Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 301 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі С. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 02 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, "Халықтық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-1-бабына, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 518 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала
шығыстарын өтеу тәртібі

      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу тиісті қаржы жылына көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      3. Алдын ала болу бойынша шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу мынадай құжаттар:

      1) кезеңдік және аралық алдын ала болулар бойынша – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) тиісті жоспарларды (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) қоса бере отырып, алдын ала болулардың көрсетілген түрлерінің жоспарларын бекіту туралы хаттамалары;

      2) арнаулы болулар бойынша – азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының тобын жіберу туралы шешімі;

      3) осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттар;

      4) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес топ басшылары жіберетін ақшалай қаражаттың іс жүзіндегі шығыстары туралы есеп;

      5) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген растау негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      4. Үйлестіру кеңесі хаттамасының көшірмесі тиісті жылғы 10 қаңтардан кешіктірілмей бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі.

      5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына мынадай шығыстарды өтейді:

      1) ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының басқа жерге шығуына байланысты, оның ішінде Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы бойынша шығыстар:

      алдын ала болу орнында болған әрбір күн үшін алдын алу тетiгiнің қатысушысына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тәулікақы төленеді;

      ұсынылған растау құжаттары (фискалдық чек, кассалық кіріс ордері, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, тұру үшін құжаттар дара кәсіпкерден ұсынылған жағдайда тұлғаның мүлікті жалға беруге құқығын растайтын құжаттар (жалға беру шарты, патент, куәлік) және мейманханалық қызмет беруші ұсынатын басқа да растайтын құжаттар қосымша ұсынылады, бұл ретте тұрғын үй-жайды тәулігіне жалдау бойынша шығыстар сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      растайтын құжаттар болмаған жағдайда, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар тәулікақы нормасының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі;

      болу орнына және тұрақты жұмыс орнына кері жол жүру бойынша – ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде теміржолмен жол жүргенде – купелі вагонның тарифі бойынша (төменде орналасқан жұмсақ дивандары бар, күйін реттейтін отыруға арналған құрылғылы жұмсақ креслолары бар екі орындық купелі вагондарды (СВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" жүрдек пойыздар кластарын қоспағанда); су жолдары бойынша, тас жол мен топырақты жолдар бойынша – осы жерде қалыптасқан жол жүру құны бойынша;

      осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде, болу орнына және жұмыс (қызмет) орнына кері жол жүру кезінде жол жүру билеттері мен қонақ үйлердегі орынды брондау, сондай-ақ пойызбен жол жүру кезінде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны;

      болу орнына және негізгі жұмыс (қызмет) орнына кері жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жүрудің ең төменгі құны бойынша өтеледі;

      теміржол станциясы, кемежай, әуежай елді мекеннің шегінен тыс жерде орналасса, растайтын құжаттар болған кезде, оларға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

      ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының күн сайын тұрақты тұратын жеріне қайтуға мүмкіндігі бар жерде алдын ала болу кезінде шығыстар мынадай тәртіппен өтеледі:

      егер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы жұмыс күні аяқталғаннан кейін өз еркімен болу жерінде қалатын болса, онда тұрғын үй-жайды жалдау туралы ақтайтын құжаттарды ұсынған кезде тәуліктік және көліктік шығыстар осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген мөлшерде өтеледі;

      егер ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы күн сайын негізгі жұмыс (қызмет) орнына қайтып келетін болса, онда тәулікақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көліктік шығыстар ғана өтеледі;

      2) ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы шоғырландырылған баяндама үшін жиналған материалдарды өңдеуді, ұсыныстар мен ұсынымдар, ақпарат дайындауды қоса алғанда, болу қорытындылары бойынша есепті дайындауға байланысты он екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі шығыстар;

      3) кеңсе тауарларын сатып алуға, жиналған материалдардың көшірмелерін жасауға арналған, телефон байланысын, интернет пен пошта қызметтерін пайдаланғаны үшін шығыстарды қамтитын, алдын ала болуды жүзеге асыратын ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына ең төменгі екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі жүкқұжат шығыстары.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 01.08.2019 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      6. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының басқа жерге баруына байланысты шығыстар мынадай тәртіппен өтелуге жатады:

      1) алдын ала болу орнында (бұдан әрі – болу орны) нақты болған уақыты ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы беретін алдын ала болу қатысушысының куәлігіндегі болу орнына келу күні және болу орнынан кету күні туралы белгілер бойынша айқындалады. Егер ұлттық алдын ала болудың қатысушысы әртүрлі елді мекендерде алдын ала болуды жүзеге асыратын болса, келу күні мен кету күні туралы белгілер олардың әрқайсысында жасалады. Тиісті белгілер болатын мекемелер мен ұйымдардың кадр қызметтерінде қойылады;

      2) алдын ала болудан кейін басқа жерге (бұдан әрі – болу орны) шығатын және негізгі жұмыс орнында (қызметінде) болатын ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын тіркеуді ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы арнайы журналда жүргізеді;

      3) алдын ала болу үшін жіберілетін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының негізгі жұмыс орнынан (қызметінен) пойыздың, автобустың немесе басқа да көлік құралының жөнелтілетін күні бару орнына шығу күні, ал аталған көліктің ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының негізгі жұмыс орнына (қызметіне) келген күні – келу күні болып есептеледі. Шығу күні көлік құралын 24 сағатты қоса алғанға дейін жөнелткен кезде ағымдағы тәуліктер, 0 сағаттан бастап және одан кешірек – кейінгі тәуліктер болып есептеледі;

      4) егер жөнелту станциясы елді мекеннің шегінен тысқары орналасса, онда басқа жерге шығу күні көліктің жөнелту жеріне жетуі үшін қажетті уақытты ескере отырып, жоғарыда аталған тәсілмен есептеледі.

      Пойыз, автобус немесе басқа да көлік құралы уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, тасымалдаушы жолаушының өтініші бойынша оған пойыздың, автобустың немесе басқа да көлік құралының кешігуі туралы куәландыратын құжатты береді;

      5) ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының басқа жерге шығу күнін және негізгі жұмыс (қызмет) орнына келу күнін қамтитын алдын ала болу уақыты ішінде негізгі жұмыс (қызмет) орны сақталады және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 124-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жалақы төленеді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.08.2019 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      7. Ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелуге жататын шығыстар туралы ақпаратты көздейтін ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тапсырыс хатпен жібереді.

      Топ басшысы ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепке осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттарды қоса береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық" мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне:

      1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айында 10-күніне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес растауды;

      2) Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы жөніндегі растауды жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ай сайын, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының шығыстарын өтеуді ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысына тиесілі соманы ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы ұсынған және тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым растаған оның ағымдағы банк немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Ұлттық алдын алу тетiгi
қатысушыларының алдын ала
болу бойынша шығыстарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 01.08.2019 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

______ жылғы_________ айына арналған
Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары тобының алдын ала болу бойынша ақшалай қаражатының іс жүзіндегі шығыстары туралы есебі

Р/с №

Орналасқан жердің толық мекен­жайы көрсетілген мекеменің немесе ұйымның атауы

ҰАТ тобының қатысушыларының Т.А.Ә

Алдын ала болу мерзімі

Алдын ала болу түрі

Алдын ала болу нәтижелері бойынша топтың есебін дайындауға байланысты шығыстар (12 АЕК мөлшерінде)

Топ қатысушысының шығуына байланысты шығыстар

Үстеме шығыстар

Тұру үшін

Тәулік ақы

Жиыны

      ҰАТ тобының басшысы Т.А.Ә. __________________(қолы, күні және жылы)

  Ұлттық алдын алу тетiгi
қатысушыларының алдын ала
болу бойынша шығыстарын өтеу
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 26.12.2017 № 874 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

______ жылғы_________ айына арналған Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары тобының алдын ала болу қорытындысы бойынша жазбаша есептерді тапсыру туралы растау

Р/с

Алдын ала болу өткізілген күні

Алдын ала болу түрі

Алдын ала болу қорытындысы бойынша есеп атауы

Есепке қол қойған ҰАТ қатысушыларының Т.А.Ә.

ҰАТ қатысушылары
тобы басшысының Т.А.Ә.

Алдын ала болу қорытындысы бойынша есепті тапсыру күні

      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Т.А.Ә.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы