Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 116 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 8-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есеп беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 18 наурыздағы
  № 116 қаулысымен
  бекітілген

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар 213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 058 "Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар, астана бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.

      3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның мынадай бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша пайдаланылады:

      1) 105 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама);

      2) 107 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" (бұдан әрі – 107 кіші бағдарлама).

      5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 және 107 кіші бағдарламалары бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.

2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      6. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға;

      2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға;

      3) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

      4) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 93-тармағында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтуға;

      5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге;

      6) "Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) кеңейтуге;

      7) Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге;

      8) протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге;

      9) сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге;

      10) тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге;

      11) арнайы қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалармен) қамтамасыз етуге;

      12) санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, мынадай қатынаста: республикалық бюджеттен – іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 20 %-ы, жергілікті бюджеттен – 80 %-ы жүзеге асырылады.

      8. Міндетті гигиеналық құралдарға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы), протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнайы қозғалыс құралдарына (кресло-арбаларға), санаториялық-курорттық емдеуге, естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне қажеттіліктің және (немесе) олардың құнының ұлғаюы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнайы қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалармен), санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен көздейді.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына бюджеттік бағдарламалар бойынша көздейді:

      1) 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      113 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";

      046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша;

      2) тізбені кеңейтуге республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде шығыстарды қаржыландыру үшін 045 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы";

      3) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге 077 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 263 "Облыстың ішкі саясат басқармасы", 325 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық даму басқармасы", 328 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат және дін істері басқармасы" және 747 "Облыстың ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

      4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға кейіннен аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді аудару үшін 113 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 046 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 335 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 013 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 317 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық мобильділік басқармасы" және 348 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша.

      10. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:

      1) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге, тізбені кеңейтуге, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" және 801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

      2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 059 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 485 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 490 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;

      8) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға 050 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 809 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.

      11. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату және жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау;

      2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуын ескере отырып, міндетті гигиеналық құралдар (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар) сатып алу, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайту, тізбені кеңейту, Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларды бір рет қолданылатын катетерлермен, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнайы қозғалыс құралдарымен (кресло-арбалармен), санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңалықтар телебағдарламаларының трансляциялануын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

      12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

3-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi

      13. Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын сатып алуға;

      2) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.

      14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдері:

      053 "Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету" жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарды облыстық деңгейде қаржыландыру үшін 256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы";

      шығыстарды республикалық қала, астана деңгейінде қаржыландыру үшін 327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша келіп түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді көздейді.

      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана әкімдері есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 273774
    Қазақ тілінде 136549
    Орыс тілінде 136221
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы