"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 613 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Негізгі тұжырымдар" деген 1-бөлімде:

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталықты қалыптастырудың негізгі бағыты – жергіліктіден халықаралыққа: Нұр-Сұлтан жергілікті инвесторлар мен эмитенттердің мүдделерін біріктіретін және отандық банк секторын толықтыратын (балама болатын) толыққанды жергілікті қаржы орталығына (мысалдар – Ыстамбұл, Әбу-Даби, Сан-Паулу) айналуға тиіс. Осындай негіз құрылғаннан кейін жергілікті орталық одан да ауқымды өңірдің қажеттілігі мен мүддесіне бағдарланған халықаралық орталыққа (мысалдар – Дубай, Сингапур, Гонконг) айналуға тиіс. АХҚО-ның жұмыс істеп, дамуы үшін Орталық Азия, Күнгей Кавказ республикасы, ЕАЭО елдері, Таяу Шығыс және Еуропа елдері нысаналы аудитория болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) іске асырудың тікелей әсері 2025 жылға дейін жыл сайын көмірсутегін есептемегендегі жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) 1 %-ға дейін өсімін (Дубай халықаралық қаржы орталығы (Dubai International Financial Centre, бұдан әрі – DIFС) құрылғаннан бері алғашқы 10 жылдағы Дубайдың нәтижесіне жақын нәтиже) немесе 2015 – 2025 жылдар кезеңінде шамамен 13,4 млрд. АҚШ доллары ЖІӨ-нің кумулятивтік абсолютті өсімін құрайды. АХҚО-дан болатын қосымша әсерге қазақстандық капитал нарығына шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі, экономикалық тұрғыдан тиімді жаңа жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігінің өсуі есебінен ЖІӨ-нің жыл сайын орташа алғанда 1 %-ға жылдам өсуі есебінен қол жеткізіледі.
ЖІӨ-ге тікелей және тікелей емес әсер етуді, сондай-ақ Орталықтың өңірлік өктемдігін ескере отырып, Орталықты құрудан болатын қорытынды жиынтық әсер 2015 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бұдан басқа, Орталықтың тұжырымдамасын іске асыру Нұр-Сұлтанда халықаралық деңгейдегі 2 мыңнан аса жоғары білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтанды өңір үшін негізгі қаржы орталығы ретінде позициялауға мынадай екі қосымша стратегиялық бағытты іске асыру есебінен қол жеткізіледі:";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік маңызы бар басым жоба ретінде АХҚО-ны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асырудың табыстылығы негізгі мүдделі тараптар – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҰБ) іс-қимылдарының үйлестірілуіне тікелей байланысты. Мемлекеттік биліктің көрсетілген органдары Іс-қимыл жоспарын іске асыру процесіне толық жұмылуға және оның дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс.";

      "Негізгі баяндама" деген 2-бөлімде:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамытудың пайымы (миссиясы) және бағыттары" деген 2.1-кіші бөлімде:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты жұмыс істеп, тұруы үшін қаржы саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды, сондай-ақ қосалқы қызметтер үшін қызметкерлерді тарту.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтанды Орталық Азия, Күнгей Кавказ өңірлері, Таяу Шығыс және Еуропа елдері үшін негізгі қаржы орталығы ретінде позициялау есебінен өсу үшін Қазақстан Республикасында сыртқы (геосаяси жағдай) әрі ішкі (саяси тұрақтылық, қолайлы салық ахуалы) факторлардың бірегей жиынтығы бар. Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы нарықтарының болашақ реттеушісін Қазақстанда орналастыру туралы шешім АХҚО-ны дамытуды жылдамдататын қосымша маңызды фактор болады.";

      "АХҚО-ны дамытудың бастау көзі" деген 2.2-кіші бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 сәуірде өткен ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Н.Ә. Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің жоғары технологиялық инфрақұрылымы негізінде озық әлемдік қаржы орталықтарына ұқсас ерекше мәртебесі бар "Астана" қаржы орталығын құру қажеттілігі туралы мәлімдеді. Бұл бастаманы іске асыру Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жаңа серпін беруге, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму факторларына оң әсер етуге мүмкіндік береді. Неғұрлым маңызды экономикалық тиімділіктердің ішінде мыналарды атап өту керек: экономикалық өсуге және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу, банк секторына қосымша толыққанды қаржы жүйесін қалыптастыру, Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуы, Нұр-Сұлтанды Орталық Азия өңірінің ірі іскерлік орталығы ретіндегі орнын нығайту. Неғұрлым маңызды әлеуметтік тиімділіктер: жоғары білікті жұмыс орындарын құру, іскерлік ортаның айқындылығын арттыру және бизнесті жүргізудің этикалық стандарттарын сақтау (оның ішінде, сыбайлас жемқорлықты төмендету), елге шетелден жоғары кәсіби еңбек ресурстарын тарту, Нұр-Сұлтанда өмір сүру стандарттарын жақсарту.";

      "Активтерді басқару жөніндегі нарықты және сараптаманы дамыту" стратегиялық бағыты деген 2.5-кіші бөлімде:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Активтерді басқару – мақсаты инвесторлар үшін пайда алу болып табылатын сенімгерлікпен басқару шартының негізінде әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздардың портфельдерін және басқа активтерді кәсіби басқару. Компаниялар да, жеке тұлғалар да инвестор бола алады (тікелей немесе ұжымдық инвестициялау көмегімен). Активтерді басқару жөніндегі нарықты және сараптаманы дамыту АХҚО-ны одан әрі дамытуға бағытталған стратегиялық бағыт болып табылады. Активтерді басқару жөніндегі жетекші халықаралық компанияларды (бұдан әрі – БК) жергіліктендіру және озық әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін активтерді басқару жөніндегі қатаң ішкі сараптаманы қалыптастыру АХҚО-ны Орталық Азияда активтерді басқару жөніндегі негізгі орталық ретінде саралауға қабілетті. Активтерді басқару жөніндегі орнықты ішкі нарық капиталдың өтімді жергілікті нарығын қалыптастыруға, ұлттық экономикаға сыртқы инвестицияларды тартуға, еңбек нарығын кәсібилендіруге және қосалқы көрсетілетін қызметтердің кластерін құруға ықпал етеді16.

      Нұр-Сұлтанның активтерді басқару жөніндегі өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу үшін қажетті нақты басымдылықтары бар. Бұл басымдылықтарға басқару үшін қолжетімді қорлар қаражатының елеулі көлемі, қолайлы салықтық жағдай, экономикалық және саяси тұрақтылық жатады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет отандық ойыншылардың рөлін арттыруда және нығайтуда және Нұр-Сұлтанға сыртқы БК тартуда ынталандырушы рөлін атқаруға тиіс екенін атап өткен жөн.";

      "Әлеует" деген 2.5.2-тарауда екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біріншіден, халықаралық сыртқы БК жергіліктендіруге бағытталған
іс-қимыл кешенін іске асыру болашақта активтерді басқару жөніндегі жергілікті нарықты қалыптастыра алады. Мәселен, сыртқы БК жергіліктендіру бір мезгілде қазақстандық нарықта кәсіби басқарушылар ортасын қалыптастыра отырып және осы компаниялардың Қазақстан Республикасында басқарудан түскен кірістерін жергілікті тіркей отырып, 2025 жылы Нұр-Сұлтаннан 123 млрд. жуық АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражатты басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған қаражаттың кемінде 17 %-ы Қазақстан Республикасының жергілікті капитал нарығына (23 млрд. жуық АҚШ доллары) инвестицияланады.";

      алтыншы бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Нұр-Сұлтанды Орталық Азия аумағында корпоративтік қаржы және активтерді басқару саласындағы негізгі білім орталығы ретінде дамыту.";

      "Жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару нарығын дамыту – Private Banking" қосымша бағыты" деген 2.6-кіші бөлімде:

      "Әлеует" деген 2.6.2-тарауда:

      жетінші бөліктің 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Private Banking бағытын дамыту халықаралық банктерді Нұр-Сұлтанда орналастыруға және бірінші кезекте ауқатты клиенттер сегментіне негізделіп төрт кезеңмен өтетін болады.";

      "Қолайлы іскерлік орта құру" қолдаушы бағыты" деген 2.8-кіші бөлімде:

      "Нарықтық және IТ-инфрақұрылым" деген 2.8.3-тарауда:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір-бірімен жоғары жылдамдықтағы каналдар арқылы байланысқан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ҰБ дата-орталықтары негіз болып табылады. Бұл ретте Алматы қаласында АХҚО-ның қатысушыларына өзінің қызметін ұсынатын деректер резервтік қоймасы орналастырылады. АХҚО-ға қатысушылардың транзакциялық шығындарын төмендету мақсатында xалықаралық жоғары жылдамдықтағы байланыс каналдарын енгізу қажет.";

      "Ішкі және сыртқы логистика" деген 2.8.5-тарауда:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әбу-Дабидің метросы 4 бағыт пен 82 станцияны қамтиды (қосымша 2 станцияның құрылысы жүріп жатыр). Сингапурдың метросына 5 бағыт пен 107 станция кіреді. Бұған қоса, Әбу-Даби мен Сингапурдың метроларымен қаладан әуежайға тікелей жетуге болады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында метро жоқ.";

      "Астанадан және бәсекелес қаржы орталықтарынан тікелей әуе рейстерінің санын салыстыру" деген 17-суреттің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-сурет. Нұр-Сұлтаннан және бәсекелес қаржы орталықтарынан тікелей әуе рейстерінің санын салыстыру";

      "Осы орайда АХҚО-ны дамыту үшін Іс-қимыл жоспарына қосымшада көрсетілген және Нұр-Сұлтанның өңірлік және халықаралық көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру қажет.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Air Astana компаниясы салыстырмалы түрде аз ғана авиамаршруттарға қызмет етсе (28), Әбу-Даби (Etihad) мен Сингапурдың (Singapore Airlines және 67 бәсекелес авиатасымалдаушылары) негізгі авиакомпаниялары тиісінше
100-ден және 60-тан астам географиялық бағытта ұшады. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының инфрақұрылымы мен ұйымдастырылуы жыл сайынғы жүктемені (бұл ретте жүктеме аса көп болғанда ұзақ-сонар кезек пайда болады) қинала орындайды. Әбу-Даби мен Сингапурдың әуежайлары арқылы жыл сайын тиісінше 15 және 50 млн. астам жолаушы өтеді.";

      "Қалалық және әлеуметтік инфрақұрылым" деген 2.8.6-тарауда:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқа қаржы орталықтарымен бәсекеге төтеп беру үшін Нұр-Сұлтан қаласына қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту мәселесіне ұзақ мерзімді тұрғыдан қарап, сондай-ақ бұл процесті АХҚО-ны дамытумен қатар алып жүру қажет.";

      бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сонымен қатар АХҚО юрисдикциясына "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенін қосу мәселесі қаралатын болады, ол қаржы орталығы аумақтарының жалпы санын ұлғайтуға, оның юрисдикциясының шегін Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік-әкімшілік ауданына жақындата отырып, АХҚО-ның көлік инфрақұрылымын біріктіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ DIFC ұқсас үлгі бойынша үйлесімді сәулет ансамблін жасайды.

      Әлемнің негізгі халықаралық қаржы орталықтарымен авиақатынастарының болуы халықаралық қаржы орталығының табысты жұмыс істеуінің негізгі факторы болып табылады. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан Майндағы Франкфурт, Лондон, Токио, Әбу-Даби, Дубай, Бейжің, Сеул, Ыстамбұл, Париж және Мәскеу қалаларымен тікелей авиақатынас орнатқан. Женева, Гонконг, Сингапур, Шанхай қалаларымен тікелей авиақатынас қажет.

      Орталықты халықаралық әуежаймен, тұрғын үй, сауда және ойын-сауық аймақтарымен, сондай-ақ қызмет көрсету орталықтарымен көлік арқылы біріктіру оның жұмыс істеуі үшін маңызды жағдай болып табылады. ЭКСПО – 2017 даму жоспары қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын елорданың халықаралық әуежайымен жүрдек көлікпен тікелей біріктіруді білдіреді.

      Елорда әуежайының ауданы 40 шаршы метр қосымша терминалын салу 2015 жылға жоспарланды. Жаңа терминалдың жұмысы өткізу қабілетін екі есеге дерлік ұлғайта алады. Қазір ол қарбалас уақытта 750 жолаушыны құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш сағатына 1375 адамға ұлғаяды.";

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың бас жоспары шеңберінде қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар бастамалар іске асырылғанын атап өту қажет. Сонымен бірге АХҚО-да тұрақты жұмыс істеу және Нұр-Сұлтанда тұру үшін жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (қосымша) ұсынылған әлеуметтік және қалалық инфрақұрылым объектілерін одан әрі дамыту және жаңғырту саласында іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.";

      "АХҚО құру мен дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру" деген
3-бөлімде:

      "Жобаның табысты болуы қатысушылардың әрқайсысының күш салуына тікелей байланысты болғанымен, жұмылдырылған көптеген тараптар үшін АХҚО-ны дамыту негізгі функция болып табылмайды. Осылайша, қойылған міндеттерді толық орындамау, жоспарланған мерзімдерді сақтамау және соның салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қаржы орталығын құрудың жалпы мақсатына қол жеткізбеу тәуекелі бар.";

      "Қазақстанда орындалмайтын міндеттер жоқ: мен Нұр-Сұлтан 10 жыл ішінде қандай болғанын көргенде, бәріде мүмкін екенін түсінемін. Үш нәрсе: жігер мен ең жоғарғы деңгейден қолдау, барлық атқарушы органдар үшін міндеттер бірлігі, кәсіби мамандар қажет.";

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары" деген қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 1-5-жолдармен толықтырылсын:

      "

1-1

Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік секторының бағалы қағаздарын орналастыру кезінде шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін кең ауқымды ақпараттық науқан өткізу

Қаржыминіне ақпарат

жыл сайын
2025 жылғы шілдеге дейін

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ" (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша)

1-2

АХҚО базасында ШОБ-ты қаржыландыруға арналған жеке алаң құру

Қаржыминіне ақпарат

2019 жылғы
желтоқсан
 
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

1-3

Жекешелендірудің оңтайлы моделін жасау, елдің биржалық инфрақұрылымын құру және MSCI Emerging Markets мәртебесін алу үшін АХҚО базасында капитал нарығын дамыту бойынша ЕҚДБ-мен жобаны іске асыру

Қаржыминіне ақпарат

2020 жылғы наурыз

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "АХҚО Биржасы" ЖК (келісу бойынша)

1-4

Бағалы қағаздар нарығында өтімділікті арттыру мақсатында инвесторлар үшін кредиттеу және қайта қаржыландыру (securities lending) жүйесін құру бойынша шаралар қабылдау

Қаржыминіне ақпарат

2020 жылғы наурыз

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

1-5

Депозитарлық қолхаттарды акцияларға/ облигацияларға қолжетімді айырбастауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

Қаржыминіне ақпарат

2020 жылғы наурыз

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18

Қаржы технологиялары нарығының ірі халықаралық қатысушыларын (стартап-акселераторларды, венчурлық қорларды, қаржы институттарын және технологиялық компанияларды) тарту

меморандум, келісу

үнемі

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша) ЦДИАӨМ, ИИДМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:

      "

18-1

ҚР заңнамасы шеңберінде АХҚО аумағында да, өңірлік ауқымда да қаржы технологияларын, инновациялық жобаларды және электронды коммерцияны дамытуға ықпал ететін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау:
1. ҚР заңнамасында ҚР Үкіметі мен АХҚО тарапынан бірлесіп әкімшілендіру мүмкіндігімен АХҚО базасында Ұлттық реттеуші құм алаңын іске қосу мен жұмысы үшін қажетті құқықтық шарттарды жасау;
2. Өңірлік деңгейде (Еуразия өңірі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде) қаржы технологиялары саласындағы қызметтерді көрсетуге берілетін лицензияларды өзара тану

ҚР заңнамалық актілеріне түзетулер жобасы
 
ниет туралы хат/
Еуразия өңірі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы үкіметаралық келісу

2020 жылғы желтоқсан
 
2020 жылғы желтоқсан
 
АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (келісу бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, СІМ

      реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-1-жолмен толықтырылсын:

      "

41-1

АХҚО қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған, АХҚО қатысушыларына визаларды, ЖСН-ді, ЭЦҚ-ны және өзге де мемлекеттік қызметтерді ресімдеу бойынша "бір терезе" жұмысының аясында рәсімдерді оңтайландыру мәселелері жөнінде белсенді түрде ынтымақтасу және өзара әрекеттесу

Қаржыминіне ақпарат
 
үнемі

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині, Еңбекмині, ЦДИАӨМ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 50-1, 50-2 және 50-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

50-1

АХҚО базасында Еуразиялық тауарлық нарықты іске қосу және дамыту
 
Қаржыминіне ақпарат

2020 жылғы наурыз

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині

50-2

АХҚО-ны ел және Орталық Азия экономикасына тікелей инвестициялар салуды көздейтін холдингтік компанияларды, бірлескен кәсіпорындарды тіркеу, соның ішінде МЖӘ жобаларды іске асыру кезіндегі юрисдикция ретінде ілгерілету
 
Қаржыминіне ақпарат

үнемі

"АХҚО әкімшілігі" АҚ
(келісу бойынша), СІМ, ҰЭМ, ИИДМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
(келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
(келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ"
(келісу бойынша),

50-3

Жобаларды қаржыландыру, АХҚО-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын белсенді тарату, жобалар мен әлеуетті инвесторлар бойынша ақпарат пен деректер алмасу үшін АХҚО алаңын пайдалану арқылы қаржы ағынын тартуға арналған өңірлік алаң ретінде АХҚО-ны ілгерілетуге жәрдемдесу

Қаржыминіне ақпарат

үнемі

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, ҰЭМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ
(келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
(келісу бойынша),
"Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ", "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
(келісу бойынша),

      ";

      реттік нөмірі 56-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

56

Нұр-Сұлтанды көрші өңірлермен байланыстыратын ескі өңірлік автомобиль магистральдарын жаңғырту және қосымша магистральдар салу

Қаржыминіне ақпарат

жыл сайын

ИИДМ

      ";

      реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

58

Нұр-Сұлтан қаласының сыртқы көліктік қолжетімділігін арттыру үшін шетелдік авиация билігімен келіссөздер жүргізу жолымен негізгі қаржы орталықтарына және өңірлерге күнделікті тікелей авиарейстер ашу үшін құқықтық базаны қамтамасыз ету:
1. Қысқа мерзімді перспективада:
Нью-Йорк, Цюрих.
2. Орта мерзімді перспективада: Женева, Шэньчжень, Джакарта, Дублин.

келісу, меморандум

2019 жылғы желтоқсан
 
2020 жылғы желтоқсан
 
ИИДМ, СІМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша),
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша),
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы

(келісу бойынша)
 
      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58-1-жолмен толықтырылсын:

      "

58-1

АХҚО-ны дамыту үшін басымдыққа ие бағыттар бойынша нақты тәсілді пайдаланумен 5-еркін әуе кеңістігін ұсыну мүмкіндігін қарастыру

Қаржыминіне ақпарат

2020 жылғы желтоқсан

ИИДМ, СІМ, ҰЭМ, МСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша), АХҚО әкімшілігі (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірлері 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65 және 66-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

59

Қолжетімділікті қамтамасыз ету: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ашғабад, Бішкек, Баку қалалары арасындағы екі бағытта күнделікті авиарейстерді іске қосу

Қаржыминіне ақпарат

2020 жылғы сәуір

ИИДМ

60

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының терминалын кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру және ұшу-қону алаңын реконструкциялау

мемлекеттік комиссия актісі

2017 жылғы мамыр

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

61

Шетелдік тасымалдаушылар үшін "ашық аспан" қағидаты бойынша Нұр-Сұлтан әуежайына әуе тасымалдарының шарттарын кезең-кезеңмен ырықтандыру арқылы Нұр-Сұлтан қаласы мен жетекші халықаралық қаржы орталықтарының арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау

меморандум, келісу

2018 жылғы
шілде

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
(келісу бойынша)

62

Саябақ, жаяу жүргінші және тұрақ аймақтарын салу бөлігінде қалалық инфрақұрылым элементтерінің "машиналарға арналған қала" форматынан "жаяу жүргіншілерге арналған қала" форматына біртіндеп көшуін жүзеге асыру арқылы отбасылық қолайлы тұру және демалу үшін халықаралық деңгейдегі қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

Қаржыминіне ақпарат

2017 жылғы сәуір

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

63

Нұр-Сұлтан қаласының шегінде орналасқан табиғи объектілерді ең алдымен, саябақ аймақтарын,
Нұр-Сұлтан қаласы арқылы өтетін өзендерді қоқыстан үнемі тазалау

Қаржыминіне ақпарат

2017 жылғы
қаңтар

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

64

Қалдықтарды (шыны, пластик, металл, қағаз/картон және қалдықтардың өзге де түрлерін) бөлек жинауды ұйымдастыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қуаттарын іске қосуға дайындау

Қаржыминіне ақпарат

2018 жылғы
сәуір

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

65

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде қолжетімді баға санатындағы қонақ үй желісін құруды ынталандыру

Қаржыминіне ақпарат
 
2017 жылғы
шілде

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

66

АХҚО базасында бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы тәуелсіз қадағалау органын құру орындылығын талдау

Қаржыминіне ақпарат

2021 жылғы қаңтар

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 67-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

67-1

Құжаттарды ресімдеуге, көлік құралдарын тіркеуге және есепке алуға, тұрғын үй іздеуге жәрдем беруді және әлеуметтік институттармен өзара іс-қимылды қоса алғанда, "Бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік мамандардың жергіліктендіру үшін қолайлы жағдайлар жасау

АХҚО Басқарушысы 2018 жылғы 3 қарашадағы № 27 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі 
2017 жылғы 7 қарашадағы № 736 бекіткен "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ-ның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен АХҚО Экспат Орталығының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара

іс-қимыл жасасу регламентін бекіту туралы" АХҚО мен ІІМ-нің бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2019 жылғы шілде

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ІІМ, ЦДИАӨМ  

      ";

      реттік нөмірі 67-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

67-4

2019 – 2020 жылдарға арналған бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде АХҚО-ның қызметін отандық ақпараттық кеңістікте және шет елдерде электрондық, баспа БАҚ-та және телевизияда жариялау мен ілгерілету бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу

Қаржыминіне ақпарат

үнемі

АҚДМ, СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Үкіметке ұсыну үшін Іс-қимыл жоспарын және оған қоса берілген Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірыңғай қорытынды есепті қалыптастыру (әрбір жарты жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардан барлық есептерін шоғырландыру)

Үкіметке ақпарат

жыл сайын,
1 наурыз және
1 қыркүйек

Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, ИИДМ, СІМ, ІІМ, БҒМ, ЭМ, АҚДМ, Еңбекмині, МСМ, ЦДИАӨМ, СИМ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҰҚК (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)
"Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша) "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

      ";

      Ескертпе: аббревиатуралардың және қысқартулардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ – "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы

      "АХҚО әкімшілігі" АҚ – "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы

      "АХҚО Биржасы" ЖК – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Биржасы" жеке компаниясы

      АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті

      АХҚО ХТО – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік сот орталығы

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      БЖЗҚ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

      БК – басқарушы компания

      "Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      ЕҚДБ – Еуропа қайта құру және даму банкі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖБК – жобаны басқару кеңсесі

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      ИПҚ – инвестициялық пай қоры

      "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ – "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ – "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      "Назарбаев Университеті" ДБҰ – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТНК – тиімділіктің негізгі көрсеткіштері

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Үкімет – Қазақстан Республикасының Үкіметі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ШОБ – шағын және орта бизнес

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭБАҚ – электрондық бұқаралық ақпарат құралдары

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      "Эйр Астана" АҚ – "Эйр Астана" акционерлік қоғамы

      ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба

      АССА – Association of Chartered Certified Accountants

      AML – Anti Money Laundering

      CFA – Chartered Financial Analyst

      ETF – Exchange Traded Fund

      FATCA – Foreign Account Tax Compliance Act

      FRM – Financial Risk Manager

      GDR – Global Depositary Receipt

      IPO – Initial Public Offering

      MSCI Emerging Markets –Morgan Stanley Capital International Emerging Markets Index

      SPO – Secondary Public Offering".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы