2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 390 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 25 қазанда Мәскеуде жасалған хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 390 қаулысымен
бекітілген

2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері,

      есірткілердің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, туындыларының, сондай-ақ прекурсорлар мен психобелсенді заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласында ынтымақтастықты жетілдіруге ұмтыла отырып,

      Келісімнің 18-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Мынадай мазмұндағы 1.1-баппен толықтырылсын:

      "1.1-бап Пайдаланылатын терминдер

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдердің мынадай мағыналары бар:

      есірткі мен прекурсорлардың ұлттық тізімі (бұдан әрі – ұлттық тізім) – тиісті халықаралық конвенциялар мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы негізінде белгілі бір тізімге біріктірілген бақылауға жататын есірткі мен прекурсорлар тізбесі;

      есірткі – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген және бақылауға жататын, тиісті халықаралық конвенцияларда осылай жіктелген және (немесе) ұлттық тізімге енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар, препараттар, өсімдіктер;

      психотроптық заттар – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген және бақылауға жататын тиісті халықаралық конвенцияларда осылай жіктелген және (немесе) ұлттық тізімге енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар, препараттар, өсімдіктер, сондай-ақ кез келген табиғи материалдар;

      препараттар – құрамында ұлттық тізімге енгізілген бір немесе бірнеше есірткі және (немесе) психотроптық заттар бар, кез келген физикалық күйдегі заттар қоспасы;

      есірткінің прекурсорлары (бұдан әрі – прекурсорлар) – есірткіні өндіру, дайындау және қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген, ұлттық тізімге енгізілген және бақылауға жататын заттар;

      есірткі тектестер (бұдан әрі – тектестер) – тиісті халықаралық конвенцияларда есірткілер немесе психотроптық заттар мен прекурсорлар ретінде жіктелмеген және ұлттық тізімге енгізілмеген, химиялық құрылымы мен қасиеттері психобелсенді әрекет туындататын есірткінің химиялық құрылымы мен қасиеттеріне ұқсас, айналымына тыйым салынған заттар;

      туынды есірткілер (бұдан әрі – туындылар) – дербес позицияда ұлттық тізімге енгізілмеген, химиялық құрылымы тиісті есірткінің немесе психотроптық заттардың химиялық құрылымдығы бір немесе бірнеше сутегі атомдарының, галогендердің және/немесе гидроксильді топтардың бір валентті және/немесе екі валентті атомдарға немесе алмастырушыларға (гидроксильді және карбоксильді топты қоспағанда) сәйкес келетін алмасуымен (формальды ауыстыру) қалыптасқан, шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар, олардың көміртегі атомдарының жиынтық саны тиісті есірткі немесе психотроптық заттардың бастапқы химиялық құрылымындағы көміртегі атомдарының санынан аспауы тиіс.

      Егер бір зат бірнеше есірткінің немесе психотроптық заттардың туындысына жатқызылса, ол есірткінің немесе психотроптық заттардың туындысы деп танылады, оның химиялық құрылымын өзгерту алмастырушылардың және/немесе атомдардың ең төмен санын енгізуді қажет етеді;

      жаңа әлеуетті қауіпті психобелсенді заттар (бұдан әрі – психобелсенді заттар) – өмір мен денсаулыққа қауіпті, адамның есірткілік немесе өзге де уытты масаң күйін туындататын, шығу тегі синтетикалық немесе табиғи, оған қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талап не олардың айналымын бақылау шаралары белгіленбеген заттар;

      есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымы – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы бұзылып, жүзеге асырылатын есірткі мен прекурсорлардың айналымы;

      нашақорлық – есірткіге тәуелді болуға байланысты ауру;

      нашақорлық профилактикасы – нашақорлықтың таралуын анықтауға, алдын алуға және себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық, экономикалық, педагогикалық және өзге сипаттағы іс-шаралар жиынтығы.".

      2. 4-бапта:

      2.1. Екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілген салада қылмыстылықтың жай-күйі туралы жедел, статистикалық, ғылыми-әдістемелік және өзге де ақпаратпен; есірткінің және прекурсорлардың, сол тектестердің, туындыларының, психобелсенді заттардың заңсыз айналымына қатысты трансұлттық қылмыстық топтар және олардың жетекшілері туралы бірыңғай деректер банкін толықтыру үшін, оның ішінде:

      а) ұлттық тізімдер туралы;

      ә) ұлттық заңнамаға сәйкес айналымына тыйым салынған психобелсенді заттардың, сол тектестердің және туындылардың тізілімдері (тізбелері, тізімдер);

      б) анықталған психобелсенді заттардың, сол тектестердің және туындыларының атаулары, химиялық құрылымы мен формулалары;

      в) бір немесе бірнеше ТМД-ға қатысушы мемлекеттің аумағында есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар;

      д) Тараптар осындай мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз еткен жағдайда немесе халықаралық шарттар негізінде ұлттық заңнамаға сәйкес есірткінің аса ірі мөлшердегі заңсыз айналымы үшін ұсталған адамдар;

      е) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы, оның ішінде үшінші елдерге транзит арқылы есірткіні жасырудың және оны заңсыз жылжытудың қолданылатын тәсілдері;

      ж) есірткінің және прекурсорлардың, сол тектестердің, туындыларының, психобелсенді заттардың жаңа түрлері, оларды дайындау тәсілдері мен технологиялары, қолданылатын заттар;

      з) есірткіні жөнелту үшін трансшекаралық арналарды пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық топтар мен адамдар;

      и) есірткіні заңсыз өндіру үшін пайдалануы мүмкіндігін анықтау мақсатында прекурсорлардың айналымы;

      к) есірткіні табудың заманауи құралдары мен әдістері;

      л) есірткінің және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреспен, нашақорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу практикасы;

      м) нашақорлық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен (ұйымдармен) өзара іс-қимыл жасасу туралы мәлімет қамтылған ақпаратпен алмасу.

      2.2. Төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "есірткінің және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты трансұлттық сипаттағы қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру;

      мынадай:

      а) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы есірткіні тасымалдау арналарын анықтау, жолын кесу, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына байланысты адамдарды анықтау;

      б) есірткінің және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) үшін банктік, коммерциялық және басқа да құрылымдарды пайдаланудың жолын кесу;

      в) есірткіні өндіру бойынша жасырын (заңсыз) зертханаларды жою;

      г) құрамында есірткі бар дақылдарды заңсыз өсіруді, сондай-ақ құрамында есірткі бар жабайы өсетін өсімдіктердің жайылуын жою;

      д) есірткіні тарату үшін интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолын кесу мақсатында келісілген және/немесе бірлескен кешенді ведомствоаралық, профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;".

      2.3. Бесінші – он бірінші абзацтар тиісінше жетінші – он үшінші абзацтар болып есептелсін.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.

4-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы Келісімге қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.

      Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      2019 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.

Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

Армения Республикасының Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

  Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

Украина Үкіметі үшін

Молдова Республикасының Үкіметі үшін

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 284556
    Қазақ тілінде 141607
    Орыс тілінде 141409
    Ағылшын тілінде 1540
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы