Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 20033 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 225-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару Қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Сауда және интеграция
      министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 12 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген

Экспортты қолдау бойынша функцияларды жүзеге асыратын, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компанияның экспортты қолдау және қаржылық жағдайына және мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Экспортты қолдау бойынша функцияларды жүзеге асыратын, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компанияның экспортты қолдау және қаржылық жағдайына мемлекет кепілдік берген міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 225-5-бабына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша функцияларды жүзеге асыратын, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компанияның экспортты қолдау және қаржылық жағдайына мемлекет кепілдік берген міндеттемелерге мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
      Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларында реттелген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19026 болып тіркелген).
      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы несиелік шот – Компанияның екінші деңгейдегі банкте немесе ұйымда ашқан, операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемелерге қызмет көрсетуге уәкілетті, компания екінші деңгейдегі банкте немесе ұйымда ашқан шоты және экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттің қаражатын аударуға, сондай-ақ Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтаруға арналған шоты;
      2) банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
      3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) кепілдік шарты – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасындағы мемлекеттік кепілдік беру кезіндегі Тараптардың құқықтық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін жазбаша келісім;
      5) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік (үкіметтік, егемен) кепілдігі (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік шартының талаптарына сәйкес экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания алдындағы оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
      6) мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін ұлттық компания арасындағы келісім;
      7) сенім білдірілген өкіл (агент) – Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім негізінде берілген Мемлекеттік кепілдік және Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады;
      8) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания олар бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнгі сомасы;
      9) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания (бұдан әрі – Компания) – Мемлекеттік кепілдік алатын, сақтандыру төлемдерін өтеу қаражаты және өзге де көздер есебінен Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтару жөнінде міндеттемелер алатын кепілдік шартының және экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің тарапы.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар, егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2-тарау. Экспортты қолдау бойынша функцияларды жүзеге асыратын, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компанияның экспортты қолдау және қаржылық жағдайына мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу тәртібі

1-параграф. Экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Осы тарау экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеме мониторингінің рәсімдерін айқындайды.
      4. Мониторинг объектісі мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер болып табылады.
      5. Экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, сақтандыру шарттары бойынша мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелер көлемін сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ай сайынғы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қабылданған сақтандыру міндеттемелері көлемінің жағдайы туралы ақпаратты ұсынуы негізінде қадағалау болып табылады.
      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері осы тармақтың және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, қабылданған сақтандыру міндеттемелері көлемінің жағдайы туралы ақпараттың негізінде қалыптастырылады.
      Мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күніне дейінгі мерзімде тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкіметіне экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеменің жағдайы туралы ақпарат береді.

2-параграф. Мемлекеттік кепілдігі бар Компанияның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі

      6. Осы тарау Мемлекеттік кепілдігі бар Компанияның қаржылық жағдайы мониторингінің рәсімдерін айқындайды.
      7. Қаржылық коэффициенттерді сенім білдірілген өкіл (агент) Мемлекеттік кепілдік алған Компанияның қаржылық есептілігі негізінде есептейді.
      8. Компанияның қаржылық жағдайының мониторингі жыл сайынғы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі.
      9. Компанияның қаржылық жағдайын талдау қаржылық жағдайды тоқсан сайынғы талдауды және қаржылық жағдайды жыл нәтижелері бойынша талдауды қамтиды. Қаржылық жағдайды талдау базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызмет түрлері, сала және нормативтік-құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты (қаржылық есептерді талдау) талдаудан тұрады.
      Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер қолданылады:
      өтімділік коэффициенті – ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасы;
      өтеу коэффициенті-ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы;
      заемдық және меншікті қаражаттың арақатынасы – ағымдағы міндеттемелердің меншікті капиталдың мөлшеріне қатынасы;
      тарту коэффициенті - міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер сомасына қатынасы;
      меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті – салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың меншікті капиталдың шамасына қатынасы;
      10. Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынылған көрсеткіштер негізінде айқындалған қаржылық коэффициенттерді осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру жолымен Компанияның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
      11. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізде есепті айдан кейінгі екінші айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейінгі мерзімде, сондай-ақ жыл сайынғы негізде 1 шілдеге дейінгі мерзімде Компанияның қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін ұсынады.
      12. Компанияның ықтимал төлем қабілетсіздігі анықталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді және сақтандыру төлемдері бойынша берешекті өтеуге көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулауды болдырмау үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
      13. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган компаниядан қаржылық көрсеткіштер туралы қосымша ақпаратты сұратады.

3-параграф. Мемлекеттік кепілдігі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның экспортты және қаржылық жағдайын қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемеге мониторинг жүргізу процесіне қатысушылар жүзеге асыратын негізгі функциялар

      14. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Компания мониторинг жүргізу процесіне, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның экспортты және қаржылық жағдайын қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемеге қатысушылар болып табылады және келесіні жүзеге асырады:
      1) Компания:
      Мемлекеттік кепілдік беру процесіне қатысушылар талап ететін және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттама мен ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді;
      ай сайын сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша (бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп) өспелі қорытындымен қаржылық есептілікті және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жазбаша сұрау салуы бойынша Компанияның қаржылық жағдайын айқындайтын басқа да қажетті құжаттарды ұсынады;
      тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 (жиырма бесінші) күнге дейін сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша (бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба) өспелі қорытындымен қаржылық есептілікті және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жазбаша сұрауы бойынша Компанияның қаржылық жағдайын айқындайтын басқа да құжаттарды ұсынады;
      есепті жылдан кейінгі 31 (отыз бірінші) мамырға дейін сенім білдірілген өкілге (агентке) үлгілік нысандар бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті (бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, қаржы жылындағы түсіндірме жазба) ұсынады;
      сенім білдірілген тұлғаны (агентті) Мемлекеттік кепілдікті орындауға әкелуі мүмкін сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамау фактілері мен себептері туралы хабардар етеді;
      мемлекеттік кепілдікті орындауға бөлінген ақша қаражатын арнайы несие шотына аудару жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді;
      2) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
      осы Қағидада айқындалған тәртіппен экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеме мониторингін жүзеге асырады;
      3) сенім білдірілген өкіл (агент):
      мемлекеттік кепілдігі бар Компанияның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді;
      мемлекеттік кепілдікті орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатты пайдалануға және оларды мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкес қайтаруға мониторинг жүргізеді;
      Компанияның қаржы-экономикалық жағдайына талдау жүргізеді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға тиісті талдау қорытындылары туралы ақпарат береді;
      экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімнің негізінде мемлекеттік кепілдікті беруге және орындауға байланысты өзге де жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      15. Көрсетілген қызметтер үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) ақы төлеу осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Компания мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тарифтерге сәйкес сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтеріне ақы төлеу туралы келісімнің негізінде Компанияның экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Экспортты қолдау бойынша
функцияларды жүзеге асыратын,
экспортты қолдау жөніндегі
мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық
компанияның экспортты қолдау
және қаржылық жағдайына
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қабылданған сақтандыру міндеттемелері көлемінің жағдайы туралы ақпарат

      кезеңділігі: ай сайын

  мың теңге

Атауы

Есептік кезеңнің басындағы міндеттемелер көлемі

Есептік кезеңдегі өзгерістер

Есепті кезеңнің соңындағы міндеттемелер көлемі(6-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған)

Қабылданған міндеттемелер

Тоқтатылған міндеттемелер

1

2

3

4

5

6

1.

Ұлттық валютадағы міндеттемелер
 
2.

Шетел валютасындағы міндеттемелер, оның ішінде:
 
ресей рублімен
 
Америка Құрама Штаттарының долларымен
 
еуромен
 
БАРЛЫҒЫ
 
      Есептік кезеңнің соңындағы меншікті капитал - _____________ мың теңге
      Есептік кезеңнің соңына Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген
      міндеттемелердің көлемі – ____________ мың теңге
      _______________________ _____________ __________________________
                  бірінші басшы       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      ________________________ _____________ ___________________________
                  бас бухгалтер       қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

                  жауапты орындаушы қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      сенім білдірілген тұлғаның (агенттің) телефоны ____________
      Ескертпе:
      Есеп ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін әрбір жолақ бойынша жеке мың теңгеде барлық бағандар бойынша "барлығы" қорытынды жолын шығара отырып, мың теңгеде жасалады. Көрсеткіштерді теңгеге келтіру "Ұлттық банк туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне нарықтық бағамдары бойынша жүргізіледі.

  Экспортты қолдау бойынша
функцияларды жүзеге асыратын,
экспортты қолдау жөніндегі
мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық
компанияның экспортты қолдау
және қаржылық жағдайына
мемлекет кепілдік берген
міндеттемеге мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қабылданған сақтандыру міндеттемелері көлемінің жай-күйі туралы

Есепті кезеңнің соңындағы міндеттемелер көлемі( 6-баған = 3-баған + 4-баған-5-баған)

Америка Құрама Штаттары долларымен
 
      экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның
      телефоны ___________________________
      Ескертпе:
      Есептілік ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не (он бесі) қарай әр жол бойынша жеке мың теңгеде көрсете отырып, барлық бағандар бойынша мың теңгемен "Барлығы" қорытынды жолын шығарды. Көрсеткіштерді теңгеге келтіру "Ұлттық банк туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған валюта айырбастаудың есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне нарықтық бағамдары бойынша жүргізіледі.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 273774
    Қазақ тілінде 136549
    Орыс тілінде 136221
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы