Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 қарашада № 8096 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 679 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 679 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ережесінің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 20.08.2014 № 357 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің

міндетін атқарушы

М. Орынханов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің м.а.
2012 жылғы 10 қазандағы № 465
бұйрығымен бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру туралы қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы қағидалар (бұдан әрі - Қағида), "Ғылым туралы", "Индустриялық-инновациялық жұмыстарды мемлекеттік қолдау туралы", "Авторлық және аралас құқық туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру тәртібін анықтайды.

      2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін (бұдан әрі - ҒТЖН) коммерцияландыру - оңтайлы экономикалық тиімділіктерге қол жеткізуге бағытталған, нарықка жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, процестер мен қызметтер енгізу мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін іс жүзінде қолдануға байланысты қызмет.

2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін
коммерцияландыруға мемлекеттік ықпал ету

      3. ҒТЖН коммерцияландыруға мемлекеттік ықпал ету:

      1) ұлттық ғылыми инновациялық жүйені дамытуды экономикалық ынталандыруға кепілдік беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстар саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпте экономиканың басым секторларындағы технологияларды коммерцияландыру үшін қаржыландыру;

      2) ғылымды және ғылыми технологиялық әзірлемелерді мемлекеттік қолдаудың артықшылығын анықтау;

      3) Қазақстан Республикасының басым бағыттағы экономикалық секторына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстардың басым бағыттарын анықтау;

      4) мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылған және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізіндегі жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне бөлінген қаржымен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру;

      5) интеллектуалды меншікті коммерцияландыруға ықпал ету және дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру;

      6) инновациялық өнімді жасау және пайдалану процестерін ынталандыру жүйелерін жетілдіру;

      7) ғылыми-инновациялық жұмыстарды дамыту жөніндегі республикалық және өңірлік Кеңестерді құру, олардың құрамына экономикалық даму қажеттіліктерін зерттеуге бағытталған шараларды әзірлеу үшін мемлекеттік басқару органдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарын (бұдан әрі - ЖОО) енгізу, сондай-ақ, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға (коммерцияландыруға) ықпал ету;

      8) ғылыми және инновациялық жұмыстардың ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, ойлап табылған патенттелген заттар, ғылыми әзірлемелердің нәтижесі бойынша орталықтандырылған деректер қорын құру, оған ҒТЖН іске қосуға (коммерцияландыруға) мүдделі тұлғалардың, нарыққа қатысушылардың қол жеткізе алуын ұйымдастырып, оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру;

      9) ҒТЖН коммерцияландыруды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамытуды жеделдету;

      10) ҒТЖН коммерцияландыруды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін ұсыну;

      11) мемлекеттік және оған теңестірілген жаратылыстану ғылымдары мен техника саласындағы жетекші зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарында коммерцияландыру бөлімшелерін құру әдістермен қамтамасыз етіледі.

3. ҒТЖН коммерцияландыру нысандары

      4. ҒТЖН коммерцияландыру мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыруға ықпал ететін құрылымдық бөлімшелерді құру;

      2) лицензиялық келісім және (немесе) ҒТЖН нысанының меншік құқығының өзге тұлғаға ауысуы туралы келісім жасау;

      3) технологияларды коммерциялық пайдалану үшін заңды тұлғаны құру;

      4) жеке және заңды тұлғаларға келісім негізінде қызмет көрсету арқылы ҒТЖН пайдалану;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де әдістермен.

4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін
коммерцияландыруға ықпал ететін құрылымдық бөлімшелердің құрылуы және қызмет атқаруы

      5. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар және мемлекеттік жоғары оқу орындары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін өндіріске енгізу мақсатында коммерцияландыру бөлімшелерін құра алады.

      6. Коммерцияландыру жөніндегі бөлімшелер - коммерцияландыруға қатысушылар арасында оны бөлу және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландырудан түсетін табысты ұйымдастыру және бөліп алу мақсатында ҒТНЖ іс жүзінде қолдануға ықпал ету, іздеуге бағытталған және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс субъектілерінің бөлімшелері.

      7. Коммерцияландыру жөніндегі бөлімшелердің негізгі жұмыс бағыты технологияларды коммерцияландыру кешенді қызметін ұсыну болып табылады, соның ішінде коммерцияландыру технологияларын бағалау, маркетингтік зерттеулер, интеллектуалдық меншікті қорғау саласында кеңес беру қызметі, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыс субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында, олармен технологияларды коммерцияландыру саласында келісімдер жасау мақсатында өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру.

      8. Ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар мынадай белгіленген көрсеткіштер бойынша коммерцияландыру жөніндегі бөлімшелер жұмысының нәтижесіне жыл сайын бағалау жүргізеді:

      1) коммерцияландыру жөніндегі бөлімшелер тіркелген ҒТЖН саны;

      2) берілген ҒТЖН қорғау құжаттарының саны;

      3) жүргізілген технологиялық аудиттер саны (ҒТЖН сараптау);

      4) жасалған лицензиялық келісімдер саны;

      5) құрылған инновациялық кәсіпорындар саны;

      6) жасалған/жүзеге асырылған зерттеу шарттарының саны;

      7) құрылған инновациялық кәсіпорындармен шығарылған ғылыми өнімдер көлемі.

      9. Алынған ҒТЖН туралы ақпараттарды ашу қағидалары мыналар:

      1) берілген ақпараттың шынайылығы;

      2) берілген ақпараттың релевантылығы;

      3) берілген ақпараттың толықтығы.

5. Технологияларды коммерциялық пайдалану үшін заңды тұлғаны құру

      10. ҒТЖН коммерцияландыру жөніндегі заңды тұлғаны құру шарттары, егер құрылтайшылардың (қатысушылардың) біреуі немесе жалғыз құрылтайшы (қатысушы) ҒТЖН интеллектуалдық меншік нысанының құқық иегері болып табылса немесе коммерцияландыру деңгейі жоғары ҒТЖН-нің авторларының қатысуымен және ғылыми-техникалық базасы болса.

      11. Интеллектуалдық меншік нысанының жеке құқықтарын мемлекеттік ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен басқару олардың меншік иелерінің - уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімінсіз жүзеге асырылады.

      12. Интеллектуалдық меншікті бағалау шығындары коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның (бөлімшенің) қаражаты есебінен қайтарылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы