Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1402 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 442 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.25 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1402 қаулысымен     
бекiтiлген       

Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық
персоналын аттестаттау ережесi

      Осы Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттары мен ұсыныстарын (Халықаралық азаматтық авиация туралы 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Чикаго конвенциясына 1-қосымша мен DOC 9379-AN/916) ескере отырып, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар N 2697 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Ереже авиациялық персоналды аттестациядан өткiзу тәртiбiн, шарттары мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ авиациялық персоналға қойылатын талаптарды анықтайды.
 
      2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
 
      1) аттестаттау - уәкiлеттi органның аттестациялық комиссиясы өткiзетiн авиациялық персоналдың кәсiби бiлiмi мен практикалық дағдыларын тексеру рәсiмi;
 
      2) борттық электронды жабдықтар - электрлiк бөлiгiн қоса алғанда, әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған кез келген электронды құрылғы, оның iшiнде радиожабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесi және аспаптық жабдық;
 
      3) тiкұшақ - ұшуда негiзiнен шамамен тiгiнен орналасқан ocь айналасындағы күш қондырғыларының әсерiмен айналатын бiр немесе бiрнеше жеткiзгiш бұрамалары бар, ауаның қарсы әсерi есебiнен қалықтайтын ауадан ауырлау әуе кемесi;
 
      4) бір ұшқышпен ұшу үшiн сертификатталған әуе кемесi - сертификаттау кезiнде қабылданған тiркеу мемлекетiнiң шешiмi бойынша ең аз құрамдағы ұшу экипажы, атап айтқанда бiр ұшқыш қауiпсiз пайдалана алатын әуе кемесiнiң түрi;
 
      5) аспаптар бойынша ұшу уақыты - ұшқыштың әуе кемесiн сыртқы бағдарларды пайдаланбай, тек қана аспаптар бойынша басқарып ұшатын уақыты;
 
      6) планердiң ұшу уақыты - планердiң ұшу кезiнде қозғала бастаған сәтiнен бастап және ұшу аяқтағаннан кейiн оның тоқтаған сәтiне дейiнгi тiркеп сүйретумен немесe тiркеп сүйретусiз ұшуда болуының жалпы уақыты;
 
      7) екiншi ұшқыш - әуе кемесi командирiнiң функциясынан басқа,
ұшқыштың кез келген функциясын орындайтын желiлiк ұшудың қолданыстағы куәлiгi (сертификаты) бар ұшқыш; бұған әуе кемесiнiң бортында ұшуға даярлықтан өту мақсатында ғана болған ұшқыш қосылмайды;
 
      8) бiлiктiлiк белгiсi - куәлiкте жасалған немесе соған қатысы бар және соның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысты ерекше шарттар, құқықтар немесе шектеулер көрсетiледi;
 
      9) әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) - ұшқыштың қолданыстағы куәлігі (сертификаты), сондай-ақ әуе кемесiн өз бетiмен басқару үшiн қажеттi даярлығы мен тәжiрибесi бар адам;
 
      10) экипаждың ұшу құрамы - осы үлгiдегi әуе кемесiн және (немесе) оның жабдықтарын ұшуда пайдалану құқығына арнайы даярлығы мен куәлiгi (сертификаты) бар экипаж мүшелерi;
 
      11) медициналық анықтама - авиациялық персонал куәлiгi (сертификаты) иесiнiң денсаулығының жай-күйi бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын және медициналық куәландырудың нәтижелерi бойынша берiлетiн белгiленген нысандағы құжат;
 
      12) нұсқаушымен ұшу - қандай да бiр тұлғаның тиiстi куәлiгi бар ұшқыш - нұсқаушымен бірге әуе кемесінің бортында ұшу даярлығынан өтетін ұшу уақыты.
 
      13) планер - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрiлмейтiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен құрылатын ауадан ауырлау әуе кемесi;
 
      14) ұшу уақыты - ӘК двигательдерiн iске қосу кезiнен бастап, ұшу аяқталғаннан кейiн оларды өшiруге дейiнгi ұшу уақыты;
 
      Жоғарыда көрсетiлген "ұшатын уақыт, ұшу уақыты" деген термин жалпыға бiрдей "толық ұшатын уақыт" немесе "қалыптарды жинаудан  бастап оларды орнатқанға дейiнгi уақыт" деген терминдердiң синонимi болып табылады, ол әуе кемесiнiң тиеу пунктiнен қозғалу сәтiнен бастап оның түсiру пунктiне тоқтағанға дейiн өлшенедi.
 
      15) ұшақ - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрілетiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен болатын ауадан ауырлау әуе кемесi;
 
      16) авиациялық персоналдың куәлiгi (сертификаты) (бұдан әрi - куәлiк (сертификат) - авиациялық персоналға жатқызылған тұлғада қажеттi бiлiм мен дағдылардың болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi орган беретiн куәлiк (сертификат).
 
      3. Аттестаттаудың негiзгi мiндетi авиациялық персоналдың кәсiби даярлық деңгейiн анықтау, авиациялық персоналды олардың бiлiктiлiгiне сәйкес ұтымды iрiктеу және бөлу, ұшудың қауiпсiздiгi мен жүйелiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
 
      4. Аттестаттау:
 
      1) авиациялық персоналдың кәсiби деңгейiн растау (бiлiктiлiк сыныбын растау);
 
      2) кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру мақсатында жүргiзiледi.
 
      5. Авиациялық персоналды жiктеу үш бiлiктiлiк сыныптары (бұдан әрi - сыныптар): үшiншi, екiншi және бiрiншi сыныптар бойынша анықталады.
      Бiрiншi жоғары сынып болып табылады.
      Бiлiктiлiк сыныбын беру кезiнде кезектiлiктi сақтау қажет: үшiншi, екiншi және бiрiншi.
 
      6. Аттестаттаудан өткiзу үшiн уәкiлеттi органда Аттестаттау комиссиялары (бұдан әрi - АК) және Жоғары бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - ЖБК) құрылады. ЖБК мен АК-тың дербес құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi. ЖБК мен АК-тың құрамына уәкiлеттi органның, ғылыми ұйымдар мен азаматтық авиация ұйымдарының мамандары (келiсiм бойынша) енгiзiледi.
      ЖБК мен АК аттестация жүргiзу мерзiмдерiн анықтайды, аттестатталғанның жұмысына талдау жүргiзедi, аттестация қорытындысы бойынша шешiм шығарады.
 
      7. Уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлген аттестаттауға жататын Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясының авиациялық персонал лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiнде көзделген қызметтi атқаратын адамдар аттестаттауға жатады.
 
      8. Уәкiлеттi органның AK:
 
      1) 1-сыныпты растау және куәлiктiң (сертификаттың) жарамдылық мерзiмiн ұзарту мақсатында, сондай-ақ осы Ереженiң 30-тармағында көзделген жағдайларда авиациялық персоналды аттестаттауды жүргiзедi;
 
      2) 1-сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды (бортсерiктер мен бортмеханиктерден басқа) аттестаттауды жүргiзедi;
 
      3) ұшудың ерекше жағдайларында көрсеткен жоғары шеберлiгi үшiн авиациялық персоналға мерзiмiнен бұрын 1-сынып бередi;
 
      4) авиациялық персонал ұшудың қауiпсiздiгiне тiкелей қауiп төндiретiн iс-қимыл жасаған немесе кәсiби сапасын жоғалтқан жағдайда сыныбын төмендетедi.
 
      9. Уәкiлеттi органның aттecтaттay комиссиялары:
      1) 3, 2-сыныптарды растау мақсатында авиациялық персоналды аттестаттауды және 1-сыныпты растау мақсатында бортсерiктер мен бортмеханиктердi аттестаттауды, сондай-ақ тиiсiнше куәлiктердiң (сертификаттардың) жарамдылық мерзiмiн ұзартуды жүргiзедi;
 
      2) 2-сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды аттестаттауды жүргiзедi;
 
      3) кәсiби деңгейiн растау мақсатында аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналын аттестаттауды жүргiзедi және аса жеңiл авиация саласындағы тиiстi қауымдастықтар мен федерациялардың ұсынымы бойынша куәлiктер (сертификаттар) бередi.
 
      10. Мемлекеттiк авиация маманының бiлiктiлiк сыныбы бар авиациялық персонал мемлекеттiк авиациядан азаматтық және эксперименттiк авиацияға жұмысқа қабылданған кезде ЖБК-да аттестаттаудан өтедi. Оң аттестаттау кезiнде әуе кемелерiнiң игерiлген үлгiлерiнде жұмыс iстеу тәжiрибесiн ескере отырып, бiр жылдан кейiн сыныбын көтеруге ұсыныс жасау құқығымен, азаматтық авиацияның авиациялық персоналының бiр сынып төмен бiлiктiлiк
сыныбы берiледi.

      2. АТТЕСТАТТАУДЫ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI МЕН МЕРЗIМДIЛIГI

      11. Кәсiби деңгейiн растау (бiлiктiлiк сыныбын растау) мақсатында авиациялық персоналды аттестаттау жыл сайын не авиациялық оқиға болған кезде жүргiзiледi.
 
      12. Кезектi сыныпты алу мақсатында аттестаттаудан өтуге ниет бiлдiрген авиациялық персоналдың тұлғалары ЖБК мен AK өтiнiшiн бередi. ЖБК мен АК 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде өтiнiштi қарайды және авиациялық персоналға жататын тұлғаны аттестаттауға жiберу мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.
 
      13. Жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешiктiрмей, азаматтық авиация ұйымдары ЖБК-ға және АК-ға авиациялық персоналдың сыныбын көтеру мақсатында келесi жылға арналған аттестаттау үшiн өтінімдер ұсынады. Өтiнiмдер әуе кемелерiнiң үлгiлерi, мамандықтары бойынша және тоқсандар бойынша аттестаттаудың мерзiмiн көрсете отырып жасалады. Алынған өтiнiмдердiң негiзiнде ЖБК және АК сыныпты көтеру үшiн аттестаттау жоспар-кестелерiн жасайды, олар азаматтық авиация ұйымдарының танысуына жатады.
 
      14. Кезектi сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды аттестаттау үшiн азаматтық авиацияның ұйымдары ЖБК мен АК-қа мынадай құжаттарды жібереді:
 
      1) 2 данада ұсыным;
 
      2) бiлiктiлiк сыныбын беруге арналған қолдаухат;
 
      3) ұшу кiтабынан ұшу сағаттары туралы, ӘКК берiлген минимумы туралар (ұшу құрамының қалған тұлғалары үшiн өзіндік жұмысқа рұқсат қағаздар) үзiндi көшiрмелер, азаматтық авиация ұйымының мөрiмен және оның уәкiлеттi лауазымды тұлғасының қолымен расталған медициналық анықтаманың көшiрмесi;
 
      4) ұшуды тексеру aктілері (ұшу, ұшақты жүргiзу және ұшудағы
практикалық жұмыс техникасы);
 
      5) диспетчерлiк құрам үшiн практикалық дағдыларды тексеру актiлерi.
 
      15. Аттестаттаудан өту үшiн ЖБК-ға (AK-ғa) келген адамдардың өзiмен бiрге:
 
      1) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлiгi (сертификаты);
 
      2) ұшу кiтапшасы (ұшқыштар құрамының адамдары үшiн);
 
      3) мамандығы бойынша оқу орнын бiтiргенi туралы диплом;
 
      4) медициналық анықтама;
 
      5) пiшiндi киiмде бас киiмсiз түскен 3,5x4,5 см. мөлшерiндегi үш фотосуретi (куәлiктi бастапқыда берген немесе ауыстырған кезде) болуы тиiс.
 
      16. Кезектi сыныпты алу мақсатында аттестаттауға ЖБК-ға (АК-ға) табыс етiлген құжаттар кандидатты аттестаттауға жiберу туралы комиссия шешiмi қабылданғаннан кейiн үш ай iшiнде жарамды.
 
      17. Кезектi сынып алуға құжаттарды табыс еткеннен кейiн кандидат кәсiптiк даярлықтан тексеруден өтедi. Ол кәсiптiк теориялық бiлiм мен практикалық дағдыларды тексерудi қамтиды.
 
      18. Бiр емтиханды тапсыру уақыты 20 минуттан аспайтын уақытты құрайды: бiр күнде ЖАК екiден аспайтын, AK - үштен аспайтын емтихан өткiзедi.
 
      19. ЖБК-да (АК-та) арнаулы пәндер немесе практикалық жұмыс бойынша талап етiлгеннен төмен баға алған кандидаттардың сыныбы көтерiлмейдi.
 
      20. Арнаулы пәндер немесе практикалық жұмыс бойынша бiлiмiн тексерген кезде бiлiм деңгейi осы Ереженiң талаптарына сай келмейтiнiн көрсеткен кандидаттар, сыныбын көтеру үшiн қайта тексеруге 3 айдан кейiн жiберiлуi мүмкiн.
 
      21. Сыныбын көтерген кезде алынған бағалар дербес жұмысқа жiберу және куәлiктiң қолданылу мерзiмiн бiр жылға ұзарту мақсатында авиациялық персоналды қатарға енгiзу үшiн жарамды болады.
 
      22. Кандидаттардың практикалық жұмысын тексеру уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.
      Сыныбын көтеруге ұсынылған авиациялық персоналдың ұшқыштар құрамының ұшудағы практикалық жұмысын тексерудi ЖБК (АК) мүшелерi жүргізеді.
 
      23. Екiншi сыныпқа көтеруге ұсынылған авиациялық персоналдың ұшқыштар құрамының ұшудағы практикалық жұмысын тексерудi АК төрағасының нұсқауы бойынша азаматтық авиация ұйымының ұшқыштар бөлімшелерінің командалық-ұшу құрамы жүргізуі мүмкін.
 
      24. Сыныбын көтеру кезiнде ұшуда практикалық жұмысты тексеру нәтижелерi 3 ай iшiнде жарамды.
 
      25. Кандидаттардың практикалық жұмысын бағалау бес баллдық жүйе бойынша жүргiзiледi, сонан соң практикалық тексеру актiсiнде "берiлген сыныпқа сәйкес (сәйкес емес)", "сыныбын көтеруге лайықты (лайықты емес)" деп көрсетiледi.
 
      26. Сыныбын көтеруге кандидаттардың әуеде басқарып ұшу, ұшақ жүргiзу және практикалық жұмыс техникасын тексерудi кандидат сыныбынан жоғары сыныбы бар мамандар жүргiзедi.
 
      27. Сынып беруге арналған теориялық бiлiмдi, ұшудағы практикалық жұмысты тексергеннен және кандидаттармен әңгiмелескеннен кейiн ЖБК (АК) мүшелерi тиiстi шешiм қабылдайды.
 
      28. Ұшу жұмысын регламенттейтiн құжаттардың талаптарын бұзған
авиациялық персонал уәкiлеттi орган бұйрық шығарған күннен бастап бiр ай iшiнде берiлген сыныбын ЖБК-ға растауға мiндеттi.
      Уәкiлеттi орган сыныбын растауға арналған аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың куәлiгiнiң (сертификатының) әрекет етуiн тоқтатады.
      Сыныбы төмендетiлген авиациялық персонал тұлғалары келесi сыныпты беруге аттестаттауға мамандығы бойынша жұмыс iстегеннен кейiн кемiнде бiр жылдан кейiн жiберiледi.
      Тәртiптiк жазасы бар авиациялық персонал тұлғалары кезектi сыныпты алуға аттестаттауға ол белгiленген тәртiппен алынғаннан кейiн жiберiледi.
      Аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналы ұшу ережелерiн және әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзған жағдайда куәлiктiң (сертификаттың) әрекет етуiн уәкiлеттi орган кезектi аттестацияға дейiн тоқтатуы мүмкiн.
 
      29. Авиациялық оқиғаның туындауына кiнәлi авиациялық персонал тұлғалары кезектi сыныпты беруге әуе кемесiнiң осы үлгiсiнде авиациялық оқиғадан кейiн кемiнде үш жылдан және кемiнде 500 сағат ұшқаннан кейiн аттестаттауға жiберiлуi мүмкiн.
 
      30. Авиациялық персонал денсаулығының жай-күйi бойынша жарамдылыққа қойылатын медициналық талаптарға сәйкес келуi тиiс.
 
      31. Авиациялық персоналды аттестаттаудың қорытындылары бойынша ЖБК (AK):
 
      1) берiлген сыныпты растау және куәлiктiң (сертификаттың) қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы;
 
      2) кезектi сыныпты беру және куәлiкке (сертификатқа) тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы;
 
      3) сыныбын төмендету және куәлiкке (сертификатқа) тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы;
 
      4) сыныбын растамау және куәлiктiң (сертификаттың) қолданылуын
тоқтату туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
 
      32. Шешiм ЖАК (AK) хаттамасымен ресiмделедi. ЖБК (АК) мәжiлiсi, егер оған ЖАК (АК) жалпы мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса заңды деп саналады. Шешiм ЖАК (АК) мүшелерiнiң мәжiлiсiнде қатысқандар санының қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады; ЖАК (АК) мүшелерiнiң берiлген дауыстары тең болған кезде ЖАК (АК) төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған деп саналады.

3. АСА ЖЕҢІЛ АВИАЦИЯНЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      33. Ұшқыш-кәсiпқойлар аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) жасы 17-ден кем емес;
 
      2) оқыту процесiн қамтамасыз ететiн кез келген меншiк нысанындағы оқу ұйымдарында, сондай-ақ аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнде әуе спорты бойынша оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарының шеңберiнде алынған теориялық дайындығының болуы;
 
      3) бағалау парағында көрсетiлген арнайы пәндердi бiлуi (1-қосымша);
 
      4) кәсiби даярлық деңгейiне сәйкес әуе кемесiн басқара бiлуге, метеорологиялық жағдайларды талдай бiлуi және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде дұрыс шешiм қабылдай бiлуi.
 
      34. Коммерциялық авиацияның ұшқышы аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) жасы 18-ден кем емес;
 
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшу мамандарының кәсiби бiлiм алуын, бiлiктiлiгiн көтеруiн қамтамасыз ететiн аккредиттелген авиациялық оқу орындарында алған теориялық дайындығының болуы;
 
      4) кемiнде 12 ай ұшқыш-кәсiпқой ретiнде практикалық қызметiнiң болуы;
 
      5) қосымша ұшу дайындығының болуы;
 
      6) кәсiби даярлық деңгейiне сәйкес әуе кемесiн басқара, метеорологиялық жағдайы талдай және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде дұрыс шешiм қабылдай бiлуi.

4. ЖЕЛIЛIК ҰШҚЫШТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      35. Желiлiк ұшқыштар аттестаттаудан өтуi үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) "Ұшқыш" мамандығы бойынша авиациялық оқу орнының көлемiнде
арнаулы бiлiмi болуы;
 
      2) бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi (2-қосымша);
 
      3) кәсiби даярлық деңгейiне сәйкес әуе кемесiн басқара бiлуi, борт жүйелерiн, пилотаждық-навигациялық кешендердi пайдалана, метеорологиялық жағдайды талдай және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде дұрыс шешiм қабылдай бiлуi.
 
      36. Желiлiк ұшқыштың үшiншi сыныбы "Ұшқыш" мамандығы бойынша
ұшқыштық оқу орындарында оқудың толық курсын бiтiрген адамдарға,
Мемлекеттiк емтихан комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде оқу орны бастығының бұйрығымен беріледі.
 
      37. Желiлiк ұшқыштың екiншi сыныбы:
      1) ұшуға жiберiлген екiншi сыныпты ұшақтарда ИКАО I-санатының метеорологиялық минимумы бойынша, ал 3-сыныпты ұшақтарда - ауа-райының шектi минимумы бойынша кемiнде 2300 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 100 сағатын түнде ұшуға, ӘКК ретiнде 500 сағат дербес ұшуға ие 2 және 3-сыныпты ӘӘК;
 
      2) кемiнде 2000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 50 сағатын түнде ұшуға, оның iшiнде ӘКК ретiнде кемiнде 500 сағат дербес ұшуға ие 4-сыныпты ұшақтардың, тікұшақтардың ұшқыштарына;
 
      3) кемiнде 2300 сағат жалпы авариясыз ұшуға, олардың 200 сағатын түнде ұшуға, оның iшiнде басқа үлгiлердегi ӘК-де ӘКК ретiнде кемiнде 500 сағат дербес ұшуға ие және ӘК командирiнiң қатарына енгiзуге кандидат болып табылатын 1 және 2-сыныпты ұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
 
      4) жоғары ұшқыштық оқу орнын бiтiрген және 1 және 2-сыныпты әуе кемелерiне қайта оқытылған, кемiнде 2500 сағат авариясыз ұшуға, оның 300 сағатын түнде ұшуға ие, әуе кемелерi командирлерiнiң қатарына қосылуға үмiткер болып табылатын екiншi ұшқыштарға;
 
      5) 1-сыныпты тiкұшақтарда ұшу оқу орнын бiтiрген, 1-сыныпты
тiкұшақтарда кемiнде 2500 сағат авариясыз ұшуға ие, ӘК командирiнiң қатарына қосылуға үмiткер болып табылатын 1-сыныпты тiкұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
 
      6) кемiнде 2000 сағат авариясыз ұшуға, оның iшiнде басқа сыныптардағы тiкұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және 1-сыныпты тікұшақтарда әуе кемелерi командирлерiнiң қатарына табысты өткен 1-сыныпты тiкұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
 
      7) 2000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 50 сағатын түнде ұшуға ие 3-сыныпты ұшақтардың екiншi ұшқыштарына берiледi.
      Екiншi сынып беруге ұсынылған үмiткерлер кемiнде 3 жыл ұшқыш ретiнде ұшқыштық жұмысы өтiлi, оң мiнездемесi және ұшу мен ұшақты жүргiзу техникасы бойынша, бағалау парағының 3, 4-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша "Бec" деген, ал қалған пәндер бойынша кемiнде "Төрт" деген бағалары болуы тиiс (2-қосымша).
 
      38. Желiлiк ұшқыштың бiрiншi сыныбы:
      1) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға, олардың 200 сағатын түнде ұшуға, 1000 сағат дербес ұшуға, оның iшiнде 1-сыныптағы ұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және ИКАО-ның 1-санаттағы метеорологиялық минимумы бойынша ұшуға жiберiлген 1-сыныпты ұшақтардың командирлерiне (Ил-86, Ил-96, Ту-204-тен басқа);
 
      2) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1500 сағат дербес ұшуға оның iшiнде 2-сыныпты ұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және 1-санаттағы бойынша ұшақтарда ұшуға жiберiлген 2-сыныпты ұшақтардың командирлерiне;
 
      3) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1500 сағат дербес ұшуға, оның iшiнде 3-сыныпты ұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және ең шектi ауа райы бойынша ұшуға жiберiлген 3-сыныпты ұшақтардың командирлерiне;
 
      4) кемiнде 4000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 500 сағат дербес ұшуға және 1-сыныпты ұшақтарда екiншi ұшқыш ретiнде кемiнде 500 сағат ұшуға ие 1-сыныпты ұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
 
      5) жоғары ұшқыштық оқу орнын бiтiрген және 1-сыныпты ӘК-ге қайта оқыған, кемiнде 4500 сағат авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға ие, әуе кемесi командирiнiң қатарына қосылуға үміткep болып табылатын екiншi ұшқышқа;
 
      6) кемiнде 3000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, олардың 50 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1000 сағат дербес ұшуға ие және авиабөлiмше орналасқан жердегi ауа райының ең шектi минимумы бойынша ұшуға жiберiлген 4-сыныпты ұшақтардың командирлерiне;
 
      7) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға олардың 50 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1500 сағат дербес ұшуға ие және авиабөлiмше орналасқан жердегi ауа райының ең шектi минимумы бойынша ұшуға жiберiлген 1 және 2-сыныпты тiкұшақтардың командирлерiне берiледi.
      Бiрiншi сынып беруге ұсынылған үмiткерлердiң кемiнде 3 жыл 2-сыныпты пилот ретiнде ұшқыштық жұмыс өтiлi, оң мiнездемесi және басқарып ұшу мен ұшақ жүргiзу техникасынан, бағалау парағының 1, 2, 3, 4, 5-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша "Бес" деген, ал қалған пәндер бойынша - кемiнде "Төрт" деген бағалары ие болуға тиiс (2-қосымша).

5. ШТУРМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      39. Штурмандар аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi:
 
      1) штурмандық оқу орнының көлемiнде "штурман" мамандығы бойынша арнаулы бiлiмiнiң болуы немесе ұшқыштардың қатарынан арнаулы бағдарламалар бойынша даярлықтан өтуi;
 
      2) бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi (3-қосымша);
 
      3) ұшақ жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн меңгеруi, жерде және ұшуда навигациялық жабдықтарды пайдалана білуі, ұшақ жүргiзу мақсатында борттағы радионавигациялық аппаратураларды пайдалануы, екi жақты радиобайланыс жүргiзуi, метеорологиялық жағдайды талдауы, ұшу карталарын оқуы және ұшу барысында оларды пайдалануы, естуi бойынша жеткiзушi радиостанцияның сигналдарын қабылдай бiлуi тиiс.
 
      40. Штурманның үшiншi сыныбы:
      1) "штурман" мамандығы бойынша авиациялық оқу орнының түлектерiне;
 
      2) арнайы бағдарламалар бойынша қайта даярлаудан өткен ұшқыштарға берiледi.
 
      41. Штурманның екiншi сыныбы штурман лауазымында жалпы авариясыз ұшу кезiнде:
      1) 4, 3, 2, 1-сыныпты ұшақтар мен тiкұшақтарда кемiнде
1500 сағат ұшқан штурмандарға, ал ұшқыштар қатарынан қайта оқытылғандарға штурман ретiнде кемiнде 50% ұшқан кезде;
 
      2) 4, 3-сыныпты ұшақтар мен тiкұшақтарда ұшатын, штурман-нұсқаушы лауазымында үздiксiз және кемiнде 3 жылдан жоғары жұмыс өтiлi бар, кемiнде 1200 сағат, олардың 50 сағатын түнде ұшқан, АА ұшқыштық жоғары оқу орындарының штурмандық құрамының адамдарына берiледi.
      Штурманның екiншi сыныбын беруге ұсынылған үмiткерлердiң оң мiнездемесi және бағалау парағының 6-тармағында көрсетiлген пәндер бойынша "бес" деген, қалған пәндер бойынша және ұшақты жүргiзу техникасы бойынша кемiнде "төрт" деген бағаларға ие болуға тиiс (3-қосымша).
 
      42. Штурманның бiрiншi сыныбы штурман лауазымында жалпы авариясыз ұшу барысында:
      1) 2500 сағат, олардың 400 сағатын түнде ұшқан 1-сыныпты ұшақтардың штурмандарына;
 
      2) кемiнде 3000 сағат, олардың 400 сағатын түнде ұшқан, ал пилоттар қатарынан қайта оқытылғандар штурман ретiнде кемiнде 50% ұшқан 2 және 3-шi сыныпты ұшақтардың штурмандарына;
 
      3) ұшу отрядының (бұдан әрi ҰО) штурманы лауазымында үздiксiз және кемiнде 3 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, кемiнде 2500 сағат, соның iшiнде 100 сағатын түнде ұшқан, АА ұшқыштық жоғары оқу орындарының штурмандық құрамының адамдарына берiледi.
      АА штурманының бiрiншi сыныбын беруге ұсынылған үмiткерлердiң оң мiнездемесi және ұшақ жүргiзу техникасы бойынша, бағалар парағының 1, 2, 3, 6, 8, 10, 11-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша "бес" деген және қалған пәндер бойынша кемiнде "төрт" деген бағалары болуға тиiс (3-қосымша).

6. БОРТИНЖЕНЕРЛЕРГE ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      43. Бортинженерлер аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi:
 
      1) жоғары бiлiмнiң болуы (1610 мамандығы - "Әуе кемелерiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөнiндегi инженер-механик") және бекiтiлген бағдарламалар бойынша арнайы дайындықтан өтуi;
 
      2) бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi (4-қосымша);
 
      3) осы үлгiдегi ӘК-нi ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылықта (бұдан әрi - ҰПБ) көзделген бортинженердiң (бортмеханиктiң) мiндеттерiне сәйкес ӘК жерде және ұшуда пайдалана бiлуi тиiс.
 
      44. Бортинженердiң үшiншi сыныбы:
      дайындықтың бар бағдарламаларына сәйкес, осы Ереженiң талаптарына жауап беретiн және бортинженер ретiнде дербес жұмыс iстеуге рұқсат алған авиация персоналына берiледi.
 
      45. "Бортинженер" мамандығы бойынша даярлықтан өткен жоғары оқу орындарының түлектерiне бортинженер куәлiгi (сертификаты) диплом алумен бiр мезгiлде және кейiннен тағлымдама бағдарламасынан өткеннен кейiн дербес жұмыс iстеуге жiберiлгеннен және азаматтық авиация ұйымдарының қатарына қосылғаннан кейiн берiледi.
 
      46. Бортинженердiң үшiншi сыныбы берiлуге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден, ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша "төрт" деген бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
 
      47. Бортинженердiң екiншi сыныбы:
      1) кемiнде 1500 сағат авариясыз ұшуға ие бортинженерлерге;
 
      2) бортинженер лауазымына тағайындалған, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн және бортинженер ретiнде дербес ұшуға рұқсат алған, бортинженер ретiнде 200 сағат дербес ұшқан екiншi сыныпты бортмеханиктерге;
 
      3) бортинженер лауазымындағы, бiрақ бортмеханик куәлiгi (сертификаты) бар және кемiнде 1500 сағат жалпы авариясыз ұшқан, "әуе кемесiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөнiндегi инженер-механик" мамандығы бойынша жоғары бiлiмдi есептемегенде, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн мамандарға берiледi.
      Бортинженердiң екiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер, тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен кемiнде "төрт" деген баға алуға, оң мiнездемесiнiң және бағалау парағының 4-тармағында көрсетiлген пән бойынша "бес" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша кемiнде ""төрт"" деген бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
 
      48. Бортинженердiң бiрiншi сыныбы:
      1) кемiнде 3000 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортинженер ретiнде 200 сағат дербес ұшқан 2-сыныпты бортмеханиктерге;
 
      2) бортинженер лауазымына тағайындалған, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн және бортинженер ретiнде дербес ұшуға рұқсат алған, бортинженер ретiнде 200 сағат дербес ұшқан бiрiншi сыныпты бортмеханиктерге;
 
      3) бортинженер лауазымындағы, бiрақ бiрiншi немесе екiншi сыныпты бортмеханик куәлiгi бар және кемiнде 3000 сағат жалпы авариясыз ұшқан, 1610 мамандығы бойынша жоғары бiлiмдi есептемегенде, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн мамандарға берiледi.
      Бортинженердiң бiрiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен, бағалау парағының 1, 2, 4, 6, 7, 10, 11-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша "бес" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша - "төрттен" төмен емес бағаға ие болуы тиiс (4-қосымша).

7. БОРТМЕХАНИКТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      49. Бортмеханиктер аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) жоғары ("Әуе кемелерiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөнiндегi инженер-механик" мамандығы) немесе арнаулы орта бiлiмi
("әуе кемелерiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөнiндегi техник-механик" мамандығы (бұдан әрi - 0579 мамандығы) болуы және бекiтiлген бағдарламалар бойынша арнайы дайындықтан өтуге;
 
      2) бағалау парағында көрсетiлген арнайы пәндердi бiлуге (4-қосымша);
 
      3) ӘК жерде және ұшу барысында, осы үлгiдегi әуе кемелерiн ӘК ҰПН-да көзделген бортмеханиктiң (бортинженердiң) мiндеттерiне сәйкес пайдалана бiлуге тиiс.
 
      50. Бортмеханиктiң үшiншi сыныбы осы Ереженiң талаптарына сай келетiн, дайындықтың бар бағдарламаларына сәйкес бортмеханик ретiнде дербес жұмыс iстеуге рұқсат алған мамандарға берiледi.
 
      51. Бортмеханиктiң 3-сыныбы берiлуге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден, ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша "төрт" деген бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
 
      52. Екiншi сынып кемiнде 1500 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортмеханиктерге берiледi.
 
      53. Бортмеханиктiң екiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен "төрттен" төмен емес бағаға, оң мiнездемесiнiң болуы және бағалау парағының 4-тармағында көрсетiлген пән бойынша емтиханды "бec" деген бағаға тапсыруға, ал қалған пәндер бойынша - "төрттен" төмен емес бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
 
      54. Бортмеханиктiң бiрiншi сыныбы кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортмеханиктерге берiледi.
 
      55. Бортмеханиктiң бiрiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен және бағалау парағының 1, 2, 4, 6, 7, 10, 11-тармақтарында көрсетiлген арнаулы пәндер бойынша "бес" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша - "төрттен" төмен емес бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).

8. БОРТРАДИСТЕРГE ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      56. Бортрадистер аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) орта бiлiмiнiң болуы және арнаулы бағдарламалар бойынша даярлықтан өтуге;
 
      2) ұшу жұмыстарын реттеуде басшылыққа алынатын құжаттарды бiлуге;
 
      3) "АА байланыс жөнiндегi тәлiмдеменiң", "Азаматтық авиация әуе кемелерiнiң экипаждары мен әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметiнiң диспетчерлары арасындағы радиоалмасу фразеологиясының ережелерiнiң" талаптарына сәйкес екi жақты радиобайланыс жүргiзе бiлуге, борттағы радиобайланыс пен электр жабдықтарды ҰПБ сәйкес пайдалана бiлуге, бортрадистердiң тиiстi сыныптары үшiн көзделген жылдамдықтағы Морзе әлiппесiнiң сигналдарын есту арқылы беруге және қабылдай бiлуге, кодтық хабарламаларды қабылдай бiлуге тиiс.
 
      57. Бортрадистiң үшiншi сыныбы бортрадист ретiнде жеке жұмысқа рұқсат алған мамандарға берiледi.
      Бортрадистiң үшiншi сыныбын беруге ұсынатын үмiткерлер, минутына кемiнде 80 белгi жылдамдықтағы телеграф белгiлерi бар радиограммаларды беруге және қабылдай бiлуге, практикалық жұмыста "төрттен" төмен емес бағамен тексеруден өтуге, оң мiнездемеге ие болуға және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша "төрттен" төмен емес бағаға емтихан тапсыруға тиiс (5-қосымша).
 
      58. Бортрадистiң екiншi сыныбы кемiнде 1000 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортрадистерге берiледi.
      Бортрадистiң екiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер, минутына кемiнде 90 белгi жылдамдықтағы телеграф белгiлерi бар радиограммаларды беруге және қабылдай бiлуге ұшудағы практикалық жұмыста "төрттен" төмен емес бағамен тексеруден өтуге, оң мiнездемеге ие болуға және бағалау парағының 6, 9, 12-тармақтарында көрсетiлген басқа пәндер бойынша емтихандарды "бec" деген бағаға, ал басқа пәндер бойынша - "төрттен" төмен емес бағаға тапсыруға тиiс.
 
      59. Бортрадистiң бiрiншi сыныбы кемiнде 2000 сағат жалпы авариясыз ұшқан мамандарға берiледi.
      Бортрадистiң бiрiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер, минутына кемiнде 100 белгi жылдамдықтағы телеграф белгiлерi бар  радиограммаларды беруге және қабылдай бiлуге, ұшудағы практикалық жұмыс бойынша тексерiстен "бес" деген бағамен өтуге, оң мiнездемеге ие болуға және бағалау парағының 1, 2, 4, 6, 9, 12-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандар тапсыруға, ал қалған пәндер бойынша "төрттен" төмен емес баға алуы тиiс (5-қосымша).

9. БОРТСЕРIКТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      60. Бортсерiктер аттестаттаудан өтуi үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) орта бiлiмi және AA оқу орнындағы арнаулы даярлығы болуы;
 
      2) арнаулы пәндердi қажеттi көлемде бiлуi;
 
      3) әуе көлiгiнде ұшуда қызмет көрсетудiң барлық түрлерiн қолдана отырып, әуе көлiгiнде жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн нақты және уақтылы жүргiзе бiлуге, буфеттiк-ас үйлiк жабдықтарды және жалпы мақсаттағы жабдықтарды сауатты пайдалануға, бортсерiктiң рейстiк құжаттамаларын ресiмдеуi.
 
      61. Бортсерiкке үшiншi сынып АА Академиясында бастапқы даярлықты аяқтағаннан және 30 сағат стажер болып ұшудан кейiн бортсерiк-нұсқаушының дербес жұмысқа жiберу туралы мiндеттi қорытындысымен берiледi.
 
      62. Екiншi сынып кемiнде 500 сағат ұшқан, оң мiнездемеге ие және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды "төрттен" төмен емес бағаға тапсырған, жолаушыларға, соның iшiнде осы авиакәсiпорында немесе авиакомпанияда пайдаланылатын барлық үлгiдегi әуе кемелерiнiң бизнес сыныбындағы жолаушыларына қызмет көрсетудiң технологиясын меңгерген үшiншi сыныпты бортсерiкке берiледi.
 
      63. Бiрiншi сынып кемiнде 1500 сағат ұшқан, оң мiнездемеге ие,
жолаушыларға қызмет көрсетудiң технологиясын шебер меңгерген, бағалау парағының 5, 7, 9-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша (6-қосымша) емтихандарды "бес" деген бағаға тапсырған және АА жоғары оқу орындары жанында Халықаралық әye желiлерiнде ұшу үшiн бортсерiктердi даярлаудың тиiстi бағдарламаларының көлемiнде шетел тiлдерiнiң бiрiн меңгерген екiншi сыныпты бортсерiкке берiлдi.

10. БОРТОПЕРАТОРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      65. Жүк ӘК бортоператорлары аттестаттаудан өтуi үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) орта бiлiмi болуы және арнаулы бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өтуi;
 
      2) ӘК жабдығын жерде және әуеде осы үлгiдегi ӘК ҰПБ көзделген бортоператор мiндеттерiне сәйкес пайдалана бiлуi.
 
      66. Жүк ӘК бортоператорларына үшiншi сынып беруге ұсынылған үміткерлер, рейс жағдайындағы практикалық тeкcepуден "төрттен" төмен емес бағамен өтуге, оң мiнездемеге ие болуы және бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндер бойынша (7-қосымша) емтихандарды "төрттен" төмен емес бағаға тапсыруға тиiс.
      Теориялық бiлiмi мен мамандығы бойынша практикалық жұмысы тексеруден өткiзiлгеннен кейiн, маманға жүк ӘК бортоператорының 3-сыныбы берiледi.
 
      67. Жүк ӘК бортоператорының екiншi сыныбы жалпы алғанда 1500 сағат ұшқан бортоператорларға берiледi.
      Екiншi сынып беруге үмiткерлер, рейс жағдайындағы практикалық тексеруден өтуi және "төрт" деген баға алуы, сондай-ақ оң мiнездемесi болуы, бағалау парағының 4, 7-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды "бec" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша "төрттен" төмен емес бағаға емтихандар тапсыруы тиiс (7-қосымша).
 
      68. Жүк ӘК бортоператорының бiрiншi сыныбы жалпы алғанда 2500 сағат ұшқан бортоператорларға берiледi.
      Бiрiншi сынып беруге үмiткерлер рейс жағдайындағы практикалық тексеруден "бес" деген бағамен өтуi, оң мiнездемесiнiң болуы, бағалау парағының 2, 4, 7-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша, ал қалған пәндер бойынша - "төрттен" төмен емес бағаға емтихандар тапсыруы тиiс (7-қосымша).

11. ӘУЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ДИСПЕТЧЕРЛЕРIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      69. ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
 
      1) арнаулы бiлiмi болуы;
 
      2) бекiтiлген бағдарламалар бойынша арнаулы даярлықтан уақытында өтуi;
 
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жұмыс технологиясының талаптарына, радиоалмасудың ережелерi мен фразеологиясына сәйкес қатаң жүзеге асыруы;
 
      4) түрлi әуе және метеорологиялық жағдайларда дұрыс және уақтылы әрекет етуi;
 
      5) жұмыс процесiнде ӘҚҰ радиотехникалық құралдарын және байланыс құралдарын сауатты пайдалануы;
 
      6) сабақтас диспетчерлiк пункттермен, әуе кемесiнiң ұшуына қызмет көрсететiн және бақылайтын қызметтермен және органдармен өзара нақты iс-қимыл жасауы;
 
      7) әуеайлақта және жауапкершiлiк ауданында апатқа ұшырау үстiндегi немесе ұшыраған әуе кемелерiне уақтылы көмек көрсетуi;
 
      8) ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерлерi денсаулығының жай-күйi бойынша
белгiленген талаптарға сай келуi тиiс;
 
      9) бағалау парағында (8-қосымша) көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi тиiс.
 
      70. ӘҚҰ қызметi диспетчерiнiң бiлiктiлiк сыныбы мынадай мамандарға:
 
      1) ӘҚБ және ӘҚЖ диспетчерлерiне;
 
      2) диспетчер-нұсқаушыға;
 
      3) аға диспетчерге;
 
      4) ұшуды басқарушыға;
 
      5) диспетчерлiк пункттiң бастығына;
 
      6) орталықтың бастығына;
 
      7) ӘҚҰ басшы, инспекторлық және нұсқаушылық құрамына;
 
      8) ҚР ӘҚЖ БО басшы мен диспетчерлiк құрамына;
 
      9) ӘҚҰ бөлiмдерiнiң басшы, инспекторлық және нұсқаушылық құрамына, азаматтық авиация мекемелерi мен ұйымдарының әуе қозғалысы қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияларына берiледi.
 
      71. ӘҚҰ қызметiнiң үшінші сыныпты диспетчерiнiң бiлiктiлiгi:
 
      1) теориялық пәндерден, тренажерлық даярлық пен технологиялық практикадан емтихандарды ойдағыдай тапсырған AA оқу орындарының түлектерiне;
 
      2) оқу орындарының жанындағы бастапқы диспетчерлiк даярлық
курстарындағы даярлықтан, ӘҚБ пункттерiнде тағылымдамадан, тренажерлық даярлықтан өткен және дербес жұмыс iстеуге рұқсат алған авиациялық мамандар қатарынан ӘҚҰ қызметiне қабылданған тұлғаларға берiледi.
      ӘҚҰ қызметiне жұмысқа қабылданған авиациялық персонал қатарынан ӘҚҰ қызметiнiң үшiншi сыныпты диспетчер бiлiктiлiгiн беруге ұсынылған үмiткерлер, осы Ережеде көрсетiлген мынадай талаптарға сай келуi тиiс:
      оң мiнездемесi болуы;
      тиiстi диспетчерлiк пункттен ӘҚҰ жөнiнде жақсы практикалық дағдыларды меңгеруi;
      бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды "төрттен" төмен емес бағаға тапсыруы (8-қосымша).
 
      72. ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi бiлiктiлiгiнiң екiншi сыныбын беру үшiн:
 
      1) оң мiнездемесi болуы;
 
      2) ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi бiлiктiлiгiнiң үшiншi сыныбы берiлгеннен кейiн ӘҚҰ қызметi диспетчерiнiң лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi болуы;
 
      3) диспетчерлiк тренажерда және тиiстi диспетчерлiк пунктте (жұмыс орнында) ӘҚҰ бойынша "төрт" деген бағаға практикалық дағдысын тексеруден өтуi;
 
      4) бағалау парағының 2, 3, 4-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды "бec" деген, ал қалған пәндер бойынша - "төрттен" кем емес (8-қосымша) бағаға тапсыру тиiс.
 
      73. ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi бiлiктiлiгiнiң бiрiншi сыныбын беру үшiн:
 
      1) ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi бiлiктiлiгiнiң екiншi сыныбы берiлгеннен кейiн ӘҚҰ қызметi диспетчерiнiң лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтiлi болуы;
 
      2) диспетчерлiк тренажерда және тиiстi диспетчерлiк пунктте (жұмыс орнында) ӘҚҰ бойынша "бес" деген бағаға практикалық дағдысын тексеруден өтуi;
 
      3) бағалау парағының 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды "бес" деген, ал қалған пәндер бойынша - "төрттен" кем емес (8-қосымша) бағаға тапсыру тиiс.

Ережеге
1-қосымша

Әуесқой ұшқыштың және коммерциялық авиация ұшқышының
куәлiгiн (сертификатын) алуға және қолданылу мерзiмiн ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша бiлiмiн тексерудiң БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

      Т.А.Ә.А.____________________________________________________
      Ұйым   _____________________________________________________
      ӘК үлгiсi, лауазымы_________________________________________

____________________________________________________________________
p/p
N            Пәндердiң атауы       Бағасы Емтихан алушының Қолы Күні
                                              Т.А.Ә.А.

1 "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк
  реттеу туралы" Қазақстан Респуб.
  ликасының 15.12.2001 ж. Заңы
2 ҚР Президентiнiң "ҚР әуе кеңiс.
  тiгiн пайдалану және авиация
  қызметi туралы" 20.12.95 ж.
  N 2697 Жарлығы
3 ҚР-2000 ұшуының ережесi және
  AO себептері
4 Авиациялық техника
5 Аэродинамика негiздерi
6 Навигация
7 Авиациялық аэродинамика
8 Ерекше жағдайлардағы iс-қимылдар
9 Радиоалмасу фразеологиясы

      Ұшуға дайындық (күнi, уақыты)______________________________
      тексерушiнiң Т.А.Ә.А., лауазымы ___________________________
      Тексеру бағасы_____________________________________________
      Медициналық анықтама_________________________ дейiн жарамды
      Куәлiктiң (сертификаттың) қолданылу мерзiмi _______________
      ________________ дейiн ұзартылсын
      Әуесқой ұшқыштың (коммерциялық авиация ұшқышының)                   бiлiктiлiгi___________________________________сәйкес келедi

      Төраға (АК) _______________________________

Ережеге
2-қосымша

___________сыныпты желiлiк ұшқыштың сыныбын көтеруге
(растауға) және куәлiгiнің (сертификатының) қолданылу мерзiмiн
ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша бiлiмiн тексерудiң
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

      Кәсіпорын___________________________________________________

4  Ұшуды пайдалануға басшылық жасау
5  Практикалық аэродинамика
6  Ұшақ жүргiзу және АА ШҚT
7  Авиациялық метеорология
8  ӘК-нің конструкциясы, пайдалану
9  Двигательдiң конструкциясы,
   пайдалану
10 Аспаптық жабдықтар, пайдалану
11 Радио жабдықтары, пайдалану
12 Электр жабдықтары, пайдалану
13 Радиоалмасудың ағылшын тілін.
   дегі фразеологиясы
14 Халықаралық ұшулар eрежесi

      Кешенді тренажердағы жаттығу ______________________________
      Ұшақ жүргізудің техникасын тексеру_________________________
                                       (күні, уақыты, күндіз/түн)

      ДҰСК қорытынды жасаған күн ________________________________

      ________________ дейiн ұзартылды
      __________ сыныпты ұшқыштың бiлiктiлiгi мен лауазымы ______
      ______________________________сәйкес келедi

      Куәлiктi (сертификатты) ұзарту: 1-9; 13-14.
      Сыныпты көтеру: 1-14
      Бағасы 5(бec): 1, 2, 3, 4, 5 (1-сынып); 3, 4 (2-сынып).             Қалған бағалары 4-тен (төрт) төмен емес.

      ЖАК (АК) төрағасы                  ______________________

Ережеге
3-қосымша

____________сыныпты штурманның сыныбын көтеруге
(растауға) және куәлiгiнiң (сертификатының) қолданылу
мерзімін ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша
бiлiмiн тексерудiң

6  Ұшақ жүргiзу және АА ШҚТ
7  Авиациялық метеорология
8  Аспаптық жабдықтар, пайдалану
9  Радио жабдықтары, пайдалану
10 Радиоалмасудың ағылшын
   тіліндегі фразеологиясы
11 Халықаралық ұшулар eрежесi

      Тексерудің бағасы _________________________________________

      __________ сыныпты штурманның бiлiктiлiгi мен лауазымы ______

      Куәлiктi (сертификатты) ұзарту: 1-7; 10-11
      Сыныпты көтеру: 1-11
      Бағасы 5(бec): 1, 2, 6, 8, 9, 10, 11 (1-сынып); 6. (2-сынып).
      Қалған бағалары 4-тен (төрт) төмен емес.

4-қосымша

________сыныпты бортинженердiң/бортмеханиктің сыныбын көтеруге (растауға) және куәлігiнің (сертификатының) қолданылу мерзімiн ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша бiлiмiн тексерудiң

6  ӘК-нің конструкциясы, пайдалану
7  Двигательдiң конструкциясы,
   пайдалану
8  Аспаптық жабдықтар, пайдалану
9  Электр жабдықтары, пайдалану
10 АТТПЖТ
11 ЖЖМ
12 Халықаралық ұшулар eрежесi

      Басқарып ұшу техникасын тексеру_________________________
                                       (күні, уақыты, күндіз/түнде)

      __________ сыныпты бортинженердiң бiлiктiлiгi мен лауазымы

      Куәлiктi (сертификатты) ұзарту және сыныпты көтеру: 1-12
      Бағасы 5(бec): 1, 2, 4, 6, 7, 10, 11 (1-сынып); 4 (2-сынып).

5-қосымша

_________сыныпты бортрадистiң сыныбын көтеруге
(растауға) және куәлiгінiң (сертификатының) қолданылу мерзімiн

5  Ұшақ жүгiзу және АА ШҚT
6  Радио жабдықтары, пайдалану
7  Электр жабдықтары, пайдалану
8  Сигналдарды морзе әлiппесiмен
   қабылдау
9  Байланыс жүргізу ережесі
10 ӘК-нің негiзгi ұшу-техникалық
   деректeрi     
11 Халықаралық ұшулар eрежесi
12 Радиоалмасудың ағылшын тілін.

      Әуеде практикалық жұмысты тексеру _________________________

      __________ сыныпты бортрадистiң бiлiктiлiгi мен лауазымы

      Куәлiктi (сертификатты) ұзарту: 1-4, 6-9, 12.
      Сыныпты көтеру: 1-12
      Бағасы 5(бec): 1, 2, 4, 6, 9, 12 (1-сынып); 6, 9, 12
      (2-сынып). Қалған бағалары 4-тен (төрт) төмен емес.

6-қосымша

___________сыныпты бортсерiктің сыныбын көтеруге

мерзiмiн ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша

___________________________________________________________________

5  Борттағы авариялық-құтқару
   құралдары және оларды авария.
   лық жағдайда қолданудың eрежесi
6  Жолаушыларға медициналық қызмет
   көрсету
7  Жолаушыларды тамақтандыру
   қызметiн ұйымдастыру
8  Әуe кемесiнде тасымалдауды
   ұйымдастыру
9  Жолаушыларға қызмет көрсету
   технологиясы
10 ӘК-нiң борттық жабдықтары,
   пайдалану
11 Шет тiлi

      Ұшудағы практикалық жұмысты тексеру _________________________

      __________ сыныпты бортсеріктiң бiлiктiлiгi мен лауазымы

      Куәлiктi (сертификатты) ұзарту: 1-5, 7, 9-11.
      Сыныпты көтеру: 1-11
      Бағасы 5(бec): 5, 7, 9 (1-сынып); 2-сынып - барлық бағалары
      4-тен (төрт) төмен емес.

7-қосымша

________сыныпты бортоператордың сыныбын көтеруге
(растауға) және куәлiгiнiң (сертификатының) қолданылу мерзімін

5  ӘК-нің конструкциясы, пайдалану
6  Электр жабдықтары, пайдалану
7  Борттағы авариялық-құтқару
   құралдары және оларды авария.
   лық жағдайда қолданудың eрежесi
8  Жүкке қойылатын талаптар.
   Жүктердi тиеу және түсiру
   жұмыстарының ережесi.
   Қауіпсiздiк техникасы.
9  Әуe кемесiнде тасымалдауды

      Рейс жағдайында практикалық
      дағдыларды тексеру ________________________________________

      __________ сыныпты бортоператордың бiлiктiлiгi мен лауазымы
      ______________________________сай келедi

      Куәлiктi (сертификатты) ұзарту: 1-4, 6-9.
      Сыныпты көтеру: 1-11
      Бағасы 5(бec): 2, 4, 7 (1-сынып); 4, 7 (2-сынып). Қалған
      бағалары 4-тен (төрт) төмен емес.

8-қосымша

__________сыныпты ӘҚҰ диспетчерiнiң сыныбын көтеруге
(растауға) және куәлiгiнiң (сертификаттың) қолданылу мерзiмiн ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша бiлiмiн тексерудiң

N            Пәндердiң атауы        Баға Емтихан алушының Қолы Күні

4  Жұмыс технологиясы
5  ӘҚ-ны ұйымдастыру, жоспарлау
   және қызмет көрсету
6  Радиоалмасудың ережесі және
    фразеологиясы
7  Авиациялық метеорология
8  Әуе навигациясы
9  Әуе кемесінде тасымалдауды
   ұйымдастыру
10 ӘК-нің ұшу-техникалық сипат.
   тамасы және аэродинамикасы

      Жұмыс орнындағы практикалық дағдыларды тексеру_______________

      __________ сыныпты диспетчердiң бiлiктiлiгi мен лауазымы

      Бағасы 5(бec): 1, 2, 3, 4, 5, 6 (1-сынып); 2, 3,4 (2-сынып).        Қалған бағалары 4-тен (төрт) төмен емес.

      Қысқартулар:

      1.  AO - авиациялық оқиға.
      2.  ДҰСК - дәрiгерлiк-ұшқыштық сараптама комиссиясы.
      3.  ӘК - әуе кемесi.
      4.  АА - азаматтық авиация.
      5.  ЖЖМ - жанар-жағар материалдар.
      6.  ӘҚЖ БО - әye қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы.
      7.  ИКАО - халықаралық азаматтық авиация ұйымы.
      8.  ӘКК - әуе кемесiнiң командирi.
      9.  АА АТТПЖТ - азаматтық авиацияның авиациялық техникасын
          техникалық пайдалану және жөндеу жөнiндегi тәлiмдеме.
      10. АА ШҚТ - азаматтық авиацияның штурмандық қызмет
          жөнiндегi тәлiмдемесi.
      11. ӘҚҚ - әуе қозғалысына қызмет көрсету.
      12. 0579 мамандығы -- "Әуе кемесiн және авиадвигательдердi
          пайдалану жөнiндегi техник-механик мамандығы.
      13. 1610 мамандығы - "Әуе кемесiн және авиадвигательдердi
          пайдалану жөнiндегi инженер-механик мамандығы.
      14. ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262388
    Қазақ тілінде 130999
    Орыс тілінде 130495
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы