Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 388 қаулысы.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 388 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттің көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібімен көмірсутектерді сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектерді сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттің көмірсутектерді сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру тәртібі

      4. Ішкі нарықтың көмірсутектерге деген қажеттіліктерін жабу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті орган жүзеге асыратын мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ төтенше сипаттағы өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі басым құқық тәртібімен көмірсутектерді сатып алу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      5. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен көмірсутектерді сатып алу туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен құзыретті орган әзірлейді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.

      6. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен көмірсутектерді сатып алу туралы шешім негізінде құзыретті орган мұндай ниеті туралы сатып алудың болжанатын күнінен кемінде он бес жұмыс күні бұрын жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлайды. Жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарламада жіберілетін тұлға туралы мәліметтер, хабарлама жіберу үшін негіздеме, хабарламаның мазмұны, көмірсутектердің түрі, оның мөлшері, сатып алудың болжалды мерзімдері, жіберуші туралы ақпарат, оның қол қоюы қамтылуға тиіс.

      7. Сатып алынатын көмірсутектердің шекті көлемі және төлем түрі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалады. Сатып алынатын көмірсутектердің шекті көлемі көзделмеген бұрын жасалған келісімшарттар бойынша мұндай көлемді, сондай-ақ сатып алудың өзге де шарттарын жер қойнауын пайдаланушымен келісу бойынша құзыретті орган айқындайды.

      8. Хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган келіссөздер арқылы сатып алынатын көмірсутектердің бағасын, жеткізу шарттарын және оларды төлеу тәртібін келіседі.

      9. Сатып алынатын көмірсутектердің бағасы көмірсутектерді өткізуге жұмсалатын көлік шығыстары мен шығындарды шегере отырып, мәмілені жасау күніне қалыптасқан, жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектермен мәміле жасау кезінде қолданатын бағадан аспауы тиіс.

      Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасау кезiнде қолданатын көмірсутектердің бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, көмірсутектерді өткізуге жұмсалатын көлік шығыстары мен шығындарды шегере отырып, мемлекеттің көмірсутектерді сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасау күнiне әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.

      10. Көмірсутектерді сатып алу шарттарын келіскеннен кейін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушымен көмірсутектерді сатып алу туралы шарт жасасады.

      11. Сатып алынған көмірсутектер үшін төлем мерзімі көмірсутектерді жеткізу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.

      12. Көмірсутектерді сатып алу туралы шартта:

      1) жер қойнауын пайдаланушы жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың деректемелері;

      3) сатып алынатын көмірсутектердің мөлшері;

      4) көмірсутектерді жеткізу орны мен мерзімдері;

      5) ақы төлеу тәртібі және мерзімдері;

      6) жеткізетін көлік түрі;

      7) көмірсутекті алушы қамтылуға тиіс.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264499
    Қазақ тілінде 132014
    Орыс тілінде 131563
    Ағылшын тілінде 922
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы