Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 582 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1207 қаулысымен.
      2. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
      39-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);»;
      78-тармақтың үшінші бөлігі 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      132-3-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер шетелдік өндірушінің (өндіруші-зауыт) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болған жағдайда, онда өкілдікті/филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, өкілдік/филиал туралы ереже ғана ұсынылады;».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2015 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264095
    Қазақ тілінде 131816
    Орыс тілінде 131362
    Ағылшын тілінде 917
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы