Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10407 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет", ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________Е. Досаев

      2015 жылғы 4 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен бекітілген

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүргізеді (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеңілрельстік көлік - қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары екенін сипаттайтын қалалық рельстік көлік түрі;

      2) қалалық рельсті көлік – қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);

      3) метрополитен - көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

      4) монорельстік көлік - бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;

      5) тізілім - Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын дерекқоры;

      6) трамвай - қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместермен Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.

2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:

      1) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген орны бойынша;

      2) егер өтініш беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.

      6. Жеке және заңды тұлғалар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге өтінішті www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      2) дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесін.

      Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап (2) екі жұмыс күнінде қарайды.

      Қаралған өтініштердің қортындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді не қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуден бас тартады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қатаң есептілік құжат болып табылады, оның есептік сериясы мен нөмірі болады, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір тіркелетін бірлігіне беріледі.

      11. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның куәлігінің телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 № 288 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасыменқол қойылған қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуге жатады.

      14. Мүлікті жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенімгерлік басқару шартын жасасқан жағдайларда, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді.

      Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.

      15. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары:

      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары есептен шығарылған, ол қалпына келмейтіндей зақымданған;

      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен айыру жағдайларында тізілімнен шығарылады.

      17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген адам жергілікті атқарушы органдарына портал арқылы:

      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Жергілікті атқарушы органдар тізілімге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгізеді.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу стандартына
1-қосымша
нысан

      ________________________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      (ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер қоры немесе "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде тартылады)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.

      Мекенжайы:

      ___________________________ қаласы___________________________________ көшесі

      жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      байланыс телефондары (факс)________________________________________________

      Тізбе __________________________________________________ парақта қоса беріледі.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына 2-қосымша

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтініші бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі
20__жылғы "__"________№______
ҚОЛХАТ

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу стандартына
3-қосымша
нысан

      _____________________________________________

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы куәлік "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін)

      құқығындағы

      (иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) берілді және

      қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды.

      зауыттық нөмірі ____________________________________________________________

      мүкәммалдық нөмірі ________________________________________________________

      секциясы __________________________________________________________________

      жасалған жылы ____________________________________________________________

      Берілген күні 20___жылғы "___"_______

      Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы _______________________________

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына 4-қосымша

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімі

Әкімдік

Куәлік №

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күні

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Тіркелген жері

жарамды

есептен шығарылған

8

9

10

11

12

13

14

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 265774
    Қазақ тілінде 132626
    Орыс тілінде 132195
    Ағылшын тілінде 953
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы