Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасы сынаушы-ғарышкерлерiнiң Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлайтын мемлекеттiк ғылыми-зерттеу сынақ орталығындағы топтарда арнайы дайындықтан өту тәртiбi мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 819 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Федералдық ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасы сынаушы-ғарышкерлерiнiң Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығындағы топтарда арнайы дайындықтан өту тәртiбi мен шарттары туралы хаттамаға қол қоюға келiсiм берiлсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Peспубликасы
      Премьер-Министрінің
      міндетiн атқарушы

Жоба  

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі
мен Федералдық ғарыш агенттiгі арасындағы Қазақстан
Республикасы сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы
Ресей ғарышкерлер даярлайтын мемлекеттiк ғылыми-зерттеу
сынақ орталығындағы топтарда арнайы дайындықтан өту
тәртібi мен шарттары туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі "Жiберушi тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi және бұдан әрi "Қабылдаушы тарап" деп аталатын Федералдық ғарыш агенттiгi, бұдан әрі бiрге "Тараптар" деп атала отырып,
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінің арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2000 жылғы 19 маусымдағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша әрі қарай ынтымақтастық туралы  меморандумды , Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ресей Федерациясы ғарыш саласының басшыларымен 1999 жылғы 1 сәуiрде Мәскеу қаласында болған кездесуiнде қол жеткiзген Қазақстан Республикасының екі ғарышкерiн даярлау туралы уағдаластықты басшылыққа ала отырып,
      ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға талпынысты негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы ғарышкерлерінiң қатысуымен Халықаралық ғарыш стансасының бортында бiрлесiп жұмыс жүргізу бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы туралы 2005 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi жасаған мәлiмдеменiң ережесiн назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

  1-бап

      Қабылдаушы тарап жалпығарыштық даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының екі сынаушы-ғарышкерлерін Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлайтын ғылыми-зерттеу сынақ орталығындағы (бұдан әрі - Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО) топтарда арнайы дайындықтан өту үшін қабылдайды.

  2-бап

      Қазақстан Республикасының екі сынаушы-ғарышкерлерін топтарда арнайы дайындықтан өткiзу бойынша шығыстар Қабылдаушы тарапқа жүктеледі.
      Көрсетiлген шығыстар:
      ғарышкерлер даярлаудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқытушылар құрамымен, оқу құралдарымен, зертхана жабдығымен, техникалық құралдарымен;
      оқу процесi үшін қажеттi кiтапханалармен, оқу және спорт залдарымен және басқа да үй-жайлармен;
      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-дан тыс жерлердегi дайындық өткiзу орындарына жеткiзу көлiгiмен;
      дәрiгерлiк қызметпен;
      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО сынаушы-ғарышкерлерi үшiн қолданылып жүрген нормалар бойынша техникамен жұмыс iстеу үшін қажеттi арнайы киiммен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қамтиды.
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-да ұстауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады және:
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерi үшiн белгіленген нормалар бойынша стипендия төлемiн;
      осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес көлiк шығыстарын;
      тұру үшiн тұрғын үй-жай жалдау бойынша шығыстарды;
      арнайы тамақтануға арналған шығыстарды;
      Мәскеу және Мәскеу облысынан тыс жерлерде дайындық өткiзу кезiндегi iссапар шығыстарын (көлiк шығыстарын қоспағанда) қамтиды;
      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерi қатарындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери қызметшілерi ұлттық әскери киiм нысанын киiп жүруi мүмкiн.

  3-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлау орыс тілiнде жүзеге асырылады.

  4-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерi, оның iшiнде олар Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-ға отбасыларымен жiберiлген жағдайда тұру үшін тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз етіледi.
      Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының сынаушы- ғарышкерлерін және олардың отбасы мүшелерiн уақытша тiркеу бойынша шаралар қабылдайды.

  5-бап

      Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелеріне Қабылдаушы тараптың медициналық мекемелерiнде шұғыл және амбулаторлық медициналық көмек тегiн көрсетіледi.
      Қазақстан Республикасы сынаушы-ғарышкерлерiнiң отбасы мүшелерiн тексерудiң қымбат тұратын түрлерiмен стационарлық емдеу Қабылдаушы тараптың медициналық мекемелерiнде ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

  6-бап

      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-да топтарда арнайы дайындықтан өтетiн Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлеріне жыл сайын жазғы уақытта ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс беріледi.
      Қазақстан Республикасы сынаушы-ғарышкерлерiнің топтарда арнайы дайындық үшiн Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-дағы жұмыс (қызмет) орнынан және оны аяқтаған соң жұмыс (қызмет) орнына ауысуы бойынша, сондай-ақ демалысқа шығуы мен одан келуiнiң көлiк шығыстарын Жiберушi тарап өз есебiнен қамтамасыз етедi.

  7-бап

      Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-да топтарда арнайы дайындықтан өтетiн Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерi Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО-ның iшкi тәртiбін сақтауы тиiс.
      Сынаушы-ғарышкерлердің ағымдағы дайындық деңгейiн және жаттығу құралдарының жай-күйiн ескере отырып, дайындықтың бағдарламасы мен жоспар-кестесін Қабылдаушы тарап бiр жақты тәртiппен өзгертуi мүмкiн.

  8-бап

      Топтарда арнайы дайындық бағдарламасын талап етілген көлемде орындаған және Қабылдаушы Тараптың талаптарына сәйкес емтихан тапсырған Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiне Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО тобының құрамында дайындықтан өту фактiсiн растайтын куәлiк берiледi.

  9-бап

      Осы Хаттаманы түсiндiруге және қолдануға байланысты туындауы мүмкін даулы мәселелердi Тараптар келiссөздер мен консультациялар жолымен шешетiн болады.
      Осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын, қосымша Хаттамалармен ресiмделетін осы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың өзара келiсiмi бойынша енгiзiлуi мүмкін.

  10-бап

             Осы Хаттама 3 жыл мерзiмге жасалады және қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      2005 жылғы "___ " _________, ________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiнде, екi данада жасалды әрi барлық мәтіндердiң күші бiрдей.
      Осы Хаттаманы түсiндiру кезiнде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегі мәтiндi басшылыққа алатын болады.

       Қазақстан Республикасы                Федералдық
      Бiлiм және ғылым                      ғарыш агенттiгi үшiн
      министрлігі үшін

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 274627
    Қазақ тілінде 136991
    Орыс тілінде 136631
    Ағылшын тілінде 1005
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы