Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 970 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 19373 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіби ұйымдар "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіби ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын;

      3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесін ұсынады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды;";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Аккредиттеуге ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аккредиттеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде емтихан модульдерін және емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдармалары жөніндегі материалдарды бухгалтерлік есеп саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қарастырады.

      5. Кәсіби ұйымдардың және сертификаттау жөніндегі ұйымдардың осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттарын қарау мерзімі:

      аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау кезінде - бес жұмыс күнінен;

      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде - үш жұмыс күнінен;

      куәліктің телнұсқасын беру кезінде - екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Мыналар:

      1) аккредиттеу туралы куәлікті, қайта ресімдеуді және (немесе) деректерді (мәліметтерді) алу үшін кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;

      2) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кәсіби ұйымдардың мынадай:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;

      2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру;

      3) этика мәселелері;

      4) дауларды қарау жөніндегі жұмыс органдары бар.

      Кәсіби ұйымдардың қосымша жарғыда айқындалған басқа да жұмыс органдары бар.

      Кәсіби ұйымдар аккредиттеу сәтінен бастап бір ай ішінде Консультациялық органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, не The Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) дипломын, не "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін, не кәсіби бухгалтер сертификатын, не экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласында ғылыми дәрежесін растай отырып, бір өкілін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың "жеке кабинет" порталы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде аккредиттеуге берілген құжаттарды қарау тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.mіnfіn.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар өз қызметін одан әрі жүзеге асыру мақсатында оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай бұрын аккредиттеу туралы куәлікті және басқа құжаттарды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби ұйымды немесе сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде телнұсқасын беру үшін порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтыру қажет.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау кәсіби ұйымның немесе сертификаттау жөніндегі ұйымның "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 970 бұйрығына
1-қосымша
  Кәсіби ұйымдарды,
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

      Өтініш

      __________________________________________________________________________

      (кәсіби ұйымның, сертификаттау жөніндегі ұйымның толық атауы)

      (керегінің асты сызылсын), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттеуді (қайта ресімдеуді, телнұсқа беруді) сұраймын.

      Орналасқан жері: ___________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады

      20___жылғы "___" _____________

      Кәсіби ұйымның,

      сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы

      (керегінің асты сызылсын) ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      _____________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 970 бұйрығына
2-қосымша
  Кәсіби ұйымдарды,
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
4-қосымша

Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдар мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады.

      2. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан:

      1) емтихандық модульден;

      2) емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады.

      3. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС");

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша көшіріп пайдаланусыз (плагиатсыз) оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, ХҚЕС-на сәйкес келеді.

      5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - кемінде екі жүз тестілік сұрақтар жауаптары мен және жүз тапсырма шешімдерімен, кем дегенде әрбір ХҚЕС бойынша бір міндетті тапсырма. Бұл ретте осы пән бойынша білімді тексеру жазбаша емтихан арқылы жүргізіледі, ол бес сұрақтан тұрады, олар есеп айырысу және пікірталас бөліктерін қамтиды. Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты не пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепті дайындау жөніндегі мәселе міндетті болып табылады;

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде үш жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша - "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі жүз қырық тестілік сұрақтар жауаптары мен және жетпіс есеп шешімдерімен қамтиды.

      6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар барлық ХҚЕС-ті, сонымен қатар, осы талаптарға тиісінше тізбелердегі тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша әрбір ХҚЕС бойынша кемінде алты сұрақ және "Салық және салық салу" мен "Азаматтық құқық" әрбір тақырып бойынша кемінде он төрт сұрақ жасалады.

      Тестілердің жауаптары жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда "Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз" деген үлгі бойынша тест конструкциясына және тест бойынша жауаптарда "Барлық жауаптар дұрыс" деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді.

      Тестерде ситуациялық есептерді көрсетіп дұрыс жауабын талап етуге жол беріледі.

      7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:

      1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын;

      2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын;

      3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидасын қамтиды.

      Емтихандық билет:

      1) тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);

      2) міндетті есепті (кемінде бір);

      3) қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.

      Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін баллдар мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды ("өтпелі" баллды) қамтиды, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау қағидасында міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде - қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылатынын көрсету қажет.

      8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешуге арналған тапсырмалардан тұрады. Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.

      Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды:

      1) "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - шоғырландырылған бухгалтерлік балансты немесе шоғырландырылған пайда мен зияндар туралы есеп жасау бойынша, оған әртүрлі ХҚЕС бойынша олардың арифметикалық шешімімен кем дегенде төрт есеп";

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша өтпелі тапсырма және "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша - "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмаларды қамтиды.

      Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны теңбе-тең азайтылады.

      9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.

      10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, шрифті Tіmes New Roman, шрифттің көлемі - кемінде 12.

      11. Аккредиттеу үшін материалдар жаңартылады және уәкілетті органға мыналар өзгергенде:

      1) ХҚЕС;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде тапсырылады.

      "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Салық және салық салу мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі.

      2. Салықтық қатынастарға қатысушылар.

      3. Салықтық міндеттеме.

      4. Салықтық есепке алу.

      5. Салықтық нысандар.

      6. Корпоративтік табыс салығы.

      7. Жеке табыс салығы.

      8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері.

      9. Қосылған құн салығы

      10. Акциздер

      11. Экспортқа салынатын рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.

      12. Әлеуметтік салық.

      13. Көлік құралдарына салынатын салық.

      14. Жер салығы.

      15. Мүлік салығы.

      16. Ойын бизнесіне салынатын салық. Тіркелген салық.

      17. Арнайы салық режимдері.

      18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баж.

      19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер.

      20. Салықтық әкімшілендіру.

      21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану.

      "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Жалпы ережелер.

      2. Азаматтық қарым қатынастардың субъектілері.

      3. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары.

      4. Азаматтық құқықтар объектілері

      5. Мәмілелер

      6. Өкілдік. Сенімхат.

      7. Азаматтық құқықтағы мерзімдер

      8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

      9. Міндеттемелер

      10. Шарт.

      11. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.

      12. Зияткерлік меншігі.

      13. Банк ісі.

      14. Сақтандыру.

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы ___________ _____________________________________

                              (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Мөр орны (болған кезде) ____________________

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 970 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-қосымша

6-қосымша

7-қосымша

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284625
    Қазақ тілінде 141636
    Орыс тілінде 141449
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы