Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 ақпандағы N 36 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 43 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6067 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 601 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.11.30 № 601 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.01.17 № 8 Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж.Кәрбозов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық 2010 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                     Экономика және бюджеттік
      ___________ Б. Жәмішев             жоспарлау министрі
                                         ___________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің  
2010 жылғы 3 ақпандағы № 36
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрлігінің 
2010 жылғы 10 ақпандағы № 43
бірлескен бұйрықтарымен
      бекітілген       

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) кеден органдарының жоспарлы тексеру жүргізуі үшін өңірлер бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды (бұдан әрі - СЭҚ-қа қатысушылар) іріктеу мақсатымен СЭҚ-қа қатысушаларды тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлер СЭҚ-қа қатысушы болып табылатын жеке тұлғаларға таратылмайды.
      3. Осы Критерийлер мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – СЭҚ-қа қатысушылардың оның салдарынан ауыр деңгейде мемлекетке залал келтіруі және (немесе) келтірілуі мүмкін екендігін ескере отырып, кедендік заңнамаларын сақтамау мүмкіндігі;
      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бұл кеден органдарының тексеруді және басқа да бақылау нысандарын жоспарлау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
      3) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – СЭҚ-қа қатысушыларды тәуекелдің әртүрлі деңгейіне жатқызуға мүмкіндік беретін, сыртқы экономикалық қызметке әсер ететін ерекшеліктермен және факторлармен СЭҚ-қа қатысушалардың сыртқы экономикалық қызметімен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      4) кеден төлемдер мен (немесе) салықтар бойынша жеңілдіктер - кеден төлемдер мен (немесе) салықтар салудан босату түріндегі ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты ұсынылатын жеңілдіктер;
      5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы – Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға.
      Жоғары, орташа не болмашы болып бөлінетін СЭҚ-қа қатысушылардың тәуекел дәрежесіне байланысты кеден органдары олар үшін жүргізілетін жоспарлы тексеру кезеңін айқындайды, бірақ:
      - тәуекел дәрежесі жоғары болған кезде – жылына бір реттен;
      - тәуекел дәрежесі орташа болған кезде – үш жылда бір реттен;
      - тәуекел дәрежесі болмашы болған кезде – бес жылда бір реттен - жиі емес.
      4. Кеден органдары тексерулерді жоспарлау мақсатында СЭҚ-қа қатысушылар ресімдеген жүк кедендік декларациясының деректерін және оларға қатысты құжаттардың, СЭҚ-қа қатысушылардың жеке шоттарының, бұрын кеден органдары жүргізген тексерулер мен камералды бақылаулар нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ кеден органдарының қарауындағы СЭҚ-қа қатысушылардың қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.
      5. СЭҚ-қа қатысушыларды іріктеу мақсатында оларды тиісті тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін СЭҚ-қа қатысушылар үш топқа бөледі, оларға мыналар тән:
      1) бірінші топ үшін:
      соңғы үш жылда аталған жүк кедендік декларация бойынша тауарлардың жалпы құны бір миллион АҚШ долларынан асқан жағдайда тауарлар импорты бойынша ресімделген бес және одан да көп жүк кедендік декларациялар (кедендік төлемдер мен салықтар салудың ерекше шарттары көзделген келісім-шарт негізінде сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар ресімдеген жүк кедендік декларациялардан басқалары);
      соңғы бес жылда кедендік төлемдер мен салықтар салудың ерекше шарттары көзделген келісім-шарт негізінде сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар ресімдеген жүк кедендік декларациялар;
      2) екінші топ үшін - соңғы үш жылда аталған жеткізілімдер бойынша тауарлардың жалпы құны бес жүз мың АҚШ долларынан асқан және бір миллион АҚШ долларынан аспаған жағдайда тауарлар импорты бойынша ресімделген бес және одан да көп жүк кедендік декларациялар;
      3) үшінші топ үшін - соңғы үш жылда аталған жеткізілімдер бойынша тауарлардың жалпы құны үш жүз мың АҚШ долларынан асқан және бес жүз мың АҚШ долларынан аспаған жағдайда тауарлар импорты бойынша ресімделген бес және одан да көп жүк кедендік декларациялар.
      6. Топтар ішінде СЭҚ-қа қатысушыларды тиісті тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін мынадай критерийлер бойынша іріктеу жүргізіледі:
      1) кедендік төлемдер мен (немесе) салықтар бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып ресімделген және мыналарда:
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 330-бабы 1-тармағының 4), 5), 6), 8), 11), 12), 14), 16) тармақшаларында; Қараңыз.K100296
      Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 255-бабы 1-тармағының 3)4)6)7)10)тармақшаларында және 299-бабы 2-тармағының 4)5) тармақшаларында;
      Қазақстан Республикасы Кодексінің 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 234-бабы 1-тармағының 3), 4), 6), 7), 9-1), 10) - 13) тармақшаларында және 278-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында;
      Кеден кодексінің 531-бабының 2-тармағында («Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Кеден кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде ұсынылған жеңілдіктер);
      кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды көздейтін Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарында көзделген кедендік бақылауда тұрған тауарлар.
      Аталған өлшемдер кедендік төлемдер мен (немесе) салықтар бойынша жеңілдіктер ұсыну шарттары кезінде соңғы үш жылда бес жүз мың теңге баламасында немесе асатын жалпы сомаға қолданылады – 5 балл.
      2) соңғы үш жылда қосылған құн салығын төлеу кезінде есепке алу әдісін қолдана отырып ресімделген тауарларға Қазақстан Республикасы Кодексінің 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 250-бабымен белгіленген тауарлардың импорты кезінде есепке алу әдісімен төленген жалпы сома баламалы немесе бес жүз мың теңгеден асқан жағдайда – 5 балл.
      3) Кеден кодексінің 470-бабына сәйкес құпия ақпарат болып табылатын тауарлардың санаты бойынша жөнелтуші ел және (немесе) ең жоғары тәуекел көрсеткіштері тізбесіне енгізілген жөнелтуші елдерден өткізілетін тауарлардың жалпы статистикалық құны соңғы үш жылда бір жүз мың АҚШ долларынан асса – 5 балл; Қараңыз.K100296
      4) тауарлардың кедендік құнының кеден органдарында бар баға ақпаратынан (жиырма немесе одан да көп пайызға) ауытқуы. Соңғы үш жылда тауардың ауытқыған жалпы статистикалық құны баламалы немесе бір жүз мың АҚШ долларынан асса – 3 балл;
      5) соңғы екі жылда бюджетке төленген кеден баждарының өсу қарқынынан импорт көлемінің өсу қарқынының озуы (жиырма пайызға және одан төмен – кері көрсеткіш) – 3 балл. Бұл ретте аталған (К) көрсеткіш алдыңғы және ағымдағы жылдың импорт көлемі белгілі жағдайда келесі формула бойынша есептеледі.
      К=(П1/П2*100-100),
      Мұндағы,
      К - әкелу кеден баждарының өсу қарқынынан импорт көлемінің өсу қарқынының озу көрсеткіші;
      П1 – соңғы жылда «тауарларды еркін айналысқа шығару» кедендік режимі бойынша ресімделген тауарларға қатысты өндіріліп алынған әкелу кеден баждарының сомасы;
      П2 - алдыңғы жылда «тауарларды еркін айналысқа шығару» кедендік режимі бойынша ресімделген тауарларға қатысты өндіріліп алынған әкелу кеден баждарының сомасы. П1 және П2 көрсеткіштері бірінің нөлдік мәні жағдайында көрсеткіштердің арақатынасының мәні нөлге тең болады;
      V1 - соңғы жылда «тауарларды еркін айналысқа шығару» кедендік режимі бойынша ресімделген тауарлар импортының көлемі (АҚШ долларымен);
      V2 - алдыңғы жылда «тауарларды еркін айналысқа шығару» кедендік режимі бойынша ресімделген тауарлар импортының көлемі (АҚШ долларымен);
      6) соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы және контрагент-елінің өзара саудасы статистикасының деректері бойынша СЭҚ-қа қатысушылар бөлігінде статистикалық құн бойынша айырмашылықтардың болуы (жиырма пайыздан жоғары) – 2 балл.
      7) соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 қаулысымен бекітілген жеңілдетілген салық салу мемлекеттер тізіміне негізілген контрагент-елдерінен тауарлардың жалпы статистикалық құны екі жүз мың АҚШ долларынан асса – 2 балл.
      8) жыл бойы «Республикалық бюджет туралы» Заңмен бекітілген үш мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы СЭҚ-қа қатысушыларды тексерусіз кедендік төлемдер мен салықтарды қайтарған жағдайда (тауарлар босатылғаннан кейін СЭҚ-қа қатысушының бастамасы бойынша кедендік құнды түзету) – 2 балл;
      9) соңғы екі жылда СЭҚ-қа қатысушы және (немесе) оның лауазымды тұлғасы кеден ісі саласында ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша жауапқа тартылған жағдайда – 2 балл;
      10) соңғы үш жылда Кеден кодексінің 371-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіппен ресімделген тауарлар болған жағдайда – 1 балл;
      11) жыл бойы камералдық тексеру нәтижесінде «Республикалық бюджет туралы» Заңмен бекітілген үш мың айлық есептік көрсеткішке баламалы немесе асатын өтелмеген берешектер болған жағдайда – 1 балл;
      12) жыл бойы кеден ісі саласында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің баптары бойынша үш немесе одан да көп құқық бұзушылықтар болған жағдайда – 1 балл.
      7. 6-тармақта көрсетілген критерийлер соңғы бес жылда СЭҚ-қа қатысушылардың бірінші тобына енгізілген және кедендік төлемдер мен (немесе) салықтар салудың ерекше шарттары көзделген келісім-шарт негізінде сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын жерқойнауын пайдаланушыларға қатысты қолданылмайды.
      8. Тәуекелдердің барлық критерийлері бойынша жалпы қосындысының қорытындысын айқындау үшін тәуекел Критерийлері бойынша баллдар қосылады.
      9. СЭҚ-қа қатысушыларды әрбір топ ішіндегі тәуекел дәрежесі бойынша жіктеу үшін тәуекелдің барлық критерийлері бойынша қосынды қорытындысының нәтижесі пайдаланылады.
      10. СЭҚ-қа қатысушыларды бір топ ішіндегі тәуекел дәрежесі бойынша жіктеу мынадай деңгейде жүзеге асырылады:
      тәуекелдің жоғарғы дәрежесі – 5 балл (қоса алғанда) және одан жоғары;
      тәуекелдің орташа дәрежесі – 3 баллдан (қоса алғанда) 5 баллға дейін;
      тәуекелдің болмашы дәрежесі – 1 баллдан 3 баллға дейін.
      11. СЭҚ-қа қатысушылардың бірінші тобына енгізілген және кедендік төлемдер мен (немесе) салықтар салудың ерекше шарттары көзделген келісім-шарт негізінде сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын жерқойнауын пайдаланушылар тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.
      12. Тәуекелдің жоғарғы (жалпы жоспарланған тексерудің 90%), орташа (жалпы жоспарланған тексерудің 5%) және болмашы (жалпы жоспарланған тексерудің 5%) дәрежесіне жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылар кеден органдары жүргізетін тексеру жоспарына енгізіледі.
      13. Бұл ретте, әрбір топтан СЭҚ-қа қатысушыларды тексеру жоспарына енгізу үшін іріктеу мынадай сәйкестілікте жүзеге асырылады:
      1) СЭҚ-қа қатысушыларды тәуекелдің жоғары дәрежесінен іріктеу үшін:
      СЭҚ-қа қатысушыларды бірінші тобынан - 80%;
      СЭҚ-қа қатысушыларды екінші тобынан - 5%;
      СЭҚ-қа қатысушыларды үшінші тобынан - 5%;
      2) СЭҚ-қа қатысушыларды тәуекелдің орташа дәрежесінен іріктеу үшін - СЭҚ-қа қатысушылардың бірінші тобы 5%;
      3) СЭҚ-қа қатысушыларды тәуекелдің болмашы дәрежесінен іріктеу үшін - СЭҚ-қа қатысушылардың бірінші тобы 5%;
      14. Тәуекелдің бір дәрежесі ішінде жоспарлы тексеруді жүргізуде СЭҚ-қа қатысушыларды іріктеу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылады:
      1) берілген баллдардың ең көп сомасы;
      2) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда, соңғы тексеріс күнін ескере отырып импорт бойынша жеткізілу көлемі жоғары СЭҚ-қа қатысушылар тексеру үшін іріктеледі (құндық көрсеткіште).
      15. Кедендік төлемдер мен салықтар салудың ерекше шарттары көзделген келісім-шарт негізінде сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын жерқойнауын пайдаланушыларды іріктеу мынадай принциптер бойынша жүргізіледі:
      1) тексеру жүргізілмеген сыртқы экономикалық қызмет кезеңі 2 жылдан асқан;
      2) тауарларды жеткізу көлемі ең көп.
      16. Тәуекелдің жоғарғы, орташа және болмашы дәрежесіне жатқызылған және күнтізбелік жылда тексеру жоспарына енгізілмеген, сондай-ақ 2 балдан кем емес балл жинаған СЭҚ-қа қатысушыларға қатысты ішінара камералдық тексеру жүргізіледі.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262565
    Қазақ тілінде 131083
    Орыс тілінде 130588
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы