Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10716 тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 70-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса береліп отырған Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 190 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың аумақтық-салалық қағидаттарына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Азаматтық қорғанысты жүргізуге дайындық "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған азаматтық қорғаныс іс-шараларын алдын ала орындау болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар мына деңгейлер бойынша:

      республикалық – еліміздің барлық аумағында;

      аумақтық – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде;

      объектілік – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      Салалық кіші жүйсінде азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар тиісті орталық атқарушы органдарымен ұйымдастырылады және өткізіледі.

      4. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының ұйымдастырылуына және жүргізілуіне әдістемелік басшылық ету азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) жүктеледі.

      5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың орталық және жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 10 - 20 қараша аралығында уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылғы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және басқару

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Азаматтық қорғанысқа басшылық етуді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы жүзеге асырады.

      8. Лауазымы бойынша уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысты басқарады.

      9. Орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары болып табылатын, олардың бірінші басшылары жүзеге асырады.

      10. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылатын әкімдер жүзеге асырады.

      11. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.

      12. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:

      1) уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;

      3) тікелей бірінші басшыға бағынатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардағы азаматтық қорғанысы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.

      13. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі бөлімшелердің (қызметкерлердің) жасақталуын (тағайындалуын) жүзеге асырады, олардың функционалдық міндеттері мен штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.

3-тарау. Азаматтық қорғаныс жоспары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Азаматтық қорғаныс жоспары бейбіт және соғыс уақытындағы азаматтық қорғаныс іс-шараларының көлемін, ұйымдастырылуын, орындау тәртібін, мерзімдерін айқындайды.

      15. Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымын уәкілетті орган айқындайды.

      16. Азаматтық қорғаныс жоспары:

      республикалық деңгейде – уәкілетті органның ведомствосы;

      салалық кіші жүйеде – орталық атқарушы органның азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшесі мен аумақтық деңгейде оның аумақтық бөлімшелері;

      аумақтық деңгейде – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және соғыс уақытында жұмысты жалғастыратын атқарушы органдармен бірлесіп;

      объектілік деңгейде – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар әзірлейді.

      17. Орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарына жетекшілік ететін салада жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары кіреді.

      18. Оның базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйым азаматтық қорғаныс жоспарында азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындау бойынша іс-қимылдарды да көрсетеді.

      19. Азаматтық қорғаныс жоспарлары тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарымен бекітіледі және жоспарланатын жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын түзетіледі.

      20. Азаматтық қорғаныс жоспарларын қайта жасау тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының жеке өкімі бойынша жүзеге асырылады.

      21. Азаматтық қорғаныс жоспарларына құпиялық белгі:

      орталық атқарушы органдар үшін – құпия;

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстар, қалалар үшін – құпия;

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалық және ауылдық аудандар, қалалар үшін – "қызмет бабында пайдалану үшін";

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін – мемлекеттік құпиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым басшысының шешімі бойынша құпиялық белгісі белгіленеді.

4-тарау. Азаматтық қорғау қызметтері және күштері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Азаматтық қорғау қызметтері бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға, халықты төтенше жағдайлар зардаптарынан, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларынан қорғауды қамтамасыз етуге арналған.

      23. Қорғау қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде құрылады.

      Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, азаматтық қорғаудың облыстық, аудандық, қалалық қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қызметтер құрамына бірнеше ұйым кіре алады.

      24. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі:

      республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі айқындайды.

      25. Азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары:

      республикалық қызметтерде – базасында қызметтер құрылған министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшылары;

      облыстық, аудандық, қалалық қызметтерде – қолданыстағы басқару құрылымынан шыға отырып, базасында қызметтер құрылған ұйымдардың бірінші басшылары болып табылады.

      26. Азаматтық қорғау қызметтері тиісті азаматтық қорғаныстың бастықтарына тікелей бағынады.

      27. Облыстық, аудандық, қалалық қызметтер туралы ережені азаматтық қорғаудың тиісті бастықтары бекітеді.

      28. Азаматтық қорғау қызметінің құрылымын олардың басшылары айқындайды.

      29. Азаматтық қорғау қызметтері өздерінің қызметінде Азаматтық қорғаныстың тиісті деңгейлердегі жоспарларын басшылыққа алады.

      30. Азаматтық қорғау қызметтерінің негізгі міндеттері:

      халықты қорғау және төтенше жағдайлар салдарының, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының залалын азайту жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау және қамтамасыз ету;

      авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету;

      азаматтық қорғау құралымдарын құру және даярлау, мақсаты бойынша жұмыстарды жүргізу үшін оларды әзірлікте ұстау;

      бағыныстағы органдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

      азаматтық қорғаудың басқару, халықты төтенше жағдайлар қаупі және оның туындауы туралы, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану туралы құлақтандыру және хабарлау жүйелерін құруды және әзірлікте ұстауды қамтамасыз ету;

      радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) залалдануды (ластануды) тұрақты қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру;

      тиісті басқару органдарымен және әскери қолбасшылықтың, ішкі істер органдарының күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қолдау;

      бағынысты ұйымдардың эвакуациялау іс-шараларына басшылық ету, қауіпсіз аймақта орналастыру аудандарын алдын ала дайындау бойынша шаралар қабылдау;

      азаматтық қорғаныс жоспарларын және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты буындардағы жоспарлауға басшылық ету;

      авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге шешімдер қабылдау үшін тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына ұсыныстар дайындау;

      тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары алға қойған міндеттерді орындау кезінде бағынысты қызметтердің күштері мен құралдарына басшылық ету;

      төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, салалар мен ұйымдар жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық ету;

      қызметтердің құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларының барлық кешеніне тікелей басшылық етуді жүзеге асыру болып табылады.

      31. Азаматтық қорғау күштері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарынан, өртке қарсы қызметтің мемлекеттік және мемлекеттік емес бөлімшелерінен, азаматтық қорғау құралымдарынан, уәкілетті орган авиациясынан, ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінен тұрады.

      32. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.

      33. Әзірлікке келтірудің барынша ықтимал уақыты: құтқару, инженерлік құралымдар және азаматтық қорғау қызметтері құралымдары, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін құралымдар үшін – 4 сағаттан аспайды, қалған барлық құралымдар үшін – 6 сағаттан аспайды.

      34. Ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінде бейбіт және соғыс уақытында ауыз судың, тағамдық және жем-шөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдануын (ластануын) уақтылы табуға және индикациялауға арналған азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрылады.

      35. Азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісіне жалпы басшылық етуді және іс-қимылды үйлестіруді уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.

      36. Азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрамына кіретін ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға тікелей басшылық етуді салалық министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырады.

      37. Күштер топтамалары белгілі бір жүйеге жинақталған және тиісті түрде өрістетілген (орналастырылған) азаматтық қорғау күштерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар және қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану аймақтарында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқа да міндеттерін шешу үшін тартылған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын көрсетеді.

      38. Күштер топтары бейбіт уақытта құрылады, оларды толық өрістету азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру кезеңінде аяқталады. Күштер топтарын құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көзделеді.

      39. Облыстар, қалалар, аудандар азаматтық қорғау күштері топтарының құрамы қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды пайдалану арқылы соғыс қақтығыстарын жүргізу жағдайларында алдағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар мен басқа да шешілетін міндеттер тізбесін және көлімін есепке ала отырып, тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының қарамағындағы бар күштер мен құралдарға сүйене отырып айқындалады.

      40. Азаматтық қорғау күштерінің топтамалары бірінші, екінші эшелон мен резервтен тұрады. Ахуал жағдайлары бойынша немесе күштер топтамаларының күштері аз болған кезде бір эшелоннан тұрады.

      41. Күштер топтарының бірінші эшелоны қарсылас шабуыл жасаған сәтте қаладағы өндірістік қызметті жалғастырып жатқан объектілерде, сондай-ақ адамдар болуы мүмкін басқа да орындарда авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды өрістетуге және жүргізуге арналған. Бірінші эшелон құрамына азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және өндірістік қызметті жалғастырып жатқан объектілердің авариялық-құтқару құралымдары кіреді. Ахуалға байланысты бірінші эшелонға, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың маңында орналасқан аудандардың азаматтық қорғау күштері де кіреді.

      42. Екінші эшелон күшті ұлғайтуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар шебін кеңейтуге, сондай-ақ бірінші эшелонның ауыстыруды талап ететін азаматтық қорғау бөлімдері (бөлімшелері) мен күштеріне арналған. Оның құрамына азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен әскери қолбасшылық бөлген әскери бөлімдер, бірінші эшелон құрамына кірмеген азаматтық қорғау күштері, оның ішінде азаматтық қорғау күштерін тарта отырып, азаматтық қорғаныс топтарына жататын қалалардың маңында орналасқан аудандардың (ауылдық), кейіннен шалғай аудандардың (ауылдық) азаматтық қорғаныс күштері енгізіледі.

      43. Сол немесе басқа эшелон құрамына кіретін азаматтық қорғаныс күштері жұмыстар аймағында қалыптасқан ахуалды (оның ішінде радиациялық) есепке ала отырып, олардың ұйымдастырушылық құрылымының тұтастығын сақтаумен ауысымдар бойынша бөлінеді. Ауысымдар құрамына өз мақсаттары бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың барлық кешенін жүргізуге қабілетті әртүрлі күштер мен құралдар енгізілуі тиіс.

      44. Резерв кенеттен туындаған міндеттерді шешуге және бірінші және екінші эшелонның азаматтық қорғау күштерін ауыстыруға арналған.

      Резерв құрамына эшелондар құрамына кірмеген азаматтық қорғау құралымдары, шалғай аудандардың (ауылдық) азаматтық қорғаныс күштері, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындағаннан кейін зақымдау ошақтарынан шығарылған күштер мен құралдар енгізіледі.

5-тарау. Эвакуациялық іс-шаралар

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Азаматтық қорғаныс бастықтары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының өкімі бойынша ведомстволық бағынысты аумақта эвакуациялау іс-шараларын жүргізеді.

      46. Халықты таратуды және эвакуациялауды жоспарлау мен жүргізуді тікелей жүзеге асыру үшін эвакуациялық органдар құрылады:

      эвакуациялық комиссиялар (орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);

      эвакуациялық қабылдау комиссиялары (эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдау мен орналастыруды жүзеге асыратын ауылдық аудандарда, қалаларда);

      эвакуациялық жинау пункттері;

      эвакуациялаудың аралық пункттері;

      эвакуациялық қабылдау пункттері;

      зардап шеккен халықты қабылдау пункттері (баспанасыз қалған, санитариялық шығындар, қайтарылмайтын шығындар).

      47. Эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссияларының құрамы мен ережесін тиісті азаматтық қорғаныс бастығы бекітеді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссиясының құрамын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органның, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдардың келісім бойынша айқындайды.

      Эвакуациялау комиссияларының төрағалары болып орталық (жергілікті) атқарушы орган, азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйым басшысы орынбасарларының бірі, ал эвакуациялық қабылдау комиссияларының төрағалары – жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары тағайындалады.

      Эвакуациялық комиссия әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалған.

      Эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-2-қосымшада айқындалған.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Эвакуациялық жинау пункттері эвакуацияланатындарды жинауға және тіркеуге және оларды отырғызу пункттері мен қозғалыстың бастапқы пункттеріне жіберуге арналған. Эвакуациялық жинау пункттерінің әкімшілігі алдын ала жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, ұйымдар бойынша бұйрықтармен тағайындалады. Эвакуациялық жинау пункттері өз қызметінде эвакуациялық комиссияларға бағынады.

      Әр жинау пунктіне реттік нөмір беріледі. Барлық эвакуациялық жинау пункттері міндетті түрде тиісті эвакуациялық комиссиялармен, жаяу эвакуациялау бағыттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және эвакуацияланатындарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік органдарымен тікелей байланыспен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда эвакуациялық жинау пункттерінде халыққа газқағарларды беру пункттері құрылады.

      Эвакуациялық жинау пунктінде мына құжаттар:

      1) эвакуациялық жинау пункті лауазымдық тұлғаларының міндеттері;

      2) эвакуациялық жинау пункті жеке құрамының тізімі, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірлері);

      3) эвакуациялық жинау пунктін ұйымдастыру және жеке құрамды тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінен үзінді;

      4) эвакуациялық жинау пунктінен жіберілетін ұйымдар, эвакуациялық комиссиялар (қалалық, аудандық), көлікке отырғызу пункттері телефондарының тізімі;

      5) эвакуациялық жинау пункті аумағындағы ұйымдар тізімі және оларды жіберу мерзімдері;

      6) эвакуациялық жинау пункті аумағының және олардың мақсаты бойынша үй-жайлар схемасы (жоспары);

      7) эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғау құрылыстарының тізбесі;

      8) эвакуациялық жинау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және оларды жіберу кестесі;

      9) тасымалдауға өтінім үлгісі;

      10) эвакуациялау куәлігінің үлгісі мен оны беру туралы ақпарат әзірленеді.

      Эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-3-қосымшада айқындалған.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Егер тұрақты орналасу аудандары бір тәуліктен астам уақыт көшетін жерде, ықтимал қираулардан тыс аймақтарда, жол қатынастарының жанында орналасса, онда аралық эвакуациялау пункттері ашылады. Олар эвакуацияланатын халықтың қысқа уақытқа орналасуына (демалуына), оларды қайта тіркеуге, қажет болған кезде дозиметриялық, химияға қарсы бақылауға, адамдарды санитариялық өңдеуге және оларды қауіпсіз аймақта орналастыру орындарына жіберуге арналған.

      Эвакуациялаудың аралық пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-4-қосымшада айқындалған.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Эвакуациялық қабылдау пункттері түсіру пункттерінде өрістетіледі және эвакуацияланатындарды қабылдау және оларды орналастыру орындарына жіберу үшін арналған.

      Эвакуациялық қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-5-қосымшада айқындалған.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50-1. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарларын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған.

      Зардап шеккен халықты қабылдау әкімшілігі пунктінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-6-қосымшада айқындалған.

      Ескерту. 5-тарау 50-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50-2. Эвакуациялық жинау пункттерінің, эвакуациялаудың аралық пункттерінің, эвакуациялық қабылдау пункттерінің, зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің құрылымын және санын эвакуацияланатын (келіп жатқан) халықтың санын және оны қамтамасыз етумен байланысты іс-шаралардың көлемін есепке ала отырып, эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялардың басшылары анықтайды.

      Ескерту. 5-тарау 50-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50-3. Эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру үшін қосарланған мақсаттағы объектілер пайдаланылады.

      Қосарланған мақсаттағы объектілерге эвакуациялық жинау пункттері, эвакуациялаудың аралық пункттері, эвакуациялық қабылдау пункттері ретінде пайдаланылатын әлеуметтік саладағы, адамдар жаппай болатын объектілер жатады.

      Қосарланған мақсаттағы объектілер тізбесін эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялары анықтайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен бекітіледі.

      Ескерту. 5-тарау 50-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Жоспарлау үшін негізгі бастапқы деректер:

      1) қалаларда және қауіпсіз аймақта тұратын халық, жұмылдыру ұйғарымы бар әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын адамдар саны;

      2) жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы санын, сондай-ақ ең көп жұмыс істейтін ауысым санын және ауысым жұмысының уақытын көрсете отырып, соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда өз қызметін жалғастырып жатқан ұйымдар тізбесі;

      3) жұмысшылардың, қызметшілер мен олардың отбасылары мүшелерінің санын көрсете отырып, соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіретін ұйымдар тізбесі;

      4) білім алушылар, сондай-ақ оқытушылық құрам мен қызмет көрсететін персонал санын көрсете отырып, оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің саны;

      5) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың айналасындағы ықтимал қатты қираулар аймақтары, осы аймақтарда тұрып жатқан халық саны;

      6) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тыйым салынған аудандар мен пункттер;

      7) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру бойынша аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

      8) халықты орналастыру аудандарында қорғау құрылыстарының (паналайтын жерлердің, радиацияға қарсы жасырын паналардың, тау-кен қазбаларының, қарапайым жасырын паналардың), сондай-ақ сумен жабдықтау көздерінің болуы;

      9) эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көлік мүмкіндігі;

      10) жол желісі, оның жай-күйі және өткізу қабілеті;

      11) жаяу тәртіппен халықты эвакуациялауға арналған бағдарлардың болуы және практикалық пайдалану мүмкіндігі;

      12) тарату мен эвакуациялау туралы халықты құлақтандыруға, сондай-ақ эвакуациялау іс-шараларына басшылық етуге арналған байланыс құралдары мен жүйелері;

      13) халықты тарату мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер;

      14) көрші облыстардан келетін халық саны және олардың келу мерзімдері болып табылады.

      52. Халық есебі мына негізгі топтар бойынша жүргізіледі:

      1) бірінші топ – соғыс уақытында қалада (азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған) жұмыс істеуді жалғастыратын, сондай-ақ оның тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері;

      2) екінші топ – соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшірген ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, министрліктер мен агенттіктер орталық аппараттарының қызметкерлері;

      3) үшінші топ – педагогикалық қызметкерлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылары, оларға қызмет көрсететін персонал; мүгедектер мен қарттар үйлерінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсететін персонал;

      4) төртінші топ – 1 және 3-топтарға жатпайтын барлық халық.

      53. Азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша болып табылатын эвакуациялау және тарату жоспарында:

      1) санатталған қалалардан және төтенше жағдайлар аймақтарынан таратылатын және эвакуацияланатын халық саны;

      2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары;

      3) тарату және эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

      4) көлікпен халықты әкетуді ұйымдастыру;

      5) жаяу тәртіппен халықты шығаруды ұйымдастыру;

      6) қауіпсіз аймақта халықты қабылдау және орналастыру жөніндегі іс-шаралар;

      7) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғау іс-шаралары;

      8) төтенше жағдайлар аймақтарынан халықты эвакуациялау тәртібі мен мерзімдері;

      9) санитариялық-эпидемияға қарсы және емдеу-эвакуациялау іс-шаралары;

      10) тарату мен эвакуациялауды басқаруды ұйымдастыру, құлақтандыру тәртібі көрсетіледі.

      54. Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қаланың (қалалық ауданның) азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша болып табылатын эвакуациялау және тарату жоспарында:

      1) әр қалалық аудан, ұйым, пәтер иелерінің кооперативі бойынша тарату мен эвакуациялауға жататын халық саны;

      2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары мен пункттері;

      3) тарату мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

      4) тарату мен эвакуациялаудың басталуы және мерзімдері туралы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ жұмысшыларды, қызметшілерді және қалған халықты құлақтандыру тәртібі;

      5) эвакуациялық органдар құрамы және оларды әзірлікке келтіру мерзімдері;

      6) жаяу тәртіппен шығарылатын және көліктің барлық түрлерімен апарылатын халық саны;

      7) халықты шығару және әкету бағыттары; бастапқы пункттері, аялдайтын орындар, реттеу пункттері, жаяу тәртіппен эвакуациялаудың әр бағдарындағы аралық эвакуациялау пункттері;

      8) халық көлікпен әкету және жаяу тәртіппен шығару кезектілігі; 9) эвакуациялық жинау пункттері;

      10) халықты көлікке отырғызу пункттері;

      11) оны қауіпсіз аймақта түсіру пункттері;

      12) халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар;

      13) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      14) аралық эвакуациялау пункттерінен және түсіру пункттерінен оны орналастыру орнына дейін халықты тасымалдау үшін аудандар көліктерін пайдалану;

      15) эвакуациялық іс-шараларды өткізу кезінде қадағалауды, басқару мен байланысты ұйымдастыру;

      16) қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері объектілерге жұмысшылар ауысымын тасымалдау тәртібі көрсетіледі.

      55. Эвакуациялық комиссия таратылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру карталарын (схемаларын), тарату және эвакуациялау бойынша деректері бар қалалар жоспарларын, халықты әкету және оны жаяу тәртіппен шығару есептерін, қауіпсіз аймақта халықты қамтамасыз ету бойынша есептерді әзірлейді.

      56. Жаяу тәртіпте марш ұйымдастыру үшін қозғалыс бағыттары белгіленеді. Қозғалыс бағыттары әскери тасымалдаулардан бос жолдар бойынша өтеді. Әр қала үшін бағыттар саны жергілікті жағдайларға, жолдардың болуына, сондай-ақ таратылатын және эвакуацияланатын халықтың санына байланысты болады.

      57. Жаяу қозғалыс бағыттарында реттеу пункттері, аялдайтын орын аудандары мен аралық эвакуациялау пункттері белгіленеді, ол жерлерде медициналық пункттер, жылыну мен тамақтандыру пункттері құрылады.

      Аялдайтын орын аудандары мүмкіндігінше халықтың демалуы мен тіршілігін қамтамасыз етуге арналған орындардың болуын есепке ала отырып, таңдалуы тиіс. Соғыс уақытына аялдайтын орындарда халықты паналату үшін аялдайтын орындарда қарапайым жасырын паналар әзірленеді, жарықтық бүркеніш және демалу бойынша іс-шаралар қамтамасыз етіледі.

      Егер тұрақты орналастыру аудандары тәуліктен артық жүретін қашықтықта болса, эвакуациялау пункттері құрылады. Олар келетін халықты өмір сүру үшін ең аз қажетті жағдайлармен (тамақтандыру, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету) қамтамасыз етуі тиіс.

      58. Таратылатын және эвакуацияланатын халықтың жаяу тәртіптегі қозғалысы кезінде ұйымшылдықты және тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жаяу лектердің, ал автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автомобиль лектерінің бастықтары тағайындалады.

      59. Жаяу лектердің қозғалысын ұйымдастыру үшін жаяу эвакуациялау бағыттарының бастықтары тағайындалады.

      60. Жаяу эвакуациялау бағыттары бастықтарының жанында қажетті байланыс және құлақтандыру құралдары бар басқару топтары құрылады. Бағыттар бастықтарына азаматтық қорғау күштерінің топтары құрамынан қоғамдық тәртіпті сақтау және барлау жүргізу үшін күштер мен құралдар беріледі.

      61. Жаяу лектер саны 500-ден 1000 адамға дейін құрылады.

      Лектер қозғалысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым, лектер арасындағы арақашықтық – 500 метрге дейін жоспарланады. Тәуліктік өту шамасы – 30-40 шақырым.

      Демалуға арналған аялдау ұзақтығы: аз – 30-45 минут, көп – 2-4 сағат болып белгіленеді. Аз аялдау әрбір 2-2,5 сағат қозғалыс арасында, көп аялдау – тәуліктік өтудің екінші жартысының басында болды.

      62. Эвакуациялау бағыттары үшін мыналар:

      1) лектер тізбесі, олардың құрамы мен нөмірленуі;

      2) қозғалыс бағыты;

      3) лектердің бастапқы пункті, реттеу пункті және олардың өту уақыты, аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;

      4) аралық эвакуациялау пункті немесе халықты орналастыру аудандары және оларға лектердің келу уақыты;

      5) қосып берілген көлігі бар медициналық пункт және жылыну пункттері;

      6) қадағалау бекеті;

      7) бағытта және жоғары тұрған бастықпен байланысты ұстау тәртібі;

      8) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және аралық эвакуациялау пункттерінде халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;

      9) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіле отырып, схема әзірленеді.

      63. Лектер бастықтарына марш схемаларынан үзінділер беріледі, онда:

      1) лектің нөмірі мен құрамы;

      2) қозғалыс бағыты;

      3) бастапқы пункт, реттеу пункттері және оларды өту уақыты;

      4) аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;

      5) аралық эвакуациялау пункті немесе халықты орналастыру ауданы және лектің оларға келу уақыты;

      6) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және аралық эвакуациялау пункттерінде халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;

      7) медициналық пункттер және жылыну пункттері;

      8) қадағалау бекеттері;

      9) бағыт бастығымен байланысты ұстау тәртібі;

      10) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіледі.

      64. Таратылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймаққа қабылдауды, орналастыру мен қамтамасыз етуді ауылдық аудандардың эвакуациялық қабылдау комиссиялары бір адамға 2,5 шаршы метр есебімен жоспарлайды.

      65. Ауылдық ауданның азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша болып табылатын эвакуацияланатын халықты қабылдау және орналастыру жоспарында:

      1) келетін ұйымдардың саны мен атауы және жұмысшылар, қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін көрсете отырып, оларды елді мекендерге (қалалар көшелеріне) бөлу;

      2) өз қызметтерін қаладан қауіпсіз аймаққа ауыстырған ұйымдарды орналастыру үшін жоспарланған өндірістік, қызметтік, әкімшілік, мәдени-тұрмыстық және басқа да ғимараттар мен құрылыстар;

      3) таратылатын және эвакуацияланатын халықты түсіру пункттері;

      4) эвакуациялық қабылдау пункттері, оларды орналастыру және әкімшілік құрамы, оларды әзірлікке келтіру мерзімдері мен тәртібі;

      5) эвакуациялық қабылдау пункттерін келіп жатқан халықты жеке-жеке орналастыру орындарына жеткізу тәртібі мен мерзімдері; тасымалдауға арналған көлік құралдары (кім және қанша бөлген, бөлу уақыты);

      6) таратылатын және эвакуацияланатын халыққа орындар дайындау, оларды тамақ өнімдерімен және бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетуді және келіп жатқан халықты қамтамасыз ету бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері;

      7) жергілікті атқарушы органдар, эвакуациялау органдары басшыларын, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларын эвакуациялау іс-шараларының басталуы, түсіру пункттеріне адамдардың келу уақыты туралы құлақтандыру тәртібі;

      8) радиациялық және химиялық қадағалауды ұйымдастыру, таратылатын және эвакуацияланатын халықты аумақтарға (азаматтық қорғаныс тобына жатпайтын қаланың) қабылдау және орналастыру кезеңіндегі басқару және ақпарат көрсетіледі.

6-тарау. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары:

      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын жасаған кезде;

      елді мекендердің бас жоспарларын жасаған кезде;

      аумақтарды, елді мекендерді, өнеркәсіптік аймақтарды аудандық жоспарлау және салу схемалары мен жобаларын жасаған кезде;

      ұйымдарды салу, кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында;

      кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту кезінде әзірленеді.

      67. Бөлімді әзірлеуге арналған бастапқы деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.

      Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жобаның жоспарланған ауданының жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бөлім мазмұны бойынша ұсыныстар береді.

7-тарау. Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Азаматтық қорғаныс объектілеріне: басқару пункттері, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.

      Азаматтық қорғаныс мүлкіне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

      69. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаудың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкінің запастары құрылады.

      70. Мемлекеттік меншік болып табылатын және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі иеліктен шығаруға жатпайды.

      71. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысының қорғаныш құрылыстары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұсталады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың аумағында орналасқан, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары неғұрлым көп жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.

      Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілер мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне өтеді.

      72. Азаматтық қорғаныстың объектілерін құру және пайдалану тәртібі "Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысымен айқындалған.

      73. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар жыл сайын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес азаматтық қорғаныс объектілеріне кешенді тексеру жүргізеді.

      74. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру кезінде мынадай құжаттаманың:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;

      азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылысының жоспары;

      объектіні әзірлікке келтіру жоспары;

      жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесі;

      басқару органдары телефондарының тізімі;

      қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;

      тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасы (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);

      дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық (болған жағдайда) болуы қажет.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексерудің нәтижелері азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналына енгізіледі және азаматтық қорғау саласындағы аумақтық органға жіберіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары Орындалуы туралы ақпарат

1

Субъектінің (объектінің) сипаттамасы, оның ішінде:
- Т.А.Ә., басшының лауазымы;
- мекенжайы;
- пошта индексі;
- БСН (ЖСН);
- қызмет саласы;
- кәсіпкерлік санаты (кәсіпкерлік субъектілері үшін);
- тіркеу күні (шағын кәсіпкерлік, микро кәсіпкерлік үшін)

2

"Азаматтық қорғаныс жоспарлары мен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы

3

Бұйрыққа сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы

4

Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің болуы және олардың жай-күйі

5

Азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және оларды әзірлікте ұстау

6

Азаматтық қорғау қызметінің басшы құрамын тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме)

7

Азаматтық қорғаныс жөніндегі жауапты адамдарды, оның ішінде азаматтық қорғау құралымдары командирлерін тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме)

8

Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан (қайта даярлаудан) өту

9

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қорын құру және жинау, оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау

10

Азаматтық қорғаныс және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету іс-шараларын орындау үшін жеке қорғау құралдарын, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстар қорын құру, жинау және уақтылы жаңарту

11

Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау

12

Салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау

13

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және оларды жүргізуге бөлінген және игерілген қаржы қаражатының саны

14

Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары

      Басшы _________________

  (қолы)
  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-1-қосымша

Эвакуациялық комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымы

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту:

      Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып, эвакуациялық комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-2-қосымша

Эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымы

      Ескерту. Қағида 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту:

      Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-3-қосымша

Эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы

      Ескерту. Қағида 1-3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту:

      Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып эвакуациялық жинау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-4-қосымша

Аралық эвакуациялау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы

      Ескерту. Қағида 1-4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту:

      Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып аралық эвакуациялау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-5-қосымша

Эвакуациялық қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы

      Ескерту. Қағида 1-5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту:

      Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып эвакуациялық қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-6-қосымша

Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымы

      Ескерту. Қағида 1-6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.04.2019 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту:

      Қажет болған жағдайда, эвакуацияланатын халықтың саны және оны қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралардың көлемін ескере отырып зардап шеккен халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің үлгі құрылымына өзгерістер енгізіледі.

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

№ ____ паналайтын жер (радиацияға қарсы жасырын пана) паспорты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жалпы мәліметтер

      1. Мекенжайы ________________________________________________________

      (қала, аудан, көше, үй нөмірі)

      2. Кімге тиесілі _______________________________________________________

      (паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын пана кімге тиесілі)

      3. Жобалау ұйымының атауы және жобаны кім бекіткен ____________________

      4. Паналайтын жерді (радиацияға қарсы жасырын пананы) салған

      құрылыс-монтаждау ұйымының атауы ___________________________________

      5. Бейбіт уақытта паналайтын жердің (радиацияға қарсы жасырын

      пананың) мақсаты _____________________________________________________

      6. Бейбіт уақытта паналайтын жерді (радиацияға қарсы жасырын пананы)

      пайдаланатын ұйым ____________________________________________________

      7. Пайдалануға қабылдау күні ___________________________________________

      (жылы, айы, күні)

      8. Әзірлікке келтіру уақыты _____________________________________________

      Техникалық сипаттама

      1. Сыйымдылығы (адам) _________________________________________________

      2. Жалпы ауданы (м2) ___________________________________________________

      3. Жалпы көлемі (м3) ___________________________________________________

      4. Паналайтын жердің (радиацияға қарсы паналау орны) орналасуы:

      ғимаратқа қосып салынған ____________________________________ қабаттар;

      жеке тұрған _________________________________________________________;

      тау-кен қазбаларда ____________________________________________________

      5. Кіру жолдарының саны ______________________________________________

      6. Авариялық шығу жолдарының саны ___________________________________

      7. Есіктер мен терезе қақпақтарының саны (маркасы немесе шифрін көрсетіп):

      қорғаныш-герметикалық _______________________________________________;

      герметикалық _________________________________________________________

      8. Паналайтын жердің (жасырын пананың) қорғау сыныбы ___________________

      9. Желдету жүйелерінің техникалық сипаттамасы:

Желдету жүйесі

Желдеткіштер

Генерациялау сүзгілері мен құралдары

Герметикалық клапандар

Жарылысқа қарсы құрылғылар

Түрі

Саны

Өнімділігі

Түрі

Саны

Түрі

Саны

Түрі

Саны

Сорғылар

Калориферлер немесе ауа салқындатқыштар

Тоңазытқыш машиналар

Түрі

Саны

Өнімділігі

Түрі

Саны

Өнімділігі

Түрі

Саны

Өнімділігі

      10. Өлшеу аспаптарының болуы және тізбесі _____________________________

      11. Герметикалық дәрежесі (тіреу шамасы) _______________________________

      12. Жылыту жүйесі ___________________________________________________

      13. Энергиямен жабдықтау жүйесі ______________________________________

      14. Сумен жабдықтау жүйесі ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (су құбырының түрі, ұңғыма, авариялық резервуарлар сыйымдылығы)

      15. Кәріз түрлері және санитариялық құрал-саймандар саны _________________

      16. Паспортты толтыру күні ____________________________________________

      Қорғаныш құрылысын пайдаланатын ұйымның жауапты өкілі

      Қолы

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің өкілі

3-қосымша
  нысан

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын
тексерудің № ____ журналы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      _______________________________________________________________
(Объект тиесілі ұйымның атау)
________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

Тексеру күні

Тексеру жүргізген адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні

Тексерілген конструкциялар, механизмдер және жабдықтар

Тексеру нәтижелері және кемшіліктер

Кемшіліктерді жою мерзімі

Кемшіліктерді жою күн

1

2

3

4

5

6

  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  нысан

№ ____ паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың
және ауа құрамындағы газдың көрсеткіштерін тіркеу
журналы

      Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды– ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2017 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

(Кәсіпорынның, ұйымның, цехтың атауы және т.б.)

Күні мен уақыты

Өлшеу орны

Ауа температурасы Со

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,%

СО2 құрамы, %

О2 құрамы, %

СО құрамы, мг/м3

Өлшеуді жүргізген адамның тегі және қолы

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы