"Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.09.2015 № 783 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасында:
      4-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдік рұқсат, үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат);";
      10) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), шет мемлекеттің аумағы арқылы транзиті мынадай түрлердегі шетелдік рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) жүк тасымалына арналған шетелдік рұқсаттар;
      2) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған  шетелдік рұқсаттар;
      3) күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен жолаушыларды  және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Жыл сайын 10 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдерді қабылдайды.
      Жылдық өтінімде:
      1) отандық тасымалдаушының атауы;
      2) қызметтің түрі;
      3) заңды мекенжайы;
      4) ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат беру куәлігінің және (немесе) лицензиялардың, рұқсат беру карточкасының нөмірі;
      5) тасымалдың түрі;
      6) тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, елдер және орындалатын тасымалдардың түрлері бөлінісінде шетелдік рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.
      Жылдық өтінімнің нысаны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады.";
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Жыл сайын 10-30 қыркүйек мерзімінде уәкілетті орган отандық тасымалдаушылардан күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың қажетті саны туралы жылдық өтінімдерді қабылдайды.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Жиынтық жылдық өтінімдердің қорытындылары бойынша жалпы жиынтық жылдық өтінім қалыптастырылады.
      Қалыптастырылған жалпы жиынтық жылдық өтінім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін аумақытқ органдар ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді жібереді.
      15. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.";
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген, белгіленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесін ескере отырып, күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдуға арналған шетелдік рұқсаттарды үлестіреді.
      22. Аумақтық органдар бөлінісінде үлестірілген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      "23-1. Отандық тасымалдаушылар жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүк тасымалына және жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген және талап етілмеген шетелдік рұқсат бланкілері болмаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттің уәкілетті органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиісті шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.";
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды:
      1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі, рұқсат беру карточкасы және жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлік құралдарына техникалық байқаудың халықаралық сертификаты;
      2) жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензия бар болғанда береді.
      28. Көліктік бақылау комитеті отандық тасымалдаушыларға күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды халықаралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялары бар болғанда береді.";
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Көліктік бақылау комитеті және аумақтық органдар қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есебін елдер бөлінісінде жүргізеді.
      Шетелдік рұқсаттардың есебі елдер бөлінісінде берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есеп журналын электронды түрде жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Журналда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі;
      2) отандық тасымалдаушылардың атауы;
      3) тасымалдаушылардың орналасқан (тұрғылықты) орны;
      4) жөнелту елі;
      5) бару елі;
      6) қатынау маршруты;
      7) рұқсат түрі;
      8) рұқсаттың қолданыс мерзімі;
      9) рұқсаттың берілген күні және нөмірі (сериясы);
      10) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың нөмірі (болған кезде) және күні, алым сомасы (рұқсат берілген кезде).";
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беруден бас тартылады:
      1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға  отандық тасымалдаушының рұқсат беру куәлігінің, ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының болмауы;
      2) халықаралық және қалааралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялардың болмауы;
      3) бір автокөлік құралына екі және/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкаларының анықталуы;
      4) шетелдік рұқсаттарды беру туралы немесе күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды беру туралы хабарламаның отандық тасымалдаушыға жолданған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төлегенін куәландыратын төлем құжатын ұсынбауы;
      5) шетелдік рұқсаттардың аумақтық органда және Көліктік бақылау комитетінің резервінде болмауы;
      6) осы Қағиданың 11-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
      7) осы Қағиданың 33-тармағында белгіленген талаптарды жыл ішінде орындамауы.";
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік рейстен кері бағытта қайтып бара жатқан шетелдік жүк автокөлік құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиелген кезде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.";
      47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "47. Тіркеу және ерекше белгілері жоқ және басқа мемлекет аумағында пайдалануға арналған Қазақстан Республикасының аумағынан жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарының транзиттік жүруі, егер осы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес келетін болса, көлік құралдарының (жаңа немесе пайдалануда болған) алғашқы бос жүрісін қоспағанда, рұқсат құжаттарының (отандық рұқсат, арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.";
      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдарды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыда отандық рұқсат болмаған жағдайда, сондай-ақ, егер келісімдерде Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіруіне (шығуына) арналған рұқсат бланкілерін іске асыру көзделетін болса, шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыретті органдардан тиісті рұқсатқа сұрау салады. Көрсетілген рұқсат оған Кеден Одағының кедендік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау постыларында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.";
      49-тармақ алынып тасталсын;
      52-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруді (шығуды), халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін, сондай-ақ үшінші елдерге (елдерден) тасымалды, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруді (шығуды), шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.";
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "53. Отандық рұқсаттар, үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсаттар бланкілерінің нысандарын Көліктік бақылау комитеті әзірлейді және бекітеді, олар баспаханалық тәсілмен дайындалады, реттік нөмірі және кемінде үш қорғану дәрежесі болады.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы