Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы

      Ескерту. 3, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.

      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
      6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
      10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің миссиясы көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында көлік және коммуникация саласындағы тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыру және жүргізу болып табылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      15. Министрліктің міндеттері:
      1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) көлік және оның өміршеңдік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) көлік және коммуникация саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) гендерлік теңдік қағидаттарын сақтау;
      6) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      16. Министрліктің функциялары.
      Орталық аппараттың функциялары:
      1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
      2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтаждығына болжамдар әзірлеу;
      3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      4) келісімдер мен шарттар жасау құқығымен көлiк және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республиканың мүдделерiн бiлдiру;
      5) көлік және коммуникация саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды жүзеге асыру;
      6) экономиканың және республика халқының тасымалдауларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты қызметтерге қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
      7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, көлік және коммуникация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысу;
      8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
      9) тікелей аралас тасымалдар туралы қағидаларды бекіту;
      10) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн бекіту;
      11) Жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлеу;
      12) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекіту;
      13) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын әзірлеу;
      14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу;
      15) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындау;
      17) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
      18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
      19) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      20) қолда бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшiн техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілеу;
      21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
      22) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекіту;
      23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
      24) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;
      25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын айқындау;
      26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін бекіту;
      27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау тәртібін бекіту;
      28) экспедиторлар қызметін ұсыну тәртібін айқындау;
      29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін айқындау;
      30) локомотивтік тартқыш қызметін ұсыну тәртібін айқындау;
      31) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
      32) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекіту;
      33) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекіту;
      34) Кірме жолдарды пайдалану қағидаларын бекіту;
      35) Күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын бекіту;
      36) Тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
      37) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісім бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
      38) пойыздардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды айқындау;
      39) жолаушылар пойыздарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
      40) лауазымдар (кәсіптер) тiзбесiн, лауазымға (кәсіпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсіби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсіпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн белгілеу;
      41) тасымалдаушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының қарамағындағы әскерилендірілген күзетке жататын темір жол көлігі объектілерінің тізбесін әзірлеу;
      42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін айқындау;
      43) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша әуе трассаларының және жергілікті әуе желілерінің тізбесін бекіту;
      44) азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;
      45) Азаматтық авиацияның авиация персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын бекіту;
      46) Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидаларын бекіту;
      47) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі бойынша бағдарламаны әзірлеу;
      48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту;
      49) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуемен тасымалдауларды жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлудi конкурстық негiзде жүргiзу;
      50) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      51) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын бекіту;
      52) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту;
      53) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту;
      54) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілер персоналы санының үлгі нормативтерін бекіту;
      55) әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге біліктілік талаптарын бекіту;
      56) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілердің шикізат пен материалдар шығындарының, техникалық шығындарының үлгі нормаларын бекіту;
      57) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
      58) Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын бекіту;
      59) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекіту;
      60) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша халықаралық ұшуларға қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкімшілікті қалыптастыру;
      61) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбелерін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      62) азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тiркелетін танылым және қосымша белгілерін салу қағидаларын және көрсетілген белгілердің сипаттамасын бекіту;
      63) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшуларының кестелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      64) Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындық қағидаларын бекіту;
      65) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекіту;
      66) азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту;
      67) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекіту;
      68) Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту;
      69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      70) теңіз портының капитанын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату;
      71) Мемлекеттік кеме тізілімінің, Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын бекіту;
      72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту;
      73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемдерінің тізбесін бекіту;
      74) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды әзірлеу;
      75) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртібін бекіту;
      76) ішкі су жолдары мен шлюздердің кеме жүретін жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
      77) Ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болатын көліктік оқиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу қағидаларын әзірлеу;
      78) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешім қабылдау;
      79) кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін әзірлеу;
      80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
      81) кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын бекіту;
      82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды әзірлеу;
      83) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
      84) сатылатын жүктерді есепке алу және олар үшін есеп айырысу тәртібін әзірлеу;
      85) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидаларын әзірлеу;
      86) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидаларын әзірлеу;
      87) нысанды киім (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киім (погонсыз) киiп жүру тәртібін бекіту;
      88) кеме атауын беру тәртібін белгілеу;
      89) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      90) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;
      91) Кемелермен болған апаттық жағдайларды тергеу қағидаларын әзірлеу;
      92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілеу;
      93) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің әрекет ету мерзімін белгілеу туралы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде шешімдер қабылдау;
      94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру тәртібін бекіту;
      95) - 111) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      112) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      113) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      114) - 124) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      125) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарынтәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жарты жылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру;
      126) - 128) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      129) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      130) - 132) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      133) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      134) - 136) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      137) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      138) - 139) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      140) Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекiту;
      141) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын бекіту;
      142) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекiту;
      143) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
      144) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізу;
      145) Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде олардың Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы куәлік беру;
      146) Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
      147) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
      148) пойыздардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
      149) Жүк және жолаушылар вагондары мен тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;
      150) Темір жол өтпелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
      151) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;
      152) жолаушыларды, багажды, жүк багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
      153) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
      154) пойыздар қозғалысына байланысты терминдерді бекіту;
      155) авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      156) авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарын авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту;
      157) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асыру;
      158) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында өкілдік етуін жүзеге асыру;
      159) азаматтық авиация саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
      160) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      161) Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидаларын бекіту;
      162) әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
      163) Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердiң iшкi су жолдарымен жүзу жағдайларын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      164) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидаларын бекіту;
      165) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын бекіту;
      166) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидаларын бекіту;
      167) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағидаларды бекіту;
      168) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды бекіту;
      169) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидаларын бекіту;
      170) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
      171) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      172) Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
      173) теңiз жолдарының навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақтағы құрылысты келісу;
      174) кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамының танылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      175) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;
      176) Теңiз кемелерiн сыныптау және жасау қағидаларын бекіту;
      177) Теңiз кемелерiнiң жүк маркасы туралы қағидаларды бекіту;
      178) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу;
      179) Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын бекіту;
      180) кемелерді лоцмандық алып өтудің мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлеу және мұндай аудандар туралы ақпаратты теңіз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей етіп жеткiзу;
      181) - 199) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      200) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      201) теңiз портының капитаны туралы ереженi бекіту;
      202) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
      203) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
      204) теңіз порты акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекараларын айқындау;
      205) көлік және коммуникация кешенінде кадрлар қажеттігін айқындау;
      205-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;
      205-2) тасымалдаушылардың қызметтер көрсету, автовокзалдардың, автостанциялардың және халыққа қызмет көрсету пункттерінің қызметтер көрсету ұлттық стандарттарын әзірлеу;
      205-3) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;
      205-4) Ішкі су жолдарында кемемен жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;
      205-5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны әзірлеу тәртібін бекіту;
      205-6) кемемен жүзу су жолдары бойынша кемелердің жүзуі туралы есептілікті әзірлеу;
      205-7) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;
      205-8) Қазақстан Республикасының аумағындағы авиациялық оқиғалар мен азаматтық авиация инциденттерін тергеу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес ұйымдастыру;
      205-9) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не кемелердің пайдаланушылары жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған авиациялық оқиғаларды және азаматтық авиация инциденттерін тергеуге қатысу;
      205-10) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын жою мақсатында ұсыныстар беру, сондай-ақ осы ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;
      205-11) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөнінде статистикалық деректер жүргізу;
      205-12) Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттері пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер бойынша статистикалық деректер жүргізу;
      205-13) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректермен алмасуға қатысу;
      205-14) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеуге жауапты шетел мемлекеттерінің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтастық;
      205-15) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық;
      205-16) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету;
      205-17) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
      205-18) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерттеу және қолдау;
      205-19) мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;
      205-20) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;
      205-21) Радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу қағидаларын бекіту;
      205-22) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру;
      205-23) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарымен және ұсынылатын практикасымен айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) уақтылы хабарлауды және олардың аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялануын қамтамасыз ету;
      205-24) Қазақстан Республикасында теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
      205-25) теміржол көлігінде шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілері техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;
      205-26) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;
      205-27) - 205-37) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      205-38) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша авиакомпаниялардың (дипломатиялық иммунитеті бар шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) оқиғалар, төтенше жағдайлар орындарына құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын тасымалдау және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдау;
      205-39) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      205-40) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде көлік кәсіпорындарының шарттық қатынастарын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдау;
      205-41) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі ретінде әрекет ету;
      205-42) - 205-44) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен;
      206) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу;
      4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық, облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;
      6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;
      7) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
      8) көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдармен олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарының сәйкестігіне аттестаттауды өткізу;
      9) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүріп өтуге қосымша рұқсат беру;
      10) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының келісімі бойынша жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық тұрақты автомобиль тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiту;
      11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісуді жүзеге асыру;
      12) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кiруiн тіркеу;
      13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;
      14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру;
      15) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу;
      16) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін келісу;
      17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу;
      18) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруды келісу;
      19) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
      20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      21) мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
      22) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылдау;
      23) темір жол көлігінде пайдаланылатын бірыңғай есепке алу-есеп беру уақытын белгілеу;
      24) жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
      25) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
      26) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      27) сертификаттауды және үлгілік сертификатын беруді жүзеге асыру;
      28) халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарын беру;
      29) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру;
      30) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
      31) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттауды және оның жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
      32) сериялық өндіріске арналған жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесі зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін оған үлгі сертификатын беру;
      33) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (бір жолғы) ұшуына рұқсат беру;
      34) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асыру;
      35) авиациялық персоналға жататын тұлғаға оның қажетті білімі мен дағдылары бар екенін, сондай-ақ денсаулығының белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін авиациялық персонал куәлігін беру, куәліктің қолданыс мерзімін ұзарту, қайтарып алу, мұндай куәліктің қолданысын тоқтата тұру, куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу;
      36) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру;
      37) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      38) ішкі әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға келісу;
      39) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiктi беру;
      40) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;
      41) халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру;
      42) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелерiне құқықтарды және аталған әуе кемелерiмен жасалатын мәмiлелерді, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      43) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына сертификаттауды жүзеге асыру;
      44) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар беруден бас тарту, қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтата тұру;
      45) шетел мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлiгін не тиісті куәлікті бере отырып, жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлігін тану;
      46) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
      47) сертификаттауды және азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
      48) азаматтық әуе кемелерiмен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;
      49) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат ету;
      50) егер әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқу белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, мұндай ауытқуларға келісу;
      51) авиация персоналына жататын тұлғалардың «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      52) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану;
      53) тасымалдаушылардың магистральды темiржол желiсiнiң қызмет көрсетулерiне кемсiтусіз қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
      54) шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына келісу;
      55) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерді не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiк пен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
      56) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру;
      57) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша хаттамалар толтыру, iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      58) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасау және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда, оларды жою туралы ұйғарымдар енгiзу;
      59) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;
      60) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беруді жүзеге асыру;
      61) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа да тұлғалардың бәсекелес кiрме жолдары жоқ кiрме жолдардың қызметтеріне кемсiтусіз қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
      62) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      63) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
      64) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру;
      65) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлігінде қызметін тексеру;
      66) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;
      67) авариялық жағдайларды және көлік оқиғаларын, су көлігін пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;
      68) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
      69) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру;
      70) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;
      71) бербоут-чартер шартымен жалға алынған шет мемлекеттің кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру;
      72) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
      73) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
      74) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бланк өнімін өткізу қызметтері үшін бюджет кірісіне түсетін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
      76) шағын кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
      77) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      78) көліктің жұмыс істеу тәртібін, олардың бұзушылықтарын анықтауды және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      79) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      80) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      81) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде сапаны талап ететін жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      82) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
      83) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеу, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беру;
      84) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      85) жолаушылар мен багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарына рұқсат құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асыру және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес халықаралық автомобильдер тасымалдары кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушылар тізімінің болуын бақылау;
      86) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
      87) шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
      88) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      89) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      90) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
      91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      92) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және тынығу режимiн сақтауы, оның iшiнде тахографтармен жабдықталуға тиіс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тасымал түрлерiн жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
      93) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
      94) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      95) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      96) автокөлік құралын жарақтандырудың, автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      97) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекеттер тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      98) қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі жауап бермейтін магистральдық темір жол объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
      99) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
      100) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      101) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      102) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
      103) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
      104) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелермен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      105) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      106) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      107) азаматтық, эксперименттік авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және азаматтық және эксперименттік авиацияның өзге де қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      108) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүзеге асыру;
      109) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      110) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      111) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру;
      112) басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      113) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      114) әуеайлақ (тікұшақ айлақ) объектілерінің, қону алаңқайларының күтіп-ұсталуын және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 1)-7)9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметінің сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      115) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      116) халықаралық әуе тасымалдарын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      117) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      118) азаматтық әуе кемесі данасы конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру;
      119) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндiруі мүмкін қызметті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      120) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      121) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асыру;
      122) кемелерді, салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелі объектілерді және құрылыстарды олардың қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне қарап тексеруді жүргізу;
      123) кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын тергеуді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу;
      124) алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан мас күйдегі шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық тексеруге жіберу;
      125) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;
      126) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тергеуді және есепке алуды бақылауды жүзеге асыру;
      127) жеке және заңды тұлғалардың Ішкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
      128) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      129) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      130) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      131) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      132) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      133) кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;
      134) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу құрылыстарының қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
      135) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз кемелерінде және шағын көлемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
      136) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;

      138) қысқы тұрақта тұратын, пайдаланудағы теңіз кемелеріне уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің байқау жүргізуін бақылауды жүзеге асыру;
      139) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру;
      141) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
      142) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
      143) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      144) ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
      145) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылауды жүзеге асыру;
      146) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру;
      147) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнiндегі шараларды қабылдау;
      148) өз құзыретінің шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарымдар енгізу;
      149) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
      150) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      151) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) бекіту;
      152) азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру;
      153) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
      154) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
      155) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      156) міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
      157) - 191) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014  N 369қаулысымен;
      192) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу;
      193) - 206) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014  N 369қаулысымен;
      207) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), бірлесе пайдалану және бірлесіп орналасу әуеайлақтарын есепке алуды жүзеге асыру;
      208) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулер ұйымдастыру жөніндегі сертификатын беру;
      209) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру;
      210) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру;
      211) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларын келісу;
      212) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу;
      213) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
      214) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыру, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      215) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1112 қаулысымен;
      216) - 221) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014  N 369қаулысымен;
      222) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар қабылдау;
      223) сертификаттауды және әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беруді жүзеге асыру;
      224) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарушылық және апаттық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      225) авиациялық оқыту орталықтары және азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларын келісу;
      226) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астананың және астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін белгілеу;
      227) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;
      228) қызметі сертификатталуға жатпайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      229) тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы бағдарламаны қабылдау;
      230) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының негізінде әзірленген шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерудің тексеру парақтарының нысанын бекіту;
      231) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      232) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014  N 369қаулысымен;
      233) теңіз көлігі аясындағы навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
      234) шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау;
      235) азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың нысанын бекіту;
      236) шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесін перрондық және жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;
      237) метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.10.2013 N 1112; 17.04.2014 N 369 қаулыларымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Министрліктің:
      1) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға;
      2) өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті нұсқаулар беруге және нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін актілердің күшін тоқтатуға немесе оларды өзгерту туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
      5) өз құзыреті шегінде сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін сараптама және консультациялар өткізу үшін тартуға;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікке иелік етуді және пайдалануды жүзеге асыруға;
      7) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуға;
      8) мемлекеттік кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта құру, тарату және атауын өзгерту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      9) өз құзыреті шегінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа мекеме ұйымдарында және шетелдік мемлекеттерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
      10) өз құзыреті шегінде көлік және коммуникация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін әзірлеуге;
      11) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Министрліктің міндеттеріне:
      1) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ресми сұрау салу жағдайында өз құзыреті шеңберінде және заңнаманың шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
      3) Министрлік қызметкерлерінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
      4) мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы басшылыққа немесе құқық қорғау органдарының назарына жеткізу;
      5) Министрліктің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау жатады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі жүзеге асырады.
      19. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің өкілеттігі:
      1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
      2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      3) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік ету;
      5) өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Министр өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің мүлкі

      24. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін
қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі Мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдар комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 N 736 қаулысымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Семей су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Павлодар су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Орал су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Атырау су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Іле су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Балқаш су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 23.07.2013 N 736; 17.04.2014 N 369 қаулыларымен.

Акционерлік қоғамдар

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 N 339 қаулысымен.
      3. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 N 975 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      7. «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамы.
      8. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ.
      Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.02.2013 N 79; 11.04.2013 N 339; 21.08.2013 N 822; 16.09.2013 N 975 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 N 369 қаулыларымен.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 N 197 қаулысымен.
      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 N 197 қаулысымен.

және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 N 828 (қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 N 369; 30.06.2014 № 743 қаулыларымен.

      1. - 28. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 369 қаулысымен.
      29. «Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      30. «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      31. «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      32. «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      33. «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      34. «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      35. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      36. «Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      37. «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      38. «Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      39. «Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      40. «Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      41. «Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      42. «Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      43. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      44. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
      45. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесі.

және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік
мекемелердің
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақмолажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Ақтөбежолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Алматыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Атыраужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Батысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жамбылжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Шығысжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қарағандыжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қызылордажолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қостанайжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстаужолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Павлодаржолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Солтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      14. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Оңтүстікжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      15. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен   
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.

министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту
комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Құрылымы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi туралы ереже

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
Қатынас жолдары комитетiнiң құрылымы

министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi
туралы ереже

министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң құрылымы

министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi

министрлiгі Көлiктiк бақылау комитетiнiң
құрылымы

министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінің
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
тiзбесi

министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық
органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

N 1232 қаулысына    
қосымша        

министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң

2005 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1305 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат).
      3. "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 74 қаулысының 3-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысының 1-тармағы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 221-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 792 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 277-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шiлдедегі N 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 341-құжат).
      8. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 490-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысының 2-тармағы және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3, 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 46, 546-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 1863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 55, 606-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi N 944 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 324-құжат).
      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1095 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6 және 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 30, 388-құжат).
      13. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1596 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 540-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi N 794 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат).
      15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 599 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 шiлдедегi N 821 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 254-құжат).
      16. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 916 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 302-құжат).
      17. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 995 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 30, 329-құжат).
      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1765 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 9 маусымдағы N 541 қаулысы.
      19. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 22 шілдедегi N 724 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат).
      20. "Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 32, 319-құжат).
      21. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 474-құжат).
      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 432 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 17, 222-құжат).
      23. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 317-құжат).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы