Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авияжолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы N 409-1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 7.11.2000 ж. тіркелді. Тіркеу N 1277. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетiлдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiліп отырғандар бекiтiлсiн:
      1) Халықаралық авиарейстердің жолаушыларына қызмет көрсетудің ережелерi;
      2) Қазақстан Республикасының әуежайларындағы аса маңызды тұлғалар мен ресми делегацияларға арналған залдарда (VIР) жұмысты ұйымдастыру мен қызмет көрсетудiң ережелерi;
      3) Қазақстан Республикасының әуежайларындағы бизнес залдарда (СIР) жұмысты ұйымдастыру мен қызмет көрсетудің ережелері;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары аумағында рұқсаттама беру ережелері;
      5) Астана, Алматы және Атырау қалалары әуежайларының халықаралық рейстердің жолаушыларын қабылдау және жіберу жөніндегі қызметін жақсартудың іс-шаралары жоспары.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Ә.Қ.Баталов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таныстыру мен таратуға жатады.

      Министр

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрінің      
2000 жылғы 9 қазан N 409-1
бұйрығымен      
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының әуежайларындағы аса маңызды
тұлғаларға арналған залдарда (VIР) жолаушылар мен ресми
делегацияларға қызмет көрсету мен жұмысты ұйымдастыру
ережелерi

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының әуежайларындағы аса маңызды тұлғаларға арналған залдарда (VIР) жолаушылар мен ресми делегацияларға қызмет көрсету жұмысты ұйымдастырудың негiзгi шарттарын белгiлейдi.

      2. Ресмилiктi оңайлату мақсатында VIР жолаушыларына арналған күту залдары бақыланатын аймақ шегiнде орналасуы тиiс.

      3. VIР залдарда Қазақстан Республикасының Президент Әкiмшiлiгi, Президент iстерi басқармасы, Премьер-Министрдiң кеңсесi, Сыртқы iстер министрлiгi (Мемлекеттiк хаттама қызметi мен Дипломатиялық корпуспен жұмыс iстеу департаментi), Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi басшыларының алдын ала тапсырыстары бойынша тұлғаларға қызмет көрсетiлуi мүмкiн.

      4. Егер делегация басшысы:
      Мемлекет басшысы,
      Үкiмет басшысы,
      Парламент, Сенат басшылары,
      Мәртебесi бойынша Үкiмет басшыларына теңдес
      халықаралық ұйымдар басшылары,
      Сыртқы iстер министрлерi,
      Мемлекет басшысының арнайы елшiлерi,
      Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке қонақтары,
      Сенiм грамоталарын тапсыруға келетiн елшiлер болған жағдайларда қарсы алу мен шығарып салулар әуе кемесiнiң тарапынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк хаттама басқармасының қызметкерлерi VIР залдың қызметкерлерiмен бiрге меймандарды әуе кемесiнің трабында қарсы алады.

      5. Рейстiң келуiмен (кетуiмен) VIР залдардың және Мемлекеттiк хаттама қызметiнiң қызметкерлерi жолаушыларды әуежайдың автокөлiгiмен әуе кемесiнен (кемесiне) қарсы алады да, кедендiк және шекаралық бақылау пункттерi арқылы iлесiп жүредi. Теңдеме жүктi ресiмдеу және жеткiзу үшiн қабылдағыш-тапсырғыш және әуежай автокөлiгi берiледi.

      6. VIР залдарда қызмет жасауға тиiстi жағдай жасау мен оны сақтау әуежай, кеден, авиация қауiпсiздiк қызметi және шекаралық бақылаудың басшылары бақылау-өткiзу пунктi мен VIР залдар арқылы өтетiн тұлғаларға қызмет көрсету тәртiбiн, сондай-ақ бақылау-өткiзу және залдар қызметкерлерiнің өзара iс-қимылын реттейтiн тәртiптi әзiрлейдi және бекiтедi. Әуежай әкiмшiлiгi VIР залдарда тiкелей қызмет көрсетiлетiн жолаушылардың теңдеме, қол жүгiнiң бүтiндiгi мен сақталуына және қауiпсiздiгiне толықтай жауап бередi.

      7. VIР залдардың қызметкерлерi өз қызметтерiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларын басшылыққа алады.

      8. VIР залдарда қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн қызметкерлер деркезiнде құжаттар мен теңдеме жүктi ресiмдеуге, жолаушыларға ұшақтың келу және кету уақытын хабарлауға, жолаушыларды әуе кемесiне және әуе кемесiнен жеткiзудi қамтамасыз етулерi тиiс.
      Әуежай әкiмшiлiгi VIР залдарда тiкелей қызмет көрсетiлетiн жолаушылардың теңдеме, қол жүгiнiң бүтiндiгi мен сақталуына және олардың қауiпсiздiгiне толықтай жауап бередi.

      9. VIР залдарда билеттердi тiркеу мен теңдеме жүктердi ресiмдеу ұшақтың ұшуына 40 минут қалғанда аяқталады, залға жолаушылардың келу уақыты туралы алдын ала ескертiлген жекелеген жағдайларда әуе кемесiне жолаушыларды отырғызуды аяқтау уақытын сақтай отырып, неғұрлым кеш ресiмдеуге рұқсат 6ерiледi.

      10. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын тұлғаларды қоспағанда, барлық жолаушылар мен олардың қол жүктерi шекаралық және кедендiк бақылаудан өтедi.

Қазақстан Республикасының әуежайларындағы бизнес-залдарында
(СIР) жолаушыларға қызмет көрсету мен жұмысты ұйымдастыру
ережелерi

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының әуежайларындағы бизнес-залдарда (СIР) жолаушыларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      2. Бизнес зал бизнес-класс жолаушыларына және қызмет көрсету класын жақсартқысы келген жолаушыларға арналады.

      3. Бизнес залдар арнайы қондырғылармен, сервистiк қызметтер көрсету мен жолаушылардың қауiпсiздiгiне қажеттi жағдайларға сәйкес бөлек шығулар және кiрулермен жабдықталуы керек. Жұмыс ережесi әуежай жұмысының тәртiбiне сәйкес айқындалады.

      4. Бизнес залдарда жолаушыларға қызмет көрсету монополияға қарсы заңнамаға сәйкес бекітілген тарифтерiне сәйкес қолма-қол және аударым арқылы ақылы жүзеге асырылады.
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 7 тамыздағы N 246-І бұйрығымен.

      5. Әуежай бизнес залдарда тiкелей қызмет көрсетiлетiн жолаушылардың теңдеме, қол жүгiнің бүтiндiгi мен сақталуына және олардың қауiпсiздiгiне толықтай жауап бередi.

      6. Бизнес залдарда қызмет жасаудың тиiстi жағдайын жасау мен сақтау мақсатында әуежай, кеден және шекаралық бақылау қызметтерiнiң басшылары бизнес-залдар арқылы өтетiн тұлғаларға қызмет көрсету тәртiбiн, сондай-ақ бақылау өткiзу және бизнес-зал қызметкерлерiнің өзара iс-қимылын реттейтiн режимдi әзiрлейдi және бекiтедi.

      7. Бизнес залдарда қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн қызметкерлер тасымалданатын құжаттарды, қол жүгiн және теңдеме жүктi ресiмдейдi, жолаушыларға ұшақтың келу және кету уақытын хабарлайды, жолаушыларды қол жүгiн және теңдеме жүктi әуе кемесiне және әуе кемесiнен жеткiзудi қамтамсыз етедi.

      8. Рейстің келуiмен бизнес-залдардың қызметкерлерi жолаушыларды әуежайдың автокөлiгiмен әуе кемесiнен (кемесiне) қарсы алады да, кедендiк және төлқұжаттық бақылау пункттерi арқылы қызметтің белгiлi бiр түрлерi көрсетiлген бизнес-залдарға шығарып салады.

      9. Барлық жолаушылар мен олардың қол жүктерi мен теңдеме жүктерi шекаралық және кедендiк бақылаудан өтедi.

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрінің      
2000 жылғы 9 қазандағы 
N 409-1 бұйрығымен  
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары
аумағында рұқсатнамалар беру ережелерi 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары аумағында рұқсатнамалар беру жөнiндегi ережелер (бұдан әрi - Ережелер) "Мемлекеттiк шекара туралы", "Қазақстан Республикасының кедендiк iсi туралы", "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдардың ережелерiн ИКАО тәжiрибесiмен ұсынылған стандарттарды "Әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасының авиациялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығын және "Терроризм мен экстремизм көріністерiн ескерту және жою жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы Жарлығын іске асыру мақсатында әзiрлендi.
      Осы Ережелер азаматтық авиация қауiпсiздiгiн заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптар мен тәртіпті белгілейді және Қазақстан Республикасындағы халықаралық әуежайларда рұқсатнамалық және объектiішiлiк тәртiптi қамтамасыз етуге бағытталады.
      Ережелер әуежайлардың, кеден, шекаралық және басқа да қызметтердің, авиакомпаниялардың, ұйымдардың, мекемелердiң жұмысшылары мен қызметкерлерiне, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер басшылары мен авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жұмысшыларына қол қойылып жеткiзіледi.

      2. Ережелердiң талаптары:
      1) әуежай объектiсiне, жолаушыларды, жүктердi және әуе кемесiн шекаралық және кедендік ресімдеу аймағына бөгде адамдардың кiруiн болдырмауды;
      2) адамдар мен көлiк құралдарының шекаралық және кедендiк ресiмдеу аумағына (аумағынан), әуежай объектілерiне кiргенде (шыққанда) тәртiп сақтауды;
      3) әуежай аумағындағы кедендік бақылау аймағында заңнаманы қолдану;
      4) шекаралық және бақылау-өткiзу бекеттерiнде шекаралық және рұқсатнамалық тәртiптi қадағалауды;
      5) тауарлардың, көлік құралдарының және адамдардың кедендік бақылау аймағы мен әуежай аумағындағы оның шегі арқылы заңсыз ауысуының алдын алуды;
      6) қорғалатын кедендік аймақтан авиациялық мүлік және басқа да материалдық құндылықтарды заңсыз шығарудың (алып шығарудың) алдын алуды;
      7) аумаққа әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған от қару, суық қару, жарылғыш заттар және басқада заттарды әкелудің (әкетудің) алдын алуды;
      8) рұқсатнамалық және объектіішiлiк тәртiптiң талаптарын әуежайдың, кедендiк бекеттердiң, авиакомпаниялардың, прокуратураның, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қызметкерлерiнің және аумаққа келген басқа да ұйымдар тұлғаларының мiндеттi түрде орындауын қамтамасыз етедi.

2. Рұқсатнамалық және объектіішiлiк тәртiптi
қамтамасыз ететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      3. Халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуде:
      1) бақыланатын аймақта рұқсатнамалық және объектiiшілік тәртіптi ұйымдастыру мен сақтау жауапкершiлiгi әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiне (ААҚ) жүктеледi;
      2) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуде кезеңдiк ресiмдеу орындарында тәртiптi ұйымдастыру мен орнату жауапкершiлiгi Кедендiк бекетке жүктеледi;
      3) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуде шекаралық тәртiптi ұйымдастыру мен орнату жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiнің бөлiмдерiне (ШҚБ) жүктеледi;
      4) объектiішілiк тәртiптi қамтамасыз ету жауапкершiлiгi әскери объектілерге рұқсатнамалық тәртіпті қадағалауды бақылауға аэродромның әскери комендатурасы жауапты;
      5) объектiiшiлiк тәртiптi қамтамасыз ету жауапкершiлiгi мен рұқсатнамалық тәртiптiң бағынышты қызметкерлердi қадағалауды бақылау әуежай аумағында жұмыс жүргiзетiн құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі;
      6) Ережелердiң талаптарын бұзатын тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

3. Рұқсатнамалық тәртіп

      4. Рұқсатнамалық тәртіп - тұлғалар мен көлікті шекаралық, кедендiк, әуежайдың бақыланатын аймағына, қызмет пен өндіріс ғимараттарына жіберу шараларының жиынтығы.

      5. Әуежайларда рұқсатнамалық тәртiптi енгiзу:
      1) шекаралық, кедендiк және бақыланатын аймаққа, аэродромның, әуе кемелерiнiң тұрақтарына бөгде адамдардың, көлiктiң заңсыз кіруiне немесе жануарлардың енуiне жол бермеу;
      2) шекаралық және кедендiк аймаққа, аэродромның, қоймалардың және басқа да объектiлердiң аумағына (аумағынан) адамдар мен көлiк құралдарының кiруi кезiнде (шығуы кезiнде) тәртiптi орнату және сақтау;
      3) контрабанданы, мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өтудiң алдын алу;
      4) жолаушылар мен қызмет көрсетушi қызметшiлердi перронға әуе кемелерiне отырғызу орындарына жiберудiң тиiстi тәртiбiн орнатумен теңдеме жүк пен тасымалданатын жүктердi қайта тексерудi өткен адамдарды мұндай тексерудi өтпеген адамдармен байланысқа жiбермеу есебiмен жеткiзу және алуда жолаушылар мен әуе кемелерi экипажының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн талап етiледi.

      6. Осы Ережелердiң 5-тармағында жазылған мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған рұқсатнамалық тәртiптi енгiзудiң алдында дайындық жұмыстары өтуi керек, оның iшiнде:
      1) шекаралық, кедендік бақылаудың және бақыланатын аймақтың шекараларын айқындау;
      2) жолаушыларды, жүктердi және әуе кемелерiн шекаралық, кедендiк ресiмдеу аймағын белгiлеу;
      3) аэродромдар аумағын, жанар-жағар май (бұдан әрi - ЖЖМ) объектiлерiн, жүк, материалдық-техникалық қоймаларды, радио-техникалық қамтамасыздандыру (бұдан әрi - РТҚ) және байланыс құралдарын оларға инженерлiк-техникалық қорғау құралдарын енгiзумен, бақыланатын аймаққа енуге тыйым салатын қоршау периметрлерi бойынша ескерту аншлагтарын орнату;
      4) жеке, көлiктiк және "материалдық рұқсатнамалардың" бiртұтас жүйесiн енгiзу және оларды есепке алу, тiркеу мен беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      5) аэродром аумағын iшкi жағынан патрульдеудi ұйымдастыру, арнайы автокөлiк құралдарында авиация қауiпсiздiгi қызметiнiң нарядтарымен маңызды объектiлердi қоршау;
      6) жолаушылар мен экипаждың перрон мен әуе кемесiнде отырғызу орындарына және керi жүру бағытын енгiзу, көрсетiлген бағыт бойынша оларды жеткiзудiң тәсiлдерiн белгiлеу;

      7. Адамдардың әуежай аумағы мен олардың объектiлерiне, қызмет ғимараттарына өтуi, сондай-ақ кәсiпорындардың материалдық құндылықтарын және тасымалдағы басқа да құрылымдар мен ұйымдардың жүктерiн шығару және әкелу шекаралық және кедендiк қызметтердiң келiсiмiмен тек бақылау-тексеру бекеттерi (бұдан әрi - БТБ) арқылы жүргiзiледi.

      8. Өрт немесе төтенше оқиға жағдайларында кәсiпорынның аумағындағы жеке объектілерге өту үшiн жабық және мөр басылған күйiндегi қор есебiндегi БТБ болуы тиiс, оларды жабық және оларды ұстау мен пайдалану жауапкершiлiгi ААҚ-не жүктеледі.

      9. Тәртiптi күшейту мақсатында әуежай аумағы тәртiптiк аймақтарға бөлiнедi:
      1-әуежай объектiлерi,
      2-жанар-жағар май объектiлерi,
      3-әуе кемесi, инженерлiк-авиациялық қызмет (ИАҚ),
      4-тасымалдарды ұйымдастыру қызметi (ТҰҚ).
      Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуде қосымша аймақтар енгiзiледi:
      А - авиациялық қауiпсiздiк және шекаралық бақылау желiсiне дейiн жолаушылармен тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеу,
      В - шекаралық бақылау аймағы, Қазақстан Республикасына кiру және шығу құқығына құжаттарды тексеру,
      С - шекаралық бақылау аймағы, бортқа кiру құқығымен әуе кемесiн ресiмдеу,
      Д - шекаралық бақылау аймағына, бортқа кiру құқығынсыз әуе кемесiн тұрақта ресiмдеу,
      Е - кедендiк бақылаудағы тауарларды уақытша сақтау, орындары соның iшiнде уақытша сақтау қоймалары (УСҚ).

      10. Тәртiптiк аймаққа сәйкес әуежай, шекаралық және кедендiк органдар басшылары рұқсатнамалық және объектіішiлiк тәртiптi бақылайды. Рұқсатнама берудi шекаралық, кедендiк органдармен келісе отырып, әуежай әкімшілігі жүзеге асырады.

      11. Қызметкерлердiң әуе кемелерiнiң тұрақтарына енуіне рұқсат тек жұмыс жүргізу уақытында әуе кемелерінің ұшып келу (ұшып шығу) технологиясы мен кестесiне сәйкес рұқсат етіледі.

      12. Жұмысшыларды әуе кемелерiнiң тұрақтарына жіберу әуе кемелерінің технологиясына және ұшып келу (ұшып кету) кестесiне сәйкес тек жұмыс жүргізу уақытында рұқсат беріледі.

4. Шекаралық, кедендiк бақыланатын аймаққа, әуежайдың
ғимараты мен объектiлерiне өткiзу тәртiбi

       13. Әуежай, шекара, кедендiк қызмет, құқық қорғау органдары, авиакомпаниялар және басқа да ұйымдар мен ведомстволардың қызметкерлерi өздерiнiң және ведомствоға қарасты объектiлерiне және әуежай аумағына белгiленген үлгiдегi рұқсатнама-тархеткалар бойынша өтедi.

      14. Әуежайда жұмыс iстемейтiн адамдарға кiруге рұқсат уақытша рұқсатнама (бiр жолғы), өтiнiш хат негiзiнде берiлген iссапарлық жазба, құжат немесе төлқұжатты көрсетуi арқылы берiледi.

      15. Қызмет автокөлiгiнiң әскери объектiлерге кiруi әуежай, кедендiк, шекаралық органдар басшылығымен келiсiм бойынша комендатура қызметкерiнiң iлесуiмен жүзеге асырылады.

      16. Жеке басын куәландыратын құжат болып:
      төлқұжат немесе азаматтың жеке куәлiгi;
      Президент аппаратының Сенат, Мәслихат, Қазақстан Республикасының Yкiметiнiң қызметкерлерiнiң жеке куәлiгi;
      Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң әскери қызметкерлерiнің, Прокуратураның, Кеден қызметiнiң, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Көлік және коммуникациялар министрлiгi қызметкерлерiнiң куәлiгi болып табылады.

      17. Жеке басын куәландыратын құжат көрсетiлгеннен кейiн, заңнамада қарастырылған қызмет мiндеттемелерiн орындау үшiн әуежайдың штабына кедергiсiз өту құқығын мемлекеттiк органдар мен құрылымдардың лауазымды тұлғалары пайдаланады.

      18. Әуежайда тұрақты жұмыс істейтін Ішкі істер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қорғаныс министрлiгi, Прокуратура, Кеден қызметiнiң қызметкерлерi әуежай аумағына белгiленген үлгiдегі рұқсатнамалар бойынша жiберiледi.

      19. Әуежай, авиакомпаниялар және басқа да ұйымдар мен ведомстволардың қызметкерлерi ғимаратқа, объектілерге және әуежай аумағына ішкі тәртiппен және ауысым жұмыс кестесiмен орнатылған белгіленген жұмыс сағаттары уақытында жіберіледі.

      20. Әуежайлар, ұйымдар басшылары және олардың орынбасарлары, қызмет басшылары ғимараттарға, аумаққа және оларға сенiп тапсырылатын объектiлерге тәулiк бойына, соның ішiнде демалыс және мейрам күндерi өте алады.
      Жұмыс уақыты емес кезде сонымен қатар демалыс, мейрам күндерi және қажет болған жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлердi қосымша жұмысқа қалдыру (жұмыс ауысымынан басқа), әуежайдың, ұйымдардың және авиакомпаниялар жұмысшыларының ғимараттарға, аумақтар мен объектiлерге келуiне қызметтердiң, бөлiмдердiң, цехтардың бастықтары немесе олардың орынбасарларының қолы қойылған тiзім бойынша рұқсат етiледi. Бұл тiзiмдер тиiстi бастық арқылы авиациялық қауiпсiздiк қызметiне табыс етiледi.

      21. Өз ұшақтары мен жолаушыларына қызмет көрсету үшін әуежай аумағындағы тұрақты шет елдік авиакомпаниялардың өкiлдерi бақыланатын аймаққа белгiленген үлгiдегi рұқсатнамамен кiредi. Олардың бақыланатын аймақта болуына әуе кемесiн ресiмдеу және жiберу кезеңiнде рұқсат берiледi.

      22. Әуежайдың аумағына немесе объекттерiне мәжiлiске немесе басқа да іс-шараларға келген адамдарды жiберу авиациялық қауiпсiздiк қызметi басшысының келiсiмiмен жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі арқылы тізім бойынша жүзуге асырылады.

      23. Өрт, авария немесе басқа да апаттық жағдайды жою үшiн өрт және апаттық-құтқару командаларының ұрыс есебi, сонымен қатар бақытсыз жағдайда жедел жәрдем жұмысшылары бақыланатын аймаққа кедергiсiз жiберiледi. Жедел жәрдем, апаттық бригадалар және өрт командаларын шақыру туралы БТБ және әуежайдың тиiстi қызметтерiне жағдай туралы хабарландыратын АҚҚ-нiң бастығын немесе қарауылдың көмекшiсін мәселемен таныстарды.

      24. Темір жол көлігі темір жол тармақтарын пайдаланып әуежай басшылығымен тиiстi басшылардың ұсынуымен бекiтiлген тәртiппен әуежай аумағының объектiлерiне кiредi және шығады.

      25. Әуежайдың, авиакәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың автокөлiгiн әуежайға жiберу әуежай бастығының атына жазылған дәлелдi өтiнiш-хат негiзiнде берiлген және шекаралық және кедендiк органдармен келiсiлген белгiленген үлгiдегi, автокөлікке рұқсатнама бойынша жүзеге асырылады.

      26. Қызмет автокөлiктерiнiң жүргiзушiлерi әуежай қозғалысы
қауiпсiздiгi жөнiндегi инспектордан әуе кемесiне қызмет көрсету аймағына кiру құқығынсыз аэродромдағы жүру тәртiбi бойынша нұсқау алуға және тәжiрибелiк оқудан өтуге мiндеттi.

      27. Жеке нөмiрлi автокөлiкке "Көрсетушiге" рұқсатнамасы заңсыз болып табылады.
      АҚҚ жұмысшылары, ұшулар қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекция әуежайдың шекаралық, кедендiк және бақыланатын аймақта шекаралық және кедендiк қызметтер наряды:
      көлiк рұқсатнамасының болуы;
      жүргізушiде аэродром аумағына ену талоны;
      жолаушы мәртебесiнiң сәйкестiгi тексерiледi.
      Көлiк құралына рұқсатнамаға тек онда көрсетiлген жолаушы ұсынғанда күшi бар. Бақыланатын аймақта рұқсатнаманы басқа адамның пайдалануына жол берiлмейдi.

      28. Қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қорғау iс-шараларды жүргiзу кезеңiнде автокөлiк құралдарының кiру режимiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi мен Ұлттық қауiпсіздiк комитетi жүзеге асырады.

5. Шекаралық және кедендiк ресiмдеу орындарына
арнайы iс-шаралар өткiзу кезiнде ену тәртiбi

       29. Жеткiлiктi негiздеме болған жағдайда азаматтық авиация объектiлерiмен айналысушы құқық қорғау органдарының, салық полициясының қызметкерлерi, шекаралық және кедендiк ресiмдеу орындарындағы арнайы iс-шаралар заңға сәйкес ресiмделетiн жазбаша нұсқаулықпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметi бөлiмi бастығының, кедендiк орган бастығының немесе оларды алмастыратын адамдардың қолы қойылған және белгiленген үлгiдегi рұқсатнаманың болуымен жүзеге асады.

      30. Келетiн әуе кемелерiнен жүк түсiрудi құқық қорғау органдарының, салық полициясының қызметкерлерiмен бақылау да жазбаша нұсқаулық бойынша олардың өтуiн қамтамасыз ететiн және ұйымдастыратын әуежайдың ауысымдық бастығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

      31. Қайта тексеру аймағына қоғамдық тәртiп сақтауға мiндеттi құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қажет болған жағдайда ауысымдық тiзiм бойынша және ШҚБ қызметкерлерiнiң, кедендiк және шекаралық қызметтiң шақыруы бойынша жiберiледi.

      32. Прокуратураның, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi, Көлiктiк бақылау комитетiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кедендiк комитет және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетi Шекаралық қызметiнiң бақылаушы органдары белгiленген үлгiдегi рұқсатнама-тархеткалармен жiберiледi.
      Әдiлет (сот орындаушылары) қызметкерлерiнiң енуi мен iс-қимылы заңдарға сәйкес және әуежай пайдаланушысының кедендiк және шекаралық органдардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.

6. Ұшу құрамының аэродромына өту

      33. ӘК экипаждарының мүшелерi сонымен қатар басқа кәсiпорындардан, Қазақстан Республикасы авиакомпаниясынан тапсырма орындауға келген академиялардың инспекторлары мен тыңдаушылары аэродромға халықаралық үлгiде белгiленген жеке басын куәландыратын карта бойынша жiберiледi.

      34. Өндiрiстiк қызметке негiзделмеген мақсаттар үшiн бiрегейлендiрiлген карточканы пайдалануға тыйым салынады.

      35. Ұшуды орындау үшiн экипаж мүшелерi, олардың багажын өткізу тек қауiпсiздiкке арналған бақылау бекетi арқылы жүзеге асырылады.

      36. Халықаралық авиарейстер орындауда экипаж мүшелерi кедендiк және шекаралық ресімдеу орындарында кедендiк және шекаралық бақылауды жалпылай белгiленген тәртiппен өтедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметi ШБО бастығының шешiмi бойынша экипажды шекаралық бақылау әуе кемесiнiң бортында жүзеге асырылуы мүмкiн.

      37. ӘК экипажы мүшелерiне бiрегейлендiрiлген карточка беруге негiздеме базалық авиакәсiпорындардың басшыларынан ӘК экипажы құрамында көзделген өтiнiш-хат болып табылады.

      38. Ұшу экипажы мүшесiнiң бiрегейлендiрiлген карточкасы үш жылға берiледi. Көрсетiлген мерзiмнiң аяқталуы бойынша бiрдейлендiрiлген карточка әуежайдың рұқсатнама бюросына тапсырылып, орнына белгiленген тәртiппен осындай мерзiмге жаңасы берiледi.

      39. Рұқсатнаманы жоғалтқан жағдайда оны жоғалтқан тұлға ол туралы өзiнiң тiкелей бастығына хабарлайды. Сонымен қатар міндеттi түрде 1 тәулiктiң iшiнде әуежайдың уәкiлеттi қызметтерін құлақтандырады. Көрсетiлген құжатты iздеуге шара қолданылады. Егер үш күн iшiнде құжат табылмаса, оның жоғалу жағдайы жөнінде қызметтік тергеу тағайындалады. Тергеу нәтижелерi бойынша жұмысшының айыптылығы дәрежесi және оған түпнұсқаны оның үш есе құнын ұстаумен беру жөнiндегi қорытынды жасалады.

      40. Экипаж мүшесiн жұмыстан босату, оны басқа жұмысқа ауыстыру кезінде ол бiрегейлендірілген карточка рұқсатнама бюросына тапсыруға міндетті, ол туралы оның аралау қағазында белгі жасалынады. Осы шартты орындау барысында кадрлық органдар, кәсіпорындар басшылары тапсыруға тиісті шаралар қабылдауға және әуежайдың уәкiлеттендiрiлген қызметтерiн құлақтандыруға мiндеттi.

      41. Шет елдік авиакомпаниялар ұшақтары экипаждарының мүшелері әуежай аумағына ұлттық төлқұжаттары бойынша рейс мағлұматы болумен жiберiледi.

7. Әуежай аумағынан материалдық құндылықтарды
шығару, енгiзу тәртiбi

      42. Материалдық құндылықтар (аппаратура, жабдықтар, механизмдер мен заттар және басқа да құнды заттар) өз арналуы және тиесiлігiмен екi санатқа бөлiнедi:
      1) өндiрiстiк қызметтi қамтамасыз ету үшiн әуежай қызметтері, кәсіпорындарға, авиакомпанияларға тиесілді;
      2) осы қызметтермен басқа ұйымдардан және адамдардан алынғандар;

      43. Тұлғалар мен көлiктi әуежай аумағынан материалдық құндылықтарымен ауызша нұсқау бойынша немесе осы Ережелермен қарастырылмаған басқа жолмен өткiзуге қатаң түрде тыйым салынады.

      44. Әуежай аумағынан материалдық құндылықтарды шығару белгiленген үлгiдегi тек материалдық рұқсатнамалар бойынша уәкiлеттендiрiлген адамдардың рұқсатымен бұл құндылықтар уақытша немесе қайтарымсыз шығарылуына қарамастан жүзеге асырылады.
      Материалдық рұқсатнама бойынша материалдық құндылықтар әуежай аумағынан (объектiсiнен) рұқсатнама жазылып берiлген күнi бiр рет қана шығарылады (енгiзiледi).

      45. Материалдық құндылықтарды шығаруға (енгiзуге) материалдық рұқсатнама тек материалдық құндылықтарды жiберетiн (беретiн) қызметпен ресiмделедi. Материалдық рұқсатнамалар, тек қана бiр реттiк болып табылады және берілген күн үшiн ғана заң күшi бар.

      46. Рұқсатнамалар материалдық рұқсатнамаларда нөмiрлерi қойылатын үстемелер негiзiнде жазылып берiледi.

      47. Материалдық рұқсатнамалар әр көлiктiк бiрлiкке бөлек ресiмделедi және тек әуежай аумағына немесе қорғалатын объектiге өтуге рұқсатнамасы бар адамдарға берiледi. Үстемеде көрсетiлетiн жүк бiр мезгiлде бiрнеше автомобильде шығарылса, әр автомобильдің нөмiрi мен сериясы көрсетiлетiн бiр рұқсатнама жазылып беріледi.
      Материалдық рұқсатнамада шығарылатын жүктiң аты, орны, саны, салмағы, метражы, қорап түрi, жүк шығарылатын автомашинаның нөмiрi мен сериясы анықталып жазылады. Үстеме шығарылатын жүктiң бiрнеше атауы аталған жағдайда, материалдық рұқсатнаманың бағанында: "Үстемеге сәйкес" деп көрсетiледі.
      Аэродром аумағынан тасымалға қабылданған материалдық құндылықтарды шығару құқығына құжат "Шығаруға рұқсат етiлдi" деген жазумен Кеден мөрi қойылатын жүк жiберушiнiң үстемесi болып табылады, жүктi жiберушi, жүк артушы анықтап, өзінiң аты-жөнiн жазып, қол қояды.

      48. Әкелiнген жүктi алуға келген жақтас ұйымдардың делдалдық қоймасы аумағына өту құқығына құжат көрсетуде алушының жеке басын куәландыратын жедел-хат-хабарлама, жүк жiберушiнiң үстемесi немесе жүктi алуға сенiм қағазы болып табылады.

      49. Әуежайға жүкті жіберуге немесе алуға келген жақтас ұйымдар, фирмалар, авиакомпаниялар құжаттарды ресiмдеу арқылы операцияларды делдалдық қоймаларда өткiзедi.

      50. Әуежай көлiгiмен жүктердi қоймадан ӘК дейiн және артқа тасымалдау құқығы қойманың жауапты жұмысшыларымен берiлген почталық-жүктiк ведомость және рұқсатнама болып табылады.

      51. Кәсiпорын мен қоймаға әуе көлiгiмен тасымалдау үшiн басқа ұйымдардан қабылданған, сонымен қатар жолаушы адамдарды өткiзу жүктік үстеме немесе өтініш-хат негізінде жүктi қабылдауға жасалады.

      52. Әуежайға, авиакәсіпорындарға тиесiлi әуежай аумағына жүктi енгiзу жолдамалық қағаз және қажет түрде ресiмделген үстемемен, жүк келген қызмет өкiлiнiң жолдауымен жүзеге асырылады.

      53. БТБ жұмыс iстейтiн АҚҚ жұмысшылары ауежай (объектi) аумағынан материалдық құндылықтардың шығуының заңдылығын тексеруге, почталық-жүктiк ведомство немесе үстемеде көрсетілген материалдық рұқсатнамада көрсетiлген және шығарылатын жүктердiң саны мен атауын кiргiзiлетiн жүктердiң саны мен атауларымен сәйкестiгiн тексерiп, шығарарда шығарылуға тыйым салынған материалдық құндылықтардан күдiктенуде жеке тексерудi өткiзу. БТБ контролерлерi материалдық рұқсатнамаларды қайтып аларда жұмыс күнінің соңында рұқсатнама бюросына тапсырады. БТБ-нің бақылаушылары қайта тексеруден бас тартушыларды, тәртiп бұзушыны ұстап АҚҚ қарауылының бастығын шақыруы тиiс.
      Заңсыз жолмен материалдық құндылықтарды алып шығуға (алып кіруге) әрекет қылатын адамдарға кiнәлiнi жауапқа тарту мәселесi туралы шешiм қабылдау үшiн бiр түпнұсқасы әуежай баршылығына берiлетiн акт жасалады.
      Қолға түскендерден алынатын материалдық құндылықтар әуежай қоймасына тапсырылады.
      54. Материалдық рұқсатнамалар әуежай аумағына өтуге құқық бермейдi.    

8. Рұқсатнамалардың түрлерi мен олардың тағайындалуы

      55. Рұқсатнамалар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) қолдану мерзiмi бойынша тұрақты, уақытша, бiр реттiк;
      2) белгiленуi бойынша - жеке, материалдық және көлiктiк.

      56. Барлық рұқсатнамалар:
      1) жеке - әуежайдың шекаралық, кедендiк және бақыланатын аймақтарында ауысымның жұмыс уақыты кезiнде өтуге;
      2) материалдық - материалдық құндылықтарды алып шығуға (алып кiруге);
      3) көлiктiк - шекаралық, кедендiк және бақыланатын аймақта көлiктiң және механизация құралдарының кiруiне (шыуына) құқық беретін қызмет құжаттары болып табылады.

      57. Әуежай аумағына және объектiлерге кiру үшiн:
      1) тұрақты пластикалық рұқсатнама-тархеткалар - әуежай аумағында тұрақты табылатын әуежай, кеден, шекара органдары, басқа да кәсiпорындар мен ұйымдар қызметкерлерiне берiледi;
      2) уақытша рұқсатнамалар - жұмысқа iссапарға жiберiлетiн және 1 жылдық мерзіммен кәсіпорындарда немесе олардың объектiлерiнде уақытша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге беріледi.
      3) "Визитер" - пластикалық рұқсатнама-тархеткалар: әуежай АҚҚ бастығымен бекітілетін, бақыланатын аумақтар мен объектiлерге өтiнiш-хат бойынша келетiн адамдарға берiледi (5 тәулікке дейін). "Визитер" рұқсатнамасы әуежай аумағында тұрақты табылатын тек әуежай, авиакомпаниялар, ұйымдар өкiлдерiнiң жолдауымен әуежай объектiлерiне өтуге құқық бередi.
      4) бiр реттiк рұқсатнамалар - адамдарға бақыланатын аймақтар мен объектiлерге уақытша кiруге ең көбi бiр тәулiк үшiн рұқсат береді. Бір реттік рұқсатнамалар Авиация қауіпсіздік қызметінің бастығы немесе оны алмастыратын адам кедендiк, шекаралық органдар бастықтарымен келiсiлiп бередi және объектiлерге өтуге тек АҚҚ, кеден, шекаралық органдар өкiлдерiнiң жолдауымен келудiң және жолдаудағы адамның мақсатын көрсетумен құқық берiледi.

      58. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi пайдаланушының куәлігі бар басқа авиакомпаниялардың жұмысшыларына әуежаймен келісім-шарт, уақытша рұқсатнамалар-тархеткалар бередi және ереже бойынша 1 жылдық мерзiмге ресiмделедi. Халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша тұрақты және уақытша рұқсатнамалар беруге негiздеме әуежай, кеден, шекаралық органдар басшылығына жазылатын өтiнiш-хат болып табылады.
      Сонымен қатар өтiнiш-хатта тәртiптiк аймақта болу мақсатын көрсету қажет, және олардың қолданыс мерзiмi мен беру негiздемелi болуы тиiс.

      59. Уақытша рұқсатнамалардың қолдану мерзiмiн созуда, оларды беру әуежай, кеден, шекаралық органдар басшылығын жұмыста есеп үшін құлақтандырумен жүзеге асырылады.

      60. Рұқсатнамаларды беруге шешiм қабылдаудан бұрын адамның мұндай рұқсатнама беру туралы өтініш қаншалықты дұрыс негiзделгенiн мұқият тексеру қажет. Сонымен қатар, шешiм қабылдауға негiз ретiнде өтiнiш берушiнiң қызметi мен лауазымы себеп болмауы тиiс. Негiзгi есеп осы адамға шектелген енудегі қорғалатын аймаққа өтуге қаншалықты жиi талап етілетіні немесе осы адам орындайтын инспекторлық функциялар бола алады.

      61. Қорғалатын аймаққа шектелген енудегi рұқсатнамаларды беруде бұндай рұқсатнамалар осыған сәйкес аймақтарға енуге талап етiлмейтiн немесе тек сирек жағдайда талап етiлетiнiне қатаң бақылауды жүзеге асыру қажет.

      62. Халықаралық авиарейстердi ресiмдеуге мүдделi қызметтердiң өкiлдерi кезеңдiк, шекаралық ресiмдеу және жолаушыларды қайта тексеру орындары арқылы жылжуды шектеу қажет. Көрсетілген орындарда өтуге тек авиарейстерді ресiмдегенге дейiн және кейiн рұқсат етiледi.

      63. Берiлген барлық рұқсатнамалар қатаң есепке алынуға жатады. Бақыланатын аймақтарда жұмыс істейтін барлық адамдар сырт киімінде бекітілген рұқсатнамаларды мұндай аймақтарда болған уақыттың барлық кезеңінде тағуы тиіс.

      64. Әуежай, АҚҚ, кеден, шекаралық органдар қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында авиакомпаниялардың, фирмалардың және жақтас ұйымдардың жұмысшыларынан, егер осы жұмысшылар белгiленген тәртiптi бұзған жағдайда рұқсатнамаларды алып қоюға, және оларды кейiн әуежайдың рұқсатнама бюросына тапсыруға құқығы бар.

      65. Мемлекеттiк қызметкерлердiң автокөлiгi әуежайдың бақыланатын аймағына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бекітілген, Қазақстан Республикасы Кiрiс министрлiгi Кедендiк комитетiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметiмен келiсiлген "Тәртiпке" сәйкес кiредi. Сонымен қатар осы автомашиналар жүргiзушiлерiнiң Әуежайдың арнайы автокөлiк қызметi (бұдан әрi - ӘАҚ) мамандарының сараптамалық қорытындылары негiзiнде берiлген рұқсатнамасы болуы қажет.

      66. Әуежайда тұрақты орналасатын авиакомпаниялардың арнайы автокөлігіне тұрақты рұқсатнама ӘАҚ, ЖЖМ және перондық қызмет мамандарының сараптамалық қорытындылары негiзiнде берiледi. Бақыланатын аймаққа кiретiн барлық автокөлік құралдары қызғылт сары түстегі жылтылдайтын маяктармен жабдықталуы тиіс.
      Авиакомпаниялардың технологиялық автокөлiгi қызмет көрсету аумағына өз әуе кемелерiне ғана жiберiледi және ӘК ұшқаннан кейін бақыланатын аймақта 1 сағаттай қалуға құқығы бар.

      67. Көліктік рұқсатнама мынадай жағдайда қайтадан алынады:
      1) шекаралық, кедендік және бақыланатын аймақта болу тәртібі бұзылған жағдайда;
      2) белгіленген схема мен іс-қимыл аймағын, аэродром бойына қозғалу жылдамдығын және аэродромда болу уақытын сақтамау жағдайында;
      3) ксерокопияны пайдалану немесе рұқсатнама қолдан жасалған жағдайда;
      4) рұқсатнаманы осы рұқсатнамада көрсетiлмеген басқа автомашинаға немесе басқа жүргiзушiге беру жағдайында (инструктаж өтпеген);
      5) жүргiзушiде автомобильдi жүргiзуге куәлiктiң, ӘК-не өтудi куәландыратын құжаттар болмағанда;
      6) аэродром аумағында өндірістік қажеттікке байланысы жоқ адамдармен кіруде;
      7) ӘК-нiң бүтiндiгiне жауапты және аэродромда қауiпсiз қозғалысты ұйымдастырушы, шекаралық және кедендiк аймақтарда болу ережесiн бақылауға жауапты адамдардың талаптарына бағынбауда;
      8) жүргiзуінiң алкогольдiк мас күйiнде.

      68. Мемлекеттік құрылым, авиакомпаниялар, фирмалар қызметкерлері жұмыстан, босатылғанда, басқа ұйымдарға ауысуына және рұқсатнамалардың қолдану мерзiмiнiң бiтуiнде рұқсатнамалардың сақталуы, жинақталуы және уақытында тапсырылуына олардың бiрiншi басшылары жауап бередi.

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникациялар
министрінің       
2000 жылғы 9 қазан N 409-1
бұйрығымен       
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасында халықаралық авиарейстердiң
жолаушыларына қызмет көрсетудiң
ережелерi 1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық авиарейстердің жолаушыларына қызмет көрсетудiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық авиарейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуге негiзгi талаптарды белгiлейдi.

      2. Осы ережелерде пайдаланатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
      1) бақыланатын аймақ - әуежайлардың, аэродромның жұмыс алаңы және оларға жапсарлас аумақ, енуi бақыланатын қызмет ғимараттары, құрылыстар, қоймалар;
      2) тазарту аймағы - тексеру, жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүкті, қол жүктi, қол жүгiн тексерудiң алғашқы бекетi мен әуе кемесiнiң арасындағы бақыланатын оған ену қатал бақыланатын аймақ бөлiгi;
      3) транзиттiк аймақ - шекаралық бақылау бекетi мен әуе кемесiнiң арасындағы тазарту аймағының бөлiгi. Транзиттiк аймақ аумағында жолаушы, оның теңдеме жүгi, қол жүгi қосымша тексеруге, қайта тексеруге жатпайды. Транзиттiк аймаққа ену мүмкiндiгi белгіленген үлгiдегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметінің келісімімен берiлген рұқсатнама бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады;
      4) бақылау тексерiсi - жолаушыларды, азаматтық әуе кемелерiнің мүшелерiн, қызмет көрсетушiлердi, қол жүгiн, почтаны және борттық қорды (бұдан әрi мәтiнде Тексеру), қару-жарақты, жарылғыш заттарды немесе заңсыз араласу әрекетiн жасауға пайдаланылуы мүмкiн басқа да қауiптi құрылғыларды табуға арналған техникалық құралдармен тексеру;
      5) жалпылай тексеру аймағы - авиациялық қауіпсіздік қызметiн тексеру және кедендiк бақылау аймағы;
      6) шекаралық бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздік комитетiнiң шекаралық қызметтiң шекаралық бақылау бөлiмшелерi (органдары) атқаратын iс-шаралар кешенi, оған: Қазақстан Республикасына кiру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығына құжаттарды тексеру;
      көлiктiк құралдар, жүктер және басқа да мүлiктi тексеру;
      көлiктiк құралдарды бақылау және оларды шығарып салу;
      Қазақстан Республикасына кiруге тыйым салынған адамдарды бақылау;
      шекаралық тексерiс жедел және тәртiптiк iс-шаралармен бiрге жүзеге асырылады.
      7) транзиттiк жолаушы - халықаралық әуе тасымалы келiсiмiне сәйкес аралық әуежайға келген рейспен одан әрi қарай тасымалданатын жолаушы;
      8) трансферлiк жолаушы - халықаралық әуе тасымалы келісіміне сәйкес трансфер бекетіне бір рейспен жеткізіліп, әрi қарай сол немесе басқа тасымалдаушының рейсiмен жеткiзiлетiн жолаушы;
      9) транзиттiк жүк (теңдеме жүк) - жүктiк құжатқа сай (қол жүк ведомос) аралық бекетке жеткiзген рейспен одан әрi тасымалданатын жүк (теңдеме жүк);
      10) трансферлiк жүк (теңдеме жүк) - жүктiк құжаттамасына сай (қол жүгi ведомосi) аралық бекеттен трансферлiк бекетке бiр рейспен жеткiзiлiп, одан әрi сол немесе басқа рейстiң тасымалдаушысымен әрi қарай тасымалданатын жүк (теңдеме жүк).

      3. Барлық жолаушылар, теңдеме жүк, қол жүгi, сонымен қатар экипаж құрамы және олардың қол жүгi әуе кемесiнiң бортына көтерiлуге рұқсат берiлгенге немесе тазарту аймағына өткенге дейiн тексерудi өтуi керек.
      Тексеру - билеттер, теңдеме жүк, жүк тiрелгенше жүргiзiледi.

      4. Қол жүгін, теңдеме жүктi, жүктi, почтаны, борттық тамақты, әуе кемесiнiң экипажын және жеке тексеру өткiзу құқығы кедендік органдардың, арнайы дайындықтан өткен әуежайлардың, авиациялық, қауiпсiздiк қызметкерлерiне берiледi.

      5. Жалпылай тексеру аймағын кесiп өтудi бақылау кедендiк органдар мен авиациялық қауiпсiздiк қызметiне, шекаралық бақылау аймағын кесіп өтуді бақылау - шекара органдарының қызметкерлеріне жүктеледі.

      6. Жолаушыда заңсыз араласу әрекетiн жасауға пайдаланылуы мүмкін жарылғыш зат, қару жарақ немесе басқа құралдар табылса немесе бар екенi туралы мәлiмет болған жағдайда тексерiс авиациялық қауiпсiздiк қызметкерлерi iшкi iстер органдары қызметкерлерiмен бiрлесiп жасалынады (шақыру тәртiбi, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң келу уақыты әуежай басшылары мен iшкi iстер органдары әзiрлеген және бекiтiлген өзара iс-қимыл кестесiмен белгiленедi).

      7. Жеке тексерiстен немесе қол жүгi мен теңдеме жүгiн тексеруден жалтаратын жолаушылар тасымалға жiберiлмейдi.

2. Ұшатын жолаушыларға қызмет көрсету

      8. Тексерісі жалпылай тексеру аймағында мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:
      1) тасымалды ұйымдастыру қызметiнiң қызметкерi жолаушылардың авиабилеттерi мен олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексередi, қайта қарауды өту ережесi туралы кеңес бередi де, теңдеме жүк пен қол жүгiн техникалық құралдармен тексеру орындарына өтудi ұсынады. Жолаушылар авиациялық қауіпсiздiк қызметi мен кедендік органдар қызметкерлерi жолаушыларды, теңдеме жүк және қол жүгін техникалық құралдар арқыЛы тексеретiн жалпылай тексеру аймағына өтедi; U952697
      2) Тексерiс аяқталғаннан кейін авиабилетте авиациялық қауiпсiздiк қызметi қызметкерiнiң жеке нөмiрлiк мөртаңбасымен тексеру өткiзiлгенi туралы белгi соғылады.

      9. Жалпылай тексеру аймағындағы кеден қызметiнiң қызметкерлерi:
      тазарту аймағына бөгде адамдардың өтуiне жол бермейдi;
      кедендiк мағлұматтар, төлқұжат, банктiк рұқсатнамалар және кедендiк ресiмдеуге арналған басқа да құжаттарды дайындау қажеттігі туралы жолаушыларды құлақтандырады;
      қолданыстағы кедендiк ережелер туралы азаматтарға кеңес береді, кедендік бақылау аймағындағы тәртіпті сақтайды;
      жолаушылық кеден декларациясының дұрыс толтырылуын тексередi;
      азаматтардан ауызша сұрау алу;
      қажет болған жағдайда қол жүгi мен теңдеме жүгiн тексереді, декларацияда бар валюта мен басқа заттар немесе құндылықтарды салыстырады, анықтама-куәлiктер және басқа да құжаттарды тексередi.
      Тексеру барысында Қазақстан Республикасынан шығаруға тыйым салынған валюта, заттар, басқа да құндылықтар заңдарда белгiленген тәртiпте ресiмделiп, шығаруға жiберiлмейдi.
      Кедендiк ережелердi бұзу, контрабанда табылуы немесе контрабанда бар екендiгi туралы негiздеме болған жағдайда қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әрекет етедi.
      Кедендік ресімдеуді өтпеген жолаушылар тiркеуге жiберiлмейдi.

      10. Кедендiк ресiмдеу мен бақылау аяқталғаннан кейiн кедендік декларацияға мөртаңба қойылады да, жолаушы тіркеу және авиабилаттердi ресiмдеу, теңдеме жүк тапсыру, тасымалдарды қамтамасыз ету қызметтерiнiң отырғызу талондарын беру бағандарына бет алады. Одан әрi жолаушы шекаралық бақылау аймағына өтедi.

      11. Шекаралық бақылау аймағында шекаралық бақылау шекаралық бақылауды оң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк  құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметi Шекаралық қызметiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасы аумағында шет ел азаматтарының болуының заңдылығын айқындауға төлқұжаттарды, визалық тәртiптiң сақталуын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өту құқығына жолаушылар құжаттарының шын мәнділігін тексереді.
      Шекаралық бақылауды өткеннен кейiн шекаралық қызмет жұмысшыларынан төлқұжат пен отырғызу талонын алып, жолаушы транзиттiк аумаққа барады. Ұшақтың ұшуға дайын болуымен әуежай тасымалдарын қамтамасыз ету қызметi қызметкерiнiң жолдауымен, шекара қызметi қызметкерiнiң бақылауымен жолаушылар әуе кемесiнiң бортына жеткiзiледi.

      12. Шет елдiк бағыттағы жолаушыларды көлiк құралдарына отырғызу, сонымен қатар теңдеме жүк, почта, жүктер және басқа да мүлiктер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздік комитетi Шекаралық қызметi органдарының рұқсатымен, кедендік қызметтiң келiсiмiмен жүргiзiледi.

      13. Шет елдiк бағыттағы әуе кемесiн тұрақ орнынан қозғалту Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк Комитетінің Шекаралық қызметi органдарының рұқсатымен жүргiзiледi.

3. Ұшып келетiн жолаушыларға қызмет көрсету

      14. Әуежайлар әкiмшiлiгi әуежайға шоғырландырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiнің бөлімшелерін және кедендiк органда шет елдерден келетiн, кемелерi туралы: уақыты, тиесiлiлiгi, түрi, тоннажы, жолаушылар саны, тасымалданатын жүктің салмағы, орны, тұрақ нөмiрi, осы әуе кемесiне қызмет көрсету бойынша жұмысқа қызмет көрсету қызметшiлерiнiң қай бригадасы жiберiлгендiгi хабарландыруға мiндеттi.

      15. Жолаушыларды қарсы алуды тасымалдарды ұйымдастыру және шекаралық қызмет қызметкерлерi жүзеге асырады, олар жолаушыларды арнайы рәсiмдердi өту туралы құлақтандырады.

      16. Әуе кемесiнiң келуiмен шекаралық және кедендiк қызмет қызметкерлерi экипаж мүшелерiнен қажеттi құжаттар, сонымен қатар әуе кемесiнiң бортындағы санитарлық-эпидемологиялық жағдай туралы ақпараттар алады. Қажет болған жағдайда медициналық қызметтiң уәкiлеттендiрiлген қызметкерлерi шақырылады.

      17. Тасымалды ұйымдастыру қызметiнiң қызметкерi шекара қызмет қызметкерлерiнiң рұқсатымен және бақылауымен жолаушыларды әуежай ғимаратына жеткiзудi жүзеге асырады.

      18. Әуежайы ғимаратына жеткiзiлгеннен кейiн жолаушылар шекаралық бақылау залына (немесе транзиттiк аумаққа) өтедi, қажет болған жағдайда транзиттiк аймақта орналасқан консулдық қызметтiң қызметiмен пайдаланады.

      19. Шекаралық бақылау аймағында жолаушылар төлқұжаттық бақылаудан өтедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздік комитетi Шекаралық қызметінің органдары Қазақстан Республикасынан шығуға құқығы бар шынайы құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтуге бет алған адамдардың өтуiн жүзеге асырады.

      20. Кедендiк бақылауды өткеннен кейiн жолаушылар теңдеме жүктi беру аймағына барады да теңдеме жүгiн алады және кедендiк бақылау аумағына өтедi.

      21. Жолаушылар Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларында белгiленген тәртiппен кедендiк ресiмдеу мен бақылау өтедi.

      22. Кедендiк қызмет қызметкерлерi кедендiк бақылауды жүзеге асыруда:
      1) жолаушыларды кедендік мағлұматтар, төлқұжаттар және басқа да құжаттарды көрсету қажеттiгi жөнiнде хабардар етедi және оларды кедендiк ресiмдеу мен бақылаудан өтуге жiбередi;
      2) жолаушыларды қолданыстағы кедендiк ережелер туралы құлақтандырады, кедендiк бақылау аймағында тәртiптi сақтайды;
      3) жолаушылық кедендiк мағлұматтың дұрыс толықтырылуын тексередi;
      4) бөгде кiсiлердiң тазарту аймағына өтуiне жол бермейдi;
      5) жолаушылардың қол жүгі мен теңдеме жүгін рентгендік-теледидарлық құрылғылардың көмегімен қарауды жүзеге асырады;
      6) жолаушылардан ауызша сұрау алады.
      Қажет болған жағдайда қол жүгi мен теңдеме жүгiн қайта тексередi, мағлұматта айтылған бар валюта мен басқа да заттарды немесе құндылықтарды салыстырады, олар сәйкес келген жағдайда, жеке номерлiк мөртаңбасымен кедендiк мағлұматты куәландырады. U952697
      Кедендік ережелер бұзылған жағдайда, контрабанда табылса немесе контрабанданың бар екенiне негiз болатын жорамал болса, кедендiк қызметтiң, қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес іс-қимыл жасайды.

      23. Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгiленген бажсыз жүк әкелу нормаларынан асатын тауарлар таситын жолаушыларды кедендiк ресiмдеу - жүктiк кедендiк мағлұматты толтырумен жүргiзiледi.

4. Транзиттiк жолаушыларға қызмет көрсету

       24. Транзиттiк рейстiң бағыты туралы жайында ақпарат алынған жағдайда (рейс нөмiрi, ұшып келу уақытының есебi, транзиттiк жолаушылардың саны мен санаты) тиiстi кедендiк, шекаралық органдардың қызметтерi ауысымдарының басшылары транзиттiк рейспен келетiн ұшақты қарсы алу бойынша жауаптыларды тағайындайды және нұсқау бередi.

      25. Әуе кемесiнiң экипажы әуежайдың диспетчерлiк қызметiне ұшақтың бортынан жолаушылар мен экипаж саны, теңдеме жүк пен қол жүгiнiң бар екендiгiн хабарлайды, ал диспетчерлік қызмет хабарланғандарды шекаралық қызмет пен әуежай қызметтерiне жеткiзедi.

      26. Әуе кемесiнiң қонуы мен тұрағының нөмiрi туралы ақпарат алғаннан кейiн әуежай, кеден және шекаралық органдардың қызметкерлерi ұшаққа оның тұраққа бұрылған сәтiнде бет алады.

      27. Шекаралық қызметтiң қызметкерлерi жолаушылардың ұшақтан шығуына рұқсат бередi.
      Халықаралық транзиттiк рейстi ресiмдеудi жүргiзетiн шекаралық органдардың қызметкерлерi ұшақтың ұшып шыққанына дейін шекаралық тәртіпті сақтау үшін әуе кемесінің бортында қалады (шет елдiк әуе кемелерiнен басқалары).

      28. Ұшақтан түскеннен кейiн жолаушылар әуежайдың тасымалдарды ұйымдастыру қызметi қызметкерлерiнiң iлесуiмен және шекаралық органдардың бақылауымен шекаралық тәртіпті қамтамасыз ету үшiн транзиттiк залға шығарылып салынады.

      29. Бөгде кiсiлердiң транзиттiк залда болуына немесе транзиттік аймаққа кіруiне әрекет жасауға тыйым салынады.

      30. Ұшатын жолаушыларды тіркеу аяқталғаны және әуе кемесiнiң ұшуға және экипаждың жолаушыларды қабылдауға дайындығы туралы ақпарат алғаннан кейiн шекаралық органдардың қызметкерлерi транзиттiк (трансферлiк) жолаушылардың әуе кемесiне отырғызылуын бақылайды.

      31. Санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыратын iшкi iстер органдары, тазарту аймағының сыртында болады да, қажет болған жағдайда ғана шақырылады. Сонымен қатар Ішкі Iстер органдары арнайы iс-шаралар жүргізу барысында заңнамамен белгiленген тәртiпте өз қызметiн жүзеге асырады.

      32. Осы ережелердiң қолданылуы дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие тұлғаларға қатысты емес.

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрінің      
2000 жылғы 9 қазан N 409-1
бұйрығымен      
БЕКІТІЛГЕН      

Астана, Алматы және Атырау қалалары әуежайларының
қызметін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

____________________________________________________________________                                      Орындауға жауапты      Аяқтау
N N     Іс-шаралар          Аяқтау    Министрліктер мен      мерзімі
п.п                         нысаны    ведомстволар және
                                            ұйымдар
____________________________________________________________________
А         1                  2              3                 4

               1. Вокзал маңы аумақтарының жұмысын жақсарту

1. Вокзал аумақтарындағы    Жоспар-  Астана, Алматы және    Тұрақты
   жерді, ғимараттарды ж/е  есеп     Атырау қ.қ. әуежай.
   құрылыстарды пайдалануды          ларының бірінші
   Астана, Алматы және               басшылары, КжКМ Аза.
   Атырау қалаларының                маттық авиация
   әкімшіліктерімен                  комитеті 
   келісе отырып жүзеге
   асыру             

2. Такси тұрақтары мен жеке   Пайдала.  Әуежайлардың бірінші   2000
   және қызметтік автокөлік.  нуға      басшылары Астана,      жылғы
   тердің парктік тұрақтарын  енгізу    Алматы және Атырау      ІІІ
   ұйымдастыру және олардың   туралы    қ.қ. тиісінше         тоқсан
   тиісті жұмыс істеуін        акті     әкімшіліктерімен
   ұйымдастыру                          келісе отырып

3. Такси жүргізушілерін        Жоспар-   Астана, Алматы және   2000
   аэровокзалдар ғимараттарын. есеп      Атырау қ.қ. әуежай.   жылғы
   да болдырмау шараларын                ларының бірінші       ІІІ
   қабылдауды қамтамасыз ету              басшылары,          тоқсан
                                         Қазақстан Республика.
                                        сының ІІМ

                  2. Әуежайлардағы сервисті жақсарту

1. СІМ консулдық қызметі        Жоспар-   ҚР Сыртқы істер
   жолаушыларымен даулы          есеп     министрлігі
   жағдайларды реттеуге
   қабілетті қызметкерлер.
   інің тұрақты кезекшілігін
   қамтамасыз ету 

2. Мемлекеттік және ағылшын     Жоспар-  Астана, Алматы және 2000
   тілдерін білетін, кедендік,   есеп    Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   шекаралық және басқа да               ларының бірінші      ІІІ
   мәселелерді жолаушылармен             басшылары, КжКМ     тоқсан
   даулы мәселелерді реттеуге            Азаматтық авиация
   қабілетті аэровокзал әкім.            комитеті, ҚР КМ кеден.
   герлерінен тұрақты кезек.             дік комитеті,
   шілікті қамтамасыз ету                ҚР ҰҚК ШҚ
                                         (келісім бойынша)

3. Халықаралық авиарейстерге    Жоспар-  Астана, Алматы және   2000
   ауызекі қытай тілінде және   есеп     Атырау қ.қ. әуежай.   жылғы
   компьютермен жұмыста қызмет             ларының бірінші
   етуді қамтамасыз етуді қам.             басшылары, КжКМ     ІІІ
  тамасыз ететін кедендік және            Азаматтық авиация   тоқсан
   шекаралық қызметтерге әуежай         комитеті, ҚР КМ кеден.
   қызметкерлерін үйрету жөнінен          дік комитеті,
   шаралар қабылдау                       ҚР ҰҚК ШҚ(келісім
                                          бойынша)

4. Аэровокзалдарда банктік айыр.   Есеп    Астана, Алматы және 2000
   бастау-сервистік пункттерінің           Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   жеткілікті санын ашу, аэровок.          ларының бірінші
   залдарды банкоматтардың жеткі.          басшылары, КжКМ      ІІІ
   лікті санымен жабдықтау                 Азаматтық авиация  тоқсан
                                           комитеті

5. Аэровокзалдарды анықтамалық-   Жоспар-  Астана, Алматы және 2000
   ақпараттық жүйенің(табло,       есеп    Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   монитолар) жеткілікті санымен           ларының бірінші
   жабдықтау                               басшылары, КжКМ      ІІІ
                                           Азаматтық авиация  тоқсан

6. Аэровокзалдар дүкендерінде     Жоспар-  Астана, Алматы және  2000
   dutу-frее, бұл дүкендерде      есеп     Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   дәстүрлі қазақстандық өнім.             ларының бірінші
   дерін, базарлықтарды, көр.              басшылары, КжКМ      ІІІ
   кемөнер бұйымдарын және т.б.            Азаматтық авиация  тоқсан
   іске асыру мүмкіндігін                  комитеті, ҚР МКМ
   қарастыру. Әуежайдың барлық             кедендік комитеті
   сауда нүктелерінде кедендік
   бірдей шартты бағалардың
   бірыңғайлығын қамтамасыз ету

            3. Халықаралық жолаушыларды жөнелту және қабылдау
                           ресімдерін жақсарту

1. Жолаушылармен кедендік және     Жоспар-  ҚР МКМ             2000
   шекаралық қызметтің қызмет.     есеп     кедендік комитеті, жылғы
   керлері арасындағы қарым-                ҚРҰҚК ШҚ (келісім   ІІІ
   қатынас стилін  түбегейлі                 бойынша)         тоқсан
   түрде өзгерту: күдікшілік
   пен теріс ниеттіліктен
   қонақжайлылыққа және қажетті
   ресімдерді мүмкіндігінше
   байқаусыз жасау. Кедендік және
   шекаралық қызметкерлері
   жолаушыларды күту мәдениетіне
   оқытуды ұйымдастыру

2. Кедендік және шекаралық ресім.   Жоспар-  ҚР МКМ            2000
   дерді өтуге қажетті, сондай-ақ    есеп   кедендік комитеті, жылғы
   кедендік және шекаралық бақылау.         ҚРҰҚК ШҚ (келісім   ІІІ
   дың бар барлық пункттерін бір              бойынша)        тоқсан
   мезгілде пайдалану жолымен
   уақытты мейлінше қысқарту

3. Аэровокзалдарды анықтамалық-      Есеп  Астана, Алматы және 2000
  ақпараттық жүйелердің жеткі.             Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   лікті санымен жабдықтау                  ларының бірінші
                                           басшылары, КжКМ      ІІІ
                                           Азаматтық авиация  тоқсан
                                            комитеті, ҚРІІМ
                                           ҚР ҰҚК ШҚ(келісім

4. Аэровокзалдарда duty-free         Есеп  Астана, Алматы және 2000
   дүкендерін ұйымдастыру, аталған         Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   дүкендерде қазақстандық дәстүр.         ларының бірінші
   лі өнімдерінің, базарлықтарының,        басшылары, КжКМ     ІІІ
   көркемөнер кәсіпшіліктерінің            Азаматтық авиация  тоқсан
   бұйымдарының және т.б. болуын           комитеті,
   қамтамасыз ету.                         ҚР ҰҚК ШҚ(келісім
   Әуежайлардағы барлық сауда                бойынша)
   мекендерінде бағалардың бірдей.
   лігін кедендік теңдес шарттар
   жасай отырып қамтамсыз ету.

5. Кеден және шекара қызметкер. Бұйрықтар Астана, Алматы және Тұрақ.
   лерінің  жолаушыларымен                Атырау қ.қ. әуежай.   ты
   қарым-қатынас стилін түбегейлі         ларының бірінші
   өзгерту: шүбәланудан және теріс        басшылары, КжКМ
   ниеттіліктен қонақжайлылыққа           Азаматтық авиация
   және қажетті рәсімдерді                комитеті,
   мүмкіндігінше байқаусыз                ҚР МКМ кедендік
   етуге тырысу. Кеден және                  комитеті
   шекара қызметкерлерін жолаушы.
   ларға мәдениетті қызмет етуге
   үйретуді ұйымдастыру

6. Консулдық пункттердің жаңа   Жобалық   Астана, Алматы және  2000
   дизайнын әзірлеу             құжат.    Атырау қ.қ. әуежай.  жылғы
                                тамалық   ларының бірінші
                                          басшылары, КжКМ      ІІІ
                                          Азаматтық авиация   тоқсан
                                          комитеті, ҚР СІМ

7. "Қазақстан Республикасының    Жобалық   Астана, Алматы және 2000
   визаларын беру тәртібі"       құжат.   Атырау қ.қ. әуежай.  жылғы
   анықтамалық стендінің         тамалық   ларының бірінші
   дизайнын әзірлеу                        басшылары, КжКМ     ІІІ
                                           Азаматтық авиация  тоқсан
                                           комитеті, ҚР СІМ ____________________________________________________________________
8. Консулдық пункттерде қазақ,    Есеп     Астана, Алматы және 2000
   ағылшын тілдерінде                      Атырау қ.қ. әуежай. жылғы
   "Қазақстан Республикасының              ларының бірінші
   визаларын беру тәртібі"                 басшылары, КжКМ      ІІІ
   стендінде көрсету таблосын              Азаматтық авиация  тоқсан
     орнату                                    комитеті

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262472
    Қазақ тілінде 131038
    Орыс тілінде 130540
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы