"Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 1336 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 305 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі №1336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 364-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесінде:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес айқындалатын уәкілетті органды білдіреді;";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы белгілеген нысан бойынша Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтердің құнын мынадай мәліметтер көрсетіле отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатуға өтініш:

      заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (БСН болмаған жағдайда – резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі);

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (ЖСН болмаған жағдайда резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі), тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      осы Ереженің 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген тұлғалардың бірін көрсету;

      тұлға қызметінің түрі;

      Негіздемелік келісім немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісім шеңберінде тұлғаның қызметін жүзеге асыру мерзімі;

      Негіздемелік келісімді немесе Жүзеге асыру жөніндегі келісімді жүзеге асыру үшін тұлғаның Қазақстан Республикасында сатып алатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтердің құны;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы