммуналдық шығыстар бойынша жұмсалатын шығыстардың атауын, көлемін, бір бірлік бағасын, жалпы сомасын көрсетілген басшымен бекітілген сметалық шығындар жобасы ұсынылады).

      13-кестеге сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" деген бапта әлеуметтік салықты төлеуге, әлеуметтік сақтандыруға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары көрсетіледі.

      2) шығындардың әр бабының есептері 3-13 кестелерге сәйкес.

      3) жобаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін олардың қажеттілігінің міндетті негіздемесімен, сондай-ақ оның негізінде шығыстардың тиісті бабы есептелген көрсеткіш туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, шығыстардың әрбір бабының мазмұнына және шамасының есебіне қысқаша түсініктемелер.

      Шығыстардың барлық баптарының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұратылған соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" бөлімінің 1.5. тармағында мәлімделген сомаға тең келуі тиіс.

      Өтінім құрамында берілетін жобаның бюджетіне Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      8. Жобаны іске асыру жоспары [750 сөзден көп емес]

      Бұл бөлім Гант диаграммасы нұсқасында немесе 14-кестеге сәйкес жоба бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды.

      Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес міндеттерді шешу үшін әрбір іс-шараның маңыздылығын, жоба бюджетіне сәйкес іс-шара құнын өтінім берушінің қалауы бойынша сарапшылардың жобаны дұрыс бағалауы үшін қажетті басқа да ақпараттармен негіздейтін қысқаша түсіндірмелермен сүйемелденуі тиіс.

      9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден көп емес]

      Бөлімде зерттеулердің негізгі нәтижесі, яғни жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже, оның сандық және сапалық сипаттамалары мен іске асыру үлгілері көрсетіледі. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиже негіздемесі келтіріледі.

      Конкурстық құжаттаманың талаптарына байланысты жоба нәтижелерін іске асыру нысандары мынадай болуы мүмкін:

      1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда (жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар, басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми метрикалық базадағы басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып) мақалаларды жариялау. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес мақалалар саны бойынша талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Әрбір мақала идентификациялық тіркеу нөмірі туралы ақпарат пен гранттық қаржыландыру көзі ретінде жоба атауынан тұруы тиіс;

      2) шетелдік немесе отандық баспаларда монография, кітап/кітап бөлімдерін шығару;

      3) шетелдік патенттік бюролардан (еуропалық, американдық, жапон), қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;

      6) конкурстық құжаттаманың талаптары мен жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да нәтижелер.

      Бөлімде қосымша мынадай мәселелер көрсетіледі:

      5) жобаның сапалық және сандық сипаттамаларын көрсететін басқа да тікелей және жанама нәтижелері.

      10. Библиография

      Бөлімде "Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы" атты 3-тармақта көрсетілген сілтемелер көрсетілген жарияланымдар көрсетіледі.

      2) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы;

      3) 14-кестеге сәйкес бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары;

      4) 15-кестеге сәйкес әріптес тарапынан бағдарламаны іске асыруға салым енгізу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін).

      Сұратылатын қаржыландыру есеп-қисабының" бір бөлігі бағдарламаны қаржыландыру жобасын іске асыру үшін сұратылатын есеп көлемін негіздейтін 2-13-кестелер түрінде ресімделеді.

  6-қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырма

1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға арналған мамандандырылған бағыт атауы (бұдан әрі – бағдарлама):

2. Бағдарлама мақсаты мен міндеттері
2.1. Бағдарлама мақсаты:
_
2.2. Бағдарлама мақсаты:
_

2.1.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
_
_
2.2.1. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:
_
_

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:

4. Күтілетін нәтижелер
4.1. Тікелей нәтижелер:
- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған жаңа білімдер немесе шешімдер, зерттеу, талдау, теориялық ізденістер, модельдеу нәтижелері;
- өндіріске ғылыми әзірлемелер мен технологияларды, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдерін, макеттерін, үлгілерін енгізу;
- патенттік зерттеулер нәтижелері;
- өнімнің жаңа түрлерін және өндіріс тәсілдерін (технологияларды) жасауға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық негіздер;
- алгоритмдер, әдістер, әдістемелер, әртүрлі техникалық, технологиялық мәселелердің шешімі;
- өнімнің жаңа түрлерін және өндіріс тәсілдерін (технологияларды) жасау жөніндегі жекелеген техникалық және технологиялық шешімдер;
- құбылыстар, процестер, технологиялар және т.б. есебі мен математикалық (бағдарламалық) модельдері,
- зерттеу объектісімен байланысты қайта құрылатын нормативтік, техникалық, әдістемелік құжаттама;
- жаңадан алынған (зерттелген) әдістерді, техникалық және технологиялық шешімдерді, нақты экономика секторларында ҒЗЖ нәтижелерін жүзеге асыру ұсыныстары;
- басқалар.

4.2. Соңғы нәтиже:
(бағдарлама нәтижелері нысаналы бағдарлама іс-шараларының іске асырылуына, нысаналы бағдарламаның индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етеді; күтілетін ғылыми және әлеуметтік экономикалық әсер; алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары).
Бағдарламаның нәтижелері индустрияландырудың қарқындылығын күшейтуге және Қазақстанның экономикалық күрделілік индексін арттыруға, жоғары технологиялық, орта жоғары салалардың және ІЖӨ-де білім беру (ғылымды қажет ететін) қызметтері үлесінің өсуіне ықпал етуге тиіс (егер қолданылса).
Экономикаға әсер ету көрсеткіштері (зерттеу саласына байланысты):
экономикалық тиімділік, бәсекелестік артықшылықтарды дамыту (болашақ қолдану саласының дамуына қолайлы әсер ету, қолда бар нарықтардың кеңеюі және жаңа нарықтардың пайда болуы, өнімнің құнын төмендету және сапасын арттыру, еңбек өнімділігінің өсуі, Индустрияның 4.0 өсу нүктелері, заттар интернеті үшін негіз құру) (егер қолданылса).
Экологиялық тиімділік: қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, "жасыл экономиканы" дамыту (зиянды шығарындыларды азайту, өндіріс қалдықтарын қысқарту және қайта өңдеу, экологиялық таза өндірістердің пайда болуы, өндіріс пен тұрмыста энергия тұтынуды төмендету, дәстүрлі емес энергия көздерін дамыту) (егер қолданылса).
Бағдарламаның әлеуметтік әсері оның нәтижелерінің әлеуметтік ортаны жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесін көрсетуі және мынадай көрсеткіштермен сипатталуы тиіс: халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, халықтың білім беру деңгейінің өсуі, инклюзивті дамуға жәрдемдесу (жаңа дәрі-дәрмек жасау, органикалық өнім өндіру, креативті индустриялар мен әлеуметтік инновацияларды және т.б. дамыту) (егер қолдануға болса).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282500
    Қазақ тілінде 140583
    Орыс тілінде 140406
    Ағылшын тілінде 1511
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы