"Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 580 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұсынылған растау құжаттары (фискалдық чек, кассалық кіріс ордері, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, тұру үшін құжаттар дара кәсіпкерден ұсынылған жағдайда тұлғаның мүлікті жалға беруге құқығын растайтын құжаттар (жалға беру шарты, патент, куәлік) және мейманханалық қызмет беруші ұсынатын басқа да растайтын құжаттар қосымша ұсынылады, бұл ретте тұрғын үй-жайды тәулігіне жалдау бойынша шығыстар сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы шоғырландырылған баяндама үшін жиналған материалдарды өңдеуді, ұсыныстар мен ұсынымдар, ақпарат дайындауды қоса алғанда, болу қорытындылары бойынша есепті дайындауға байланысты он екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі шығыстар;";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының басқа жерге шығу күнін және негізгі жұмыс (қызмет) орнына келу күнін қамтитын алдын ала болу уақыты ішінде негізгі жұмыс (қызмет) орны сақталады және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 124-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жалақы төленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      6-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алдын ала болу нәтижелері бойынша топтың есебін дайындауға байланысты шығыстар (12 АЕК мөлшерінде)".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259284
    Қазақ тілінде 129582
    Орыс тілінде 128892
    Ағылшын тілінде 810
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы