Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 364 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6470 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) «Нысанды киiм кию, қамтамасыз ету нормалары ережесiн және нысанды киiм киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының м.а. 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тіркелген);
      2) «Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5268 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 тамызда № 130 (1356) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                              Д. Көтербеков

Қазақстан Республикасының    
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының      
2010 жылғы 13 тамыздағы № 364  
бұйрығымен бекiтiлген      

Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы

      1. Осы Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері (бұдан әрi - Ережелер) азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ережелерде қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
      1) авиациялық персонал - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
      2) жердегi авиациялық персонал – ұшу немесе қызмет көрсету экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгi жоқ авиациялық персонал тұлғалары;
      3) кокарда - авиациялық персоналдың бас киiмдерiне тағатын салалық немесе ведомстволық белгi;
      4) командалық-ұшу құрамы - ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi бар және ұшу лауазымын атқаратын авиациялық персоналдың лауазымды тұлғалары;
      5) ұшу-инструкторлық құрам - ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi, мамандығы бойынша инструкторлық жұмысқа рұқсаты бар және инструктор лауазымын атқаратын авиациялық персонал тұлғалары;
      6) ұшу құрамы - белгiленген үлгiдегi әуе кемесiн немесе оның жабдықтарын басқаруға берiлген ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi және арнайы дайындығы мен тәжiрибесi бар авиациялық персоналдың тұлғалары: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер, бортрадистер;
      7) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      8) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында және азаматтық пен эксперименттік авиация қызметінде басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      9) ұшу экипажының мүшесi – ұшу уақыты кезеңінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар авиациялық персоналға жататын тұлға;
      10) қызмет көрсетушi экипаждың мүшелерi - қолданыстағы куәлiгi және әуе кемесiнiң бортында қызмет көрсетушi құрамының тиiстi дайындығы бар авиациялық персоналдың тұлғалары: бортсерiктер, азаматтық авиацияның жолаушылар және жүк тасымалдау ұшақтарының бортоператорлары.
      3. Киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағу құқығы осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының (бұдан әрі – ҚР АА) командалық-ұшу құрамы мен басқа қызметкерлеріне беріледі.
      4. Киім үлгісі осы Ережелердің 2-қосымшасына байланысты киім үлгісінің бұйымдарын қамтамасыз ету нормалары мен тағу мерзімдеріне сәйкес беріледі.
      5. Азаматтық авиацияның командалық – ұшу құрамы мен шаруашылық субъектілері – ұйым қызметкерлерінің (бұдан әрі - азаматтық авиация ұйымдары) киім үлгісі мен айырым белгілері осы Ережелерге сәйкес қолданылады.
      6. ҚР АА ұйымдарының қызметкерлеріне киім үлгісі осы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен анықталған нормалар мен тізбелерге сәйкес беріледі.
      7. Киім үлгісі мен оның элементтерін тағу мерзімдері оны берген күннен бастап есептеледі.
      8. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:
      1) киiм үлгісін кию және айыру белгiлерiн тағуға құқығы жоқ тұлғаларға оларды киюге;
      2) киім үлгісі мен азаматтық киiм бөлiктерiн қатар киюге;
      3) киім үлгісінің сырт көрiнiсiн бұзатын үлкен заттарды қалтасына салып жүруге.
      9. Жазғы уақытта жоғары температура жағдайында командалық-ұшу құрамы өз функцияларын, сондай-ақ ұшу экипажы мүшелерінің функцияларын орындау кезінде жазғы жеңіл костюм киюіне рұқсат етіледі.
      10. 1-қосымшада көрсетілген, азаматтық авиация құрылымына кіретін ұйымдар, оқу орындары авиациялық персоналының тұлғалары өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде осы Ережелерге сәйкес айырым белгілерінсіз киім үлгісін киеді.
      11. Осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген ҚР АА авиакомпанияларының командалық - ұшу, ұшу және қызмет көрсету персоналының тұлғалары таңбасыз алмалы-салмалы айыру белгiлерiн - бiрiздендiрiлген (қысқартылған) погондарды тағып жүруі тиіс.
      12. Киiм үлгісін киюге құқығы бар ҚР АА қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттары бойынша берiлген жеңдiк және алмалы-салмалы иықтық айырым белгiлерiнiң (шеврондар мен погондар) табелi осы Ережелердің 3-қосымшасында көрсетiлген.
      13. Командалық-ұшу құрамы ұшу экипажы мүшелерінің функцияларын атқарған кезде біріздендірілген (қысқартылған) погондарды тағуға рұқсат етіледі.
      14. ҚР АА командалық-ұшу, ұшу және қызмет көрсету персоналдарының тұлғалары бас киiм және төс белгілерінде эмблема комбинациясын тағуға тиiстi.
      15. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ҚР АА қызметкерлерінің сол жақ кеудесінде аты-жөні және тегі көрсетілген сәйкестендіру (айырым) карточкасы болуы қажет.
      16. ҚР АА қызметкерлерінің киім үлгісінің сипаттамасы осы Ережелердің 4-қосымшасында көрсетілген.
      17. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған киім үлгісінің сипаттамасы және азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған айырым белгiлердiң сипаттамасы осы Ережелердің
5, 6-қосымшаларында көрсетілген.
      18. Киім үлгісінің бұйымдары мен айырым белгілері ұқыпты және мұқият жасалған және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Азаматтық авиация авиациялық персоналының
киім үлгісін кию және айырым белгілерін
тағып жүру ережелеріне 1-қосымша   

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының киiм үлгісін киюге құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесi

      1. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшысы.
      2. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшыларының орынбасарлары.
      3. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының бастығы.
      4. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының инспекторлық құрамы.
      5. Авиация жасағының командирi.
      6. Авиация жасағы командирiнің орынбасары.
      7. Авиация эскадрильясының командирi.
      8. Авиация эскадрильясы командирiнің орынбасары.
      9. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi дирекцияның бастығы.
      10. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы.
      11. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспекцияның бастығы.
      12. Ұшу-әдiстемелiк кабинеттiң бастығы.
      13. Ұшу құрамын оқыту қызметiнiң бастығы.
      14. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмнiң бастығы.
      15. Тексеру бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары).
      16. Тексеру бөлiмшесiнiң ауысым бастығы.
      17. Күзет және бақылау бөлiмшесiнiң бастығы.
      18. Күзет және тексерудiң инженерлiк-техникалық құралдары бөлiмшесiнiң бастығы.
      19. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары).
      20. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң ауысым бастығы.
      21. Аэровокзал кешенi қызметiнiң бастығы.
      22. Әуеайлақ қызметiнiң бастығы.
      23. Бортсерiктер қызметiнiң бастығы.
      24. Штаб бастығы-әуе кемесiнiң командирi.
      25. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы.
      26. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету қызметiн басқарушы.
      27. Бортмеханик-нұсқаушы.
      28. Бортсерiк-нұсқаушы.
      29. Әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi жетекшi инженер.
      30. Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жетекшi инженер.
      31. Екiншi пилот.
      32. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметiнiң диспетчерi.
      33. Авиациялық тасымалдарды (халықаралық, жолаушылар, почта-жүк) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер.
      34. Тасымалдау қызметiнiң диспетчерi.
      35. Инженер.
      36. Борт инженерi.
      37. Инженерлiк-авиациялық қызметтiң инженерi.
      38. Инспектор.
      39. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспектор.
      40. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспектор.
      41. Ұшу-өндiрiстiк қызметтiң инспекторы.
      42. Борт нұсқаушысы-жолсерiк.
      43. Тренажер нұсқаушысы.
      44. Әуе кемесiнiң командирi.
      45. Желiлiк пилот.
      46. Бортта тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi менеджер.
      47. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi менеджер.
      48. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер.
      49. Техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер.
      50. Коммерциялық авиация пилоты.
      51. Пилот-нұсқаушы.
      52. Әуесқой пилот.
      53. Аға инспектор.
      54. Аға пилот-нұсқаушы.
      55. Ұшу стандарттары жөнiндегi aғa менеджер.
      56. Аға штурман.
      57. Авиация технигi.
      58. Ұшу ақпаратын өңдеу жөнiндегi техник.
      59. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник.
      60. Тренажерларды пайдалану жөнiндегi техник.
      61. Объективтi бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик).
      62. Әуе кемелерiн (әуе кемелерi жүйелерiн) пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик).
      63. Шеф-пилот.
      64. Штурман.
      65. Штурман-нұсқаушы.
      66. Штурман-оператор.
      67. Тексеру агентi.
      68. Жолаушылар авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент.
      69. Почта-жүк авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент.
      70. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету агентi.
      71. Техникалық жоспарлау жөнiндегi әкiмшi.
      72. Техникалық өндiрiс жөнiндегi әкiмшi.
      73. Сапа жөнiндегi әкiмшi.
      74. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi әкiмшi.
      75. Жедел басқару орталығы маманының ассистентi.
      76. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушiнiң ассистентi.
      77. Диспетчердiң ассистентi.
      78. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджердiң ассистентi.
      79. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi.
      80. Теңдестiру жөнiндегi үйлестiрушi.
      81. Бортсерiктер қызметiн үйлестiрушi.
      82. Экипаждарды үйлестiрушi.
      83. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушi.
      84. Базалық техникалық қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi.
      85. Планер және қозғалтқыштар жөнiндегi авиация механигi (техник).
      86. Аспаптар және электр жабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник).
      87. Радио жабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник).
      88. Жанар-жағармай материалдарының авиатехнигi.
      89. Бортмеханик.
      90. Жүк ұшақтарының бортоператоры.
      91. Бортсерiк.
      92. Бортрадист.

тағып жүру ережелеріне 2-қосымша   

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
киiм үлгісін киюге құқығы бар қызметкерлерiн киiм үлгісімен қамтамасыз ету нормалары және бұйымдарды пайдалану мерзiмдерi
 
Нысанды киiм бұйымдарының атауы

Бiр адамға арналған жиынтық немесе бұйымдардың саны

Кию мерзімі

Ұшу құрамы үшін

Кокардалы фуражка

1 дана

2 жыл

Кокардалы қыстық құлақшын

1 дана

3 жыл

Погонсыз бiрқаусырмалы кашемир пальто

1 дана

3 жыл

Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе) терi астарлы, алмалы-салмалы кашемирлi және (немесе) терi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто

1 жиынтық

3 жыл

Плащ-пальтоның алмалы-салмалы және суық күндерге арналған жылы капюшоны

2 дана

3 жыл

Екi жапсырма қалталы, жеңдi және
жеңсiз қысқа белдiкшелi погондары бар тоқылған жемпiр

2 дана

2 жыл

Жазғы жеңiл костюм (күртеше, екi шалбар, қысқа жеңдi және жапсырма қалталары бар екi жейде)

1 жиынтық

2 жыл

Алмалы-салмалы жылы астары бар
желпiлдек-күртеше

1 дана

3 жыл

Жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген екi түймелi қосқаусырмалы костюм (пиджак және екi шалбар).

1 жиынтық

2 жыл

Ұзын жеңдi және екi жапсырма қалталары бар жейде

2 дана

2 жыл

Қысқа жеңдi және екi жапсырма қалталары бар жейде

2 дана

2 жыл

Галстук-регат

1 дана

2 жыл

Кашемир шарф

1 дана

2 жыл

Алмалы-салмалы иыққа тағатын айыру белгiлерi (погондар)

4 дана

2 жыл

Мамандықты бiлдiретiн төс белгiлерi

2 дана

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке

1 дана

2 жыл

Бортсерiктер мен бортоператорларға (ер адамдарға)

Кокардалы фуражка

1 дана

2 жыл

Кокардалы қыстық құлақшын

1 дана

3 жыл

Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе) терi астарлы, алмалы-салмалы кашемирлi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық
плащ-пальто

1 жиынтық

3 жыл

Жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм  (пиджак және екi шалбар)

1 жиынтық

2 жыл

Ұзын жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде

2 дана

2 жыл

Қысқа жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде

2 дана

2 жыл

Галстук-регат

1 дана

2 жыл

Шарф

1 дана

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (аға БП,
инструктордың погондары)

4 дана

2 жыл

Төс белгiлер

1 дана

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке

1 дана

2 жыл

Алжапқыш (бортсерiктерге)

1 дана

2 жыл

Бортсерiктер үшiн (әйелдерге)

Алмалы-салмалы капюшоны, жүндi астары бар маусымдық бiрқаусырмалы пальто

1 дана

3 жыл

Кокардалы қыстық қалпақ (капюшон-шарфымен)

1 дана

3 жыл

Алмалы-салмалы капюшоны бар плащ

1 дана

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм (жакет, шалбар, жилет, белдемше)

1 жиынтық

2 жыл

Қысқа жеңдi әйел жейдесi

4 дана

2 жыл

Жейдеге тағатын галстук-бант

2 дана

2 жыл

Шарф

1 дана

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (аға БП,
инструктордың погондары)

4 дана

2 жыл

Төс белгiлер

1 дана

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке

1 дана

2 жыл

Алжапқыш

1 дана

2 жыл

Жердегi персоналға (әйелдерге)

Қысқы қалпақ (капюшон-шарфымен)

1 дана

3 жыл

Алмалы-салмалы капюшоны бар
бiрқаусырмалы плащъ

Иыққа тағатын белгiлер (қажетiне қарай)

4 дана

2 жыл

Шарф

1 дана

2 жыл

Жейдеге тағатын галстук-бант

2 дана

2 жыл

Алжапқыш

1 дана

2 жыл

Жердегi персоналға (ер адамдарға)

Фуражка

1 дана

2 жыл

Қыстық құлақшын

1 дана

3 жыл

Синтепонды немесе жүн астары,
алмалы-салмалы кашемирлi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто

1 жиынтық

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм (пиджак және екi шалбар)

тағып жүру ережелеріне 3-қосымша   

Киім үлгісін киюге құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттары бойынша берiлген жеңдiк және алмалы-салмалы иықтық айырым белгiлерiнiң (шеврондар мен погондар) табелi

Лауазымы

Санаты

Айырым белгiлерi (оқалар)

4

Төрт жеңдiк және төрт иықтық айырым белгiлерi

2. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшының орынбасары

3. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының бастығы

4. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының инспекторлық құрамы

5. Авиация жасағының командирi

6. Авиация жасағы командирiнің орынбасары

7. Авиация эскадрильясының командирi

8. Авиация эскадрильясы командирiнің орынбасары

9. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi дирекцияның бастығы

3

Үш жеңдiк және үш иықтық айырым белгiлерi

10. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы

11. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспекцияның бастығы

12. Ұшу-әдiстемелiк кабинеттiң бастығы

2

Екi жеңдiк және екi иықтық айырым белгiлерi

13. Ұшу құрамын оқыту қызметiнiң бастығы

14. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмнiң бастығы

15. Тексеру бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары)

16. Тексеру бөлiмшесiнiң ауысым бастығы

1

Бір жеңдiк және бір иықтық айырым белгiлерi

17. Күзет және бақылау бөлiмшесiнiң бастығы

18. Күзет және тексерудiң инженерлiк-техникалық құралдары бөлiмшесiнiң бастығы

19. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары)

20. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң ауысым бастығы

21. Аэровокзал кешенi қызметiнiң бастығы

22. Әуеайлақ қызметiнiң бастығы

23. Бортсерiктер қызметiнiң бастығы

24. Штаб бастығы-әуе кемесiнiң командирi

25. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы

26. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету қызметiн басқарушы

27. Бортмеханик-нұсқаушы

29. Әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi жетекшi инженер

30. Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жетекшi инженер

31. Екiншi пилот

32. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметiнiң диспетчерi

33. Авиациялық тасымалдарды (халықаралық, жолаушылар, почта-жүк) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер

34. Тасымалдау қызметiнiң диспетчерi

35. Инженер

36. Борт инженерi

37. Инженерлiк-авиациялық қызметтiң инженерi

38. Инспектор

-

-

39. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспектор

40. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспектор

-

-

41. Ұшу-өндiрiстiк қызметтiң инспекторы

42. Борт нұсқаушысы-жолсерiк

43. Тренажер нұсқаушысы

-

-

44. Әуе кемесiнiң командирi

45. Желiлiк пилот

46. Бортта тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi менеджер

-

-

47. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi менеджер

-

-

48. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер

-

-

49. Техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер

-

-

50. Коммерциялық авиация пилоты

51. Пилот-нұсқаушы

52. Әуесқой пилот

-

-

53. Аға инспектор

54. Аға пилот-нұсқаушы

55. Ұшу стандарттары жөнiндегi aғa менеджер

56. Аға штурман

57. Авиация технигi

-

-

58. Ұшу ақпаратын өңдеу жөнiндегi техник

59. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник

60. Тренажерларды пайдалану жөнiндегi техник

61. Объективтi бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик)

62. Әуе кемелерiн (әуе кемелерi жүйелерiн) пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик)

-

-

63. Шеф-пилот

64. Штурман

65. Штурман-нұсқаушы

66. Штурман-оператор

67. Тексеру агентi

-

-

68. Жолаушылар авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент

-

-

69. Почта-жүк авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент

-

-

70. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету агентi

-

-

71. Техникалық жоспарлау жөнiндегi әкiмшi

-

-

72. Техникалық өндiрiс жөнiндегi әкiмшi

-

-

73. Сапа жөнiндегi әкiмшi

-

-

74. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi әкiмшi

-

-

75. Жедел басқару орталығы маманының ассистентi

-

-

76. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушiнiң ассистентi

-

-

77. Диспетчердiң ассистентi

-

-

78. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджердiң ассистентi

-

-

79. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi

80. Теңдестiру жөнiндегi үйлестiрушi

81. Бортсерiктер қызметiн үйлестiрушi

82. Экипаждарды үйлестiрушi

83. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушi

85. Планер және қозғалтқыштар жөнiндегi авиация механигi (техник)

-

-

86. Аспаптар және электржабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник)

-

-

87. Радио жабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник)

-

-

88. Жанар-жағармай материалдарының авиатехнигi

-

-

89. Бортмеханик

90. Жүк ұшақтарының бортоператоры

91. Бортсерiк

-

-

92. Бортрадист

тағып жүру ережелеріне 4-қосымша   

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлерiнiң киім үлгісінің сипаттамасы

      1. Қатты (жұмсақ) негiздегi фуражка, маңдайшасының жоғарғы бөлiгiнiң (тулья) биiктiгi 7 сантиметрден (бұдан әрі – см) және төменгi бөлiгiнiң (околыш) биiктiгi 4 сантиметрден аспайтын көкшiл қара түстi матадан тiгiледi. Күнқағары пластинка тәрiздес қара түстi жиекпен жиектелген. Күнқағардың үстi бiр реңдi матамен қапталған. Күнқағардың үстiне енi 13,5 мм алтын түстi нейлон бау-таспа түймеленедi. Командалық-ұшу құрамы фуражкасының күнқағарында алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстiнен, мата тәрiздес негiзде алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген азаматтық авиацияға тән белгi - белгiленген үлгiдегi кокарда бекiтiледi. Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң фуражкасы (бортоператорлар мен бортсерiктердiң) жеке кокардамен және қара түстi белгiленген үлгiдегi бау-таспамен жинақталады.
      2. Ер адамдардың қысқы құлақшыны - фуражкалық күнқағарымен, үстi көкшiл қара түстi кашемир (драп) немесе жадағай матадан жасалған жұмсақ негiздегi бiрiздендiрiлген құлақшын. Құлақшынның алдыңғы жағы қосымша маңдайлықпен тысталған. Құлақшынның негiзi қара түстi терi болып табылады, командалық-ұшу құрамы үшiн қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетушi персоналдар үшiн жұқа жақсартылған цигейкадан тігіледі.
      Командалық-ұшу мен ұшу құрамы құлақшынының күнқағары үстiнен алтын түстi нейлон бау-таспа (лента-тесьма) түймеленедi. Командалық-ұшу құрамы құлақшынының күнқағарында алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген лавр жапырақтары. Фуражканың алдыңғы жағының ортасына, бау-таспаның үстiнен, мата тәрiздес негiзде алтын түстi жiппен бедерлi тiгiлген азаматтық авиацияға тән белгi - кокарда бекiтiледi.
      Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң құлақшыны (бортоператорлар мен бортсерiктердiң) жеке кокарда және белгiленген үлгiдегi қара түстi бау-таспамен жинақталады.
      3. Ер адамның кашемирден тiгiлген көкшiл қара түстi, бiр қаусырмалы, погонсыз пальтосы. Жабық түймелi. Арқасы ортаңғы тiгiсiмен және айырығымен. Қиылған жан қалталары, қайырма жағасы және белдiгi бар пальто. Қатты негiздегi фуражкамен киюге арналған қысқа белдiкшелi тiк жеңмен, немесе жұмсақ негiздегi фуражкамен киюге арналған қысқа белдiкшелi реглан-жең тiгiледi.
      4. Сырып тiгiлген синтепон және жақсартылған терiден алмалы-салмалы маусымдық тыстары бар қара түстi плащтық матадан тiк тiгiлген бiр қаусырмалы ер адамның, маусымдық плащ-пальтосы. Жабық түймелi. Қиылған жан қалталары, алынып-салынатын жағасы мен белдiгi, қысқа белдiкше-погондары бар плащ-пальто. Жеңi тiк тiгiстi төменгi жағында қысқа белдiкшесiмен. Кашемир мен терiден жасалған маусымдық жағалармен жинақталады. Күзгi жағаның негiзi қара түстi кашемир болып табылады. Қысқы жағаның негiзi қара түстi терiден, командалық-ұшу мен ұшу құрамдары үшiн қаракөлден немесе колоноктан, қызмет көрсетушi персоналдар үшiн жұқа жақсартылған цигейкадан.
      5. Қарсы iлгегi бар алмалы-салмалы синтепонмен тысталған, аралас немесе плащтық қара түстi матадан тiгiлген, тiк тiгiстi, бiр қаусырмалы ер адамның астарлы желдiрме-күртешесi. Жасырын қарсы iлгегiмен екi қиылған төс қалтасы бар. Екi қиылған тiк жан қалталары мен астыңғы жағынан түймеленетiн қапталында қысқа белдiкшелерi бар. Жағасы қайырмалы. Жеңi тiк, төменгi жағы қысқа-белдiкшелi. Қара түстi алмалы-салмалы кашемир жағамен жинақталады.
      6. Астарлы (пиджак пен шалбар) көкшiл қара түстi жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан тiгiлген қос қаусырмалы ер адамның екi қатарлы төрт түймелi костюмi. Пиджак, кеуде тұсының сол жағында қиылған жапырақша қалтасымен және қақпақтары бар қиылған жан қалталарымен, арқаның төменгi жағындағы екi айырығымен. Жеңдерi тiк, төменгi жағында айырығымен. Шалбары тiк, классикалық пiшiмдi, бүгiлмеген немесе бiр бүкпелi, қондырылған белбеуi мен қарсы iлгектi.
      7. Астарлы (пиджак пен шалбар), үш түймелi, жартылай жүндi матадан тiгiлген көкшiл қара түстi ер адамның бiр қаусырмалы костюмы. Пиджак бiр қатар түймелi, қақпақтарымен қиылған жан қалталары және сол жақ кеудесiнде қиылған жапырақ-қалтасы бар. Жеңi тiк, айырықсыз тiгiлген. Шалбары тiк, классикалық пiшiмдi, қондырылған белбеуi мен қарсы iлгегi бар.
      8. Қысқа және ұзын жеңдi, екі жапсырмалы төс қалталары бар, түймеленетін ер адамның жейдесi. Ақ түстi, жейде матасынан тiгiлген, жағасы қайырмалы, екi иықтық қысқа белдiкшелi-погондары және ортасында бiр қатар қаусырма түймелерi бар.
      9. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшқыштар құрамы мен көлiктiк (жүк тасымалдық) әуе кемелерiнiң бортоператорларына арналған жазғы жеңiл костюм, бозғылт-жасыл түстi көйлегi, шалбары мен күртешеден құралады:
      1) бiр қаусырмалы, тiк пiшiмдi, бозғылт-жасыл түстi аралас матадан тiгiлген, қарсы iлгегi бар күртеше. Жасырын қарсы iлгегi бар екi қиылған төс қалта, қапталында екi тiк қиылған жан қалталары бар. Қапталындағы қысқа белдiкшелерiнiң астыңғы жағы түймеленген. Жағасы қайырмалы. Жеңi тiк тiгiстi, төменгi жағында қысқа белдiкшесiмен;
      2) шалбары аралас бозғылт-жасыл түстi матадан тiк тiгiлген, классикалық пiшiмдi, қондырылған белбеуi және қарсы iлгегi бар;
      3) белгiленген үлгiдегi қысқа жеңдi, кеудесiнде екi жапсырмалы қалтасы бар, түймелi жейде. Бозғылт-жасыл түстi жейде матасынан тiгiлген, жағасы қайырмалы, екi иықтық қысқа белдiкшелi-погондары және ортасында қаусырма түймелерi бар. Кәсiптiк төс белгiмен жинақталады.
      10. Көкшiл қара түстi плащтық матадан тiгiлген әйел адамның бiр қаусырмалы плащы. Тiк тiгiстi, қайырмалы жағалы, белдiгi мен алынып-салынатын тысталған астарлы, қиылған жан қалталары бар.
      11. Көкшiл қара түстi жартылай жүндi матадан тiгiлген әйел адамның костюмi. Жакет, белдемше, көкiрекше және шалбардан құралады. Жакет бiр қаусырмалы, жартылай қынама силуэттi, үш түймелi, қиылған қалталары бар. Белдемшесi тiк тiгiстi, көмкерiп тiгiлген белдiгi және қапталында қарсы iлгегi бар.
      Жилет мойынының қиындысы үшбұрышты, төрт түймелi, астыңғы өңiрi бейнелi болып келген. Шалбары тiк, астыңғы жағы тарлау тiгiлген, тiк тiгiстi, жанап тiгiлген белдiгi және қарсы iлгегi бар.
      Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiлген және уәкiлеттi органмен келiсiп таңдалған дизайнға қарай, әйел костюмiнiң түсi ауысып құрамдастырылуы мүмкiн.
      12. Ақ түстi жiбек, көйлек матасынан тiгiлген, қысқа немесе ұзын жеңдi, жапсырма қалталы, жағасы қайырмалы, ортасында қаусырма түймелерi бар әйел адамның жейдесi.
      13. Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiлген, уәкiлеттi органмен келiсiлiп таңдалған дизайнда әйел адамдардың бас киiмдерi және нысанды киiмдердiң басқа бөлiктерi азаматтық авиация ұйымдарында осы Ережеге сәйкес әзiрленедi.
      14. Иiнiштiк (иық) айырым белгiлерi - белгiленген үлгiдегi көкшiл қара түстi шұғадан жасалған, алмалы-салмалы погондар. Командалық-ұшу құрамы мен мамандарына iшiндегi икемдi қондырғысымен, ұзындығы 112 мм, енi 45 мм.
      Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдарына белгiленген үлгiдегi - ең үлкен ұзындығы 48 мм мен енi 45 мм таңбасыз (қысқартылған) погондар (6-қосымша).
      15. Белгiленген үлгiдегi айырым белгiлерiне арналған оқалардың (бау-таспалардың) енi 8-10 мм. Алмалы-салмалы погондарда ара қашықтығы 1,5 мм жолағымен, жеңдiк шеврондарында ара қашықтығы 2-3 мм жолағымен орналасады. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мен ұшу, командалық-ұшу құрамына арналған оқалар (галуны) алтын түстi болып келедi. Уәкiлеттi органның ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мамандығының бiлiктiлiгi жоқ авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегi авиациялық персоналдарына арналған оқалар күмiс түстi.
      16. Белгiленген үлгiдегi бас киiмдер үшiн бау-таспалардың (оқалардың) енi 13,5 мм. Азаматтық авиацияның командалық-ұшу, ұшқыштар құрамы үшiн алтын түстi. Қызмет көрсетушi экипаждар мүшелерi үшiн қара түстi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерi мамандығының бiлiктiлiгi жоқ уәкiлеттi органның авиациялық мамандарына және азаматтық авиация ұйымдарының жердегi авиациялық персоналдарына арналған бау-таспалар (оқалар) күмiс түстi.
      17. Костюмдерге арналған белгiленген үлгiдегi алтын түстi үлкен түймелердiң диаметрi 21 мм, кiшкентай түймелердiң диаметрi 13,5-14 мм. Уәкiлеттi органның командалық-ұшу, ұшу құрамы мен авиациялық мамандары үшiн Қазақстан Республикасының елтаңбасымен. Азаматтық авиация ұйымының командалық-ұшу, ұшу құрамы мен қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң түймелерi ұйым логотипiмен немесе логотипсiз болып келедi.
      18. Азаматтық авиация ұйымдары мен уәкiлеттi органның  авиациялық персоналдары үшiн белгiленген үлгiдегi бөкебайлар мен мойынорамалдар (шарф, кашне) түсi ашық болмауға тиiстi. Азаматтық авиация ұйымдарының уәкiлеттi органмен келiсiлiп, таңдалған дизайнына сәйкес түспен ғана ерекшеленуi мүмкiн.
      19. Ұшу экипажының мүшелерiне арналған мамандықты бiлдiретiн, белгiленген үлгiдегi төс белгiлер көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен маталық негiзде бедерлi тiгiледi.
      20. Қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiне арналған мамандықты бiлдiретiн төс белгiлердiң негiзi көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен бедерлi тiгiледi.
      21. Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамның бас киiмдерiне тағатын кокарда - маталық негiзде, бедерлi тiгiлген авиациялық өкiмет елтаңбасы - Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының негiзгi эмблемасы (бұдан әрi - азаматтық авиацияның негiзгi эмблемасы). Командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық құрамдарына алтын түстi жiппен тiгiледi. Ұшу немесе қызмет көрсетушi экипаж мүшелерiнiң бiлiктiлiгi жоқ мамандарына күмiс түстi жiппен тiгiледi.
      22. Азаматтық авиация ұйымының ұшу экипажы мүшелерiнiң (командалық-ұшу, ұшу-инструкторлық, ұшу құрамының) бас киiмдерiне тағатын кокарда азаматтық авиация эмблемасының негiздемесі бар осы ұйымның эмблемасының комбинациясын құрайды. Кокарданың негiзi - азаматтық авиацияның негiзгi эмблемасының дөңгеленген сыртқы ою-өрнектерi, алтын түстi жiппен бедерлi тiгiледi. Кокарданың өзегi – азаматтық авиацияның негізгі эмблемасынан алынған шеңберлі сыртқы өрнек алтын түстес жіппен бедерлі тігіледі.
      23. Азаматтық авиацияның қызмет көрсетуші экипаж мүшелеріне (бортоператорлар мен бортсеріктер) арналған бас киiмге тағатын кокарданың негiзi көкшiл қара түстi материалға алтын және көкшiл түстi жiппен бедерлi тiгiледi.
      24. Көкшiл қара түстi галстуктi материалдан тiгiлген классикалық дизайнды галстук-регат қажетiне қарай резеңке бекiтпеде жасалуы мүмкiн. Азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтілген және уәкiлеттi органмен келiсiлген азаматтық авиация ұйымы таңдап алған дизайнға қарай галстуктiң түсi өзгерiп отыруы мүмкiн.

тағып жүру ережелеріне 5-қосымша    

Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған киiм үлгісінің сипаттамасы

      1. Жазғы киiм:
      көкшiл қара түстi фуражка (бейсболка);
      көкшiл қара түстi берет (әйелдердiң кепи - шляпасы);
      көк (көгiлдiр) түстi қысқа жеңдi әйел адамның жейдесi;
      көк түстi қысқа жеңдi жейде;
      қара түстi галстук;
      жейдеге тағатын бант-галстук;
      көкшiл қара түстi ер адамның костюмi (китель мен шалбар);
      көкшiл қара түстi әйел адамның костюмi (жакет, көкiрекше, белдемше, шалбар);
      қара түстi туфли.
      2. Маусымдық киiм:

      көкшiл қара түстi күртеше;
      көкшiл қара түстi әйел адамның бiр қаусырмалы плащы;
      су өтпейтiн плащ;
      көк (көгiлдiр) түстi ұзын жеңдi жейде;
      көк түстi ұзын жеңдi жейде;
      қара түстi галстук;
      жейдеге тағатын бант-галстук;
      белгiленген үлгiдегi жемпiр;

      маусымдық костюмi (күртеше, шалбар және жартылай комбинезон);

      3. Қысқы киiм:
      қара түстi қысқы қалпақ (бейсболка);
      көкшiл қара түстi күртеше;
      көкшiл қара түстi әйелдер пальтосы;

      қара түстi әйелдер етiгi;
      қысқы бәтеңке;
      унты.

тағып жүру ережелеріне 6-қосымша    

Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған айырым белгiлердiң сипаттамасы

      Сыртқы киiм үлгісінің сол жеңiнде иықтан 8 см қашықтықта авиациялық қауiпсiздiк қызметiне тиесілі азаматтық авиация ұйымының эмблемасы бар логотип, алдыңғы сол жағында үстiңгі 2 және 3-түймелердiң тұсында сары түстi, көлемi 10х3 см «SECURITY» деген жазуы бар логотип, арқасында жағадан 10 см төмен қашықтықта сары түстi, көлемi 30х7 см «SECURITY» деген жазу орналасуы тиiс. Бас киiмнiң алдыңғы жағында азаматтық авиация ұйымының басшылығы белгiлеген үлгiдегi кокарда орналасады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263869
    Қазақ тілінде 131700
    Орыс тілінде 131254
    Ағылшын тілінде 915
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы