Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылсын.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1599 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор),
      Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі - жалғыз акционер) ретінде Үкімет өкілеттіктерінің және мемлекеттік реттеумен байланысты өкілеттіктердің аражігін ажырату қажеттілігін мойындай отырып;
      Қордың мақсатына қол жеткізу және оның алдында тұрған міндеттерді орындау үшін шарт ретіндегі корпоративтік басқарудың озық практикасына сәйкес Қорды басқару қажеттілігін негізге ала отырып;
      төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

1. Келісімнің мәні

      Осы келісім Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын белгілейді және мәселелерін, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкімет қоятын талаптарды, сондай-ақ Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттейді.

2. Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары

      Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) Үкімет тарапынан Қорды басқару «Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) Қордың жарғысында көзделген жалғыз акционердің және Қордың директорлар кеңесіндегі Үкімет мүшелері өкілдігінің өкілеттіктерін іске асыру арқылы ғана жүзеге асырылады;
      2) заңдарда, актілерде және Қазақстан Республикасы Президенттің тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкіметтің, оның мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының Қор тобының жедел (ағымдағы) қызметіне араласпауы;
      3) Қор тобы қызметінің есептілігі және транспаренттілігі.

3. Үкімет пен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, оның ішінде Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкіметтің қоятын талаптары

      1. Үкімет пен Қордың өзара іс-қимылы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Үкімет Қор акцияларының меншік иесі ретінде Қорды оның органдарының - жалғыз акционерінің, Қор директорлар кеңесінің (бұдан әрі - директорлар кеңесі), Қор басқармасының (бұдан әрі - басқарма) тиімді басқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қордың Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді.
      Үкімет, коммерциялық акционерлік қоғам ретінде Қорға Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қордың жарғысында көзделген шекте толық жедел дербестік береді.
      3. Қор қызметінің мәселелері бойынша оған Үкімет қоятын талаптар Қордың қызметті Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес жүзеге асыруы, сондай-ақ Қордың Үкімет алдындағы есептілігі болып табылады.
      4. Қор өз қызметін Заңда айқындалған, сондай-ақ Қордың даму стратегиясында бекітілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ғана жүзеге асырады.
      5. Үкімет пен Қордың және Қор тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) арасындағы өзара қарым-қатынастар корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес директорлар кеңесі арқылы ғана жүзеге асырылады.
      Үкімет немесе оның лауазымды тұлғалары заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенттің актілері мен тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз құзыреті шегінде олар орындайтын, Қор басқармасының немесе Қордың басқармасы төрағасының, сондай-ақ Қордың тобына кіретін басқа да ұйымдардың шешімдер қабылдау және кез келген әрекетті жүзеге асыру үдерісіне тікелей (директорлар кеңесін аттап өтіп) араласпайды.
      6. Қор басқармасы және Қор басқармасының төрағасы өз құзыретінің шегінде шешімдер қабылдау және кез келген әрекетті жүзеге асыру кезінде толық дербес және тәуелсіз болады.
      7. Басқарма:
      1) Қордың шоғырландырылған даму жоспары мен даму стратегиясының іске асырылу мониторингін;
      2) Қор және директорлар кеңесі айқындайтын тізім бойынша ірі компаниялар қызметінің негізгі көрсеткіштерін;
      3) Директорлар кеңесі айқындайтын тізім бойынша Қор тобы іске асыратын ірі инвестициялық жобалар туралы ақпаратты;
      4) Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген және/немесе Үкімет бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы директорлар кеңесі белгілеген форматтағы ақпаратты;
      5) маңызды салалық бастамалар мен міндеттерді;
      6) Қор тобының әлеуметтік жауапкершілігін;
      7) Қордың ішкі құжаттарына сәйкес немесе директорлар кеңесі мүшесінің ұсынысы бойынша басқа да мәселелерді қоса алғанда, Қордың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі ұйымдармен (бұдан әрі -компаниялар) қызметінің шоғырландырылған нәтижелерін директорлар кеңесінің қарауына шығару жолымен тоқсан сайын есеп береді.
      8. Үкімет жалғыз акционер ретінде Үкімет отырыстарында Қор қызметінің мәселелері бойынша оның ақпаратын тыңдауға құқылы.
      Үкімет ұйымдардың басшыларын директорлар кеңесінің отырысына шақыру арқылы ғана олардың қызметінің нәтижелері туралы тыңдай алады.
      Қордың басқарма мүшелері мен ұйымдардың басшылары Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының кеңестеріне Қордың және ұйымдардың қызметін қозғайтын ағымдағы мәселелерді талқылау үшін шақырылуы мүмкін.
      9. Қор «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабына сәйкес Қордың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты жалғыз акционердің назарына жеткізу жөніндегі талаптарды сақтайды.
      10. Қор жалғыз акционер ретінде Үкіметті аудиттелген жылдық қаржы есептілігін бере отырып, өзінің қаржы-шаруашылық қызметі және оның нәтижелері туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      11. Қор жалғыз акционер мен директорлар кеңесі шешімдерінің уақтылы және тиімді орындалуына жауап береді.
      12. Қордың инвестициялық қызметі, егер директорлар кеңесі өзгеше шешім қабылдамаса, Қордың даму стратегиясына сәйкес нарықтық қағидаттарда жүзеге асырылады.
      13. Үкімет бастамашылық жасайтын, Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және/немесе индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды. Сондай-ақ осындай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.

4. Мемлекеттік органдар мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, мемлекеттік органдар тарапынан Қордың, ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол берілмейді.
      2. Қор мемлекеттік органдар тарапынан ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген араласу жағдайлары туралы Қорға ұйымдар беретін ақпаратты директорлар кеңесінің назарына жүйелі түрде жеткізіп отырады, және қажет болған жағдайда директорлар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша Үкіметке осындай жағдайларды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізеді.
      3. Қор мемлекеттік органдарға есептілікті, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және/немесе Үкімет бекітетін мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсында орналастыру қағидаларында, есептіліктің тізбесінде, нысандарында және орналастыру кезеңділігінде тікелей көзделген жағдайда, сондай-ақ осы Келісімнің 3-бөлімінің 7-тармағына сәйкес береді.
      4. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларында Қордың және/немесе ұйымдардың қызметін қозғайтын нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және/немесе өзге де ережелер белгіленген жағдайда, онда осындай жобаларды әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке енгізу кезінде жобаға қоса берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде көзделген мерзімде Қордың жазбаша ұстанымын алу үшін жібереді.
      5. Үкімет (Премьер-Министр) немесе мемлекеттік органдар Қордың және/немесе ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелерді қарау бойынша консультациялық-кеңес органдарын немесе жұмыс топтарын құрған кезде, Қордың және/немесе ұйымдардың өкілдері Қормен келісім бойынша олардың құрамына енгізіледі.
      6. Бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыру кезінде осы Келісімнің ережелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қор және ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылға қолданылмайды.

5. Келісімді іске асыру тетіктері

      1. Қордың корпоративтік хатшысы осы Келісім ережелерінің тиісінше орындалуын ұйымдастырады. Қор корпоративтік хатшысының міндеттері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктеледі.
      2. Қор басқармасы осы Келісім ережелерінің тиісінше орындалуына мониторингіні жүзеге асырады және корпоративтік хатшыға тиісті ақпарат береді.
      3. Қордың корпоративтік хатшысы кемінде жылына екі рет осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы есеп дайындайды және оны директорлар кеңесінің қарауына шығарады.

6. Қорытынды ережелер

      1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      2. 20__ жылғы «__» Астана қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тілдеріндегі екі данада қол қойылды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының            «Самұрық-Қазына» ұлттық
            Үкіметі үшін                    әл-ауқат қоры» АҚ үшін

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1599 қаулысына    
қосымша           

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1164 қаулысы.
      2. «2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 209 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 286-құжат).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы