Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 Қаулысы.

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 121 қаулысымен
бекітілген

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін белгілейді.

      2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

      2) елді мекен - азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметтері нәтижесінде қалыптасқан республиканың аумағында жинақы қоныстанған, кемінде 50 адам саны бар, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген әрі жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бөлік;

      3) жергілікті атқарушы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      4) маңдайша - сауда (жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету) субъектісінің эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъекті тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстар орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын оның атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 № 1326 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының аумағындағы елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да объектілері түрінде жүзеге асырылады.

      4. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:

      1) маңдайша;

      2) жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;

      3) жұмыс режимі туралы ақпарат;

      4) үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 № 1326 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.

      6. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған рұқсатты ресімдеу тәртібі

      7. Елді мекендерде (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат болған кезде жол беріледі.

      8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Рұқсат алуға арналған өтінішке:

      1) жер учаскесіне немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған объектіге құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылатын объектінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектісін басқару органымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттар;

      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылған объектінің күндізгі және түнгі бейнесін қамтитын нобай, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс істеуін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім;

      3) елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлғаның өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру немесе орнату құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге байланысты болған жағдайларда осы объектіге жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі де қолданылады.

      12. Жер учаскесін пайдалануға арналған рұқсат және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған рұқсат құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алмастырмайды.

      13. Жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжанған мекен-жайын, орналасқан жерін, типін (нысанын, түрін), жарнаманың жұмыс режимін, рұқсат қолданысының басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды көрсете отырып, шешімнің жобасын дайындайды.

      14. Рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін, бұл ретте өтініш беруші осы Ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпаратты және 10-тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды көрсете отырып жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

      15. Жергілікті атқарушы орган Заңның 11-бабы 1-тармағының, 5-тармағының негізінде рұқсат беруден бас тартады.

      16. Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 № 1326 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға (орнатуға) және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптар

      17. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін үйлер мен ғимараттарға тікелей жақын орналастырған кезде құрылыс нормалары мен ережелерінің және үйлер мен ғимараттарға өрт бөлімшелерінің кіруін қамтамасыз ету бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс белдеуі және сары сызық сақталуға тиіс.

      18. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнатқан (монтаждаған) кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын, сондай-ақ ашық отты және тұтанатын көздерді қолдана отырып отпен жұмыстар жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормалары ескерілуге тиіс.

      19. Көлік құралдарына жарнама орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарды иеленуші тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтар иеленуші тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Ереже 19-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.06.08 N 848 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      20. Жарнама объектілерін көлік құралдарына орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі саласындағы стандарттары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталуы тиіс.

      Ескерту. Ереже 20-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.06.08 N 848 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

  Елді мекендерде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру ережесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін

      орналастыруға арналған рұқсат

      N__________

      200__жылғы "____"________берілді

      200__жылғы "____"_______дейін жарамды

      ____________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      ұсынылған құжаттардың негізінде_____________________________________

      (өтініш берушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, салық төлеушінің

      СТН)

      _______________________________________________________________санын

      (сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі және алаңы)

      (сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасу объектісі)

      (орналасатын орны)

      орналастыруға рұқсат етеді.

      Төлемнің ай сайынғы мөлшері_________________________________теңге.

      Ескертпе : Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға (орнатуға) және техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.

      Басшы ____________________________

  Елді мекендерде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру ережесіне
2-қосымша

      Ескерту. Тәртіп 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _____________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)

      (басшының Т.А.Ә.)

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., байланыс телефоны, мекенжайы

      не заңды тұлғаның толық атауы)

      (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын

      куәландыратын құжаттардың деректемелері,

      байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      орналастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі ___________________;

      Жарнама объектісінің ұзындығы ________________________________;

      Жарнама объектісінің ені _____________________________________;

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру көзделген

      мекенжайы __________________________________________________________;

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылатын жерді

      таңдаудың негіздемесі _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Меншік құқығындағы немесе бір жылдан астам жалдаудағы жер

      учаскелері немесе объектілері үшін:

      Кадастрлық нөмірі _____________________________________________

      Бір жылдан кем жалдаудағы жер учаскелері немесе объектілері

      үшін:

      Жалға алу шартының нөмірі _____________________________________

      Күні _______ Алушы _____________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

      _____________________________________________

      заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

      атауы, қолы

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 239861
    Қазақ тілінде 120199
    Орыс тілінде 119252
    Ағылшын тілінде 410
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы