"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қазанда № 12195 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларындағы іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 23 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 10 қыркүйек
№ 906 бұйрығымен
бекітілген

"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтініштерді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесi – жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат (бұдан әрі – өңдеу шарттары туралы құжат) не осы стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттың (құжаттардың), тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын, өңдеу өнімдеріндегі қалдықтар мен қалған қалдықтардағы тауарларды сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшаның және (немесе) оларға толықтырудың электрондық көшірмесі;

      3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен жіктелуін, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде – порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтер мен құжаттарды үшінші тұлғаларға жарияламайды және бермейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінін анықтау;

      2) қайта өңдеу шарттары туралы құжаттарды алу үшін ұсынылған қажетті деректердің, мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге тауарларды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын сот шешімі (қаулысы, ұйғарымы) заңды күшіне енуі болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 1012 кабинет мекенжайы бойынша беріледі, телефоны: 8 (7172) 75 43 22, 75 43 23.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналасқан.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 85, 75 48 76. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өңдеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау және
құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1-нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.09.2018 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кімге____________________________________________________________________

                  (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен___________________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

ӨТІНІШ

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу

      шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Адамның атауы _________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)

      _________________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар)

      туралы мәліметтер________________________________________________________

      (адамның атауы,

      ________________________________________________________________________

      мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер (атауы,

      ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) _________ _______________________

      4. Оларға қатысты Қазақстан Қазақстан Республикасының заңнамасымен кедендік

      әкету баждары белгіленген, шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық

      процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды және саны)________ ______________________

      5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын

      құжаттар туралы мәліметтер ________________________________________________

      6. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары

      7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар,

      оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ___________________________________

      8. Шетелдік тауарларды, қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері

      туралы мәліметтер _______________________________________________________

      9. Қалдықтар және қалған қалдықтар туралы мәліметтер (атауы,

      ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)_________________________________

      10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі _________________________________________

      11. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса,

      осындай ауыстыру туралы мәліметтер ________________________________________

      12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы

      мәліметтер ______________________________________________________________

      13. Кеден органы (кеден органдары) ________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған

      тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер

      15. Өзге де мәліметтер ____________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар____________________________________________________

      Басшы             ________             ______________________________________

      (қолы)             (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;

      ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.

  2-нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары

      туралы құжатты беруді сұраймын. Қажетті мәліметтер:

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)

      туралы мәліметтер ________________________________________________________

      3. ЕАЭО тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) __________________________

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету

      құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер ______________________________

      5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу

      нормалары ______________________________________________________________

      6. ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер

      7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері

      туралы мәліметтер_______________________________________________________

      8. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі _________________________________________

      9. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса,

      осындай ауыстыру туралы мәліметтер _______________________________________

      10. Кеден органы (органдары)______________________________________________

      11. Қалдықтар, қалған қалдықтар және өндірістік шығындар бойынша мәліметтер

      (атауы, тауарлар позициясы деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша

      коды, саны мен құны) _____________________________________________________

      12. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімімен

      орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер

      13. Өзге де мәліметтер ____________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Басшы             ________            _____________________________

  3-нысан

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      кімнен__________________________________________________________________

      Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Адамның атауы ________________________________________________________

      ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) ________________________________

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын

      растайтын құжаттар туралы мәліметтер ____________________________________

      нормалары _____________________________________________________________

      6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау

      тәсілдері туралы мәліметтер _______________________________________________

      7. Шетелдік тауарларды, қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері

      8. Қалдықтар және қалған қалдықтар туралы мәлімет (атауы,

      ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны) _________________________________

      9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі __________________________________________

      10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы

      11. Кеден органы (органдары) ______________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеудің кедендік

      рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      12. Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне

      дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер ____________________

      ____________________________________________________________________

      13. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған

      тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер ____________________

      14. Өзге де мәліметтер ____________________________________________________

      Қоса берілген құжаттар ____________________________________________________

      Басшы             ________            ____________________________________

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 263986
    Қазақ тілінде 131760
    Орыс тілінде 131310
    Ағылшын тілінде 916
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы