Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 760 қаулысымен
  Бекітілген

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелеріне, оның ішінде ауа қабы бар кемелерге қолданылады.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұғымдарға сәйкес келеді.

2-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібі, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктік және уақыттық шектері

      3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық кеме тіркелген жердегі (порттағы, орналасу пунктіндегі) немесе шетелдік кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының аумағына кіретін пункттегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) береді.

      4. Рұқсат алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік (бұдан әрі – өтініш беруші) жауапкершілік учаскесінде кемелердің шығуы жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не жер қойнауын пайдаланушы мен мердігер ұйымның арасындағы кемені жалға алу (тасымалдау) шартының көшірмесі және (немесе) мердігер ұйым мен кеме иесінің арасындағы шарт көшірмесі;

      3) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігінің немесе шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;

      4) экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану ауданына тиісті құралмен тасымалданатын жұмыскерлердің, іссапарға жіберілген адамдардың, іскерлік іссапарға жіберілген адамдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      5) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында іскерлік сапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;

      6) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      7) шарттың деректемелерін көрсете отырып, дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктің жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру мақсаттарында тауарларды, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтерді беру шартының негiзiнде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының, Қазақстан Республикасының порты, теңіз терминалы, каналы, айлақтық құрылысжайы меншiк иесiнiң немесе оны басқаратын тұлғаның жазбаша өтініші;

      8) жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданының координаталары, сондай-ақ оларға бару және одан қайту үшін ұсынылатын жолдар;

      9) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шығарған шетелдік теңіз кемесіне қатысты тауарларға декларацияның көшірмесі.

      5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды Шекара қызметінің әскери бөлімі алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

      6. Қазақстандық немесе шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсете отырып, экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтінішті Шекара қызметінің әскери бөліміне ұсынады. Аталған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;

      3) қажет болған жағдайда, шетелдік азаматқа және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі.

      Шекара қызметінің әскери бөлімі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.

      7. Каспий теңізі қазақстандық секторының су кеңістігінде жоспарланған қызмет түріне байланысты мынадай қосымша құжаттар:

      1) жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге байланысты қызмет үшін:

      теңізде мұнай операцияларын жүргізу үшін қалқымалы жабдыққа меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесі не осындай қалқымалы жабдықты жалға алу шартының көшірмесі, не теңізде мұнай операцияларын жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мойындаған шетелдік сыныптау қоғамдарының бірінің кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға сәйкестігін растайтын теңіз кемесінің теңізде жүзу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі туралы сыныптау куәлігі;

      2) жер қойнауын пайдалану келiсiмшартына сәйкес теңіз объектілерін салу мен орналастыруға, ұңғымаларды бұрғылауға, оларды консервациялау мен жоюға (бөлшектеуге) байланысты қызмет үшiн:

      теңіз объектілерін салуға және орналастыруға көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың көшірмесі;

      теңіз объектілерін (ұңғымаларды) консервациялау (жою) басталған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының технологиялық объектілерді консервациялау (жою) туралы бұйрығының көшірмесі;

      теңіз объектілерін (ұңғымаларды) консервациялағаннан (жойғаннан) кейін консервацияланған (жойылған) технологиялық объектілерді немесе ұңғымаларды қабылдау туралы актінің көшірмесі ұсынылады.

      8. Рұқсат бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiледi, жер қойнауын пайдалану және (немесе) рұқсатта көрсетiлген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ететін аудандар шегінде қолданылады және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беру жөнiндегi келісімшарттың немесе шарттың қолданылу мерзімі ішінде жыл сайын қайта ресімдеуге жатады.

      9. Рұқсат дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің уәкілетті өкіліне есеп журналында қол қойғызу арқылы беріледі. Берілген рұқсат қолданылатын бүкіл мерзімі ішінде ол Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне бару кезеңінде және Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде тұрған (дрейфтеу) кезеңде кеме капитанында (иесінде) не капитанның вахталық көмекшісінде болады.

      10. Рұқсат жоғалған жағдайда өтініш беруші оның жоғалу мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің әскери бөліміне жүгінеді.

      Шекара қызметі осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген рәсімді сақтамай, өтініш беруші тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

      11. Осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасы толық берілмеген, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мәлімделген экипаж мүшелері мен кемемен тасымалданатын жұмыскерлерді келісуден бас тартқан жағдайларда, Шекара қызметі рұқсатты ресімдемей, құжаттарды қайтарады.

      Көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, құжаттар осы Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ұсынылады.

      12. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының су кеңістігіне өткізу кедендiк бақылаусыз немесе бақылаудың өзге де түрлерiнсіз жүзеге асырылады.

3-тарау. Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібі, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктік және уақыттық шектері

      13. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қазақстандық әуе кемесі тіркелген жердегі немесе орналасқан пункттегі Шекара қызметі береді.

      Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшулары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Рұқсат алу үшін өтініш беруші жауапты учаскесінде әуе кемесінің ұшып шығуы жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі не әуе кемесінің иесі мен жер қойнауын пайдаланушының (оның мердігерінің) арасындағы адамдарды, жүктер мен тауарларды тасымалдау үшін кемені жалға алу шартының көшірмесі;

      3) әуе кемесінде жер қойнауын пайдалану ауданына көшірілетін экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жұмыскерлердің, іссапарға жіберілген адамдардың, іскерлік іссапарға жіберілген адамдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      4) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар (ұшқыштардан басқа барлық экипаж мүшелері үшін) үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетелдік азаматтар үшін, Қазақстан Республикасында іскерлік сапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін –іссапарға жіберу туралы хат;

      5) қажет болған жағдайда шетелдік азаматтарға және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;

      6) шарттың деректемелерін көрсете отырып, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсаттарында тауарларды, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтерді беру шартының негізінде тартылғаны туралы жер қойнауын пайдаланушының жазбаша өтініші;

      7) әуе кемелерінің ұшып шығуы мен қонуы үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы әуе айлақтарының, тікұшақ айлақтарының және қону алаңдарының, оның ішінде халықаралық ұшу үшін ашылмағандарының тізбесі;

      8) жер қойнауын пайдалану ауданының координаталары, сондай-ақ оған бару және одан қайту үшін ұсынылатын жолдар.

      15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат Шекара қызметінің әскери бөлімі осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

      16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсете отырып, экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтінішті Шекара қызметінің әскери бөліміне ұсынады. Аталған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      2) шетелдік азамат және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмысқа орналасуға рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;

      17. Рұқсат бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiледi, жер қойнауын пайдалану және рұқсатта көрсетiлген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ететін аудандар шегінде қолданылады және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету мақсаттарында тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруге арналған келісімшарттың немесе шарттың қолданылу мерзімі ішінде жыл сайын қайта ресімдеуге жатады.

      18. Рұқсат дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің уәкілетті өкіліне есепке алу журналына қол қойғызу арқылы беріледі.

      Берілген рұқсат бүкіл қолданылу мерзімі ішінде жер қойнауын пайдалану ауданына(-нан) бару (қайту) кезеңінде және жер қойнауын пайдалану ауданында тұрған (болған) кезеңде әуе кемесінің командирінде немесе ұшу экипажының мүшесінде болады.

      19. Рұқсат жоғалған жағдайда өтініш беруші оның жоғалу мән-жайларын көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен Шекара қызметінің әскери бөліміне жүгінеді.

      Шекара қызметі осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген рәсімді сақтамай, өтініш беруші тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

      20. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық берілмеген, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мәлімделген экипаж мүшелері мен кемемен тасымалданатын жұмыскерлерді келісуден бас тартқан жағдайларда, Шекара қызметі рұқсатты ресімдемей, құжаттарды қайтарады.

      Көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, құжаттар осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көзделген тәртіппен қайта ұсынылады.

      21. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптары сақтала отырып әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының су кеңістігіне өткізу кедендiк бақылаусыз немесе бақылаудың өзге де түрлерiнсіз жүзеге асырылады.

  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

Сериясы _______ № _____________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат

      1. Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      __________________________________________________________________

      2. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы

      3. Кеменің атауы

      4. Кеменің түрі

      5. Кеменің борттық нөмірі

      6. Кеменің тіркелген жері (порты, орналасу пункті)

      7. Кеме капитанының (оның вахталық көмекшісінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), оның мекенжайы

      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі

      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі

      _________________________________________________________________

      11. Жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданы (аудандары)

      12. Қазақстан Республикасы теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі

      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

  1-қосымшаға парақтың сырт жағы

      Ерекше белгілер

      Шекара қызметі әскери бөлімінің бақылаудан өткізу туралы белгілері

  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат беру туралы өтініш

      Кімге

      ________________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен

      (заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__"________ № _____ қаулысына сәйкес

      (жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданы көрсетіледі)

      ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алуға өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      _________________________________________________________________________

      (заңды тұлға, филиал, өкілдік басшысының немесе дара кәсіпкердің қолы)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер____парақта келтірілген.

      20 __ жылғы "___" _________

      М.О.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруге арналған өтініште мәлімделген қазақстандық және шетелдік кеме туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы

      2. Кеменің түрі

      3. Кеменің борттық нөмірі

      4. Кеме тіркелген жер (порты, орналасу пункті)

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер:

      6. Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      7. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы

      8. Кеме капитанының (иесінің) (капитанның вахталық көмекшісінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      9. Техникалық бақылау құралдарының түрі

      10.Жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданы (аудандары)

      11. Кеменің жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданына барған кездегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері

      12. Кеменің жер қойнауын пайдалану және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету ауданына жүзіп шығу нүктесі – Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)

  Жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларға және
жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды
қамтамасыз етуге тартылған
қазақстандық және шетелдік
кемелер мен қазақстандық әуе
кемелерінің Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтініш

      Кімге

      _______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" __________ № ____ қаулысына сәйкес _________ әскери бөлім 20 __ жылғы ________ берген сериясы _______ № ______ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық және шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), кемедегі лауазымы:

      1. _______________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________

      3. _______________________________________________________________

      4. _______________________________________________________________

      5. _______________________________________________________________

      6. _______________________________________________________________

      7. _______________________________________________________________

      Мына – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), кемедегі лауазымы:

      1. ________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________

      4. ________________________________________________________________

      5. ________________________________________________________________

      6. ________________________________________________________________

      7. _________________________________________________________

      экипаж мүшелерінің қатарынан шығаруды сұраймын.

      7. __________________________________________________________

      экипаж мүшелеріне қосуды сұраймын.

4-қосымша
  Нысан

Сериясы ______ №___________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат

      2. Әуе кемесін пайдаланушының/меншік иесінің атауы және мекенжайы

      3. Әуе кемесінің атауы

      4. Әуе кемесінің түрі

      5. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі

      6. Кеменің орналасу пункті

      7. Әуе кемесі командирінің (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      9. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер

      11. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары)

  4-қосымшаға парақтың сырт жағы

      Шекара қызметі әскери бөлімінің бақылау өткізу туралы белгілері

  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларына 5-қосымша

      ______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__"________ № ______ қаулысына сәйкес __________________________________________________ (жер қойнауын пайдалану ауданы көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген әуе кемелері туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуге рұқсат алу үшін мәлімделген жұмыскерлер туралы мәліметтер ____ парақта келтірілген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруге арналған өтініште мәлімделген қазақстандық әуе кемесі туралы мәліметтер

      1. Кеменің атауы (бар болса)

      2. Әуе кемесінің түрі

      3. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі

      4. Кеменің орналасқан орны

      5. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тізілімдерінде әуе кемесінің тіркелуі туралы мәліметтер

      6. Әуе кемесін пайдаланушының – заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      7. Әуе кемесі меншік иесінің атауы және мекенжайы

      8. Кеме командирінің (иесінің) (ұшу экипажы мүшесінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы

      10. Жер қойнауын пайдалану ауданы (аудандары)

      11. Кеменің жер қойнауын пайдалану ауданына жүзуі кезіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері

      12. Қазақстан Республикасы кемесінің орналасу пункті және әуе кемесінің жер қойнауын пайдалану ауданына ұшып шығу нүктесі

  Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларына 6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтініш

      _______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің толық атауы, оның заңды мекенжайы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 __ жылғы "__" __________ № ____ қаулысына сәйкес________ әскери бөлім 20 __ жылғы "__" _______ берген ________ сериясы _______ № ______ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алған қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыруға өтінішті қарауды сұраймын.

      Экипаж мүшелері – тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы:

      7. ________________________________________________________________

      Мына – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы:

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 265657
    Қазақ тілінде 132567
    Орыс тілінде 132138
    Ағылшын тілінде 952
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы