Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 224 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 11 наурыздағы
№ 224 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасында:
      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Берешегi осы сомадан кемді құрайтын бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы) шеңберiндегi мемлекеттiк қолдауды пайдалана алады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау түрінде қолдау шараларын алған кәсіпорындар Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген жағдайда, оған қатыса алады. Бұл ретте, мұндай кәсіпорындар Бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жасалған субсидиялау шартын бұзуы қажет.»;
      он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келiсiмдер 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және 2011 жылғы 1 қаңтарға (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға) қарыздардың жалпы сомасы 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауы тиiс (2012 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей туындаған бұрын қабылданған мiндеттемелердi қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледi деген негiздер болуы тиiс.»;
      жиырма бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындар қатыса алады.»;
      жиырма екінші бөліктің:
      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салалық органдар - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi және басқалар.»;
      оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Холдинг – бұл:
      ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, акцияларының (қатысу үлестерiнің) елу пайыздан астамы бiр меншiк иесiне тиесiлi компаниялар тобы;
      ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, кәсіпорын және акцияларының (қатысу үлестерiнің) елу пайыздан астамы осы кәсіпорынға тиесілі компаниялар тобы;
      ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, бiр қаржы ұйымының алдындағы бiрыңғай кредиттiк желi бойынша немесе шартпен бiрiктірілген компаниялар тобы.»;
      жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялау жөнiндегi оператор - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлға, оған:
      қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялау шеңберiнде ақша қаражатын аудару;
      пайыздық ставканы субсидиялау бөлiгiнде Бағдарламаны iске асыру мониторингi жөнiндегi мiндеттер жүктелген.»;
      «Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде:
      3-тармақта:
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға қатысуға кредит берушiлердiң келiсiмiн алып, кәсiпорын мыналарды:
      Кредит берушiлер комитетiнiң кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуына келiсiм беру туралы шешiмiнiң көшiрмесiн,
      оң сараптау қорытындысын,
      берiлген қарыздарды (кредиттердi) проблемалы қарыздарға жатқызу мүмкiндiгiн растай отырып, қаржы ұйымдарының 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) кәсiпорынның жиынтықта 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауы немесе одан артық болуға тиiс берешегiнiң бар екенi туралы үзiндi көшiрмелерiн не облигация ұстаушылар туралы тiркеушiнiң мәлiметтерiн,
      қатысуға өтiнiш берген күннiң алдындағы кемiнде бiр ай бұрын берiлген кәсiпорын жарғысының нотариалды расталған көшiрмесiн және акционерлiк қоғам тiркеушiсiнiң үзiндi көшiрмесiн қоса бере отырып, белгiленген нысандағы өтiнiшпен Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына жүгiнедi.»;
      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуеттi қатысушылардың өтiнiштерiн қабылдау 2013 жылғы 1 сәуірге дейiн жүзеге асырылады. Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетiн және холдингке кiретiн бiрнеше кәсiпорын қатысқан жағдайда, сараптамалық қорытындыны алуға және қатысуға арналған құжаттар, оларды басқарушы компанияның атынан тапсырылуы мүмкiн.»;
      он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы ұсынылған құжаттардың толықтығы тұрғысынан оларды 5 жұмыс күнi iшiнде қарайды және кәсiпорынды екiншi кезеңге қатысуға жiберу немесе керi қайтару туралы шешiм шығарады.»;
      мынадай мазмұндағы 1) тармақшаның төртінші бөлігімен толықтырылсын:
      «Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін консультант көрсететін қызметтердің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      2) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкiлеттi орган консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға өтiнiмдi алған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген сома негiзiнде төлеуге берiлетiн шотты қалыптастырады және ақшалай қаражаттың сомасын консультанттың банктiк шотына аударуды жүзеге асырады. Егер тиісті қаржы жылында қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған қаражат көзделмеген жағдайда, өтінімді қайтару себебі көрсетіле отырып, әлеуетті қатысушыға оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.»;
      3) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Оңалту (сауықтыру) жоспарын консультант немесе әлеуеттi қатысушы негiзгi кредит берушiмен бiрлесiп, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуге шарт жасасқан күнінен немесе екiншi кезеңге қатысуға жiберiлгеннен бастап 6 айдан аспайтын мерзiмде, бірақ 2013 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей әзiрлейдi және оны Кредит берушiлер комитетi бекiтедi, ол:»;
      6) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы әлеуетті қатысушылардың құжаттар кестесін Сауықтыру кеңесінің қарауына жібергенге дейін:»;
      4-тармақта:
      екінші бөлікте:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кредит берушiлер тарапынан қолдау (шаралар Бағдарламаны іске асыру кезінде көрсетілуі тиіс):»;
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қазiргi бар қарыздар (кредиттер) және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялау;»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сот кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы шешiмi алынып, ол Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына ұсынылғаннан кейiн ақшалай сипаттағы мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi және уәкiлеттi органның, Бағдарламаға қатысушының, меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң), субсидиялау бойынша оператор мен кредиторлардың арасында жасалатын шарттарда өтеу кестелерін қоса бере отырып, ресiмделедi.»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін оңалту (сауықтыру) жоспарына субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесінде нақты көрсетілген соманы есепке ала отырып, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі және кейіннен Сауықтыру кеңесінде қарамастан және мақұлдамастан кредиторлар комитетінің шешімімен бекітіледі. Бұл ретте, кредит берушілер мен меншік иелері тарапынан қолданылатын шаралар азайтылуға жатпайды.»;

      «Кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялауды қаржыландыру үшiн қажетті ақшалай қаражатты жоспарлауды, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау және консультанттар қызметтерiнің құнын төлеуді қоса қаржыландыру бойынша бюджеттiк бағдарламаларды әкiмшiлендiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;

      «Пайыздық ставканы субсидиялау тек қана кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар, облигациялар купоны бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, қаржыландыру туралы келісімдер 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және қарыздардың жалпы сомасы 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) туындаған бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыру жағдайларынан басқа, 2011 жылғы 1 қаңтарға 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрауы немесе одан жоғары болуы тиіс (валюталар бағамы Бағдарлама iске асырылатын бүкiл кезеңге 2011 жылғы 1 қаңтардағы мән деңгейiнде тiркелiп қалады).»;
      он үшінші бөлік алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын тиiмдi iске асыру мақсатында Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстық негiзде Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуын кешендi және жүйелi мониторинг жүргiзу үшiн мониторинг жөнiндегi консалтингтiк компанияларды тартады.
      Бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингi оны iске асырудың екiншi жылынан бастап оңалту (сауықтыру) бағдарламасының бүкiл мерзiмi бойына жыл сайын жүргiзiлетiн болады.
      Оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингінің нәтижелері мүдделі тараптардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын орындау, оңалту (сауықтыру) жоспарының нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі қорытындыларды қамтуы тиіс, ал олар орындалмаған (қол жеткізілмеген) жағдайда себептер көрсетіледі және ахуалды түзету, болашақ кезеңде тараптардың міндеттемелерін орындау жөніндегі ұсынымдар беріледі.
      Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуын мониторингілеу нәтижелерiн Жұмыс органы жылына кемiнде бiр рет Сауықтыру кеңесiне шығарады.
      Оңалту (сауықтыру) жоспарларын, оның ішінде ахуалды түзету, болашақ кезеңде тараптардың міндеттемелерін орындау жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингі нәтижелерінің негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан алып тастау (алып тастамау) туралы шешім шығарады.
      Сауықтыру кеңесiнiң шешiмi ол қабылданған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде Бағдарламаға қатысушыға жеткiзiледi.»;

      «Бағдарламаны iске асыру барысында субсидиялау жөнiндегi оператор ай сайынғы негiзде пайыздық ставканы субсидиялау шеңберiнде Бағдарламаның iске асырылуына мониторинг жүргiзедi және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында белгіленген нысандар мен мерзім бойынша ақпаратты Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органына бередi.»;
      «Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

10

Бағдарламаға әлеуеттi қатысушылардың өтiнiштерiн қабылдау

Жұмыс органы (Қаржымині), әлеуеттi қатысушылар

Бағдарламаға қатысуға арналған өтiнiш

2013 жылғы 1 сәуірге дейiн

                                                                   »;

      реттік нөмір 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

16

Қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингi

Қаржымині Консалтингтiк ұйымдар

Сауықтыру кеңесiне ақпарат беру

Жыл сайын (екiншi жылдан бастап)

                                                                   ».

      2. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      4-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакция жазылсын:
      «4) мынадай:
      Жұмыс органына кредиторлардың кәсiпорынды банкрот деп тану туралы талап арыз беруiне мораторий енгiзу туралы сот шешiмi ұсынылмаған жағдайда;
      Бағдарламаны іске асыру мониторингі барысында субсидиялау бөлігінде қатысушының өтеу кестесі бойынша кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі бойынша күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өткен төлемдерді төлемегені анықталған жағдайда, қатысушыларды Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) оңалту (сауықтыру) жоспарларын, оның ішінде ахуалды түзету, болашақ кезеңде тараптардың міндеттемелерін орындау жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингі нәтижелерінің негізінде қатысушыларды Бағдарламадан алып тастау (алып тастамау) туралы шешім қабылдайды;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Кеңес материалдарды Кеңестің жұмыс органы енгізген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды және шешім қабылдайды.».
      3. «Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 569-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды беру қағидасында:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Салалық органдар – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi және басқалар.».
      4. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қағидасын бекiту және «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 шiлдедегi № 783 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 621-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде консультанттардың қызметтерiне ақы төлеудi республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Уәкiлеттi орган консультант қызметтерiнiң құнын төлеуді республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған өтiнiмдi алған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген соманың негiзiнде төлеуге берiлетiн шотты қалыптастырады және ақшалай қаражат сомасын консультанттың банктiк шотына аударуды жүзеге асырады. Егер, тиісті қаржы жылында қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға қаражат көзделмеген жағдайда, уәкілетті орган оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтару себебін көрсете отырып, әлеуетті қатысушыға өтінімді қайтарады.».
      5. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекiту және «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 қыркүйектегi № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 755-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекiтiлген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасына (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) (бұдан әрi - Бағдарлама) сәйкес әзiрлендi және кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақының пайыздық ставкасын, облигациялар бойынша купонды субсидиялау тәртiбiн айқындайды.»;
      2-тармақта:
      сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «субсидиялау жөнiндегi оператор – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлға, оған:
      кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар, облигациялар бойынша купонды субсидиялау шеңберiнде қаржы ұйымдарына ақша қаражатын аудару;
      субсидиялау бөлiгiнде Бағдарламаның iске асырылуын мониторингілеу жөніндегі міндеттер жүктелген;
      субсидиялау шарты – уәкiлеттi органның, субсидиялау жөнiндегi оператордың, меншiк иесiнің (меншiк иелерiнің), қаржы ұйымының (облигацияларды ұстаушы) және қатысушының арасында жасалатын жазбаша келiсiм, оның талаптары бойынша субсидиялау жөнiндегi оператор қатысушы қаржы ұйымына кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақы, облигациялар бойынша купон ретiнде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақшалай қаражатты аударады;
      субсидиялау – кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша сыйақы, облигациялар бойынша купон ретінде қаржы ұйымының қатысушысы төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Пайыздық ставканы субсидиялау кредиттер және/немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, қаржыландыру туралы келісімдер 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және 2011 жылғы 1 қаңтардағы қарыздардың жалпы сомасы (не 2013 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 сәуір мерзімі арасында Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы) 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей туындаған бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыру жағдайларынан басқа, 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрауы немесе одан артық болуы тиіс.»;
      1213 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қатысушы кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредит берушiлердiң талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмiн алғаннан кейін субсидиялау жөнiндегi операторға Сауықтыру кеңесінің оңалту (сауықтыру) жоспарын мақұлдау туралы шешiмiнiң, оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес жүргiзiлген қайта құрылымдауды ескере отырып, қатысушының қарыз алуын өтеу кестелерінің негiзiнде жасалған өтеу кестелерiн қоса алғанда, субсидиялау шарты жобасының көшiрмелерiн қоса, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтiнiм бередi. Өтеу кестесіндегі субсидиялау сомалары мемлекеттің тарапынан қолдау шарасы ретінде оңалту (сауықтыру) жоспарында көрсетілген пайыздық ставканы субсидиялау мөлшеріне негізделе отырып, есептеледі. Бұл ретте әрбір қатысушыға және кредиторға қатысты өтеу кестесінде көзделген субсидиялардың жалпы көлемі осы қатысушыға және кредиторға қатысты оңалту (сауықтыру) жоспарында көзделген субсидиялардың жалпы көлемінен аспауы тиіс.
      Субсидиялауға арналған өтiнiмді Бағдарламада белгiленген жағдайларда кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредит берушiлердiң талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмiн ұсынбастан беруге болады.
      13. Қатысушы субсидиялауға өтiнiм берген күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның негiзiнде субсидиялау жөнiндегi оператор сыйақының пайыздық ставканың субсидияланатын бөлiгiн, ал қатысушы - сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн төлейтiн өтеу кестесiн қоса бере отырып, субсидиялау шарты жасалады. Субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап есептелген сыйақы субсидиялауға жатады. Қаржы ұйымы субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап бiр күн iшiнде арнайы ағымдағы шотты ашады.
      Субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін оңалту (сауықтыру) жоспарына кейіннен Сауықтыру кеңесінде қараусыз және мақұлдаусыз кредиторлар комитетінің шешімімен бекітілетін субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесіндегі іс жүзінде көрсетілген соманы есепке ала отырып, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. Бұл ретте, кредиторлар мен меншік иелері тарапынан шаралар азайтылуға жатпайды.
      Өтеу кестесiне субсидиялау шартына қосымша келiсiм жасау жолымен өзгерiстер мынадай:
      1) оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген;
      2) егер мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары ұлғайтылмаған жағдайда, оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзбей, кредит берушiлер мен меншiк иелерi тарапынан қосымша қолдау шаралары көрсетiлген жағдайда енгiзiлуi мүмкiн.
      14. Субсидиялау жөнiндегi оператор Бағдарламаға қатысушы ұсынған субсидиялауға арналған өтiнiмнiң негiзiнде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға ақшалай қаражатты аударуға өтiнiмдi қалыптастырады және субсидиялау шарты жасалған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға бередi.
      Осы Қағиданың 22-1-тармағында көзделген ережелерді есепке ала отырып, субсидиялау жөнiндегi оператордың өтiнiмi уәкiлеттi органға алдағы үш айда қаржы ұйымына аударуға жататын сомаға берiледi.»;
      1617 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Субсидиялау жөнiндегi оператор субсидиялау үшiн ақша қаражатын қаржы ұйымдарына арнайы ашылған ағымдағы шоттарға тоқсан сайын аванстық төлемдермен, алдағы тоқсандағы айдың бiрiншi күнiне дейiнгi мерзiмде, оның iшiнде уәкiлеттi органның ақша қаражатын уақтылы аударуы шартымен қатысушылардан өтiнiмдердiң түсуiне қарай аударады.
      Аталған тәртіп облигациялар бойынша купонды субсидиялауға, сондай-ақ төлем көзінен ұсталынатын салық бойынша міндеттемелер пайда болған жағдайына қолданылмайды.
      17. Қатысушы кредит немесе лизингтік операциялар бойынша сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеген кезде өтеу кестесіне сәйкес қаржы ұйымы субсидиялау жөніндегі оператордың ағымдағы арнайы шотынан ақшалай қаражатты қатысушыдан төлем түскен күні сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне шығаруды жүзеге асырады.
      Облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде субсидиялау жөніндегі оператор сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлігін қатысушының төлеуі туралы облигация ұстаушыдан жазбаша хабарлама алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ақшалай қаражатты уақытында аударған жағдайда өтеу кестесіне сәйкес облигацияларды ұстаушының ағымдағы шотына ақшалай қаражатты аударады.
      Төлем көздерінен ұсталатын салық бойынша міндеттемелер пайда болған жағдайда кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде салықты есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агенті қатысушы болып табылады. Бұл ретте, субсидиялау жөніндегі оператор қатысушының ағымдағы шотына өтеу кестесіне сәйкес мерзімдерде және көлемінде ақша қаражатын аударады.
      18. Қаржы ұйымы субсидиялау жөніндегі операторға қатысушының төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес төлегені немесе қатысушының өтеу кестесін бұзғаны туралы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем күнінен кейінгі күннен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша хабардар етеді.»;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Қатысушы кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар бойынша купон, оның ішінде өтеу кестесінде көрсетілген мерзімдерде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі бойынша төлемді төлемеген жағдайда:
      1) қаржы ұйымы қатысушы берешекті өтегенге дейін субсидиялау жөніндегі оператордың ағымдағы арнайы шотынан субсидиялау үшін (субсидиялау жөніндегі оператор облигацияларды ұстаушының немесе қатысушының ағымдағы шотына ақшалай қаражатты аударуды тоқтатады) ақшалай қаражатты есептен шығармайды және өтеу кестесі бойынша төлем жүргізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторға хабарлайды;
      2) кредит немесе лизингтiк операциялар бойынша ставканы субсидиялау кезiнде қатысушының кредит, лизингтiк операциялар бойынша төлемдi, оның iшiнде сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмде төлемегенi туралы хабарламасын алған күнi субсидиялау жөнiндегi оператор қаржы ұйымының сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн төлеудi тоқтата тұрады және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi;
      3) облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезiнде - субсидиялау жөнiндегi оператор облигация ұстаушының қатысушының облигациялар жөнiндегi купон бойынша төлемдi, оның iшiнде өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмдерде субсидияланбайтын бөлігін төлемегенi туралы хабарлама алған күнi бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi.
      21. Қатысушы кредит, лизингтiк операциялар немесе облигациялар жөнiндегi купон бойынша, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгi бойынша мерзiмi өтiп кеткен төлемдердi өтеу кестесiне сәйкес толық төлеген жағдайда, қаржы ұйымы мерзiмi өткен төлемдерді толық төлеген күннен кейінгі күннен кешіктірмей бұл туралы субсидиялау жөніндегі операторға жазбаша хабарлайды. Кейіннен субсидиялау жөніндегі оператор қаржы ұйымының хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешікпейтін мерзімде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Уәкiлеттi орган субсидиялау жөнiндегi оператордан жазбаша хабарлама алған сәттен бастап оған сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгi бойынша төлемдерді қалпына келтірілгені туралы, оның ішінде кредит, лизингтiк операциялар немесе облигациялар жөнiндегi купон бойынша мерзiмi өтiп кеткен төлемдер кезеңі бойынша да жазбаша хабарлама жібереді.
      Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу барысында қатысушының кредит, лизингтiк операциялар немесе облигациялар жөнiндегi купон бойынша, оның iшiнде өтеу кестесі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгi бойынша мерзiмi өтіп кеткен төлемдерді субсидиялау бөлігінде күнтізбелік тоқсан күннен астам төлемеуі анықталған жағдайда, субсидиялау жөніндегі оператор ол туралы уәкілетті органға хабарлайды. Уәкілетті орган қатысушыны Бағдарламадан шығаруды бастамашылық етеді.
      Сауықтыру кеңесінің қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешімінің негізінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы субсидиялау шартын бұзады және кредиторлардың кәсіпорынды банкрот деп тану туралы талап арыздарды беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінеді және оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде субсидиялауға, оның ішінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді бірлесіп қаржыландыруға тартылған бюджет қаражатын өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ банкроттау рәсіміне бастамашылық жасай алады.
      Кәсіпорынды банкрот деп таныған жағдайда, оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде субсидиялауға, оның ішінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді бірлесіп қаржыландыруға да тартылған бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өндіріп алуға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Егер қатысушының өтеу кестесін орындамауына байланысты субсидиялау жөніндегі оператордың арнайы есеп немесе ағымдағы шотында тұрған қаражат кезең ішінде қатысушының кредиті, лизингтiк операциялары немесе облигациялар жөнiндегi купоны бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға бағытталмаған жағдайда, субсидиялау жөніндегі оператор уәкілетті органның жазбаша келісімімен оларды кезекті кезеңге басқа қатысушылардың кредиті, лизингтiк операциялары немесе облигациялар жөнiндегi купоны бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға қайта бағыттайды. Уәкілетті орган қаражатты қайта бағыттауға келіскен жағдайда, субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға кезекті өтінім осы сомаға қысқартуға жатады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Қатысушы кредит және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша негiзгi қарызды iшiнара (толық) мерзiмiнен бұрын өтеген кезде, облигацияларды iшiнара (толық) сатып алған жағдайда қаржы ұйымы бұл туралы субсидиялау жөнiндегi операторды және уәкiлеттi органды төлем жасалған жұмыс күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей хабардар етедi.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Субсидиялау мынадай:
      Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;
      қатысушы кредит және/немесе лизингтiк операциялар бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын iшiнара (толық) өтеген, облигацияларды мерзiмнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.»;
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
      1.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.1. Осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын өтеу кестесiне сәйкес қатысушының қаржы ұйымына (облигацияларды ұстаушыға) кредиттер және (немесе) лизингтiк операциялар бойынша сыйақы, облигациялар бойынша купон ретiнде төлейтiн шығыстарды iшiнара өтеуге арналған ақша қаражатын (бұдан әрi – сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау) компанияның қаржы ұйымына (облигацияларды ұстаушыға немесе қатысушыға) төлеудi жүзеге асыруы.»;
      2.2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мынадай:
      Сауықтыру кеңесiнiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;
      қатысушы кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша негiзгi берешегін толық (мерзiмiнен бұрын толық) өтеген, облигацияларды мерзiмiнен бұрын толық сатып алған жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтатуға мiндеттi.»;
      2.4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар купоны бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салық бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, Министрліктен ақша қаражаты уақтылы түскен кезде өтеу кестесіне сәйкес қатысушының ағымдағы шотына сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ақша қаражатын аударуға;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қаржы ұйымынан (облигациялар ұстаушыдан) қатысушының кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон бойынша төлемді, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу кестесінде көрсетілген мерзімде уақтылы төлемегені туралы хабарламаны алған күні сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiн қаржы ұйымына (облигациялар ұстаушыға немесе қатысушыға) төлеуді тоқтатуға және Министрлiктi хабардар етуге;»;
      2.8-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар бойынша купон бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, қаржы ұйымына немесе облигацияларды ұстаушыға өтеу кестесінде көзделген ақшалай қаражатты, оның ішінде Компаниядан алынған, сыйақы ставкасын субсидиялауға арналған сомаларды аударуға. Ақшалай қаражат төлем көзінен ұсталатын салықтар шегеріліп, төлем кестесіне сәйкес аударылады;»;
      4) тармақшадағы «қайтаруға міндетті.» деген сөздер «қайтаруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар бойынша купон бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салық агенті болуға міндетті.»;
      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе:
      1) облигациялар бойынша купонды субсидиялау кезінде шарттан 2.6-тармақтың 1-1), 2), 2-1), 4), 6) тармақшалары алып тасталады;
      2) кредит немесе лизингтік операциялар, облигациялар бойынша купон бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, шарттан 2.4-тармақтың 2) тармақшасы, 2.6-тармақтың 1-1), 2), 2-1), 4), 6) тармақшалары, 2.7-тармақ алып тасталады.».

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264051
    Қазақ тілінде 131793
    Орыс тілінде 131342
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы