< Назад к документу

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 1-тармағына және "Орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкімінің 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 3 жыл мерзімге:

      1) базалық жиынтықтан жоғары, қозғалтқыш көлемі 2000 текше сантиметрден асатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын жеңіл автокөлік құралдарын;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын арнайы және жедел-қызметтік автокөлік құралдарын (жеңіл автомобильдер базасындағы);

      3) кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салу белгіленсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағалары және делегациялар қатысатын ресми іс-шараларға қызмет көрсету жағдайларына қолданылмайды деп белгіленсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша):

      1) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) жарты жылдық негізде жыл сайын жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың қорытындылары бойынша (25 қаңтарға) Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Назад к документу

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы (өзгертулер 29 шілде 2020) P2000000475

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 287187
    Қазақ тілінде 142880
    Орыс тілінде 142751
    Ағылшын тілінде 1556
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы