Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 136 қаулысымен
бекітілген

Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Ұшу қауіпсіздігін басқару" 19-қосымшасының (бұдан әрі – 19-қосымша) және ИКАО "Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық" Doc 9859 (бұдан әрі – ҰҚБН) талаптарына сәйкес әзірленді және:

      1) азаматтық авиация саласындағы азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі – ҰҚБЖ) білдіреді;

      2) халықаралық стандарттарды және ҰҚБЖ-ға байланысты ұсынылатын практиканы тиімді енгізуді белгілейді;

      3) ұшу қауіпсіздігі тәуекелдерін басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге және авиациялық оқиғалар мен инциденттердің санын ұдайы азайтуға бағытталған.

      2. Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігінің шекті деңгейіне қол жеткізу және қауіптілік көздерін анықтау мен тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да жоғары деңгейде сақтау болып табылады.

      3. Осы Бағдарламада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) авиациялық инцидент – әуе кемесінің тұтастығына және (немесе) оның бортындағы адамдардың өміріне қатер туғызуы мүмкін немесе қатер туғызған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған, әуе кемесін ұшуда пайдаланумен байланысты жағдай;

      2) авиациялық оқиға – әуе кемесінің бортындағы адамдардың қаза табуына (дене жарақатының өлімге әкелуіне) және (немесе) осы әуе кемесінің жойылуына әкеліп соқтырған әуе кемесін ұшуда пайдаланумен байланысты авиациялық жағдай;

      3) қызмет көрсетуді жеткізушілер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған азаматтық авиация ұйымдары (азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға);

      4) пайдаланушы персонал – авиациялық қызметті қамтамасыз етуге байланысты және ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратты беруге мүмкіндігі бар азаматтық авиация ұйымының персоналы;

      5) ұшу қауiпсiздiгi – әуе кемелерін пайдалануға қатысты немесе осындай пайдалануды тікелей қамтамасыз ететін авиациялық қызметке байланысты тәуекелдер қолдануға болатын деңгейге дейін төмендетілген және бақыланатын күй;

      6) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі – қажетті ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, басқарушылық қағидаттары мен рәсімдерін қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқарудың жүйелі тәсілі;

      7) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама – ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс–шаралар кешені;

      8) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі – мемлекет немесе қызмет көрсетуді жеткізуші қол жеткізген, олар белгілеген ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің нысаналы деңгейімен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерімен айқындалатын ұшу қауіпсіздігінің деңгейі;

      9) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін мониторингтеу және бағалау үшін пайдаланылатын нақты деректерге негізделген ұшу қауіпсіздігінің параметрлері;

      10) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің нысаналы деңгейі – берілген кезеңдегі ұшу қауіпсіздігін қаматасыз ету тиімділігі көрсеткіштері үшін жоспарланатын немесе болжанатын нысаналы ұстаным;

      11) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел – қауіптілік салдарының немесе нәтижелерінің болжанатын ықтималдылығы және күрделілігі;

      12) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Мемлекеттік саясат және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары

      Мемлекеттің ұшу қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық негіздемелері

      4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарымен және ұсынылатын практикасымен регламенттеледі.

      5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді, жариялайды және жетілдіреді. Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласында ұшу қауіпсіздігінің шекті деңгейіне қол жеткізу үшін мемлекеттік деңгейде қабылданатын іс-шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

      6. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарына сай болуы тиіс.

      7. Уәкілетті орган тұрақты негізде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асырады және ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылатын практикасындағы бар өзгешеліктер туралы ИКАО-ға уақтылы хабарлауды және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауды қамтамасыз етеді.

      8. Уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына, ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында оларға уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану азаматтық авиация саласында тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ИКАО-ның нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану жөніндегі сілтемелерді көрсете отырып, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      10. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жедел бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган қызмет көрсетуді жеткізушілердің орындауы үшін міндетті бұйрықтарды, нұсқаулар мен нұсқамаларды шығарады.

      11. Қызмет көрсетуді жеткізушілер талаптар деңгейі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарынан төмен болмауы тиіс ішкі құжаттарды әзірлейді және қолданысқа енгізеді.

      12. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау ұшу қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттық талаптар мен әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқуға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шараларды енгізумен өтелетін болса, жол беріледі.

      13. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер тізбесін жасайды және оны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      Мемлекеттің қауіпсіздігі саласындағы ұшу міндеттемелері

      14. Уәкілетті органның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру саясаты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын ҰҚБЖ-ның қағидаттарын, рәсімдері мен әдістерін мазмұндауды білдіреді және өз қызметінің барлық аспектілерінде ұшу қауіпсіздігінің қағидаттарын енгізу және тұрақты жетілдіру міндеттерін белгілейді. Уәкілетті орган азаматтық авиация саласы ауқымында барлық ұйымдарда іске асырылуы тиіс ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемді және қол жеткізілетін мақсаттарын әзірлейді.

      15. Уәкілетті орган халықаралық және ұлттық талаптарға сәйкес әуе кеңістігін пайдалану саласындағы, азаматтық және эксперименттік авиация қызметіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады, ол ұшу қауіпсіздігін басқаруға қатысты төрт негізгі бөлімнен тұрады:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат және мақсаттар;

      барлық басқару жүйелерінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қағидалар мен ұйымдық құрылымдар болуы тиіс. Осы элементтердің болуына қойылатын талаптар ҰҚБЖ функционалдық элементтеріне негіз болады;

      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат және мақсаттар ҰҚБЖ-ға арналған координаталар жүйесін құрады, ҰҚБН-ге сәйкес мынадай элементтерден тұрады:

      басшылықтың міндеттемелері және жауапкершілігі;

      ұшу қауіпсіздігі үшін жауапкершілік;

      ұшу қауіпсіздігі үшін жауапты қызметкерлерді тағайындау;

      авариялық оқиға жағдайында іс-шараларды жоспарлауды үйлестіру;

      ҰҚБЖ құжаттамасы;

      2) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторын басқару.

      ҰҚБЖ-да болатын ұшу қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдерді басқару элементі жүйелі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесінің үлгісіне негізделген;

      ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың мақсаты қауіпті факторларды анықтау, тиісті тәуекелдер факторларын бағалау және оларды жою немесе ұйым қызметтерді көрсету кезінде ықпал ету дәрежесін азайту бойынша тиісті шаралар әзірлеу болып табылады;

      3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      қызмет көрсетуді жеткізуші ауытқуларды анықтаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдау үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі көрсеткіштерінің тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне жәрдемдесу;

      Қызмет көрсетуді жеткізуші ұшу қауіпсіздігін негізгі құндылық ретінде насихаттайды, ұшу қауіпсіздігі мәдениетін іс жүзінде енгізуге жәрдемдеседі. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне жәрдемдесу қажетті пәнді білуді және қызметкерлерді даярлауды қамтамасыз етеді. Осы процесті іске асыру персоналды даярлау, оқыту және ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасу жолымен жүзеге асырылады.

      Авиациялық оқиғаны немесе инциденттерді тексеру

      16. Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекетің әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15597 болып тіркелген Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес міндетті түрде тергеп-тексерілуі тиіс.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, болашақта авиациялық оқиғаларды болғызбау және қауіпсіздік тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      18. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді мүдделі тараптардың уәкілетті өкілдерінің міндетті қатысуымен комиссия жүзеге асырады. Азаматтық және эксперименталдық авиацияда комиссияны уәкілетті орган құрады.

      19. Қызмет көрсетуді жеткізушінің ҰҚБЖ-де ұйымның инциденттерді тексеру тетігі көзделеді.

      Бағдарламаны іске асыру жолдары

      20. Бағдарлама:

      1) тұрақты қадағалау және уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларының қадағалау мәселелері жөніндегі лауазымды адамдармен өзара іс-қимылы негізінде пайдаланудағы сәйкессіздіктерді анықтау;

      2) қызмет көрсетуді жеткізуші қызметінің ұшу қауіпсіздігіне әлеуетті қатысы бар барлық салаларын қамту;

      3) тұрақты қадағалау нәтижесінде проблемалар анықталған барлық салаларға назарды шоғырландыру;

      4) қызмет көрсетуді жеткізушінің қаржылық-экономикалық жағдайын бағалау;

      5) қызмет көрсетуді жеткізушінің тәуекел дәрежесін бағалауды есепке алу;

      6) жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алу;

      7) алдыңғы тексерулер барысында анықталған сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Қызмет көрсетуді жеткізушінің қызметін тұрақты қадағалау сертификаттау жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі және халыққа қауіпсіз әрі сенімді коммерциялық авиакөлік тасымалын ұсыну мақсатында талап етілетін пайдалану нормаларының сақталуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және уәкілетті ұйым жауапкершілігінің маңызды элементі болып табылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Талап етілетін қадағалау шаралары және оларға байланысты инспекциялық тексерулерді уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары жүргізеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік деңгейде ұшу қауіпсіздігімен байланысты қауіптерді басқару

      Ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп факторларын басқару

      23. Уәкілетті ұйым осы Бағдарламаның негізінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында авиациялық қызметте кездесетін ұшу қауіпсіздігінің қауіп факторларын бақылау үшін қызмет көрсетуді жеткізушілерді реттеу, қадағалау және бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару қауіпті факторларды анықтауды, ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелді бағалауды және оларды азайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды қамтиды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп факторларын басқару компонентінің шеңберінде өнімді және көрсетілетін қызметті ұсыну процесінде бар қауіпті факторлар жүйелі түрде анықталады. Қауіптілік факторлары үш негізгі компонент бойынша қаралады:

      1) нормативтік құқықтық актілерді сақтау (орындау);

      2) персоналды даярлау;

      3) инфрақұрылым және өнім мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оның сәйкестігі.

      25. Қауіпті факторларды анықтау.

      Қызмет көрсетуді жеткізушілер авиациялық өнім мен көрсетілетін қызметтерге байланысты қауіпті факторлардың анықталуына кепілдік беретін ресми тәртіпті әзірлейді және қолданады.

      Қауіпті факторларды анықтау ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді жинаудың ден қоятын, алдын ала белсенді және болжамды әдістерін ұштастыруға негізделген.

      26. Қауіпті факторларды анықтау ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару процесіндегі алғашқы қадам болып табылады. Одан әрі ұшу қауіпсіздігі үшін тиісті тәуекел факторлары олардың пайдаланылатын ортадағы қолайлылығы тұрғысынан бағаланады.

      Ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторлары қолайсыз болып бағаланатын болса, оларды жою немесе олардың ұшу қауіпсіздігіне әсер ету дәрежесін төмендету бойынша шаралар қабылдануы, сондай-ақ олардың кейінгі мониторингі ұйымдастырылуы тиіс.

      Қызмет көрсетуді жеткізушінің ҰҚБЖ-сына ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қойылатын талаптар

      27. ҰҚБЖ қызмет көрсетуді жеткізушілердің осы Бағдарламада айқындалған тиісті нысаналы деңгейлік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ұшу қауіпсіздігін басқарудың ұйымдастырушылық және реттелген тәсілін жүзеге асыруы үшін арналған.

      28. Қызмет көрсетуді жеткізушілер:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәуекел факторларын айқындау жөніндегі процестік тәсілдерді қамтамасыз ететін;

      2) ұшу қауіпсіздігіне байланысты кемшіліктерді жою жөніндегі және ұшу қауіпсіздігінің шекті деңгейін қолдауға бағытталған қажетті іс-қимылдарды іске асыруды қамтамасыз ететін;

      3) ұшу қауіпсіздігі тиімділігін және оның белгіленген деңгейлік көрсеткіштерге сәйкестігін тұрақты бақылауды көздейтін;

      4) ұшу қауіпсіздігі деңгейін жетілдірудің тұрақты процесін мақсаты ретінде көздейтін ҰҚБЖ енгізеді.

      Қызмет көрсетуді жеткізушінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін келісу

      29. Қызмет көрсетуді жеткізушілер әзірленген ҰҚБЖ-ны уәкілетті ұйыммен келіседі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу қауіпсіздігінің нысаналы (ең төмен) деңгейі белгіленеді ол күнтізбелік жыл үшін мынадай көрсеткіштерден көрінеді;

      1) әуе кемелерін пайдаланушылар үшін: ұшу уақытының 100 000 сағатына есептегенде: адам өлімі бар 0,00155 авиациялық оқиғадан аспайды, адам өлімі жоқ 0,5 авиациялық оқиғадан аспайды, әуе кемелеріндегі 50 авиациялық инциденттен аспайды;

      2) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін ұйымдар үшін: әуе кемелерінде ұшу уақытының 100 000 сағатына 50 авиациялық инциденттен аспайды;

      3) әуе айлақтарын пайдаланушылар үшін: әуе кемелерінің 1000 операциясына құстармен соқтығысу 1-ден (бірден) аспайды; әуе кемелерінің 40000 операциясына ұшу-қону жолағына рұқсатсыз шығу жағдайы 1-ден (бірден) аспайды;

      4) әуе қозғалысына қызмет көрсететін ұйымдар үшін:

Күрделілік
сыныбы

ҰҚ ең төмен деңгейі

A

2,31х10-8 ҰҚҰ жүйесінің тікелей ықпалы бар АО

B

2,31х10-5 ҰҚҰ жүйесінің тікелей ықпалы бар күрделі инциденттер

C

2,31х10-4 ҰҚҰ жүйесінің тікелей ықпалы бар маңызды инциденттер

D

2,31х10-2 ҰҚҰ жүйесінің тікелей ықпалы бар елеулі инциденттер

4. Мемлекеттік деңгейде азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау

      31. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың алдын алу және (немесе) жою, және (немесе) жолын кесу мақсатында жүзеге асырылады.

      32. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      33. Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін бақылаудың тиімді бағдарламасын енгізудің және жүзеге асырудың үздік әдістерін таңдау кезіндегі айқындаушы факторлар ұйым құрылымының көлемі мен күрделілігі болып табылады.

      34. Қызмет көрсетуді жеткізушілер ұшу қауіпсіздігіне қатысты рәсімдерге қызметтің сәйкестігі мақсатында процесті бақылау әдістерін белгілейді және қолдайды.

      Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау

      35. Қызмет көрсетуді жеткізушілер қызметінің тиісті аспектілеріне тұрақты бақылау жүргізуді көздейтін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау жүйесі оны басқару тиімділігінің негізгі элементі болып табылады.

      36. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау қызмет көрсетуді жеткізушілердің мемлекет белгілеген қағидаларды, нормативтік ережелерді, стандарттар мен рәсімдерді сақтауын көрсетеді.

      37. Азаматтық, эксперименттік авиацияның қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен мынадай іс-шараларды орындау арқылы жүзеге асырады:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тексерулерді қоспағанда, жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен айқындалатын азаматтық авиация ұйымдарын тексеру;

      2) жүргізілу тәртібі Заңмен айқындалатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру;

      3) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен талдауды қамтитын бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Уәкілетті ұйым барлық функционалдық салаларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде олардың ұлттық қағидаларды, рәсімдер мен практиканы сақтауын бақылау мақсатында қызмет көрсетуді жеткізушілерді қадағалау бағдарламасын және инспекторлық құрам үшін нұсқамалық материалдарды әзірлейді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалауды тиімді жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым білімі мен арнайы (техникалық) даярлығының (біліктілігінің) деңгейі бойынша қызмет көрсетуді жеткізушінің инспекцияланатын персоналынан төмен болмауы тиіс даярлықтан өткен персоналмен жасақталады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті ұйымның инспекторлық құрамының өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің және ИКАО стандарттарының ережелерімен және талаптарымен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті ұйым пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы анықталған бұзушылықтарды жойған кезге дейін сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алу немесе оны толық немесе ішінара шектеу немесе қолданысын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Қызмет көрсетуді жеткізушілер инспекторлық тексеру кезінде уәкілетті ұйымның инспекторлық құрамының қызметкерлердің жеке істеріне, әуе кемелеріне, құралдар мен қызметтерге, сондай-ақ тиісті есепке алу құжаттамасына қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді және олардың міндеттерін орындауына жәрдемдеседі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе әлеуетті кемшіліктер туралы ақпаратты жинауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп, Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді (хабарламаларды) міндетті ұсыну жүйесін әзірлейді.

      Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны, ол туралы мәліметті қасақана жасырғаны, сондай-ақ ақпаратты бұрмалағаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе әлеуетті кемшіліктер туралы ақпаратты жинауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті орган уәкілетті ұйыммен бірлесіп оқыс оқиғалар туралы деректерді (хабарламаларды) ерікті ұсыну жүйесін құрады, олар оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті ұсыну жүйесі шеңберінде тіркелмеуі мүмкін.

      Оқыс оқиғалар туралы деректерді ерікті хабарлау жүйесі авиациялық оқыс оқиғалар туралы ақпаратпен ғана шектелмейді, сонымен қатар қауіпті факторлар, яғни оқыс оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін қауіпті жағдайлар туралы мәліметтерді жинауды да көздеуі тиіс.

      Оқыс оқиғалар туралы деректерді (хабарламаларды) ерікті ұсыну жүйесі жаза қолдануға бағдарланбаған және ақпарат көздерін қорғауды көздеуі тиіс. Ерікті хабарлау кезінде жаза қолданудан бас тарту оқыс оқиғалар және қауіпті факторлар туралы деректерді ерікті хабарлау жүйесінің негіз қалаушы қағидаты болып табылады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45. Уәкілетті орган уәкілетті ұйыммен бірлесіп, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды мониторингілеу, бақылау және олардың алдын алу мақсатында ҰҚБЖ бойынша деректерді жинау мен талдаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлейді және енгізеді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді жинау, талдау және олармен алмасу

      46. Уәкілетті орган уәкілетті ұйыммен бірлесіп, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ұсынылған міндетті және ерікті хабарламаларды жинауды, есепке алуды және талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ қауіпті факторларды есепке алуды жүргізеді. Міндетті тергеп-тексеруге жататын оқиғалар тізбесіне кіретін авиациялық оқиғаларға қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады, ал қауіпті факторларға қатысты оларды жою немесе олардың ықпал ету дәрежесін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды әзірлейді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру нәтижелері мен олардың деректер базасына, қауіпті факторларды анықтау жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыруға, қызмет көрсетуді жеткізушілердің қызметтерін қадағалауға негізделеді және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау мен алдын алу шараларын әзірлеуге арналған.

      48. Уәкілетті ұйым уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық талдауын дайындайды және шығарады. Ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің талдаулары қызмет көрсетуді жеткізушілерге жіберіледі.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Қызмет көрсетуді жеткізушілер ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық талдауларын жасайды.

      Қызмет көрсетуді жеткізушілер жасайтын ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің талдаулары жинақтау және тұтастай азаматтық авиация бойынша ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөніндегі профилактикалық шараларды қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жіберіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бақылауды ұшу қауіпсіздігі туралы деректердің негізінде неғұрлым проблемалық немесе қосымша тексеруді талап ететін салаларға бағыттау

      50. Қызмет көрсетуді жеткізушілердің, оның ішінде шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың ҰҚБЖ-сында сәйкессіздіктер анықтаған кезде уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігі тұрғысынан неғұрлым проблемалық немесе қауіптер, өндірістік қызметтер үшін олардың салдары туралы деректерді және ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді бағалау нәтижелерін талдау арқылы анықталған қызмет көрсетуді жеткізушілердің қосымша тексеруді талап ететін қызмет салаларында кезектен тыс инспекциялық тексерулер мен зерттеп-қарауды жүргізеді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5. Мемлекеттік деңгейде азаматтық авиация қауіпсіздігін дамытуға жәрдемдесу

      51. Уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларының негізінде авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігін қадағалауға қатысатын өзінің персоналын сертификаттаған авиациялық оқу орындарында, сондай-ақ ИКАО-ның оқу орталықтарында оқудан өткізеді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 559 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы