Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10809 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 307 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
1 тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 443 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі — Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-36) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидалар азаматтық авиацияда ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды және әуеде тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды, жалпы мақсаттағы авиация мақсатында сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограммнан астам әуе кемелерімен және ұшып көтерілу массасынан тәуелсіз газтурбиналық қозғалтқыштары бар әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.

      3. Ұшу жұмысын ұйымдастыру мыналарды қамтиды:

      1) ұшу жұмысын жоспарлау;

      2) ұшу құрамының кәсіби даярлығы;

      3) ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру;

      4) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыру;

      5) ұшу құрамын біліктілік тексеру;

      6) ұшу құрамын жаттықтыру;

      7) ұшуды талдау;

      8) ұшу жұмысын ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігін талдау және бақылау;

      9) ұшу-әдістемелік жұмысын жүргізу.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

      2) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) алдын ала даярлық - процесінде материалдарды зерделеу, құжаттарды дайындау, іс-әрекеттерді пысықтау және ұшуға тапсырманы орындауға экипаждың даярлығын бақылау жүргізілетін экипажды ұшуға (ұшуға) дайындаудың негізгі түрі;

      5) аса маңызды ұшу - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;

      6) әуе кемесінің командирі - тиісті оқудан өткен, ұшқыштың куәлігі және аталған әуе кемесінің түрінде өз бетімен басқару құқығына рұқсаты бар, міндетіне ұшуды ұйымдастыру мен орындау жөніндегі экипаждың қызметін басқару кіретін жеке тұлға;

      7) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын адам;

      8) лауазымды тұлға - ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты лауазымды тұрақты немесе уақытша атқаратын адам;

      9) ұшу алдындағы даярлық - әуеаймақтық диспетчерлік пунктке (Briefing) (авиациялық жұмыс кезінде - жұмыс әуеайлағына) келген сәттен бастап әуе кемесінің қозғалтқышын ұшу үшін іске қосқан сәтке дейінгі операциялардан тұратын алдағы ұшуды орындауға экипажды дайындау кезеңі;

      10) ұшу бөлімшесі - міндеті ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшуды дайындау мен орындау болып табылатын азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі;

      11) ұшу жаттығуы - ұшу жұмысының дағдыларын алу (қалпына келтіру) және қолдау мақсатында ұшу құрамын оқыту процесі;

      12) ұшу жұмысы - ұшу тапсырмаларын орындау бойынша ұшу құрамы жүргізетін жұмыс;

      13) ұшу жұмысын ұйымдастыру - ұшудың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін ұшу жұмысын жоспарлау және ұшу бөлімшелері мен азаматтық авиацияның әуе кемелерінің экипаждарын басқару жөніндегі іс-шаралар жүйесі;

      14) ұшу жұмысын жоспарлау - азаматтық авиация ұйымдары ұшу құрамының перспективалық, ағымдағы және жедел жұмыс жоспарларын белгіленген мерзімдерде орындаудың тәртібін, кезектілігін және тиімді әдістерін әзірлеу;

      15) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар кешені, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;

      16) ұшу құрамы - арнайы даярлығы және аталған әуе кемесінің түрінде және (немесе) оның жабдығын ұшуға пайдалану құқығына куәлігі бар ұшу экипажының мүшелері;

      17) ұшу-нұсқаушы құрам - мамандығы, әуе кемесінің түрі бойынша нұсқаушы жұмысқа рұқсаты және азаматтық авиацияның авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар нұсқаушы лауазымын атқаратын азаматтық авиацияның авиация персоналының адамдары;

      18) ұшуды тексеру - экипаждың (экипаж мүшелерінің) білімі мен дағдыларының деңгейін айқындау процесі;

      19) ұшу экипажының мүшесі - авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген адам;

      20) экипаж мүшесі - авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған адам;

      21) экипажда ұшуды талдау - экипаж мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, экипаждың әрбір мүшесінің баяндамасынан кейін жұмыстағы ауытқушылықтарды жою және алдын алу мақсатында әуе кемесі командирінің (тексерушінің) экипаждың әрбір мүшесінің ұшуға арналған тапсырманы орындау сапасын талдауы.

2 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 443 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Ұшу жұмысын жоспарлау

      5. Ұшу жұмысын жоспарлаудың мақсаты ұшудың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      6. Ұшу жұмысын жоспарлау мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру процесін қалыптастыру және жетілдіру;

      2) ұшу құрамының кінәсынан болатын авиациялық оқиғаларды және инциденттерді ескерту жөніндегі алдын алу жұмысын жүргізу;

      3) талап етілетін деңгейдегі кәсіби дайындығы бар қажетті мөлшерде ұшу құрамын дайындау;

      4) оқу-әдістемелік базасын дамыту және оны ұшу құрамын кәсіби даярлау жүйесінде пайдаланудың тиімділігін арттыру.

      7. Ұшу жұмысын жоспарлау бұйрықтар, нұсқаулар мен ұсынымдарының талаптарына, сондай-ақ авиакомпанияның (пайдаланушының) өткен кезеңдегі ұшу жұмысын ұйымдастыруды және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау деректерін ескере отырып перспективалық, ағымдағы, жедел жұмыс жоспарларына (айлық, тәуліктік) сәйкес жүзеге асырылады.

      Авиакомпанияда (пайдаланушыда) ұшу жұмысын жоспарлау кезінде мынадай іс-шаралар егжей-тегжейлі әзірленеді:

      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралардың жылдық жоспары;

      2) бөлімшелерді (экипаждарды) тексерудің жылдық жоспар-кестесі.

      8. Жоспарларды қажетті мамандарды тарта отырып, ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі басшы (тренинг бөлімінің басшысы) әзірлейді және авиакомпанияның (пайдаланушының) басшысы бекітеді.

      9. Ұшу жұмысын ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралардың жылдық жоспарында мыналар көзделеді:

      2) ұшу құрамының кінәсынан болатын авиациялық оқиғаларды және олардың алғы шарттарын ескерту бойынша мақсатты алдын алу жұмысын жасау;

      3) оқу-әдістемелік жұмысты дамыту және оны ұшу құрамын кәсіби даярлау жүйесінде пайдаланудың тиімділігін арттыру.

      10. Базалық әуеайлақтан тыс жұмыс істейтін бөлімшелерді (экипаждарды) тексерудің жылдық жоспар-кестесі жұмысты орындау кезеңіне жасалады.

      11. Авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінде:

      2) ұшу қызметінің ұшу, ұшу - нұсқаушы құрамын даярлаудың, жаттығу мен тексерудің және бөлімшелерді (экипаждарды) тексерудің жылдық жоспар - кестесі;

      3) ұшу қызметінің ай сайынғы жұмыс жоспары әзірленеді.

      Жоспарларды қажетті мамандарды тарта отырып, ұшу қызметінің басшысы әзірлейді және оны авиакомпанияның (пайдаланушының) басшысы бекітеді.

      12. Ұшу қызметінің жылдық негізгі іс-шаралар жоспарында мыналар көзделеді:

      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру процесін жетілдіру;

      2) оқу-әдістемелік базасын дамыту және оны ұшу құрамын кәсіби даярлау процесінде пайдалану;

      3) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді ескерту бойынша мақсатты алдын алу жұмысының бағыттарын әзірлеу;

      4) талап етілетін деңгейдегі кәсіби дайындығы бар қажетті мөлшерде экипаждарды даярлауды ұйымдастыру.

      13. Даярлаудың, жаттығу мен тексерудің жылдық жоспар - кестесі:

      1) ұшу бөлімшесінің басшысы;

      2) ұшу қызметі басшысының орынбасары;

      3) ұшу қызметінің аға авиациялық мамандары;

      4) тексеру күні (кезеңі) бар тексерілетін бөлімшелердің (экипаждардың) орналасқан орны бойынша мәліметтерді қамтиды.

      Авиакомпанияларда (пайдаланушыларда) басқа ұшу бөлімшелерінсіз бір ғана ұшу қызметі болған кезде қосымша қалған ұшу және ұшу - нұсқаушы құрам туралы мәліметтер ескеріледі.

      14. Ұшу қызметінің жұмыс жоспары әр айға жасалады және ұшу қауіпсіздігі мен ұшу жұмысын ұйымдастырудың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру және ұшу-әдістемелік іс-шараларды өткізуді көздейді.

      15. Жоспарлардың орындалуын бақылауды ұшу қызметінің басшысы жүзеге асырады.

      16. Ұшу бөлімшелерінде:

      1) даярлаудың, жаттығу және тексерудің жылдық жоспар - кестесі;

      2) бөлімшелердің жұмыс жоспар - кестесі;

      3) ұшу құрамының жұмыс және демалысының ай сайынғы жоспар - кестесі әзірленеді.

      Жоспарларды қажетті мамандарды тарта отырып, ұшу бөлімшесінің басшысы әзірлейді және авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінің басшысы бекітеді.

      17. Даярлаудың, жаттығу және тексерудің жылдық жоспар - кестесі мынадай ұшу - нұсқаушы және бөлімшенің ұшу құрамы туралы мәліметтерді қамтиды:

      1) ұшу бөлімшесінің басшысы;

      2) ұшқыш - нұсқаушылары;

      3) экипаж командирлері мен мүшелері.

      18. Авиациялық бөлімше жұмысының бір айлық жоспар-кестесінде ұйымдастыру, ұшу - әдістемелік іс-шаралар және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар көзделген.

      19. Жоспарлардың орындалуын бақылауды ұшу бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады.

      20. Ұшуды жедел жоспарлауды ұшу қызметінің жоспарлау (ұшуды қамтамасыз ету қызметі) бөлімі әуе кемелері қозғалысының кестесі, авиациялық жұмыстарды орындауға және арнайы рейстерді, жаттығу мен басқа да ұшуды орындауға өтінімдер негізінде жүзеге асырады және жедел жиынтық жоспарды құруға қажетті деректер авиакомпанияның (пайдаланушының) орталық диспетчерлік қызметіне ұсынады.

      21. Авиациялық жұмыстардағы ұшуды жедел жоспарлау авиациялық жұмыстарға тапсырыс беруші ұйымның өтініміне сәйкес әуе кемелерінінің, экипаждардың, инженерлік-техникалық персонал мен авиациялық жұмыстарда ұшуды қамтамасыз ететін басқа да қызметтердің дайындығына байланысты жүзеге асырылады.

      22. Ұшудың жедел жоспары ұшуды қамтамасыз ететін қызметтердің басшыларымен келісіледі және авиакомпания (пайдаланушының) басшысы бекітеді.

      23. Жедел жоспардың орындалуын бақылауды және қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыруды авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшуды қамтамасыз ету қызметінің басшысы жүзеге асырады.

2-параграф. Ұшу құрамын кәсіби даярлау

      24. Ұшу құрамын кәсіби даярлау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 тіркелген) Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларына сәйкес күтілетін жағдайлар мен ерекше жағдайларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экипаж мүшелерінің уақтылы және дұрыс іс-қимылдарын орындау үшін қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларын алу, ұстау мақсатында жүргізіледі.

      25. Ұшу құрамын кәсіби даярлауды жүзеге асыру бағдарламалары және кезеңділігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 тіркелген) Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіби даярлығының үлгілік бағдарламасымен айқындалады.

      26. Ұшу құрамын кәсіби даярлау:

      1) бастапқы даярлықты;

      2) әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) басқа түріне қайта даярлауды;

      3) ұшу құрамының біліктілігін ұстауды қамтиды.

      27. Бастапқы даярлау авиациялық мамандарға куәліктерді (сертификаттарды) беру кезінде ұсынылатын талаптарды қанағаттандыратын кәсіби білімдер мен дағдыларды алу мен бекіту мақсатында жүргізіледі.

      28. ӘК-нің жаңа түріне қайта даярлау ӘК-нің жаңа түрінде экипаж мүшесі ретінде функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіби білімдер мен практикалық дағдыларды алу мен бекіту мақсатында жүргізіледі.

      29. ӘК-нің жаңа түріне қайта даярлау, сертификатталған оның ішінде уәкілетті ұйым мойындаған шетелдік авиациялық оқу орталықтарында да жүргізіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 443 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Ұшу құрамының біліктілігін ұстау тренажерлік және ұшу дайындығынан тұрады. Тренажерлік даярлау тренажерлардың мынадай түрлерінде жүзеге асырылады:

      1) экипаж мүшелерінің мамандандырылған тренажерлары;

      2) кабиналық рәсімдердің тренажерлары;

      3) кешенді пилотаждық тренажерлар;

      4) авариялық түсу тренажерлары.

      31. Экипаж мүшесінің мамандандырылған тренажері алынған білімдерді бекіту, ӘК жүйелерін пайдалану дағдылары мен білімін пысықтау, сондай-ақ экипаж мүшесінің жұмыс орнындағы әртүрлі пайдалану жағдайларында өзара іс-қимыл үшін қолданылады.

      32. Пилоттың мамандандырылған тренажері әртүрлі радиотехникалық жүйелерді пайдалана отырып, бағыт бойынша ұшар кезде, ұшқанда және отырғызу қажетті білімді бекіту және практикалық дағдыларды жетілдіру үшін қолданылады.

      33. Штурманның мамандандырылған тренажері ұшақты жүргізу мен навигация қағидалары бойынша білімді бекіту және практикалық дағдыларды жетілдіру, рәсімдерді орындау үшін қолданылады.

      34. Бортинженердің мамандандырылған тренажері пайдаланудың әртүрлі жағдайларында білімді бекіту және ӘК жүйелерін ұшу үшін пайдаланудың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін қолданылады.

      35. Кабиналық рәсімдердің тренажері:

      1) экипаж мүшелерін старт алдындағы даярлау, қозғалтқыштарды қосу алдында ӘК жүйелерін даярлау мен тексеру кезінде өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау;

      2) бақылау парақтары мен бақылау тексеру картасына сәйкес операцияларды орындау мен бақылау кезінде экипаждағы өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау;

      3) қозғалтқышты қосу кезінде, қосқаннан кейін, рульді түзету алдында жұмыстарды орындау кезінде, алдын ала және орындау стартта, отырғызғаннан кейін, қозғалтқыштарды ажырату алдында және оларды ажыратқаннан кейін экипаждағы дағдыларды және өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау мақсаттарында қолданылады.

      36. Кешенді пилотаждық тренажер экипажды нақты типтегі ӘК-нің ұшу пайдалану жөніндегі олардың функционалдық міндеттерін толық көлемде даярлауға арналған.

      37. Авариялық түсу тренажері авариялық-құтқару шараптарын пайдалану бойынша білімді бекіту және дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ экипаждың басқа мүшелерімен оқытылатындарды мәжбүрлі отырғызу және ӘК авариялық түсу кезінде өзара іс-қимылға арналған.

      38. Ұшу дайындығы ұшудың әртүрлі жағдайларында ӘК басқару дағдыларын ұстау және жетілдіру мақсатында орындалады және мыналарды қамтиды:

      1) әуе кемесі командирінің (бұдан әрі - ӘКК) күрделі метеорологиялық жағдайда немесе кешенді тренажерда алты ай ішінде дербес немесе борттағы нұсқаушымен үш реттен кем емес қонуға бет алуды орындау;

      2) нақты метеорологиялық жағдайда берілген минимумге сәйкес келетін немесе көрінімді елестететін жүйені қолдана отырып, ӘК-де немесе кешенді тренажерда минимумды беру күнінен немесе минимумды қалпына келтіруге (растауға) арналған бақылау-тексеру күнінен он екі ай ішінде ӘКК-нің үштен кем емес қонуды орындауы, қонуға бет алудың жалпы санынан бір қону автоматтандырылған режимде орындалады (автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған әуе кемелерінде);

      3) ӘКК-нің көрінім бойынша ӘКК минимумына сәйкес келетін нақты метерологиялық жағдайда үш сағаттан кем емес көлемде он екі ай ішінде маршрут бойынша екі ұшуды орындауы (шектелген-шағын және шағын биіктіктерде көрінетін ұшу қағидалары бойынша ұшуды орындайтын ұшу кемелерінде).

      39. 200 метр және одан кем көрінім бойынша ұшуға арналған минимумы бар ӘКК, минимумды растау үшін 400 метр немесе одан кем көрінім кезінде немесе нақты жағдайда немесе кешенді тренажерда көрінімді елестететін жүйесін қолдана отырып, он екі ай ішінде кемінде бір ұшуды орындауы қажет.

      40. Ұшу-нұсқаушы адамдар және бірнеше әуе кемелері түрлерінде ұшуға жіберілген әуе кемелерінің ұшу құрамы:

      1) күрделі метеорологиялық жағдайда немесе ӘК-нің әр түріндегі кешенді тренажерде немесе әуе кемесінде белгіленген үш қонуды орындауы;

      2) ӘК-нің әр түрінде әуе кемесінің командиріне берілген минимумды растауы қажет.

      41. Көрінімді елестететін жүйені қолдана отырып, күрделі метеорологиялық жағдайда немесе кешенді тренажерда үш рет қону болмаған кезде экипаж құрамындағы нұсқаушымен әуеайлақтық жағдайда жаттығу, орындалады. Бұл ретте ұшу - нұсқаушы құрамның адамы ӘКК ретінде ұшуды орындайды.

      42. Оған берілген минимумды растамаған ӘКК-ге бастапқы рұқсат минимумы бойынша ұшуға рұқсат етіледі.

      43. Қонуға автоматтандырылған бет алу және қону жүйесімен жабдықталған әуе кемелерінде ұшуды орындайтын ұшу құрамы күрделі метеорологиялық жағдайда басқарып ұшу техникасының дағдыларын ұстанады және тұрақты тренажерлық даярлықтан өту кезінде кешенді пилотаждық тренажерда берілген минимумды растайды.

3-параграф. Ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру

      44. Ұшу-нұсқаушы құрам адамдарына әуе кемелерінде:

      1) ұшқыштарға - әуе кемесінің екі түрінен астам емес (сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограмм және одан аз әуе кемесінің үш түрінен астам емес);

      2) штурмандарға - әуе кемесінің төрт түрінен астам емес;

      3) бортинженерлерге, бортмеханиктерге - әуе кемесінің үш түрінен астам емес;

      4) ұшу мамандығынан басқа авиациялық персоналға - әуе кемесінің екі түрінен астам емес ұшу орындауға рұқсат беріледі.

      45. Әуе кемелерінде Әуе кемелерінің экипаж мүшелеріне:

      1) ұшқыштарға - әуе кемелерінің екі түрінде;

      2) штурмандарға, бортинженерлерге (бортмеханиктерге), бортрадисттерге, бортоператорларға - әуе кемелерінің екі түрінде ұшуды орындауға рұқсат беріледі.

      46. Ұшқыштар мен бортинженерлерге (бортмеханиктерге) әуекемелерінің екі түрінде ұшуға рұқсат әрбір түрінде 200 сағаттан кем емес ұшқан кезде беріледі.

      47. Ұшқыштарға ӘК-де дисплейлік аспаптық жабдықпен және ӘК-де бағдарлық аспаптық жабдықпен бірлесіп ұшуға рұқсат етілмейді.

      48. Ұшу жұмысына 30-дан 90 күнге дейінгі үзілістен кейін рұқсат беру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) алдын ала даярлықты өткізу;

      2) ӘК осы түрінің конструкциясындағы және пайдаланудағы өзгерістерді зерттеу;

      3) әуе кемелерінің командирлері және ұшу-нұсқаушы құрам (ұшу мамандығы) үшін-тренажерлерде үш сағат дайындалу немесе қонуға төмендеу және түсу сызбасы бойынша және екі рет түсуден кейін жүзеге асырылады.

      49. Ұшу жұмысына 90 күннен 180 күнге дейінгі үзілістен кейін рұқсат беру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) алдын ала даярлықты өткізу;

      2) осы ӘК түрінің конструкциясындағы және пайдаланудағы өзгерістерді зерттеу;

      3) ұшу және ұшу-нұсқаушы құрам үшін - тренажерлерде үш сағаттан кем емес көлемде және рейстік жағдайда қонуға төмендеу және түсу схемасы бойынша екі рет кіру көлемінде жаттығу.

      50. Ұшу жұмысына 180 күннен бір жылға дейінгі үзілістен кейін рұқсат беру мына жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) дербес даярлықты өткізу;

      2) алдын ала даярлықты өткізу;

      3) осы ӘК түрінің конструкциясындағы және пайдаланудағы өзгерістерді зерттеу;

      4) маусымдық даярлықты өткізу;

      5) жоспарлы жаттығу көлемінде тренажерларда жаттығуды өткізу;

      6) ұшу және ұшу-нұсқаушы құрам үшін қонуға төмендеу және түсу схемасы бойынша екі рет кіру көлемінде өндірістік жағдайларда ұшу жаттығуларын өткізу.

      51. Ұшуда бір жылдан артық үзіліс болған кезде мыналар жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 54-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес теориялық және практикалық даярлық;

      2) жылдық даярлық көлемінде тренажерларда жаттығу;

      3) ӘКК үшін - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен Авиакомпанияның (пайдаланушының) ӘК-нің типі бойынша ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқауға (бұдан әрі - ҰЖЖН) сәйкес бекітілген нұсқаушымен бірге қатарға енгізу бағдарламасының 50%-дан кем емес көлемде ұшу жаттығуы, ал екінші ұшқыштар үшін - әуеайлақтық немесе өндірістік жағдайларда кемінде бес ұшу көлемінде жаттығу;

      4) ұшу кезінде ұшу техникасын және практикалық жұмысын тексеру.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 443 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Авиациялық жұмыстар түрлері бойынша алты айдан артық үзіліс кезінде ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру осы Қағидалардың 54 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      53. Ұшуда үш жыл және одан артық үзіліс болған кезде мыналар жүргізіледі:

      1) авиациялық маманның ұшуға немесе ӘК-нің басқа түріне рұқсатты болған ӘК - нің түріне қайта даярлау курстарында оқу;

      2) ӘК-нің осы түрінде бұрын ұшқан мамандар үшін тренажерлік және ұшу даярлық бағдарламасын 50%-ға дейін қысқарта отырып, ҰЖЖН-ға сәйкес көлемде ұшу жаттығу және ұшу техникасын тексеру.

      54. Ұшуда бес жылдан артық үзіліс болған кезде маман ұшуға рұқсат құқығынан айырылады. Ұшу жұмысына қайта келу ӘК-нің белгілі түрінде ұшу құрамын бастапқы даярлық көлемінде жүзеге асырылады.

4-параграф. Әуе кемелерінің экипажын қалыптастыру

      55. Экипаждың сандық құрамы ӘК-нің ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаудың (бұдан әрі - ҰПН) талаптарына сәйкес айқындалады. Авиакомпаниялар (пайдаланушылар) экипаждың бекітілген, сондай-ақ бекітілмеген құрамын қалыптастыру әдістерін қолданады.

      56. ӘКК қатарына енгізілген экипажды қалыптастыру кезінде ӘК-нің осы түрінде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар және ұшуды қауіпсіз орындау үшін сауатты және дұрыс шешім қабылдауда практикалық көмек көрсету қабілетті экипаж мүшелерін таңдау қажет.

      57. Құрамына ӘКК ретінде ұшуды орындауға рұқсат берілген екі ұшқыш кіретін экипажды қалыптастыруға жол беріледі.

      Ұшу орындығының оң жағынан ұшуға рұқсаты жоқ әуе кемесінің командирлерімен қосымша даярлық ұшуды басқару дағдыларын және экипажда ұшу орындығының оң жағында өзара іс-қимыл технологияларын пысықтау үшін кемінде үш сағат көлемінде тренажерде жаттығу жүргізіледі.

      58. Экипаж мүшелерін ауыстырған кезде ұшуға рұқсат беру:

      1) экипаждың бір мүшесін ауыстырған кезде - экипажбен алдын ала даярлықты өткізгеннен кейін;

      2) екі не одан астам экипаж мүшелерін ауыстырған кезде, сондай-ақ жаңадан жинақталған экипаж кезінде - экипажбен алдын ала даярлық және ӘК-нің қорытынды ұшу немесе тренажерде екі ұшу өткізілгеннен кейін;

      3) бекітілмеген құрамда ұйымдастырылатын экипаж үшін - қосымша даярлықсыз жүзеге асырылады.

5-параграф, Ұшу құрамының біліктілігін тексеру

      59. Ұшу құрамының біліктілігін тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) ӘК-нің жаңа игерілген түрінде бірінші рет ұшу алдында;

      2) бірінші рет дербес ұшу алдында (авиациялық жұмыстардың түрлері бойынша);

      3) анағұрлым күрделі метеорологиялық жағдайларда және тәулік уақытында ұшу алдында (минимумды төмендету және түнгі ұшуға рұқсат алу);

      4) ӘК-де орнатылған белгіленген жаңа жабдықтар мен жүйелерді пайдалана отырып ұшу алдында;

      5) біліктілігі расталғанда;

      6) халықаралық ұшуға рұқсат алар алдында.

      60. Халықаралық ұшуды орындауға рұқсаты бар екендігін нақтылау үшін мамандарды тексеру халықаралық әуе желісінде (шетел мемлекетінің аумағындағы авиациялық жұмыстар ауданында) жылына бір реттен кем емес жүргізіледі.

      61. Біліктілігін растауды тексеру жылына бір реттен кем емес жүргізіледі, Осы ӘК түрінде бірінші жылы жұмыс істеген кезде жарты жылда бір реттен кем емес, Біліктілігін растауды тексеруді халықаралық ұшуды орындауға рұқсатты растауға тексерумен бірге жүргізуге рұқсат беріледі.

      62. Бортинженерлер мен бортмеханиктерді тексеру тек осы мамандық бойынша нұсқаушы құрамы өткізеді.

      63. Бірнеше түріндегі ӘК ұшқан кезде ұшуға рұқсатты тексеру әрбір ӘК түрі бойынша жеке жүргізіледі.

6-параграф. Ұшу құрамын жаттықтыру

      64. Ұшу құрамын жаттықтыру мақсаты - ұшу жұмысының дағдыларын игеру (қалпына келтіру) және сақтау.

      65. Ұшу құрамын жаттықтыру мына түрде жүзеге асырылады:

      1) күрделі метеорологиялық жағдайларға, ұшудағы ерекше жағдайларға ұшыраған кезде әртүрлі жүйелерді және қонуға кіру режимдерін пайдалана отырып, экипаждың іс-қимылын жаттықтыру мақсатында тренажерлік жаттығулар;

      2) ұшу құрамының белгілі бір рұқсат түрін (ұшу жұмысындағы үзілістен кейінгі қоса алғанда) алу (қалпына келтіру) және растау мақсатында ұшу жаттығулары;

      3) авариялық жағдайдағы экипаждың іс-қимылын жаттықтыру мақсатында маусымдық даярлық кезінде авариялық-құтқару жаттығулары.

      66. Ұшу құрамының жаттықтыру ұшуын ұйымдастыру және өткізу кезінде ұшу - нұсқаушы құрамнан (ұшу мамандығынан) тексеруші (жаттықтырушы) адам тағайындалады.

      67. Құжаттамаларды ресімдеу:

      1) біліктілікті ұстау курстарын аяқтағаннан кейін куәлік (сертификат) беріледі;

      2) тренажердегі жаттығу жаттықтыруға берілген тапсырмада ресімделеді;

      3) ұшу даярлығы ҰЖЖН-ға сәйкес ресімделеді;

      4) ұшу құрамын тексеру және рұқсатты беру нәтижелері ұшу кітапшасында жазылады;

      5) ұшу құрамының берілген рұқсаттары маманның куәлігіне (сертификатына) жазылады.

7-параграф. Ұшуды талдау

      68. Ұшуды талдау ұшу қауіпсіздігінің деңгейін, ұшу құрамының кәсіби даярлығының, ұйымның бөлімшенің, азаматтық авиация экипажының ұшу жұмысының тиімділігін және сапасын арттырудың негізгі нысаналарының бірі болып табылады.

      69. Ұшуды талдау мынадай мақсатта жүргізіледі:

      1) ұшу қауіпсіздігінің және жиілігінің жағдайын бағалау;

      2) әр экипаждың және жалпы ұшу бөлімшесінің жұмысын бағалау;

      3) ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен өзара әрекеттесу жағдайын бағалау;

      4) ұшу және ұшу - нұсқаушы құрамының кәсіби даярлығын жетілдіру;

      5) авиациялық оқиғалар мен олардың алғы шарттарын алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      6) ұшу - нұсқаушы құрамның ұйымдастырушылық, тәрбиешілік және ұшу-әдістемелік жұмысын жетілдіру.

      70. Ұшуды талдау бөлінеді:

      1) экипаждағы ұшудан кейінгі талдау әрбір ұшудан кейін, авиациялық жұмыстарда ұшу күні аяқталғаннан кейін жүргізіледі;

      2) пайдаланушының басшылық құрамымен талдау апта сайын жүргізіледі;

      3) пайдаланушының құрылымдық бөлімшелерінде талдау айына бір реттен кем емес жүргізіледі;

      4) авиациялық оқиғалардың (уақиғалардың) жағдайлары мен себептерін жедел зерттеу және олардың қайталануының алдын алудың нақты іс-шараларын дайындау мақсатында ұшуды жоспардан тыс талдау;

      5) бөлімшенің ұшу-нұсқаушы құрамының әдістемелік даярлығын арттыру мақсатында ұшуды әдістемелік талдау.

      Жоспардан тыс және әдістемелік (көрсетімдік) талдаулар бөлімше басшысының немесе жоғары тұрған басшының не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 443 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Ұшуды талдауға барлық ұшу-нұсқаушы және бөлімшенің ұшу құрамы, ал қажет жағдайда - басқа бөлімшелер мен қызметтердің авиациялық мамандары тартылады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын бөлімшелерде, бұдан басқа қажет болған жағдайда авиациялық жұмыстарды орындау тапсырыс беруші ұйым мамандары, сондай-ақ осы жұмыстарды қамтамасыз етумен байланысты адамдар тартылады.

      72. Бөлімше басшысы ұшуды талдауды дайындауды ұйымдастырады және өткізеді. Әдістемелік талдауды тек қана жоғары тұрған басшы өткізеді.

      73. Әрбір ұшуды талдау өткізер алдында барлық ұшу-нұсқаушы және басшылық құрам мұқият және жан-жақты дайындалуы қажет.

      74. Ұшуды талдау, жоспардан тыс және кәсіпорынның басшылық құрамының талдауынан басқа, талдаудың жалпы (ақпараттық), әдістемелік және бекіту бөліктерін көздейтін бірыңғай схема бойынша өткізіледі.

      Талдаудың жалпы бөлігі ұшу жұмысының негізгісі болып табылады, онда ұшу жұмысының талдауы және талдау алдындағы кезеңдегі ұшу қауіпсіздігінің жағдайы туралы ұшу-нұсқаушы құрамның баяндамасы тыңдалады.

      Әдістемелік бөлікте экипаждың анағұрлым сипатты жіберген қателері мен бұзушылықтарын егжей-тегжейлі талдау кіреді, осы бұзушылықтарды жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар белгіленеді. Сондай-ақ арнайы тақырыптарға баяндамалар тыңдалады және ұшу жұмысы бойынша бұйрықтар мен нұсқаулар және ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпарат зерттеледі.

      Бекіту бөлігінде талдаудың қорытындысы шығарылады, бағынысты бөлімшелердің (экипаждың) жұмысы бағаланады және ұшудың қауіпсіздігі мен жиілігін қамтамасыз ету және алдағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік жоспарды орындау бойынша міндеттер қойылады.

      75. Ұшуды талдаудың мазмұны талдауда болмаған барлық ұшу-нұсқаушы және ұшу құрамының назарына жеткізіледі. Талдау материалдары ұшу-әдістемелік сыныпта сақталады және олардың сақталуына ұшу қызметінің (бөлімшесінің) басшысы жауапты болып табылады.

8-параграф. Ұшу жұмысын ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігін талдау және бақылау

      76. Ұшу жұмысын ұйымдастыруды талдау мақсаты ұшу жұмысында ауытқуларға әкелетін немесе әкелуі мүмкін және ұшудың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелетін себептерді анықтау болып табылады.

      77. Талдауға мыналар жатады:

      1) ұшу жұмысын жоспарлау;

      2) ұшу құрамын кәсіби даярлау;

      3) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыру;

      4) ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру;

      5) экипаждарды алдын ала және ұшудың алдында даярлау;

      6) ұшу құрамының жұмысын тексеру;

      7) экипаждың құрамында тексерушімен бірге ұшу;

      8) ұшуды талдау немесе ақпараттарды ұшу құрамының назарына жеткізу жүйесі;

      9) ұшу-әдістемелік жұмыс;

      10) ұшу-штабтық құжаттама.

      78. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру мен ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды пайдаланушылар - тоқсан сайын және жылына бір рет жасайды және азаматтық авиация Комитетіне береді.

      79. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау оны одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында жүргізіледі. Бақылауға мыналар жатады:

      1) ұшу жұмыстарының жоспарлары;

      2) ұшу-штабтық құжаттама;

      3) ұшу және метеорологиялық құжаттама;

      4) ұшу құрамын тексеру материалдары;

      5) ұшу-нұсқаушы құрамының ұшу нәтижелері;

      6) қозғалыс қызметінің, инженерлік-авиациялық қызметтің және ұшуды қамтамасыз ететін басқа да қызметтердің ақпараты;

      7) әуе кемелерін инспекторлық және таңдап қарау және авиациялық техниканы пайдалануды талдау нәтижелері;

      8) ұшу ақпараты, ұшу параметрлерін тіркейтін борттағы және жердегі құралдар мен сөзбен алмасуларды талдау материалдары;

      9) ұшудың қауіпсіздігі бойынша инспекторларды тексеру материалдары.

9-параграф. Ұшу-әдістемелік жұмыс

      80. Ұшу-әдістемелік жұмыс ұшу қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында ұшу құрамын кәсіби даярлаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді.

      81. Ұшу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) ұшуды орындаудың ұтымды әдістерін, инженерлік психология және авиациялық эргономика талаптарының негізінде әуе кемесі экипажының мүшелерін ұшуға оқытудың тиімді әдістерін, құралдары мен тәсілдерін әзірлеу және енгізу;

      2) ғылымның, техниканың жетістіктері мен кәсіпорынның практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде азаматтық авиацияда ұшу жұмыстарын ұйымдастырудың және жүргізудің анағұрлым жетілдірілген нысандары мен әдістерін жасау;

      3) ұшу экипаждарының мүшелерін оқыту және тәрбиелеу бойынша ұшу-нұсқаушы құрамның теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және ұшу-әдістемелік шеберліктерін жетілдіру;

      4) авиациялық техника мен оны пайдаланудың практикалық тәжірибесін ескере отырып, әуе кемесінің жаңа түрлерін пайдалануды зерттеу және практикалық игеру жүйелерін жетілдіру;

      5) азаматтық авиация ұйымының оқу-әдістемелік базасын құру, жарақтандыру және тиімді пайдалану;

      6) ұшу құрамының кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың құралдарын және әдістерін іздеу және тиімді қолдану.

      82. Ұшу-әдістемелік жұмыс:

      1) ұшу-нұсқаушы құрамы оған бекітілген ұшу құрамының кәсіби даярлығы мен тәртіп жай-күйінің деңгейіне жеке жауапкершілікті;

      2) ұшу-нұсқаушы және оқытушылар құрамының өздігінен оқу және біліктілігін ұстау курстарын өту жолымен тұрақты біліктілігін ұстау және әдістемелік дайындығын жетілдіруді;

      3) осы Қағидалардың және ұйымды реттейтін басқа да құжаттардың талаптарын орындай отырып, ұшу құрамының кәсіби даярлық деңгейін тұрақты бақылауды, ұшу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етуді және өткізуді;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның оқу-әдістемелік ұйымдар мен авиациялық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылын анық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 82-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 № 443 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Ұшу-әдістемелік жұмысты авиакомпаниялар (пайдаланушылар) жоспарлайды, ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      84. Авиакомпанияларда (пайдаланушыларда) ұшу-әдістемелік жұмысын жоспарлау олардың нормативтік құжаттарын, оқытудың техникалық құралдарын және оқу көрнекілік құралдарын әзірлеу бойынша қызметін үйлестіру мақсатында жүзеге асырылады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263766
    Қазақ тілінде 131655
    Орыс тілінде 131201
    Ағылшын тілінде 910
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы