Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 785 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 № 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 10 қыркүйектегі
N 785 қаулысымен  
бекітілген    

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс ережесі (бұдан әрі - Ереже) әуе кемелерінің ұшуының, жерден көтерілуі мен қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысын басқару кезіндегі ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс) жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереженің талаптарын өз қызметінде әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) ұшу қауіпсіздігін және азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік қызметін қамтамасыз ететін ҰРТҚ және байланыс пайдаланатын, радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) қызметінің басшы және инженерлік-техникалық персоналы мен азаматтық авиация ұйымдары іске асырады және қамтамасыз етеді.
      3. Осы Ережеде мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:
      1) авиациялық әуе электр байланысы - борттық және авиациялық станциялардың арасындағы немесе борттық станциялардың арасындағы радиобайланыс;
      2) авиациялық бекітілген станция - жердегі авиациялық электр байланысы станциясы;
      3) жердегі авиациялық электр байланысы - негізінен аэронавигация қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығы, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған, белгілі бір бекітілген пункттердің арасындағы электр байланысы;
      4) авиациялық электр байланысы - кез келген авиациялық мақсаттарға арналған электр байланысы;
      5) индекс - телефон станциясының абонентіне тағайындалған нөмір, авиациялық бекітілген электр байланысының желісі станциясының индексі, радиожеліге шақыру белгісі;
      6) авиациялық электр байланысы арнасы (тарату арнасы) - ақпараттың жөнелтушіден алушыға берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен электр сигналдарының және радиосигналдарының таралу ортасының жиынтығы;
      7) ұшу-пайдалану агенттігі - әуе кемелерін пайдалануды жүзеге асыратын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
      8) жұмыс істеу - бұйымның ұшу сағатымен, қонулар санымен, айналым, іске қосылу санымен, яғни ресурс шығынымен өлшенетін жұмысының ұзақтығы немесе көлемі;
      9) НОТАМ - электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың, қызмет көрсету мен ереженің қолданысқа енгізілгені, жай-күйі немесе өзгергені туралы ақпаратты немесе ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін уақтылы ескертілуі аса маңызды қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
      10) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы объектісі (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс объектісі) - әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінде белгілі бір функцияны, сондай-ақ ұйымның өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған, жергілікті орындарға тұрақты немесе ұтқыр нұсқаларда орналастырылған, инженерлік-техникалық персонал қызмет көрсететін ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы құралдарының, қосалқы және технологиялық жабдықтың (дербес электр қоректендіру, байланыс желілері, басқару құралдары) жиынтығы;
      11) объектінің істен шығуы (байланыстың бұзылуы) - жол берілгеннен артық уақыт ішінде объектінің (электр байланысы арнасының) өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшін пайдаланыла алмауына әкелетін объектінің (электр байланысы арнасының) жұмыс істеу қабілеттігінің бұзылуына байланысты оқиға;
      12) жоспарлы жөндеу - нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын жөндеу;
      13) желіні пайдаланушы - берілген индексі бар және өз қызметінде электр байланысы желісін пайдаланатын ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға;
      14) шекті жай-күй - бұйымның одан әрі оны мақсаты бойынша қолдануға болмайтын немесе қолданылуы орынсыз, не оның жарамды немесе жұмыс істеуге қабілетті жай-күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе орынсыз жай-күйі;
      15) резервке қою - объектінің бір немесе бірнеше элементтер істен шыққан кезде, оның жұмыс істеуге қабілетті күйін сақтау мақсатында қосымша құралдарды және (немесе) мүмкіндіктерді қолдану;
      16) бекітілген авиациялық электр байланысы желісі (бұдан әрі - AFTN) жердегі авиациялық электр байланысының бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе сыйысатын байланыс сипаттамалары бар бекітілген авиациялық станциялардың арасында хабарлармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін бекітілген авиациялық тізбектердің әлемдік жүйесі;
      17) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс объектісін электрмен жабдықтау жүйесі - электр энергиясы көздерінен және (немесе) түрлендіргіштерінен, электр желілерінен, тарату құрылғыларынан, жүйенің параметрлерін берілген шектерде ұстап тұруды қамтамасыз ететін басқару, бақылау және қорғау құрылғыларынан тұратын электр энергиясын өндірудің және (немесе) түрлендірудің, берудің және үлестірудің жалпы процесімен біріктірілген жүйе;
      18) РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері - РТЖБП қызметінің кезекші ауысымдарының жұмысын ұйымдастыратын, ҰРТҚ автоматтандырылған және автоматтандырылмаған объектілерін жедел бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ РТЖБП қызметінің салалас қызметтермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін, ауысым кестесі бойынша жұмыс істейтін РТЖБП қызметінің жедел персоналы;
      19) хабар - байланыс желісі арқылы өтетін және осы желі белгілеген пішімі бар бар ақпарат;
      20) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы құралдары (ҰРТҚ және байланыс құралдары) - өндірушінің талаптарына сәйкес әзірленетін және жеткізілетін, және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінде ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және (немесе) авиациялық электр байланысы жөніндегі белгілі бір функцияны және/немесе азаматтық авиация кәсіпорнының өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал;
      21) қызмет ету мерзімі - бұйымды пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап шекті жай-күй басталғанға дейінгі бұйымды пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;
      22) AFTN станциясы - AFTN бөлігі болып табылатын және мемлекеттің рұқсатымен әрі бақылауында жұмыс істейтін станция;
      23) қосылу схемасы - бұйымның сыртқы қосылуларын көрсететін схема;
      24) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және (немесе) қалпына келтіруді қамтитын жөндеу;
      25) техникалық ресурс (ресурс) - пайдаланудың немесе жөндеудің белгілі бір түрінен кейін қалпына келтірілгеннен бастап шекті жай-күйге өткенге дейінгі жұмыс істеуі;
      26) техникалық қызмет көрсету - бұйымды мақсаты бойынша пайдаланған, сақтаған және тасымалдаған кезде оның жұмыс істеу қабілеттігін немесе жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі операциялар кешені (немесе операция). Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) деп мынадай белгілердің біреуі: бар болу кезеңі, мерзімділігі, жұмыс көлемі, пайдалану шарттары, регламенттелуі бойынша бөлінетін қызмет көрсету (жөндеу) түсініледі;
      27) уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, азаматтық және эксперментальдық авиация қызметін үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
      28) кепілді электр қоректендіру қалқаншасы - электр энергиясымен қоректендірудің бір көзі істен шыққанда, кепілді уақыт өткен соң кернеу басқа көзден қалпына келтірілетін үлестіргіш құрылғы;
      29) пайдаланымдық құжаттама - бұйымның техникалық пайдалануын регламенттейтін және пайдаланымдық шектеулерді, рәсімдерді және ұсынымдарды қамтитын құжаттама;
      30) электр байланысы (телекоммуникация) - сымдық, радио-, оптикалық немесе басқа да электр магниттік жүйелері бойынша белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды тарату немесе қабылдау.

2-тарау. ҰРТҚ және байланысты ұйымдастыру мен тәртібі

Параграф

  1. ҰРТҚ және байланыс құралдары

      4. РТЖБП қызметі ҰРТҚ және байланыс объектілерінен (құралдарынан) тұрады, олар инфрақұрылыммен бірлесіп жұмыстардың көлемі мен түрлеріне байланысты мынадай кешендерді құруы мүмкін:
      1) радиолокация;
      2) радионавигация;
      3) радиолокация мен радионавигация;
      4) электр байланысы;
      5) әуе қозғалысын басқаруды автоматтандыру құралдары (бұдан әрі - ӘҚБ).
      5. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген кешендерді біріктіру арқылы ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету кешендері (ҰРТҚК) құрылады. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің қолданылу аймағын кеңейту үшін ҰРТҚК қашықтықтағы позициялары жасалады. Қажет болған жағдайда жөндеу-пайдаланымдық шеберханалар жасалуы мүмкін.
      6. ҰРТҚ және байланыс құралдары пайдалану құжаттамасына қатаң сәйкес қолданылуы тиіс. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары техникалық-пайдалану құжаттарында (бұдан әрі - ТПҚ) келтірілген параметрлердің мәндеріне сәйкес болуы және пайдалану процесінде берілген шектерді ұстап тұрылуы тиіс.
      7. ҰРТҚ және байланыс құралдарын объектіде орналастыру пайдалану және жобалау құжаттамасының талаптарына жауап беруі тиіс.
      8. ҰРТҚ және байланыс құралдары объектілерінің инженерлік-техникалық персоналының саны нақты құралдарды, белгіленген нысандарды, техникалық қызмет көрсетудің әдістерін ескере отырып белгіленеді.
      9. Электрмен жабдықтаудың негізгі көздері ретінде электр энергиясын орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесінен алатын көздер пайдаланылуы тиіс. Резервтік көздер ретінде резервтік электр желісін, дизель-генераторларды, аккумуляторларды және басқа да электрмен жабдықтау көздерін пайдалануға болады.
      10. Ұшуларды қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес электр энергиясын тұтынушылардың ҰРТҚ және байланыс құралдарының кепілді электр қоректендіру қалқаншасына қосылуына рұқсат етілмейді.
      11. Метеорологиялық жабдық пен ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жабдығы жұмысының қалыпты жағдайларын (жылу беру, желдеткіш, кондиционерлеу, авариялық жарықтандыру) және жарық техникалық жабдықты қашықтан басқаруды қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды, бұл жүктемелерді тоқтан тиісті қорғауы бар жекелеген автоматты ажыратқыштарға бөлу шартымен, қосуға жол беріледі.
      12. ҰРТҚ және байланыс объектілерін жабу және/немесе тарату туралы шешімдер уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қабылданады.

Параграф 2. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмысын бақылау

      13. ҰРТҚ және байланыс құралдары қозғалыс қызметінің ұшулар басшысымен (диспетчермен) келісім бойынша және РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері журналына (Ережеге 1-қосымша) және құжаттау құрылғысына міндетті жазу түсіре отырып ауыстырылып қосылуы, қосылуы және ажыратылуы тиіс. Сондай-ақ осы журналда ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс сапасы, олардың жұмысында ескертулердің бар болуы немесе жоқтығы туралы жазу жазылады.
      14. ҰРТҚ және байланыс объектісінің жұмысқа қабілетсіз күйінің ұзақтығы жұмысты тоқтатқан сәттен бастап жұмыс істеу қабілеттігі қалпына келтірілгенге дейін есептеледі және РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері журналына жазылады.
      15. ҰРТҚ және байланыс объектісінің (құралдарының) істен шығуының әрбір жағдайын, себептеріне қарамастан, азаматтық авиация ұйымының басшысы тағайындаған комиссия тексереді. Тексеру нәтижелері істен шығуды тексеру актісімен (Ережеге 2-қосымша) ресімделеді.
      16. Инженерлік-техникалық персоналдың тұрақты қатысуынсыз жұмыс істейтін ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінің жұмыс істеу қабілеттігін бақылауды РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері қашықтан бақылау мен басқару жүйесінің сигналдары, диспетчерлік және ұшу құрамының шақырулары бойынша жүзеге асырады.
      17. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерінде мыналар қосымша:
      1) жұмыс істеу қабілеттігін қашықтықтан басқару мен бақылау жүйесі;
      2) резервтік электр қоректендіру көзін автоматты іске қосу және қашықтықтан ажырату құрылғылары;
      3) күзет және өрт сигнализациясы болуы тиіс.
      18. Күзет және өрт сигнализациясы техникалық құралдарының, қолданбалы телевизиялық қондырғылардың жұмыс істеу қабілеттігін жедел бақылауды күзет және өрт сигнализациясы құралдарының техникалық күйіне жауапты лауазымды тұлғалар теңгерімдік тиістілігі мен жасасқан шарттардың негізінде орындайды.
      19. Кезекші инженерлік-техникалық персонал бар ҰРТҚ және байланыс объектілерінде ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін бақылауды объектінің құрылымы мен мақсатталуына, электр байланысы арнасына байланысты автоматтандырылған құралдардың сигналдары, жапсырылып салынған бақылау-өлшеу аспаптарының, бақылау индикаторларының көрсеткіштері бойынша, бақылау суретін әуе жағдайы индикаторларында бейнеленген ақпаратпен, тілшілерге, абоненттерге сұрау жүргізу, олардың сөздерін тыңдау нәтижелері бойынша авиациялық электр байланысы арналарының жұмыс сапасын бағалаумен салыстыра отырып, кезекші қызметкер жүзеге асырады.
      20. Азаматтық авиация ұйымының басшы құрамы ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жай-күйін және оларды техникалық пайдалануды төмендегіден сирек емес кезеңділікпен:
      1) РТЖБП қызметінің басшысы - жарты жылда 1 рет;
      2) қызмет бастығының орынбасары (РТЖБП қызметінің бас инженері, кешендердің жетекші инженері) - тоқсанына 1 рет;
      3) кешеннің жетекші инженері немесе оны алмастыратын тұлға - тоқсанына 1 рет бақылаулары тиіс.
      21. Бақылау нәтижелері мыналарда:
      1) объектінің ауысымдық инженерінің (техниктің) жедел журналында - кезекші қызметкері бар объектілер үшін;
      2) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу журналында - автоматтандырылған объектілер үшін белгіленеді.

3. РТЖБП қызметінің жұмысын ұйымдастыру

      22. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналының ауысым бойынша кезекшілігі ұйымдастырылады.
      23. ӘК ұшуларын радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі жалпы міндеттерді орындайтын ҰРТҚ және байланыс объектілерінің кезекші персоналы пайдаланымдық топ болып табылады және жедел қатынаста РТЖБП қызметінің ауысымдық инженеріне тікелей бағынады.
      24. РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шығусыз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет объектілерінің жұмысына жедел басшылықты жүзеге асырады, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы жөнінде ұшқыш және диспетчерлік персоналдың ескертулерін талдайды және олардың істен шығулары мен жарамсыздығы себептерін жою жөніндегі шұғыл шараларды қабылдайды, РТЖБП қызметі объектілерінің және кезекші ауысымның жұмысын бақылайды, автоматтандырылған объектілерді басқаруды және олардың жұмыс істеу қабілеттігін жедел бақылауды жүзеге асырады.
      25. ҰРТҚ және байланыс объектілерінің кезекші инженерлік-техникалық персоналының авариялық жағдайдағы іс-әрекеті өзара іс-қимыл жасау және резервтеу жөніндегі ведомствалық нұсқаулармен белгіленеді.
      26. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігі бұзылған кезде объектілердің кезекші инженерлік-техникалық персоналы мыналарды:
      1) резервтік жабдықты, резервтік электр қоректендіру көздерін, байланыс арналарын резервке қою жөніндегі жергілікті нұсқаулықта көрсетілген нормативтік уақыт ішінде жұмысқа қосуды қамтамасыз етуге;
      2) РТЖБП қызметінің ауысымдық инженеріне қалыптасқан жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндауға;
      3) жедел журналға объектінің (байланыс арналарының) жұмысындағы үзілістің басталу және аяқталу уақытын тіркеуге;
      4) объектінің (байланыс арналарының) жұмыс істеу қабілеттігі бұзылуының себептерін анықтауға және жоюға шаралар қабылдауға;
      5) қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң РТЖБП қызметінің ауысымдық инженеріне объектінің жұмыс істеу қабілеттігінің қалпына келтірілгені туралы баяндауға тиіс.
      27. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдары істен шыққан кезде РТЖБП қызметі персоналының және азаматтық авиация ұйымының басқа да қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібі жергілікті орындарда келісілген азаматтық авиация ұйымының қызметтері персоналының авариялық жағдайдағы өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленеді.
      28. ҰРТҚ және байланыстың негізгі құралдары зақымданған жағдайда РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтік құралға ауыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды, бұл туралы ұшулар басшысына (диспетчерге) баяндайды.
      29. Радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерінің (байланыс арналарының) негізгі электр қоректендіру көздері зақымданған кезде РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері резервтік электр қоректендіру көздеріне ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды, бұл туралы ұшулар басшысына мәлімдейді.
      30. ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтықтан басқару мен электр қоректендірудің байланыс желілерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыс кезінде мамандардың тұрақты кезекшілігі белгіленеді, олар үшін РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерімен байланыс тәсілдері белгіленуі және құралдары бөлінуі тиіс.
      31. Қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері ұшулар басшысына (диспетчерге) мәлімдейді және оның рұқсатымен ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқаруға және электр энергиясымен қоректендірудің негізгі көздеріне ауыстыру туралы нұсқау береді.
      32. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысындағы ӘК ұшуларының қауіпсіздігі мен тұрақтылығының бұзылуына әкелетін барлық өзгерістер туралы РТЖБП қызметінің ауысымдық инженері РТЖБП қызметі басшылығына және ұшулар басшысына (қозғалыс қызметі диспетчеріне) дереу мәлімдеуі тиіс.
      33. РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерінің жұмыс орны ҰРТҚ және байланыстың автоматтандырылған объектілерін қашықтан басқару мен бақылау құралдарымен, қозғалыс қызметі ауысымдары кезекшілерінің жұмыс орындары және кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметімен (бұдан әрі - КӨДҚ), азаматтық авиация әуежайының қызметімен тікелей телефон және/немесе дауыс зорайтқыш байланысы бар, азаматтық авиация ұйымының басқа да салалас қызметтерімен және ҰРТҚ және байланыс объектілерімен тікелей телефондық және/немесе дауыс зорайтқыш байланысы бар құралдармен жабдықталуы тиіс. Қызметтік сөйлесулерді құжаттандыру құрылғысы автоматты түрде жазып отыруға тиіс. РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерінің қарамағында радиоландырылған кезекші автокөлік тәулік бойы болуға тиіс.
      34. Ауысымдық инженер ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысын көрсететін журналды жүргізеді. (Ережеге 3-қосымша).

3-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмыс істеуінің сенімділігін қамтамасыз ету Параграф

  1. Сенімділік көрсеткіштері

      35. Жердегі ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмыс істеуінің сенімділігі мыналар бойынша:
      1) сызба-конструктивтік орындалумен, қолданылатын жинақтауыш элементтердің сапасымен;
      2) автоматтау дәрежесімен, резервтеумен, электрмен жабдықтау сенімділігімен, байланыс және басқару жолдарымен, техникалық пайдалануды ұйымдастырумен, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің сапасымен, инженерлік-техникалық персоналдың кәсіби даярлығымен және тәртібімен;
      3) пайдалану шарттарымен, электр магниттік жағдаймен, климаттық және метеорологиялық факторлармен, ионосфералық құбылыстармен, радиотолқынның өтпеуімен;
      4) тасымалдау және сақтау шарттарымен анықталады.
      36. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауы істен шығуға (зақымдануға) арналған орташа жұмысымен сипатталады.
      37. Істен шығуға (зақымдануға) арналған істелген (жиынтық) жұмысы Ережеге 4-қосымшада келтірілген формула бойынша анықталады.
      38. Жөндеуге жарамдылық оның жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақытымен сипатталады.
      39. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақыты Ережеге 4-қосымшада келтірілген формула бойынша анықталады.
      40. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты істен шығудың (зақымданудың) себептерін іздестіруге және істен шығудың (зақымданудың) салдарын жоюға жұмсалған уақытты қамтиды. Құралдардың жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру кезіндегі ұйымдастырушылық кідірулер жеке ескеріледі.
      41. ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділік көрсеткіштері ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып белгіленеді, оларды әзірлеу, шығару кезінде негізге алынады және пайдалану процесінде қамтамасыз етіледі.
      42. Құралдардың пайдалану ұзақтығы пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап есептен шығарылғанға дейінгі істеген жұмысы (ресурсы) мен пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығымен сипатталады.
      43. Пайдалану ұзақтығының көрсеткіштері құралдың формулярында (паспортында) келтіріледі және пайдалану тәжірибесінің негізінде нақтылануы мүмкін.
      44. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қосылу, ажыратылу уақыты, жұмыс ұзақтығы дәл ескерілуі тиіс.
      45. Істелген жұмысты есепке алу құралдың электр қоректенуін басқару элементін "Қосылған" деген қалыпқа ауыстыру сәтінен бастап жүргізіледі.
      46. Істелген жұмысты есепке алу бұйым формулярында мыналар үшін:
      1) санауышпен жабдықталған құралдар үшін - санауыштың көрсеткіші бойынша;
      2) жүктелген немесе жеңілдетілген резерві бар (жасаушы кәсіпорынмен көзделген) құралдар үшін - барынша көп жұмыс істеген құрал (негізгі немесе резервтік) санаушының көрсеткіштері бойынша;
      3) жасаушы кәсіпорынмен көзделген, жүктелмеген резерві бар құралдар үшін - көрсеткіштері қосылып есептелетін санауыштар бойынша ай сайын жүргізіледі.
      47. Санауыштармен жабдықталмаған ҰРТҚ және байланыс құралдары үшін олардың істелген жұмысы РТЖБП қызметі ауысымдық инженерінің журналынан алынған деректер бойынша жүргізіледі. Тәулік бойғы жұмысы кезінде күнтізбелік деректер бойынша.
      48. ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалану процесіндегі жарамдылығы, жөндеуге жарамдылығы және қолданылу ұзақтығы істен шығулар мен зақымданулар жөніндегі статистикалық деректерді, сондай-ақ олардың туындау себептерін талдау нәтижелері бойынша бағалануы тиіс.
      49. ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының істен шығулары мен зақымдануларын есепке алу мен талдау мынадай:
      1) топтап шығарылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін оларды пайдалану нәтижелері бойынша бағалау;
      2) істен шығулар мен зақымданулардың себептерін, топтап шығарылатын және жаңадан әзірленетін ҰРТҚ және байланыс құралдарының сенімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуы тиіс;
      3) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) мен жөндеудің көлемдерін және мерзімділігін оңтайландыру;
      4) пайдалану және жөндеу құжаттамасын жетілдіру, құрал-саймандар мен аспаптар қорының (бұдан әрі - ҚАҚ) құрамы мен шығыстық нормаларын оңтайландыру;
      5) пайдаланылатын ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық ресурстарын (қызмет ету мерзімдерін) негіздеу мақсаттарында жүргізіледі.
      50. Құралдардың барлық істен шығулары мен зақымданулары, олардың пайда болу себептері және жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты ҰРТҚ және байланыс құралдарына берілген формулялар мен паспорттарда ескерілуі тиіс. Формулярды жүргізу ережесі осы Ережеге 5-қосымшада келтірілген.
      51. Жабдық формулярсыз (паспортсыз) келіп түскен жағдайда формулярды РТЖБП қызметі ашып жүргізеді.
      52. ҰРТҚ және байланыс құралдарының ұдайы жарамдылығының көрсеткіштерін талдау үшін қызмет ету мерзімі ішінде жыл сайын құралдардың істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш-картасы толтырылады (Ережеге 6-қосымша).

Параграф

  2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке қою

      53. ҰРТҚ және байланыс құралдарының істен шықпауының қажетті деңгейіне, ұшу қауіпсіздігі талаптарын негізге ала отырып, резервке қою арқылы қол жеткізіледі.
      54. Аса жоғары жиіліктер мен жоғары жиіліктер (бұдан әрі - АЖЖ, ЖЖ) ауқымындағы радиолокация, радионавигация, әуе радиобайланысы құралдарының, радиолокациялық ақпаратты бейнелеудің немесе әуе қозғалысын басқаруды автоматтандырудың (бұдан әрі - ӘҚБ АЖ), сондай-ақ АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының арналары радиотаратқыштарының жүзпайыздық резерві болуы тиіс.
      55. Метео арнасын қоспағанда, АЖЖ ауқымындағы авиациялық әуе байланысының әрбір арнасында аннтенді-фидерлік жүйесі бар қабылдағыш және таратқыш құрылғыларының (не қабылдау-тарату құрылғысының) негізгі және резервтік жиынтықтары болуға тиіс. Диспетчерлік пункттер (Қарауыл, Шеңбер, Старт және Қону) арналарындағы радиобайланыс құралдары жиынтықтарының біреуі үшін ұзақтығы кемінде 2 сағат болатын химиялық ток көздерінен электрмен жабдықтау көзделуі тиіс.
      56. 55-тармақта көрсетілгеннен басқа, авиациялық электр байланысының өзге де арналары үшін резервтік жабдық саны (радиостанциялар, радиотаратқыштар, радиоқабылдағыштар, АFТN автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған жабдықтар) осы Ережеге 4-қосымшада келтірілген формула бойынша анықталады.
      57. Азаматтық авиация ұйымының тәулік бойғы жұмысы кезінде құжаттандыру жүргізу мақсаттарына арналған көпарналы құрылғылар ақпаратты құжаттандырудың бір объектісіне бір құрылғы есебімен резервтеледі.
      58. Резервке ауыстырып қосу (өту) мүмкіндігінше барынша аз уақытта жүзеге асырылуы тиіс.
      59. Пайдаланымдағы ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке  ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты осы құралдарды жасаушы зауыттардың (жеткізуші зауыттардың) пайдалану құжаттамасында көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, осы не басқа ҰРТҚ және байланыс құралын пайдалану құжаттамасында резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақыты туралы деректер болмаған жағдайда, РТЖБП қызметі мен ӘҚҰ қызметінің мамандары бірлескен хаттама ресімдей отырып, осы құралдарды резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) рұқсат етілген уақытына хронометраж жүргізеді.
      60. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты, сондай-ақ инженер-техникалық персоналдың іс-қимылы ҰРТҚ және байланыс объектілерін резервтеу жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетіледі. Нұсқаулықтарға объекті басшысы қол қояды, ол ӘҚҰ қызметінің басшысымен келісіледі, оны РТЖБП қызметінің басшысы бекітеді және ол объектіде болуға тиіс. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке (электр байланысының айналма арналарына) ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері азаматтық авиация ұйымының (филиалының) басшысымен келісіледі, бекітеді және қозғалыс қызметіне қол қойғыза отырып, жұмыста пайдалану үшін беріледі (Ережеге 7-қосымша).
      61. ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервке ауыстырып қосудың (өткізудің) нормативтік уақытының деректері РТЖБП қызметінің ауысымдық инженерінің жұмыс орнында болуы тиіс.

4-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру

      62. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану ҰРТҚ және байланыс құралдарын оларға белгіленген қызмет ету мерзімі (ресурсы) кезеңінде олардың белгіленген сенімділік деңгейімен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені болып табылады.
      63. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалану мыналарды қамтиды:
      1) ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарын пайдалануға енгізу кезеңіндегі іс-шаралар;
      2) ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету;
      3) ҰРТҚ және байланыс құралдарын жөндеу;
      4) қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту;
      5) ұшу кезіндегі және жердегі тексерулерді жүргізу;
      6) ҰРТҚ және байланыс құралдарына өнеркәсіптік бюллетеньдер бойынша жетілдіру жүргізу;
      7) инженерлік-техникалық персонал даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату;
      8) материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      64. ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдаланудың құрамдас бөлігі жөндеу болып табылады. ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру және (немесе) жарамдылығы үшін олардың қызмет ету мерзімін (ресурсын) ішінара қалпына келтіре отырып, жөндеу жүргізіледі.
      65. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ағымдағы жөндеу олардың техникалық күйіне байланысты орындалады. Тораптарды, блоктарды ағымдағы жөндеу:
      1) пайдаланушының күшімен шоғырлану орнында;
      2) жөндеу қорын пайдалана отырып, жасаушы зауыттарда (немесе жөндеу органдарында);
      3) кепілді жөндеу рәсімдері бойынша немесе шарттардың негізінде жасаушы кәсіпорындардың күшімен пайдалану орындарында жүргізілуі мүмкін.
      66. Қызмет ету мерзіміне қол жеткізілгеннен (ресурсты өндіргеннен) кейін РТЖБП қызметі бұйымның техникалық күйіне тексеру жүргізеді, тиісті актіні ресімдейді (Ережеге 8-қосымша).
      67. Тексерулердің нәтижелері бойынша жөндеу жүргізудің орындылығы, көлемі мен мерзімі белгіленеді.
      68. Жоспарлы жөндеуді, бұйымды жасаушы кәсіпорынды не тікелей шарттар бойынша бұйымды жасаушыдан (әзірлеушіден) өкілеттігі расталған басқа да кәсіпорынды тарта отырып, РТЖБП қызметі жүргізеді.
      69. РТЖБП қызметінде және тікелей объектілерде ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру тиісті пайдалану құжаттамасына және уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілген ҰРТҚ және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етіледі.

5-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі және ұшу кезіндегі тексерулер Параграф

  1. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер

      70. Жердегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының негізгі
техникалық параметрлерінің пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін мынадай жағдайларда:
      1) ҰРТҚ және байланыстың құрылысы аяқталған объектілерін қабылдауға дайындау кезінде;
      2) ұшулар кезіндегі мерзімдік тексерулер алдында;
      3) ҰРТҚ және байланыс объектілерін қайта жаңартқаннан кейін;
      4) әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметінің (бұдан әрі - ӘҚҰ қызметі) талаптары бойынша жүргізіледі.
      71. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер мынадай
жұмыстарды қамтиды:
      1) жабдықтың жұмыс істеу қабілеттігін тексеру;
      2) жабдықты реттеуді және баптауды;
      3) негізгі анықтауыш техникалық параметрлерін өлшеу;
      4) баптау кестесі мен бақылау режимдері картасын (Ережеге 9-қосымша) және жердегі тексеру мен баптау хаттамасын (Ережеге 10-қосымша) жасау.
      72. ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулерді РТЖБП қызметінің инженерлік-техникалық персоналы жүргізеді. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға енгізу кезіндегі жердегі тексерулер жабдықтарды жасаушылардың (әзірлеушілердің) өкілдерімен бірлесіп жүргізілуі мүмкін.
      ҰРТҚ және байланыс құралдарын жердегі тексерулер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл, Чикаго қаласы) 10-қосымшада және Радионавигациялық құралдарды сынау жөніндегі басшылықта (Dос 8071 Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) белгіленген мерзімділікпен және көлемде жүргізіледі.
      Ескерту. 72-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26 N 614 Қаулысымен.

Параграф 2. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер

      73. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға қойылатын нормативтік-пайдаланымдық құжаттаманың және жарамдылығын бағалаудың талаптарына тактикалық сипаттамалардың сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі.
      73-1. Міндеттерге байланысты ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) пайдалануға беру кезінде;
      2) кезеңдік;
      3) арнайы.
      Ескерту. 73-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26 N 614 Қаулысымен.
      73-2. Пайдалануға беру кезіндегі ұшулар кезінде тексерулер құралдар жұмысының сапасы туралы толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында және жабдықтың пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамаларын жердегі тексерулерден кейін жүргізіледі. Осы тексерулердің нәтижелері жердегі тексерулермен бір кешенде ҰРТҚ және байланыс құралдарының пайдалануға жарамдылығын анықтауға негіз болады.
      Ескерту. 73-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26 N 614 Қаулысымен.
      73-3. Кезеңдік ұшулар кезіндегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен сипаттамаларының пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында, тұрақты негізде жүргізіледі.
      Ескерту. 73-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26 N 614 Қаулысымен.
      73-4. Арнайы ұшулар кезіндегі тексерулер ҰРТҚ және байланыс құралдарының параметрлері мен техникалық сипаттамаларының пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі және мынадай жағдайларда орындалады:
      1) жабдықтың кеңістіктік сипаттамасына әсер ететін бюлеттеньдер бойынша құралдарды жетілдіруді (жаңғыртуды) жүргізу - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;
      2) алты айдан астам мерзімге регламенттен алынып тасталғаннан кейін жабдықтың жұмысын қалпына келтіру және оны пайдалануға беру - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;
      3) құралдың антенна-фидерлік қондырғысын ауыстыру, жөндеу немесе оның орнатылған орнын өзгерту - пайдалануға беру бағдарламасы бойынша;
      4) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяк жүйесін (РМС/ILS), азимуттық-алыстан өлшеуіш радиомаяктарды (VOR, DМЕ), жетекті радиостанцияларды (ПРС, NDB) жаңа жұмыс жиілігіне ауыстыру - жабдықтың негізгі және резервтік жиынтығын тексере отырып, кезеңдік бағдарлама;
      5) әуе кемелерінің қонуға аспаптық кіруінің радиомаяктік жүйесі глиссадасының көлбеу бұрышын өзгерту - жабдықтың негізгі және резервтік жиынтығын тексере отырып, кезеңдік бағдарлама;
      6) жердегі немесе ұшу кезіндегі бақылау нәтижелері бойынша құралдардың техникалық сипаттамаларының сәйкессіздігін анықтау - ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың басшысы бекіткен бағдарлама бойынша;
      7) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру - тексеру жөніндегі комиссияның басшысы бекіткен бағдарлама бойынша;
      8) радиокедергілердің көздерін және құралдардың тұрақсыз жұмысының басқа да себептерін анықтау - ҰРТҚ және байланыс құралдарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның басшысы бекіткен бағдарлама бойынша.
      Ескерту. 73-4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26 N 614 Қаулысымен.
      74. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл, Чикаго қаласы) 10-қосымшада және Радионавигациялық құралдарды сынау жөніндегі басшылықта (Dос 8071 Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) белгіленген мерзімділікпен және көлемде жүргізіледі.
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26 N 614 Қаулысымен.
      75. АЖЖ ауқымындағы радиолокаторларды, жетекті радиостанцияларды және АВС арналарын ұшулар кезіндегі тексерулерді көліктік және жаттығулық ұшуларды орындайтын ӘК жүргізуі мүмкін. Азаматтық авиация әуеайлақтарында ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулердің уақтылығын, толымдылығын және сапасын бақылауды азаматтық авиация ұйымының басшылары жүзеге асырады, ал осы құралдардың ұшулар кезіндегі тексерулерге даярлығының уақтылығы мен сапасын бақылауды РТЖБП қызметінің бастықтары жүзеге асырады.
      76. ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулердің нәтижелері бойынша ұшулар кезіндегі тексеру актілері жасалады. АЖЖ ауқымындағы шолымдық радиолокатор (бұдан әрі - ШРЛ), автоматтандырылған радиоторуылдауыш (бұдан әрі - АРТ), және»АВС арналары үшін олардың ұшу биіктігіне байланысты іс-қимылы қашықтығының кестесі жасалады.
      77. Радиомаяк жүйесін (бұдан әрі - РМЖ), барлық бағыттағы АЖЖ радиомаякты (бұдан әрі - VOR), алыстан өлшеуіш жабдықты (бұдан әрі -
DМЕ) және АРТ-ты ұшулар кезіндегі тексерулер арнайы ұшақ-зертханаларда жүргізіледі.
      78. Ұшақ-зертханалардың арнайы борттық жабдығында осындай  жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ұйым берген метрологиялық тексерудің
(калибровка) күші бар куәлігі болуы тиіс.
      79. Ұшақ-зертханаларда жүргізілетін ҰРТҚ және байланыс құралдарын ұшулар кезіндегі тексерулерді ұшақ-зертханаға иелік ететін азаматтық авиация ұйымы жүзеге асырады.
      80. ҰРТК және байланыс құралдарын қарапайым Әк-пен ұшулар тексерулерді азаматтық авиация ұйымы (ұшақты пайдаланушы) дербес жоспарлайды.
      81. ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшулар кезіндегі тексерулер
жүргізу мерзімдерінің өзгерісі II және III санаттардағы РМЖ үшін алдыңғы ұшулар кезіндегі тексерулер күнінен бастап 365 + 60 тәуліктен, қалғандары үшін - 365 + 90 тәуліктен аспауы тиіс. Ұшулар кезіндегі тексерулер мерзімділігі бұзылған ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

6-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту

      82. Белгіленген қызмет ету мерзімі немесе ресурсы өтелген ҰРТҚ және байланыс құралдарына олардың техникалық күйін тексеру мақсатында тексерулер жүргізіледі.
      83. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімін (ресурсын) ұзарту жөніндегі жұмысты азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді.
      84. Тексерулер нәтижелері бойынша (қажет болған жағдайда) жөндеу жүргізудің көлемі мен мерзімдері белгіленеді, жөндеу РТЖБП қызметінің және/немесе шарт бойынша жасаушы-зауыттың күшімен жүргізіледі.
      85. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық күйін тексеру нәтижелері техникалық жай-күй актісімен (Ережеге 8-қосымша) ресімделеді.
      86. ҰРТҚ және байланыс құралдарының қызмет ету мерзімінің (ресурсының) шекті жай-күйін және қызмет ету мерзімін (ресурсын) жол
берілетін ұзарту уақыты аралығын анықтау заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.

7-тарау. ҰРТҚ және байланыс құралдарын есептен шығару

      87. Белгіленген ресурсын өтеген, моральдық тозған, шекті жай-күйге жеткен ҰРТҚ және байланыс құралдары қызмет ету немесе сақтау мерзімдері өткен соң азаматтық авиация ұйымы теңгерімінен есептен шығарылады.
      89. ҰРТҚ және байланыс құралдарын есептен шығару және жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      90. ҰРТҚ және байланыс құралдарының техникалық күйін анықтау кезінде, комиссия мыналарды:
      1) ҰРТҚ және байланыс құралдарының күйін бағалауға, тозу дәрежесі мен себептерін анықтауға, осы құралдарды есептен шығаруға негіз болған ақауларды анықтауға;
      2) пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығын және шекті жай-күйге жеткенге дейінгі техникалық ресурстың өтелгенін анықтауға;
      3) актіде есептен шығарылатын жабдықты пайдаланудың орындылығы
туралы қорытынды беруге;
      4) белгіленген нысан бойынша техникалық жай-күй актісін жасауға тиіс (Ережеге 8-қосымша).
      91. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдаланудың белгіленген мерзімінің өтуі, егер олар шектік күйге жетпесе, оларды есептен шығаруға негіз бола алмайды. Бұл жағдайда комиссия ресурсты (қызмет ету мерзімін) ұзартуы мүмкін.
      92. ҰРТҚ және байланыстың жоғалған, сондай-ақ табиғи апаттар мен өрт салдарынан жарамсыз күйге келген құралдарын есептен шығару тиісті тексерулер жүргізілгеннен кейін акті бойынша жасалады.
      93. ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану процесінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде жұмсалған шығыс материалдары мен мүлік (дәнекер, құрастыру сымы, оқшаулау таспасы, бөлшектер, құрал-сайман, электр вакуумдық бұйымдар және т.б.) бөлімше (ұйым) басшысы бекіткен ай сайынғы комиссия актілерінің негізінде объектілер есебінен шығарылуы тиіс.

8-тарау. Авиациялық электр байланысына қойылатын талаптар

      94. Азаматтық авиациядағы авиациялық электр байланысы мынадай негізгі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі - ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) әуе кемелері экипаждарына әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын, өкімдерін және басқа да түрлі хабарларын беру және олардан ұшудың барлық кезеңдерінде мәліметтер мен хабарлар алу;
      2) ұшуларды жоспарлау мен ұйымдастыру, әуе қозғалысын басқару процесінде ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылы;
      3) азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің жедел өзара іс-қимылы;
      4) әкімшілік-басқару және өндірістік ақпарат беру;
      5) азаматтық авиацияның түрлі автоматтандырылған басқару жүйелерінің (бұдан әрі - АБЖ) деректерін беру.
      95. Азаматтық авиацияның авиациялық электр байланысына қойылатын негізгі талаптар:
      1) байланысты орнатудың уақтылығы;
      2) байланыстың сенімділігі мен үздіксіздігі;
      3) талап етілетін ақпарат беру жылдамдығын қамтамасыз ету;
      4) талап етілетін ақпарат беру шынайылығын қамтамасыз ету;
      5) ақпарат беру кезінде қажетті жасырындылықты қамтамасыз ету.

9-тарау. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру және оның құрылымы жөніндегі негізгі ережелер

      96. Авиациялық электр байланысы үш бөлікке бөлінеді:
      1) авиациялық әуе электр байланысы;
      2) жердегі авиациялық электр байланысы;
      3) авиациялық радиохабар тарату.
      97. Авиациялық әуе электр байланысы мыналар үшін:
      1) әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) диспетчерлері әуе кемелері экипаждарымен радиотелефондық байланысты тікелей жүргізу үшін және рульдеу басталғаннан қонғанға дейін және рульдеу аяқталғанға дейін ұшудың барлық кезеңінде деректер беруі;
      2) әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ) орталықтарының (пункттерінің) ұшып жүрген әуе кемелері экипаждарымен радиотелефондық байланыс, соның ішінде радиооператорлардың көмегімен радиотелефондық байланыс жүргізуі;
      3) ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) және байланыстың авариялық-құтқару қызметтерінің апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждарымен радиотелефондық байланыс жүргізуі үшін ұйымдастырылады.
      98. Жердегі авиациялық электр байланысы мыналар үшін:
      1) ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      2) азаматтық авиация ұйымдары қызметтерінің өзара іс әрекеттерін қамтамасыз ету;
      3) азаматтық авиацияның өндірістік-диспетчерлік қызметтері мен
әкімшілік басқару персоналының қызметін ұйымдастыру;
      4) азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету;
      5) деректемелер беру.
      99. Авиациялық радио хабарлау мыналар үшін ұйымдастырылады:
      1) ұшудағы әуе кемелерінің экипажын жедел ұшу ақпараттық  қызмет көрсету кезінде ақпараттандыру (АФИС);
      2) әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру (АТИС);
      3) бағыттағы әуе кемелерінің экипаждары үшін метео ақпаратты автоматты түрде беру (ВОЛМЕТ).

10-тарау. Авиациялық электр байланысы жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жалпы талаптар

      100. Авиациялық электр байланысы стансасы жұмысының уақытын
(сағатын) стансаны жүргізуші ұйымдардың басшылары анықтайды.
      101. Ұшулардың аэронавигациялық ақпараттар жинақтарындағы "Жұмыс уақыты" бағамында әдеттегі белгіленген жұмыс режимі көрсетілуі тиіс.
      102. Егер авиациялық электр байланысы органының (стансанық) жұмыс уақыты регламенттік, сынақтық жұмыстарды өткізуге, аппаратура-
ларды алмастыруға, әуежайдың жұмыс уақытының (жұмыс режимінің) өзгеруіне байланысты белгіленген режимнен өзгерсе, онда аэронавигациялық ақпараттар жинақтарына белгіленген тәртіпте өзгертулер енгізіледі және де өзгертілген жұмыс уақытының іске асуының басталуына дейін 1 аптадан кешіктірмей хабарландырулар таратылады (бұдан әрі - НОТАМ).
      103. Авиациялық электр байланысы стансасы (бұдан әрі - станса)
олардың жұмысының әдеттегі сағаттың ұшулар өндірісін қамтамасыз ету үшін қажетті шартталған трафик мөлшерінде ұзартады.
      104. Жұмысты тоқтатудан алдын станса ол туралы тікелей байланыстағы барлық басқа стансаларды хабардар етеді, жұмыс сағатын ұзартуды талап етпейтіндігін анықтайды, егер әдеттегі жұмыстың басталуынан ерекшелігі болса жұмыстың қайта басталуы туралы хабарлайды.
      105. Станса желі құрамында тұрақты жұмыс істеген жағдайда жалпы тізбек бойынша қабылдау мен беруді қамтамасыз ете отырып, ол өзінің жұмысты тоқтату туралы ойын, не бас стансаға, егер ондай болған жағдайда, не осы желі ішіндегі барлық басқа стансаларға хабарлайды. Ол кезекшілікті екі минут бойы жалғастырады, ал кейін егер осы кезең ішінде ол шақыру алмаса, жұмысты тоқтатуы мүмкін.
      106. Апаттық, шұғыл жағдайларда, заңсыз араласуларда немесе жол кесулерде немесе іске қосылуы мүмкін тәулік бойы жұмыс істемейтін стансалар қажетті байланыс құралдарымен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өз жұмысының әдеттегі сағатын ұзартады.
      107. Әрбір авиациялық электр стансасы өз жұмысын осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
      108. Барлық авиациялық электр стансалар бүкіл әлемдік үйлестірілген уақытты пайдалануы тиіс (бұдан әрі - UTC). Тәуліктің соңы болып түн ортасы саналады, яғни 24.00, ал басталуы - 00.00.
      109. Ерекшелік ретінде электрлік байланыстың жергілікті желісінде осы желі үшін анықталған уақытты пайдалануға жол беріледі.

11-тарау. Авиациялық әуе электр байланысына қойылатын жалпы талаптар

      110. Авиациялық әуе электр байланысы:
      1) қозғалыс қызметі диспетчерлерінің радиотелефондық байланысын ұшудан қонғанға дейінгі барлық ұшулар бойы әуе кемелерінің экипаждарымен тікелей үздіксіз жүргізуді;
      2) қозғалыс қызметінің диспетчерлерінің радиотелефондық байланысын ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарымен радиооператорлар арқылы жүргізуді;
      3) қажет болған кезде қозғалыс қызметінің диспетчерлерімен (бұдан әрі - радиооператорлармен) және ұшудағы әуе кемелерінің экипаждары арасында радиотелеграфтық есту байланысын жүргізу мүмкіндігін;
      4) қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттер (бұдан әрі - радиобюро) мен әуе кемелерінің экипаждары арасындағы хабарлама алмасуға үздіксіз даярлықты;
      5) жоғары сапалы байланысты;
      6) іздеусіз және жалғастыру байланысты;
      7) әуе кемелерінің экипаждарына хабарламаларды циркулярлық беру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      111. Авиациялық әуе электр байланысы Қазақстан Республикасы әуе қозғалыстарын басқарудың қабылданған қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады.
      112. Авиациялық әуе электр байланысы сертификатталған электр байланысы мен деректемелерді беру құралдарын (үлгі сертификаты бар жабдықтарды) пайдалану арқылы ұйымдастырылуы тиіс.
      113. Әрбір азаматтық авиация ұйымдарында әуе қозғалысы ұйымының қабылданған құрылымы негізінде авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру схемасы әзірленеді.
      114. Авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру үшін диапазондары: өте жоғары жиілік (бұдан әрі - ӨЖЖ), жоғары жиілік (бұдан әрі - ЖЖ) радиобайланыс және спутниктік байланыс құралдарының
пайдаланылады. ЖЖ диапазонының құралдары әуе кемелерінің экипаждарымен алыс байланыстарды және ӨЖЖ радио байланысы жоқ ұшу учаскелеріндегі байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
      115. Әрбір қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттерінде авиациялық әуе электр байланысы құралдарының болуы, олардың радио мәліметтері, жұмыс режимдері аэронавигациялық ақпараттар жинақтарында жүргізіледі.
      116. Авиациялық әуе электр байланысы жоғары сенімділікке ие болуы тиіс. Әуе кемелерімен байланысты жоғалту ұшудың ерекше жағдайы
ретінде қарастырылады. Егер радиобайланыстың бар арналарын пайдалана
отырып 5 минут бойы бірнеше рет жасалған шақыруларда оның әрбірі бойынша экипаж (диспетчер) жауап бермесе, әуе кемесімен радио байланыс жоғалды деп саналады. Байланыс жоғалған кезде оны қалпына келтіру бойынша мүмкін болатын барлық шаралар тез қолданылуы тиіс.
      117. Авиациялық әуе электр байланысы сенімділігін арттыру үшін әрбір радиостанса желісі белгіленген талаптарға сәйкес резервтерге алынуы тиіс.
      118. 96-тармақтағы айтылғандарды қоспағанда, хабарламаларды беру оларды беруге жердегі электр байланысын пайдалану мүмкін болған
жағдайларда авиациялық әуе электр байланысы жиілігінде жүргізілмейді.
      119. Авиациялық станса бір уақытта бірнеше борттық стансалармен шақырылған жағдайда әуе кемелерімен байланысты белгілеу тәртібіне қатысты шешімді авиациялық тіркелген станса қабылдайды.
      120. Дәлдеп келтіру мен радио стансаларды тексеру үшін сынақтық сигналдарды беру 10 секундтан аспайтын уақытқа жалғасуы және радиотелефон бойынша дауыспен берілетін сандардан (бір, екі, үш және т.б.) тұруы тиіс, осыдан кейін сынақтық сигналдарды беретін стансалардың радио шақыру белгілері жүргізіледі.
      121. Қажет болған жағдайда әуе кемелерімен қашықтықты ұлғайту
және радиобайланыстың үздіксіздігі бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жүргізілуі тиіс. Ондай шаралар:
      1) ұшу трассаларына шығарылған ӨЖЖ диапазонының қайта таратқыштарын ұйымдастыру;
      2) биік жерлерді және биік құрылыстарды оларға ӨЖЖ диапазонындағы радиобайланыс құралдарын орналастыру үшін пайдалану;
      3) жоғары қуатты және арнайы антенналық жүйедегі ӨЖЖ диапазонында радиобайланыс құралдарын пайдалану;
      4) пайдалануға жаңа радиобайланыс және спутниктік байланыс құралдарын енгізу;
      5) ӨЖЖ арналары қабылдамаған (олар болмаған) немесе радиобайланыстың үздіксіздігі бұзылған кезде диспетчерлердің нұсқауларын және экипаждардың хабарлауларын беру үшін ЖЖ арналарды ұйымдастыру болуы мүмкін.
      122. Авиациялық әуе электрбайланысын ұйымдастыру кезінде:
      1) қолданылатын радиоқұралдарының тактикалық-техникалық мүмкіндігін;
      2) қолданылатын радиотехникалық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін;
      3) жиілікті іріктеуін;
      4) радио толқынның, атмосфералық, өнеркәсіптік және басқа да электрлік бөгеттерді өткізу жағдайын, авиациялық әуе электр байланысын оның жұмысы барысында жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүргізу мүмкіндігін ескеру қажет.
      123. Әуе кемелерімен радиотелефондық байланысты белгілеу мен жүргізу тәртібі, авиациялық әуе электр байланысы арналарында авариялық сигналдарды беру мен қабылдау Қазақстан Республикасының   заңнамасымен анықталады.
      124. Авиациялық әуе электр байланысы өңдейтін хабарлар санаты және байланысты белгілеу кезектілігі мен хабарларды беру тәртібі осы Ереженің 11-қосымшасымен анықталады.
      125. Ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар:
      1) қозғалыс пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (DOС4444
АТМ/501) "Аэронавигациялық қызмет көрсету ережесі. Әуе қозғалысын ұйымдастыру (РАNS-АТМ) құжатында нысаны анықталған басқаруға қатысты
хабарлауларды;
      2) ұшу-пайдалану агенттігімен немесе әуе кемесінің бортында жасалған және ұшудағы немесе ұшуға даяр әуе кемесіне тікелей қатысы бар хабарламаларды;
      3) ұшудағы немесе ұшуға даяр әуе кемесіне тікелей қатысы бар (радиохабарларын тарату үшін жеке берілетін немесе тағайындалатын) метеорологиялық ақпараттарды;
      4) ұшудағы немесе ұшуға даяр әуе кемесіне қатысы бар басқа да хабарлауларды қамтиды.
      126. Метеорологиялық хабарлаулар - әуе кемелерінің бортына немесе бортынан берілетін метрологиялық ақпарат.
      127. Ұшулар тұрақтылығына қатысты хабарламалар:
      1) әуе кемелердің ұшуларының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін басты маңызы бар құралдарды пайдалануға немесе техникалық қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды;
      2) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды;
      3) ұшу-пайдалану агенттіктердің өкілдері беретін және әдеттегі
сызбадан ауытқуларға байланысты туындаған жолаушылар мен экипажға
және жүктерге байланысты қажеттіліктердің өзгерістеріне қатысты
нұсқауларды;
      4) жоспарланбаған қонуларға қатысты хабарламаларды;
      5) әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету үшін жедел қажетті бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламаларды;
      6) ұшуларды орындау графигіндегі өзгерістерге қатысты хабарламаларды қамтиды.

12-тарау. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы

      128. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы осы әуеайлақ үшін қабылданған әуе қозғалысы басқармасының сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.
      129. Әуеайлақ ауданындағы авиациялық әуе электр байланысы ӨЖЖ диапазонындағы радиобайланыс құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      130. Әуеайлақ ауданында әуе қозғалысын басқару мен байланысты
қамтамасыз ету үшін мынадай радио желілері ұйымдастырылуы мүмкін:
      1) аудан;
      2) "мұнара";
      3) қатынас (секторлар саны бойынша);
      4) шеңбер;
      5) ұшу және қону;
      6) бағыттау;
      7) авариялық-құтқару (ӘҚБ барлық пункттері үшін жалпы);
      8) АТИС;
      9) ВОЛМЕТ.
      131. Қосалқы ретінде пайдаланылатын А, Б және В сыныптағы
азаматтық авиация әуеайлақтарында, сондай-ақ бірлесіп тірек етілетін және бірлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда 124,0 МГц жиілігінде ӨЖЖ даипазонындағы жеке командалық-старттық радиобайланыс қосымша ұйымдастырылады.
      132. Бағыттау, ұшу және қону, шеңбер радио желілер бірлестігі осы әуеайлақ үшін ұшулар өндірісі жөніндегі нұсқау мен аэронавигациялық ақпараттар жинақтарында міндетті түрде жазылатын қабылданған әуе қозғалысын басқару сызбасына және әуе кемелерінің интенсивті қозғалысына байланысты қозғалыс қызметімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда радиобайланыстың жеке жиілігі тағайындалады.

13-тарау. Әуе трассаларында және жергілікті әуе желілерінде авиациялық әуе электр байланысын ұйымдастыру

      133. Әуе трассаларында, жергілікті әуе желілерінде (бұдан әрі - ЖӘЖ) авиациялық әуе электр байланысы әрбір әуе трассасы мен ЖӘЖ-ге
арналған әуе қозғалысын басқарудың белгіленген схемасына сәйкес ұйымдастырылады.
      134. Әуе трассаларында және ЖӘЖ-де әуе қозғалысын басқаруды
қамтамасыз ету ӨЖЖ және ЖЖ диапазондарындағы радиобайланыс құралдарымен жүзеге асырылады.
      135. Әуе трассаларында, ЖӘЖ-де әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып, берілген нақты шарттардағы әуе кемесінің барлық тереңдігіне басқаруды қамтамасыз ететін сол диапазондағы радиобайланыс құралдары табылады.
      136. Әуе трассаларында және бірінші санаттағы ЖӘЖ-де әуе козғалысын және байланысты басқаруды қамтамасыз ету үшін мынадай
радиожелілер ұйымдастырылады:
      1) ӨЖЖ диапазонында секторлары саны бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы (бұдан әрі - ӘҚҚКА) аймағында басқару үшін;
      2) ЖЖ диапазонында ӘҚҚКА аймағындағы әуе байланысы (ӨЖЖ өріспен жабылмаған кезде);
      3) ӨЖЖ диапазонында авариялық-құтқарушылық байланыс.
      137. ӘҚҚКА аймағындағы басқару үшін ӨЖЖ диапазонындағы радиожелілер саны осы ӘҚҚКА аймағында ұйымдастырылатын секторлар санымен анықталады. Метрлік радиотолқындардың таралу ерекшелігін ескере отырып ӘҚҚКА-ның барлық аймағы бойынша әуе қозғалысын үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету үшін басқаруды тікелей ӘҚҚКА диспетчері жүзеге асыруы тиіс бір немесе бірнеше ӨЖЖ қайта таратушылар, сондай-ақ көмекші аудандық орталықпен (бұдан әрі - КРО) ұйымдастырылуы мүмкін. ӨЖЖ қайта таратушылар және ӘҚҚКА радиостансасының жұмысы ӘҚҚКА диспетчерінің радиостансасының жиіліктерінде немесе орнынан қозғалған негізгі жиіліктер әдісі бойынша жасалуы тиіс.
      138. ӘҚҚКА аймағында авиациялық әуе байланысы үшін ЖЖ диа-
пазонды радиожелілері бірнеше ӘҚҚКА диспетчерлері үшін бір жиілікте, сондай-ақ "жиіліктер топтамасы" қағидаты бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
      139. ӨЖЖ диапазонындағы ақпараттты беру радиоарналары әуе кемелері экипаждарының және:
      1) қажетті коммерциялық ақпаратты алу үшін - әуежайлар мен
авиакомпаниялар;
      2) әуе кемесінің материалдық бөліктерінің жай-күйі, жанар-
жағармай материалдарымен (ЖЖМ) қосымша қоректендіру туралы өтінімдерді, жекелеген бөліктерді ауыстыру туралы ақпаратты алу үшін авиациялық базалар, орталықтар (бұдан әрі - АТБ (АТО)) арасында байланыс үшін ұйымдастырылады.
      140. Екінші санаттағы ЖӘЖ-де және ЖӘЖ әуеайлақтарының аудандарында әуе қозғалысы мен байланысты басқаруды қамтамасыз ету үшін мынадай радиожелілер үйымдастырылады:
      1) ӘҚБ және ЖӘЖ-дегі байланыс;
      2) ЖӘЖ әуеайлақтар ауданында ӘҚБ;
      3) ЖӘЖ әуежайларымен байланыс.
      141. ЖӘЖ-де ЖӘЖ әуеайлақтары аудандарында әуе қозғалысын басқару үшін радиожелілерін ұйымдастыру әрбір ЖДП үшін белгіленген ӘҚБ сызбаларымен анықталады.
      142. ЖӘЖ-дегі және ЖЖ мен ӨЖЖ диапазонындағы ЖӘЖ әуеайлақтары аудандарындағы ӘҚБ радиожелілері әрбір ЖДП үшін жекелеген жиіліктерде ұйымдастырылады.

14-тарау. Авиациялық жұмыстарды орындаудағы авиациялық электр байланысы

      143. Авиациялық жұмыстарды (АЖ) орындау кезіндегі авиациялық электр байланысын ұйымдастыру әуе кемелері ұшуларын, авиациялық жұмыстарды және ұйымдардың өндірістік қызметін басқаруды қамтамасыз ету бойынша орындалатын міндеттер сипаттамасына сәйкес болуы тиіс.
      144. Әуе кемелерінің ұшуларын басқаруды қамтамасыз ету үшін электр байланысының қолданыстағы желілері (арналары) пайдаланылады. Қажет болған жағдайда электр байланысының жекелеген желілері (арналары), соның ішінде байланыстың тұрақты немесе уақытша (ұтқыр) тораптарын құру, сондай-ақ басқа ведомстволардың, заңды және жеке тұлғалардың арналарын жалға алу немесе бөгеттеу жолымен ұйымдастырылуы мүмкін.
      145. Әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыру және электр
байланысын қамтамасыз ету АЖ орындау кезіндегі авиациялық электр
байланысын ұйымдастыру жөніндегі схемасы мен нұсқаулығына сәйкес
жүзеге асырылады. Авиациялық электр байланысын ұйымдастыру жөніндегі
схемасы мен нұсқаулықты азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді.
      146. АЖ орындау кезіндегі авиациялық электр байланысы жөніндегі нұсқаулықта:
      1) электр байланысының желілері мен арналарының тізбесі және
олардың мәні;
      2) желілердің және арналардың радиодеректері;
      3) жұмыс уақыты;
      4) әуе кемелері экипаждарының жердегі тілшілермен байланысын орнату ерекшеліктері көрсетіледі.
      147. Әуе кемелері экипаждарының байланыстың тұрақты тораптары
жоқ ұшуларды басқару пунктерімен тұрақты байланысты ұйымдастыру үшін радиобайланыстың жылжымалы тораптары пайдаланылуы мүмкін.

15-тарау. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары үшін авариялық электр байланысы

      148. Авариялық радиожелілер әуе трассаларындағы және әуеайлақтар аудандарындағы (РО, АРО, КДП, ҚЖДП) немесе қозғалыс қызметі анықтайтын кез келген басқа диспетчерлік пункттегі ӘҚБ-ні қамтамасыз ететін диспетчерлік пункттер үшін ұйымдастырылады.
      149. Қозғалыс қызметінің диспетчерлік пункттері авариялық радиожелілерін үздіксіз тыңдауды және әуе кемелерінің экипаждарымен байланыс жүргізуді қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталады.
      150. Авариялық радиожелілер олар ұйымдастырылған диспетчері пункттер жұмысы анықтайтын уақыт бойы жұмыс істейді.
      151. Авариялық радиожелілер:
      1) негізгі радиожелі бойынша ақпаратты беру қиыншылығы;
      2) мәжбүрлі қону жасаған әуе кемелерінің, және іздестіру-құтқару операцияларымен айналысқан әуе кемесінің арасында байланыс орнату қажеттілігі;
      3) борттық радиомаяктардың жүмысын қамтамасыз ету;
      4) негізгі радиожелісі бойынша радиобайланысты жоғалту шарттарында ғана пайдаланылады.
      152. Әуе кемелерінің, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын әуе кемелері мен жердегі қызметтерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 123,1 МГц жиілікте қосымша радиожелі ұйымдастырылады.

16-тарау. Спутниктік электр байланысы

      153. Спутниктік электр байланысы ӘҚБ орталықтарының, электр байланысы стансаларының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, сондай-ақ ӘҚБ орталықтарының әуе кемелерімен байланысын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.
      154. Спутниктік электр байланысы әдетте, электр байланысының
жердегі құралдарын пайдалануы қиын және мүмкін емес аудандарда пайдаланылады.
      155. Спутниктік электр байланысы:
      1) байланыстың спутниктік арналарын жалға алу;
      2) локалдық жүйелерді құру;
      3) өңірлік жүйелерді құру;
      4) азаматтық авиация спутниктік байланысының республикалық немесе халықаралық жүйесін құру жолымен ұйымдастырылуы мүмкін.

1 7-тарау. Авиациялық жердегі электр байланысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар

Параграф 1. ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы

      156. Авиациялық жердегі радиобайланыс желілері (арналары) электр байланысының жердегі желілерін ұйымдастыру мүмкіндігінің болмауы кезінде және қажет болған жағдайда, электр байланысының жергілікті желілерін (арналарын) резервте сақтау үшін ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылуы тиіс.
      157. Радиобайланыс ЖЖ-ның республикалық желілерінің құрылымын (басты радиостансаларын көрсетумен қоса), радиожелі корреспондеттерінің құрамын әуе қозғалысын ұйымдастыру және ұшуларды және байланысты қамтамасыз етудің радиотехникалық құралдарын пайдалану жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын анықтайды.
      158. ӘҚБ орталықтардың (пункттердің) өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін сөйлесу (телефондық) байланыс арналары ӘҚБ орталықтарындағы (пункттеріндегі) диспетчерлер жұмыс орындарына жедел байланыс аппаратурасын қондырумен қоса тікелей немесе коммутаторлық қосу қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
      159. Сөйлеу байланысының коммутаторлық арналары әуе қозғалысын
аудандық ұйымдастыру немесе алып жүретін радиоорталық (ӘҚҚКА,
АЖРО) өзара іс-қимыл үшін ӘҚБ қызметімен келісім бойынша 15 секундтан аспайтын уақытша байланыс орнатумен қамтамасыз ету шартымен пайдаланылуы мүмкін.
      160. Сөйлесу байланысының арналары ретінде әдетте тондық жиектегі байланыс арналары пайдаланылады. Тондық жиіліктегі байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі болмаған бағыттарда радиорелелік арналарын, радиобайланыс арналарын (желінің), спутниктік байланыс арналарын, мәліметтер желі арқылы беруді ұйымдастырады.
      161. Сөйлесу байланысының арналары ӘҚБ пункттерінің байланысты
ұйымдастыру сызбасы немесе жердегі байланысты ұйымдастыру және мәліметтерді ӘҚБ-ның (ӘҚБ АЖ) автоматтандырылған жүйелеріне (АБЖ) беру сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.

Параграф 2. Ішкі әуежайлық электр байланысы

      162. Ішкі әуежайлық электр байланысы ӘҚБ органдарының, өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін және оларды өзара байланыстыру үшін ұйымдастырылады.
      163. Ішкі әуежайлық электр байланысы желілері әуе айлақ аймағындағы электромагниттік үйлесімділік талаптарын орындауға жауапты кәсіпорын (бөлімше) қызметі әзірлеген және кәсіпорын басшысы бекіткен сызбалар бойынша жердегі жылжымалы стансалардың радиобайланыс желілерін қоса алғанда электр байланысы құралдарын және деректерді беруді пайдалану арқылы ұйымдастырылуы тиіс.
      164. Ішкі әуежайлық электр байланысы:
      1) әуе кемелерінің рейстерін жоспарлау, дайындау және қызмет көрсету, тасымалдарды ұйымдастыру және жолаушыларға қызмет көрсету және т.б. үрдісінде ӘҚБ органдарының, әуежайлар мен авиакомпаниялар қызметтерінің қызметін жедел басқару мүмкіндігін;
      2) ӘҚБ органдары мен әуежай қызметтерінің өзара іс-қимылын;
      3) әуе көлігі қызметтерін пайдаланатын кәсіпорындардың, жолаушылардың және басқа тұлғалардың қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етуі тиіс.
      165. Жалпы пайдалану желілеріне қосылу тәртібі, жалпы пайдалану желілер трафигіне жіберуді реттеу тәртібі, және ведомстволық желілер мен жалпы пайдалану желілері арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі қолданыстағы заңнамаға және қосылуы жүзеге асатын желілерді пайдалану  ережелеріне сәйкес реттеледі.
      166. Перрондағы жолаушыларға қызмет көрсетумен және әуе кемелерін даярлаумен, арнайы авто көліктерді басқарумен, жылжымалы перрондық механизация құралдарымен және т.б. шұғылданатын азаматтық авиация ұйымдары жұмысшыларының жедел байланысын қамтамасыз ету үшін қуаттылығы аз диапазондағы (5 Ваттқа дейін) стационарлық, тез және қолмен алып жүрілетін ӨЖЖ радистансалардың көмегімен азаматтық авиация ұйымдарының жылжымалы жер бетіндегі стансаларымен технологиялық радио байланысы ұйымдастырылады.
      167. Ішкі әуежайлық радиобайланысы қызметтерін жұмыс технологиясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
      168. Әуежайдың, авиакомпанияның әрбір қызметтері үшін тиісті шақыратын белгілері бар жеке радиожелілері (радиобағыттар) ұйымдастырылуы керек. Қажет болған жағдайда бірнеше желілерді жеке шақыру белгілерімен бір желіге біріктіруіне жол беріледі.
      169 . Әрбір әуежайда барлық радио желілерінің (радиобағыттардың) кескінін, радиостансалардың үлгілерін, олардың жиілігі мен белгіленген шақыру белгілерін көрсете отырып ішкі әуежайлық радио байланысының жалпы сызбасы әзірленуі тиіс.
      170. Рұқсат етілмеген жиіліктерде және бекітілмеген шақыру
белгілерімен жұмыс істеуге тыйым салынады.
      171. Технологиялық, іздеу және авариялық-құтқару жұмыстары өндірісімен, стихиялық апатты жою, БЭРТҚ қызметінің объектілеріндегі жөндеу жұмыстарының өндірісімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда тасымалданатын радиостансалар азаматтық авиация ұйымының аумағынан шығарылмайды.
      172. Радиостансаларды техникалық пайдалану, оларды жөндеу, жұмыс істеу қабілетін тексеру, беру және алу, сақтау, жұмысты есепке алу, қызметтердің жұмысшыларының радиостансалардағы жұмысқа рұқсат алуы мен жіберілуі және олардың жұмысын бақылау тәртібін осы желіні пайдаланушы азаматтық авиация ұйымдары әзірлейді.

Параграф 3. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы

      173. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге арналған электр байланысы:
      1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің өзара әрекеттесуші ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) сөйлеу байланысымен қамтамасыз ету;
      2) аэронавигациялық ақпараттар және ұшуларды жоспарлау мен әуе
кемелерінің қозғалысы бойынша, соның ішінде әуе кемелерінің экипажына ақпараттарды беруді қамтамасыз ету;
      3) деректемелерді беру;
      4) метеорологиялық ақпараттар беру мақсатында ұйымдастырылады.
      174. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін тікелей сөйлеу байланысы арналары ұйымдастырылуы тиіс.
      175. Телефондық арналарды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде сөйлеу арнасы басқа құралдармен (радиоарнасы, радиорелейлік, спутниктік және т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар байланысты белгілеу уақыты 15 секундтан аспауы тиіс.
      176. Сөйлеу байланысы арналары үшін резерв ретінде АFTN арналары, жалпы пайдаланудағы халықаралық телефондық байланыс желісі, және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылуы мүмкін.
      177. Өзара әрекеттесу арналарын ұйымдастыру тәртібі мен оларды
пайдалану тәртібі мүдделі тараптардың арасындағы келісім негізінде белгіленеді және онда мерзімі мен арналарды ашу тәртібі, арналарға алдын ала тексеру мен сынақ жүргізу тәртібі, ӘҚБ орталықтары (пункттері) диспетчерлерінің арналарды пайдалану және олардың жұмысын бақылау тәртібі, төлемдер мен өзара есеп айырысу, екі жақтың
ӘҚБ орталықтарының (пункттерінің) немесе арнаны қабылдау пункттерінің деректемелері көрсетіледі.
      178. Аэронавигациялық ақпараттар және ұшуларды жоспарлау мен әуе кемелерінің қозғалысы бойынша ақпараттар АFTN арналары бойынша берілуі тиіс.
      179. Қазақстан Республикасы және басқа елдердің азаматтық авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшулары үшін қажетті метеоақпараттарды беру мен қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      180. Авиакомпаниялардың арасындағы коммерциялық және қызметтік
ақпараттарды алмасу АFTN желісінің арналары бойынша және авиациялық электр байланысының халықаралық қоғамының деректемелерін беру (бұдан
әрі - СИТА) халықаралық абоненттік телеграфтық байланыс желісі бойынша (бұдан әрі - ТЕЛЕКС) жүзеге асырылуы мүмкін.
      181. Халықаралық желілердің және электр байланысы жүйелерінің (АFTN, Телекс, Телефакс) арналарын пайдалану кезінде осы желілер үшін қабылданған электр байланысын белгілеу мен жүргізу ережелері сақталуы тиіс.

18-тарау. Деректерді беру желілері

      182. Деректерді беру желілері әртүрлі автоматтандырылған басқару жүйелерінде дискретті ақпараттарды беру үшін ұйымдастырылады:
      1) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан
әрі - ӘҚБ АЖ);
      2) өндірістік-шаруашылық қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
      3) әуе қозғалысын жоспарлауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - ӘҚЖБ АЖ);
      4) авиабилеттерді сату мен орындарды брондауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
      5) коммерциялық қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
      6) басқа да функционалдық БАЖ.
      183. Деректерді беру үшін:
      1) деректерді берудің авиациялық жер бетіндегі байланыс желілері;
      2) заңды және жеке тұлғалардың байланыс желілері мен арналары пайдаланылуы мүмкін.

19-тарау. Авиациялық орнықты электр байланысының желісі

      184. Авиациялық орнықты электр байланысының желісі осы желі авиациялық электр байланысы стансалары арасындағы хабарлаулар алмасу үшін арналған.
      185 . Желі АFTN қайта тарату стансаларының жүйесін пайдалану  негізінде халықаралық талаптарға сәйкес құрылуы тиіс.
      186. Желіні ұйымдастыру үшін жалдау құқығындағы электр байланысы мемлекеттік желілерінің арналары және азаматтық авиация ұйымдарының меншіктік электр байланысы арналары пайдаланылады.
      187. Байланыстың әрбір бағытындағы арналардың (телеграфтық немесе деректерді беру) түрі және саны арналардың өткізу қабілеттілігі мен айналып өту жолдарын ұйымдастыру қажеттілігін ескере отырып ақпараттардың көлеміне қатысты есеппен анықталады.
      188 . АFTN стансалары арасында өткізгіш немесе спутниктік арналарды резервтеу үшін байланыстың барлық түрі қолданылуы мүмкін. АFTN ісінде жұмыс тәртібі мен хабарлауларды өңдеу АFTN желісінің жұмысын анықтайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

20-тарау. Авиациялық радио хабарларын тарату

      189. Әуе кемелерінің экипаждарына метеорологиялық және ұшу ақпараттарын беруді қамтамасыз ету үшін радио хабарлардың арнайы желісі ұйымдастырылады.
      190. Әуеайлақ ауданындағы әуе кемелерінің экипаждарын А, Б, В, Г, Д сыныптарындағы әуеайлақтарда ұшу және метеорологиялық ақпараттармен жедел қамтамасыз ету үшін АТАЖ радио хабарлау желілері ұйымдастырылады.
      191. Ұшудағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету үшін ӨЖЖ немесе ЖЖ диапазондарындағы ВОЛМЕТ радио хабарлаулар беру ұйымдастырылуы мүмкін.
      192. ЖЖ диапазонындағы ВОЛМЕТ радио хабарлаулар беру ақпараттарын сенімді қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында бұл желілер 1500-3000 км шегінде бір уақытта бірнеше жиілікте жұмыс істейді.
      193. Радио хабарлауларды беру желілерінде, қосылмаған
әуежайлардың ауа райы болжамын және нақты ауа райын әуе кемелерінің
экипаждары қозғалыс қызметінің диспетчерлерінен немесе осы әуежайлардың радиооператорларынан авиациялық әуе электр байланысы желілері бойынша сұрайды.
      194. Ұшуда радио хабарлауларды беру желілері бойынша ақпараттар алу үшін әуе кемелерінің экипаждары аэронавигациялық ақпараттар жинақтарын басшылыққа алады.
      195. Метеорологиялық ақпараттарды радиохабарландыру кезінде гидрометеорологиялық қызмет белгілеген жеке терминология қолданылуы тиіс. Радиохабарлар үшін метеорологиялық ақпарат радиобюроға коды ашылған түрінде түсуі тиіс.
      196. Радиохабарларды беру телефондық режимде минутына 90 сөзден аспайтын жылдамдықта жүргізіледі.
      197. Халықаралық әуежайлардың және әуе трассаларының метеорологиялық ақпараттарымен экипаждарды қамтамасыз ету үшін ағылшын тіліндегі радио хабарлауларды беру ұйымдастырылады.
      198. Радио хабарлау материалдарының мәтіндері жасаушымен беруге ыңғайлы нысанда даярланады.
      200. Радио хабарлауларды беру көрсетілген жиілікте және көрсетілген уақытта жүргізіледі.
      201. Барлық радиохабарларды беру бағдарламалары мен жиіліктері
тиісті құжаттамаларда жарияланады. Жиіліктің немесе беру уақытының кез келген өзгерістері НОТАМ көмегімен нақтылы өзгерістерге дейін кемінде екі апта алдын хабарланады. Сонымен қатар, ондай кез келген өзгерістер туралы егер ол іс жүзіне асырылатын болса, нақты өзгерістерге дейін 48 сағат бұрын барлық тұрақты берілетін радиохабарларда хабарларланады, ондай хабарлаулар бір рет басында және бір рет әрбір радио хабарлаулардан кейін беріледі (Ережеге 11-қосымша).
      202. Бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін радио хабарлаулар берілімі (белгіленген тәртіпте жүргізілетін ұжымдық берілім) жалпы шақырылымдағы бағдарламада белгіленген уақытта басталады. Егер радио
хабарлаулар берілімі кешіктіріліп жатса, белгілі уақытқа қысқа хабарландыру беріледі, онда абонентке күтуді ұсынады және кешіктіру кезеңінің шамасы минутта көрсетіледі.
      203. Берілімді күту қажеттігі туралы белгілі бір хабарламадан кейін бірнеше уақыт бойы радиохабарлар берілімі көрсетілген күту уақытты аяқтамай басталмайды.
      204. Радиохабарлар берілім бөлінген уақыт шегінде жүргізілген кезде әрбір стансада берілім үшін бөлінген кезеңнің ақырына қарай барлық материалдардың берілімі бітуіне қарамай тез аяқталады.
      205. Белгіленген тәртіпте ұжымдық радиохабарлар берілімін жүргізу кезінде кезекпен әрбір станса белгіленген уақытта өз берілімдерін бастауға дайын. Егер қандай да бір себеппен станса белгіленген уақытта өз радио хабарлаулар берілімін бастамаса, ол стансадан кейін беруі тиіс станса күтеді және өзінің радио хабарлаулар берілімін ол үшін белгіленген уақытта бастайды.
      206. Радио хабарлаулар берілімін жүргізу үшін жауапты стансаның жұмысында үзіліс болған жағдайда, бұл берілім, егер мүмкін болса, алғашқы стансаның жұмысы қалпына келгенше, басқа стансамен жүргізіледі.
      207. Радиотелефон бойынша жүргізілетін әрбір радио хабарлаулар бастамасы жалпы шақырылымнан, стансаны тағайындаудан және берілім уақытынан (UTC) құралады.

21-тарау. Есепке алу және есеп берушілік

      208. Есепке алу және пайдалану құжаттамаларына шығыс жеделхаттары, радиобайланыс арналарының аппараттық журналдары, радиобайланыс арналарының борттық журналдары, магниттік, оптикалық және электрондық тасығыштар (дискілер, дискеттер), бақылау орама және ленталық жазбалар, телеграммаларды (хабарламаларды) есепке алу және жеткізу журналдары жатады.
      209. Электрбайланыс арналары бойынша тәулік сайынғы есепке алуға:
      1) цифрлық, телеграфтық және телефон арналары бойынша - байланысты бұзушылықтың саны мен созылуы;
      2) радио арналары бойынша - радиобайланыс арнасының аппараттық
журналы бойынша берілген және берілетін хабарлаулар саны жатады.
      210. AFTN стансалары үшін құжаттамаларды есепке алу мен пайдалану тізбесі, сондай-ақ ережесі және сақтау мерзімі AFTN желісінің жұмысы бойынша қолданыстағы Қазақстан Республикасының құжаттарында анықталған. Магниттік (магнитофондық) жазбаларды тасығыштарды сақтау тәртібі осы Ереженің 12-қосымшасында көрсетілген.
      211. Радио байланыстың аппараттық журналдары 30 тәулік бойы сақталады.
      212. Байланыс стансаларында журналдарды сақтау мерзімі соңғы жазбаның күні көрсетілгеннен бастап есептеледі.
      213. Құжаттарды тапсыру немесе жою қабылдау тапсыру жөнелтпе құжаттармен немесе жою туралы актілермен ресімделеді.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр
байланыс ережесіне   
1-қосымша         

           РТЖБП қызметі ауысымдық инженерінің журналы

      200__жылғы "__"________ басталды
      200__жылғы "__"________ аяқталды

          ___________________________________________
                 Азаматтық авиация кәсіпорны    

Күні

Объек-
тінің
(құрал-
дың)
атауы,
қонудың
ЖК-сы

Қосылу
уақыты

Ажыра-
тылу
уақыты

Жұмыс
ұзақты-
лығы

Ажыра-
тылу
себеп-
тері

ҰРТҚ және
байланыс
құралдары-
ның жұмысы
бойынша
ескертулер

Лауазымы,
тегі, аты,
әкесінің
аты

                   Журналды жүргізу тәртібі

      1. Кезекшілікті тапсырған тұлға қонудың ЖК-сын, күнін, уақытын жазады; барлық бағандарға көлденең кезекшілікті тапсыру сәтіндегі ҰРТҚ және байланыс құралдары жұмысының қысқаша сипаттамасын, ауысым бойынша тапсырылуы тиіс басшылықтың өкімдерін көрсетеді: мынадай нысан бойынша "Кезекшілікті тапсырдым" (қолын қояды), кезекшілікті қабылдаған тұлға - "Кезекшілікті қабылдадым" (қолын қояды) деген жазулар жазылады.
      2. Кезекшілік барысында журналға ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарының жұмысындағы барлық өзгерістер (МК қонуы ауысуы, автоматтандырылған объектілердің жұмыс істеу қабілеттігін тексеру, істен шығулар мен зақымданулар т.б.) объектінің (құралдың) атауын, қосылу, ажыратылу уақыттарын, ажыратылу себептерін, жұмысқа қабілетсіз күйінің ұзақтығын, ҰРТҚ және байланыс құралдарының жұмысы туралы ұшқыш және диспетчерлік құрамның ескертулерін, ауысым жұмысы жөніндегі ескертулерді, қабылданған шараларды көрсете отырып  журналға жазылады.
      3. UTC уақыт.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр  
байланыс ережесіне      
2-қосымша        

"Бекітемін"
Азаматтық авиация
ұйымының басшысы
____________________
"__" __________ 200___жыл

      Істен шығуларды (байланыстың бұзылуын) тексеру актісі

_________________________________________________________________
(ҰРТҚ және байланыс объектісінің, авиациялық электр арнасының атауы)
Істен шығу датасы (жылы, айы, күні)______________________
Жұмыс істеу қабілеттігінің бұзылу уақыты___ сағат________минут
Жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты__сағат_______минут
Істен шығу ұзақтығы___ сағат________минут

Істен шыққан
құралдың
(байланыс
арнасының)
атауы

Зауыттық нөмірі

Соңғы ТҚ-дан
кейінгі істеген
жұмысы

Пайдаланудың
басынан бастап
істеген жұмысы

  200__"___"_________ N____ бұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы
Комиссия:
Төраға ___________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мүшелері__________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
___________________________________________________________________

істен шығуларына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында мыналар анықталды:
      1. Жағдай (оқиға туралы ақпарат, істен шығудың сипаты мен оның салдары, техникалық персоналдың тегі, аты-жөні) ____________________________________________________
      2. Талдау (себептер, тех. персоналдың қатесі, жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер, және басқа да ауытқулар) ____________________________________________________
      3. Істен шығуды сыныптау (объектінің немесе құралдың істен шығуы, эл. жабдықтаудың бұзылуы, байланыс желісінің зақымдануы, инженер-техник персоналдың дұрыс емес іс-қимылы) _________________________
      4. Әуе қозғалысының басқаруға ықпалы ________________________
      5. Инженер-техник құрамның іс-қимылындағы бұзушылықтар _______
      6. Қорытындылар _____________________________________________
      7. Ұсынымдар    _____________________________________________

      Комиссия төрағасы ______________________________
      Комиссия мүшелері ______________________________

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр  
байланыс ережесіне   
3-қосымша       

          Объектінің ауысымдық инженерінің (технигінің)
                         жедел журналы

      ______________________________________________________
     (объектінің атауы)

      200__жылғы "__"________ басталды
      200__жылғы "__"________ аяқталды     

Күні, уақыты

Мазмұны

Лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты, қолы

                    Журналды жүргізу тәртібі

      Журналды объектінің кезекші инженері (технигі) жүргізеді.
      Журналға мынадай жазулар жазылады:
      1) объектіні және кезекшілікті қабылдағаны, объектінің жұмысқа дайындығы, кезекшілікті тапсыру туралы жазулар жазылады;
      2) жабдықтың кезекші (персоналы бар объектілерде) қосылу, ажыратылу уақыттары, жұмысындағы барлық бұзушылықтар және олардың себептері туралы;
      3) кезекшілік кезінде лауазымдық тұлғалардан келіп түскен нұсқаулар мен өкімдер туралы;
      4) лауазымдық тұлғалардың объектіні тексеру нәтижелері туралы;
      5) қолданыстағы электр қондырғыларының жұмыс өндірісі туралы;
      6) объектіде стажировка жүргізу туралы;
      7) автоматтандырылған объектілер үшін журнал
      "________ объектісінің жедел журналы" деп аталады.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр  
байланыс ережесіне   
4-қосымша      

ҰРТҚ және байланыс резервтік құралдарының сенімділік көрсеткіштері мен санын есептеуге арналған
формулалар

      Істен шығуға (зақымдануға) істелген жұмыс шамасын анықтау
      Ti= Тқос , n=1, 2, 3,... болған кезде
            n
      мұндағы Ті - істен шығуға (зақымдануға) істелген орташа жұмыс, сағатпен;
      Тқос - белгілі бір уақыт мерзіміндегі құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) атқарған қосынды жұмысы, сағатпен;
      n - құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) осы мерзімдегі істен шығулар (зақымданулар) саны.
      2. Қалпына келтірудің орташа уақытының шамасын анықтау
      Тқ=   ТҚқос  , n=1, 2, 3... болған кезде
            n
      мұндағы Тқ - құралдардың жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің орташа уақыты;
      ТҚқос - құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтірудің есептік кезеңдегі қосынды уақыты.
      1. Резервтік құралдар санын анықтау

      Крез= V K қбас, мұндағы
      Крез - резервтік құралдар саны;
      К қбас - қолданыстағы байланыс арналарының саны.
      Есептеу нәтижесі бүтін санға дейін артығымен деңгелектенеді.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр  
байланыс ережесіне     
5-қосымша        

ҰРТҚ және байланыс құралдарына арналған формулярды жүргізу ережесі

      1. Формуляр ҰРТҚ және байланыс құралдарының жасаушы кәсіпорын кепілдік берген негізгі параметрлері мен сипаттамаларын куәландыратын, осы құралдардың жай-күйін көрсететін және оны пайдалану (жұмыс ұзақтығы мен жағдайлары, ТҚ, жөндеу түрлері, құрамдас бөліктері мен бөлшектерін ауыстыру және басқа да барлық пайдалану кезеңін қамтитын деректер) жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады.
      2. Осы құрал бекітілген объект басшысы формулярдың сақталуына және оның дұрыс жүргізілуіне жауапты болып табылады.
      Формуляр жоғалған жағдайда, оның телқұжаты "Қазаэронавигация" РМК УК, ҚБ және Тп рұқсатымен ашылып жүргізіледі.
      3. Формулярды барлық бөлімдер бойынша жүргізу міндетті. Формулярды барлық жазулар анық және мұқият жүргізілуі тиіс. Өшірулерге және куәландырылмаған түзетулерге жол берілмейді.
      4. Формулярдың барлық парақтары толтырылғанда қосымша парақтар жапсырылады. Қосымша парақтарды формулярға жапсыру мүмкін болмағанда, ол жаңасына ауыстырылады. Жаңа формулярға ескі формулярдың әрбір бөлімі бойынша қорытынды деректер енгізіледі. Бұл жазулар Азаматтық авиация ұйымы басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі. Ескі формуляр акті бойынша істен шығарылады.
      5. Құралдың істеген жұмысы туралы деректер санауыш көрсеткіштерінің немесе объектінің ауысымдық инженерінің (техниктің) жедел журналындағы жазулар негізінде ай сайын енгізіледі.
      6. Құралдың негізгі параметрлерін бақылау өлшеулері бағанына жазулар өлшеулер нәтижесінде жүргізіледі.
      7. "Құралдың техникалық жай-күйі" деген мәліметтерге белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін техникалық параметрлер және анықталған негізгі ақаулықтар жазылады.
      "Қорытындылар" деген бағанға анықталған кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар жазылады.
      8. Формулярға құралдарды жөндеу туралы жазуды жөндеу кәсіпорнының басшылары жазады, олар жөндеу түрін, ол қашан және қайда жүргізілгенін көрсетеді.
      Құралдың деталдарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу туралы жазуларды жөндеуді жүргізген тұлғалар жатады. Бұл ретте олар ауыстырылған құрамдас бөліктердің атауын, децималдық және сызбалық нөмірлерін, олардың істеген жұмысын, оларды ауыстыру себептерін көрсетеді.
      9. Сақтаудан шығару туралы жазулар құралды пайдалануға арнап орнату уақытында жазылады.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр 
байланыс ережесіне   
6-қосымша       

      Бас тартулар мен зақымданулардыың жинақтауыш-картасы

      Құрал үлгісі______, зауыттық нөмірі ________
      Әзірленген күні________, пайдалануға енгізілген күні________
      _______________ объектіде, кәсіпорында орнатылған

кү
ні

Істеген жұмысы

Іс-
тен
шығу
 
За-
қым
дану

Істен шығулар мен зақымданулар
саны, оның ішінде себептер
бойынша

Пайда-
лану-
дың
бас-
ынан
бастап

бір
іс-
тен
шығ-
уы
 
бір
зақым-
дануға

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

        (Бұйымның істен шығулары мен зақымдануларының жинақтауыш-картасының екінші беті)
      Жинақтауыш-карта жылына бір рет 1 қаңтарға қарағандағы жағдай бойынша толтырылады.
      Істен шығулар мен зақымданулардың себептері 1-11 цифрларымен көрсетіледі, олар мыналарды білдіреді:
      1 - электр вакуумдық аспаптардың істен шығуы;
      2 - жартылай өткізгіш аспаптардың істен шығуы;
      3 - резисторлардың істен шығуы;
      4 - конденсаторлардың істен шығуы;
      5 - орамды элементтердің істен шығуы (трансформаторлардың, электр қозғалтқыштарының орамдарының);
      6 - құрастыру жгуттары мен жиынтық қосқыш кабельдер оқшауламасының бұзылуы, ЖЖ кабельдік ағытпалардың істен шығуы;
      7 - коммутациялық элементтердің (реленің, түйіспелердің, магнит қосқыштардың) істен шығуы;
      8 - механикалық элементтердің (редукторлардың, тістегіштердің, мойынтіректердің және т.б.) істен шығуы;
      9 - антеннді-фидерлік құрылғылардың істен шығуы;
      10 - істен шығу - бабынан шығу немесе ретсіздеу;
      11 - себебі анықталмаған істен шығу.
      "Себептер бойынша істен шығулар мен зақымданулар саны" деген бағанды толтырғанда бір түрдегі істен шығулар мен зақымданулар қосылады және бір санмен көрсетіледі.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр  
байланыс ережесіне   
7-қосымша     

      "Келісілген"                        "Бекітемін"
      ӘҚҰ қызметінің бастығы              Азаматтық авиация
                                          ұйымының бастығы
      ________________                    _______________
      200__жылы "__"_______              200__жылы "__"______
 
   ҰРТҚ объектілерін және авиациялық әуе байланысын резервке
        қайтып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты     

ҰРТҚ
объектілерін және авиациялық
әуе байланыс арнасындағы бай-
ланыстың атауы

Нормативтік уақыт, с.

Бастапқы
қосу

Резервтік
құралға
өту

Электр энергиясының
резервтік көзіне өту

Электр энер-
гиясының
резервтік
көзіне қайта
қосу

Объектінің
жұмыс істеу
қабілетін
қалпына
келтіру

ДПРМ - МК - 68

45

45

15

60

Жер бетіндегі арналарды резервке қайтып қосудың (өткізудің) нормативтік уақыты

Жер бетіндегі байланыс     Резервтік арна     Резервке қайта қосудың
бағытының, арнаның       (айналып өту жолы)    нормативтік уақыты
атауы (корреспондент)*                         (айналып өту жолы)

      * Арналардың атауы, байланыс бағыттары олардың ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызына қарай тәртіппен кестеге жазылады. Сызбадағы арнаның реттік нөмірі оның резервпен қамтамасыз ету мен жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру кезектілігін анықтайды.

      БЭРТҚ қызметінің бастығы
      ________________

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр 
байланыс ережесіне  
8-қосымша     

"Бекітемін"
Ұйым бастығы 
_______________
200__ж."__"______

            ҰРТҚ мен байланыс құралдарының техникалық
                     жай-күйінің актісі

      ____________________________________________________
                    (пайдаланушы кәсіпорынның атауы)
_________________________________________  жасалды.              
                     (күні, айы, жылы)
Комиссия құрамында төраға ________________________________
және мүшелері_____________________________________________
________________________________________ бұйрықпен тағайындалған,
_______________________ техникалық жағдайына қарай жүргізді.
(құралдың атауы)
Зауыттық нөмірі _______________, шығарылған күні _______________
Пайдаланудан бастап ҰРТҚ мен байланыс құралдарының сағаттық жұмысы
______________________
Қызмет ету мерзімі ____________________________________________
Жөндеу жүргізілген (жөндеу түрі) ______________________________
_______________________________________________________________
                  (қашан және жөндеу саны)
Жоспарлы жөндеуден кейінгі ҰРТҚ мен байланыс құралдарының сағаттық жұмысы _____________________________
Негізгі бұғаулар мен агрегаттардың техникалық жай-күйі___________
ҰРТҚ мен байланыс құралдарының техникалық жай-күйі туралы комиссияның қорытындысы: қызмет ету мерзімі (ресурсы) ___________
жылға (сағатқа) ұзартуға жатады,
жөндеуге (жөндеу түрі) жатады ___________________________________
______________________________________________ жоюға жатады
Комиссия төраға ________________________________________________
Комиссия мүшелері ______________________________________________    200__ж."__"______
Келісілген:_____________________________________________________
                                    ( қолы, Т.А.Ә. )

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр 
байланыс ережесіне   
9-қосымша       

Бақылау режимінің картасы және дәлдеп келтіру кестесі

      1. Бақылау режимінің картасы және дәлдеп келтіру кестесі әрбір құралға оны пайдалануға енгізу кезінде және техникалық тексеруден кейін аралап ұшып шығудан алдын және зауыттық пайдалану құжаттамаларының деректемелері негізінде құралдарды реттеу жасалынады.
      Бақылау режимінің картасында жиіліктің кернеу шамалары, түзеткіштердің шығу шамалары, антеннаға барабар қуаттылықтағы радиотаратқыш сатыларының немесе магнетрон токтары және әрбір жабдық үшін басқа да спецификалық режимдер мен параметрлерінің шамалары көрсетіледі.
      Картада көрсетілген бақылау параметрлерін тексеру үшін ауыстырылып қосқыштардың немесе арнайы өткізгіштердің көмегімен әртүрлі бақылау нүктелеріне қосылатын панелдік өлшеу құралдары, сондай-ақ қосымша (алып жүретін) өлшеу құралдары пайдаланылады. Бақылау режимінің картасына бақыланатын режим анықталған қосымша өлшеу құралдарының типі және нөмірі жазылады.
      Құралдың бақыланатын параметрлері бақылау режимінің картасында көрсетілген шамаларға сәйкес келуі тиіс.
      2. Дәлдеп келтіру кестесінде жұмыс және резервтік жиіліктер ұсынылады, олардың кезінде құралды номиналды пайдалануға қол жеткізілетін дәлдеп келтіру және реттеу органдарының жағдайлары көрсетіледі. Бақылау режимінің және дәлдеп келтіру кестесінің карталарын объектілердің инженерлері (техниктері) жасайды.
      ҰРТҚ-ның және байланыстың жердегі құралдарының бақылау режимдері және дәлдеп келтіру кестелері карталарының нысандары жабдықтың типіне байланысты әрбір объектіде әзірленеді.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр  
байланыс ережесіне     
10-қосымша        

Жердегі тексеру мен дәлдеп келтіру
хаттамасы

          _____________________________________________
                         (құрал атауы)
зауыт нөмірі ________________ шығарылу күні _____________________
кәсіпорында белгіленген

            (Азаматтық авиация ұйымының атауы)

Тексерілетін
шамалар

Номиналдық
мәні, рұқсаты,
бірлігі, өлшемі

Өлшеу
кезінде
алынды

Қолданылатын
өлшеу
аппаратурасы

Ескерту

  Қорытынды: _____________________________________________________
           (құралдың белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі
__________________________________________________________________
     және ұшуда тексеруге даярлығы туралы қорытынды беріледі)
 
Өлшеуді жүргізген (жүргізгендер):

            (лауазымы)            (тегі, аты, әкесінің аты)

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр 
байланыс ережесіне  
11-қосымша     

                   НОТАМ хабарлауы

Хабарлар санаты және кезектілік
тәртібі:
Радиотелефондық дабыл:

1) авариялық шақыру, апат туралы
хабарлау немесе сөз тіркесі

МЕЙДЕЙ (MAYDAY)

2) медициналық-санитарлық көліктер-
дің дабылдарынан ілесе берілетін
хабарлауларды қоса қамтитын жедел
хабарлаулар
3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты
хабарлау
4) метеорологиялық хабарлау
5) ұшу тұрақтылығына қатысты
хабарлау

PAN, PAN немесе
PAN, РAN MEDICAL

      НОТАМ хабарлауын 2)-5)-тармақшаларында көрсетілгендерді қоса алғанда, кез келген санатына жатқызуға болады. Санат тиісті әуе кемесі үшін НОТАМ хабарлауының мазмұны және мәнділігімен анықталады.

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
ету және авиациялық электр 
байланыс ережесіне     
12-қосымша         

   Кезекті ақпарат тасығыштарды (магниттік таспа) есепке алу
                          журналы

            (азаматтық авиация кәсіпорнының атауы)

_____ ж." ___"______ басталды
_____ ж." ___"______ аяқталды

Жазу
құрылғы-
сының
(магнит-
тік)
нөмірі

Магниттік
таспаның
(тасығыш)
нөмірі

Жазу күні мен уақыты

Күні, уақыты, лауазымды және
тұлғаның қолы

баста-
луы

аяқта-
луы

өшіруді
тоқтата
тұру
туралы
нұсқау
берушінің

Тыңдауға
арналған
лентаны
(тасығыш-
ты)
алушының

таспаны
(тасы-
ғышты)
өшіруге
нұсқау
беруші-
нің

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262658
    Қазақ тілінде 131138
    Орыс тілінде 130626
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы