"Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19036 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 қаңтарда № 11395 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редкацияда жазылсын:

      "1-бөлім. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар көлік құралының габаритін, салмағын және (немесе) біліктік жүктемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы және елді мекендердің көшелері арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік және салмақтық параметрлерінен асатын, автокөлік құралдарымен тасымалданатын бөлінбейтін жүктерді немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.";

      3-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат - Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінен габариті, салмағы және (немесе) біліктiк жүктемелерi бойынша асып түсетін жүксіз немесе бөлінбейтін жүгi бар, не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктері бар, Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқық беретiн қағаз тасығыштағы немесе электрондық рұқсат беру құжаты (бұдан әрі - арнайы рұқсат);";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) бөлінбейтін жүк - тасымалдау кезінде мақсатын өзгертпей, шамадан тыс шығындарсыз немесе оның бүліну тәуекелінсіз екі немесе одан көп бөлікке бөлуге болмайтын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) салмағы ауыр автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі үшін алым - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25-желтоқсандағы кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген тәртіппен алынатын iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу (бұдан әрі - автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым);";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті автокөлік құралымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктерді автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      5. Автокөлiк құралының габариттері мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдарымен жүру үшін автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерiнен асатын бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға рұқсат етілмейдi.

      6. Ipi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкті автомобиль жолдары арқылы тасымалдау ЖЖҚ-ның және осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн жүзеге асыру және ұйымдастыру тәртiбi";

      7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.

      Іpi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүктерді тасымалдау, соның iшiнде арнайы рұқсатты алу бөлiгіндегi жалпы шарттар халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгіленедi.

      8. Тасымалға және арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.

      9. Iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.

      10. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.

      11. Қозғалыс басталар алдында бекітіліп берілген ірi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүктерді автокөлік құралдарымен немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкпен бірге автокөлiк құралын жүргiзушi, жүк тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап тексереді. Жүк Заңның 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес бекітілген автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтық және (немесе) габаритті параметрлерінің асып кету фактісі анықталған жағдайда, ӘҚБК-де көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылданады және тасымалдау мынадай жағдайларда жалғасады:

      1) автокөлік құралының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін асыра отырып, жол жүру бағыты бойынша әрі қарай жүксіз немесе бөлінбейтін жүкпен не мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкпен жүру және автокөлiк құралдарының жол жүру бағыты іс жүзінде жүріп өткен жолына алым сомасын төлеу, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте арнайы рұқсат қағазын ала отырып жүріп өту, алдағы бөлігіне алым соммасын төлеу, жүксіз немесе бөлінбейтін жүгі не мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүгі бар ір габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде, сондай-ақ арнаы рұқсаттың мерзімі өтіп кеткен кезде;

      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін тасымалдаушының автокөлік құралын артық жүктен босатуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Евразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралы шыққан кезде және арнайы рұқсат берілместен іс жүзінде жүріп өткен бағыттың бір бөлігі үшін автокөлiк құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу - бөлінбейтін жүк немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкке жатпайтын жүгі бар ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;

      3) автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн төленген алымға қосымша осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және габариттік параметрлердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Қағидаларда белгілеген тәртіппен арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін автокөлiк құралдарының алымын тасымалдаушы төлегеннен кейін - iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлерінің бiрiнен асып кету фактісі анықталған кезде;

      4) тасымалдаушы іс жүзінде жүріп өткен бағыт бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасын төлеген және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен арнайы рұқсатты алғаннан кейін - iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;

      5) осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген мерзімде әкімшілік полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін - осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталған кезде;

      6) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтіру үшін тасымалдаушының автокөлік құралын артық жүктен босатуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Евразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралының шығуы үшін және іс жүзінде жүріп өткен жол үшін алым сомасын төлеу - бөлінбейтін жүкке немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында тасымалданатын сұйық жүкке жатпайтын жүгі бар, арнайы рұқсаты бар ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде.";

      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Арнайы рұқсатты алуға өтініш беру, қарау және келісу тәртібі";

      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Арнайы рұқсатты беру тәртібі";

      46-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын арнайы рұқсат белгiленген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында сұйық жүкті тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259703
    Қазақ тілінде 129770
    Орыс тілінде 129106
    Ағылшын тілінде 827
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы