Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің саудасында арнайы қорғау, антидемпингтік және өтем шараларын қолданудың тетігі туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 20 шілде N 1094

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 17 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің саудасында арнайы қорғау, антидемпингтік және өтем шараларын қолданудың тетігі туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы мен Ресей Федерациясы және Тәжiкстан
Республикасы Yкіметтерiнiң басшылары Кеңесiнiң

                              шешімі

17 ақпан 2000 жыл              N 72                    Мәскеу қаласы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында
арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтем шараларын
қолданудың тетiгi туралы
хаттама

       Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы Yкiметтерi басшыларының Кеңесi шештi:
      1. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтем шараларын қолданудың тетiгi туралы хаттама (қосымшада берiлген) қабылдансын.
      2. Мүше тараптардың үкiметтерi үш ай мерзiм iшiнде 1-тармақта көрсетiлген Хаттаманы күшiне енгiзу үшiн қажеттi iшкi рәсiмдердi өткiзу мақсатында шаралар қолдануды тапсырсын және оның нәтижесi туралы Интеграциялық Комитетке ескертсiн.

      Беларусь Республикасы Үкiметiнiң атынан

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан

      Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң атынан

      Ресей Федерациясы Үкiметiнiң атынан

      Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң атынан

қолданудың тетігi туралы
ХАТТАМА

(2000 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)

       Ескерту. Хаттаманың мәтiнi бойынша тиiстi септiктегі "елеулi нұқсан, едәуiр нұқсан" деген сөздер "едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан" деген тиiстi септiктегі сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.21 N 676 Қаулысымен.

       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi,
      Кеден одағы және Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы еркiн сауда туралы екiжақты келiсiмдердi басшылыққа ала отырып, сондай-ақ 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың ережелерiн ескере отырып,
      1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге 1999 жылғы 2 сәуiрдегi Өзгерiстер мен толықтырулар туралы хаттаманың 23-тармағына сәйкес,
      өзара сауда және үшiншi елдермен саудада жасалатын тауар импортына қатысты арнайы қорғау, антидемпингтік және өтем шараларын келiсiп қолдану мақсатында,
      ұлттық өндiрiстi қорғауды қамтамасыз етуге, ұлттық және шетелдiк тауар өндiрушiлер арасында бәсекелестiктi дамытуға, сондай-ақ ұлттық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға жәрдемдесуге жағдай жасауға тiлек бiлдiре отырып,
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң (мәтiн бойынша бұдан әрi - қатысушы мемлекеттер) iшкi рынокты және ұлттық өнiм өндiрушiлердi қорғау шараларын қолдану кезiнде шығындарды мүмкiндiгiнше азайтуға ұмтыла отырып,
      халықаралық құқтың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

       Осы Хаттаманың мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      ұлттық экономика саласына келтiрiлген едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан - қатысушы мемлекеттің кеден аумағына осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар әкелiнуiнiң, не осындай тауардың демпингтiк импорты, не тиiстi қатысушы мемлекет немесе үшiншi елдер субсидиялайтын тауар импортының артуы салдарынан туындаған және атап айтқанда, осындай тауар импортының қысқаруы қатысушы мемлекеттiң iшкi рыногында оны сатудың қысқаруы осындай тауар өндiрiсiнiң рентабельдiлiгiнiң төмендеуi, қатысушы мемлекеттiң ұлттық экономикасы саласы дамуының баяулауы, тауар қорларына, халықтың жұмыспен қамтылуына, жалақы деңгейiне, жалпы инвестициялық белсендiлiкке терiс әсерi түрiнде көрiнетiн ұлттық экономика салаларындағы елеулi түрде жалпы нашарлағаны дәлелдермен және басқа да көрсеткiштермен расталуы;
      ұлттық экономика саласына келтірiлген материалдық нұқсан - демпингтiк немесе тауарлардың субсидияланатын импорты салдарынан туындаған және атап айтқанда, қатысушы мемлекетте соған ұқсас тауарлар өндiрiсi көлемiнiң және қатысушы мемлекеттің iшкi рыногында оларды сату көлемiнiң қысқаруынан, осындай тауар өндiрiсi пайдалылығының төмендеуiнен, тауар қорына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейiне, ұлттық экономиканың осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етуiнен көрiнетiн ұлттық экономика саласы жағдайының дәлелдемелермен расталған нашарлауы;
      ұлттық экономика саласына келтiрiлген елеулi нұқсан - тауардың өспелi импортының салдарынан туындаған және жалпы қатысушы мемлекетте тiкелей бәсекелес тауар өндiруде ахуалдың нашарлауынан көрiнетiн ұлттық экономика саласының өндiрiстiк, сауда және қаржылық жағдайының едәуiр нашарлауы;
      ұлттық экономика саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлу қаупi - ұлттық экономика саласына алдын алу мүмкiн емес едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтіруiнің дәлелдермен расталған болмай қоймайтындығы;
      ұлттық экономика саласы - қатысушы мемлекет экономикасының кез-келген саласында осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар өндiрушiлер;
      осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы сыртқы экономикалық қызметтiң бiрдей тауар номенклатуралық кодымен белгiленетiн және басқа тауардан мүлде айнымайтын немесе өзiнiң функционалдық мақсатына, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамасы және басқа да негiзгі қасиеттерi бойынша салыстыруға келетiндiктен, сатып алушы тұтыну кезiнде осындай тауармен басқа тауарды алмастыратын немесе алмастыруға дайын тауар;
      арнайы қорғау шаралары - Тараптың импорттың немесе арнайы баждың сандық шектеулерiн, соның iшiнде уақытша арнайы баж енгiзу жолымен қолданатын, iшкi рыногында еркiн айналуы үшiн қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң кеден аумағына тауар әкелудi шектеу жөнiндегi шаралар;
      арнайы баж - арнайы қорғау шараларын енгiзу кезiнде қолданылатын және қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы әкелудiң кедендiк бажының базалық ставкасынан тыс алатын баж;
      антидемпингтiк шаралар - Тараптың антидемпингтiк баж соның iшiнде уақытша антидемпингтiк баж енгiзу, не баға мiндеттемелерiн қабылдау арқылы тауардың демпингтiк импортын шектеу жөнiндегi шаралар;
      антидемпингтiк баж - антидемпингтiк шаралар енгiзу кезiнде қолданылатын және қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы әкелудiң кедендiк бажының базалық ставкасынан тыс алатын баж;
      демпингтiк импорт - қалыпты құнынан төмен экспорттық бағасы бойынша тауар импорты;
      өтеу шаралары - Тарап өтеу баждарын, соның iшiнде уақытша өтеу баждарын енгiзу, не баға мiндеттемелерiн қабылдау жолымен қолданатын, қатысушы мемлекеттердiң бiрi немесе үшiншi бiр ел субсидиялайтын, тауар импортын шектеу жөнiндегi шаралар;
      өтеу бажы - өтеу шараларын енгiзу кезiнде қолданылатын және қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы әкелудiң кедендiк бажының базалық ставкасынан тыс алатын баж.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.21 N 676 Қаулысымен.

2-бап

       Мыналар: арнайы қорғау шаралары тауар импортын сандық шектеулер нысанында немесе арнайы баждар нысанында енгiзiлуi мүмкiн болып;
       антидемпингтiк шаралар антидемпингтiк баждар не баға мiндеттемелерiн қабылдау нысанында енгiзiлуi мүмкiн болып;
       осы Хаттама ережелерiне және (немесе) қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңнамасына сәйкес едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупін жою үшiн қажеттi мерзiмге өтеу шаралары өтеу баждары не баға мiндеттемелерiн қабылдау нысанында енгiзiлуi мүмкiн болып белгiленсiн.

3-бап

       Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнің аумағына тауар импорты ұлттық экономика саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлген немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қатерi бар санында және шарттарымен жүзеге асырылған жағдайда осы Тарап ұлттық заңнамаға сәйкес тексеру жүргiзгеннен кейiн осы тауар импортына қатысты арнайы қорғау, антидемпингтiк немесе өтеу шараларын қолдануы мүмкiн.
      Қатысушы мемлекеттердiң iшкi рыноктарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Интеграциялық комитеттiң жанынан Iшкi рыноктарды қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.21 N 676 Қаулысымен.

4-бап

      Егер Тараптардың бiрi үшiншi елдерден тауар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолдануға ниеттенсе, онда бұл Тарап алдын ала, бiрақ жоспарланған шаралар енгізiлгенге дейiн 30 күннен кешiктiрмей бұл туралы басқа Тараптарды хабардар етуге және консультациялар өткiзудi ұсынуға тиiс.
      Консультациялар өткiзу туралы ұсыныс жазбаша нысанда жiберiледi, оған ұлттық экономиканың саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлген немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi бар фактінi растайтын материалдар қоса берiледi.
      Егер Тараптардың бiрi қатысушы мемлекеттерден шығатын тауар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолдануға ниеттенсе, бұл Тарап жоспарланған тергеу аяқталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей мүдделi Тараптарға уақыты мен оларды өткiзу орнын көрсете отырып, консультацияға шақыру қағазын, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолданбай-ақ жағдайды реттеу жөніндегі ұсынысты жiбередi.
      Консультацияларға қатысатын Тараптар делегацияларының басшылары атқарушы билiктiң орталық мемлекеттiк органы департаментінiң (бөлiмшесiнiң) басшысынан төмен емес лауазымда болуы тиiс. Консультациялар жүргізу қатысушылардың құрамы мен лауазымдары мiндеттi түрде көрсетiлетiн хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға делегациялардың басшылары қол қояды және оның көшiрмелерi қол қойылған күннен бастап 10 күн мерзiмде Интеграциялық Комитеттiң Хатшылығына жiберiледi.
      Консультациялар барысында Тараптар арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолданбай-ақ, жағдайды реттеу бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс.
      Егер жүргiзiлген консультациялардың нәтижесiнде жағдайды реттеу бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткiзiлмесе, онда iшкi рынокты қорғау шаралары туралы мәселе Комиссияның қарауына енгiзiледi
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.06.21 N 676 Қаулысымен.

4a-бап

      Iшкi рынокты қорғау жөніндегі шаралар туралы мәселенi Комиссия қарау үшiн тергеу жүргізушi Тарап жоспарланған шаралар енгізiлгенге дейiн 45 күннен кешiктiрмей мынадай мәлiметтердi қамтитын материалдарды Интеграциялық Комитеттiң Хатшылығына жiбередi:
      тауарлардың өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын импортының салдарынан ұлттық экономикаға едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлуi немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi бар негіздемесi;
      оған қатысты тергеу жүргiзiлген кезеңнiң басындағы және соңындағы тауардың жиынтық импортындағы қатысушы мемлекеттердiң үлестерi;
      қатысушы мемлекеттердiң тауарлар импортынан iшкi рынокты қорғау үшiн қабылдануы мүмкiн шаралар туралы ұсыныстар.
      Едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсанның келуi және оның көлемi Мемлекетаралық Кеңес бекiтетiн ЕурАзЭҚ-өа мүше мемлекеттердiң өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлар импортының салдарынан ұлттық экономика салаларына едәуiр нұқсанның келуiн және оның көлемiн айқындаудың бiрыңғай әдiстемесiнiң негiзiнде айқындалады.
      Комиссия қатысушы мемлекеттердiң iшкi рыногын қорғау туралы мәселенi материалдарды алған күнiнен бастап 14 күннiң iшiнде қарайды. Комиссия шешiмi, мүмкiндiгiнше, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолданбай-ақ, жағдайды шешу жөнiндегi, не Тараптың осындай шараларды енгізу ниетiнен ең аз шектеулi шараларды қолдану жөнiндегi ұсынылып отырған ұсынымдарын қамтуы тиiс.
      Тергеу жүргізушi Тарап Комиссия шешiмiн орындау үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қабылдайды.
      Егер Тараптардың қайсыбiрi Комиссияның ұсынымдарына келiспеген жағдайда тергеу жүргізушi Тарап дербес және өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес өз iшкi рыногын қорғау жөнiнде шаралар қабылдауға құқылы. Тергеу жүргізушi Тарап осындай шаралар қабылдау ниетi туралы Комиссия тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей Комиссияны хабардар етуi тиiс. Көрсетiлген шараларды қабылдау туралы шешiмге осындай шешiм қабылдаған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.
      Осы Хаттамадағы ешнәрсе Тараптарға, олардың тауар өндiрушiлерiне және қатысушы мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес мүдделi болып табылатын өзге де тұлғаларға, тергеулер жүргізу үшiн жауапты қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiгiнiң орталық мемлекеттiк органдарына түсiнiктемелер және олардың көз қарасынша, объективтiк фактiлердi белгiлеу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер ұсынуға кедергi келтiрмейдi. Өз кезегiнде, Тараптардың көрсетiлген атқарушы билiк органдары Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген рәсiмге және мерзiмдерге сәйкес бұл түсiнiктемелер мен мәлiметтердi қарауға қабылдауға мiндеттi.
      Ескерту. Хаттама 4а-баппен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.21 N 676 Қаулысымен.

5-бап

       Едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру фактiсiнiң расталуы қолда бар деректерге негiзделуге тиiс болып және оған тауар импортының көлемi және оның осындай ұлттық iшкi рыноктағы немесе тiкелей бәсекелес тауар бағасына әсерi сияқты, импорттаушы қатысушы мемлекеттiң ұлттық экономикасы саласының өндiрушiлерi үшiн осы импорттың салдары ретiндегi объективтi талдау енгiзiлуi тиiс болып белгiленсiн.
      Тауар импортының көлемi қатысушы мемлекеттiң аумағында өндiрiстiң және осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар тұтынудың деңгейiне қатысты абсолюттiк және салыстырмалы мәндерiндегі едәуiр өсуi қөзқарасы тұрғысынан қаралады.

6-бап

       Тауар импортының ұлттық iшкi рынок бағаларына әсерi, тауар импорты болмаған жағдайда орын алатын, импортталатын тауар бағасы мен ұлттық өндiрiстiң осындай немесе тiкелей бәсекелес тауары бағасы арасындағы едәуiр айырмашылық фактiсiн немесе импорттың осы бағалардың төмендеуiне әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, осы бағалардың өсуiне кедергi келтiретiн немесе кедергi болуы мүмкiн өзге де едәуiр әсерi фактiсiн анықтау арқылы айқындалатыны белгiленсiн.

7-бап

       Тауар импортының ұлттық экономика саласына әсерiнiң дәлелi саланың жағдайына әсер ететiн барлық маңызды экономикалық факторларды, атап айтқанда, орын алған немесе таяу уақытта сату көлемiнiң, пайданың және өндiрiс көлемiнiң, рыноктағы үлесiнiң еңбек өнiмдiлiгінiң, капитал салымының өтелуi, өндiрiс қуатының пайдаланылуы азаюы, iшкi бағаларға әсер ететiн факторлардың кiрiстерге нақты және ықтимал әсерiн, қоймалардағы қорларды, халықтың жұмыспен қамтылуын, жалақыны, өсу қарқынын, ұлттық экономика салалары кәсiпорындарының жиынтықты жарғылық қорының өсу мүмкiндiгiн немесе олардың капитал салымының көбеюiн бағалауға негiзделуге тиiстi болып айқындалсын.

8-бап

       Импорттаушы қатысушы мемлекеттiң ұлттық экономика саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлуi немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупiнiң дәлелi, сондай-ақ, саланың жағдайына келеңсiз әсер ететiн тауар импортынан өзге факторларды, соның iшiнде қалыпты жағдайында жүзеге асырылатын тауар импорты бағаларының деңгейi мен көлемiн, сұраныс пен тұтынудың өзгеруiн, шектеулi сауда практикасының және шетелдiк және ұлттық өндiрушiлер арасындағы бәсекелестiк салдарын, өндiрiс технологиясының өзгеруiн, ұлттық экономика саласының экспорттық және өндiрiстiк көрсеткiштерiн зерделеуге негiзделуге тиiстi болып айқындалсын.
      Мұндай факторлар келтiрген едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шаралары қолданылуы мүмкiн тауар импортының есебiне жатқызылуға тиiстi емес.

9-бап

       Ұлттық экономика саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi тек қана фактiлерге негiзделедi деп есептелсiн.
       Бұл ретте мынадай фактiлер қаралуға тиiстi:
       тауар импорты көлемiнiң едәуiр өсiп отырғандығының нақты мүмкiндiктерiн айғақтайтын импорт серпiнi;
       бос өндiрiс қуаттарының болуы немесе өткiзудiң басқа рыноктарының ықтимал сыйымдылығын ескере отырып, импорттаушы қатысушы мемлекеттiң аумағына тауар импортын едәуiр арттырудың нақты мүмкiндiгі туралы айғақтайтын, экспорттаушының өндiрiс қуаттарының айқын қалыпты өсуi;
       ұлттық тауар өндiрушiлер бағасына едәуiр пәрмендi әсер ететiн және импортталатын тауарларға сұраныстың одан әрi өсуiне әкелетiн тауар импорты бағасының деңгейi;
       осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар қорларының көлемi.

10-бап

       Осы Хаттаманың 5-9-баптарында аталған факторлар немесе фактiлердiң ешбiрi өздiгінен едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiруi не едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi бар екендiгi туралы қорытынды үшiн мiндеттi түрде негіз болып табылмауға тиiстi деп саналсын. Едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлуiнiң немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупiнiң бар-жоғы туралы қорытынды барлық факторлардың немесе фактiлердiң жиынтығын зерделеу негізiнде қабылданады. Жекелеген жағдайларда, едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлуi не едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi тауар импорты көлемiнiң артуымен немесе олардың жоқтығынан туындаған жағдайларда, ұлттық экономика саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлуi немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi арасында себеп-салдар байланысы болған және тауар импорты көлемiнiң өсуi, не тауардың демпингтiк импорты, не тауардың субсидияланған импорты болған жағдайда, арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шаралары импорттың ұлттық экономика саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiретiн бағалар немесе жағдайларда жүзеге асырылатын фактiлерiне қолданылуы мүмкiн.

11-бап

       Арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шараларын енгізу алдындағы тексерулерге қатысты әрбiр Тарап басқа Тараптың ұсынысын зерделеуге және негiзiнде түпкiлiктi шешiмдер қабылданатын елеулi фактiлер мен қорытындылар туралы Интеграциялық Комитеттi хабардар етуге келiседi. Арнайы қорғау, антидемпингтік және өтеу шаралары енгізiлгенге дейiн Тараптар, атап айтқанда, екi жақты консультациялар шеңберiнде проблемаларды сындарлы шешу үшiн барлық мүмкiн шараларды қолданатын болады.

12-бап

       Арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шараларын қолданудағы кiдiрiс ұлттық экономика саласына кейiн жойылуы қиын, орны толмас едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн жағдайда мұндай консультациялардың өткiзiлуi кiдiрiссiз ұйымдастырылатын шарт бойынша консультациялар өткiзiлгенге дейiн ұлттық заңнамаға сәйкес уақытша арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
      Тараптар бұл ретте аталған шаралардың енгiзiлуi туралы Интеграциялық Комитеттi хабардар етедi.

13-бап

       Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара саудасында арнайы қорғау, антидемпингтiк немесе өтеу шараларын қолдануды көздейтiн осы Хаттаманың ережелерi сол мемлекеттердiң бiртұтас кеден аумағы құрылғанға дейiн қолданылады.

14-бап

       Тараптар арасындағы осы Хаттама ережелерiн түсіндiруге немесе қолдануға қатысты даулар келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.

15-бап

      Қажет болған жағдайларда осы Хаттамаға Тараптардың келiсуi бойынша өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

16-бап

       Осы Хаттама депозитарий болып табылатын Интеграциялық Комитет Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
       Тараптардың әрқайсысы депозитарийге оның күшiн тоқтатуға өз ниетi туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама берген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн осы Хаттамадан шыға алады.

     2000 жылғы 17 ақпанда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

      Беларусь Республикасының Үкіметi үшiн

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының Үкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының Yкiметi үшiн

      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшiн

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы