Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2072 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1200 қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 2072 қаулысымен    
бекітілген       

Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі және "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының қорғаныс қажеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді (бұдан әрі - әскери мақсаттағы өнім) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Ерекше тәртіп отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер мен Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ұйым қатарынан әскери мақсаттағы өнімді жеткізушіні айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Мұндай жағдайларда жеткізушіні таңдау талдау және баға ұсыныстары негізінде шетелдік заңды тұлғалар қатарынан жүзеге асырылады.

2. Әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу жоспары

      3. Жыл сайын, Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңы қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бағдарламалар негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.
      4. Әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу жоспары мынадай мәліметтерді:
      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауын;
      2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша техникалық сипаттамасын;
      3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің санын, көлемін;
      4) әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алуға бөлінген соманы қамтиды.
      5. Тиісті бюджет нақтыланған және түзетілген және (немесе) мемлекеттік органның болжамды үш жылға арналған стратегиялық даму жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген және (немесе) сатып алудан бас тартылан жағдайларда, тапсырыс беруші әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
      6. Әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші өнімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жоспары негізінде қабылдайды.

3. Жеткізушіні таңдау

      7. Әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын қарау үшін тапсырыс берушінің бірінші басшысы тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия) және әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын жинақтауға және талдауға жауапты адамды тағайындайды.
      Жеткізушіні таңдау үшін тапсырыс беруші әскери мақсаттағы өнімді сатып алу ниеті туралы сұрауды шетелдік заңды тұлғалардың қатарынан қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге мамандандырылған ұйымдарға жолдайды.
      Сұрауда мыналар:
      сатып алынатын әскери мақсаттағы өнімнің тактикалық-техникалық сипаттамалары мен құндық параметрлері;
      отандық кәсіпорындарда әскери мақсаттағы өнімді дайындауға  және (немесе) оларға технологияларды беруге тапсырыстардың бір бөлігінің орналастырылуы немесе орналастырылмауы;
      жауап берудің сұрау жолданған сәттен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімі туралы ақпарат көрсетіледі.
      8. Жауаптардың келіп түсу шамасына қарай тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушілердің әскери мақсаттағы өнімді сатып алу жөніндегі ұсыныстарын зерделейді, әлеуетті жеткізушілердің техникалық сипаттамалары мен баға ұсыныстарына талдау жүргізеді.
      9. Тапсырыс беруші жеткізушіні таңдауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
      1) әлеуетті жеткізуші ұсынатын әскери мақсаттағы өнімнің мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес болуы;
      2) әлеуетті жеткізуші ұсынатын әскери мақсаттағы өнімнің техникалық сипаттамалары қалған әлеуетті жеткізушілердің әскери мақсаттағы өнімінің техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамаларға ие болуы;
      3) әлеуетті жеткізушілер ұсынатын технологиялық шешімдер қалған әлеуетті жеткізушілерге қарағанда жақсы сипаттамаларға ие болуы;
      4) әскери мақсаттағы өнімді әлеуетті жеткізуші ұсынатын баға, бірақ бұл ретте ол негізгі өлшем болып табылмайды.
      10. Егер әлеуетті жеткізушілер ұсынған барлық ұсыныстар осы Ерекше тәртіптің 9-тармағында көрсетілген тең өлшемдерге жауап беретін болған жағдайда, әскери мақсаттағы өнім шығаруға арналған тапсырыстардың бір бөлігін отандық ұйымдарда орналастыруды ұсынатын әлеуетті жеткізушінің ұсынысына басымдық беріледі.
      11. Егер әлеуетті жеткізушілер ұсынған барлық ұсыныстар осы Ерекше тәртіптің 9-тармағында көрсетілген тең өлшемдерге және 10-тармағында көрсетілген шарттарға жауап беретін болса, басымдық сатып алу заты болып табылатын сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нарығында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті жеткізушінің ұсынысына беріледі.
      12. Егер әлеуетті жеткізуші тапсырысты немесе оның бір бөлігін отандық кәсіпорындарда орналастыруды, не тиісті технологияны беруді ұсынса, тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіні таңдауды қорғаныстық-кәсіпорындық кешен саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
      Келісуден бас тартылған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушіге мынадай мәліметтерді:
      1) әлеуетті жеткізуші ұсынатын тапсырысты орналастырудан не болмаса технологияны беруден бас тарту негіздемесін;
      2) әскери мақсаттағы өнімді сатып алуға жалпы негізде қатысуға шақыруды көрсетіп, жазбаша ақпарат жолдайды.
      13. Әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын қарағаннан кейін тапсырыс беруші мына құжаттарды сұратады:
      1) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе сауда тізілімінен заңды көшірменің мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге, сатуға, жөндеуге және жаңартуға әлеуетті жеткізушінің құқығын растайтын құжаттардың (лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) алда болатын сатып алу күнінен бір айдан ерте емес берілген, әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің мөрі бар, банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе өзге де уәкілетті адамы қол қойған әлеуетті жеткізуші шоттарының бар екендігі туралы және банк немесе банк филиалы алдында барлық міндеттемелер түрінен берешегінің болмауы туралы банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;
      4) салық берешегінің және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының анықтамасының түпнұсқасы.
      14. Әскери мақсаттағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде міндетті тәуелсіз сараптамалық сүйемелдеу жүргізіледі.
      Тапсырыс берушіге байланысты емес міндетті сараптамалық сүйемелдеуді жүргізу үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен, мамандануы сатып алынатын әскери мақсаттағы өнімге сәйкес келетін мамандарды тартады.
      15. Осы Ерекше тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды әлеуетті жеткізушіден алғаннан кейін тапсырыс беруші 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады.
      Әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын қарағаннан кейін Комиссия осы Ерекше тәртіптің 9-тармағында көрсетілген өлшемдерді және 10, 11-тармақтарында көрсетілген шарттарды ескеріп, сатып алу туралы немесе сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Әлеуетті жеткізушіні таңдау туралы шешімде мынадай:
      1) жеткізушінің атауы, оның орналасқан жері мен деректемелері;
      2) жеткізуші ұсынып отырған әскери мақсаттағы өнімнің толық техникалық сипаттамасы;
      3) жеткізушіні таңдау үшін негіздеме болған өлшемдер;
      4) осы Ерекше тәртіптің 13-тармағында аталған құжаттардың болуы туралы;
      5) әскери мақсаттағы өнім дайындауға және (немесе) оларға технологияларды беруге (бар болған кезде) тапсырыстың бір бөлігін отандық кәсіпорындарда орналастырғаны туралы;
      6) жеткізуші тапсырысты отандық кәсіпорындарда орналастыруға ниет білдірген жағдайда қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен тиісті келісуі туралы мәліметтер көрсетіледі.
      16. Егер әскери мақсаттағы өнімді сатып алуға ниеті туралы сұрауға бір әлеуетті жеткізушіден жауап алынған жағдайда, тапсырыс беруші осы әлеуетті жеткізушіден әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      17. Егер сатып алынатын әскери мақсаттағы өнімді бір ғана әлеуетті жеткізуші өндірген жағдайда, тапсырыс беруші осы әлеуетті жеткізушіден әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      18. Әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген сомадан асатын бағаны ұсынған әлеуетті жеткізушіні таңдауға жол берілмейді.

4. Әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      19. Әскери мақсаттағы өнімді мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
      20. Шарт бойынша жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімнің сапасы нормативтік және техникалық құжаттаманың талаптары мен Шарттың ережелеріне сәйкес келуі тиіс.
      21. Отандық ұйымдарда әскери мақсаттағы өнімді дайындауға және (немесе) оларға технологияларды беруге тапсырыстардың бір бөлігін орналастырған жағдайда, тиісті ережелер міндетті түрде Шартқа енгізіледі.
      22. Шартты жасасу мерзімі ықтимал жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылданған күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
      23. Шарттың орындалуын бақылауды тапсырыс беруші жүзеге асырады.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 265321
    Қазақ тілінде 132408
    Орыс тілінде 131974
    Ағылшын тілінде 939
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы