Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 585 қаулысы.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвесторлар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.

      2. "Инвесторлар үшін "бір терезе" қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1133 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 580-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметің
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 585 қаулысымен
бекітілген

Инвесторлар үшін "бір терезе" қызметін ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бір терезе" қызметін ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде инвесторларды тарту, сүйемелдеу және мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру жолымен Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

      2) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания (бұдан әрі – ұлттық компания) – инвестициялық жобаларды іске асыру шарттарының перспективаларын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін білдіретін ұлттық компания мәртебесі бар заңды тұлға;

      3) инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйым (бұдан әрі – өңірлік ұйым) – инвестицияларды тарту және инвесторларды сүйемелдеу мақсатында жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, өңірлік ұйымдарының тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтері, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;

      5) көрсетілген қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ заңды тұлғалар;

      6) инвесторды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу (бұдан әрі – инвесторды сүйемелдеу) – инвестицияларды тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдар тарапынан инвесторға ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешені;

      7) Инвестицияларды тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

      8) "Investor relationship management" ақпараттық мониторинг жүйесі (бұдан әрі – IRM) – қазақстандық, шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін инвесторлар, инвестициялық жобалар, өндірістік алаңдар және әлеуетті инвесторлардың ақпараттық сауалдары туралы толық, дұрыс және өзекті ақпарат қамтылған бірыңғай ақпараттық алаң;

      9) инвестициялық жоба (бұдан әрі – Жоба) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістерді құруды, қолданыстағы өндірістерді кеңейтуді және (немесе) жаңартуды көздейтін іс-шаралар кешені;

      10) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      11) фронт-офистер жүйесі – консультацияларды, мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету, кездесулер, келіссөздер және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылымын өткізу үшін қажетті инфрақұрылымы бар арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылатын осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген мүдделі органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін үш деңгейлі (сыртқы, орталық және өңірлік деңгей) жүйе.

2-тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, өңірлік ұйымдардың инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеуін ұйымдастыру тәртібі

      3. Осы Қағидалар шеңберінде инвесторларға қызмет көрсету сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлердегі фронт-офистер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, ұлттық компанияның өкілдіктері мен өкілдері, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ инвестициялық саясатты іске асыруға және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, сондай-ақ инвесторлардың Қазақстан Республикасында өндірілген өнімдерін ілгерілетуге жауапты ұйымдардың шетелдік өкілдіктері мен өкілдері сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.

      Ұлттық компания орталық деңгейдегі фронт-офис субъектісі болып табылады.

      Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері, ұлттық компанияның өңірлік өкілдіктері және өкілдері, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары айқындайтын өңірлік ұйымдар, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ инвестициялық саясатты іске асыруға, жобаларды іске асыруға және сүйемелдеуге жауапты, индустриялық-инновациялық қызметті, инвестициялық қызметтік қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту салаларындағы ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың өкілдіктері мен өкілдері өңірлік деңгейдегі фронт-офис субъектілері болып табылады.

      4. Сыртқы және орталық деңгейдегі фронт-офистердің қызметін ұйымдастыру және қаржыландыру – республикалық бюджеттен, өңірлік деңгейдегі фронт-офистер жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      5. "Бір терезе" қағидаты бойынша қызметтер көрсетуді ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері экономиканың барлық салаларында инвестициялар көлемі 150 000 (бір жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты жүзеге асырады.

      Экономиканың барлық салаларында инвестициялардың көлемі 150 000 (бір жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен аз жобаларды іске асыратын қалған инвесторларға қатысты "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтер көрсетуді олар құрылған жағдайда өңірлік ұйымдар жүзеге асырады.

      6. Инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу фронт-офистер арқылы мынадай функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:

      сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектілерінің функциялары:

      1) әлеуетті инвесторларды ақпараттық-консультациялық қолдау, оның ішінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;

      2) әлеуетті инвесторлардың, оның ішінде трансұлттық және басқа да компаниялардың Қазақстан Республикасына сапарларын ұйымдастыру;

      3) шетелдік компанияның, оның ішінде зәкірлі және трансұлттық компаниялардың Қазақстан Республикасына инвестициялау ниеттерін растайтын құжаттарға қол қою;

      4) экономиканың барлық салаларында әлеуетті шетелдік инвесторларды сәйкестендіру;

      5) болу елінде үкіметтік, үкіметтік емес және корпоративтік секторлардың компанияларымен іскерлік байланыстар орнату;

      6) шетелдік инвесторлардың жалпы дерекқорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының елшілігін немесе консулдығын хабардар ете отырып, жетекшілік ететін елде ірі компаниялармен, оның ішінде зәкірлі және трансұлттық компаниялармен кездесулер өткізу;

      7) қайта инвестициялауға ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасында инвесторлар өндірген өнімді ілгерілету және инвестицияларды тарту мәселелері бойынша екіжақты сапарларға, іскерлік кеңестерге қатысу;

      8) болу еліндегі іскерлік қоғамдастықтарда инвестициялық ұсыныстарды ілгерілету;

      9) болу елінің аумағында инвестициялық сипаттағы іс-шараларды (роуд-шоу, бизнес-форумдар, дөңгелек үстелдер және т. б.) ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету;

      10) болу елдерінің мүдделі топтарын Қазақстан Республикасында және болу елінде алдағы болатын ең маңызды инвестициялық іс-шаралар туралы хабардар ету;

      11) шетелдік ірі компаниялардың тізбесін қалыптастыру;

      12) кездесулердің, ұйымдастырылған сапарлардың және қол қойылған меморандумдардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген инвестициялық уағдаластықтардың іске асырылуына талдау және мониторинг жүргізу;

      13) қайта инвестициялауға ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасында инвесторлар өндірген өнімді ілгерілету;

      14) елдік талдауды қалыптастыру үшін ақпарат жинау;

      15) инвесторлардың жүйелі проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстарды анықтау және енгізу;

      16) тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету және уәкілетті органға есеп ұсыну;

      17) мемлекеттік және өзге де қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      18) инвестициялық жобалар мен бастамалар бойынша IRM ақпаратын қалыптастыру және өзектендіру.

      орталық деңгейдегі фронт-офис субъектісінің функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

      2) инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізу, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, туындайтын мәселелерді шешуде инвесторларға жәрдем көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру;

      4) инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтарды іске асыру мониторингін жүргізу;

      5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізу;

      6) мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;

      7) өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің мемлекеттік және өзге де қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуіне мониторингті жүзеге асыруда уәкілетті органға жәрдем көрсету;

      өңірлік деңгейдегі фронт-офис субъектілерінің функциялары:

      1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

      2) инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастыру, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізу, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;

      3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;

      5) өңір аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізу;

      6) ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері өткізген, оның ішінде шет мемлекеттің аумағында ұйымдастырған инвестициялық тақырып бойынша іс-шараларға қатысу;

      7) ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет, оның ішінде инвестицияларды талап ететін индустриялық-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты ұсыну;

      8) мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасасу;

      9) инвесторлардың туындаған мәселелерін шешуге, оның ішінде құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктер шегінде орталық мемлекеттік органдармен және ұйымдармен кездесулерге бастамашылық ету жолымен көмек көрсету.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы үшінші абзацының 2), 8) және 9) тармақшаларында көзделген өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің функцияларын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің барлық субъектілері жүзеге асырады.

3-тарау. Орталық және өңірлік деңгейде инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша уәкілетті органның ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі

      7. Ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде уәкілетті орган:

      1) кеңестерді ұйымдастыру және жұмыс топтарын құру жолымен проблемалық мәселелерді шешу бойынша инвесторларға жәрдем көрсетеді;

      2) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және қажет болған жағдайда Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарады;

      3) инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат сұратады.

      8. Уәкілетті орган фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) сыртқы және орталық фронт-офистердің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      2) фронт-офистер қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      3) олардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін әзірлейді және фронт-офистерге жібереді;

      4) фронт-офистердің қызметіне баға береді;

      5) ұлттық компанияның орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің қызметі туралы есебін қабылдайды;

      6) орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офис субъектілерінің мемлекеттік және өзге де қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуі бойынша мониторингті жүзеге асыру үшін ұлттық компаниядан ақпарат сұратады;

      7) ұлттық компанияның елдік және өңірлік талдау нәтижелерін, сондай-ақ инвестициялар тарту саласындағы халықаралық тәжірибені сұратады;

      8) инвесторлармен өткізілген кездесулер мен келіссөздер қорытындылары туралы ақпарат сұратады;

      9) ұлттық компанияның және өңірлік ұйымдардың инвестициялық іс-шараларының тақырыбын, өткізу күнін және орнын келіседі;

      10) сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің қызметі бойынша есептілікті қабылдайды.

4-тарау. Ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, өңірлік ұйымдардың инвестициялар тарту мәселелері бойынша шет елдегі мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі

      9. Фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде қызмет берушілер:

      1) фронт-офис субъектілерінің өтініші бойынша инвесторлардың мемлекеттік қызметтерді және олармен байланысты қызметтерді алуға арналған өтінімді дайындау және ресімдеу үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және өзге де ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;

      2) фронт-офис субъектілерінің өтініші бойынша электрондық немесе жазбаша нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін уақтылы түсіндіруді қамтамасыз етеді.

      10. Ұлттық компания сыртқы деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектілерінің сұрауы бойынша:

      а) инвестормен кездесулер өткізеді, қажет болған жағдайда оның тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде өңірлік деңгейде кездесулерін қамтамасыз етеді;

      б) Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін құжаттарды жинау, дайындау және ресімдеу кезінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;

      2) Қазақстан Республикасының және өңірлердің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдарды жібереді, оларда:

      а) ахуал, халық, коммуналдық қызметтердің, электр энергиясының тарифтері, бағыттар, логистика және т. б.;

      б) өңірлер бойынша бөле отырып, инвестицияларды талап ететін жобалар және тауаша жобалар;

      в) шетелдік инвесторлар үшін әлеуетті серіктестер;

      г) дайын және жоспарланып отырған индустриялық алаңдар;

      д) кадрлық әлеует;

      е) мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат қамтылады;

      3) инвесторлармен жұмысты жақсарту бойынша семинарлар өткізеді;

      4) IRM жұмысын және оған қол жеткізуді қамтамасыз етеді және рұқсат береді;

      5) елдік инвестициялық талдау жүргізу үшін ақпарат сұратады.

      11. Ұлттық компания өңірлік деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің сұрау салулары бойынша мемлекеттік қолдауды ұсыну шаралары, тәртібі, шарттары мен көлемдері туралы ақпаратты, оның ішінде инвесторлар үміткер болуы мүмкін қолдау құралдары туралы ақпаратты ұсынады;

      2) инвесторлармен жұмысты жақсарту бойынша семинарлар өткізеді;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру мақсатында құжаттарды жинау, дайындау және ресімдеу кезінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;

      4) IRM жұмысын қамтамасыз етеді;

      5) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мақсатында атқарылған жұмыс туралы есепті сұратады;

      6) өңірлік инвестициялық талдауды қалыптастыру үшін ақпарат сұратады.

      12. Ұлттық компаниямен өзара іс-қимыл шеңберінде өңірлік деңгейдегі фронт-офистер:

      1) өңірдің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдарды жібереді, оларда:

      б) аумақтық жоспарлау және өндірістерді орналастыру;

      в) инвестицияларды талап ететін жобалар және тауашалық салалар;

      г) шетелдік инвесторлар үшін әлеуетті серіктестер;

      д) дайын және жоспарланып отырған индустриялық алаңдар;

      е) кадрлық әлеует туралы ақпарат қамтылады.

      2) инвестициялар көлемі 150 000 (бір жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын және экономиканың барлық салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

      13. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистер өңірлік деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) елдік және өңірлік талдаулармен алмасуды жүзеге асырады;

      2) инвесторлардың жергілікті әріптестерді іздестіру туралы сұрау салуларын жолдайды;

      3) әлеуетті инвесторлар туралы ақпарат береді.

      14. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистер сыртқы деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) инвесторларды іздестіру туралы сұрау салулар жібереді;

      2) әлеуетті тауашалар туралы ақпарат береді.

      15. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистер орталық деңгейдегі фронт-офиспен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) инвесторларға консультациялар беру үшін қажетті ақпаратты сұратады;

      2) елдік инвестициялық талдау үшін ақпарат береді;

      3) әлеуетті инвесторлардың тізбесін қалыптастырады және ұсынады.

5-тарау. Инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтер көрсету процесінің мониторингі, сондай-ақ инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мониторингінің тәртібі

      16. Инвесторларды сүйемелдеу, сондай-ақ фронт-офистер субъектілері ұсынатын инвесторлар үшін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы ұсыну жөніндегі қызметтің мониторингін уәкілетті орган жүзеге асырады.

      17. Уәкілетті орган қызметті бағалау және түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде тоқсан сайынғы негізде ұлттық компания және сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектілері ұсынатын ақпарат негізінде фронт-офис субъектілерінің жобаларды сүйемелдеу процесіне, сондай-ақ мемлекеттік және басқа да қызметтер көрсетуіне мониторинг жүргізеді.

      18. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде атқарылған жұмыс туралы есепті ұлттық компанияға жібереді.

      Ұлттық компания өзінің өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінен, өңірлік деңгейдегі фронт-офис субъектілерінен алынған деректер негізінде өңірлік және орталық деңгейдегі фронт-офис субъектілерінің қызметі туралы тоқсан сайынғы жиынтық есепті қалыптастырады және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жиынтық есепті уәкілетті органға жібереді.

      19. Сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектілері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей атқарылған жұмыс туралы есепті уәкілетті органға жібереді.

      20. Мониторинг нәтижелері ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ туындайтын жүйелі және жедел мәселелерді шешу бойынша тиісті шараларды уақтылы анықтау және қабылдау үшін пайдаланылады.

      21. Мониторинг жүргізу нәтижелері туралы қалыптастырылған есеп уәкілетті органның ақпараттық ресурсында орналастырылады.

6-тарау. "Бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін құжаттарды ресімдеу тәртібі

      22. Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар инвесторлардың көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құжаттарын берген сәттен бастап және осы мемлекеттік қызметтерді бергенге дейін мемлекеттік қызметтерді уақтылы және толық көрсету және инвесторларға консультациялық қолдау көрсету мәселелері бойынша инвесторды сүйемелдеуді жүзеге асырады.

      23. Ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне, өңірлік ұйымдарға жүгінген инвесторлар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген тізбе бойынша құжаттарды (бұдан әрі – инвестордың құжаттары) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

      Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар инвестордың құжаттарын фронт-офистерде қабылдайды.

      24. Инвесторлардың ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне, өңірлік ұйымдарға тиісті түрде толтырылған және ұсынылған құжаттарын ұлттық компания, оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдары көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптары мен стандарттарына сәйкес келмейтін құжаттарды қайтарған жағдайда ұлттық компания, оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар бір жұмыс күні ішінде инвесторды немесе оның өкілін хабардар етеді.

      Ұлттық компания, оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар инвестордан немесе оның өкілінен қажетті құжаттарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды қайта жолдайды.

      25. Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар құжаттарды қабылдаған кезде инвесторға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін көрсете отырып, қабылданған тиісті құжаттар туралы қолхат береді.

      26. Инвесторға дайын құжаттарды беруді ұлттық компанияның қызметкері, оның өңірлік өкілдері және өкілдігі, өңірлік ұйым жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) ұсынған кезде қабылданған құжаттар туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

      27. Ұлттық компания мен оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, өңірлік ұйымдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің инвестордың құжаттарын алу уақыты және ұлттық компания мен оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, өңірлік ұйымдардың дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушілерден алу уақыты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      28. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар көрсетілетін қызметті берушіге осы бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға дереу қағаз және (немесе) электрондық нысандарда хабарлама жібереді.

  Инвесторлар үшін "бір терезе" қызметін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібіне қосымша
  нысан

_______________________________________________________________ (инвестицияларды тарту саласындағы ұлттық компанияның/ өңірлік өкілдің немесе өкілдіктің/ өңірлік ұйымның атауы) Өтініш

      Мен, ______________________________________________________,

      (ұйымның атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері:________________________,

      (жеке басын куәландыратын құжатты, құжаттың берілген күні мен нөмірін көрсету)

      Сізден_________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті/қызметтерді алу үшін құжаттарды қабылдауды сұраймын.

      Мына құжаттардың тізбесін қоса беріп отырмын:

      1.____________________________;

      2.____________________________;

      3.____________________________.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беремін.

      қолы______________ ______________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Байланыс телефоны

      Мөр (заңды тұлғалар үшін, бар болса)

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы