Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 891 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18021 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы "____" _____________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 891 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің "Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда № 22 (28246) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құжаттарды қабылдау және Авиациялық персонал куәліктерін беру немесе қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ біліктілік туралы және арнайы белгілерді енгізуді "электрондық үкімет" веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Авиациялық персонал куәлігін беру мерзімі немесе қолданылу мерзімін ұзарту 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.";

      14-тармақ алынып тасталсын;

      16-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Заңының 80-бабына сәйкес құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);"

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ұшу кітапшасының көшірмелері;";

      19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші тмендегі құжаттарды ұсынады:";

      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігін алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:"

      23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәліктерінің мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:";

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігін алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәліктің қолдану мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:";

      41-тармақта

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:";

      2) тармақшасы алынып тасталсын.

      44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Біліктілік белгілері әрекет мерзімі айдың соңына дейін ұзартылады, сол уақытта олардың әрекет ету мерзімдері аяқталады.

      Егер біліктілік белгілерінің әрекет мерзімі 90 күннен 1 (бір) жылға дейінгі мерзім шегінен өтіп кеткен болса, біліктілік белгілерінің әрекетін жаңарту үшін өтініш беруші осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

      Егер біліктілік белгілерінің әрекет мерзімі 1 (бір) жылдан астам өтіп кеткен болса, олардың әрекетін жаңарту үшін өтініш беруші осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.";

      47-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Куәлігіне біліктілік және арнайы бағаларды енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:";

      50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. "В1" немесе "В2" санаттары бойынша Куәлікке біліктілік белгісін "Ratіngs" бағанға енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      51-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Куәліктің "Ratіngs" біліктілік бағанына "С" санаты белгілерін енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Азаматтық авиацияның оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.";

      мынадай мазмұндағы 4-1- тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Құжаттарды қабылдау және авиациялық оқу орталығының сертификатын беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";

      5-тармақтың екінші бөлімі алынып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды он бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган төрт жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.";

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.

      Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.

      15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.

      16. Уәкілетті орган үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді. Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады, оған екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленетін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификаттың қолданылу саласы жатпайды.".

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11401 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиация персоналына берілетін куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/ қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы басып шығарылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз;

      мемлекеттік қызмет электрондық кезекті тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі):

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      ұшу экипажының мүшелері куәлік алу үшін:

      ұшқыш – жеке ұшқыш (ұшақ, тікұшақ, дирижабль немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), коммерциялық авиация ұшқышы (ұшақ, дирижабль, тікұшақ немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), көп мүшелі экипаж ұшқышы (ұшақ), авиакомпанияның желілік ұшқышы (ұшақ, тікұшақ немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) ұшқышы:

      жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген (бұдан әрі - ЖСН) ерікті нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;

      штурман:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      борт инженері:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      авиациялық оқу орталығын (бұдан әрі – АОО) немесе авиациялық оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттардың көшірмелерін;

      кешенді тренажердағы (LPС) соңғы тексеру нәтижелері туралы актінің (нысанның) көшірмесін, ұшуды тексеру актісін;

      осы стандартқа 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған ұсыным (ұшу экипажының мүшелеріне);

      "5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Заңының 80-бабына сәйкес құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, фотоға қараған жақтан оң жағында бұрышы бар, мөлшері 3,5 х 4,5 см);

      тиісті медициналық қорытындының көшірмелерін;

      радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге тестілеуден өтуін растайтын сертификат көшірмесін (халықаралық ұшуларды орындайтын ұшу экипажының мүшелері үшін);

      "Қауіп пен қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адам мүмкіндіктері" курсынан өтуін растайтын құжаттың көшірмелерін;

      ұшу кітапшасынан үзінділердің көшірмелерін (мемлекеттік авиациядан келгендер үшін);

      толтырылған сәйкестік парағын, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери есепке алу есебін (мемлекеттік авиациядан келгендер үшін);

      ұшу экипажының мүшелері куәлігінің түпнұсқасын (ұшу экипажы мүшелерінің куәлігі бүлінген жағдайда) ұсынады.

      Куәлікті ұзарту үшін ұшу экипажының мүшелері:

      ұшқыш – жеке ұшқыш (ұшақ, тікұшақ, дирижабль немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар ӘК), коммерциялық авиация ұшқышы (ұшақ, дирижабль, тікұшақ немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар ӘК), көп мүшелі экипаж ұшқышы (ұшақ), авиакомпанияның желілік ұшқышы (ұшақ, тікұшақ немесе көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар ӘК):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеңіл және аса жеңіл ӘК ұшқышы:

      ЖСН көрсетілген ерікті нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;

      штурман:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      борт инженері:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған ұсыным (ұшу экипажының мүшелеріне);

      теориялық білімдерін тексеру нәтижелері бланкісінің (нысанының) көшірмесі;

      "Қауіп пен қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адам мүмкіндіктері" курсынан өтуін растайтын құжат көшірмесін;

      тиісті медициналық қорытындының көшірмесін;

      Ұшу экипажының мүшелері куәлікке біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      борт инженері:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      мамандығы бойынша соңғы рет уақыты бойынша қайта даярлау немесе біліктілігін қолдау курстарынан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      инструктор ретінде соңғы рет уақыты бойынша даярлау курстарынан өткендігін және ұшу тексерісінің (қажет болғанда) нәтижелерін растайтын құжаттардың көшірмесін;

      радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге тестілеуден өтуін растайтын сертификат көшірмесін ұсынады.

      Әуе қозғалысының диспетчері куәлік алу үшін:

      АОО-ны немесе авиациялық оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттардың көшірмесін және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесін;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған ұсыным (ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиациялық персонал үшін);

      куәліктің түпнұсқасын (куәлік бүлінген жағдайда) ұсынады.

      Әуе қозғалысының диспетчері куәлікті ұзарту үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесін;

      куәліктің түпнұсқасын;

      мамандығы бойынша соңғы рет уақыты бойынша біліктілігін қолдау курстарынан өткендігі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      "Қауіп пен қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адам мүмкіндіктері" курсынан өтуін растайтын құжаттың көшірмелерін ұсынады.

      Әуе қозғалысының диспетчері, ұшуды/ұшу диспетчерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер, авиациялық станция операторы куәлікке біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін:

      еркін түрде жазылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесін (әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері үшін);

      инструктор ретінде соңғы рет уақыты бойынша даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін (әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері үшін);

      радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесін (қажет болғанда) ұсынады.

      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлік алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне өтініш;

      сертификаттың немесе диплом берілген күнінен бастап өту мерзімі 10 жылдан, ал мемлекеттік авиация қызметін бітіргеннен соң азаматтық авиацияда ӘК техникалық қызмет көрсету куәлігін алуға үміткер, мемлекеттік авиация ӘК техникалық қызмет көрсету саласындағы персонал үшін – ӘК техникалық қызмет көрсету саласында үздіксіз еңбек өтілі болған жағдайда, азаматтық авиация оқу орнын бітірген күннен бастап - 15 жылдан аспайтын, модульдер түрінде бір немесе бірден көп бастапқы дайындық бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналының көшірмесін;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке деректерін;

      сертификаттың немесе емтихан тапсырғанын растайтын дипломның берілген күнінен немесе дипломның берілген күнінен бастап өту мерзімі 10 жылдан аспайтын, бастапқы дайындық бағдарламасын өздігінен игергеннен кейін немесе модульдер түрінде ("А", "В1" немесе "В2" санаттары) бір немесе бірден көп бастапқы дайындық бағдарламасы бойынша азаматтық авиацияның оқу орталығын, авиациялық институт, авиациялық училище немесе авиациялық техникум немесе авиациялық колледжді бітіру бойынша емтихандар тапсырғаны туралы құжаттардың көшірмелерін;

      "Қауіп пен қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адам мүмкіндіктері" 9А және "ӘК техникалық қызмет көрсетуге қолданылатын адамның мүмкіндіктері" 9В модулі көлеміндегі курстан өтуі туралы құжаттардың көшірмесін;

      10 RK модулі көлеміндегі "Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама" курсынан өткендігі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің түпнұсқасын (куәлігі бүлінген жағдайда) ұсынады.

      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлікті ұзарту үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі үшін өтініш;

      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің түпнұсқасын ұсынады (куәлігі бүлінген жағдайда).

      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал "В1" немесе "В2" санаттары бойынша "Ratіngs" бағанына Біліктілік белгісінің куәлігіне енгізу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі үшін өтініш;

      ӘК түріне оқыту курсының практикалық және теориялық элементтерінен өткендігі туралы құжаттардың көшірмелерін, ал қажет болған жағдайда практикалық тағлымдамадан өту туралы жазбалар ұсынады. Егер сертификатты техникалық қызмет көрсететін және авиациялық техниканы жөндеу жүргізетін ұйымға қатысты уәкілетті орган растаған болса, практикадан өту нәтижелері жөніндегі сертификатты ұсынуға рұқсат етіледі.

      ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал "С" санаты бойынша "Ratіngs" бағанына біліктілік белгісін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігіне енгізу үшін:

      ӘК түріне оқытудан өткенін және 3-ші деңгей бойынша ("С" санатының бірінші жазбасы үшін) оқудың теориялық бөлімінен кейін емтихан тапсырғанын растайтын сертификаттардың көшірмелерін, ал "С" санаты бойынша әрбір кейінгі жазба үшін 1-ші деңгей бойынша ӘК талап етілген түріне оқытудан өткенін дәлелдейтін (әуе кемесімен жалпы танысу курсы) сертификат ұсынады. Егер "С" санатын алатын үміткер Куәлікке енгізілген ӘК мен қозғалтқыштың сол түрінен "В1" және "В2" санаттары арқылы осы біліктілік белгісін алатын болса, онда теориялық оқудан өткендігі туралы жеке сертификат ұсыну қажет етілмейді.

      Техникалық қызмет көрсету және авиациялық техниканы жөндеу жүргізетін ұйымдарында жұмыс тәжірибесін және мемлекеттік авиацияда немесе ӘК өндірісі кезінде алынған тәжірибені растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Ұшуды/ ұшу диспетчерлерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлер, авиациялық станцияның операторлары куәлік алу үшін:

      өтініш берген сәттен бастап тиісті теориялық білімін, практикалық оқуын, мамандығы бойынша біліктілігін қолдау жөнінде курстардан соңғы рет өткендігін растайтын АОО және авиациялық оқу орындарын бітіргені туралы құжаттардың көшірмелерін;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-қосымшасына сәйкес азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен расталған объективті деректері бар ұсынымды (ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиациялық персонал үшін);

      екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, мөлшері 3,5 х 4,5 см, фотоға қараған жақтан оң жағында бұрышы бар);

      "Қауіп пен қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адам мүмкіндіктері" курсынан өтуін растайтын құжаттың көшірмесін;

      мамандығы бойынша соңғы рет уақыты бойынша біліктілігін қолдау курстарынан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      куәліктің түпнұсқасын;

      "Қауіп пен қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адам мүмкіндіктері" курсынан өтуін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) порталда:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.";

      осы тізбесінің қосымшасына сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Порталда көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесін;

      сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;

      ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі (қажет болған кезде);

      авиациялық оқу орталығының штат кестесі;

      авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттардың электрондық көшірмелері (бар болса);

      қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлға ретінде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті, төлем туралы мәліметті (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден өз бетінше алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.".

  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  "Авиация персоналы куәліктерін
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
11-қосымша
  Нысан
  (көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
аты, әкесінің аты бар болса
(бұдан әрі - Т.А.Ә)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._________________

      Телефоны _________________________

      Алдым _________________________

      көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      20__ ж. "___" _________

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 269023
    Қазақ тілінде 134237
    Орыс тілінде 133807
    Ағылшын тілінде 979
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы