"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18992 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы, сондай-ақ "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15695 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 359 Бұйрық) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Жүк жөнелтуші тез бүлінетін жүктерді тиеу алдында автокөлік құралдарының оларды тасымалдауға жарамдылығына көз жеткізеді, сондай-ақ тез бүлінетін жүктерді тиеу кезінде № 359 Бұйрық талаптарының сақталуын, тез бүлінетін жүктің автокөлік құралының шанағына салыну дұрыстығын және тасымалданатын алдын ала салқындатылмаған тез бүлінетін жүктер сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. Жүк жөнелтуші тиелген арнайы бейімделген автөкөлік құралдарды пломбалауды жүргізеді.";

      83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Тасымалдаушы тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін арнайы бейімделген автокөлік құралдарын техникалық жағынан жарамды, № 359 Бұйрықтың талаптарына сәйкес келетін және тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудың тиісті температуралық режимдерін қамтамасыз ететін күйде ұсынады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін босаған арнайы бейімделген автокөлік құралдарын жүк алушы жүктің қалдықтарынан тазартады, сондай-ақ № 359 Бұйрыққа сәйкес жуады және дезинфекциялайды.";

      133-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тасымалдаушының жүктің осы түрін тасымалдау үшін жарамсыз немесе № 359 Бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын беруі;";

      154-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. № 359 Бұйрықтың талаптарына сәйкес санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауды жүк жөнелтуші тиеу кезінде, ал жүк алушы - түсіру кезінде жүзеге асырады.";

      308-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259284
    Қазақ тілінде 129582
    Орыс тілінде 128892
    Ағылшын тілінде 810
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы