Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 83 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Таран ауданының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Бейімбет Майлин ауданының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Таран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бейімбет Майлин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Жангелді ауданының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Жангелдин ауданының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жангелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жангелдин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      18) тармақша алып тасталсын;

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) жол жүру құжатының үлгiлерiн және оны беру тәртібін бекiтеді;";

      63) 64), 65), 66), 67), 67-1), 67-2), 67-3), 67-4), 67-5), 67-6), 67-7), 67-8) тармақшалар алып тасталсын;

      69-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "69) ішкі істер органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 69-1), 69-2), 71-1), 74-1), 76-1) және 76-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "69-1) атыс және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін пайдаланумен байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға қызметкерлердің жарамдылығын анықтау тәртібін белгілейді;

      69-2) ішкі істер органдары жеке құрамының арасында спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады;";

      "71-1) ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;";

      "74-1) полиция қызметкерінің стандартын әзірлейді және бекітеді;";

      79-3), 80), 95) және 95-41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "79-3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "80) орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнде, оның ведомстволарында, аумақтық органдарында, Министрлiктiң қарағамындағы ұйымдарда iшкi мемлекеттiк аудит пен ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады;";

      "95) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;";

      "95-41) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін, сондай-ақ бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, профилактикалық бақылау жүргізу тізімін әзірлейді және бекітеді;";

      95-43) және 95-44) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 95-56), 95-57), 95-58), 95-59), 95-60), 95-61), 95-62), 95-63), 95-64), 95-65), 95-66), 95-67), 95-68), 95-69), 95-70), 95-71), 95-72), 95-73), 95-74), 95-75), 95-76), 95-77), 95-78), 95-79), 95-80), 95-81), 95-82), 95-83) және 95-84) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-56) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясын қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдану қағидаларын бекітеді;

      95-57) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлық қағидаларын бекітеді;

      95-58) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы және әскери тасымалдауын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      95-59) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерін (бөлімшелерін) қызметтік-жауынгерлік қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      95-60) теңбіл берет пен теңбіл түсті тельняшканы киіп жүру құқығына біліктілік сынақтарын өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      95-61) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      95-62) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      95-63) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;

      95-64) қызметі есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы жұмысқа байланысты мамандарды, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттарды тұтынатын адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      95-65) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

      95-66) өз құзыретi шегiнде қылмыстарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      95-67) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады;

      95-68) iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады;

      95-69) заңнамада белгiленген тәртiппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі жедел-iздестiру және бөгеу iс-шараларын, операцияларды жүргiзедi, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдардың жүргiзуiне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетедi;

      95-70) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшiн ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдаланады;

      95-71) борышкерлердi, қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған және өзге де адамдарды iздестiрудi, танылмаған мәйiттердi сәйкестендiрудi жүзеге асырады;

      95-72) арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, терроризм актілерінің жолын кесу бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;

      95-73) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттермен экстрадицияланатын және сотталған адамдарды қабылдау-тапсыруды ұйымдастырады;

      95-74) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің халықаралық практикасын талдайды және қорытындылайды, есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау шараларын, сондай-ақ осы саладағы заңнаманың қолданылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      95-75) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;

      95-76) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен шет мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету жөнiндегi сауалдарын орындайды;

      95-77) жедел-iздестiру iс-шаралары мен арнайы операциялардың өткiзiлуiн, сондай-ақ жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзуге құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;

      95-78) әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

      95-79) әскери қылмыс жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      95-80) әскери қылмыстар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдарының тергеулігіне жататын қылмыстарды тергейді;

      95-81) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;

      95-82) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;

      95-83) жедел есепке алуды қалыптастыруды, жүргізуді жүзеге асырады;

      95-84) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.";

      ведомстволардың 95-44) тармақшалар:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөнiндегi профилактикалық қызметтi қамтамасыз етеді;";

      9), 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқымен жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастырады;

      10) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды ұйымдастырады;";

      14), 15), 16), 16-1), 16-3), 16-5), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:

      заңды тұлғаларға:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкес келуіне қорытынды;

      мынаған:

      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының марапаттық қаруды сақтауына және алып жүруіне;

      заңды тұлғаларға:

      есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      заңды тұлғаларға экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар алу үшін өтінішті келіседі (азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдар);

      15) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;

      16) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;

      16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды бақылауды қамтамасыз етеді;

      16-3) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      16-5) балаларға тыйым салынған ақпарат қамтылған ақпараттық өнім кәмелетке толмағандарға таратылған кезде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

      17) белгiленген тәртiппен көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастырады;

      18) жүргізуші куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды ұйымдастырады;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) жол жүрісін реттеуді ұйымдастырады;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді бақылауды ұйымдастырады;";

      24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;

      28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) халықты құқықтық тәрбиелеу бойынша шараларды iске асыруды қамтамасыз етеді, құқықтық тәртiп пен iшкi iстер органдары қызметiнiң жай-күйi туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;

      29) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтерді, тәрбиешілерді, оқытуды, тәрбиелеуді және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтауды ұйымдастырады және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберу немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеу бойынша қызметті ұйымдастырады;";

      37), 38), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 49), 50), 51) және 52) тармақшалар алып тасталсын;

      53), 54), 55) және 56) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды;

      54) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етеді;

      55) iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын ұйымдастырады;

      56) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;";

      59), 60), 61), 62), 63), 64) және 65) тармақшалар алып тасталсын;

      66) және 67) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика жағдайын бақылайды;

      67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығысыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 76-1) және 76-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "76-1) пробация қызметінің жұмысын үйлестіреді;

      76-2) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;";

      77), 83) және 84-3) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 84-18), 84-19), 84-20), 84-21), 84-22), 84-23), 84-24), 84-25), 84-26), 84-27), 84-28), 84-29), 84-30), 84-31), 84-32), 84-33) және 84-35) тармақшалармен толықтырылсын:

      "84-18) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады;

      84-19) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына және жүріп-тұруына бақылауды жүзеге асырады;

      84-20) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп шекаралық режим қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      84-21) Мемлекеттік шекараны бұзған адамдарды және өзге де құқық бұзушыларды іздестіруде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мән-жайларын анықтауда және тексеруде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәрдем көрсетеді;

      84-22) шекаралық кеңістіктегі құқық тәртібінің жай-күйі, тұрғылықты жерінен белгісіз мән-жайларда кетіп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқыққа қарсы пиғылдары бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді;

      84-23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, оның ішінде босқындардың жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге баруын уақытша шектейді немесе баруына тыйым салады;

      84-24) шекаралық аймақта және шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді;

      84-25) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;

      84-26) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асырады;

      84-27) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      84-28) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      84-29) көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау мен болжамдауды жүзеге асырады;

      84-30) көші-қон процестерін реттеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

      84-31) көші-қон процестерін мониторингтеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

      84-32) өз құзыретi шегiнде босқын деп танылған адамға шыққан елiнде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсетеді;

      84-33) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;

      84-34) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      84-35) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;";

      21-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің бастығын лауазымға тағайындайды;";

      13-1) тармақша алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      "3. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-жолмен толықтырылсын:

      "1. "Қызылорда теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 170-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Жангелдин ауданының полиция бөлiмi.";

      реттік нөмірі 176-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "176. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Haуpызым ауданының полиция бөлiмi.";

      реттік нөмірі 178-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi Бейімбет Майлин ауданының полиция бөлiмi.";

      реттік нөмірі 155-жолға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      реттік нөмірі 163-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Наурызым ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.";

      реттік нөмірі 166-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      166. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Бейімбет Майлин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.";

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:

      "4. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 273774
    Қазақ тілінде 136549
    Орыс тілінде 136221
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы