"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны, құрылымы туралы шешімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 350 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны, құрылымы туралы шешімі (2020 жылғы 3 маусымдағы № 173 отырыстың хаттамасы) бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 350 қаулысымен
бекітілген

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны және құрылымы туралы шешімі

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының 9-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 661 қаулысының 1-тармағына және Жарғының 57-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі мынадай деп ШЕШТІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына" АҚ) тиесілі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының жай акцияларын, оның ішінде базалық активі көрсетілген акциялар болатын жаһандық депозитарлық қолхаттарды шығару және орналастыру жолымен (бір акция бір жаһандық депозитарлық қолхатқа тең арақатынаста) мынадай шарттармен иеліктен шығару жүргізілсін:

      1.1. өтінімдері жеделдетілген түрде жүргізілген өтінімді жинау нәтижесі бойынша қанағаттандырылатын инвесторлар пайдасына:

      1) иеліктен шығару құны: жай акция үшін 5 230,81 (бес мың екі жүз отыз бүтін жүзден сексен бір) теңге және жаһандық депозитарийлік қолхат үшін 13 (он үш) АҚШ доллары;

      2) иеліктен шығару саны: жай акция үшін – 1 030 815 (бір миллион отыз мың сегіз жүз он бес) және жаһандық депозитарийлік қолхат үшін – 14 865 608 (он төрт миллион сегіз жүз алпыс бес мың алты жүз сегіз);

      1) иеліктен шығару құрылымы: а) өтінімдері жеделдетілген түрде жүргізілген өтінімді жинау нәтижесі бойынша қанағаттандырылатын инвесторлардың пайдасына иеліктен шығарудың жалпы көлемінің кемінде 20 % "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағында алу ұсынылады; б) қалған бөлігі – шет мемлекеттер аумағында (оның ішінде Лондон биржасы) ұсынылады;

      1.2 "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында ұсыныс талаптарына сәйкес өтініш беретін жеке инвесторлардың (Қазақстан Республикасының азаматтары) пайдасына (бұдан әрі – Жеке инвестор):

      1) иеліктен шығару құны: бір жай акция үшін 5 230,81 (бес мың екі жүз отыз бүтін жүзден сексен бір) және жаһандық депозитарийлік қолхат үшін 13 (он үш) АҚШ доллары;

      2) иеліктен шығару саны: жай акциялар мен жаһандық депозитарийлік қолхаттар жиынтығында 385 000 (үш жүз сексен бес мың) көлемінен аспайды. Бұл ретте Жеке инвесторлардан тиісті өтініштер алынбайтын жай акциялар мен жаһандық депозитарийлік қолхаттар саны "Самұрық-Қазына" АҚ меншігінде жай акциялар түрінде қалады;

      3) иеліктен шығару құрылымы: Жеке инвесторлардың пайдасына иеліктен шығарудың жалпы көлемінің 100 % "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында сатып алу ұсынылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы