Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі N 768 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.09.2018 № 544 қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесi берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264095
    Қазақ тілінде 131816
    Орыс тілінде 131362
    Ағылшын тілінде 917
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы