"Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18650 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.06.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1- тармақтың 7-2) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 35 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 245 бұйрығына
7-1-қосымша

"Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) үшін көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб–порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      көрсетілетін қызметті алушы Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу бөлігінде мемлекеттік қызмет порталына жүгінген сәттен бастап – 30 минут;

      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару бөлігінде мемлекеттік қызмет порталына жүгінген сәттен бастап – 2 жұмыс күні;

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу немесе одан шығару туралы куәлік не электрондық нысанда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      2) порталдың – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (Еңбек кодексіне және "Мерекелер туралы" Заңға сәйкес қызмет алушы демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін:

      бірінші басшы қол қойған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтініш;

      Бұл ретте, электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызметтер көрсететін қызмет алушылар, олардың электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындысының нөмірі мен беру күнін көрсетеді.

      2) табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінен шығару үшін:

      көрсетілетін қызметті алушы табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бірінші басшы қол қойған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтінішті мынадай құжаттарды:

      реттеліп көрсетілетін қызметті "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесінен алып тастауды;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соқтырған табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыруды;

      табиғи монополия субъектісін таратуды;

      табиғи монополия субъектісінің банкроттығы туралы сот шешімін;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды табиғи монополия субъектісінің балансынан басқа субъектінің балансына беру туралы шешімді, оның ішінде осындай негізгі құралдарды сенімгерлік басқаруға беруді;

      сот шешіміне сәйкес табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын алып қою туралы шешімді;

      табиғи монополия субъектісінің балансындағы мүлікті, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен құрылыстарды иеліктен шығару туралы шешімді;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу шартының, сенімгерлік басқару шартының тоқтатылуын растайтын;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті оның жүзеге асыруын тоқтатқаны туралы куәландыратын өзге де негіздерді қоса бере отырып, ұсынады.

      10. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі, өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушылар бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефондары бойынша алады.

      Көрсетілетін қызметті берушілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) портал арқылы "жеке кабинетінен" шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгілен тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алады.

      15. Анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Комитеттер" бөлімінде орналасқан, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

  "Табиғи монополиялар
субъектілерін Мемлекеттік
тіркелімге енгізу және
одан шығару" мемлекеттік
  көрсетілетін қызметтер
  стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________
(заңды мекенжайы, байланыс
телефондары)

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтініш

      __________________________________________________________________________

                        (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)

      кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына лицензияның № _________________

      (табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі (электр

      энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсеткен кезде "Электр энергетикасы

      туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы

      6-тармағының талаптарына сәйкес болуы туралы электр энергетикасы саласында

      басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қорытындысын № _____ мен беру

      күнін көрсету қажет)

                              (заңды мекенжайы)

                  (табиғи монополиялар саласындағы қызметтер көрсету аумағы)

                  (Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)

      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізуді сұраймын.

      реттеліп көрсетілетін қызметтер өндірісінде қолданылатын активтер (баланста немесе жалға алуда немесе сенімгерлік басқаруда)

      20 ___ жылғы "____"___________

  "Табиғи монополиялар
субъектілерін Мемлекеттік
тіркелімге енгізу және
одан шығару" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның немесе
аумақтық органның атауы)
____________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(заңды мекенжайы, байланыс
телефондары)

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтініш

                  (табиғи монополия субъектісінің атауы)

                  (табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі)

      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығаруды сұраймын.

      Заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20 ___ жылғы "____"___

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284556
    Қазақ тілінде 141607
    Орыс тілінде 141409
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы