Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін және Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 мамырдағы N 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2891. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер базасын "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысының талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында Бұйырамын:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі (1-қосымша);
     2) Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасы (2-қосымша) бекітілсін.
     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Наурызәлиевке жүктелсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

"Пайдаланушы сертификатын алу,   
Пайдаланушы сертификатын       
пайдалану жөніндегі арнайы      
ережелерге өзгеріс енгізу үшін    
өтінімге қоса берілетін құжаттар  
тізбесін және Азаматтық әуе     
кемелерін пайдаланушыны       
сертификаттық тексерудің үлгілік  
бағдарламасын бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар   
Министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті төрағасының        
2004 жылғы 17 мамырдағы      
N 91 бұйрығына          
1-қосымша             

Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі 1. Пайдаланушының сертификатын алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесіне 2-қосымшаға сәйкес өтінім.

     2. Мыналарды:
     1) өтініш берушінің негізгі деректері мен құрылтайшыларын;
     2) авиатасымалдардың және авиациялық жұмыстың түрлерін, орналасқан орнын, базалануын, ұшу өңірлерін;
     3) өтініш берушінің басшылығын;
     4) әуе кемелерінің деректерін;
     5) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
     6) ұшу жұмысын ұйымдастыруды;
     7) ұшуды қамтамасыз етуді қамтитын ақпарат.

     3. Өтініш беруші жарғысының көшірмесі және құрылтай шарты.
     4. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
     5. Аудиторлық есеп беру және қаржылық жай-күйі туралы анықтама.
     6. Ұйымдық құрылым, штат кестесі.

     7. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрам мен мамандардың міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар.

     8. Экипаждың жұмыс уақыты мен демалысы туралы ереже, соның ішінде бір әуе кемесінде экипаждың ең аз құрамымен (нақты әуе кемесінің ҰПБ сәйкес) және күшейтілген экипажбен немесе екі экипажбен ұшу кезінде.

     9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметті сертификаттау ережесіне 2-қосымшаға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрам мен мамандар жөніндегі деректер.

     10. Командалық-ұшу, нұсқаушылар және ұшу құрамы туралы деректер:
     1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымдарының уәкілетті органдармен келісілуін растайтын құжаттар, ұшу қызметінің басшысы, аға ұшқыш, ұшу қауіпсіздігі инспекциясының бастығы, инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы;
     2) лауазымы;
     3) тегі, аты, әкесінің аты;
     4) салғашқы дайындық;
     5) ұшу құрамы куәлігінің класы, нөмірі және жарамдылық мерзімі, кім берген;
     6) жалпы ұшуы;
     7) әуе кемелерінің түрлері бойынша, әуе кемесінің командирі ретіндегі ұшулары, минимумы, қатарға енгізуге өткізген (өткізілетін) құжаттың атауы, соңғы біліктілік тексерудің күні (ұшу техникасы, ұшақ жүргізу, ұшудағы тәжірибелік жұмыстар);
     8) дәрігерлік куәландыру, куәліктің жарамдылық мерзімі;
     9) байланысты ағылшын тілінде жүргізуге рұқсаты, бітіргені туралы құжаттың нөмірі, кім және қашан берген;
     10) мамандығы бойынша біліктілігін жоғарылатудың соңғы курстары;
     11) ағылшын тілі бойынша біліктілігін жоғарылатудың соңғы курстары;
     12) апаттық жағдайдағы іс-қимылдар бойынша машықтарға үйрету және қолдау көрсету;
     13) ұшу техникасын қамтамасыз ету, ұшақ жүргізу мен ұшудағы тәжірибелік жұмыстарды қамтамасыз ету, тренажерлік дайындық, техникалық оқу, күрделі метеожағдайында кіру, ұшу ақпарат құралдары жөніндегі бақылау қандай құжаттарға сәйкес жүргізіледі;
     14) соңғы жұмыс орны (мекеменің аты, қызметі, мезгілі).

     11. Олардың негізінде ұшу қызметі жүзеге асырылатын пайдаланушының басшысы бекіткен құжаттардың тізбесі.

     12. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының ұшуларды орындауы жөніндегі басшылық.

     13. Олардың негізінде техникалық қызмет көрсету жүргізілетін пайдаланушының басшысы бекіткен құжаттардың тізбесі.

     14. Пайдаланушының басшысы бекіткен пайдаланушының азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылық.

     15. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, ұшу жарамдылығы сертификаттарының, әуе кемесіндегі шулар бойынша сертификаттардың көшірмесі (егер әуе кемесі зауыттан сатып алынған болса тапсырыс берушінің әуе кемесін қабылдап алғаны туралы техникалық акті).

     16. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмесі.

     17. Ұшуларды қамтамасыз ету, әуе кемелерін бірлесіп пайдалану, авиациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және т.б. шарттарының көшірмелері.

     18. Кәсіпорынның тауарлық (фирмалық) белгісіне патент барлығын растайтын құжаттың көшірмесі.

     19. Пайдаланушының басшысы бекіткен әуе кемелерін бояу үлгілері мен пайдаланушының басшысы бекіткен және Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің басшысымен келісілген мәтіндік сипаттамасы.

     20. Әуе қозғалысын басқаруды ұйымдастыру туралы анықтама:
     1) ӘҚҰ пайдаланылатын аумақтары, әуе жолдарының ішкі және халықаралық учаскелері;
     2) ӘҚҰ жүзеге асыратын диспетчерлік пункттері;
     3) мамандармен толықтыру және оларды даярлау;
     4) ӘҚҰ мамандарын ағылшын тілінде жұмыс істеуге даярлау;
     5) ұшуды жоспарлау;
     6) ұшу жоспарын қамтамасыз ету;
     7) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
     8) ӘҚҰ мен байланыстың радиотехникалық құралдары;
     9) метеорологиялық қамтамасыз ету;
     10) әуежайлардың ӘҚҰ қызметтерімен әуе қозғалысын қамтамасыз етуге шарттар жасасу.

     21. Әуеайлақтар мен әуежайлар (негізгі және тіркелген) туралы анықтама:
     1) атауы;
     2) санатталған әуеайлақ сертификатының нөмірі, оның қолдану және жарамдылық мерзімі;
     3) иесі;
     4) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні;
     5) класы;
     6) халықаралық тасымалдарды қамтамасыз етуге дайындығы;
     7) пайдалануға рұқсат етілген: әуе кемелерінің түрлері, күн, түн;
     8) әуеайлақтың (ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы, тұрақ орын, олардың белгілері) қысқаша сипаттамасы;
     9) жасанды ұшу-қону жолағы мен топырақты ұшу-қону жолағының әрбір бағыты бойынша мәліметтер: МКп, жамылғы, жарықтандыру жабдығы, минимум;
     10) қандай аэронавигациялық ақпарат құжаттарында әуеайлақ туралы деректер жарияланған;
     11) әуеайлақты пайдалануға, қамтамасыз ету құралдарына шарттардың болуы (атап көрсетілсін).

     22. Ұшуларды іздестірудің және апаттан құтқарудың қамтамасыз етілуін ұйымдастырудың сипаттамасы немесе шарттың көшірмесі.

     23. Азаматтық авиация қызметіне заңсыз килігу әрекеттерін болдырмау жөніндегі шаралар туралы құжаттар.

     24. Халықаралық ұшуларға арналған құжаттар:
     1) халықаралық ұшулар үшін өтініш беруші әзірлеген құжаттар;
     2) пайдаланушының басшысы бекіткен халықаралық ұшуларды орындауға арналған нормативтік және ұшу құжаттамасының тізбесі;
     3) халықаралық тасымалдарды орындау кезінде жолаушылар мен жүкті тіркеуге арналған залдың барлығы туралы ақпарат (зал бақылауға арналған қажетті жабдықпен жабдықталуы тиіс);
     4) халықаралық коммерциялық тасымалдары үшін жүкті жинақтауды, ресімдеуді және жөнелтуді қамтамасыз етуге арналған жүк кешені туралы ақпарат;
     5) жолаушыларды, экипаждар мен жүктерді тасымалдауда кедендік, паспорттық, санитарлық және карантиндік тексеруді қамтамасыз ету туралы ақпарат;
     6) халықаралық рейстердің жолаушыларын орналастыру және тамақтандыруға арналған қонақ үйлер, мейрамханалар, кафе туралы ақпарат.

     25. Жүк және жолаушылар тасымалын ресімдеуге арналған тасымалдау құжаттарының тізбесі, егер пайдаланушы дербес жұмыс істесе (шарт бойынша емес):
     1) жиынтық-жүк тиеу ведомостары;
     2) бас декларациялар;
     3) жүктің нөмірлік белгілері;
     4) "VIP" белгілері;
     5) тіркеу ведомостары;
     6) купондардың тізілімдері;
     7) багаж ведомостары;
     8) отырғызу талондары;
     9) багажды, жолаушылар мен жүкті тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы актілер;
     10) жолаушылар манифесі;
     11) жүк құжаттамасы;
     12) жүк манифесі;
     13) 1, 2 және одан да көп тасымалдаушыға авиабилеттер;
     14) 1, 2-тасымалдаушыға арналған түрлі алымдардың ордерлері;
     15) жүктің нөмірлі құжаттамасы;
     17) 1, 2-тасымалдаушыға арналған ақылы жүктің төлемқағазы.

     26. Әуе кемелері туралы деректер және әуе кемелерінің түрлері мен олардың жабдықтары бойынша техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың сипаттамасы, сондай-ақ әрбір әуе кемесін орналастыратын жер туралы анықтама.

     27. Әуе кемелерін пайдалану бойынша шектеулер:
     1) түрі;
     2) тіркеу нөмірі;
     3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының I, II, III санаттары;
     4) аймақтық навигация жүйесіндегі ұшуларға рұқсаты;
     5) қысқартылған тік эшелондау жағдайындағы ұшуға рұқсаты;
     6) қақтығысуларды ескерту жүйесімен жабдықтау.

     28. Әуе кемелерін пайдалану құқығын ұсынатын келісім-шарттардың көшірмелері және әуе кемелерін жалдау туралы мәліметтер:
     1) Қазақстан Республикасында тіркелген жалданған әуе кемелері;
     2) Шетел мемлекетінде тіркелген экипажымен бірге жалданған әуе кемелері;
     3) Қазақстан Республикасына экипажымен немесе экипажсыз жалға берілген әуе кемелері;
     4) Шетелдік мемлекетке экипажымен немесе экипажсыз жалға берілген немесе шетелде жұмыс істейтін әуе кемелері;
     5) Қазақстан Республикасында тіркеліп және әуе кемесін экипажымен бірге жалдау шарты бойынша пайдаланылатын әуе кемелері.

     29. Сертификаттау бойынша жұмыстарға ақы төлегені жөніндегі төлемқағазы.

2. Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі

     30. Пайдалану сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге әуе кемесін (бұдан әрі - ӘК) енгізу кезінде өтінім беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесіне 2-қосымшаға сәйкес өтінім;
     2) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
     3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;
     4) ӘК мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
     5) ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесі, борттық радиостанцияға рұқсат, лицензия (қолдану мерзімі);
     6) ӘК жалға алу (егер ӘК жалға алынса) шартының көшірмесі және қабылдау-тапсыру актісі;
     7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен міндетті сақтандыру түрлерін растайтын сақтандыру полистерінің көшірмесі;
     8) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы қорытындысының көшірмесі;
     9) дезинсекция және дератизация жөніндегі жұмыстарды жүргізгендігі туралы анықтама;
     10) ӘК техникалық жай-күйін тексеру және оның жарамдылығын анықтау актісі;
     11) дәлелдік құжаттамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

     31. Пайдалану сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге экипажды енгізу кезінде өтініш беруші мыналарды:
     1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесіне 2-қосымшаға сәйкес өтінімді;
     2) осы Тізбенің 10-тармағына сәйкес командалық-ұшу, инструкторлық және ұшу құрамы туралы деректерді;
     3) авиациялық персоналға сақтандыру полисінің көшірмесін;
     4) мамандардың ұшу куәліктерінің көшірмесін;
     5) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;
     6) біліктілігін жоғарылату курсын өткендігі туралы құжаттың көшірмесін ұсынады.

     32. <*>
      Ескерту: 32-тармақ алынып тасталды - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 22 бұйрығымен .

     33. Қайта жөнделген, қолмен немесе машинкамен жазылып түзетілген, қолы және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

"Пайдаланушы сертификатын алу,   
Пайдаланушы сертификатын       
пайдалану жөніндегі арнайы      
ережелерге өзгеріс енгізу үшін    
өтінімге қоса берілетін құжаттар  
тізбесін және Азаматтық әуе     
кемелерін пайдаланушыны       
сертификаттық тексерудің үлгілік  
бағдарламасын бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар   
Министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті төрағасының        
2004 жылғы 17 мамырдағы      
N 91 бұйрығына          
2-қосымша             

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасы

АӘК пайдаланушының атауы _____________________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N ________________________
Тексерушінің аты-жөні, қызметі _______________________
____________________________________________________________________
р/с |      Бағдарлама бойынша позицияның         |Сәйкестік|Сәйкес.
N-і | нөмірлері және тексерілетін элементтер     |  бағасы | сіздік
   |                                            |   (-+)  |позиция.
   |                                            |         | сының
   |                                            |         | нөмірі

 1 |                   2                        |     3   |   4

1. Ұсынылған дәлелдеу құжаттамасы жиынтығының болуы және
                       сәйкестігі

1)  Пайдаланушы сертификатын алуға өтінім.
2)  Пайдаланушы жарғысының көшірмесі
   (құрылтай шарты).
3)  Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің
   көшірмесі.
4)  Аудиторлық анықтама және қаржылық жай-күйі
   туралы анықтама.
5)  Пайдаланушының ұйымдық құрылымы, штат
   кестесі, жүктелген функцияларды орындауға
   жеткіліктілігі.
6)  Басшы құрамның және авиация мамандарының
   міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін
   лауазымдық нұсқаулықтар.
7)  Экипаждың жұмыс уақыты және демалысы туралы
   ереже, соның ішінде бір әуе кемесінде
   экипаждың ең аз құрамымен (нақты әуе
   кемесінің ҰПБ сәйкес) және күшейтілген
   экипажбен немесе екі экипажбен ұшу кезінде.
8)  Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей
   байланысты басшы құрам мен мамандар
   жөніндегі деректер, олардың сәйкестігі.
9)  Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшу құрамы,
   қызмет көрсетуші қызметкерлер туралы
   деректер және олардың дұрыстығы.
10) Ұшу қызметі жүзеге асырылатын, негізгі
   құжаттар тізімі.
11) Ұшу өндірісі жөніндегі басшылық, ашылатын
   мәселелердің толықтығы. Енгізілетін
   өзгерістердің белгіленген талаптарға
   сәйкестігі және уақтылығы.
12) Олардың негізінде Азаматтық әуе кемелеріне
   (бұдан әрі - ӘК) техникалық қызмет көрсету
   жүргізілетін құжаттардың тізбесі мен
   бар болуы.
13) Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету
   жөніндегі басшылық, ашылатын мәселелердің
   толықтығы. Енгізілетін өзгерістердің
   белгіленген талаптарға сәйкестігі және
   уақтылығы.
14) ӘК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
15) ӘК ұшуға жарамдылық сертификаты, борттық
   радиостанцияларға рұқсаттар, лицензия
   (қолданылу мерзімі).
16) Жердегі шу бойынша ӘК жарамдылығы
   туралы куәлік.
17) Тапсырыс берушінің ӘК қабылдағаны туралы
   техникалық акті (егер ӘК жалға алынған
   немесе меншікке сатып алынған болса).
18) ӘК сақтандыру полистері (жарамдылық
   мерзімі мен аумағы).
19) Ұшуды орындайтын мамандарды сақтандыру
   полистері (жарамдылық мерзімі және аумағы,
   мамандардың тізімі).
20) Үшінші адамдар алдындағы азаматтық
   жауапкершілікті сақтандыру полистері
   (жарамдылық мерзімі мен аумағы).
21) Жолаушыларды, багажды, почтаны, жүктерді
   сақтандыру полистері (жарамдылық мерзімі).
22) ӘК жалға алу шарттарының көшірмелері
   (қолданылу мерзімі).
23) Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз
   ету жөніндегі шарт.
24) Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
   жөніндегі шарт.
25) Авиациялық қызметкерлердің біліктілігін
   жоғарылату курстарынан өтуге
   арналған шарт.
26) Негізгі әуеайлақты пайдалануға арналған
   шарт (авиациялық қауіпсіздікті және
   апаттан құтқаруды қамтамасыз ету).
27) Техникалық қызмет көрсету (жедел,
   мерзімдік, күрделі жөндеу) шарты.
28) Экипаждардың тренажерлік дайындығын
   өткізу шарты.
29) Дәрігерлік қамтамасыз етуге, карантиндік
   іс-шараларға (ДҰСК, ұшу алдындағы және
   ауысым алдындағы дәрігерлік тексеру)
   арналған шарт.
30) СЭС-пен шарт (ӘК дезинсекциялау және
   дератизациялау бойынша жұмыстарды
   жүргізу туралы анықтамасы).
31) Ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз
   ету шарты.
32) Авиациялық тасымалдарды, кедендік және
   паспорттық тексеруді қамтамасыз ету
   және әуежайдағы қызмет көрсету шарты.
33) Пайдаланушының Азаматтық авиация
   комитетінде келісілген мәлімделген ӘК
   мәтіндік сипаттамасы мен бояу эскиздері.
34) Iздестіруді және апаттан құтқаруды
   қамтамасыз ететін ұйымның сипаттамасы.
35) Тауарлық белгіге патенттің барлығын
   растайтын құжат.
36) Әуе қозғалысын басқаруды ұйымдастыру
   туралы анықтама.
37) Негізгі әуеайлақтар мен пайдаланылатын
   әуежайлар туралы анықтама.
38) АА қызметіне заңсыз килігу әрекетін
   болдырмау жөніндегі шаралар туралы
   құжаттар мен басшылық.
39) Халықаралық ұшуларды орындауға арналған
   ұшу және нормативтік құжаттардың тізбесі
   және бар болуы.
40) Жүк және жолаушылар тасымалын ресімдеуге
   арналған тасымалдау құжаттамалары, егер
   пайдаланушы дербес жұмыс істесе.
41) Әуе кемелері туралы мәліметтер және әуе
   кемелерінің түрлері мен олардың жабдықтары
   бойынша техникалық қызмет көрсетуді
   ұйымдастыру сипаттамасы, сондай-ақ әрбір
   әуе кемесін орналастыратын жер туралы
   анықтама.

                 2. Ұшу жұмысын ұйымдастыру

1.  Ұйымдық құрылым.
1)  Штат саны және толықтығы.
2)  Басқару звеносының біліктілігі, біліктілік
   талаптарына сәйкестігі.
3)  Басқа пайдаланушылардың ұшу құрамын
   пайдалану.
2.  Ұшу жұмысын жоспарлау
1)  Ұшу-штабтық құжаттаманы жүргізу.
2)  ҰКҚ дайындық, жаттығу және тексеру
   кестесінің бар болуы және жоспарын жүргізу.
3)  Осы үлгідегі ӘК-нде дербес ұшуға (жұмысқа)
   рұқсат беру үшін ұшу құрамын даярлау және
   тексеру.
4)  Мамандығы  бойынша біліктілігін растау
   және жоғарылату.
5)  Ұшу құрамы куәлігінің жарамдылық мерзімін
   ұзарту.
6)  Ұшу құрамы класын жоғарылату үшін даярлау.
7)  Ұшу жұмысындағы үзілістен кейін ҰҚ ұшуға
   жіберу тәртібін сақтау.
8)  Нұсқаушылар құрамын даярлау.
9)  АА оқу орындарында ұшу құрамының
   біліктілігін жоғарылату (ӘК басқа
   түрлеріне қайта оқу).
10) Экипаждардың алдын ала дайындықтарын
   жүргізу.
11) Күрделі ауа райы жағдайларында қонуға тоқсан
   сайын кірудің орындалу тұрақтылығы, ең аз
   мөлшерді растау.
12) Ұшу құрамын күрделі ауа райы жағдайларында
   ұшуға жіберу үшін дайындау және тексеру.
13) Қонуға кірудің автоматты құралдарын
   пайдалана отырып ұшуға рұқсат беру үшін ұшу
   құрамын даярлау және тексеру.
14) Көктемгі-жазғы навигация (КЖН) және
   күзгі-қысқы навигацияға (КҚН) даярлау және
   даярлауды тексеру (даярлау жоспары,
   жоспардың құрылымдық мазмұны, шараларды
   орындау мерзімдері, ұшу-техникалық
   конференциясын өткізу).
15) Кешенді тренажерлерде немесе экипаж
   кабинасы тренажындағы даярлық
   бағдарламаларының болуы.
16) Ұшу құрамын әуе кемесінің басқа түрлеріне
   қайта даярлау бағдарламаларының сақталуы.
17) Экипаж мүшелерінің ұшу және жұмыс уақыты
   нормаларын сақтауы.
18) Ұшу құрамының негізгі әуежайларда, аралық
   және соңғы әуежайларда ұшудан кейін
   үздіксіз демалу ұзақтығы.
19) Командалық ұшу құрамының дербес ұшу
   нормаларын жоспарлау, тұрақтылығы және
   орындау.
20) Ұшу құрамына демалысты жоспарлау, демалыс
   кестесі бойынша мерзімдерінің сақталуы.
21) ӘК бірнеше түрлерінде ұшуды орындайтын ҰҚ
   үшін белгіленген талаптарды орындау.
22) Ұшу құрамының ДҰСҚ өтуі: (тоқсан сайынғы
   дәрігерлік тексеру).
3.  Ұшу құрамының кәсіби даярлығы.
   Теориялық даярлық:
1)  Нормативтік құжаттардың бақылау
   данасының болуы.
2)  Жоспарланған мерзімге арналған теориялық
   даярлықтың жоспары мен тақырыбы.
3)  Дербес даярлық (жеке тапсырмалар).
4)  Оқытушылардың құрамы және оларда пәндер
   бойынша бекітілген конспектілердің болуы.
5)  Ұшу бөлімшелері жайларының болуы және
   олардың жәй-күйі, оларда өндірістік
   санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының
   сақталуы.
6)  Оқу-әдістемелік базасының жабдығы: ұшу-
   әдістемелік кластары, бөлімшелердің
   техникалық кластары, техникалық кітапхана,
   АА әдістемелік құжаттары, оқу көрнекі
   құралдары, оқытудың техникалық құралдары
   мен әдістемелік құралдар.
7)  Сабақтарды тексеру, ұшу құрамының
   сабаққа қатысуы.
8)  Білімді тексеру нысандары теориялық
   даярлықты тексеру, есепке алу нысандары
   мен әдістері.
   Тренажерлық даярлық:
9)  Тренажерлық база, пайдаланылатын ӘК
   түрлеріне сәйкестігі.
10) Ұшу құрамын даярлаудың жоспарлы мерзімдерін,
   көлемі мен бағдарламаларын сақтау.
11) КҰҚ тренажерлық даярлыққа жеке қатысуы және
   оны бақылау.
12) Тренажер нұсқаушыларының құрамы, олардың
   кәсіби және әдістемелік даярлығының деңгейі,
   қойылатын талаптарға сәйкестігі.
13) Тренажерлік техниканың техникалық жай-күйі.
14) Ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар мен әуе
   кемесін апаттық жағдайларда тастап шығу
   жөніндегі экипаждың жаттығуын ұйымдастыру
   және уақытшалығы.
   Экипажды және оларды ұшуға жіберуді қалыптастыру:
15) Экипаж құрамын бекіту тәртібі және
   есепке алу.
16) Экипаждардың тұрақтылығы.
17) Экипаждардың бағыттар (жұмыс аудандары)
   бойынша әуеайлақтарға жеткізілуі,
   экипаждардың таудағы әуеайлақтарға жетуін
   ұйымдастыру.
18) Авиациялық жұмыстарды орындау жөніндегі
   ұшуларды орындауға экипаждардың даярлығы.
19) Технология мен технологиялық кестеге
   сәйкес, экипаждың ұшу алдындағы дайындығын
   өткізуді ұйымдастыру.
20) Ұшуларды орындауды қамтамасыз ететін
   қызметтерге экипаждарды даярлау.
21) Есепке алу және ұшу құжаттарын тексеру
   мен жүргізуді ұйымдастыру (ұшуға берілген
   тапсырма, кіндіктеу кестесі, штурмандық
   борттық журнал, тасымалдау құжаттары).
22) Экипаждың ұшудан кейінгі талдауын
   ұйымдастыру және өткізу.
23) Базадан тыс ұшуларды орындайтын экипаждарды
   бақылауды ұйымдастыру.
   Халықаралық ұшулар:
24) Халықаралық ұшуларды орындауға дайындық
   бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық
   авиациясының көлік авиациясының ұшу
   құрамын даярлау бағдарламасы (ҚР АА
   КАУҚДБ-96) талаптарын сақтау.
25) Дайындық ережелерін сақтау және тректер
   бойынша ұшуды орындау.
26) Халықаралық әуе жолдары үшін біліктілікті
   жоғарылату курстарынан (білімді жоғарылату
   курстары) өту мерзімдерін сақтау.
27) Халықаралық әуе жолдары бойынша бірінші
   рет ұшуды орындайтын экипаждарды алып өту.
28) BRNAV, ETOPS жүйелері бойынша ұшуларды
   орындауға экипаждардың даярлығы.

3. Ұшу жұмыстарын талдау және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі

1)  Ұшуларды талдауды жүргізу мерзімдері және
   журналдың болуы (бөлімшелер бойынша).
2)  Тексерушілердің ұшу құрамын тексеру
   материалдары (ұшу кітапшалары, дайындыққа
   тапсырмалар, ұшу техникасын тексеру
   актілері, ҰЖ, практикалық жұмыс).
3)  Авиация қызметкерлері куәлігінің болуы
   және оны ресімдеу.
4)  Ұшу ақпаратын, борттағы және жердегі
   ұшу параметрлері мен сөйлесулерін тіркеу
   құралдарын талдау материалдары (талдау
   және пайыздық қамту).
5)  Авиациялық оқиғаларды белгіленген тәртіппен
   есепке алу.
6)  Ұшу қауіпсіздігі бойынша талдаулар жасау.
7)  Авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі
   жұмысқа дайындалған мамандардың болуы.
8)  Авиациялық оқиғаларды болдырмау жөніндегі
   алдын алу.
9)  Бортсеріктердің, бортоператорлардың,
   бақылаушы ұшқыштардың дайындық сәйкестігі
   және жұмыс технологияларын орындауы
   (жолаушыларға нұсқау беру).
10) Қауіпсіздік жөніндегі тексерушілердің
   тексеру материалдары, ұшудың орындалуын
   жедел бақылау.
11) Аттестациялық комиссияның құрамы және оның
   жұмысын ұйымдастыру.

                  4. Өндірістік база

1)  Техникалық қызметке және авиация техникасын
   жөндеуге арналған қоймалар мен ықтамалардың
   болуы және оларды жабдықтау. Олардың
   Азаматтық авиацияда авиациялық техниканы
   техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі
   тәлім (АА АТТПЖТ) талаптарына сәйкес болуы.
2)  Инженерлік-техникалық құрамға арналған
   өндірістік ғимараттардың, тұрмыстық жайлардың
   болуы және олардың жәй-күйі. Оларда
   өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі
   ережелерінің сақталуы.
3)  Жалға алынған құрылыстарды және жердегі
   қызмет көрсету құралдарын пайдалану
   шарттарының болуы.

                      5. Әуе кемелері

1)  Қолда бар ӘК, олардың жабдығының
   мәлімденген жұмыс түрлеріне сәйкестігі.
   (ХӘЖ, АХШП үшін).
2)  ӘК түсінің бекітілген сипаттамаға
   сәйкестігі.
3)  ӘК жалпы техникалық жай-күйі.
4)  Кеме құжаттарының жиынтығы, ресімдеу
   тәртібі және мазмұны.
5)  ӘК ас үй және әжетхана жабдығының, жүк
   бөліктерінің техникалық жай-күйі.
6)  ӘК апаттан құтқару және өртке қарсы,
   оттегі жабдығының, апаттық шығу есіктерінің,
   апаттық жүзу құралдарының болуы және
   жәй-күйі.
7)  Жүк тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды
   орындайтын ӘК арналған арнайы жабдықтың
   техникалық жай-күйі.
8)  Жерде ӘК мұздануға қарсы өңдеу процедурасы.
9)  Жолаушыларды апаттық көшіруге дайындық
   жөніндегі нұсқау.
10) ӘК санитарлық және эпидемиологиялық
   жай-күйі (медициналық дәріхананың болуы
   және толықтығы, санитарлық журнал).
11) ӘК ЖЖМ құю рәсімі және оның ережесін сақтау.
12) Тұрақ орындарының жай-күйі, олардың белгісі,
   тұрақтарда, жердегі жабдықтарға арналған
   аймақтардың, жұмсалған ЖЖМ өрт құралдарын
   жинау орындарының болуы, ұшуға дайындық
   аялдамаларының жай-күйі.
13) Экипаждарға жердегі қызметтерден ӘК
   қабылдау-беруді және керісінше ұйымдастыру,
   ӘК күзетке тапсыру.
14) ХӘЖ ұшуларды орындауға қажетті ӘК жабдығының
   жай-күйі және толықтығы.
15) ӘК маусымдық дайындығы.

               6. Ақпараттық қамтамасыз ету

1)  Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттың
   (бұйрықтар мен нұсқаулардың) түсуінің
   уақтылығы.
2)  Нормативтік және басшылық құжаттарға
   өзгерістердің түсуі және оларды енгізу.
3)  Пайдаланушының жеке құрамына ұшулардың
   қауіпсіздігі жөніндегі бұйрықтарды,
   нұсқауларды және ақпаратты жеткізудің және
   зерделеудің уақтылығы.

7. Еңбекті қорғау, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету

1)  Еңбекті қорғауды ұйымдастыру.
2)  Еңбекті қорғау жөніндегі құжаттардың
   болуы және сапасы.
3)  Жеке қорғау құралдарының болуы.
4)  Авиация қызметкерлерінің нысанды және
   арнайы киімдерінің болуы.
5)  Аэронавигациялық қызметтер үшін берешек
6)  Әуежайлық қызметтер үшін берешек
7)  Жалақыны төлеу бойынша берешек

     Ескерту:
     (*) Осы пайдаланушы үшін міндетті емес;
     (-1) Пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер.
     (-2) Келісілген мерзімдерде жойған жағдайларда немесе шектеулер енгізілгенде, пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер.
     (-3) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтірмейтін және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіргенде жоюға болатын сәйкессіздіктер.

     Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі  _________ бетте (беттерде)

     Тексерушілер:  _______________________________________
                    _______________________________________
                    _______________________________________
                    _______________________________________
                                 (қолы, Т.А.Ә.а)

Таныстым: ӘК пайдаланушының басшысы: _______  _______________
                                    (қолы)   (қолы, Т.А.Ә.а)

Сертификаттық тексерудің жүргізілген күні: 200_ жылғы "___"_______

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық
тексерудің үлгілік бағдарламасына сәйкессіздіктер
тізбесі

___________________________________________________________________
                      (пайдаланушының аты-жөні)

Сертификаттық тексеру  |  Сәйкессіздіктің сипаттамасы  | Ескерту
 бағдарламасындағы    |                               |
 сәйкессіздіктің N    |                               |

        1             |               2               |    3

Тексерушілер: ____________________
              ____________________
              ____________________
              ____________________
                    (қолы)

Таныстым: ___________________________________________________
             (ӘК пайдаланушының басшысы, аты-жөні, қолы)

Сертификаттық
тексерудің жүргізілген күні: 200__ жылғы "___"_____________

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264095
    Қазақ тілінде 131816
    Орыс тілінде 131362
    Ағылшын тілінде 917
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы