Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 12804 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Е. Досаев

      2015 жылғы 4 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1023 бұйрығымен
бекітілген

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 540 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - осы Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі - пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жалпы мақсаттағы авиация - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және жолаушыларды, багажды, жүкті және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау), авиациялық жұмыстарды орындау және iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда ақысы төленбей және жалдаусыз көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту және әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация;

      3) өтініш беруші - жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде ұшуға рұқсат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы - осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;

      5) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік - жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуға рұқсат беру және осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (уәкiлеттi орган) беретін құжат;

      6) ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау - өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат.

      4. Ұшуға рұқсат беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуға рұқсат алу өтінімін беруі.

      Өтініме, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы қоса беріледі;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға құжаттарын тексеру (бұдан әрі - уәкілетті ұйымға);

      3) уәкілетті ұйымға өтініш берушіні тексеріп қарауды жүргізуі;

      4) ұшуға рұқсат беру - ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру.

2-тарау. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру тәртібі

1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру

      5. Ұшуға рұқсат алу үшін өтініш беруші ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күн бұрын осы Қағидалардың 4 - тармағының 1) тармақша сына сәйкес құжаттар топтамасымен өтінімді Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталына жібереді.

      6. Өтінім ұсынылған берілген мәліметтердін нақтылығын қамтамасыз етеді.

2-параграф. Құжаттарды тексеру

      7 Уәкілетті ұйым өтінім берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұсынылған құжаттарды қарайды.

      8. Өтінім мен құжаттарды қарағаннан кейін, уәкілетті ұйым құрамына авиациялық инспекторларды қоса отырып, өтінім берушіге тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

3-параграф. Тексеру жүргізу

      9. Уәкілетті ұйым өтініш берушінің сертификатталған ұшу әуе кемелері техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті, дайындалған персоналы, құжаттамасы, жабдықтары болуын, сондай-ақ міндетті сақтандыру түрлерінің болуын тексеруді сегіз жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      10. Тексеру нәтижелері бойынша пайдаланушыны тексеру актісі (бұдан әрі - Акт), осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, екі данада, өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, төрт жұмыс күн ішінде жасалады. Актіге Комиссия мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

      11. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.

      12. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлік мерзімсіз беріледі.

      13. Пайдаланушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұшуларды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерін көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.

      Халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемесінің бортында уәкiлеттi ұйымға басшысы, не ол уәкілеттік берген адам қол қойған және мөрімен куәландырылған ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі болады.

      14. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

4-параграф. Ұшуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау

      15. Актіні алғаннан кейін уәкілетті ұйым он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығы бар куәлік беруді жүзеге асырады;

      ұшуға рұқсат берілмеген туралы шешім қабылданған кезінде дәлелді бас тарту жібереледі.

      16. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тарту:

      1) өтініш беруші жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) өтініш берушіге қатысты оған мұндай ұшуды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.

      Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

3-тарау. Ұшуға рұқсат беру куәлігінің қолданысын тоқтата тұру және оны қайтадан бастау.

      17. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:

      1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) осы Қағидаларда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

      2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

      3) Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;

      4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.

      Осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті тоқтата тұру туралы хабарламаны, бұзушылықтар анықталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, пайдаланушыға жазбаша түрде жібереді.

      18. Пайдаланушы, хабарламаны алғаннан кейін, жеті жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі - жоспар) уәкілетті ұйымға жолдайды.

      19. Уәкілетті ұйым пайдаланушы жоспарының белгіленген мерзімде орындалуын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.

      Жоспардың орындалуын тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті ұйым бес жұмыс күндік мерзімде:

      жоспар орындалған жағдайда ұшу құқығын беру куәлігі қолданысын жаңғыртады;

      жоспар орындалмаған жағдайда ұшуға жіберуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      20. Жалпы авиациялық пайдаланушыға рұқсат беруді қайта бастау немесе бас тарту бойынша шешімді уәкілетті ұйым пайдаланушыға тексеру аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күн мерзімінде жазбаша нысанда хабарлайды.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйымға басшысына

Ұшуға рұқсат алу үшін өтінім

      _____________________________________________________________________ мақсатында

      (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ішкі (халықаралық)

      ________________________________________________________________________________

      (әуе желілерінде ұшуды oрындауға рұқсат алу) (өтінiш берушінің толық аты-жөнi)

      Тексеру жүргізуді өтінемін ұшуды бастаудың жоспарланған күні

      өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру

      қағидаларының талаптарына сай болуға және уәкілеттi ұйымға ұшудың ұйымдастырылуын,

      қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге

      мiндеттенедi. ____________________________________________________________________

      (басшының лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда), өтініш

      берушінің (заңды тұлғаның) қолы)

      (өтініш берушінің (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

Ұшуды орындауға рұқсат алу өтініміне қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау.

      2. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау

      Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаға талаптарына сәйкес өтініш берушімен әзірленеді.

      1. Нұсқаудың мазмұны:

      1) Мазмұны;

      2) егер әрбір түзету кезінде барлық құжат қайта шығарылмаса және құжатта күшіне енген күні көрсетілмесе, түзетулерді есепке алу беті және қолданысты беттердің тізбесі;

      3) басшылық және пайдаланушы персоналдың қызметтік міндеттері, жауапкершілігі және қызмет бабындағы сыйластығы;

      4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификатталған 5700 кг. жоғары ұшу салмағы бар әуе кемелері);

      5) ұшуға басшылық ету жүйесі;

      6) MEL қатысты қағидалар (қолданатын кезде);

      7) қалыпты жағдайда ұшуды жүргізу;

      8) стандартты пайдалану рәсімдері (SOP);

      9) метеорологиялық шектеу;

      10) ұшу және жұмыс уақытының шектелуі;

      11) ұшудағы төтенше жағдайлар;

      12) авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды талдау;

      13) персоналдың біліктілігі және даярлығы;

      14) есепке алу құжаттамасын жүргізу;

      15) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесін сипаттау;

      16) ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануды шектеу;

      17) ұшу және тілдесу деректерін тіркеушінің жазбаларын пайдалану/сақтау;

      18) авариялық жағдай туындаған жағдайда қолданылуы тиіс іс-әрекеттерді қоса алғанда, қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық;

      19) автоматтық қону жүйесімен коллиматорлық (HUD) немесе балама индикаторлармен техникалық көру жүйелерімен (EVS, SVS немесе CVS) жабдықталған, әуе кемелерін ұшуды дайындау үшін кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;

      20) электронды ұшу құжаттамасын (EFB) пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;

      21) RVSM, MNPS, RNAV немесе RNP бар әуе кеңістігіндегі ұшулардың орындалуы.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы

      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:

      1. Жалпы ережелер:

      1) жауапты басшы қол қойған ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаудың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;

      2) лауазымды тұлғалардың бағыныштылығы иерархиясы көрсетілген ұйымдық құрылымы;

      3) жұмыс (кеңсе) үй-жайлардың жалпы сипаттамасы;

      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша қызмет саласы;

      5) жауапты басшының, ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты жауапты персоналдың аты-жөні мен қызметі көрсетілген басқарушы персонал, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал бойынша мәліметтер;

      6) пайдаланушы қызметінің түрінде, мекенжайында, оның персоналының құрамында болған өзгерістер туралы құзыретті органды хабардар ету рәсімі;

      7) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімі.

      2. 1-бөлік. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі рәсімдер:

      1) техникалық бортжурналды пайдалану және рұқсат етілетін ақаулықтар (MEL) тізбесінін қосымшасы;

      2) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы - өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, енгізу және бекіту;

      3) пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау бойынша есеп мәліметтерін және техникалық құжаттарын жүргізу және мұрағатта сақтау;

      4) ұшу жарамдылығы бойынша директиваларды қолдану және бақылау;

      5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін талдау, міндетті емес пысықтуды (түрлендіруді) орындау саласындағы рәсімдер (саясат);

      6) маңызды түрлендіруді жүзеге асырудың стандарттары;

      7) анықталған ақаулар мен жарамсыздықтар туралы жеткізу;

      8) технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;

      9) сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы;

      10) ұшуға дайындық;

      11) әуе кемелерінің салмағын өлшеу;

      12) бақылау мақсатындағы ұшулар.

      3. 2-бөлік. Сапа жүйесі:

      1) сапа саясаты, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі аудиттің жоспары мен рәсімдері;

      2) ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызмет түрлерінің мониторингі;

      3) техникалық қызмет көрсету бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;

      4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін мониторингілеу;

      5) техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;

      6) сапа жүйесі шеңберінде аудитті орындайтын персонал.

      4. 3-бөлік. Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету:

      1) техникалық қызмет көрсетуге мердігерді таңдау рәсімдері;

      2) сапа жүйесі шеңберіндегі әуе кемелерінің аудиті.

      5. 4-бөлік. Қосымшалар:

      1) құжаттардың үлгілері;

      2) қосалқы мердігерлердің тізімі;

      3) техникалық қызмет көрсету шарттары жасалған, бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың тізбесі.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеру актісі

      (уәкілетті ұйымға атауы)

      20 __ жылғы " "__________ № ________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссиямен:

      Төраға: ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері:____________________________ ____________________________

      (Т.А.Ә.)

      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға __________________________________

      __________________________________________________________ тексеріп қарау жүргізілді

      (әуе кемесін пайдаланушының атауы)

      Қорытындының мәтіні

      (Т.А.Ә.)            (қолы )

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)            (қолы)

      Актімен таныстым

      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ______________ ________

      (Т.А.Ә..)      (қолы)

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлік және пайдалану ерекшеліктері ________________________________________________________________________ Уәкілетті ұйымның атауы Ұшуды орындау құқығына арналған КУӘЛІК (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) № KAZ - 03/001

Пайдаланушының атауы
Пайдаланушының мекенжайы:
телефоны:
Факсы:
E-mail:

Пайдаланудағы жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы куәлік жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға_________________________

      (пайдаланушының атауы)

      қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Жалпы мақсаттағы

      авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына және Ұшуды орындау жөніндегі

      нұсқауға сәйкес ұшуды орындауға рұқсат беруін куәландырады.

      Инспекциялық бақылауды _____________________________ жүзеге асырады.

                                    (уәкілетті ұйымның атауы)

      ______________________      ______________________________            ______

      Уәкілетті ұйымға басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда). (қолы)

      немесе ол уәкілеттік берген тұлға                  (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      Мордін орны (бұдан әрі - МО)

      Берілген күні: 20_жылғы "___"________

Уәкілетті ұйымның атауы ____________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, №____ куәлік) Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері) А бөлігі - Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларына сәйкес және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасыны Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификациаланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес беріледі.

      2. Пайдаланушы ұшуды орындауға даярланған.

      3. Пайдаланушыға ішкі (халықаралық) әуе желілеріндегі жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау үшін мынадай дайындаушылар мен модельдердегі әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етiледi:

Дайындаушы

Моделі

Ең жоғарғы жүк көтергіштігі мен жолаушылар сыйымдылығы

1

2

3

      1-бағанда әуе кемені дайындаушы зауыт көрсетіледі;

      2-бағанда әуе кемесiнiң түрі және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi көрсетіледі;

      3-бағанда тонналық немесе килограммалық көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі.

      ___________________________________ _________ __________

      Уәкілетті ұйымға басшысы                  (Т.А.Ә.)      (қолы)

      немесе ол уәкілеттік берген тұлға

      М О

      Берілген күні: 20_жылғы "___"________

Уәкілетті ұйымның атауы _________________________________________________________ Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері) В бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер

Беретін уәкілетті ұйым туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________

Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Күні: __________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ М О

Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:
☐Тұрақты емес; ☐Жолаушылар; ☐Жүктер; ☐Өзгелер ________________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертулер

Қауіпті жүктер

Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады

Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қонуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер

САТ RVR: м.; DH м .(фут);
RVR:______ м

RVSM
☐Қолданылмайды

EDTO
☐Қолданылмайды

Шекті уақыт: _______ мин.
Қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшудың ең ұзақ уақыты: _______ мин.

PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер

Ұшу жарамдылығын сақтау

EFB

Өзгелер

Уәкілетті ұйымның атауы _____________________________________________________________________ Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері) В/1 бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер (тікұшақтар)

Берілетін уәкілетті ұйымға туралы байланыс ақпараты

САТ RVR: м.; DH: м. (фут);
Б бұлт.:___ м. (фут); Көр.: м.;

___ кластағы ҰТС бар тікұшақтармен АҰҚ бойынша ұшулар

Сыртқы ілмектегі жүкпен ұшу

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы